Хадис

Кутуб ситтә, № 796

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
100. «Зәрият» сүресі
Нөмірі
№ 796 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
796
Кутуб ситтә, № 796 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: «كَانُوا قَلِيلًا مِنَ الَّيْلِ مَا يَهْجَعُونَ، قَالَ: كَانُوا يُصَلُّونَ بَيْنَ الْمَغْرِبِ وَالْعِشَاءِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. وَزَادَ فِي رِوَايَةٍ: وَكَذَلِكَ تَتَجَافَى جُنُوبُهُمْ عَنِ الْمَضَاجِعِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) «Сондай-ақ олар түнде аз ұйықтайтын (және Раббыларына көп құлшылық ететін)»1 деген аят жайлы былай деген: «Олар ақшам мен құптан арасында намаз оқитын».

Бір риуаятта мынадай қосымша бар: «Осылайша олар түн ішінде төсектерін тәрк ететін».2

Түсіндірме

Әнәс (р.а.) аяттың ақшам мен құптан арасында намаз оқығандарға қатысты түскенін жеткізеді. Аят жаннатқа кіретіндерді сипаттап тұр, алдыңғы аятта айтылған жаннаттықтың бір сипаты осында берілген. Ендеше, ақыретте құтылатындардың маңызды сипаттарының бірі – «түнде аз ұйықтау» деп көрсетілген.

Әнәстің аталмыш риуаяты аяттың ақшам мен құптан арасында намаз оқығандарға қатысты түскенін айта келе, осы аралықта оқылатын әууабин намазы деп аталатын нәпіл намаздың маңызына тоқталады. Риуаяттар Абдулла ибн Мәсғуд, Абдулла ибн Омар, Салман Фариси, ибн Омар және Әнәс ибн Мәлик (Алла оларға разы болсын) секілді бірқатар сахабаның ақшам мен құптан арасында намаз оқығанын айтады.

Аталмыш риуаяттың соңында берілген «Осылайша олар түн ішінде төсектерін тәрк ететін» деген қосымша мынаны көрсетеді: «Сәжде» сүресінде «төсектерін тәрк ететін» деген аят арқылы ынталандырылған түнгі намаздың орнын ақшам мен құптан арасында оқылған намаз толтырады. Осылайша Алла Тағаланың жоғарыдағы әмірін орындаған болады, әрі мүмінге өсиет етілген осы намаз оқылған болады».

  1. 1«Зәрият» сүресі, 17-аят
  2. 2Әбу Дәуіт, «Салат», 312 (№1321–1322).