Хадис
كِتَابُ الْحَجِّ

Қажылық кітабы

Сахих Мүслим, 10-кітап · 155 хадис · № 639–793

Мазмұны: 113 бап
  1. 1Қажылықтың өмірде бір рет парыз етілуі
  2. 2Қажылық пен ұмраның сауабы
  3. 3Үлкен қажылық күні туралы
  4. 4Арапа күнінің артықшылығы
  5. 5Қажылыққа немесе өзге сапарға аттанарда көлікке мінгенде айтылатын сөздер
  6. 6Әйелдің қажылық сапарына махрамымен бірге шығуы
  7. 7Баланың қажылығы және оны қажылыққа апарған адамның сауабы
  8. 8Көлік үстінде отыруға шамасы келмейтін адамның атынан қажылық жасау
  9. 9Етеккірі келген және босанғаннан кейінгі қаннан тазармаған әйелдердің ихрамға кіруге ниеттенуі туралы
  10. 10Қажылық пен ұмра үшін ихрамға кіретін белгіленген орындар – миқаттар туралы
  11. 11Ихрамға кірер алдында хош иіс жағу
  12. 12Мүскі – хош иістердің ең жақсысы
  13. 13Хош иісті уд ағашы мен камфора туралы
  14. 14Райхан туралы
  15. 15Зүл-Хуләйфа мешітінің жанынан ихрамға кіру
  16. 16Мініс түйесі орнынан қозғалғанда тәлбия айтып, ихрамға кіру
  17. 17Меккеден қажылыққа тәлбия айтып, ихрамға кіру туралы
  18. 18Тәлбия айту
  19. 19Ұмра мен қажылыққа тәлбия айту туралы
  20. 20Қажылықты ұмрадан бөлек орындау туралы
  21. 21Қажылық пен ұмраны бір ихраммен біріктіріп орындау
  22. 22Ұмраны орындап, ихрамнан шыққаннан кейін қажылық жасау – тәматтуғ қажылығы туралы
  23. 23Өзімен бірге құрбандық малын алып, қажылыққа ихрамға кірген адам туралы
  24. 24Ихрамнан шығу үкімінің жойылуы және қажылықты толық аяқтауға бұйыру
  25. 25Қажылық пен ұмраны бір ихраммен біріктіріп орындағандағы құрбандық малы
  26. 26Тәматтуғ қажылығындағы құрбандық малы
  27. 27Ұмраға ниет еткеннен кейін оған қажылық ниетін де қосу туралы
  28. 28Қажылық пен ұмраға ихрамға кірерде кедергіге тап болған жағдайда ихрамнан шығуды шарт ету
  29. 29Үстіне шапан киіп, шафран аралас хош иістің ізі бар күйде ихрамға кірген адам туралы
  30. 30Ихрамдағы адам кимеуге тиіс киімдер
  31. 31Ихрамдағы адамның аң аулауы туралы
  32. 32Ихрамда емес адам аулаған аңның етін ихрамдағы адамның жеуі туралы
  33. 33Ихрамдағы адамға өлтіруге рұқсат етілген жануарлар
  34. 34Ихрамдағы адамның қан алдыруы
  35. 35Ихрамдағы адамның көздерін емдеуі
  36. 36Ихрамдағы адамның басын жууы
  37. 37Ихрамдағы адамның өтейтін підиясы (өтемі) туралы
  38. 38Ихрамдағы адам қайтыс болғанда оның мәйітіне не істелетіні туралы
  39. 39Зу-Туада түнеу және Меккеге кірер алдында ғұсыл құйыну
  40. 40Мекке мен Мәдинаға бір жолмен кіріп, басқа жолмен шығу
  41. 41Қажылық жасаушының Меккеде аялдауы туралы
  42. 42Тауап пен сағи кезінде қысқа адыммен ширақ жүру
  43. 43Тауап кезінде Қара тасты сүю
  44. 44Тауап кезінде Қағбаның Йемен жақтағы екі бұрышына (Қара тас тұрған бұрыш пен Йемен бұрышына) қол тигізу
  45. 45Мініс түйесінің үстінде тауап жасау
  46. 46Үзірлі себеппен көлікке мініп тауап жасау
  47. 47Сафа мен Маруа арасында сағи жасау және Алла Тағаланың «Сафа мен Маруа – Алланың қасиетті нышандарының бірі» деген сөзі туралы
  48. 48Сафа мен Маруа арасында жеті рет жүріп өтуден тұратын сағиды бір мәрте орындау
  49. 49Қажылыққа ихрамға кіріп, кейін Меккеге келген адам орындауға тиіс тауап пен сағи
  50. 50Қағбаға кіру, оның ішінде намаз оқу және дұға ету туралы
  51. 51Пайғамбардың (с.а.с.) қажылығы туралы
  52. 52Минадан Арафатқа таңертең аттанғанда тәлбия мен тәкбір айту
  53. 53Арафатта тұру және Алла Тағаланың «Адамдар лек-легімен ағылған жерден сендер де ағылыңдар» деген сөзі туралы
  54. 54Арафаттан аттану және Мұздалифада намаз оқу туралы
  55. 55Арафаттан аттанған кездегі жүріс тәртібі
  56. 56Мұздалифада ақшам мен құптан намаздарын оқу туралы
  57. 57Мұздалифада ақшам мен құптан намаздарын бір қаматпен оқу
  58. 58Мұздалифада таң намазын таңғы алагеуімде оқу
  59. 59Денесі ауыр әрі жүрісі баяу әйелдің Мұздалифадан түнде аттануы
  60. 60Әйелдерді Мұздалифадан ертерек аттандыру
  61. 61Әлсіз адамдарды Мұздалифадан ертерек аттандыру
  62. 62Қажының Ақаба жәмрасына тас лақтырғанға дейін тәлбия айтуы
  63. 63Ақаба жәмрасына аңғардың табанынан тас лақтыру және әр тасты лақтырғанда тәкбір айту
  64. 64Құрбан айт күні мініс түйесінің үстінде Ақаба жәмрасына тас лақтыру
  65. 65Жәмраларға лақтырылатын тастардың өлшемі
  66. 66Жәмраларға тас лақтыру уақыты
  67. 67Жәмраларға тастарды тақ санмен лақтыру
  68. 68Пайғамбардың (с.а.с.) қажылық кезінде шашын қырдыруы
  69. 69Шашты қыру және қысқарту туралы
  70. 70Алдымен тас лақтыру, содан кейін құрбандық шалу, одан соң шашты қыру және шаш қыруды бастың оң жағынан бастау
  71. 71Құрбандық шалудан бұрын шашын қырған немесе тас лақтырудан бұрын құрбандық шалған адам туралы
  72. 72Ихрамға кіргенде құрбандық малының мойнына белгі тағу және өркешіне тілік салып таңбалау
  73. 73Ихрамға кірмеген күйде құрбандық малының мойнына белгі тағып, оны жіберу
  74. 74Құрбандыққа арналған түйеге міну
  75. 75Құрбандыққа шалынатын жеріне жетпей өліп қалу қаупі төнген мал туралы
  76. 76Құрбандық малына ортақтасу
  77. 77Құрбандыққа сиыр шалу
  78. 78Құрбандыққа арналған түйелердің аяғын байлап, оларды тік тұрған күйінде шалу
  79. 79Құрбандық малының етін, жабуларын және терілерін садақаға беру
  80. 80Құрбан айт күні ифада (парыз) тауабын жасау
  81. 81Қағбаны тауап еткен адам ихрамнан шығады
  82. 82Қажылық пен ұмраны бір ихраммен біріктіріп орындаған адамға екеуі үшін бір тауап жеткілікті
  83. 83Қажылық пен ұмраға бірге ихрамға кірген адам ихрамнан қашан шығады?
  84. 84Минадан аттанатын күні Мұхассабта аялдау және онда намаз оқу
  85. 85Қажыларға су таратушылардың Минада түнеуге белгіленген түндерді Меккеде өткізуі туралы
  86. 86Хижрет жасаған адамның қажылық пен ұмраны өтегеннен кейін Меккеде қалуы
  87. 87Ешкім Қағбаны қоштасу үшін тауап етпейінше аттанбасын
  88. 88Әйелдің қоштасу тауабын жасамай тұрып етеккірі келуі
  89. 89Қажылық айларында ұмра жасауға рұқсат етілуі туралы
  90. 90Рамазан айында ұмра жасаудың артықшылығы
  91. 91Пайғамбар (с.а.с.) қанша рет қажылық жасады?
  92. 92Пайғамбар (с.а.с.) қанша рет ұмра жасады?
  93. 93Ұмра кезінде шашты қысқарту туралы
  94. 94Етеккірі келген әйелдің ұмраны кейін өтеуі
  95. 95Қажылықтан немесе өзге сапардан қайтқанда айтылатын сөздер
  96. 96Қажылық пен ұмрадан қайтқанда Зүл-Хуләйфада түннің соңында аялдап демалу және намаз оқу
  97. 97Меккенің қасиетті мекен деп белгіленуі және ондағы аңдарға, ағаштарға, табылған заттарға қатысты тыйымдар туралы
  98. 98Пайғамбардың (с.а.с.) Мекке алынған күні қалаға ихрамсыз кіруі
  99. 99Қағбаның Хижр қоршауы мен есігі туралы
  100. 100Қағбаны бұзу және қайта салу туралы
  101. 101Мәдинаның қасиетті мекен деп белгіленуі, ондағы аңдар мен ағаштарға қатысты тыйымдар және қала үшін дұға ету
  102. 102Мәдинада тұруға және ондағы тұрмыстың ауыртпалығына сабырмен төзуге ынталандыру
  103. 103Мәдинаға оба да, Дәжжал да кірмейді
  104. 104Мәдина өзіндегі жамандарды аластайды
  105. 105Мәдина тұрғындарына жамандық ойлаған адамды Алла ерітіп жібереді
  106. 106Өзге қалалар алынғанда Мәдинада қалуға ынталандыру
  107. 107Тұрғындары тастап кеткен кездегі Мәдинаның жағдайы туралы
  108. 108Қабір мен мінбердің арасы – Жәннат бақтарының бір бағы
  109. 109Ұхұд – бізді жақсы көретін тау, біз де оны жақсы көреміз
  110. 110Арнайы сапар тек үш мешітке ғана жасалады
  111. 111Мекке мен Мәдинадағы екі қасиетті мешітте намаз оқудың артықшылығы
  112. 112Тақуалық негізінде салынған мешіттің қайсы екенін баяндау
  113. 113Құба мешіті және оның артықшылығы туралы
بَابٌ: فَرْضُ الْحَجِّ مَرَّةً فِي الْعُمُرِ

1-бапҚажылықтың өмірде бір рет парыз етілуі

639
Мүслим, № 639Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «خَطَبَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: “أَيُّهَا النَّاسُ، قَدْ فُرِضَ عَلَيْكُمُ الْحَجُّ، فَحُجُّوا”. فَقَالَ رَجُلٌ: “أَكُلَّ عَامٍ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟” فَسَكَتَ حَتَّى قَالَهَا ثَلَاثًا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَوْ قُلْتُ: ‘نَعَمْ’، لَوَجَبَتْ، وَلَمَا اِسْتَطَعْتُمْ”. ثُمَّ قَالَ: “ذَرُونِي مَا تَرَكْتُكُمْ، فَإِنَّمَا هَلَكَ مَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ بِكَثْرَةِ سُؤَالِهِمْ وَاخْتِلَافِهِمْ عَلَى أَنْبِيَائِهِمْ، فَإِذَا أَمَرْتُكُمْ بِشَيْءٍ فَأْتُوا مِنْهُ مَا اِسْتَطَعْتُمْ، وَإِذَا نَهَيْتُكُمْ عَنْ شَيْءٍ فَدَعُوهُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) бізге құтба оқып: “Уа, адамдар! Сендерге қажылық парыз етілді. Ендеше, қажылық жасаңдар”, – деді. Сонда бір адам: “Уа, Алланың Елшісі! Жыл сайын ба?” – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.) үндемеді. Әлгі адам осы сұрағын үш рет қойды. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): “Егер ‘Иә’ дегенімде, ол сендерге міндетті болар еді әрі оны орындауға шамаларың жетпес еді”, – деді. Содан соң: “Мен сендерді өз еріктеріңе қалдырған кезде, сендер де мені жайыма қалдырыңдар. Сендерден бұрынғылар көп сұрақ қойғандары әрі пайғамбарларына қарсы келгендері себепті опат болды. Сондықтан сендерге бір нәрсені бұйырсам, оны шамаларың жеткенше орындаңдар, ал бір нәрседен тыйсам, одан бас тартыңдар”, – деді». (1337/412)

بَابٌ: ثَوَابُ الْحَجِّ وَالْعُمْرَةِ

2-бапҚажылық пен ұмраның сауабы

640
Мүслим, № 640Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الْعُمْرَةُ إِلَى الْعُمْرَةِ كَفَّارَةٌ لِمَا بَيْنَهُمَا، وَالْحَجُّ الْمَبْرُورُ لَيْسَ لَهُ جَزَاءٌ إِلَّا الْجَنَّةُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Бір ұмра келесі ұмраға дейінгі аралықта жасалған күнәларға кәффарат болады. Ал қабыл болған қажылықтың сыйы – тек Жәннат», – деген. (1349/437)

641
Мүслим, № 641Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ أَتَى هَذَا الْبَيْتَ، فَلَمْ يَرْفُثْ، وَلَمْ يَفْسُقْ، رَجَعَ كَمَا وَلَدَتْهُ أُمُّهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім осы Қағбаға келіп, жұбайымен жақындаспаса әрі күнәлі іс істемесе, анасы дүниеге әкелген күндегідей болып қайтады”, – деді», – деген. (1350/438)

بَابٌ: فِي يَوْمِ الْحَجِّ الْأَكْبَرِ

3-бапҮлкен қажылық күні туралы

642
Мүслим, № 642Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «بَعَثَنِي أَبُو بَكْرٍ الصِّدِّيقُ فِي الْحَجَّةِ الَّتِي أَمَّرَهُ عَلَيْهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، قَبْلَ حَجَّةِ الْوَدَاعِ، فِي رَهْطٍ يُؤَذِّنُونَ فِي النَّاسِ يَوْمَ النَّحْرِ: “لَا يَحُجُّ بَعْدَ الْعَامِ مُشْرِكٌ، وَلَا يَطُوفُ بِالْبَيْتِ عُرْيَانٌ”». قَالَ ابْنُ شِهَابٍ: «وَكَانَ حُمَيْدُ بْنُ عَبْدِ الرَّحْمَنِ يَقُولُ: “يَوْمُ النَّحْرِ يَوْمُ الْحَجِّ الْأَكْبَرِ مِنْ أَجْلِ حَدِيثِ أَبِي هُرَيْرَةَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Қоштасу қажылығынан бұрынғы қажылықта Алла Елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкірді қажыларға басшы етіп тағайындаған еді. Сол кезде Әбу Бәкір әс-Сыддық мені бір топ адаммен бірге құрбан шалу күні жұртқа: “Осы жылдан кейін бірде-бір мүшрік қажылық жасамайды әрі ешкім Қағбаны жалаңаш күйде тауап етпейді”, – деп жариялау үшін жіберді». Ибн Шиһаб: «Әбу Һурайраның осы хадисіне байланысты Хумайд ибн Абдуррахман: “Құрбан шалу күні – үлкен қажылық күні”, – дейтін», – деді. (1347/435)

بَابٌ: فَضْلُ يَوْمِ عَرَفَةَ

4-бапАрапа күнінің артықшылығы

643
Мүслим, № 643Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: “مَا مِنْ يَوْمٍ أَكْثَرَ مِنْ أَنْ يُعْتِقَ اللَّهُ فِيهِ عَبْدًا مِنَ النَّارِ مِنْ يَوْمِ عَرَفَةَ، وَإِنَّهُ لَيَدْنُو، ثُمَّ يُبَاهِي بِهِمِ الْمَلَائِكَةَ، فَيَقُولُ: ‘مَا أَرَادَ هَؤُلَاءِ؟’”»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Алланың Арапа күніндегідей көп құлын Тозақтан азат ететін басқа ешбір күн жоқ. Расында, Алла жақындайды да, оларды періштелеріне мақтан етіп: ‘Мыналар нені қалайды?’ – дейді”, – деген». (1348/436)

بَابٌ: مَا يَقُولُ إِذَا رَكِبَ إِلَى سَفَرِ الْحَجِّ وَغَيْرِهِ

5-бапҚажылыққа немесе өзге сапарға аттанарда көлікке мінгенде айтылатын сөздер

644
Мүслим, № 644

عَنْ عَلِيٍّ الْأَزْدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَلَّمَهُمْ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا اِسْتَوَى عَلَى بَعِيرِهِ خَارِجًا إِلَى سَفَرٍ، كَبَّرَ ثَلَاثًا، ثُمَّ قَالَ: «﴿سُبْحَانَ الَّذِي سَخَّرَ لَنَا هَذَا وَمَا كُنَّا لَهُ مُقْرِنِينَ وَإِنَّا إِلَى رَبِّنَا لَمُنْقَلِبُونَ﴾، اللَّهُمَّ إِنَّا نَسْأَلُكَ فِي سَفَرِنَا هَذَا الْبِرَّ وَالتَّقْوَى، وَمِنَ الْعَمَلِ مَا تَرْضَى. اللَّهُمَّ هَوِّنْ عَلَيْنَا سَفَرَنَا هَذَا، وَاطْوِ عَنَّا بُعْدَهُ، اللَّهُمَّ أَنْتَ الصَّاحِبُ فِي السَّفَرِ، وَالْخَلِيفَةُ فِي الْأَهْلِ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ وَعْثَاءِ السَّفَرِ، وَكَآبَةِ الْمَنْظَرِ، وَسُوءِ الْمُنْقَلَبِ فِي الْمَالِ وَالْأَهْلِ»، وَإِذَا رَجَعَ قَالَهُنَّ وَزَادَ فِيهِنَّ: «آيِبُونَ تَائِبُونَ عَابِدُونَ لِرَبِّنَا حَامِدُونَ».

Қазақша аудармасы

Әли әл-Әзди (р.а.) Ибн Омардың (р.а.) оларға мынаны үйреткенін хабарлаған: Алла Елшісі (с.а.с.) сапарға шығу үшін түйесіне орнығып отырған кезде үш рет тәкбір айтып, содан кейін: «Бізге осы мініс көлікті бағынышты қылған Алла мінсіз, кемшілік атаулыдан ада һәм лайықсыз сипаттардан ада! Әйтпесе, біздің оған шамамыз жетпес еді. Шүбәсіз, біз түбінде Раббымызға қайтамыз!» («Зухруф», 13–14-аяттар), – дейтін. Содан соң: «Уа, Алла! Осы сапарымызда Сенен ізгілік пен тақуалықты және Өзің разы болатын амалдарды сұраймыз. Уа, Алла! Осы сапарымызды бізге жеңілдетіп, оның ұзақ жолын қысқарта гөр. Уа, Алла! Сапардағы серігіміз де, отбасымызға қамқор болушы да – Өзіңсің. Уа, Алла! Сапардың ауыртпалығынан, көңіл құлазытар көріністен және елге оралғанда мал-мүлкім мен отбасымды жайсыз күйде көруден Өзіңе сиынамын», – деп жалғастыратын. Сапардан қайтқанда да осы сөздерді айтып, оған: «Қайтушылармыз, тәубе етушілерміз, құлшылық етушілерміз әрі Раббымызға мадақ айтушылармыз», – деген сөздерді қосатын. (1342/425)

بَابٌ: سَفَرُ الْمَرْأَةِ إِلَى الْحَجِّ مَعَ ذِي مَحْرَمٍ

6-бапӘйелдің қажылық сапарына махрамымен бірге шығуы

645
Мүслим, № 645Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَحِلُّ لِامْرَأَةٍ تُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ أَنْ تُسَافِرَ سَفَرًا يَكُونُ ثَلَاثَةَ أَيَّامٍ فَصَاعِدًا إِلَّا وَمَعَهَا أَبُوهَا، أَوِ ابْنُهَا، أَوْ زَوْجُهَا، أَوْ أَخُوهَا، أَوْ ذُو مَحْرَمٍ مِنْهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Аллаға және Ақырет күніне иман келтіретін әйелге әкесі, ұлы, күйеуі, ағасы не інісі немесе өзге бір махрамы бірге болмаса, үш күн не одан да ұзақ сапарға шығу халал емес”, – деді», – деп баяндады. (1340/423)

646
Мүслим, № 646Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا يَحِلُّ لِامْرَأَةٍ تُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ تُسَافِرُ مَسِيرَةَ يَوْمٍ إِلَّا مَعَ ذِي مَحْرَمٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Аллаға және Ақырет күніне иман келтірген әйелдің махрамынсыз бір күндік жолға шығуы халал емес». (1339/420)

647
Мүслим, № 647Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَخْطُبُ يَقُولُ: “لَا يَخْلُوَنَّ رَجُلٌ بِامْرَأَةٍ إِلَّا وَمَعَهَا ذُو مَحْرَمٍ، وَلَا تُسَافِرِ الْمَرْأَةُ إِلَّا مَعَ ذِي مَحْرَمٍ”، فَقَامَ رَجُلٌ، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ اِمْرَأَتِي خَرَجَتْ حَاجَّةً، وَإِنِّي اُكْتُتِبْتُ فِي غَزْوَةِ كَذَا وَكَذَا”. قَالَ: “اِنْطَلِقْ فَحُجَّ مَعَ اِمْرَأَتِكَ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.) құтба оқып тұрып: “Қасында махрамы жоқ әйелмен ешбір ер адам оңаша қалмасын. Әйел де махрамынсыз сапарға шықпасын”, – дегенін естідім. Сонда бір кісі орнынан тұрып: “Уа, Алланың Елшісі! Әйелім қажылық жасауға жолға шықты, ал мен пәлен жорыққа қатысушылардың қатарына жазылып қойдым”, – деді. Ол (с.а.с.): “Бар да, әйеліңмен бірге қажылық жаса”, – деді». (1341/424)

بَابٌ: حَجُّ الصَّبِيِّ وَأَجْرُ مَنْ حَجَّ بِهِ

7-бапБаланың қажылығы және оны қажылыққа апарған адамның сауабы

648
Мүслим, № 648Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ لَقِيَ رَكْبًا بِالرَّوْحَاءِ، فَقَالَ: «مَنِ الْقَوْمُ؟» قَالُوا: «الْمُسْلِمُونَ». فَقَالُوا: «مَنْ أَنْتَ؟» قَالَ: «رَسُولُ اللَّهِ»، فَرَفَعَتْ إِلَيْهِ اِمْرَأَةٌ صَبِيًّا، فَقَالَتْ: «أَلِهَذَا حَجٌّ؟» قَالَ: «نَعَمْ، وَلَكِ أَجْرٌ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) Раухада бір топ жолаушыға жолығып: «Сендер кімсіңдер?» – деп сұрады. Олар: «Біз мұсылмандармыз», – деді де: «Ал сіз кімсіз?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Мен – Алла Елшісімін», – деді. Сонда бір әйел баласын оған қарай көтеріп: «Мына баланың қажылығы жарамды ма?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Иә, саған да сауап бар», – деді. (1336/409)

بَابٌ: الْحَجُّ عَمَّنْ لَا يَسْتَطِيعُ الرُّكُوبَ

8-бапКөлік үстінде отыруға шамасы келмейтін адамның атынан қажылық жасау

649
Мүслим, № 649Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهُ قَالَ: «كَانَ الْفَضْلُ بْنُ عَبَّاسٍ رَدِيفَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَجَاءَتْهُ اِمْرَأَةٌ مِنْ خَثْعَمَ تَسْتَفْتِيهِ، فَجَعَلَ الْفَضْلُ يَنْظُرُ إِلَيْهَا وَتَنْظُرُ إِلَيْهِ، فَجَعَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَصْرِفُ وَجْهَ الْفَضْلِ إِلَى الشِّقِّ الْآخَرِ، قَالَتْ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ فَرِيضَةَ اللَّهِ عَلَى عِبَادِهِ فِي الْحَجِّ أَدْرَكَتْ أَبِي شَيْخًا كَبِيرًا لَا يَسْتَطِيعُ أَنْ يَثْبُتَ عَلَى الرَّاحِلَةِ، أَفَأَحُجُّ عَنْهُ؟” قَالَ: “نَعَمْ”، وَذَلِكَ فِي حَجَّةِ الْوَدَاعِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Фадл ибн Аббас Алла Елшісінің (с.а.с.) артына мінгесіп отырған еді. Сол кезде Хасғам тайпасынан шыққан бір әйел одан пәтуа сұрап келді. Фадл әйелге, әйел де Фадлға қарай бастады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) Фадлдың жүзін басқа жаққа бұрып отырды. Әйел: “Уа, Алланың Елшісі! Алланың құлдарына парыз еткен қажылық міндеті әкеме әбден қартайған шағында жетті. Ол мініс көлігінің үстінде өзін ұстап отыра алмайды. Оның атынан қажылық жасайын ба?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Иә”, – деді. Бұл Қоштасу қажылығында болған еді». (1334/407)

بَابٌ: فِي الْحَائِضِ وَالنُّفَسَاءِ إِذَا أَرَادَتَا الْإِحْرَامَ

9-бапЕтеккірі келген және босанғаннан кейінгі қаннан тазармаған әйелдердің ихрамға кіруге ниеттенуі туралы

650
Мүслим, № 650Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «نُفِسَتْ أَسْمَاءُ بِنْتُ عُمَيْسٍ بِمُحَمَّدِ بْنِ أَبِي بَكْرٍ بِالشَّجَرَةِ، فَأَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَبَا بَكْرٍ يَأْمُرُهَا أَنْ تَغْتَسِلَ وَتُهِلَّ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Әсма бинт Умәйс Шәжарада Мұхаммед ибн Әбу Бәкірді дүниеге әкелді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкірге оған ғұсыл алып, тәлбия айтып, ихрамға кіруді бұйыруын тапсырды». (1209/109)

بَابٌ: فِي الْمَوَاقِيتِ فِي الْحَجِّ وَالْعُمْرَةِ

10-бапҚажылық пен ұмра үшін ихрамға кіретін белгіленген орындар – миқаттар туралы

651
Мүслим, № 651Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «وَقَّتَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِأَهْلِ الْمَدِينَةِ ذَا الْحُلَيْفَةِ، وَلِأَهْلِ الشَّامِ الْجُحْفَةَ، وَلِأَهْلِ نَجْدٍ قَرْنَ الْمَنَازِلِ، وَلِأَهْلِ الْيَمَنِ يَلَمْلَمَ، قَالَ: “فَهُنَّ لَهُنَّ، وَلِمَنْ أَتَى عَلَيْهِنَّ مِنْ غَيْرِ أَهْلِهِنَّ مِمَّنْ أَرَادَ الْحَجَّ وَالْعُمْرَةَ، فَمَنْ كَانَ دُونَهُنَّ فَمِنْ أَهْلِهِ، وَكَذَا فَكَذَلِكَ، حَتَّى أَهْلُ مَكَّةَ يُهِلُّونَ مِنْهَا”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Мәдина тұрғындарына Зүл-Хуләйфаны, Шам тұрғындарына Жухфаны, Нәжд тұрғындарына Қарнул-Маназилді, ал Йемен тұрғындарына Яләмләмді миқат етіп белгіледі», – деді. Сондай-ақ Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл жерлер – сол аймақ тұрғындарының әрі өзге аймақтардан қажылық немесе ұмра жасауды қалап, сол жерлер арқылы өтетін адамдардың миқаттары. Ал осы миқаттардың бергі жағында тұратындар өздері тұрған жерден ихрамға кіреді. Одан да бергі жерде тұратындар да осылай істейді. Тіпті Мекке тұрғындары Меккенің өзінен ихрамға кіреді», – деді. (1181/11)

652
Мүслим, № 652

عَنْ أَبِي الزُّبَيْرِ، أَنَّهُ سَمِعَ جَابِرَ بْنَ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، يُسْأَلُ عَنِ الْمُهَلِّ، فَقَالَ: «سَمِعْتُ» – أَحْسَبُهُ رَفَعَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ – فَقَالَ: «مُهَلُّ أَهْلِ الْمَدِينَةِ مِنْ ذِي الْحُلَيْفَةِ، وَالطَّرِيقُ الْآخَرُ الْجُحْفَةُ، وَمُهَلُّ أَهْلِ الْعِرَاقِ مِنْ ذَاتِ عِرْقٍ، وَمُهَلُّ أَهْلِ نَجْدٍ مِنْ قَرْنٍ، وَمُهَلُّ أَهْلِ الْيَمَنِ مِنْ يَلَمْلَمَ».

