Хадис

Сахих Мүслим, № 704

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
10. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
49. Қажылыққа ихрамға кіріп, кейін Меккеге келген адам орындауға тиіс тауап пен сағиبَابٌ: مَا يَلْزَمُ مَنْ أَحْرَمَ بِالْحَجِّ ثُمَّ قَدِمَ مَكَّةَ مِنَ الطَّوَافِ وَالسَّعْيِ
Нөмірі
№ 704 (Мухтасар реті)
704
Мүслим, № 704

عَنْ عَمْرِو بْنِ دِينَارٍ، قَالَ: «سَأَلْنَا ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنْ رَجُلٍ قَدِمَ بِعُمْرَةٍ، فَطَافَ بِالْبَيْتِ وَلَمْ يَطُفْ بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، أَيَأْتِي اِمْرَأَتَهُ؟» فَقَالَ: «قَدِمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَطَافَ بِالْبَيْتِ سَبْعًا، وَصَلَّى خَلْفَ الْمَقَامِ رَكْعَتَيْنِ، وَبَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ سَبْعًا، وَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ».

Қазақша аудармасы

Амр ибн Динар былай деді: «Біз Ибн Омардан (р.а.): “Ұмра ниетімен келіп, Қағбаны тауап еткен, бірақ Сафа мен Маруа арасында сағи жасамаған адам әйелімен жақындаса ала ма?” – деп сұрадық. Ол: “Алла Елшісі (с.а.с.) келгенде Қағбаны жеті рет тауап етті, Мақамның артында екі рәкәғат намаз оқыды және Сафа мен Маруа арасында жеті рет жүріп өтті. ‘Шүбәсіз, Алла елшісінде сендер үшін… теңдессіз үлгі-өнеге бар’ («Ахзаб», 21)”, – деді». (1234/189)