Қазақша аудармасы

Әбу әз-Зубәйр былай деді: «Жәбир ибн Абдулладан (р.а.) миқат жайында сұралғанын естідім. Ол: “Мәдина тұрғындарының миқаты – Зүл-Хуләйфа, ал өзге жолдағы миқат – Жухфа. Ирак тұрғындарының миқаты – Зату Ирқ, Нәжд тұрғындарының миқаты – Қарн, ал Йемен тұрғындарының миқаты – Яләмләм”, – деген сөздерді естігенін айтты. Меніңше, ол мұны Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізді». (1183/18)

بَابٌ: الطِّيبُ لِلْمُحْرِمِ قَبْلَ أَنْ يُحْرِمَ

11-бапИхрамға кірер алдында хош иіс жағу

653
Мүслим, № 653Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَتْ: «طَيَّبْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بِيَدِي لِحُرْمِهِ حِينَ أَحْرَمَ، وَلِحِلِّهِ حِينَ أَحَلَّ، قَبْلَ أَنْ يَطُوفَ بِالْبَيْتِ».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айша (р.а.): «Алла Елшісіне (с.а.с.) ихрамға кірер алдында және ихрамнан шыққаннан кейін, Қағбаны тауап етпей тұрып, өз қолыммен хош иіс жақтым», – деді. (1189/32)

654
Мүслим, № 654Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كَأَنِّي أَنْظُرُ إِلَى وَبِيصِ الْمِسْكِ فِي مَفْرِقِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَهُوَ مُحْرِمٌ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) ихрамда болған кезде, оның шашының айырылған тұсында жылтырап тұрған мүскінің ізі әлі де көз алдымда». (1190/45)

بَابٌ: الْمِسْكُ أَطْيَبُ الطِّيبِ

12-бапМүскі – хош иістердің ең жақсысы

655
Мүслим, № 655Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ ذَكَرَ اِمْرَأَةً مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ، حَشَتْ خَاتَمَهَا مِسْكًا، وَالْمِسْكُ أَطْيَبُ الطِّيبِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) Исраил ұрпақтарынан шыққан, жүзігінің ішіне мүскі толтырған бір әйел жайында айтып: «Мүскі – хош иістердің ең жағымдысы», – деген. (2252/19)

بَابٌ: الْأَلُوَّةُ وَالْكَافُورُ

13-бапХош иісті уд ағашы мен камфора туралы

656
Мүслим, № 656

عَنْ نَافِعٍ، قَالَ: «كَانَ ابْنُ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، إِذَا اِسْتَجْمَرَ اِسْتَجْمَرَ بِالْأَلُوَّةِ، غَيْرَ مُطَرَّاةٍ وَبِكَافُورٍ يَطْرَحُهُ مَعَ الْأَلُوَّةِ. ثُمَّ قَالَ: “هَكَذَا كَانَ يَسْتَجْمِرُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ”».

Қазақша аудармасы

Нафиғ былай деді: «Ибн Омар (р.а.) хош иісті түтінге буланғанда, өзге хош иіс араластырылмаған уд ағашын қолданатын, сондай-ақ уд ағашына камфора қосатын. Содан кейін ол: “Алла Елшісі (с.а.с.) де хош иісті түтінге осылай буланатын”, – дейтін». (2254/21)

بَابٌ: فِي الرَّيْحَانِ

14-бапРайхан туралы

657
Мүслим, № 657Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ عُرِضَ عَلَيْهِ رَيْحَانٌ فَلَا يَرُدُّهُ، فَإِنَّهُ خَفِيفُ الْمَحْمِلِ طَيِّبُ الرِّيحِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кімге райхан ұсынылса, оны қайтармасын. Өйткені оны алып жүру жеңіл әрі иісі жағымды”, – деді». (2253/20)

بَابٌ: الْإِحْرَامُ مِنْ عِنْدِ مَسْجِدِ ذِي الْحُلَيْفَةِ

15-бапЗүл-Хуләйфа мешітінің жанынан ихрамға кіру

658
Мүслим, № 658

عَنْ سَالِمِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ، أَنَّهُ سَمِعَ أَبَاهُ يَقُولُ: «بَيْدَاؤُكُمْ هَذِهِ الَّتِي تَكْذِبُونَ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِيهَا! مَا أَهَلَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَّا مِنْ عِنْدِ الْمَسْجِدِ»، يَعْنِي ذَا الْحُلَيْفَةِ.

Қазақша аудармасы

Сәлим ибн Абдулла әкесінің былай дегенін естіген: «Мына Бәйда – сендер Алла Елшісінің (с.а.с.) атынан жалған сөз айтып жүрген жер. Алла Елшісі (с.а.с.) тәлбияны тек мешіттің жанында ғана бастаған». Мұнда Зүл-Хуләйфа мешіті меңзелген. (1186/23)

بَابٌ: الْإِهْلَالُ حِينَ تَنْبَعِثُ الرَّاحِلَةُ

16-бапМініс түйесі орнынан қозғалғанда тәлбия айтып, ихрамға кіру

659
Мүслим, № 659

عَنْ عُبَيْدِ بْنِ جُرَيْجٍ، أَنَّهُ قَالَ لِعَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ: «يَا أَبَا عَبْدِ الرَّحْمَنِ، رَأَيْتُكَ تَصْنَعُ أَرْبَعًا لَمْ أَرَ أَحَدًا مِنْ أَصْحَابِكَ يَصْنَعُهَا». قَالَ: «مَا هُنَّ، يَا ابْنَ جُرَيْجٍ؟» قَالَ: «رَأَيْتُكَ لَا تَمَسُّ مِنَ الْأَرْكَانِ إِلَّا الْيَمَانِيَيْنِ، وَرَأَيْتُكَ تَلْبَسُ النِّعَالَ السِّبْتِيَّةَ، وَرَأَيْتُكَ تَصْبُغُ بِالصُّفْرَةِ، وَرَأَيْتُكَ إِذَا كُنْتَ بِمَكَّةَ أَهَلَّ النَّاسُ إِذَا رَأَوُا الْهِلَالَ، وَلَمْ تُهْلِلْ أَنْتَ حَتَّى يَكُونَ يَوْمُ التَّرْوِيَةِ». فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عُمَرَ: «أَمَّا الْأَرْكَانُ فَإِنِّي لَمْ أَرَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَمَسُّ إِلَّا الْيَمَانِيَيْنِ، وَأَمَّا النِّعَالُ السِّبْتِيَّةُ فَإِنِّي رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَلْبَسُ النِّعَالَ الَّتِي لَيْسَ فِيهَا شَعَرٌ، وَيَتَوَضَّأُ فِيهَا، فَأَنَا أُحِبُّ أَنْ أَلْبَسَهَا، وَأَمَّا الصُّفْرَةُ فَإِنِّي رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَصْبُغُ بِهَا، فَأَنَا أُحِبُّ أَنْ أَصْبُغَ بِهَا، وَأَمَّا الْإِهْلَالُ فَإِنِّي لَمْ أَرَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يُهِلُّ حَتَّى تَنْبَعِثَ بِهِ رَاحِلَتُهُ».

Қазақша аудармасы

Убайд ибн Журайж былай деп баяндады: «Абдулла ибн Омарға: “Уа, Әбу Абдуррахман! Сізден серіктеріңіздің ешқайсысы істемейтін төрт істі байқадым”, – дедім. Ол: “Уа, Ибн Журайж! Олар қандай істер?” – деп сұрады. Мен: “Қағбаның Йемен жағындағы екі бұрышына ғана қол тигізіп, қалған бұрыштарына қол тигізбейтініңізді көрдім. Сибти аяқкиім киетініңізді көрдім. Сары бояу қолданатыныңызды көрдім. Сондай-ақ Меккеде болғаныңызда, адамдар жаңа айды көрісімен тәлбия айтып, ихрамға кіреді, ал сіз Тәруия күні келгенше тәлбия айтпайтыныңызды көрдім”, – дедім. Абдулла ибн Омар: “Қағбаның бұрыштарына келсек, Алла Елшісінің (с.а.с.) Йемен жағындағы екі бұрыштан басқасына қол тигізгенін көрмедім. Ал сибти аяқкиімге келсек, Алла Елшісінің (с.а.с.) түгі жоқ аяқкиім киіп, сол аяқкиіммен дәрет алғанын көрдім. Сондықтан мен де оны кигенді ұнатамын. Сары бояуға келсек, Алла Елшісінің (с.а.с.) оны қолданғанын көрдім. Сондықтан мен де оны қолданғанды ұнатамын. Ал тәлбия айтуға келсек, Алла Елшісінің (с.а.с.) мініс түйесі оны алып қозғалғанға дейін тәлбия айтқанын көрмедім”, – деді». (1187/25)

بَابٌ: فِي الْإِهْلَالِ بِالْحَجِّ مِنْ مَكَّةَ

17-бапМеккеден қажылыққа тәлбия айтып, ихрамға кіру туралы

660
Мүслим, № 660Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ قَالَ: «أَقْبَلْنَا مُهِلِّينَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِحَجٍّ مُفْرَدٍ، وَأَقْبَلَتْ عَائِشَةُ بِعُمْرَةٍ، حَتَّى إِذَا كُنَّا بِسَرِفَ عَرَكَتْ، حَتَّى إِذَا قَدِمْنَا طُفْنَا بِالْكَعْبَةِ وَالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، فَأَمَرَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ يَحِلَّ مِنَّا مَنْ لَمْ يَكُنْ مَعَهُ هَدْيٌ، قَالَ: فَقُلْنَا: “حِلُّ مَاذَا؟” قَالَ: “الْحِلُّ كُلُّهُ”. فَوَاقَعْنَا النِّسَاءَ، وَتَطَيَّبْنَا بِالطِّيبِ، وَلَبِسْنَا ثِيَابَنَا، وَلَيْسَ بَيْنَنَا وَبَيْنَ عَرَفَةَ إِلَّا أَرْبَعُ لَيَالٍ، ثُمَّ أَهْلَلْنَا يَوْمَ التَّرْوِيَةِ، ثُمَّ دَخَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى عَائِشَةَ فَوَجَدَهَا تَبْكِي، فَقَالَ: “مَا شَأْنُكِ؟” قَالَتْ: “شَأْنِي أَنِّي قَدْ حِضْتُ، وَقَدْ حَلَّ النَّاسُ، وَلَمْ أَحْلِلْ، وَلَمْ أَطُفْ بِالْبَيْتِ، وَالنَّاسُ يَذْهَبُونَ إِلَى الْحَجِّ الْآنَ”. فَقَالَ: “إِنَّ هَذَا أَمْرٌ كَتَبَهُ اللَّهُ عَلَى بَنَاتِ آدَمَ، فَاغْتَسِلِي، ثُمَّ أَهِلِّي بِالْحَجِّ”. فَفَعَلَتْ وَوَقَفَتِ الْمَوَاقِفَ، حَتَّى إِذَا طَهَرَتْ طَافَتْ بِالْكَعْبَةِ وَالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، ثُمَّ قَالَ: “قَدْ حَلَلْتِ مِنْ حَجِّكِ وَعُمْرَتِكِ جَمِيعًا”. فَقَالَتْ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي أَجِدُ فِي نَفْسِي أَنِّي لَمْ أَطُفْ بِالْبَيْتِ حَتَّى حَجَجْتُ”. قَالَ: “فَاذْهَبْ بِهَا، يَا عَبْدَ الرَّحْمَنِ، فَأَعْمِرْهَا مِنَ التَّنْعِيمِ”. وَذَلِكَ لَيْلَةَ الْحَصْبَةِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге тек қажылыққа тәлбия айтып келе жаттық. Ал Айша (р.а.) ұмраға тәлбия айтып келе жатты. Сәрифке жеткенімізде, оның етеккірі келді. Меккеге келген соң, біз Қағбаны тауап етіп, Сафа мен Маруа арасында жүріп өттік. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) арамызда құрбандық малы жоқ адамдарға ихрамнан шығуды бұйырды. Біз: “Ихрамнан шығу дегеніңіз қалай?” – деп сұрадық. Ол (с.а.с.): “Толық шығасыңдар”, – деді. Сөйтіп, әйелдерімізбен жақындастық, хош иіс жақтық және өз киімдерімізді кидік. Ол кезде Арапа күніне небәрі төрт түн қалған еді. Содан кейін Тәруия күні қайта тәлбия айттық. Кейін Алла Елшісі (с.а.с.) Айшаның жанына кіріп, оның жылап отырғанын көрді. Ол (с.а.с.): “Саған не болды?” – деп сұрады. Айша (р.а.): “Етеккірім келді. Адамдар ихрамнан шықты, ал мен шыға алмадым. Қағбаны да тауап етпедім. Енді адамдар қажылыққа аттанып бара жатыр”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Бұл – Алланың Адам қыздарына жазған ісі. Ғұсыл құйын да, қажылыққа тәлбия айт”, – деді. Айша солай істеп, қажылықтағы белгіленген орындардың барлығында тұрды. Етеккірінен тазарған соң, Қағбаны тауап етіп, Сафа мен Маруа арасында жүріп өтті. Кейін Пайғамбар (с.а.с.) оған: “Енді қажылығың мен ұмраңның екеуінен де ихрамнан шықтың”, – деді. Айша (р.а.): “Уа, Алланың Елшісі! Қажылықты өтегенге дейін Қағбаны тауап етпегенім көңіліме қаяу салады”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Уа, Абдуррахман! Оны алып барып, Танғимнен ұмра жасат”, – деді. Бұл Хасба түні еді». (1213/136)

بَابٌ: التَّلْبِيَةُ

18-бапТәлбия айту

661
Мүслим, № 661Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا اِسْتَوَتْ بِهِ رَاحِلَتُهُ قَائِمَةً عِنْدَ مَسْجِدِ ذِي الْحُلَيْفَةِ أَهَلَّ فَقَالَ: «لَبَّيْكَ اللَّهُمَّ لَبَّيْكَ، لَبَّيْكَ لَا شَرِيكَ لَكَ لَبَّيْكَ، إِنَّ الْحَمْدَ وَالنِّعْمَةَ لَكَ وَالْمُلْكَ، لَا شَرِيكَ لَكَ». قَالُوا: «وَكَانَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عُمَرَ يَقُولُ: “هَذِهِ تَلْبِيَةُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”». قَالَ نَافِعٌ: «كَانَ عَبْدُ اللَّهِ يَزِيدُ مَعَ هَذَا: “لَبَّيْكَ لَبَّيْكَ وَسَعْدَيْكَ، وَالْخَيْرُ بِيَدَيْكَ، لَبَّيْكَ وَالرَّغْبَاءُ إِلَيْكَ وَالْعَمَلُ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) мінген түйе Зүл-Хуләйфа мешітінің жанында орнынан тік тұрған кезде, ол тәлбия айтып: «Уа, Алла! Шақыруыңа үн қостым! Шақыруыңа үн қостым! Шақыруыңа үн қостым! Сенің серігің жоқ. Шақыруыңа үн қостым! Ақиқатында, барша мадақ пен нығмет және бүкіл билік Саған тән. Сенің серігің жоқ», – дейтін. Олар: «Абдулла ибн Омар (р.а.): “Бұл – Алла Елшісінің (с.а.с.) тәлбиясы”, – дейтін», – деді. Нафиғ: «Абдулла (р.а.) бұған: “Шақыруыңа үн қостым! Шақыруыңа үн қостым! Саған қайта-қайта бойсұнамын. Жақсылықтың бәрі Сенің қолыңда. Шақыруыңа үн қостым! Барлық тілек те, амал да Саған арналған”, – деген сөздерді қосатын», – деді. (1184/20)

بَابٌ: فِي التَّلْبِيَةِ بِالْعُمْرَةِ وَالْحَجِّ

19-бапҰмра мен қажылыққа тәлбия айту туралы

662
Мүслим, № 662Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَهَلَّ بِهِمَا جَمِيعًا: “لَبَّيْكَ عُمْرَةً وَحَجًّا، لَبَّيْكَ عُمْرَةً وَحَجًّا”».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) ұмра мен қажылықтың екеуіне де бірге: “Ұмра мен қажылық үшін шақыруыңа үн қостым! Ұмра мен қажылық үшін шақыруыңа үн қостым!” – деп тәлбия айтқанын естідім». (1251/214)

663
Мүслим, № 663Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، لَيُهِلَّنَّ ابْنُ مَرْيَمَ بِفَجِّ الرَّوْحَاءِ، حَاجًّا أَوْ مُعْتَمِرًا، أَوْ لَيَثْنِيَنَّهُمَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.): «Жаным қолында болған Алламен ант етемін! Мәриям ұлы Рауха асуында қажылыққа не ұмраға міндетті түрде тәлбия айтады немесе екеуін бірге өтеуге тәлбия айтады», – деді. (1252/216)

بَابٌ: فِي إِفْرَادِ الْحَجِّ

20-бапҚажылықты ұмрадан бөлек орындау туралы

664
Мүслим, № 664Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «أَهْلَلْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِالْحَجِّ مُفْرَدًا». وَفِي رِوَايَةٍ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَهَلَّ بِالْحَجِّ مُفْرَدًا».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге тек қажылықты өтеу үшін тәлбия айттық», – деген. Ал бір риуаятта: «Алла Елшісі (с.а.с.) тек қажылықты өтеу үшін тәлбия айтты», – делінген. (1231/184)

665
Мүслим, № 665Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَفْرَدَ الْحَجَّ.

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) тек қажылыққа ғана ихрамға кірген. (1211/122)

بَابٌ: الْقِرَانُ بَيْنَ الْحَجِّ وَالْعُمْرَةِ

21-бапҚажылық пен ұмраны бір ихраммен біріктіріп орындау

666
Мүслим, № 666

عَنْ بَكْرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ، عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يُلَبِّي بِالْحَجِّ وَالْعُمْرَةِ جَمِيعًا». قَالَ بَكْرٌ: «فَحَدَّثْتُ بِذَلِكَ ابْنَ عُمَرَ، فَقَالَ: “لَبَّى بِالْحَجِّ وَحْدَهُ”. فَلَقِيتُ أَنَسًا فَحَدَّثْتُهُ بِقَوْلِ ابْنِ عُمَرَ، فَقَالَ أَنَسٌ: “مَا تَعُدُّونَنَا إِلَّا صِبْيَانًا، سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘لَبَّيْكَ عُمْرَةً وَحَجًّا’”».

Қазақша аудармасы

Бәкір ибн Абдулла Әнәстің (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.) қажылық пен ұмра үшін бірге тәлбия айтқанын естідім», – дегенін жеткізген. Бәкір былай деді: «Мұны Ибн Омарға айтқанымда, ол: “Ол тек қажылық үшін тәлбия айтты”, – деді. Кейін Әнәске жолығып, оған Ибн Омардың сөзін жеткіздім. Сонда Әнәс (р.а.): “Сендер бізді бала деп қана есептейсіңдер ме? Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Ұмра мен қажылық үшін шақыруыңа үн қостым!’ – деп айтқанын естідім”, – деді». (1232/185)

بَابٌ: فِي مُتْعَةِ الْحَجِّ

22-бапҰмраны орындап, ихрамнан шыққаннан кейін қажылық жасау – тәматтуғ қажылығы туралы

667
Мүслим, № 667Риуаят етуші: Имран ибн Хусайн (р.а.)

عَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «تَمَتَّعْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَلَمْ يَنْزِلْ فِيهِ الْقُرْآنُ؛ قَالَ رَجُلٌ بِرَأْيِهِ مَا شَاءَ».

Қазақша аудармасы

Имран ибн Хусайн (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге тәматтуғ жасадық. Оған тыйым салатын аят Құранда түскен жоқ. Кейін бір адам өз пікірімен қалағанын айтты». (1226/170)

668
Мүслим, № 668Риуаят етуші: Имран ибн Хусайн (р.а.)

عَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «تَمَتَّعَ نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ وَتَمَتَّعْنَا مَعَهُ».

Қазақша аудармасы

Имран ибн Хусайн (р.а.) былай деді: «Алланың Пайғамбары (с.а.с.) тәматтуғ жасады, біз де онымен бірге тәматтуғ жасадық». (1226/171)

669
Мүслим, № 669Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «قَدِمْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَنَحْنُ نَقُولُ: “لَبَّيْكَ بِالْحَجِّ”، فَأَمَرَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ نَجْعَلَهَا عُمْرَةً».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге: “Қажылық үшін шақыруыңа үн қостым!” – деп тәлбия айтып келдік. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) бізге қажылықты ұмраға айналдыруды бұйырды». (1216/146)

بَابٌ: مَنْ أَحْرَمَ بِالْحَجِّ وَمَعَهُ الْهَدْيُ

23-бапӨзімен бірге құрбандық малын алып, қажылыққа ихрамға кірген адам туралы

670
Мүслим, № 670

عَنْ مُوسَى بْنِ نَافِعٍ، قَالَ: «قَدِمْتُ مَكَّةَ مُتَمَتِّعًا بِعُمْرَةٍ، قَبْلَ التَّرْوِيَةِ بِأَرْبَعَةِ أَيَّامٍ، فَقَالَ النَّاسُ: “تَصِيرُ حَجَّتُكَ الْآنَ مَكِّيَّةً؟” فَدَخَلْتُ عَلَى عَطَاءِ بْنِ أَبِي رَبَاحٍ فَاسْتَفْتَيْتُهُ». فَقَالَ عَطَاءٌ: «حَدَّثَنِي جَابِرُ بْنُ عَبْدِ اللَّهِ الْأَنْصَارِيُّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهُ حَجَّ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَامَ سَاقَ الْهَدْيَ مَعَهُ، وَقَدْ أَهَلُّوا بِالْحَجِّ مُفْرَدًا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَحِلُّوا مِنْ إِحْرَامِكُمْ، فَطُوفُوا بِالْبَيْتِ وَبَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، وَقَصِّرُوا، وَأَقِيمُوا حَلَالًا حَتَّى إِذَا كَانَ يَوْمُ التَّرْوِيَةِ فَأَهِلُّوا بِالْحَجِّ، وَاجْعَلُوا الَّتِي قَدِمْتُمْ بِهَا مُتْعَةً”. قَالُوا: “كَيْفَ نَجْعَلُهَا مُتْعَةً وَقَدْ سَمَّيْنَا الْحَجَّ؟” قَالَ: “اِفْعَلُوا مَا آمُرُكُمْ بِهِ، فَإِنِّي لَوْلَا أَنِّي سُقْتُ الْهَدْيَ، لَفَعَلْتُ مِثْلَ الَّذِي أَمَرْتُكُمْ بِهِ، وَلَكِنْ لَا يَحِلُّ مِنِّي حَرَامٌ حَتَّى يَبْلُغَ الْهَدْيُ مَحِلَّهُ”. فَفَعَلُوا».

Қазақша аудармасы

Мұса ибн Нафиғ былай деді: «Тәруия күніне төрт күн қалғанда ұмра жасап, тәматтуғ өтеу үшін Меккеге келдім. Адамдар маған: “Енді сенің қажылығың меккелік қажылыққа айналады”, – деді. Содан кейін Ата ибн Әбу Рабахтың алдына кіріп, одан пәтуа сұрадым». Ата: «Маған Жәбир ибн Абдулла әл-Ансари (р.а.) Алла Елшісі (с.а.с.) өзімен бірге құрбандық малын айдап әкелген жылы онымен бірге қажылық жасағанын баяндады. Олар тек қажылыққа ғана тәлбия айтқан болатын. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Ихрамнан шығыңдар. Қағбаны тауап етіп, Сафа мен Маруа арасында сағи жасаңдар. Шаштарыңды қысқартып, Тәруия күніне дейін ихрамнан шыққан күйде болыңдар. Тәруия күні келгенде қажылыққа тәлбия айтыңдар. Бастапқыда ниет етіп келген қажылықтарыңды тәматтуғқа айналдырыңдар”, – деді. Олар: “Біз қажылыққа деп тәлбия айтып қойған болсақ, оны қалайша тәматтуғқа айналдырамыз?” – деп сұрады. Ол: “Сендерге бұйырғанымды орындаңдар. Егер өзіммен бірге құрбандық малын айдап әкелмегенімде, сендерге бұйырған нәрсені мен де дәл солай істер едім. Алайда құрбандық малым тиісті орнына жеткенше, ихрамға байланысты маған тыйым салынған нәрселердің ешқайсысы халал болмайды”, – деді. Сонда олар оның бұйрығын орындады». (1216/143)

بَابٌ: نَسْخُ التَّحَلُّلِ مِنَ الْإِحْرَامِ وَالْأَمْرُ بِالتَّمَامِ

24-бапИхрамнан шығу үкімінің жойылуы және қажылықты толық аяқтауға бұйыру

671
Мүслим, № 671Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قَدِمْتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ مُنِيخٌ بِالْبَطْحَاءِ، فَقَالَ: “بِمَ أَهْلَلْتَ؟”» قَالَ: «قُلْتُ: “أَهْلَلْتُ بِإِهْلَالِ النَّبِيِّ ﷺ”. قَالَ: “هَلْ سُقْتَ مِنْ هَدْيٍ؟” قُلْتُ: “لَا”. قَالَ: “فَطُفْ بِالْبَيْتِ وَبِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، ثُمَّ حِلَّ”. فَطُفْتُ بِالْبَيْتِ وَبِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، ثُمَّ أَتَيْتُ اِمْرَأَةً مِنْ قَوْمِي، فَمَشَّطَتْنِي وَغَسَلَتْ رَأْسِي، فَكُنْتُ أُفْتِي النَّاسَ بِذَلِكَ فِي إِمَارَةِ أَبِي بَكْرٍ وَإِمَارَةِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، فَإِنِّي لَقَائِمٌ بِالْمَوْسِمِ، إِذْ جَاءَنِي رَجُلٌ، فَقَالَ: “إِنَّكَ لَا تَدْرِي مَا أَحْدَثَ أَمِيرُ الْمُؤْمِنِينَ فِي شَأْنِ النُّسُكِ”. فَقُلْتُ: “أَيُّهَا النَّاسُ، مَنْ كُنَّا أَفْتَيْنَاهُ بِشَيْءٍ فَلْيَتَّئِدْ فَهَذَا أَمِيرُ الْمُؤْمِنِينَ قَادِمٌ عَلَيْكُمْ فَبِهِ فَائْتَمُّوا”، فَلَمَّا قَدِمَ، قُلْتُ: “يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ، مَا هَذَا الَّذِي أَحْدَثْتَ فِي شَأْنِ النُّسُكِ؟” قَالَ: “إِنْ نَأْخُذْ بِكِتَابِ اللَّهِ فَإِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ قَالَ: ﴿وَأَتِمُّوا الْحَجَّ وَالْعُمْرَةَ لِلَّهِ﴾ [الْبَقَرَةِ: ١٩٦]، وَإِنْ نَأْخُذْ بِسُنَّةِ نَبِيِّنَا مُحَمَّدٍ ﷺ فَإِنَّ النَّبِيَّ ﷺ لَمْ يَحِلَّ حَتَّى نَحَرَ الْهَدْيَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деді: «Мен Алла Елшісіне (с.а.с.) келдім. Ол әл-Батхада мінісін шөгеріп, аялдап отырған еді. Ол менен: “Қандай ниетпен тәлбия айттың?” – деп сұрады. Мен: “Пайғамбар (с.а.с.) қандай ниетпен тәлбия айтса, мен де сол ниетпен тәлбия айттым”, – дедім. Ол: “Өзіңмен бірге құрбандық малын айдап әкелдің бе?” – деп сұрады. Мен: “Жоқ”, – дедім. Ол: “Онда Қағбаны тауап етіп, Сафа мен Маруа арасында сағи жаса. Содан кейін ихрамнан шық”, – деді. Мен Қағбаны тауап етіп, Сафа мен Маруа арасында сағи жасадым. Содан кейін өз қауымымнан шыққан бір әйелге бардым. Ол шашымды тарап, басымды жуды. Әбу Бәкірдің де, Омардың да (р.а.) билігі кезінде адамдарға осыған сәйкес пәтуа беріп жүрдім. Бірде қажылық маусымында тұрғанымда, маған бір кісі келіп: “Мүміндердің әміршісінің қажылық рәсімдеріне қатысты қандай жаңа шешім шығарғанын сен білмейсің”, – деді. Сонда мен: “Уа, адамдар! Біз қандай да бір мәселе жөнінде пәтуа берген кісілер асықпай, күте тұрсын. Мүміндердің әміршісі алдарыңа келе жатыр. Соған еріңдер”, – дедім. Ол келгенде: “Уа, мүміндердің әміршісі! Қажылық рәсімдеріне қатысты шығарған мына жаңа шешімің не?” – деп сұрадым. Ол: “Егер Алланың Кітабын басшылыққа алсақ, Алла Тағала: ‘Қажылық парызы мен ұмраны Алла разылығы үшін өтеңдер’ («Бақара», 196), – деді. Ал Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) сүннетін басшылыққа алсақ, Пайғамбар (с.а.с.) құрбандық малын шалғанға дейін ихрамнан шыққан жоқ”, – деді». (1221/155)

672
Мүслим, № 672Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَتِ الْمُتْعَةُ فِي الْحَجِّ لِأَصْحَابِ مُحَمَّدٍ ﷺ خَاصَّةً».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.): «Қажылықтағы тәматтуғ Мұхаммедтің (с.а.с.) сахабаларына ғана тән еді», – деді. (1224/160)

بَابٌ: الْهَدْيُ فِي الْقِرَانِ بَيْنَ الْحَجِّ وَالْعُمْرَةِ

25-бапҚажылық пен ұмраны бір ихраммен біріктіріп орындағандағы құрбандық малы

673
Мүслим, № 673

عَنْ نَافِعٍ، أَنَّ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، خَرَجَ فِي الْفِتْنَةِ مُعْتَمِرًا، وَقَالَ: «إِنْ صُدِدْتُ عَنِ الْبَيْتِ صَنَعْنَا كَمَا صَنَعْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ»، فَخَرَجَ فَأَهَلَّ بِعُمْرَةٍ وَسَارَ، حَتَّى إِذَا ظَهَرَ عَلَى الْبَيْدَاءِ الْتَفَتَ إِلَى أَصْحَابِهِ، فَقَالَ: «مَا أَمْرُهُمَا إِلَّا وَاحِدٌ، أُشْهِدُكُمْ أَنِّي قَدْ أَوْجَبْتُ الْحَجَّ مَعَ الْعُمْرَةِ»، فَخَرَجَ حَتَّى إِذَا جَاءَ الْبَيْتَ طَافَ بِهِ سَبْعًا، وَبَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ سَبْعًا، لَمْ يَزِدْ عَلَيْهِ، وَرَأَى أَنَّهُ مُجْزِئٌ عَنْهُ، وَأَهْدَى.

Қазақша аудармасы

Нафиғтың жеткізуінше, Абдулла ибн Омар (р.а.) бүлік кезінде ұмра өтеу үшін жолға шығып: «Егер Қағбаға баруымызға бөгет жасалса, Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге болғанымызда істегеніміздей істейміз», – деді. Сөйтіп, ұмраға тәлбия айтып, жолға шықты. Бәйдаға көтерілгенде серіктеріне бұрылып: «Екеуінің де үкімі бірдей екен. Ұмрамен бірге қажылықты да өтеуді өзіме міндеттегеніме сендерді куә етемін», – деді. Жолын жалғастырып, Қағбаға жеткенде оны жеті рет тауап етті және Сафа мен Маруаның арасында жеті рет жүріп өтті. Бұған ештеңе қоспады әрі осының өзі жеткілікті деп есептеді. Сондай-ақ құрбандық шалды. (1230/180)

بَابٌ: الْهَدْيُ فِي الْمُتْعَةِ

26-бапТәматтуғ қажылығындағы құрбандық малы

674
Мүслим, № 674

عَنْ سَالِمِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ، أَنَّ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عُمَرَ قَالَ: «تَمَتَّعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي حَجَّةِ الْوَدَاعِ بِالْعُمْرَةِ إِلَى الْحَجِّ، وَأَهْدَى، وَسَاقَ مَعَهُ الْهَدْيَ مِنْ ذِي الْحُلَيْفَةِ، وَبَدَأَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَأَهَلَّ بِالْعُمْرَةِ، ثُمَّ أَهَلَّ بِالْحَجِّ، وَتَمَتَّعَ النَّاسُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِالْعُمْرَةِ إِلَى الْحَجِّ، فَكَانَ مِنَ النَّاسِ مَنْ أَهْدَى فَسَاقَ الْهَدْيَ، وَمِنْهُمْ مَنْ لَمْ يُهْدِ، فَلَمَّا قَدِمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَكَّةَ قَالَ لِلنَّاسِ: “مَنْ كَانَ مِنْكُمْ أَهْدَى، فَإِنَّهُ لَا يَحِلُّ مِنْ شَيْءٍ حَرُمَ مِنْهُ حَتَّى يَقْضِيَ حَجَّهُ، وَمَنْ لَمْ يَكُنْ مِنْكُمْ أَهْدَى، فَلْيَطُفْ بِالْبَيْتِ وَبِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ وَلْيُقَصِّرْ وَلْيَحْلِلْ، ثُمَّ لِيُهِلَّ بِالْحَجِّ وَلْيُهْدِ، فَمَنْ لَمْ يَجِدْ هَدْيًا، فَلْيَصُمْ ثَلَاثَةَ أَيَّامٍ فِي الْحَجِّ وَسَبْعَةً إِذَا رَجَعَ إِلَى أَهْلِهِ”. وَطَافَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِينَ قَدِمَ مَكَّةَ، فَاسْتَلَمَ الرُّكْنَ أَوَّلَ شَيْءٍ، ثُمَّ خَبَّ ثَلَاثَةَ أَطْوَافٍ مِنَ السَّبْعِ، وَمَشَى أَرْبَعَةَ أَطْوَافٍ، ثُمَّ رَكَعَ حِينَ قَضَى طَوَافَهُ بِالْبَيْتِ عِنْدَ الْمَقَامِ رَكْعَتَيْنِ، ثُمَّ سَلَّمَ فَانْصَرَفَ، فَأَتَى الصَّفَا فَطَافَ بِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ سَبْعَةَ أَطْوَافٍ، ثُمَّ لَمْ يَحْلِلْ مِنْ شَيْءٍ حَرُمَ مِنْهُ حَتَّى قَضَى حَجَّهُ، وَنَحَرَ هَدْيَهُ يَوْمَ النَّحْرِ، وَأَفَاضَ، فَطَافَ بِالْبَيْتِ، ثُمَّ حَلَّ مِنْ كُلِّ شَيْءٍ حَرُمَ مِنْهُ، وَفَعَلَ مِثْلَ مَا فَعَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَنْ أَهْدَى وَسَاقَ الْهَدْيَ مِنَ النَّاسِ».

Қазақша аудармасы

Сәлим ибн Абдулланың жеткізуінше, Абдулла ибн Омар былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Қоштасу қажылығында ұмраны қажылыққа жалғап, тәматтуғ жасады. Құрбандық малын арнап, оны Зүл-Хуләйфадан өзімен бірге айдап әкелді. Алла Елшісі (с.а.с.) әуелі ұмра үшін, содан кейін қажылық үшін тәлбия айтты. Адамдар да Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге ұмраны қажылыққа жалғап, тәматтуғ жасады. Олардың арасында құрбандық малын арнап, оны өзімен бірге айдап әкелгендері де, құрбандық малы болмағандары да бар еді. Алла Елшісі (с.а.с.) Меккеге келгенде, адамдарға: “Араларыңнан құрбандық малын алып келген адам қажылығын толық аяқтамайынша, ихрамына байланысты тыйым салынған ешбір нәрсе оған халал болмайды. Ал құрбандық малын алып келмеген адам Қағбаны тауап етіп, Сафа мен Маруа арасында сағи жасасын, шашын қысқартсын да, ихрамнан шықсын. Содан кейін қажылық үшін тәлбия айтып, құрбандық шалсын. Кім құрбандық малын таба алмаса, қажылық кезінде үш күн, отбасына оралғаннан кейін жеті күн ораза ұстасын”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) Меккеге келгенде, Қағбаны тауап етті. Ең алдымен Қара тасқа қолын тигізді. Содан кейін жеті айналымның алғашқы үшеуінде қысқа адыммен ширақ жүрді, қалған төртеуінде қалыпты жүрді. Қағбаны тауап етіп болған соң, Мақамның жанында екі рәкәғат намаз оқыды. Кейін сәлем беріп, сол жерден шығып, Сафаға барды да, Сафа мен Маруа арасында жеті рет жүріп өтті. Қажылығын толық аяқтап, Құрбан айт күні құрбандық малын шалғанға дейін ихрамына байланысты тыйым салынған ешбір нәрсені өзіне халал етпеді. Содан кейін Қағбаға барып, оны тауап етті де, ихрамына байланысты тыйым салынған нәрселердің бәрі оған халал болды. Құрбандық малын арнап, оны өзімен бірге айдап әкелген адамдар да Алла Елшісі (с.а.с.) істегендей істеді». (1227/174)

بَابٌ: فِي إِرْدَافِ الْحَجِّ عَلَى الْعُمْرَةِ

27-бапҰмраға ниет еткеннен кейін оған қажылық ниетін де қосу туралы

675
Мүслим, № 675Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّهَا قَالَتْ: «خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَامَ حَجَّةِ الْوَدَاعِ، فَمِنَّا مَنْ أَهَلَّ بِعُمْرَةٍ وَمِنَّا مَنْ أَهَلَّ بِحَجٍّ، حَتَّى قَدِمْنَا مَكَّةَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ أَحْرَمَ بِعُمْرَةٍ، وَلَمْ يُهْدِ فَلْيَحْلِلْ، وَمَنْ أَحْرَمَ بِعُمْرَةٍ، وَأَهْدَى، فَلَا يَحِلُّ حَتَّى يَنْحَرَ هَدْيَهُ، وَمَنْ أَهَلَّ بِحَجٍّ، فَلْيُتِمَّ حَجَّهُ”». قَالَتْ عَائِشَةُ: «فَحِضْتُ، فَلَمْ أَزَلْ حَائِضًا حَتَّى كَانَ يَوْمُ عَرَفَةَ، وَلَمْ أُهْلِلْ إِلَّا بِعُمْرَةٍ، فَأَمَرَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ أَنْقُضَ رَأْسِي، وَأَمْتَشِطَ، وَأُهِلَّ بِحَجٍّ، وَأَتْرُكَ الْعُمْرَةَ». قَالَتْ: «فَفَعَلْتُ ذَلِكَ، حَتَّى إِذَا قَضَيْتُ حَجَّتِي بَعَثَ مَعِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَبْدَ الرَّحْمَنِ بْنَ أَبِي بَكْرٍ، وَأَمَرَنِي أَنْ أَعْتَمِرَ مِنَ التَّنْعِيمِ، مَكَانَ عُمْرَتِي الَّتِي أَدْرَكَنِي الْحَجُّ وَلَمْ أَحْلِلْ مِنْهَا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Біз Қоштасу қажылығы жылы Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге жолға шықтық. Арамызда ұмраға тәлбия айтқандар да, қажылыққа тәлбия айтқандар да болды. Осылайша Меккеге келдік. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім ұмра үшін ихрамға кіріп, құрбандық малын алып келмесе, ихрамнан шықсын. Кім ұмра үшін ихрамға кіріп, құрбандық малын алып келсе, оны сойғанға дейін ихрамнан шықпасын. Ал кім қажылыққа тәлбия айтса, қажылығын толық аяқтасын”, – деді». Айша (р.а.) сөзін жалғастырып: «Менің етеккірім келіп, Арапа күніне дейін етеккірлі күйде болдым. Мен ұмраға ғана тәлбия айтып, ихрамға кірген едім. Алла Елшісі (с.а.с.) маған шашымды тарқатып, тарап, қажылыққа тәлбия айтуды және ұмраны қалдыруды бұйырды. Мен солай істедім. Қажылығымды аяқтаған кезде, Алла Елшісі (с.а.с.) менімен бірге Абдуррахман ибн Әбу Бәкірді жіберіп, қажылық уақыты кіріп кеткендіктен ихрамынан шыға алмаған бұрынғы ұмрамның орнына Танғимнен ұмра жасауды бұйырды», – деді. (1211/112)

بَابٌ: الِاشْتِرَاطُ فِي الْحَجِّ وَالْعُمْرَةِ

28-бапҚажылық пен ұмраға ихрамға кірерде кедергіге тап болған жағдайда ихрамнан шығуды шарт ету

676
Мүслим, № 676Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ ضُبَاعَةَ بِنْتَ الزُّبَيْرِ بْنِ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ أَتَتْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَتْ: «إِنِّي اِمْرَأَةٌ ثَقِيلَةٌ، وَإِنِّي أُرِيدُ الْحَجَّ، فَمَا تَأْمُرُنِي؟» قَالَ: «أَهِلِّي بِالْحَجِّ، وَاشْتَرِطِي: “أَنَّ مَحِلِّي حَيْثُ تَحْبِسُنِي”». قَالَ: «فَأَدْرَكَتْ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) жеткізуінше, Дубаға бинт әз-Зубайр ибн Абдулмутталиб (р.а.) Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: «Мен сырқатпын әрі қажылық жасағым келеді. Маған не бұйырасыз?» – деді. Ол (с.а.с.): «Қажылық үшін тәлбия айт әрі: “Мені қай жерде бөгесең, ихрамнан шығатын жерім – сол жер”, – деп шарт қой», – деді. Сөйтіп, ол қажылығын орындады. (1208/106)

بَابٌ: مَنْ أَحْرَمَ وَعَلَيْهِ جُبَّةٌ وَأَثَرُ الْخَلُوقِ

29-бапҮстіне шапан киіп, шафран аралас хош иістің ізі бар күйде ихрамға кірген адам туралы

677
Мүслим, № 677

عَنْ يَعْلَى بْنِ مُنْيَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ وَهُوَ بِالْجِعْرَانَةِ، عَلَيْهِ جُبَّةٌ وَعَلَيْهَا خَلُوقٌ» (أَوْ قَالَ: «أَثَرُ صُفْرَةٍ») «فَقَالَ: “كَيْفَ تَأْمُرُنِي أَنْ أَصْنَعَ فِي عُمْرَتِي؟”» قَالَ: «وَأُنْزِلَ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ الْوَحْيُ، فَسُتِرَ بِثَوْبٍ، وَكَانَ يَعْلَى يَقُولُ: “وَدِدْتُ أَنِّي أَرَى النَّبِيَّ ﷺ وَقَدْ نَزَلَ عَلَيْهِ الْوَحْيُ”». قَالَ: «فَقَالَ: “أَيَسُرُّكَ أَنْ تَنْظُرَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ وَقَدْ أُنْزِلَ عَلَيْهِ الْوَحْيُ؟”» قَالَ: «فَرَفَعَ عُمَرُ طَرَفَ الثَّوْبِ، فَنَظَرْتُ إِلَيْهِ، لَهُ غَطِيطٌ» (قَالَ: وَأَحْسَبُهُ قَالَ: «كَغَطِيطِ الْبَكْرِ»). قَالَ: «فَلَمَّا سُرِّيَ عَنْهُ، قَالَ: “أَيْنَ السَّائِلُ عَنِ الْعُمْرَةِ؟ اِغْسِلْ عَنْكَ أَثَرَ الصُّفْرَةِ” (أَوْ قَالَ: “أَثَرَ الْخَلُوقِ”) “وَاخْلَعْ عَنْكَ جُبَّتَكَ، وَاصْنَعْ فِي عُمْرَتِكَ مَا أَنْتَ صَانِعٌ فِي حَجِّكَ”».

Қазақша аудармасы

Яғла ибн Мунияның (р.а.) баяндауынша, Пайғамбар (с.а.с.) Жиғранада болған кезде, үстінде халуқ жағылған жүббәсі бар бір адам (немесе риуаятшы: «Сары бояудың ізі бар», – деген) келіп: «Ұмрамда не істеуімді бұйырасыз?» – деп сұрады. Осы кезде Пайғамбарға (с.а.с.) уахи түсіп, үстіне мата жабылды. Яғла: «Пайғамбарға (с.а.с.) уахи түсіп жатқан сәтті көрсем ғой», – деп айтатын. Сонда Омар оған: «Пайғамбарға (с.а.с.) уахи түсіп жатқан сәтті көргің келе ме?» – деді. Яғла: «Омар матаның бір шетін көтерді, мен оған қарадым. Пайғамбардың (с.а.с.) тынысынан пысылдаған дыбыс естіліп жатты», – деді. Риуаятшы: «Меніңше, ол: “Жас түйенің пысылындай”, – деді», – деп жеткізді. Уахи түсу күйі басылған соң ол (с.а.с.): «Ұмра жайында сұраған адам қайда? Үстіңдегі сары бояудың ізін жуып кетір (немесе: “Халуқтың ізін”, – деді), жүббәңді шеш. Қажылығыңда не істейтін болсаң, ұмраңда да соны істе», – деді. (1180/6)

بَابٌ: مَا يَجْتَنِبُ الْمُحْرِمُ مِنَ اللِّبَاسِ

30-бапИхрамдағы адам кимеуге тиіс киімдер

678
Мүслим, № 678Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَجُلًا سَأَلَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ: «مَا يَلْبَسُ الْمُحْرِمُ مِنَ الثِّيَابِ؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَلْبَسُوا الْقُمُصَ، وَلَا الْعَمَائِمَ، وَلَا السَّرَاوِيلَاتِ، وَلَا الْبَرَانِسَ، وَلَا الْخِفَافَ، إِلَّا أَحَدٌ لَا يَجِدُ النَّعْلَيْنِ، فَلْيَلْبَسِ الْخُفَّيْنِ، وَلْيَقْطَعْهُمَا أَسْفَلَ مِنَ الْكَعْبَيْنِ، وَلَا تَلْبَسُوا مِنَ الثِّيَابِ شَيْئًا مَسَّهُ الزَّعْفَرَانُ وَلَا الْوَرْسُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, бір адам Алла Елшісінен (с.а.с.): «Ихрамдағы адам қандай киім киеді?» – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Көйлек те, сәлде де, шалбар да, күләпаралы шапан да, мәсі де кимеңдер. Тек сандал таппаған адам мәсі кисін де, екі мәсісін де тобықтан төмен тұсынан кесіп алсын. Сондай-ақ зағфаран немесе уәрс бояуы тиген ешбір киімді кимеңдер», – деді. (1177/1)

679
Мүслим, № 679Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ يَخْطُبُ يَقُولُ: “السَّرَاوِيلُ لِمَنْ لَمْ يَجِدِ الْإِزَارَ، وَالْخُفَّانِ لِمَنْ لَمْ يَجِدِ النَّعْلَيْنِ”». يَعْنِي الْمُحْرِمَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) құтба айтып тұрып: “Изар таппаған адам шалбар, ал сандал таппаған адам мәсі кисін”, – дегенін естідім», – деді. Ол ихрамдағы адамды меңзеді. (1178/4)

بَابٌ: فِي الصَّيْدِ لِلْمُحْرِمِ

31-бапИхрамдағы адамның аң аулауы туралы

680
Мүслим, № 680

عَنِ الصَّعْبِ بْنِ جَثَّامَةَ اللَّيْثِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ أَهْدَى لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ حِمَارًا وَحْشِيًّا وَهُوَ بِالْأَبْوَاءِ – أَوْ بِوَدَّانَ – فَرَدَّهُ عَلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ. قَالَ: «فَلَمَّا أَنْ رَأَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَا فِي وَجْهِي، قَالَ: “إِنَّا لَمْ نَرُدَّهُ عَلَيْكَ إِلَّا أَنَّا حُرُمٌ”».

Қазақша аудармасы

Сағб ибн Жассама әл-Ләйсидің (р.а.) жеткізуінше, ол Алла Елшісі (с.а.с.) Әбуада немесе Уадданда болған кезінде оған құлан сыйлаған еді. Алайда Алла Елшісі (с.а.с.) оны өзіне қайтарып берді. Сағб: «Алла Елшісі (с.а.с.) жүзімдегі ренішті байқағанда: “Біз мұны саған тек ихрамда болғанымыз үшін ғана қайтардық”, – деді», – деп баяндады. (1193/50)

681
Мүслим, № 681

عَنْ طَاوُسٍ، عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «قَدِمَ زَيْدُ بْنُ أَرْقَمَ، فَقَالَ لَهُ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عَبَّاسٍ يَسْتَذْكِرُهُ: “كَيْفَ أَخْبَرْتَنِي عَنْ لَحْمِ صَيْدٍ أُهْدِيَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ حَرَامٌ؟” قَالَ: قَالَ: “أُهْدِيَ لَهُ عُضْوٌ مِنْ لَحْمِ صَيْدٍ فَرَدَّهُ، فَقَالَ: ‘إِنَّا لَا نَأْكُلُهُ؛ إِنَّا حُرُمٌ’”».

Қазақша аудармасы

Тауыс Ибн Аббастан (р.а.) мынадай хадис жеткізген: Зәйд ибн Арқам келгенде, Абдулла ибн Аббас одан бұрын айтқан сөзін есіне түсіруін өтініп: «Алла Елшісіне (с.а.с.) ихрамда жүрген кезінде сыйға тартылған аң еті жайында маған қалай хабар берген едің?» – деп сұрады. Зәйд: «Оған аң етінің бір мүшесі сыйға тартылды. Ол оны кері қайтарып: “Біз мұны жемейміз, өйткені біз ихрамдамыз”, – деді», – деп жауап берді. (1195/55)

بَابٌ: فِي لَحْمِ الصَّيْدِ لِلْمُحْرِمِ يَصِيدُهُ الْحَلَالُ

32-бапИхрамда емес адам аулаған аңның етін ихрамдағы адамның жеуі туралы

682
Мүслим, № 682Риуаят етуші: Әбу Қатада (р.а.)

عَنْ أَبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَاجًّا، وَخَرَجْنَا مَعَهُ». قَالَ: «فَصَرَفَ مِنْ أَصْحَابِهِ فِيهِمْ أَبُو قَتَادَةَ، فَقَالَ: “خُذُوا سَاحِلَ الْبَحْرِ حَتَّى تَلْقَوْنِي”». قَالَ: «فَأَخَذُوا سَاحِلَ الْبَحْرِ، فَلَمَّا اِنْصَرَفُوا قِبَلَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَحْرَمُوا كُلُّهُمْ إِلَّا أَبَا قَتَادَةَ، فَإِنَّهُ لَمْ يُحْرِمْ، فَبَيْنَمَا هُمْ يَسِيرُونَ، إِذْ رَأَوْا حُمُرَ وَحْشٍ، فَحَمَلَ عَلَيْهَا أَبُو قَتَادَةَ، فَعَقَرَ مِنْهَا أَتَانًا، فَنَزَلُوا فَأَكَلُوا مِنْ لَحْمِهَا». قَالَ: «فَقَالُوا: “أَكَلْنَا لَحْمًا وَنَحْنُ مُحْرِمُونَ”». قَالَ: «فَحَمَلُوا مَا بَقِيَ مِنْ لَحْمِ الْأَتَانِ، فَلَمَّا أَتَوْا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالُوا: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّا كُنَّا أَحْرَمْنَا، وَكَانَ أَبُو قَتَادَةَ لَمْ يُحْرِمْ، فَرَأَيْنَا حُمُرَ وَحْشٍ، فَحَمَلَ عَلَيْهَا أَبُو قَتَادَةَ، فَعَقَرَ مِنْهَا أَتَانًا، فَنَزَلْنَا فَأَكَلْنَا مِنْ لَحْمِهَا، فَقُلْنَا: ‘نَأْكُلُ لَحْمَ صَيْدٍ وَنَحْنُ مُحْرِمُونَ’، فَحَمَلْنَا مَا بَقِيَ مِنْ لَحْمِهَا”. فَقَالَ: “هَلْ مِنْكُمْ أَحَدٌ أَمَرَهُ أَوْ أَشَارَ إِلَيْهِ بِشَيْءٍ؟”» قَالَ: «قَالُوا: “لَا”. قَالَ: “فَكُلُوا مَا بَقِيَ مِنْ لَحْمِهَا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Қатада (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) қажылық жасауға аттанды, біз де онымен бірге шықтық. Ол арасында Әбу Қатада да бар бір топ сахабасын басқа жолға жіберіп: “Теңіз жағалауымен жүріп, менімен кездесіңдер”, – деді. Олар теңіз жағалауымен жүрді. Алла Елшісіне (с.а.с.) қарай бұрылған кезде, Әбу Қатададан басқасының бәрі ихрамға кірді. Әбу Қатада ихрамға кірмеген еді. Олар жолда келе жатып бірнеше құланды көрді. Әбу Қатада оларға ұмтылып, бір ұрғашы құланды аулап алды. Олар көліктерінен түсіп, оның етінен жеді. Содан кейін: “Біз ихрамда бола тұра, аңның етін жедік”, – десті. Сөйтіп, ұрғашы құланның қалған етін өздерімен бірге алып жүрді. Алла Елшісіне (с.а.с.) келген соң: “Уа, Алланың Елшісі! Біз ихрамға кірген едік, ал Әбу Қатада ихрамға кірмеген болатын. Бірнеше құланды көрдік. Әбу Қатада оларға ұмтылып, бір ұрғашы құланды аулап алды. Біз көліктерімізден түсіп, оның етінен жедік. Кейін: ‘Біз ихрамда бола тұра, аң етін жеп отырмыз’, – дестік. Содан оның қалған етін өзімізбен бірге алып келдік”, – деді. Ол (с.а.с.): “Сендердің араларыңнан біреу оған аңды аулауды бұйырды ма немесе аңды нұсқап көрсетті ме?” – деп сұрады. Олар: “Жоқ”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Қалған етін де жеңдер”, – деді». (1196/60)

بَابٌ: مَا يَقْتُلُ الْمُحْرِمُ مِنَ الدَّوَابِّ

33-бапИхрамдағы адамға өлтіруге рұқсат етілген жануарлар

683
Мүслим, № 683Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «خَمْسٌ فَوَاسِقُ يُقْتَلْنَ فِي الْحِلِّ وَالْحَرَمِ: الْحَيَّةُ، وَالْغُرَابُ الْأَبْقَعُ، وَالْفَأْرَةُ، وَالْكَلْبُ الْعَقُورُ، وَالْحُدَيَّا».

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.): «Бес зиянкес Харам аумағында да, одан тыс жерде де өлтіріледі: жылан, ала қарға, тышқан, қабаған ит және кезқұйрық», – деген. (1198/67)

684
Мүслим, № 684Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «خَمْسٌ لَا جُنَاحَ عَلَى مَنْ قَتَلَهُنَّ فِي الْحَرَمِ وَالْإِحْرَامِ: الْفَأْرَةُ، وَالْعَقْرَبُ، وَالْغُرَابُ، وَالْحِدَأَةُ، وَالْكَلْبُ الْعَقُورُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.): «Харам аумағында да, ихрам кезінде де мына бес жануарды өлтірген адамға күнә жоқ: тышқан, сарышаян, қарға, кезқұйрық және қабаған ит», – деді. (1199/72)

بَابٌ: الْحِجَامَةُ لِلْمُحْرِمِ

34-бапИхрамдағы адамның қан алдыруы

685
Мүслим, № 685

عَنِ ابْنِ بُحَيْنَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ اِحْتَجَمَ بِطَرِيقِ مَكَّةَ، وَهُوَ مُحْرِمٌ، وَسَطَ رَأْسِهِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Бухәйнаның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) ихрамда жүрген кезінде Мекке жолында басының орта тұсынан қан алдырған. (1203/88)

بَابٌ: مُدَاوَاةُ الْمُحْرِمِ عَيْنَيْهِ

35-бапИхрамдағы адамның көздерін емдеуі

686
Мүслим, № 686

عَنْ نُبَيْهِ بْنِ وَهْبٍ، قَالَ: «خَرَجْنَا مَعَ أَبَانَ بْنِ عُثْمَانَ حَتَّى إِذَا كُنَّا بِمَلَلٍ، اِشْتَكَى عُمَرُ بْنُ عُبَيْدِ اللَّهِ عَيْنَيْهِ، فَلَمَّا كُنَّا بِالرَّوْحَاءِ اِشْتَدَّ وَجَعُهُ، فَأَرْسَلَ إِلَى أَبَانَ بْنِ عُثْمَانَ يَسْأَلُهُ، فَأَرْسَلَ إِلَيْهِ: “أَنِ اِضْمِدْهُمَا بِالصَّبِرِ، فَإِنَّ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، حَدَّثَ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي الرَّجُلِ إِذَا اِشْتَكَى عَيْنَيْهِ وَهُوَ مُحْرِمٌ، ضَمَّدَهُمَا بِالصَّبِرِ”».

Қазақша аудармасы

Нубәйһ ибн Уаһб былай деді: «Біз Әбан ибн Османмен бірге жолға шықтық. Мәләлге жеткенімізде Омар ибн Убайдулланың көзі ауырып қалды. Раухаға жеткенімізде көзінің ауруы күшейіп, Әбан ибн Османға адам жіберіп, не істеу керектігін сұрады. Әбан оған: “Екі көзіңе алоэ қойып, таңып ал. Өйткені Осман (р.а.) Алла Елшісінен (с.а.с.) ихрамдағы адамның көзі ауырса, екі көзіне алоэ қойып таңатынын жеткізген”, – деп жауап жолдады». (1204/89)

بَابٌ: غَسْلُ الْمُحْرِمِ رَأْسَهُ

36-бапИхрамдағы адамның басын жууы

687
Мүслим, № 687

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ حُنَيْنٍ، عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَبَّاسٍ وَالْمِسْوَرِ بْنِ مَخْرَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ، أَنَّهُمَا اِخْتَلَفَا بِالْأَبْوَاءِ، فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عَبَّاسٍ: «يَغْسِلُ الْمُحْرِمُ رَأْسَهُ». وَقَالَ الْمِسْوَرُ: «لَا يَغْسِلُ الْمُحْرِمُ رَأْسَهُ»، فَأَرْسَلَنِي ابْنُ عَبَّاسٍ إِلَى أَبِي أَيُّوبَ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَسْأَلُهُ عَنْ ذَلِكَ، فَوَجَدْتُهُ يَغْتَسِلُ بَيْنَ الْقَرْنَيْنِ، وَهُوَ يَسْتَتِرُ بِثَوْبٍ، قَالَ: «فَسَلَّمْتُ عَلَيْهِ، فَقَالَ: “مَنْ هَذَا؟” فَقُلْتُ: “أَنَا عَبْدُ اللَّهِ بْنُ حُنَيْنٍ، أَرْسَلَنِي إِلَيْكَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عَبَّاسٍ، أَسْأَلُكَ كَيْفَ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَغْسِلُ رَأْسَهُ وَهُوَ مُحْرِمٌ؟” فَوَضَعَ أَبُو أَيُّوبَ يَدَهُ عَلَى الثَّوْبِ فَطَأْطَأَهُ، حَتَّى بَدَا لِي رَأْسُهُ، ثُمَّ قَالَ لِإِنْسَانٍ يَصُبُّ: “اُصْبُبْ”. فَصَبَّ عَلَى رَأْسِهِ، ثُمَّ حَرَّكَ رَأْسَهُ بِيَدَيْهِ، فَأَقْبَلَ بِهِمَا وَأَدْبَرَ، ثُمَّ قَالَ: “هَكَذَا رَأَيْتُهُ ﷺ يَفْعَلُ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Хунәйн былай деп баяндады: «Абдулла ибн Аббас пен Мисуар ибн Махрама Әбуада бір мәселе жөнінде келіспей қалды. Абдулла ибн Аббас (р.а.): “Ихрамдағы адам басын жуа алады”, – десе, Мисуар: “Ихрамдағы адам басын жумайды”, – деді. Сонда Ибн Аббас осы мәселені сұрау үшін мені Әбу Әйюб әл-Ансариге жіберді. Мен оның екі діңгектің арасында шомылып жатқанын көрдім. Ол өзін бір матамен қалқалап алған екен. Мен оған сәлем бердім. Ол: “Бұл кім?” – деп сұрады. Мен: “Мен Абдулла ибн Хунәйнмін. Мені сізге Абдулла ибн Аббас жіберді. Ол Алла Елшісінің (с.а.с.) ихрамда жүрген кезінде басын қалай жуғанын сұрап келуді тапсырды”, – дедім. Әбу Әйюб (р.а.) қолын матаға қойып, басы маған көрінгенше оны төмен түсірді. Содан кейін өзіне су құйып тұрған адамға: “Құй”, – деді. Ол оның басына су құйды. Әбу Әйюб басын екі қолымен уқалап, қолдарын алға-артқа жүргізді. Содан кейін: “Алла Елшісінің (с.а.с.) дәл осылай істегенін көрдім”, – деді». (1205/91)

بَابٌ: فِي الْفِدْيَةِ عَلَى الْمُحْرِمِ

37-бапИхрамдағы адамның өтейтін підиясы (өтемі) туралы

688
Мүслим, № 688

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَعْقِلٍ، قَالَ: «قَعَدْتُ إِلَى كَعْبٍ وَهُوَ فِي الْمَسْجِدِ، فَسَأَلْتُهُ عَنْ هَذِهِ الْآيَةِ: ﴿فَفِدْيَةٌ مِنْ صِيَامٍ أَوْ صَدَقَةٍ أَوْ نُسُكٍ﴾ [الْبَقَرَةِ: ١٩٦]، فَقَالَ كَعْبٌ: “نَزَلَتْ فِيَّ؛ كَانَ بِي أَذًى مِنْ رَأْسِي، فَحُمِلْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَالْقَمْلُ يَتَنَاثَرُ عَلَى وَجْهِي، فَقَالَ: ‘مَا كُنْتُ أُرَى أَنَّ الْجَهْدَ بَلَغَ مِنْكَ مَا أَرَى، أَتَجِدُ شَاةً؟’ فَقُلْتُ: ‘لَا’، فَنَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿فَفِدْيَةٌ مِنْ صِيَامٍ أَوْ صَدَقَةٍ أَوْ نُسُكٍ﴾، قَالَ: ‘صَوْمُ ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ، أَوْ إِطْعَامُ سِتَّةِ مَسَاكِينَ: نِصْفَ صَاعٍ طَعَامًا لِكُلِّ مِسْكِينٍ’. قَالَ: فَنَزَلَتْ فِيَّ خَاصَّةً، وَهِيَ لَكُمْ عَامَّةٌ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мағқил былай деді: «Мешітте отырған Қағбтың (р.а.) жанына отырып, одан мына аят туралы сұрадым: ﴿فَفِدْيَةٌ مِنْ صِيَامٍ أَوْ صَدَقَةٍ أَوْ نُسُكٍ﴾ “…соның өтемі ретінде ораза ұстасын, яки садақа берсін не құрбан шалсын” (“Бақара”, 196). Сонда Қағб (р.а.) былай деді: “Бұл аят мен туралы түсті. Басым қатты мазалағандықтан, мені көтеріп, Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына алып барды. Сол кезде бетіме биттер шашылып түсіп жатты. Ол (с.а.с.): ‘Сенің осыншалық қиналғаныңды ойламаппын. Құрбандыққа шалатын қой таба аласың ба?’ – деп сұрады. Мен: ‘Жоқ’, – дедім. Сонда мына аят түсті: ﴿فَفِدْيَةٌ مِنْ صِيَامٍ أَوْ صَدَقَةٍ أَوْ نُسُكٍ﴾ ‘…соның өтемі ретінде ораза ұстасын, яки садақа берсін не құрбан шалсын’ (“Бақара”, 196). Ол (с.а.с.): ‘Үш күн ораза ұста немесе алты міскінді тамақтандыр. Әр міскінге жарты сағ тағам бер’, – деді. Бұл аят арнайы мен туралы түсті, алайда оның үкімі сендердің барлығыңа ортақ”, – деді». (1201/85)

بَابٌ: فِي الْمُحْرِمِ يَمُوتُ، مَا يُفْعَلُ بِهِ

38-бапИхрамдағы адам қайтыс болғанда оның мәйітіне не істелетіні туралы

689
Мүслим, № 689Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، خَرَّ رَجُلٌ مِنْ بَعِيرِهِ، فَوُقِصَ فَمَاتَ، فَقَالَ: «اِغْسِلُوهُ بِمَاءٍ وَسِدْرٍ، وَكَفِّنُوهُ فِي ثَوْبَيْهِ، وَلَا تُخَمِّرُوا رَأْسَهُ، فَإِنَّ اللَّهَ يَبْعَثُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مُلَبِّيًا».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай баяндады: «Бір адам түйесінен құлап, мойны сынып қайтыс болды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Оны су мен сидрмен жуыңдар, өзінің екі киіміне кебіндеңдер және басын жаппаңдар. Өйткені Алла оны Қиямет күні тәлбия айтқан күйінде тірілтеді”, – деді». (1206/93)

بَابٌ: الْمَبِيتُ بِذِي طُوًى، وَالِاغْتِسَالُ قَبْلَ دُخُولِ مَكَّةَ

39-бапЗу-Туада түнеу және Меккеге кірер алдында ғұсыл құйыну

690
Мүслим, № 690

عَنْ نَافِعٍ، أَنَّ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، كَانَ لَا يَقْدَمُ مَكَّةَ إِلَّا بَاتَ بِذِي طُوًى، حَتَّى يُصْبِحَ وَيَغْتَسِلَ، ثُمَّ يَدْخُلُ مَكَّةَ نَهَارًا، وَيَذْكُرُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ فَعَلَهُ.

Қазақша аудармасы

Нафиғтың жеткізуінше, Ибн Омар (р.а.) Меккеге келген сайын Зу-Туада таң атқанға дейін түнеп, сонда ғұсыл алатын. Содан кейін Меккеге күндіз кіретін. Ол Пайғамбардың (с.а.с.) да осылай істегенін риуаят ететін. (1259/227)

بَابٌ: دُخُولُ مَكَّةَ وَالْمَدِينَةِ مِنْ طَرِيقٍ وَالْخُرُوجُ مِنْ طَرِيقٍ

40-бапМекке мен Мәдинаға бір жолмен кіріп, басқа жолмен шығу

691
Мүслим, № 691Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَخْرُجُ مِنْ طَرِيقِ الشَّجَرَةِ، وَيَدْخُلُ مِنْ طَرِيقِ الْمُعَرَّسِ، وَإِذَا دَخَلَ مَكَّةَ دَخَلَ مِنَ الثَّنِيَّةِ الْعُلْيَا، وَيَخْرُجُ مِنَ الثَّنِيَّةِ السُّفْلَى.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Шәжара жолымен шығып, Муғаррас жолымен кіретін. Меккеге келгенде жоғарғы асу арқылы кіріп, төменгі асу арқылы шығатын», – деді. (1257/223)

بَابٌ: فِي النُّزُولِ بِمَكَّةَ لِلْحَاجِّ

41-бапҚажылық жасаушының Меккеде аялдауы туралы

692
Мүслим, № 692

عَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدِ بْنِ حَارِثَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهُ قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَتَنْزِلُ فِي دَارِكَ بِمَكَّةَ؟» فَقَالَ: «وَهَلْ تَرَكَ لَنَا عَقِيلٌ مِنْ رِبَاعٍ أَوْ دُورٍ؟» وَكَانَ عَقِيلٌ وَرِثَ أَبَا طَالِبٍ هُوَ وَطَالِبٌ، وَلَمْ يَرِثْهُ جَعْفَرٌ وَلَا عَلِيٌّ شَيْئًا؛ لِأَنَّهُمَا كَانَا مُسْلِمَيْنِ، وَكَانَ عَقِيلٌ وَطَالِبٌ كَافِرَيْنِ.

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйд ибн Хариса (р.а.): «Мен: “Уа, Алланың Елшісі! Меккедегі үйіңізге түсесіз бе?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Ақил бізге қандай да бір қоныс немесе үй қалдырды ма?” – деді», – деп баяндады. Ақил мен Талиб Әбу Талибтің мүлкіне мұрагер болды. Ал Жағфар мен Әли одан ештеңе мұра етпеді. Өйткені екеуі мұсылман, ал Ақил мен Талиб кәпір еді. (1351/439)

بَابٌ: الرَّمَلُ فِي الطَّوَافِ وَالسَّعْيِ

42-бапТауап пен сағи кезінде қысқа адыммен ширақ жүру

693
Мүслим, № 693Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا طَافَ فِي الْحَجِّ وَالْعُمْرَةِ أَوَّلَ مَا يَقْدَمُ، فَإِنَّهُ يَسْعَى ثَلَاثَةَ أَطْوَافٍ بِالْبَيْتِ، ثُمَّ يَمْشِي أَرْبَعَةً، ثُمَّ يُصَلِّي سَجْدَتَيْنِ، ثُمَّ يَطُوفُ بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай баяндады: «Алла Елшісі (с.а.с.) қажылық немесе ұмра жасау үшін алғаш келгенде Қағбаны тауап етіп, үш айналым рәмәл жасайтын да, одан кейін төрт айналым қалыпты жүретін. Содан соң екі рәкәғат намаз оқып, кейін Сафа мен Маруаның арасында сағи жасайтын». (1261/231)

694
Мүслим, № 694Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهُ قَالَ: «رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رَمَلَ مِنَ الْحَجَرِ الْأَسْوَدِ حَتَّى اِنْتَهَى إِلَيْهِ، ثَلَاثَةَ أَطْوَافٍ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) Қара тастан бастап, оған қайта жеткенге дейінгі алғашқы үш айналымда рәмәл жасағанын көрдім», – деді. (1263/235)

695
Мүслим, № 695Риуаят етуші: Әбу әт-Туфайл (р.а.)

عَنْ أَبِي الطُّفَيْلِ، قَالَ: «قُلْتُ لِابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: “أَرَأَيْتَ هَذَا الرَّمَلَ بِالْبَيْتِ ثَلَاثَةَ أَطْوَافٍ وَمَشْيَ أَرْبَعَةِ أَطْوَافٍ، أَسُنَّةٌ هُوَ؟ فَإِنَّ قَوْمَكَ يَزْعُمُونَ أَنَّهُ سُنَّةٌ”. قَالَ: فَقَالَ: “صَدَقُوا، وَكَذَبُوا”. قَالَ: قُلْتُ: “مَا قَوْلُكَ: ‘صَدَقُوا وَكَذَبُوا’؟” قَالَ: “إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَدِمَ مَكَّةَ، فَقَالَ الْمُشْرِكُونَ: ‘إِنَّ مُحَمَّدًا وَأَصْحَابَهُ لَا يَسْتَطِيعُونَ أَنْ يَطُوفُوا بِالْبَيْتِ مِنَ الْهُزَالِ’، وَكَانُوا يَحْسُدُونَهُ، قَالَ: فَأَمَرَهُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ يَرْمُلُوا ثَلَاثًا، وَيَمْشُوا أَرْبَعًا”. قَالَ: قُلْتُ لَهُ: “أَخْبِرْنِي عَنِ الطَّوَافِ بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ رَاكِبًا، أَسُنَّةٌ هُوَ؟ فَإِنَّ قَوْمَكَ يَزْعُمُونَ أَنَّهُ سُنَّةٌ”. قَالَ: “صَدَقُوا وَكَذَبُوا”. قَالَ: قُلْتُ: “وَمَا قَوْلُكَ: ‘صَدَقُوا وَكَذَبُوا’؟” قَالَ: “إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَثُرَ عَلَيْهِ النَّاسُ، يَقُولُونَ: ‘هَذَا مُحَمَّدٌ! هَذَا مُحَمَّدٌ!’ حَتَّى خَرَجَ الْعَوَاتِقُ مِنَ الْبُيُوتِ، قَالَ: وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَا يُضْرَبُ النَّاسُ بَيْنَ يَدَيْهِ، فَلَمَّا كَثُرَ عَلَيْهِ رَكِبَ، وَالْمَشْيُ وَالسَّعْيُ أَفْضَلُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу әт-Туфайл былай деді: «Мен Ибн Аббасқа (р.а.): “Қағбаны тауап еткенде алғашқы үш айналымда рәмәл жасап, қалған төрт айналымда жай жүру жайында не айтасыз? Бұл сүннет пе? Өйткені сіздің қауымыңыз мұны сүннет деп есептейді”, – дедім. Ол: “Олар әрі рас айтты, әрі өтірік айтты”, – деді. Мен: “Олардың әрі рас айтып, әрі өтірік айтқаны қалай?” – деп сұрадым. Ол: “Алла Елшісі (с.а.с.) Меккеге келгенде, мүшріктер: ‘Мұхаммед пен оның сахабалары жүдеп кеткендіктен Қағбаны тауап етуге шамалары жетпейді’, – деді. Олар оны күндейтін еді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) сахабаларына алғашқы үш айналымда рәмәл жасап, қалған төрт айналымда жай жүруді бұйырды”, – деді. Мен одан: “Сафа мен Маруа арасында көлікпен сағи жасау жайында айтып беріңізші. Бұл сүннет пе? Өйткені сіздің қауымыңыз мұны сүннет деп есептейді”, – дедім. Ол: “Олар әрі рас айтты, әрі өтірік айтты”, – деді. Мен: “Олардың әрі рас айтып, әрі өтірік айтқаны қалай?” – деп сұрадым. Ол: “Алла Елшісінің (с.а.с.) айналасына адамдар қаптап жиналып: ‘Бұл – Мұхаммед! Бұл – Мұхаммед!’ – десті. Тіпті бойжеткен қыздар да үйлерінен шықты. Алла Елшісінің (с.а.с.) алдында жұртты ұрып, ығыстырып жол ашылмайтын еді. Айналасына халық тым көбейіп кеткенде, ол көлігіне мінді. Алайда жаяу жүріп, жүгіріп өту абзалырақ”, – деді». (1264/237)

بَابٌ: تَقْبِيلُ الْحَجَرِ الْأَسْوَدِ فِي الطَّوَافِ

43-бапТауап кезінде Қара тасты сүю

696
Мүслим, № 696Риуаят етуші: Абдулла ибн Сәржис (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ سَرْجِسَ، قَالَ: «رَأَيْتُ الْأَصْلَعَ» (يَعْنِي عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ) «يُقَبِّلُ الْحَجَرَ الْأَسْوَدَ وَيَقُولُ: “وَاللَّهِ، إِنِّي لَأُقَبِّلُكَ، وَإِنِّي أَعْلَمُ أَنَّكَ حَجَرٌ، وَأَنَّكَ لَا تَضُرُّ وَلَا تَنْفَعُ، وَلَوْلَا أَنِّي رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَبَّلَكَ مَا قَبَّلْتُكَ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Саржис былай деді: «Мен тақырбас кісінің, яғни Омар ибн Хаттабтың Қара тасты сүйіп тұрып: “Алламен ант етемін, мен сені сүйіп тұрмын әрі сенің тас екеніңді, зиян да, пайда да келтіре алмайтыныңды жақсы білемін. Егер Алла Елшісінің (с.а.с.) сені сүйгенін көрмегенімде, мен де сені сүймес едім”, – дегенін көрдім». (1270/250)

بَابٌ: اِسْتِلَامُ الرُّكْنَيْنِ الْيَمَانِيَيْنِ فِي الطَّوَافِ

44-бапТауап кезінде Қағбаның Йемен жақтағы екі бұрышына (Қара тас тұрған бұрыш пен Йемен бұрышына) қол тигізу

697
Мүслим, № 697Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «مَا تَرَكْتُ اِسْتِلَامَ هَذَيْنِ الرُّكْنَيْنِ (الْيَمَانِيَ وَالْحَجَرَ)، مُذْ رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَسْتَلِمُهُمَا فِي شِدَّةٍ وَلَا رَخَاءٍ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) осы екі бұрышқа қол тигізгенін көргеннен бері Йемен бұрышы мен Қара тас тұрған бұрышқа қиын кезде де, жайлы кезде де қол тигізуді ешқашан тастаған емеспін», – деді. (1268/245)

698
Мүслим, № 698Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «لَمْ أَرَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَسْتَلِمُ غَيْرَ الرُّكْنَيْنِ الْيَمَانِيَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) Қағбаның Йемен жағындағы екі бұрышынан басқа бұрыштарына қол тигізгенін көрмедім». (1269/247)

بَابٌ: الطَّوَافُ عَلَى الرَّاحِلَةِ

45-бапМініс түйесінің үстінде тауап жасау

699
Мүслим, № 699Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «طَافَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِالْبَيْتِ فِي حَجَّةِ الْوَدَاعِ عَلَى رَاحِلَتِهِ يَسْتَلِمُ الْحَجَرَ بِمِحْجَنِهِ، لِأَنْ يَرَاهُ النَّاسُ وَلِيُشْرِفَ وَلِيَسْأَلُوهُ، فَإِنَّ النَّاسَ غَشُوهُ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Қоштасу қажылығында мініс түйесінің үстінде Қағбаны тауап етіп, имек таяғын Қара тасқа тигізетін. Мұны жұрт өзін көре алуы, өзі биікте тұруы әрі адамдардың одан сұрақ қоя алуы үшін істеді. Өйткені адамдар оны жан-жақтан қоршап алған еді». (1273/254)

بَابٌ: الطَّوَافُ رَاكِبًا لِعُذْرٍ

46-бапҮзірлі себеппен көлікке мініп тауап жасау

700
Мүслим, № 700Риуаят етуші: Үммі Сәләма (р.а.)

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «شَكَوْتُ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ أَنِّي أَشْتَكِي، فَقَالَ: “طُوفِي مِنْ وَرَاءِ النَّاسِ وَأَنْتِ رَاكِبَةٌ”». قَالَتْ: «فَطُفْتُ، وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِينَئِذٍ يُصَلِّي إِلَى جَنْبِ الْبَيْتِ، وَهُوَ يَقْرَأُ بِالطُّورِ وَكِتَابٍ مَسْطُورٍ».

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләмә (р.а.) былай деді: «Мен Пайғамбарға (с.а.с.) сырқаттанып жүргенімді айтып, шағындым. Сонда ол: “Көлікке мініп, адамдардың сырт жағымен тауап ет”, – деді. Мен солай тауап еттім. Ол кезде Алла Елшісі (с.а.с.) Қағбаның жанында намаз оқып, “Тур тауына серт! Жазылған Кітапқа серт!” («Тур», 1–2-аяттар) деген аяттарды оқып тұрған еді». (1276/258)

بَابٌ: الطَّوَافُ بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ وَقَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ﴾

47-бапСафа мен Маруа арасында сағи жасау және Алла Тағаланың «Сафа мен Маруа – Алланың қасиетті нышандарының бірі» деген сөзі туралы

701
Мүслим, № 701

عَنْ عُرْوَةَ، قَالَ: «قُلْتُ لِعَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: “مَا أَرَى عَلَيَّ جُنَاحًا أَنْ لَا أَتَطَوَّفَ بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ”. قَالَتْ: “لِمَ؟” قُلْتُ: “لِأَنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ يَقُولُ: ﴿إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ﴾ [الْبَقَرَةِ: ١٥٨]” (الْآيَةَ)، فَقَالَتْ: “لَوْ كَانَ كَمَا تَقُولُ، لَكَانَ: ‘فَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِ أَنْ لَا يَطَّوَّفَ بِهِمَا’، إِنَّمَا أُنْزِلَ هَذَا فِي أُنَاسٍ مِنَ الْأَنْصَارِ، كَانُوا إِذَا أَهَلُّوا أَهَلُّوا لِمَنَاةَ فِي الْجَاهِلِيَّةِ، فَلَا يَحِلُّ لَهُمْ أَنْ يَطَّوَّفُوا بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، فَلَمَّا قَدِمُوا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ لِلْحَجِّ ذَكَرُوا ذَلِكَ لَهُ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ هَذِهِ الْآيَةَ، فَلَعَمْرِي مَا أَتَمَّ اللَّهُ حَجَّ مَنْ لَمْ يَطُفْ بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ”». وَفِي رِوَايَةٍ: «مَا أَتَمَّ اللَّهُ حَجَّ اِمْرِئٍ وَلَا عُمْرَتَهُ لَمْ يَطُفْ بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ».

Қазақша аудармасы

Ұруа: «Мен Айшаға (р.а.): “Сафа мен Маруа арасында сағи жасамасам да, маған күнә жоқ деп ойлаймын”, – дедім. Ол: “Неліктен?” – деп сұрады. Мен: “Өйткені Алла Тағала: ﴿إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ﴾ ‘Сафа мен Маруа – Алланың қасиетті нышандарының бірі’ («Бақара», 158), – дейді”, – дедім. Сонда ол: “Егер сен айтқандай болғанда, аятта: ‘Ол екеуінің арасында сағи жасамаса, оған күнә жоқ’, – делінер еді. Бұл аят ансарлардың кейбіріне байланысты түсірілді. Олар жәһилият дәуірінде ихрамға кірген кезде Манатқа арнап тәлбия айтатын әрі Сафа мен Маруа арасында сағи жасауды өздеріне рұқсат деп санамайтын. Олар Пайғамбармен (с.а.с.) бірге қажылыққа келген кезде бұл жайды оған айтты. Сонда Алла Тағала осы аятты түсірді. Өміріммен ант етемін, Сафа мен Маруа арасында сағи жасамаған адамның қажылығын Алла толық етпейді”, – деді». Бір риуаятта: «Алла Сафа мен Маруа арасында сағи жасамаған адамның қажылығын да, ұмрасын да толық етпейді», – делінген. (1277/260)

بَابٌ: الطَّوَافُ بِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ سَبْعًا وَاحِدًا

48-бапСафа мен Маруа арасында жеті рет жүріп өтуден тұратын сағиды бір мәрте орындау

702
Мүслим, № 702Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «لَمْ يَطُفِ النَّبِيُّ ﷺ وَلَا أَصْحَابُهُ بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ إِلَّا طَوَافًا وَاحِدًا».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) да, оның сахабалары да Сафа мен Маруа арасында сағиды бір-ақ рет жасады». (1279/265)

بَابٌ: مَا يَلْزَمُ مَنْ أَحْرَمَ بِالْحَجِّ ثُمَّ قَدِمَ مَكَّةَ مِنَ الطَّوَافِ وَالسَّعْيِ

49-бапҚажылыққа ихрамға кіріп, кейін Меккеге келген адам орындауға тиіс тауап пен сағи

703
Мүслим, № 703

عَنْ وَبَرَةَ، قَالَ: «كُنْتُ جَالِسًا عِنْدَ ابْنِ عُمَرَ، فَجَاءَهُ رَجُلٌ، فَقَالَ: “أَيَصْلُحُ لِي أَنْ أَطُوفَ بِالْبَيْتِ قَبْلَ أَنْ آتِيَ الْمَوْقِفَ؟” فَقَالَ: “نَعَمْ”. فَقَالَ: “فَإِنَّ ابْنَ عَبَّاسٍ يَقُولُ: ‘لَا تَطُفْ بِالْبَيْتِ حَتَّى تَأْتِيَ الْمَوْقِفَ’”. فَقَالَ ابْنُ عُمَرَ: “فَقَدْ حَجَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَطَافَ بِالْبَيْتِ قَبْلَ أَنْ يَأْتِيَ الْمَوْقِفَ، فَبِقَوْلِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَحَقُّ أَنْ تَأْخُذَ، أَوْ بِقَوْلِ ابْنِ عَبَّاسٍ إِنْ كُنْتَ صَادِقًا؟”» وَفِي رِوَايَةٍ: «رَأَيْنَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَحْرَمَ بِالْحَجِّ، وَطَافَ بِالْبَيْتِ، وَسَعَى بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ».

Қазақша аудармасы

Уәбара былай деді: «Мен Ибн Омардың қасында отырған едім. Бір кісі келіп: “Арафаттағы уақфа орнына бармай тұрып Қағбаны тауап етуіме бола ма?” – деп сұрады. Ол: “Иә”, – деді. Әлгі кісі: “Алайда Ибн Аббас (р.а.): ‘Арафаттағы уақфа орнына бармайынша Қағбаны тауап етпе’, – дейді”, – деді. Сонда Ибн Омар (р.а.): “Алла Елшісі (с.а.с.) қажылық жасап, Арафаттағы уақфа орнына бармай тұрып Қағбаны тауап еткен. Егер айтқаның рас болса, Алла Елшісінің (с.а.с.) сөзін ұстанғаның лайығырақ па, әлде Ибн Аббастың сөзін бе?” – деді». Бір риуаятта: «Алла Елшісінің (с.а.с.) қажылыққа ихрамға кіріп, Қағбаны тауап еткенін әрі Сафа мен Маруа арасында сағи жасағанын көрдік», – делінген. (1233/187)

704
Мүслим, № 704

عَنْ عَمْرِو بْنِ دِينَارٍ، قَالَ: «سَأَلْنَا ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنْ رَجُلٍ قَدِمَ بِعُمْرَةٍ، فَطَافَ بِالْبَيْتِ وَلَمْ يَطُفْ بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ، أَيَأْتِي اِمْرَأَتَهُ؟» فَقَالَ: «قَدِمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَطَافَ بِالْبَيْتِ سَبْعًا، وَصَلَّى خَلْفَ الْمَقَامِ رَكْعَتَيْنِ، وَبَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ سَبْعًا، وَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ».

Қазақша аудармасы

Амр ибн Динар былай деді: «Біз Ибн Омардан (р.а.): “Ұмра ниетімен келіп, Қағбаны тауап еткен, бірақ Сафа мен Маруа арасында сағи жасамаған адам әйелімен жақындаса ала ма?” – деп сұрадық. Ол: “Алла Елшісі (с.а.с.) келгенде Қағбаны жеті рет тауап етті, Мақамның артында екі рәкәғат намаз оқыды және Сафа мен Маруа арасында жеті рет жүріп өтті. ‘Шүбәсіз, Алла елшісінде сендер үшін… теңдессіз үлгі-өнеге бар’ («Ахзаб», 21)”, – деді». (1234/189)

بَابٌ: فِي دُخُولِ الْكَعْبَةِ وَالصَّلَاةِ فِيهَا وَالدُّعَاءِ

50-бапҚағбаға кіру, оның ішінде намаз оқу және дұға ету туралы

705
Мүслим, № 705Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «قَدِمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ الْفَتْحِ، فَنَزَلَ بِفِنَاءِ الْكَعْبَةِ، وَأَرْسَلَ إِلَى عُثْمَانَ بْنِ طَلْحَةَ، فَجَاءَ بِالْمِفْتَحِ، فَفَتَحَ الْبَابَ». قَالَ: «ثُمَّ دَخَلَ النَّبِيُّ ﷺ وَبِلَالٌ، وَأُسَامَةُ بْنُ زَيْدٍ، وَعُثْمَانُ بْنُ طَلْحَةَ، وَأَمَرَ بِالْبَابِ فَأُغْلِقَ، فَلَبِثُوا فِيهِ مَلِيًّا، ثُمَّ فَتَحَ الْبَابَ». فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ: «فَبَادَرْتُ النَّاسَ فَتَلَقَّيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ خَارِجًا وَبِلَالٌ عَلَى إِثْرِهِ، فَقُلْتُ لِبِلَالٍ: “هَلْ صَلَّى فِيهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ؟” قَالَ: “نَعَمْ”. قُلْتُ: “أَيْنَ؟” قَالَ: “بَيْنَ الْعَمُودَيْنِ تِلْقَاءَ وَجْهِهِ”». قَالَ: «وَنَسِيتُ أَنْ أَسْأَلَهُ كَمْ صَلَّى».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Мекке азат етілген күні келіп, Қағба алдындағы алаңға тоқтады. Содан кейін Осман ибн Талхаға кісі жіберді. Осман кілтті әкеліп, есікті ашты. Содан соң Пайғамбар (с.а.с.), Біләл, Усама ибн Зәйд және Осман ибн Талха ішке кірді. Ол (с.а.с.) есікті жабуды бұйырды да, есік жабылды. Олар сонда ұзақ уақыт болды. Кейін есік ашылды». Абдулла: «Мен жұрттан озып барып, сыртқа шығып келе жатқан Алла Елшісін (с.а.с.) кездестірдім. Оның артынан Біләл келе жатты. Мен Біләлден: “Алла Елшісі (с.а.с.) Қағбаның ішінде намаз оқыды ма?” – деп сұрадым. Ол: “Иә”, – деді. Мен: “Қай жерде?” – деп сұрадым. Ол: “Өзіне қарама-қарсы тұрған екі бағанның арасында”, – деді. Алайда одан неше рәкәғат намаз оқығанын сұрауды ұмытып кеттім», – деді. (1329/389)

706
Мүслим, № 706

عَنِ ابْنِ جُرَيْجٍ، قَالَ: «قُلْتُ لِعَطَاءٍ: “أَسَمِعْتَ ابْنَ عَبَّاسٍ يَقُولُ: ‘إِنَّمَا أُمِرْتُمْ بِالطَّوَافِ، وَلَمْ تُؤْمَرُوا بِدُخُولِهِ’؟” قَالَ: “لَمْ يَكُنْ يَنْهَى عَنْ دُخُولِهِ، وَلَكِنِّي سَمِعْتُهُ يَقُولُ: ‘أَخْبَرَنِي أُسَامَةُ بْنُ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ لَمَّا دَخَلَ الْبَيْتَ، دَعَا فِي نَوَاحِيهِ كُلِّهَا، وَلَمْ يُصَلِّ فِيهِ حَتَّى خَرَجَ، فَلَمَّا خَرَجَ رَكَعَ مِنْ قُبُلِ الْبَيْتِ رَكْعَتَيْنِ، وَقَالَ: ‹هَذِهِ الْقِبْلَةُ›’”. قُلْتُ لَهُ: “مَا نَوَاحِيهَا؟ أَفِي زَوَايَاهَا؟” قَالَ: “بَلْ فِي كُلِّ قِبْلَةٍ مِنَ الْبَيْتِ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Журайж Атадан: «Ибн Аббастың: “Сендерге тек Қағбаны тауап ету бұйырылды, ал оның ішіне кіру бұйырылған жоқ”, – дегенін естідің бе?» – деп сұрады. Ата: «Ибн Аббас Қағбаның ішіне кіруге тыйым салмайтын. Алайда мен оның былай дегенін естідім: “Маған Усама ибн Зәйд (р.а.) хабарлады: Пайғамбар (с.а.с.) Қағбаға кіргенде, оның барлық жағына бет бұрып дұға етті, бірақ одан шыққанға дейін ішінде намаз оқымады. Сыртқа шыққан соң Қағбаның алдында екі рәкәғат намаз оқып: ‘Құбыла – осы’, – деді”», – деп жауап берді. Ибн Журайж одан: «“Қағбаның барлық жағы” деген не? Оның бұрыштары ма?» – деп сұрады. Ол: «Жоқ, Қағбаның әр жағына бет бұрып дұға еткен», – деді. (1330/395)

بَابٌ: فِي حَجَّةِ النَّبِيِّ ﷺ

51-бапПайғамбардың (с.а.с.) қажылығы туралы

707
Мүслим, № 707

عَنْ جَعْفَرِ بْنِ مُحَمَّدٍ، عَنْ أَبِيهِ، قَالَ: «دَخَلْنَا عَلَى جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، فَسَأَلَ عَنِ الْقَوْمِ حَتَّى اِنْتَهَى إِلَيَّ، فَقُلْتُ: “أَنَا مُحَمَّدُ بْنُ عَلِيِّ بْنِ حُسَيْنٍ”، فَأَهْوَى بِيَدِهِ إِلَى رَأْسِي فَنَزَعَ زِرِّي الْأَعْلَى، ثُمَّ نَزَعَ زِرِّي الْأَسْفَلَ، ثُمَّ وَضَعَ كَفَّهُ بَيْنَ ثَدْيَيَّ وَأَنَا يَوْمَئِذٍ غُلَامٌ شَابٌّ، فَقَالَ: “مَرْحَبًا بِكَ، يَا ابْنَ أَخِي، سَلْ عَمَّا شِئْتَ”، فَسَأَلْتُهُ، وَهُوَ أَعْمَى، وَحَضَرَ وَقْتُ الصَّلَاةِ، فَقَامَ فِي نِسَاجَةٍ مُلْتَحِفًا بِهَا، كُلَّمَا وَضَعَهَا عَلَى مَنْكِبِهِ رَجَعَ طَرَفَاهَا إِلَيْهِ مِنْ صِغَرِهَا، وَرِدَاؤُهُ إِلَى جَنْبِهِ عَلَى الْمِشْجَبِ، فَصَلَّى بِنَا، فَقُلْتُ: “أَخْبِرْنِي عَنْ حَجَّةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”. فَقَالَ بِيَدِهِ فَعَقَدَ تِسْعًا». فَقَالَ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مَكَثَ تِسْعَ سِنِينَ لَمْ يَحُجَّ، ثُمَّ أَذَّنَ فِي النَّاسِ فِي الْعَاشِرَةِ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ حَاجٌّ، فَقَدِمَ الْمَدِينَةَ بَشَرٌ كَثِيرٌ، كُلُّهُمْ يَلْتَمِسُ أَنْ يَأْتَمَّ بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَيَعْمَلَ مِثْلَ عَمَلِهِ، فَخَرَجْنَا مَعَهُ حَتَّى أَتَيْنَا ذَا الْحُلَيْفَةِ، فَوَلَدَتْ أَسْمَاءُ بِنْتُ عُمَيْسٍ مُحَمَّدَ بْنَ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَأَرْسَلَتْ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: “كَيْفَ أَصْنَعُ؟” قَالَ: “اِغْتَسِلِي، وَاسْتَثْفِرِي بِثَوْبٍ وَأَحْرِمِي”. فَصَلَّى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي الْمَسْجِدِ رَكْعَتَيْنِ، ثُمَّ رَكِبَ الْقَصْوَاءَ، حَتَّى إِذَا اِسْتَوَتْ بِهِ نَاقَتُهُ عَلَى الْبَيْدَاءِ نَظَرْتُ إِلَى مَدِّ بَصَرِي بَيْنَ يَدَيْهِ مِنْ رَاكِبٍ وَمَاشٍ، وَعَنْ يَمِينِهِ مِثْلَ ذَلِكَ، وَعَنْ يَسَارِهِ مِثْلَ ذَلِكَ، وَمِنْ خَلْفِهِ مِثْلَ ذَلِكَ، وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَيْنَ أَظْهُرِنَا، وَعَلَيْهِ يَنْزِلُ الْقُرْآنُ، وَهُوَ يَعْرِفُ تَأْوِيلَهُ، وَمَا عَمِلَ بِهِ مِنْ شَيْءٍ عَمِلْنَا بِهِ، فَأَهَلَّ بِالتَّوْحِيدِ: “لَبَّيْكَ اللَّهُمَّ لَبَّيْكَ، لَبَّيْكَ لَا شَرِيكَ لَكَ لَبَّيْكَ، إِنَّ الْحَمْدَ وَالنِّعْمَةَ لَكَ وَالْمُلْكَ، لَا شَرِيكَ لَكَ”. وَأَهَلَّ النَّاسُ بِهَذَا الَّذِي يُهِلُّونَ بِهِ، فَلَمْ يَرُدَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَيْهِمْ شَيْئًا مِنْهُ، وَلَزِمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ تَلْبِيَتَهُ». قَالَ جَابِرٌ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «لَسْنَا نَنْوِي إِلَّا الْحَجَّ، لَسْنَا نَعْرِفُ الْعُمْرَةَ، حَتَّى إِذَا أَتَيْنَا الْبَيْتَ مَعَهُ، اِسْتَلَمَ الرُّكْنَ فَرَمَلَ ثَلَاثًا وَمَشَى أَرْبَعًا، ثُمَّ نَفَذَ إِلَى مَقَامِ إِبْرَاهِيمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ، فَقَرَأَ: ﴿وَاتَّخِذُوا مِنْ مَقَامِ إِبْرَاهِيمَ مُصَلًّى﴾ [الْبَقَرَةِ: 125]، فَجَعَلَ الْمَقَامَ بَيْنَهُ وَبَيْنَ الْبَيْتِ». (فَكَانَ أَبِي يَقُولُ – وَلَا أَعْلَمُهُ ذَكَرَهُ إِلَّا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ –: «كَانَ يَقْرَأُ فِي الرَّكْعَتَيْنِ ﴿قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ﴾ وَ﴿قُلْ يَا أَيُّهَا الْكَافِرُونَ﴾»). «ثُمَّ رَجَعَ إِلَى الرُّكْنِ فَاسْتَلَمَهُ، ثُمَّ خَرَجَ مِنَ الْبَابِ إِلَى الصَّفَا، فَلَمَّا دَنَا مِنَ الصَّفَا قَرَأَ: ﴿إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ﴾ [الْبَقَرَةِ: 158]، “أَبْدَأُ بِمَا بَدَأَ اللَّهُ بِهِ”. فَبَدَأَ بِالصَّفَا، فَرَقِيَ عَلَيْهِ، حَتَّى رَأَى الْبَيْتَ فَاسْتَقْبَلَ الْقِبْلَةَ، فَوَحَّدَ اللَّهَ وَكَبَّرَهُ، وَقَالَ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ، أَنْجَزَ وَعْدَهُ، وَنَصَرَ عَبْدَهُ، وَهَزَمَ الْأَحْزَابَ وَحْدَهُ”. ثُمَّ دَعَا بَيْنَ ذَلِكَ، قَالَ مِثْلَ هَذَا ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، ثُمَّ نَزَلَ إِلَى الْمَرْوَةِ، حَتَّى إِذَا اِنْصَبَّتْ قَدَمَاهُ فِي بَطْنِ الْوَادِي سَعَى، حَتَّى إِذَا صَعِدَتَا مَشَى، حَتَّى أَتَى الْمَرْوَةَ، فَفَعَلَ عَلَى الْمَرْوَةِ كَمَا فَعَلَ عَلَى الصَّفَا، حَتَّى إِذَا كَانَ آخِرُ طَوَافِهِ عَلَى الْمَرْوَةِ فَقَالَ: “لَوْ أَنِّي اِسْتَقْبَلْتُ مِنْ أَمْرِي مَا اِسْتَدْبَرْتُ لَمْ أَسُقِ الْهَدْيَ، وَجَعَلْتُهَا عُمْرَةً، فَمَنْ كَانَ مِنْكُمْ لَيْسَ مَعَهُ هَدْيٌ فَلْيَحِلَّ، وَلْيَجْعَلْهَا عُمْرَةً”، فَقَامَ سُرَاقَةُ بْنُ مَالِكِ بْنِ جُعْشُمٍ، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَلِعَامِنَا هَذَا أَمْ لِأَبَدٍ؟” فَشَبَّكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَصَابِعَهُ وَاحِدَةً فِي الْأُخْرَى، وَقَالَ: “دَخَلَتِ الْعُمْرَةُ فِي الْحَجِّ” مَرَّتَيْنِ، “لَا بَلْ لِأَبَدِ أَبَدٍ”. وَقَدِمَ عَلِيٌّ مِنَ الْيَمَنِ بِبُدْنِ النَّبِيِّ ﷺ، فَوَجَدَ فَاطِمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا مِمَّنْ حَلَّ، وَلَبِسَتْ ثِيَابًا صَبِيغًا، وَاكْتَحَلَتْ، فَأَنْكَرَ ذَلِكَ عَلَيْهَا، فَقَالَتْ: “إِنَّ أَبِي أَمَرَنِي بِهَذَا”. قَالَ: فَكَانَ عَلِيٌّ يَقُولُ بِالْعِرَاقِ: “فَذَهَبْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مُحَرِّشًا عَلَى فَاطِمَةَ لِلَّذِي صَنَعَتْ، مُسْتَفْتِيًا لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِيمَا ذَكَرَتْ عَنْهُ، فَأَخْبَرْتُهُ أَنِّي أَنْكَرْتُ ذَلِكَ عَلَيْهَا، فَقَالَ: ‘صَدَقَتْ صَدَقَتْ، مَاذَا قُلْتَ حِينَ فَرَضْتَ الْحَجَّ؟’ قَالَ: قُلْتُ: ‘اللَّهُمَّ إِنِّي أُهِلُّ بِمَا أَهَلَّ بِهِ رَسُولُكَ’. قَالَ: ‘فَإِنَّ مَعِيَ الْهَدْيَ فَلَا تَحِلَّ’”. قَالَ: فَكَانَ جَمَاعَةُ الْهَدْيِ الَّذِي قَدِمَ بِهِ عَلِيٌّ مِنَ الْيَمَنِ وَالَّذِي أَتَى بِهِ النَّبِيُّ ﷺ مِائَةً، قَالَ: فَحَلَّ النَّاسُ كُلُّهُمْ وَقَصَّرُوا، إِلَّا النَّبِيَّ ﷺ وَمَنْ كَانَ مَعَهُ هَدْيٌ، فَلَمَّا كَانَ يَوْمُ التَّرْوِيَةِ تَوَجَّهُوا إِلَى مِنًى، فَأَهَلُّوا بِالْحَجِّ، وَرَكِبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَصَلَّى بِهَا الظُّهْرَ وَالْعَصْرَ وَالْمَغْرِبَ وَالْعِشَاءَ وَالْفَجْرَ، ثُمَّ مَكَثَ قَلِيلًا حَتَّى طَلَعَتِ الشَّمْسُ، وَأَمَرَ بِقُبَّةٍ مِنْ شَعَرٍ تُضْرَبُ لَهُ بِنَمِرَةَ، فَسَارَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَلَا تَشُكُّ قُرَيْشٌ إِلَّا أَنَّهُ وَاقِفٌ عِنْدَ الْمَشْعَرِ الْحَرَامِ، كَمَا كَانَتْ قُرَيْشٌ تَصْنَعُ فِي الْجَاهِلِيَّةِ، فَأَجَازَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَتَّى أَتَى عَرَفَةَ، فَوَجَدَ الْقُبَّةَ قَدْ ضُرِبَتْ لَهُ بِنَمِرَةَ، فَنَزَلَ بِهَا، حَتَّى إِذَا زَاغَتِ الشَّمْسُ أَمَرَ بِالْقَصْوَاءِ، فَرُحِلَتْ لَهُ، فَأَتَى بَطْنَ الْوَادِي، فَخَطَبَ النَّاسَ وَقَالَ: “إِنَّ دِمَاءَكُمْ وَأَمْوَالَكُمْ حَرَامٌ عَلَيْكُمْ كَحُرْمَةِ يَوْمِكُمْ هَذَا فِي شَهْرِكُمْ هَذَا، فِي بَلَدِكُمْ هَذَا. أَلَا كُلُّ شَيْءٍ مِنْ أَمْرِ الْجَاهِلِيَّةِ تَحْتَ قَدَمَيَّ مَوْضُوعٌ، وَدِمَاءُ الْجَاهِلِيَّةِ مَوْضُوعَةٌ، وَإِنَّ أَوَّلَ دَمٍ أَضَعُ مِنْ دِمَائِنَا دَمُ ابْنِ رَبِيعَةَ بْنِ الْحَارِثِ، كَانَ مُسْتَرْضَعًا فِي بَنِي سَعْدٍ فَقَتَلَتْهُ هُذَيْلٌ، وَرِبَا الْجَاهِلِيَّةِ مَوْضُوعٌ، وَأَوَّلُ رِبًا أَضَعُ رِبَانَا رِبَا عَبَّاسِ بْنِ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ، فَإِنَّهُ مَوْضُوعٌ كُلُّهُ. فَاتَّقُوا اللَّهَ فِي النِّسَاءِ، فَإِنَّكُمْ أَخَذْتُمُوهُنَّ بِأَمَانِ اللَّهِ، وَاسْتَحْلَلْتُمْ فُرُوجَهُنَّ بِكَلِمَةِ اللَّهِ، وَلَكُمْ عَلَيْهِنَّ أَنْ لَا يُوطِئْنَ فُرُشَكُمْ أَحَدًا تَكْرَهُونَهُ، فَإِنْ فَعَلْنَ ذَلِكَ فَاضْرِبُوهُنَّ ضَرْبًا غَيْرَ مُبَرِّحٍ، وَلَهُنَّ عَلَيْكُمْ رِزْقُهُنَّ وَكِسْوَتُهُنَّ بِالْمَعْرُوفِ. وَقَدْ تَرَكْتُ فِيكُمْ مَا لَنْ تَضِلُّوا بَعْدَهُ إِنِ اِعْتَصَمْتُمْ بِهِ: كِتَابُ اللَّهِ. وَأَنْتُمْ تُسْأَلُونَ عَنِّي، فَمَا أَنْتُمْ قَائِلُونَ؟” قَالُوا: “نَشْهَدُ أَنَّكَ قَدْ بَلَّغْتَ وَأَدَّيْتَ وَنَصَحْتَ”. فَقَالَ بِإِصْبَعِهِ السَّبَّابَةِ يَرْفَعُهَا إِلَى السَّمَاءِ وَيَنْكُتُهَا إِلَى النَّاسِ: “اللَّهُمَّ اِشْهَدْ، اللَّهُمَّ اِشْهَدْ” ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، ثُمَّ أَذَّنَ، ثُمَّ أَقَامَ فَصَلَّى الظُّهْرَ، ثُمَّ أَقَامَ فَصَلَّى الْعَصْرَ، وَلَمْ يُصَلِّ بَيْنَهُمَا شَيْئًا، ثُمَّ رَكِبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، حَتَّى أَتَى الْمَوْقِفَ، فَجَعَلَ بَطْنَ نَاقَتِهِ الْقَصْوَاءِ إِلَى الصَّخَرَاتِ، وَجَعَلَ حَبْلَ الْمُشَاةِ بَيْنَ يَدَيْهِ، وَاسْتَقْبَلَ الْقِبْلَةَ، فَلَمْ يَزَلْ وَاقِفًا حَتَّى غَرَبَتِ الشَّمْسُ، وَذَهَبَتِ الصُّفْرَةُ قَلِيلًا، حَتَّى غَابَ الْقُرْصُ، وَأَرْدَفَ أُسَامَةَ خَلْفَهُ، وَدَفَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَقَدْ شَنَقَ لِلْقَصْوَاءِ الزِّمَامَ، حَتَّى إِنَّ رَأْسَهَا لَيُصِيبُ مَوْرِكَ رَحْلِهِ، وَيَقُولُ بِيَدِهِ الْيُمْنَى: “أَيُّهَا النَّاسُ، السَّكِينَةَ السَّكِينَةَ”. كُلَّمَا أَتَى حَبْلًا مِنَ الْحِبَالِ أَرْخَى لَهَا قَلِيلًا، حَتَّى تَصْعَدَ، حَتَّى أَتَى الْمُزْدَلِفَةَ، فَصَلَّى بِهَا الْمَغْرِبَ وَالْعِشَاءَ بِأَذَانٍ وَاحِدٍ وَإِقَامَتَيْنِ، وَلَمْ يُسَبِّحْ بَيْنَهُمَا شَيْئًا، ثُمَّ اِضْطَجَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَتَّى طَلَعَ الْفَجْرُ، وَصَلَّى الْفَجْرَ حِينَ تَبَيَّنَ لَهُ الصُّبْحُ بِأَذَانٍ وَإِقَامَةٍ، ثُمَّ رَكِبَ الْقَصْوَاءَ، حَتَّى أَتَى الْمَشْعَرَ الْحَرَامَ، فَاسْتَقْبَلَ الْقِبْلَةَ، فَدَعَاهُ وَكَبَّرَهُ وَهَلَّلَهُ وَوَحَّدَهُ، فَلَمْ يَزَلْ وَاقِفًا حَتَّى أَسْفَرَ جِدًّا، فَدَفَعَ قَبْلَ أَنْ تَطْلُعَ الشَّمْسُ، وَأَرْدَفَ الْفَضْلَ بْنَ عَبَّاسٍ، وَكَانَ رَجُلًا حَسَنَ الشَّعْرِ أَبْيَضَ وَسِيمًا، فَلَمَّا دَفَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَرَّتْ بِهِ ظُعُنٌ يَجْرِينَ، فَطَفِقَ الْفَضْلُ يَنْظُرُ إِلَيْهِنَّ، فَوَضَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدَهُ عَلَى وَجْهِ الْفَضْلِ، فَحَوَّلَ الْفَضْلُ وَجْهَهُ إِلَى الشِّقِّ الْآخَرِ يَنْظُرُ، فَحَوَّلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدَهُ مِنَ الشِّقِّ الْآخَرِ عَلَى وَجْهِ الْفَضْلِ، يَصْرِفُ وَجْهَهُ مِنَ الشِّقِّ الْآخَرِ يَنْظُرُ، حَتَّى أَتَى بَطْنَ مُحَسِّرٍ، فَحَرَّكَ قَلِيلًا، ثُمَّ سَلَكَ الطَّرِيقَ الْوُسْطَى الَّتِي تَخْرُجُ عَلَى الْجَمْرَةِ الْكُبْرَى، حَتَّى أَتَى الْجَمْرَةَ الَّتِي عِنْدَ الشَّجَرَةِ، فَرَمَاهَا بِسَبْعِ حَصَيَاتٍ، يُكَبِّرُ مَعَ كُلِّ حَصَاةٍ مِنْهَا، مِثْلِ حَصَى الْخَذْفِ. رَمَى مِنْ بَطْنِ الْوَادِي، ثُمَّ اِنْصَرَفَ إِلَى الْمَنْحَرِ، فَنَحَرَ ثَلَاثًا وَسِتِّينَ بِيَدِهِ، ثُمَّ أَعْطَى عَلِيًّا، فَنَحَرَ مَا غَبَرَ، وَأَشْرَكَهُ فِي هَدْيِهِ، ثُمَّ أَمَرَ مِنْ كُلِّ بَدَنَةٍ بِبَضْعَةٍ، فَجُعِلَتْ فِي قِدْرٍ، فَطُبِخَتْ، فَأَكَلَا مِنْ لَحْمِهَا وَشَرِبَا مِنْ مَرَقِهَا، ثُمَّ رَكِبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَأَفَاضَ إِلَى الْبَيْتِ، فَصَلَّى بِمَكَّةَ الظُّهْرَ، فَأَتَى بَنِي عَبْدِ الْمُطَّلِبِ يَسْقُونَ عَلَى زَمْزَمَ، فَقَالَ: “اِنْزِعُوا، بَنِي عَبْدِ الْمُطَّلِبِ، فَلَوْلَا أَنْ يَغْلِبَكُمُ النَّاسُ عَلَى سِقَايَتِكُمْ لَنَزَعْتُ مَعَكُمْ”. فَنَاوَلُوهُ دَلْوًا فَشَرِبَ مِنْهُ».

Қазақша аудармасы

Жағфар ибн Мұхаммед әкесінен жеткізді. Әкесі былай деді: «Біз Жәбир ибн Абдулланың (р.а.) үйіне кірдік. Ол отырғандардың кім екенін бір-бірлеп сұрай келе, ақыры маған жетті. Мен: “Мен Мұхаммед ибн Әли ибн Хусайнмын”, – дедім. Сонда ол қолын басыма созып, алдымен үстіңгі, кейін астыңғы түймемді ағытты. Содан соң алақанын кеудемнің ортасына қойды. Мен ол кезде жас жігіт едім. Ол: “Қош келдің, бауырымның ұлы! Қалағаныңды сұрай бер”, – деді. Мен одан сұрай бастадым. Ол кезде Жәбирдің көзі көрмейтін еді. Намаз уақыты кіргенде, ол шағын тоқылған жамылғыға оранып, орнынан тұрды. Жамылғыны иығына жапқан сайын, шағын болғандықтан екі ұшы қайтадан алдына түсіп кете беретін. Ал сырт жамылғысы қасындағы ілгіште ілулі тұр еді. Ол бізге имам болып намаз оқытты. Мен оған: “Маған Алла Елшісінің (с.а.с.) қажылығы жайында айтып беріңіз”, – дедім». Жәбир саусақтарымен тоғыз санын көрсетіп, былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) тоғыз жыл бойы қажылық жасамады. Кейін оныншы жылы халыққа Алла Елшісінің (с.а.с.) қажылыққа баратыны жарияланды. Мәдинаға өте көп адам ағылып келді. Олардың бәрі Алла Елшісіне (с.а.с.) еріп, оның істегенін қайталағысы келді. Біз онымен бірге жолға шығып, Зүл-Хуләйфаға жеттік. Сол жерде Әсма бинт Умәйс Мұхаммед ибн Әбу Бәкірді (р.а.) дүниеге әкелді. Ол Алла Елшісіне (с.а.с.) адам жіберіп: “Не істеуім керек?” – деп сұратты. Ол (с.а.с.): “Ғұсыл ал, қанды тоқтату үшін мата таңып ал да, ихрамға кір”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) мешітте екі рәкәғат намаз оқыды. Кейін Қасуаға мінді. Түйесі оны Бәйда жазығына алып шыққанда, көзім жеткен жерге дейін оның алдында көлік мінген де, жаяу жүрген де адамдарды көрдім. Оң жағында да соншама адам, сол жағында да соншама адам, артында да соншама адам бар еді. Алла Елшісі (с.а.с.) арамызда болатын. Оған Құран түсіп жатты әрі ол оның мән-мағынасын білетін. Ол не істесе, біз де соны істейтінбіз. Ол (с.а.с.) таухид сөздерімен тәлбия айтып: “Шақыруыңа үн қостым, уа, Алла! Шақыруыңа үн қостым! Шақыруыңа үн қостым! Сенің серігің жоқ. Шақыруыңа үн қостым! Расында, барлық мадақ пен нығмет және бүкіл билік Саған тән. Сенің серігің жоқ”, – деді. Адамдар да өздері айтып жүрген тәлбия сөздерін айтты. Алла Елшісі (с.а.с.) олардың ешбір сөзін теріске шығарған жоқ. Алайда өзі осы тәлбияны үзбей айта берді». Жәбир (р.а.) сөзін жалғап: «Біз тек қажылықты ғана ниет еткен едік, ұмра туралы білмейтінбіз. Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Қағбаға жеткенімізде, ол (с.а.с.) Қара тасқа қолын тигізді. Тауаптың алғашқы үш айналымында рәмәл жасап, ширақ жүрді, ал қалған төрт айналымында қалыпты жүрді. Кейін Ибраһимнің (а.с.) мақамына барып, мына аятты оқыды: “Ендеше, сендер де ‘Мақам Ибраһимде’ намаз оқып, дұға етіңдер” («Бақара», 125). Ол мақамды өзі мен Қағбаның арасына келтіріп тұрды». Жағфар: «Әкем: “Ол екі рәкәғатта: ‘Былай деп айт: Ол Алла жалғыз!’ («Ықылас», 1) және ‘Былай деп айт: «Әй, кәпірлер!»’ («Кәфирун», 1) деп басталатын сүрелерді оқитын”, – дейтін. Менің білуімше, әкем мұны тек Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізген», – деді. Жәбир сөзін жалғастырды: «Кейін Алла Елшісі (с.а.с.) Қара тасқа қайта оралып, қолын тигізді. Содан соң мешіттің есігінен шығып, Сафаға қарай беттеді. Сафаға жақындағанда: “Сафа мен Маруа – Алланың қасиетті нышандарының бірі” («Бақара», 158), – деген аятты оқып: “Алла неден бастаса, мен де содан бастаймын”, – деді. Ол Сафаға көтерілді. Қағбаны көргенде құбылаға бет бұрып, Алланың жалғыздығын жариялап, тәкбір айтты. Содан кейін: “Жалғыз Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Оған тән, барлық мадақ та Оған лайық. Оның барлық нәрсеге құдіреті жетеді. Жалғыз Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Ол уәдесін орындады, құлына жәрдем берді және жау топтарын жалғыз Өзі жеңді”, – деді. Осы сөздердің арасында дұға етті. Мұны үш рет қайталады. Кейін Маруаға қарай түсті. Аяғы сайдың табанына жеткенде жүгіріп, өрге көтерілгенде қалыпты жүріске көшті. Маруаға жеткен соң, Сафа үстінде жасаған амалдарының бәрін Маруада да орындады. Сағиының соңында Маруаға жеткен кезде: “Егер кейін білгенімді әуелден білгенімде, құрбандық малын айдап әкелмей, осы қажылығымды ұмраға айналдырар едім. Араларыңнан кімнің жанында құрбандық малы болмаса, ихрамнан шығып, мұны ұмраға айналдырсын”, – деді. Сонда Сұрақа ибн Мәлик ибн Жұғшум орнынан тұрып: “Уа, Алланың Елшісі! Бұл тек осы жылымызға ғана тән бе, әлде мәңгілік пе?” – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.) бір қолының саусақтарын екінші қолының саусақтарына айқастырып: “Ұмра қажылықтың құрамына енді”, – деп екі рет айтты да: “Жоқ, бұл мәңгі-бақи осылай”, – деді. Әли Йеменнен Пайғамбардың (с.а.с.) құрбандық малдарын айдап келді. Ол Фатиманың (р.а.) ихрамнан шыққандардың қатарында екенін, түрлі түсті киім киіп, көзіне сүрме тартқанын көрді де, мұны құптамады. Сонда Фатима: “Мұны маған әкем бұйырды”, – деді. Әли кейін Иракта жүрген кезінде: “Фатиманың істеген әрекетін айтып, оның үстінен шағымдану әрі Алла Елшісінен (с.а.с.) оның өзіне сілтеп айтқан сөзі жөнінде пәтуа сұрау үшін бардым. Мен оған Фатиманың бұл ісін құптамағанымды айттым. Сонда ол (с.а.с.): ‘Ол рас айтты, ол рас айтты! Қажылықты өзіңе міндеттеп, ихрамға кірген кезде не дедің?’ – деп сұрады. Мен: ‘Уа, Алла! Сенің Елшің неге ниет етіп тәлбия айтса, мен де соған ниет етіп тәлбия айтамын’, – дедім. Сонда ол (с.а.с.): ‘Менің жанымда құрбандық малым бар. Сондықтан сен ихрамнан шықпа’, – деді”, – деп айтатын. Әлидің Йеменнен айдап әкелген және Пайғамбардың (с.а.с.) өзімен бірге алып келген құрбандық малдарының жалпы саны жүзге жетті. Пайғамбар (с.а.с.) және жанында құрбандық малы болғандардан басқалардың бәрі ихрамнан шығып, шаштарын қысқартты. Тәруия күні келгенде, олар Минаға бет алып, қажылыққа ниет етіп тәлбия айтты. Алла Елшісі (с.а.с.) көлігіне мініп, Минада бесін, екінті, ақшам, құптан және таң намаздарын оқыды. Кейін күн шыққанға дейін сонда біраз аялдады. Нәмирада өзіне арнап қылдан тоқылған шатыр тігуді бұйырды. Алла Елшісі (с.а.с.) жолға шықты. Құрайыштықтар оның жәһилият дәуіріндегі құрайыштықтардың әдетінше Мәшғарул-Харамда тоқтап, уақфа жасайтынына күмән келтірмеген еді. Алайда Алла Елшісі (с.а.с.) ол жерден өтіп, Арафатқа келді. Нәмирада өзіне арнап тігілген шатырды көріп, сонда түсті. Күн төбеден ауған кезде Қасуаны ерттеуді бұйырды. Түйесі ерттелген соң, сайдың ортасына келіп, адамдарға құтба айтты. Ол (с.а.с.): “Расында, осы айдағы, осы қаладағы осы күндеріңнің қасиетіндей, бір-біріңнің қандарың мен мал-мүліктеріңе де қол сұғуға тыйым салынған. Біліп қойыңдар! Жәһилият дәуірінен қалған барлық іс мына екі аяғымның астына тасталып, жойылды. Жәһилият дәуіріндегі қан дауларының бәрі жойылды. Біздің әулетімізге қатысты ең алғаш жоятын қан дауым – Рабиға ибн Харистің ұлының қаны. Ол Бәни Сағд арасында сүт анасының қолында жүрген кезінде Һузәйл тайпасы оны өлтірген еді. Жәһилият дәуіріндегі өсімқорлықтың бәрі жойылды. Ең алғаш жоятын өсіміміз – Аббас ибн Абдулмутталибтің өсімі. Оның бәрі түгелдей жойылды. Әйелдерге қатысты Алладан қорқыңдар! Өйткені сендер оларды Алланың кепілдігімен алдыңдар және Алланың сөзі арқылы олармен некелік қатынасты өздеріңе халал еттіңдер. Сендердің әйелдердегі хақыларың – төсектеріңе өздерің жақтырмайтын ешкімді жолатпау. Егер олар мұны істесе, денелеріне зақым келтірмейтіндей етіп жеңіл ұрыңдар. Ал олардың сендердегі хақылары – қалыптасқан жөн-жосыққа сай ас-ауқат пен киім беру. Мен араларыңа бір нәрсені – Алланың Кітабын қалдырдым. Егер оны берік ұстансаңдар, содан кейін ешқашан адаспайсыңдар. Сендерден мен туралы сұралады. Сонда не деп жауап бересіңдер?” – деді. Адамдар: “Сенің хабарды толық жеткізгеніңе, міндетіңді орындағаныңа және үмбетке шынайы насихат айтқаныңа куәлік береміз”, – деді. Сонда ол (с.а.с.) сұқ саусағын аспанға көтеріп, кейін оны адамдарға қарай нұсқап: “Уа, Алла! Куә бол! Уа, Алла! Куә бол!” – деді. Осы сөзін үш рет айтты. Кейін азан айтылып, қамат түсірілген соң, ол бесін намазын оқыды. Содан кейін тағы да қамат түсіріліп, екінті намазын оқыды. Осы екі намаздың арасында ешқандай намаз оқымады. Одан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) көлігіне мініп, уақфа жасайтын жерге келді. Қасуа түйесін жартастарға қаратып, жаяу жүргендер тобын алдына қалдырды да, құбылаға бет бұрды. Күн батып, сарғыш реңі біртіндеп сейіліп, шеңбері көзден ғайып болғанға дейін сол жерде тұра берді. Ол (с.а.с.) Усаманы артына мінгестірді. Кейін Алла Елшісі (с.а.с.) Қасуаның тізгінін қатты тартып, жолға шықты. Түйенің басы ердің аяқ қоятын тұсына тиердей төмендеді. Ол оң қолымен ишара жасап: “Уа, адамдар! Сабыр сақтап, асықпай жүріңдер! Сабыр сақтап, асықпай жүріңдер!” – деді. Әрбір құм төбеге келген сайын, түйе жоғары көтеріле алуы үшін тізгінін сәл босатып отырды. Осылайша Мұздалифаға жетіп, ақшам мен құптан намаздарын бір азан және екі қаматпен оқыды. Екі намаздың арасында ешқандай нәпіл намаз оқымады. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) таң атқанға дейін жатты. Таңның атқаны анық білінгенде, азан айтылып, қамат түсірілген соң, таң намазын оқыды. Кейін Қасуаға мініп, Мәшғарул-Харамға келді. Құбылаға бет бұрып, Аллаға дұға етті, тәкбір мен тәһлил айтып, Оның жалғыздығын жариялады. Таң әбден ағарып, айнала жарық болғанға дейін сол жерде тұра берді. Күн шықпай тұрып жолға шықты. Ол Фадл ибн Аббасты артына мінгестірді. Фадл шашы көркем, аққұба әрі келбетті жігіт еді. Алла Елшісі (с.а.с.) жолға шыққан кезде қастарынан көлік мінген бір топ әйел жылдам өте бастады. Фадл оларға қарай берді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) қолын Фадлдың жүзіне қойды. Фадл жүзін екінші жаққа бұрып, оларға қайта қарады. Алла Елшісі (с.а.с.) қолын оның жүзінің екінші жағына ауыстырып, бетін әйелдерден бұрды. Алайда Фадл жүзін тағы да басқа жаққа бұрып, оларға қарай берді. Мұхассир сайының ортасына жеткенде, жүрісін сәл жылдамдатты. Содан кейін үлкен жәмраға апаратын ортаңғы жолмен жүрді. Ағаштың қасындағы жәмраға жетіп, оған жеті ұсақ тас лақтырды. Әрбір тасты лақтырған сайын тәкбір айтты. Тастар саусақпен атып жіберуге келетіндей ұсақ еді. Ол жәмраға сайдың ішінен тұрып тас лақтырды. Кейін құрбандық шалатын орынға барып, алпыс үш түйені өз қолымен бауыздады. Қалғандарын Әлиге берді, оларды Әли бауыздады. Әлиді өз құрбандығына ортақ етті. Содан кейін әр түйеден бір-бір кесек ет алуды бұйырды. Олардың бәрі бір қазанға салынып пісірілді. Екеуі сол еттен жеп, сорпасынан ішті. Кейін Алла Елшісі (с.а.с.) көлігіне мініп, Қағбаға барып, ифада тауабын жасады. Меккеде бесін намазын оқыды. Содан соң Зәмзәмнан су тартып, адамдарға таратып тұрған Бәни Абдулмутталиб әулетіне келіп: “Уа, Бәни Абдулмутталиб! Су тарта беріңдер! Егер адамдардың сендермен жарысып, су тарату қызметін қолдарыңнан алып қоюынан қауіптенбегенімде, сендермен бірге мен де су тартар едім”, – деді. Олар оған бір шелек су ұсынды. Ол содан ішті». (1218/147)

بَابٌ: التَّلْبِيَةُ وَالتَّكْبِيرُ فِي الْغُدُوِّ مِنْ مِنًى إِلَى عَرَفَةَ

52-бапМинадан Арафатқа таңертең аттанғанда тәлбия мен тәкбір айту

708
Мүслим, № 708Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «غَدَوْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنْ مِنًى إِلَى عَرَفَاتٍ، مِنَّا الْمُلَبِّي وَمِنَّا الْمُكَبِّرُ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге таңертең Минадан Арафатқа қарай жолға шықтық. Арамызда тәлбия айтқандар да, тәкбір айтқандар да болды». (1284/272)

709
Мүслим, № 709

عَنْ مُحَمَّدِ بْنِ أَبِي بَكْرٍ الثَّقَفِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ سَأَلَ أَنَسَ بْنَ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَهُمَا غَادِيَانِ مِنْ مِنًى إِلَى عَرَفَةَ: «كَيْفَ كُنْتُمْ تَصْنَعُونَ فِي هَذَا الْيَوْمِ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ؟» فَقَالَ: «كَانَ يُهِلُّ الْمُهِلُّ مِنَّا، فَلَا يُنْكَرُ عَلَيْهِ، وَيُكَبِّرُ الْمُكَبِّرُ مِنَّا، فَلَا يُنْكَرُ عَلَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Мұхаммед ибн Әбу Бәкір әс-Сақафидің (р.а.) жеткізуінше, Әнәс ибн Мәликпен бірге таңертең Минадан Арафатқа бара жатқанда, ол Әнәстен: «Осы күні Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге болған кездеріңде не істейтін едіңдер?» – деп сұрады. Әнәс (р.а.): «Арамыздан тәлбия айтқан адамға ешкім қарсылық білдірмейтін, тәкбір айтқан адамға да ешкім қарсылық білдірмейтін», – деді. (1285/274)

بَابٌ: فِي الْوُقُوفِ بِعَرَفَةَ وَقَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿ثُمَّ أَفِيضُوا مِنْ حَيْثُ أَفَاضَ النَّاسُ﴾

53-бапАрафатта тұру және Алла Тағаланың «Адамдар лек-легімен ағылған жерден сендер де ағылыңдар» деген сөзі туралы

710
Мүслим, № 710Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كَانَ قُرَيْشٌ وَمَنْ دَانَ دِينَهَا يَقِفُونَ بِالْمُزْدَلِفَةِ، وَكَانُوا يُسَمَّوْنَ الْحُمْسَ، وَكَانَ سَائِرُ الْعَرَبِ يَقِفُونَ بِعَرَفَةَ، فَلَمَّا جَاءَ الْإِسْلَامُ أَمَرَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ نَبِيَّهُ ﷺ أَنْ يَأْتِيَ عَرَفَاتٍ فَيَقِفَ بِهَا، ثُمَّ يُفِيضَ مِنْهَا، فَذَلِكَ قَوْلُهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿ثُمَّ أَفِيضُوا مِنْ حَيْثُ أَفَاضَ النَّاسُ﴾ [الْبَقَرَةِ: 199]».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Құрайыш пен олардың дінін ұстанғандар Мұздалифада уақфаға тұратын әрі олар “Хумс” деп аталатын. Ал өзге арабтар Арафатта уақфаға тұратын. Ислам келген кезде Ұлы әрі Құдіретті Алла Пайғамбарына (с.а.с.) Арафатқа барып, сонда уақфаға тұруды, кейін сол жерден ағылып қайтуды бұйырды. Бұл – Ұлы әрі Құдіретті Алланың мына сөзі: “Адамдар лек-легімен ағылған жерден сендер де ағылыңдар” («Бақара», 199)», – деді. (1219/151)

711
Мүслим, № 711Риуаят етуші: Жубәйр ибн Мутғим (р.а.)

عَنْ جُبَيْرِ بْنِ مُطْعِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَضْلَلْتُ بَعِيرًا لِي، فَذَهَبْتُ أَطْلُبُهُ يَوْمَ عَرَفَةَ، فَرَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَاقِفًا مَعَ النَّاسِ بِعَرَفَةَ، فَقُلْتُ: “وَاللَّهِ، إِنَّ هَذَا لَمِنَ الْحُمْسِ، فَمَا شَأْنُهُ هَاهُنَا؟”» وَكَانَتْ قُرَيْشٌ تُعَدُّ مِنَ الْحُمْسِ.

Қазақша аудармасы

Жубәйр ибн Мутғим (р.а.) былай деді: «Бір түйем жоғалып кетіп, Арапа күні оны іздеуге шықтым. Сонда Алла Елшісінің (с.а.с.) Арафатта адамдармен бірге уақфаға тұрғанын көрдім. Мен: “Алламен ант етемін, бұл кісі Хумстан ғой! Мұнда не істеп жүр?” – дедім. Құрайыш Хумсқа жататын». (1220/153)

بَابٌ: فِي الْإِفَاضَةِ مِنْ عَرَفَةَ، وَالصَّلَاةِ بِالْمُزْدَلِفَةِ

54-бапАрафаттан аттану және Мұздалифада намаз оқу туралы

712
Мүслим, № 712

عَنْ كُرَيْبٍ، أَنَّهُ سَأَلَ أُسَامَةَ بْنَ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «كَيْفَ صَنَعْتُمْ حِينَ رَدِفْتَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَشِيَّةَ عَرَفَةَ؟» فَقَالَ: «جِئْنَا الشِّعْبَ الَّذِي يُنِيخُ النَّاسُ فِيهِ لِلْمَغْرِبِ، فَأَنَاخَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ نَاقَتَهُ وَبَالَ» (وَمَا قَالَ: «أَهْرَاقَ الْمَاءَ») «ثُمَّ دَعَا بِالْوَضُوءِ، فَتَوَضَّأَ وُضُوءًا لَيْسَ بِالْبَالِغِ، فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، الصَّلَاةَ؟” فَقَالَ: “الصَّلَاةُ أَمَامَكَ”. فَرَكِبَ حَتَّى جِئْنَا الْمُزْدَلِفَةَ فَأَقَامَ الْمَغْرِبَ، ثُمَّ أَنَاخَ النَّاسُ فِي مَنَازِلِهِمْ، وَلَمْ يَحُلُّوا حَتَّى أَقَامَ الْعِشَاءَ الْآخِرَةَ، فَصَلَّى، ثُمَّ حَلُّوا». قُلْتُ: «فَكَيْفَ فَعَلْتُمْ حِينَ أَصْبَحْتُمْ؟» قَالَ: «رَدِفَهُ الْفَضْلُ بْنُ عَبَّاسٍ، وَانْطَلَقْتُ أَنَا فِي سُبَّاقِ قُرَيْشٍ عَلَى رِجْلَيَّ».

Қазақша аудармасы

Күрәйб Усама ибн Зәйдтен (р.а.): «Арапа кешінде Алла Елшісінің (с.а.с.) артына мінгескен кезіңде не істедіңдер?» – деп сұрады. Ол: «Адамдар ақшам намазын оқу үшін түйелерін шөгеретін шатқалға келдік. Алла Елшісі (с.а.с.) түйесін шөгеріп, кіші дәретін сындырды», – деді. Риуаятшы: «“Су төкті” деп айтқан жоқ», – деді. Усама сөзін жалғастырды: «Содан кейін дәрет суын алдыртып, дәретін жеңіл алды. Мен: “Уа, Алланың Елшісі! Намаз ше?” – дедім. Ол: “Намазды алда оқимыз”, – деді. Содан кейін түйесіне мініп, Мұздалифаға жеттік. Ақшам намазына қамат айтылып, ол намазды оқыды. Кейін әркім өз орнына түйесін шөгерді, бірақ жүктерін шешпеді. Құптан намазына қамат айтылып, ол намазды оқығаннан кейін ғана жүктерін шешті». Күрәйб: «Мен одан: “Таң атқанда не істедіңдер?” – деп сұрадым. Ол: “Фадл ибн Аббас оның артына мінгесті, ал мен Құрайыштың алда жүрген тобымен бірге жаяу аттандым”, – деді», – деп баяндады. (1280/279)

بَابٌ: صِفَةُ السَّيْرِ فِي الدَّفْعِ مِنْ عَرَفَةَ

55-бапАрафаттан аттанған кездегі жүріс тәртібі

713
Мүслим, № 713

عَنْ عُرْوَةَ، قَالَ: «سُئِلَ أُسَامَةُ وَأَنَا شَاهِدٌ» (أَوْ قَالَ: «سَأَلْتُ أُسَامَةَ بْنَ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا») «وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَرْدَفَهُ مِنْ عَرَفَاتٍ، قُلْتُ: “كَيْفَ كَانَ يَسِيرُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِينَ أَفَاضَ مِنْ عَرَفَةَ؟” قَالَ: “كَانَ يَسِيرُ الْعَنَقَ، فَإِذَا وَجَدَ فَجْوَةً نَصَّ”».

Қазақша аудармасы

Ұруа: «Мен қатысып отырғанда Усама ибн Зәйдтен (р.а.) сұралды», – деді. Немесе: «Усама ибн Зәйдтен өзім сұрадым», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) Арафаттан қайтқанда оны артына мінгестірген еді. «Алла Елшісі (с.а.с.) Арафаттан аттанған кезде қалай жүретін еді?» – деген сұраққа Усама: «Бірқалыпты, ширақ жүретін. Ал алдынан ашық кеңістік шықса, жүрісін жылдамдататын», – деп жауап берді. (1286/283)

بَابٌ: فِي صَلَاةِ الْمَغْرِبِ وَالْعِشَاءِ بِالْمُزْدَلِفَةِ

56-бапМұздалифада ақшам мен құптан намаздарын оқу туралы

714
Мүслим, № 714Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «جَمَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَيْنَ الْمَغْرِبِ وَالْعِشَاءِ بِجَمْعٍ لَيْسَ بَيْنَهُمَا سَجْدَةٌ، وَصَلَّى الْمَغْرِبَ ثَلَاثَ رَكَعَاتٍ، وَصَلَّى الْعِشَاءَ رَكْعَتَيْنِ». فَكَانَ عَبْدُ اللَّهِ يُصَلِّي بِجَمْعٍ كَذَلِكَ، حَتَّى لَحِقَ بِاللَّهِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) ақшам мен құптан намаздарын Мұздалифада қосып оқыды әрі екеуінің арасында ешбір нәпіл намаз оқымады. Ақшам намазын үш рәкәғат, ал құптан намазын екі рәкәғат етіп оқыды». Абдулла да Аллаға қауышқанға дейін Мұздалифада намаздарды осылай оқитын еді. (1288/287)

بَابٌ: صَلَاةُ الْمَغْرِبِ وَالْعِشَاءِ بِالْمُزْدَلِفَةِ بِإِقَامَةٍ وَاحِدَةٍ

57-бапМұздалифада ақшам мен құптан намаздарын бір қаматпен оқу

715
Мүслим, № 715

عَنْ سَعِيدِ بْنِ جُبَيْرٍ قَالَ: «أَفَضْنَا مَعَ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا حَتَّى أَتَيْنَا جَمْعًا، فَصَلَّى بِنَا الْمَغْرِبَ وَالْعِشَاءَ بِإِقَامَةٍ وَاحِدَةٍ، ثُمَّ انْصَرَفَ، فَقَالَ: “هَكَذَا صَلَّى بِنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي هَذَا الْمَكَانِ”».

Қазақша аудармасы

Сағид ибн Жубәйр былай деді: «Біз Ибн Омармен (р.а.) бірге Мұздалифаға аттанып, сонда жеттік. Ол бізге ақшам мен құптан намаздарын бір қаматпен оқытты. Намазды аяқтағаннан кейін: “Алла Елшісі (с.а.с.) осы жерде бізге дәл осылай намаз оқытқан”, – деді». (1288/291)

بَابٌ: التَّغْلِيسُ بِصَلَاةِ الصُّبْحِ بِالْمُزْدَلِفَةِ

58-бапМұздалифада таң намазын таңғы алагеуімде оқу

716
Мүслим, № 716Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «مَا رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ صَلَّى صَلَاةً إِلَّا لِمِيقَاتِهَا، إِلَّا صَلَاتَيْنِ: صَلَاةَ الْمَغْرِبِ وَالْعِشَاءِ بِجَمْعٍ، وَصَلَّى الْفَجْرَ يَوْمَئِذٍ قَبْلَ مِيقَاتِهَا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.) екі намаздан басқа ешбір намазды әдеттегі уақытынан тыс оқығанын көрген емеспін. Ол Жәмғда ақшам мен құптан намаздарын бірге оқыды әрі сол күні таң намазын әдеттегі уақытынан ертерек оқыды». (1289/292)

بَابٌ: الْإِفَاضَةُ مِنْ جَمْعٍ بِلَيْلٍ لِلْمَرْأَةِ الثَّقِيلَةِ

59-бапДенесі ауыр әрі жүрісі баяу әйелдің Мұздалифадан түнде аттануы

717
Мүслим, № 717Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّهَا قَالَتْ: «اِسْتَأْذَنَتْ سَوْدَةُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَيْلَةَ الْمُزْدَلِفَةِ تَدْفَعُ قَبْلَهُ وَقَبْلَ حَطْمَةِ النَّاسِ، وَكَانَتِ امْرَأَةً ثَبِطَةً» (يَقُولُ الْقَاسِمُ: «وَالثَّبِطَةُ الثَّقِيلَةُ»). قَالَتْ: «فَأَذِنَ لَهَا، فَخَرَجَتْ قَبْلَ دَفْعِهِ، وَحَبَسَنَا حَتَّى أَصْبَحْنَا فَدَفَعْنَا بِدَفْعِهِ. وَلَأَنْ أَكُونَ اِسْتَأْذَنْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَمَا اِسْتَأْذَنَتْهُ سَوْدَةُ فَأَكُونَ أَدْفَعُ بِإِذْنِهِ، أَحَبُّ إِلَيَّ مِنْ مَفْرُوحٍ بِهِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Мұздалифа түні Сәуда Алла Елшісінен (с.а.с.) жұрттың қалың нөпірі басталмай және оның өзі жолға шықпай тұрып аттануға рұқсат сұрады. Ол баяу қимылдайтын, ауыр денелі әйел еді». Қасым: «“Сәбита” дегені – “ауыр денелі” деген сөз», – деді. Айша сөзін жалғастырып: «Алла Елшісі (с.а.с.) оған рұқсат берді. Сөйтіп, ол Алла Елшісі (с.а.с.) жолға шықпай тұрып аттанып кетті. Ал бізді таң атқанша сонда қалдырды. Кейін өзі жолға шыққанда, біз де онымен бірге аттандық. Алла Елшісінен (с.а.с.) Сәуда секілді рұқсат сұрап, оның рұқсатымен ертерек аттанғаным мен үшін көңілімді қуантатын кез келген нәрседен де артық болар еді», – деді. (1290/293)

بَابٌ: تَقْدِيمُ الظُّعُنِ مِنْ مُزْدَلِفَةَ

60-бапӘйелдерді Мұздалифадан ертерек аттандыру

718
Мүслим, № 718

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ مَوْلَى أَسْمَاءَ، قَالَ: «قَالَتْ لِي أَسْمَاءُ، وَهِيَ عِنْدَ دَارِ الْمُزْدَلِفَةِ: “هَلْ غَابَ الْقَمَرُ؟” قُلْتُ: “لَا”، فَصَلَّتْ سَاعَةً، ثُمَّ قَالَتْ: “يَا بُنَيَّ، هَلْ غَابَ الْقَمَرُ؟” قُلْتُ: “نَعَمْ”. قَالَتْ: “اِرْحَلْ بِي”، فَارْتَحَلْنَا حَتَّى رَمَتِ الْجَمْرَةَ، ثُمَّ صَلَّتْ فِي مَنْزِلِهَا، فَقُلْتُ لَهَا: “أَيْ هَنْتَاهْ، لَقَدْ غَلَّسْنَا”. قَالَتْ: “كَلَّا، أَيْ بُنَيَّ، إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ أَذِنَ لِلظُّعُنِ”».

Қазақша аудармасы

Әсманың азат еткен құлы Абдулла былай деді: «Әсма Мұздалифадағы үйдің жанында тұрған кезде менен: “Ай батты ма?” – деп сұрады. Мен: “Жоқ”, – дедім. Ол біраз уақыт намаз оқыды. Содан кейін: “Балам, ай батты ма?” – деп қайта сұрады. Мен: “Иә”, – дедім. Ол: “Мені алып жүр”, – деді. Сөйтіп, жолға шығып, ол жәмраға тас атты. Содан кейін аялдаған орнында намаз оқыды. Мен оған: “Уа, ханым! Біз тым ерте, таң қараңғысында келдік қой”, – дедім. Ол: “Жоқ, балам! Пайғамбар (с.а.с.) әйелдерге осылай істеуге рұқсат берген”, – деді». (1291/297)

بَابٌ: تَقْدِيمُ الضَّعَفَةِ مِنْ مُزْدَلِفَةَ

61-бапӘлсіз адамдарды Мұздалифадан ертерек аттандыру

719
Мүслим, № 719Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «بَعَثَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي الثَّقَلِ» (أَوْ قَالَ: «فِي الضَّعَفَةِ») «مِنْ جَمْعٍ بِلَيْلٍ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) мені түнде Жәмғдан жүк артылған керуенмен бірге (немесе: “Әлсіздермен бірге”, – деген) ертерек аттандырды». (1293/300)

720
Мүслим, № 720

عَنْ سَالِمِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ، أَنَّ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا كَانَ يُقَدِّمُ ضَعَفَةَ أَهْلِهِ فَيَقِفُونَ عِنْدَ الْمَشْعَرِ الْحَرَامِ بِالْمُزْدَلِفَةِ بِاللَّيْلِ، فَيَذْكُرُونَ اللَّهَ مَا بَدَا لَهُمْ، ثُمَّ يَدْفَعُونَ قَبْلَ أَنْ يَقِفَ الْإِمَامُ وَقَبْلَ أَنْ يَدْفَعَ، فَمِنْهُمْ مَنْ يَقْدَمُ مِنًى لِصَلَاةِ الْفَجْرِ، وَمِنْهُمْ مَنْ يَقْدَمُ بَعْدَ ذَلِكَ، فَإِذَا قَدِمُوا رَمَوْا الْجَمْرَةَ. وَكَانَ ابْنُ عُمَرَ يَقُولُ: «رَخَّصَ فِي أُولَئِكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Сәлим ибн Абдулланың жеткізуінше, Абдулла ибн Омар (р.а.) өз отбасының әлсіздерін алдын ала аттандырып жіберетін. Олар түнде Мұздалифадағы Мәшғарул-Харамның жанында тұрып, қалағандарынша Алланы еске алатын. Содан кейін имам уақфаға тұрмай әрі жолға шықпай тұрып, олар аттанып кететін. Олардың кейбірі Минаға таң намазы кезінде жетсе, енді біреулері одан кейін жететін. Минаға келген соң жәмраға тас лақтыратын. Ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) соларға осылай істеуге рұқсат берген», – дейтін. (1295/304)

بَابٌ: تَلْبِيَةُ الْحَاجِّ حَتَّى يَرْمِيَ جَمْرَةَ الْعَقَبَةِ

62-бапҚажының Ақаба жәмрасына тас лақтырғанға дейін тәлбия айтуы

721
Мүслим, № 721

عَنْ عَطَاءٍ، عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أَرْدَفَ الْفَضْلَ مِنْ جَمْعٍ، قَالَ: «فَأَخْبَرَنِي ابْنُ عَبَّاسٍ أَنَّ الْفَضْلَ أَخْبَرَهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ لَمْ يَزَلْ يُلَبِّي، حَتَّى رَمَى جَمْرَةَ الْعَقَبَةِ».

Қазақша аудармасы

Ата Ибн Аббастан (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) Жәмғдан аттанғанда Фадлды артына мінгестіргенін жеткізді. Ата: «Ибн Аббас маған Фадлдың өзіне: “Пайғамбар (с.а.с.) Ақаба жәмрасына тас лақтырғанға дейін тәлбия айтуды тоқтатпады”, – деп хабарлағанын айтты», – деді. (1281/267)

بَابٌ: رَمْيُ جَمْرَةِ الْعَقَبَةِ مِنْ بَطْنِ الْوَادِي وَالتَّكْبِيرُ مَعَ كُلِّ حَصَاةٍ

63-бапАқаба жәмрасына аңғардың табанынан тас лақтыру және әр тасты лақтырғанда тәкбір айту

722
Мүслим, № 722

عَنِ الْأَعْمَشِ، قَالَ: «سَمِعْتُ الْحَجَّاجَ بْنَ يُوسُفَ يَقُولُ، وَهُوَ يَخْطُبُ عَلَى الْمِنْبَرِ: “أَلِّفُوا الْقُرْآنَ كَمَا أَلَّفَهُ جِبْرِيلُ: السُّورَةُ الَّتِي يُذْكَرُ فِيهَا الْبَقَرَةُ، وَالسُّورَةُ الَّتِي يُذْكَرُ فِيهَا النِّسَاءُ، وَالسُّورَةُ الَّتِي يُذْكَرُ فِيهَا آلُ عِمْرَانَ”». قَالَ: «فَلَقِيتُ إِبْرَاهِيمَ فَأَخْبَرْتُهُ بِقَوْلِهِ، فَسَبَّهُ وَقَالَ: “حَدَّثَنِي عَبْدُ الرَّحْمَنِ بْنُ يَزِيدَ، أَنَّهُ كَانَ مَعَ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَأَتَى جَمْرَةَ الْعَقَبَةِ، فَاسْتَبْطَنَ الْوَادِي، فَاسْتَعْرَضَهَا، فَرَمَاهَا مِنْ بَطْنِ الْوَادِي بِسَبْعِ حَصَيَاتٍ، يُكَبِّرُ مَعَ كُلِّ حَصَاةٍ، قَالَ: ‘فَقُلْتُ: ‹يَا أَبَا عَبْدِ الرَّحْمَنِ، إِنَّ النَّاسَ يَرْمُونَهَا مِنْ فَوْقِهَا›. فَقَالَ: ‹هَذَا، وَالَّذِي لَا إِلَهَ غَيْرُهُ، مَقَامُ الَّذِي أُنْزِلَتْ عَلَيْهِ سُورَةُ الْبَقَرَةِ›’”».

Қазақша аудармасы

Әл-Ағмаш былай деді: «Әл-Хажжаж ибн Юсуфтың мінберде құтба айтып тұрып: “Құранды Жәбірейіл қалай реттеген болса, солай реттеңдер: ішінде сиыр аталатын сүре, ішінде әйелдер аталатын сүре және ішінде Имран әулеті аталатын сүре”, – дегенін естідім. Кейін Ибраһиммен кездесіп, оған әл-Хажжаждың сөзін жеткіздім. Ол әл-Хажжажды сөгіп: “Маған Абдуррахман ибн Язид өзінің Абдулла ибн Масғудпен (р.а.) бірге болғанын баяндады. Абдулла ибн Масғуд Ақаба жәмрасына келіп, аңғардың ішіне түсті де, жәмраға қарсы тұрып, аңғардың табанынан жеті тас лақтырды әрі әр тасты лақтырған сайын тәкбір айтты. Абдуррахман: ‘Мен одан: «Уа, Әбу Абдуррахман! Адамдар жәмраға жоғары жағынан тас атады ғой?» – деп сұрадым. Сонда ол: «Өзінен басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ Алламен ант етемін! “Бақара” сүресі түсірілген кісінің тұрған орны – осы», – деді’, – деді”, – деді». (1296/306)

723
Мүслим, № 723

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ يَزِيدَ، أَنَّ عَبْدَ اللَّهِ لَبَّى حِينَ أَفَاضَ مِنْ جَمْعٍ فَقِيلَ: «أَعْرَابِيٌّ هَذَا؟» فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ: «أَنَسِيَ النَّاسُ أَمْ ضَلُّوا؟ سَمِعْتُ الَّذِي أُنْزِلَتْ عَلَيْهِ سُورَةُ الْبَقَرَةِ يَقُولُ فِي هَذَا الْمَكَانِ: “لَبَّيْكَ اللَّهُمَّ لَبَّيْكَ”».

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Язидтің жеткізуінше, Абдулла (ибн Масғуд) Жәмғдан аттанған кезде тәлбия айтты. Сонда: «Бұл кісі бәдәуи ме?» – делінді. Абдулла: «Адамдар ұмытып кетті ме, әлде адасты ма? “Бақара” сүресі түсірілген кісінің осы жерде: “Уа, Алла! Шақыруыңа үн қостым! Шақыруыңа үн қостым!” – дегенін естідім», – деді. (1283/270)

بَابٌ: رَمْيُ جَمْرَةِ الْعَقَبَةِ يَوْمَ النَّحْرِ عَلَى الرَّاحِلَةِ

64-бапҚұрбан айт күні мініс түйесінің үстінде Ақаба жәмрасына тас лақтыру

724
Мүслим, № 724Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَرْمِي عَلَى رَاحِلَتِهِ يَوْمَ النَّحْرِ، وَيَقُولُ: “لِتَأْخُذُوا مَنَاسِكَكُمْ، فَإِنِّي لَا أَدْرِي لَعَلِّي لَا أَحُجُّ بَعْدَ حَجَّتِي هَذِهِ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Құрбан шалу күні Пайғамбардың (с.а.с.) мінісінің үстінде отырып тас атқанын көрдім. Ол: “Қажылық рәсімдеріңді менен үйреніп алыңдар. Өйткені осы қажылығымнан кейін тағы да қажылық жасай алар-алмасымды білмеймін”, – деді», – деген. (1297/310)

بَابٌ: قَدْرُ حَصَى الْجِمَارِ

65-бапЖәмраларға лақтырылатын тастардың өлшемі

725
Мүслим, № 725Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رَمَى الْجَمْرَةَ بِمِثْلِ حَصَى الْخَذْفِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) жәмраға саусақпен шертіп лақтыратындай ұсақ тастар лақтырғанын көрдім», – деді. (1299/313)

بَابٌ: وَقْتُ الرَّمْيِ

66-бапЖәмраларға тас лақтыру уақыты

726
Мүслим, № 726Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «رَمَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْجَمْرَةَ يَوْمَ النَّحْرِ ضُحًى، وَأَمَّا بَعْدُ فَإِذَا زَالَتِ الشَّمْسُ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Құрбан айт күні жәмраға сәске уақытында, ал одан кейінгі күндері күн тас төбеден ауған кезде тас лақтыратын», – деді. (1299/314)

بَابٌ: رَمْيُ الْجِمَارِ تَوٌّ

67-бапЖәмраларға тастарды тақ санмен лақтыру

727
Мүслим, № 727Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الِاسْتِجْمَارُ تَوٌّ، وَرَمْيُ الْجِمَارِ تَوٌّ، وَالسَّعْيُ بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ تَوٌّ، وَالطَّوَافُ تَوٌّ، وَإِذَا اِسْتَجْمَرَ أَحَدُكُمْ، فَلْيَسْتَجْمِرْ بِتَوٍّ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Таспен тазалану – тақ санмен, жәмраларға тас лақтыру – тақ санмен, Сафа мен Маруа арасындағы сағи – тақ санмен, тауап та тақ санмен орындалады. Сендердің бірің таспен тазаланса, тақ санмен тазалансын”, – деді», – деп баяндады. (1300/315)

بَابٌ: حَلْقُ النَّبِيِّ ﷺ فِي حَجِّهِ

68-бапПайғамбардың (с.а.с.) қажылық кезінде шашын қырдыруы

728
Мүслим, № 728Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ حَلَقَ رَأْسَهُ فِي حَجَّةِ الْوَدَاعِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай баяндады: «Алла Елшісі (с.а.с.) Қоштасу қажылығында шашын тақырлап алдырды». (1304/322)

بَابٌ: فِي الْحَلْقِ وَالتَّقْصِيرِ

69-бапШашты қыру және қысқарту туралы

729
Мүслим, № 729Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِلْمُحَلِّقِينَ». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَلِلْمُقَصِّرِينَ؟» قَالَ: «اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِلْمُحَلِّقِينَ». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَلِلْمُقَصِّرِينَ؟» قَالَ: «اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِلْمُحَلِّقِينَ». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَلِلْمُقَصِّرِينَ؟» قَالَ: «وَلِلْمُقَصِّرِينَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, Алла! Шаштарын тақырлап алдырғандарды кешіре гөр”, – деді. Адамдар: “Уа, Алланың Елшісі! Шаштарын қысқартқандарды да ма?” – деді. Ол: “Уа, Алла! Шаштарын тақырлап алдырғандарды кешіре гөр”, – деді. Олар: “Уа, Алланың Елшісі! Шаштарын қысқартқандарды да ма?” – деді. Ол: “Уа, Алла! Шаштарын тақырлап алдырғандарды кешіре гөр”, – деді. Олар: “Уа, Алланың Елшісі! Шаштарын қысқартқандарды да ма?” – деді. Сонда ол: “Шаштарын қысқартқандарды да”, – деді», – деген. (1302/320)

بَابٌ: الرَّمْيُ ثُمَّ النَّحْرُ ثُمَّ الْحَلْقُ، وَالْبِدَايَةُ بِالْحَلْقِ بِالْجَانِبِ الْأَيْمَنِ

70-бапАлдымен тас лақтыру, содан кейін құрбандық шалу, одан соң шашты қыру және шаш қыруды бастың оң жағынан бастау

730
Мүслим, № 730Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رَمَى جَمْرَةَ الْعَقَبَةِ، ثُمَّ انْصَرَفَ إِلَى الْبُدْنِ فَنَحَرَهَا وَالْحَجَّامُ جَالِسٌ، وَقَالَ بِيَدِهِ عَنْ رَأْسِهِ، فَحَلَقَ شِقَّهُ الْأَيْمَنَ، فَقَسَمَهُ فِيمَنْ يَلِيهِ، ثُمَّ قَالَ: «اِحْلِقِ الشِّقَّ الْآخَرَ». فَقَالَ: «أَيْنَ أَبُو طَلْحَةَ؟» فَأَعْطَاهُ إِيَّاهُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) Ақаба жәмрасына тас атты. Содан кейін құрбандық түйелеріне барып, оларды бауыздады. Шаштараз отырған еді. Ол (с.а.с.) қолымен басын нұсқады. Шаштараз оның басының оң жағын қырды, ал Алла Елшісі (с.а.с.) шашын маңындағыларға бөліп берді. Содан кейін: «Екінші жағын да қыр», – деді. Артынша: «Әбу Талха қайда?» – деп сұрап, сол шашты оған берді. (1305/325)

بَابٌ: مَنْ حَلَقَ قَبْلَ النَّحْرِ أَوْ نَحَرَ قَبْلَ الرَّمْيِ

71-бапҚұрбандық шалудан бұрын шашын қырған немесе тас лақтырудан бұрын құрбандық шалған адам туралы

731
Мүслим, № 731Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «وَقَفَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى رَاحِلَتِهِ، فَطَفِقَ نَاسٌ يَسْأَلُونَهُ، فَيَقُولُ الْقَائِلُ مِنْهُمْ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي لَمْ أَكُنْ أَشْعُرُ أَنَّ الرَّمْيَ قَبْلَ النَّحْرِ، فَنَحَرْتُ قَبْلَ الرَّمْيِ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “فَارْمِ وَلَا حَرَجَ”». قَالَ: «وَطَفِقَ آخَرُ يَقُولُ: “إِنِّي لَمْ أَشْعُرْ أَنَّ النَّحْرَ قَبْلَ الْحَلْقِ، فَحَلَقْتُ قَبْلَ أَنْ أَنْحَرَ”، فَيَقُولُ: “اِنْحَرْ وَلَا حَرَجَ”». قَالَ: «فَمَا سَمِعْتُهُ يُسْأَلُ يَوْمَئِذٍ عَنْ أَمْرٍ، مِمَّا يَنْسَى الْمَرْءُ أَوْ يَجْهَلُ، مِنْ تَقْدِيمِ بَعْضِ الْأُمُورِ قَبْلَ بَعْضٍ، وَأَشْبَاهِهَا، إِلَّا قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “اِفْعَلُوا ذَلِكَ، وَلَا حَرَجَ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) көлігінің үстінде тұрған кезде адамдар оған сұрақ қоя бастады. Біреуі: “Уа, Алланың Елшісі! Тас лақтырудың құрбандық шалудан бұрын орындалатынын білмей, тас лақтырмай тұрып құрбандық шалып қойдым”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Тасыңды лақтыра бер, еш айыбы жоқ”, – деді. Басқа біреуі: “Құрбандық шалудың шаш қырудан бұрын орындалатынын білмей, құрбандық шалмай тұрып шашымды қырып қойдым”, – деді. Ол (с.а.с.): “Құрбандығыңды шала бер, еш айыбы жоқ”, – деді. Сол күні адам ұмытып немесе білмей, кейбір амалдарды басқаларынан бұрын орындап қойғаны және осыған ұқсас жайттар жайында қандай сұрақ қойылса да, Алла Елшісінің (с.а.с.): “Оларды орындай беріңдер, еш айыбы жоқ”, – деп жауап бергенін естідім». (1306/328)

732
Мүслим, № 732Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، وَأَتَاهُ رَجُلٌ يَوْمَ النَّحْرِ وَهُوَ وَاقِفٌ عِنْدَ الْجَمْرَةِ، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي حَلَقْتُ قَبْلَ أَنْ أَرْمِيَ”. فَقَالَ: “اِرْمِ وَلَا حَرَجَ”. وَأَتَاهُ آخَرُ فَقَالَ: “إِنِّي ذَبَحْتُ قَبْلَ أَنْ أَرْمِيَ”. قَالَ: “اِرْمِ وَلَا حَرَجَ”. وَأَتَاهُ آخَرُ فَقَالَ: “إِنِّي أَفَضْتُ إِلَى الْبَيْتِ قَبْلَ أَنْ أَرْمِيَ”. قَالَ: “اِرْمِ وَلَا حَرَجَ”». قَالَ: «فَمَا رَأَيْتُهُ سُئِلَ يَوْمَئِذٍ عَنْ شَيْءٍ، إِلَّا قَالَ: “اِفْعَلُوا وَلَا حَرَجَ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) былай деді: «Құрбан айт күні Алла Елшісі (с.а.с.) жәмраның жанында тұрған кезде оған бір кісі келіп: “Уа, Алла Елшісі! Мен жәмраға тас лақтырмай тұрып шашымды алдырып қойдым”, – деді. Сонда оның (с.а.с.): “Тасыңды лақтыра бер, еш айыбы жоқ”, – дегенін естідім. Тағы бір кісі келіп: “Мен жәмраға тас лақтырмай тұрып құрбандығымды шалып қойдым”, – деді. Ол (с.а.с.): “Тасыңды лақтыра бер, еш айыбы жоқ”, – деді. Тағы бір кісі келіп: “Мен жәмраға тас лақтырмай тұрып Қағбаға барып, ифада тауабын жасап қойдым”, – деді. Ол (с.а.с.): “Тасыңды лақтыра бер, еш айыбы жоқ”, – деді». Абдулла ибн Амр: «Сол күні Алла Елшісінен (с.а.с.) қандай мәселе сұралса да, оның: “Істей беріңдер, еш айыбы жоқ”, – деп жауап бергенін көрдім», – деді. (1306/333)

بَابٌ: تَقْلِيدُ الْهَدْيِ وَإِشْعَارُهُ عِنْدَ الْإِحْرَامِ

72-бапИхрамға кіргенде құрбандық малының мойнына белгі тағу және өркешіне тілік салып таңбалау

733
Мүслим, № 733Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «صَلَّى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الظُّهْرَ بِذِي الْحُلَيْفَةِ، ثُمَّ دَعَا بِنَاقَتِهِ فَأَشْعَرَهَا فِي صَفْحَةِ سَنَامِهَا الْأَيْمَنِ، وَسَلَتَ الدَّمَ، وَقَلَّدَهَا نَعْلَيْنِ، ثُمَّ رَكِبَ رَاحِلَتَهُ، فَلَمَّا اسْتَوَتْ بِهِ عَلَى الْبَيْدَاءِ أَهَلَّ بِالْحَجِّ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Зүл-Хуләйфада бесін намазын оқыды. Содан кейін түйесін алдыртып, өркешінің оң жақ бетін тіліп белгі салды да, аққан қанды сүртті. Сосын оның мойнына екі сандал ілді. Одан кейін көлігіне мінді. Түйесі оны Бәйда жазығына алып шыққан кезде қажылыққа тәлбия айтты». (1243/205)

بَابٌ: الْبَعْثُ بِالْهَدْيِ وَتَقْلِيدُهَا وَهُوَ حَلَالٌ

73-бапИхрамға кірмеген күйде құрбандық малының мойнына белгі тағып, оны жіберу

734
Мүслим, № 734

عَنْ عَمْرَةَ بِنْتِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ، أَنَّ ابْنَ زِيَادٍ كَتَبَ إِلَى عَائِشَةَ: «أَنَّ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عَبَّاسٍ قَالَ: “مَنْ أَهْدَى هَدْيًا حَرُمَ عَلَيْهِ مَا يَحْرُمُ عَلَى الْحَاجِّ، حَتَّى يُنْحَرَ الْهَدْيُ”، وَقَدْ بَعَثْتُ بِهَدْيِي، فَاكْتُبِي إِلَيَّ بِأَمْرِكِ». قَالَتْ عَمْرَةُ: «قَالَتْ عَائِشَةُ: “لَيْسَ كَمَا قَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ. أَنَا فَتَلْتُ قَلَائِدَ هَدْيِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِيَدَيَّ، ثُمَّ قَلَّدَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِيَدِهِ، ثُمَّ بَعَثَ بِهَا مَعَ أَبِي، فَلَمْ يَحْرُمْ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ شَيْءٌ أَحَلَّهُ اللَّهُ لَهُ، حَتَّى نُحِرَ الْهَدْيُ”».

Қазақша аудармасы

Амра бинт Абдуррахманның жеткізуінше, Ибн Зияд Айшаға хат жазып: «Абдулла ибн Аббас (р.а.): “Кім құрбандық малын жіберсе, құрбандық шалынғанға дейін қажылықтағы адамға харам болатын нәрселердің бәрі оған да харам болады”, – деді. Мен де құрбандық малымды жібердім. Бұл жөніндегі үкіміңді маған жазып жібер», – деген. Амраның айтуынша, Айша (р.а.): «Мәселе Ибн Аббас айтқандай емес. Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) құрбандық малына тағылатын белгі бауларын өз қолыммен естім. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) сол белгілерді өз қолымен тақты да, құрбандық малын әкеммен бірге жіберді. Құрбандық шалынғанға дейін Алла оған халал еткен нәрселердің ешбірі Алла Елшісіне (с.а.с.) харам болған жоқ», – деді. (1321/369)

735
Мүслим, № 735Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «أَهْدَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَرَّةً إِلَى الْبَيْتِ غَنَمًا، فَقَلَّدَهَا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) бір жолы Қағбаға құрбандық ретінде жіберетін қойлардың мойнына белгі тақты», – деді. (1321/367)

بَابٌ: رُكُوبُ الْبَدَنَةِ

74-бапҚұрбандыққа арналған түйеге міну

736
Мүслим, № 736Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رَأَى رَجُلًا يَسُوقُ بَدَنَةً، فَقَالَ: «اِرْكَبْهَا». قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّهَا بَدَنَةٌ». فَقَالَ: «اِرْكَبْهَا، وَيْلَكَ» فِي الثَّانِيَةِ أَوْ فِي الثَّالِثَةِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) құрбандық түйесін айдап бара жатқан бір адамды көріп: «Оған мін», – деді. Әлгі адам: «Уа, Алланың Елшісі! Бұл құрбандық түйесі ғой», – деді. Сонда ол (с.а.с.) екінші немесе үшінші рет: «Сорың құрысын, оған мін!» – деді. (1322/371)

737
Мүслим, № 737

عَنْ أَبِي الزُّبَيْرِ، قَالَ: «سَمِعْتُ جَابِرَ بْنَ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا سُئِلَ عَنْ رُكُوبِ الْهَدْيِ، فَقَالَ: “سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘اِرْكَبْهَا بِالْمَعْرُوفِ، إِذَا أُلْجِئْتَ إِلَيْهَا حَتَّى تَجِدَ ظَهْرًا’”».

Қазақша аудармасы

Әбу әз-Зубәйр былай деді: «Жәбир ибн Абдулладан (р.а.) құрбандық малына міну жайында сұралғанын естідім. Ол: “Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Оған мінуге мәжбүр болсаң, басқа көлік тапқанша оны жөн-жосығымен мін’, – дегенін естідім”, – деп жауап берді». (1324/375)

بَابٌ: مَا عَطِبَ مِنَ الْهَدْيِ قَبْلَ مَحِلِّهِ

75-бапҚұрбандыққа шалынатын жеріне жетпей өліп қалу қаупі төнген мал туралы

738
Мүслим, № 738Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ ذُؤَيْبًا أَبَا قَبِيصَةَ حَدَّثَهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَبْعَثُ مَعَهُ بِالْبُدْنِ ثُمَّ يَقُولُ: «إِنْ عَطِبَ مِنْهَا شَيْءٌ فَخَشِيتَ عَلَيْهِ مَوْتًا فَانْحَرْهَا، ثُمَّ اِغْمِسْ نَعْلَهَا فِي دَمِهَا، ثُمَّ اِضْرِبْ بِهِ صَفْحَتَهَا، وَلَا تَطْعَمْهَا أَنْتَ وَلَا أَحَدٌ مِنْ أَهْلِ رُفْقَتِكَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) жеткізуінше, Зуәйб Әбу Қабиса Ибн Аббасқа Алла Елшісінің (с.а.с.) құрбандық түйелерін өзімен бірге жіберіп, оған былай дейтінін хабарлаған: «Егер олардың бірі әлсіреп, өліп қалады деп қорықсаң, оны бауызда. Содан кейін мойнына тағылған сандалды қанына малып, бүйіріне бас. Оның етін өзің де жеме, сапарластарыңның ешқайсысы да жемесін» (1326/378).

بَابٌ: الِاشْتِرَاكُ فِي الْهَدْيِ

76-бапҚұрбандық малына ортақтасу

739
Мүслим, № 739Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مُهِلِّينَ بِالْحَجِّ، فَأَمَرَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ نَشْتَرِكَ فِي الْإِبِلِ وَالْبَقَرِ: كُلُّ سَبْعَةٍ مِنَّا فِي بَدَنَةٍ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге қажылыққа тәлбия айтып жолға шықтық. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) бізге бір түйеге де, бір сиырға да жеті-жеті адамнан ортақтасуды бұйырды», – деді (1318/351).

بَابٌ: الْهَدْيُ مِنَ الْبَقَرِ

77-бапҚұрбандыққа сиыр шалу

740
Мүслим, № 740Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «ذَبَحَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا بَقَرَةً يَوْمَ النَّحْرِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Құрбан айт күні Айшаның (р.а.) атынан бір сиыр шалды», – деді (1319/356).

بَابٌ: نَحْرُ الْبُدْنِ قِيَامًا مُقَيَّدَةً

78-бапҚұрбандыққа арналған түйелердің аяғын байлап, оларды тік тұрған күйінде шалу

741
Мүслим, № 741

عَنْ زِيَادِ بْنِ جُبَيْرٍ، أَنَّ ابْنَ عُمَرَ أَتَى عَلَى رَجُلٍ وَهُوَ يَنْحَرُ بَدَنَتَهُ بَارِكَةً، فَقَالَ: «اِبْعَثْهَا قِيَامًا مُقَيَّدَةً، سُنَّةَ نَبِيِّكُمْ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Зияд ибн Жубәйрдің жеткізуінше, Ибн Омар құрбандық түйесін шөгеріп қойып бауыздап жатқан бір кісінің жанынан өтіп бара жатып: «Оның аяғын байлап, тік тұрғыз. Бұл – Пайғамбарларыңның (с.а.с.) сүннеті», – деді (1320/358).

بَابٌ: الصَّدَقَةُ بِلُحُومِ الْهَدْيِ وَجِلَالِهَا وَجُلُودِهَا

79-бапҚұрбандық малының етін, жабуларын және терілерін садақаға беру

742
Мүслим, № 742Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَمَرَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ أَقُومَ عَلَى بُدْنِهِ، وَأَنْ أَتَصَدَّقَ بِلُحُومِهَا وَجُلُودِهَا وَأَجِلَّتِهَا، وَأَنْ لَا أُعْطِيَ الْجَزَّارَ مِنْهَا». وَقَالَ: «نَحْنُ نُعْطِيهِ مِنْ عِنْدِنَا».

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) маған оның құрбандық түйелеріне бас-көз болуды, еттерін, терілерін және үстіндегі жабуларын садақа етуді әрі олардың ешбірін қасапшының ақысына бермеуді бұйырды», – деді. Ол тағы: «Біз қасапшының ақысын өз қаражатымыздан береміз», – деді (1317/348).

بَابٌ: طَوَافُ الْإِفَاضَةِ يَوْمَ النَّحْرِ

80-бапҚұрбан айт күні ифада (парыз) тауабын жасау

743
Мүслим, № 743Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أَفَاضَ يَوْمَ النَّحْرِ، ثُمَّ رَجَعَ فَصَلَّى الظُّهْرَ بِمِنًى. قَالَ نَافِعٌ: «فَكَانَ ابْنُ عُمَرَ يُفِيضُ يَوْمَ النَّحْرِ، ثُمَّ يَرْجِعُ فَيُصَلِّي الظُّهْرَ بِمِنًى وَيَذْكُرُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ فَعَلَهُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) Құрбан айт күні ифада тауабын жасады. Содан кейін Минаға оралып, бесін намазын сонда оқыды. Нафиғ: «Ибн Омар да Құрбан айт күні ифада тауабын жасап, кейін Минаға оралып, бесін намазын сонда оқитын әрі Пайғамбардың (с.а.с.) да осылай істегенін айтатын», – деді (1308/335).

بَابٌ: مَنْ طَافَ بِالْبَيْتِ فَقَدْ حَلَّ

81-бапҚағбаны тауап еткен адам ихрамнан шығады

744
Мүслим, № 744

عَنِ ابْنِ جُرَيْجٍ، قَالَ: «أَخْبَرَنِي عَطَاءٌ، قَالَ: “كَانَ ابْنُ عَبَّاسٍ يَقُولُ: ‘لَا يَطُوفُ بِالْبَيْتِ حَاجٌّ وَلَا غَيْرُ حَاجٍّ إِلَّا حَلَّ’”. قُلْتُ لِعَطَاءٍ: “مِنْ أَيْنَ يَقُولُ ذَلِكَ؟” قَالَ: “مِنْ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿ثُمَّ مَحِلُّهَا إِلَى الْبَيْتِ الْعَتِيقِ﴾ [الْحَجِّ: ٣٣]”. قَالَ: قُلْتُ: “فَإِنَّ ذَلِكَ بَعْدَ الْمُعَرَّفِ”. فَقَالَ: “كَانَ ابْنُ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَقُولُ: ‘هُوَ بَعْدَ الْمُعَرَّفِ وَقَبْلَهُ’، وَكَانَ يَأْخُذُ ذَلِكَ مِنْ أَمْرِ النَّبِيِّ ﷺ، حِينَ أَمَرَهُمْ أَنْ يَحِلُّوا فِي حَجَّةِ الْوَدَاعِ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Журайж былай деді: «Ата маған Ибн Аббастың (р.а.): “Қажылық жасаушы болсын, қажылық жасамаушы болсын, Қағбаны тауап етсе, міндетті түрде ихрамнан шығады”, – дейтінін хабарлады. Мен Атадан: “Ол мұны неге сүйеніп айтады?” – деп сұрадым. Ол: “Алла Тағаланың: ﴿ثُمَّ مَحِلُّهَا إِلَى الْبَيْتِ الْعَتِيقِ﴾ ‘Олардың құрбандыққа шалынатын межелі жері – ең қасиетті, ең көне үй Қағба орналасқан харам аймағы’ (‘Хаж’, 33), – деген сөзіне сүйенеді”, – деді. Мен: “Алайда бұл Арафатта уақфа жасағаннан кейін болады ғой”, – дедім. Ол: “Ибн Аббас (р.а.): ‘Бұл Арафатта уақфа жасағаннан кейін де, оған дейін де болады’, – дейтін. Ол мұны Пайғамбардың (с.а.с.) Қоштасу қажылығында оларға ихрамнан шығуды бұйырған нұсқауынан алған”, – деді» (1245/208).

بَابٌ: يَكْفِي الْقَارِنَ طَوَافٌ وَاحِدٌ لِلْحَجِّ وَالْعُمْرَةِ

82-бапҚажылық пен ұмраны бір ихраммен біріктіріп орындаған адамға екеуі үшін бір тауап жеткілікті

745
Мүслим, № 745Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّهَا حَاضَتْ بِسَرِفَ فَتَطَهَّرَتْ بِعَرَفَةَ فَقَالَ لَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يُجْزِئُ عَنْكِ طَوَافُكِ بِالْبَيْتِ وَبِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ عَنْ حَجِّكِ وَعُمْرَتِكِ».

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) жеткізуінше, ол Сарифте етеккір көріп, Арафатта ғұсыл алған. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Қағбаны тауап етуің мен Сафа мен Маруа арасында жүріп өткенің қажылығың мен ұмраңның екеуіне де жеткілікті», – деді (1211/133).

بَابٌ: مَتَى حَلَّ مَنْ أَحْرَمَ بِحَجٍّ وَعُمْرَةٍ

83-бапҚажылық пен ұмраға бірге ихрамға кірген адам ихрамнан қашан шығады?

746
Мүслим, № 746Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّهَا قَالَتْ: «خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَامَ حَجَّةِ الْوَدَاعِ، فَمِنَّا مَنْ أَهَلَّ بِعُمْرَةٍ، وَمِنَّا مَنْ أَهَلَّ بِحَجٍّ وَعُمْرَةٍ، وَمِنَّا مَنْ أَهَلَّ بِالْحَجِّ، وَأَهَلَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِالْحَجِّ، فَأَمَّا مَنْ أَهَلَّ بِعُمْرَةٍ فَحَلَّ، وَأَمَّا مَنْ أَهَلَّ بِحَجٍّ أَوْ جَمَعَ الْحَجَّ وَالْعُمْرَةَ، فَلَمْ يَحِلُّوا حَتَّى كَانَ يَوْمُ النَّحْرِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Қоштасу қажылығы жылы жолға шықтық. Арамызда ұмраға ниет етіп тәлбия айтқандар да, қажылық пен ұмраға бірге ниет етіп тәлбия айтқандар да, тек қажылыққа ниет етіп тәлбия айтқандар да болды. Алла Елшісі (с.а.с.) тек қажылыққа ниет етіп тәлбия айтты. Ұмраға ниет еткендер ұмрасын аяқтап, ихрамнан шықты. Ал қажылыққа ниет еткендер мен қажылықты ұмрамен қосып орындағандар Құрбан айт күніне дейін ихрамнан шықпады» (1211/118).

بَابٌ: نُزُولُ الْمُحَصَّبِ يَوْمَ النَّفْرِ وَالصَّلَاةُ بِهِ

84-бапМинадан аттанатын күні Мұхассабта аялдау және онда намаз оқу

747
Мүслим, № 747Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ وَأَبَا بَكْرٍ وَعُمَرَ كَانُوا يَنْزِلُونَ الْأَبْطَحَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.), Әбу Бәкір және Омар Әбтахқа түсіп аялдайтын (1310/337).

748
Мүслим, № 748Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «نُزُولُ الْأَبْطَحِ لَيْسَ بِسُنَّةٍ، إِنَّمَا نَزَلَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِأَنَّهُ كَانَ أَسْمَحَ لِخُرُوجِهِ إِذَا خَرَجَ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Әбтахқа түсу сүннет емес. Алла Елшісі (с.а.с.) ол жерден сапарға аттану өзіне ыңғайлы болғандықтан ғана сонда түскен», – деді (1311/339).

749
Мүслим, № 749Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قَالَ لَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَنَحْنُ بِمِنًى: “نَحْنُ نَازِلُونَ غَدًا بِخَيْفِ بَنِي كِنَانَةَ، حَيْثُ تَقَاسَمُوا عَلَى الْكُفْرِ”». وَذَلِكَ أَنَّ قُرَيْشًا وَبَنِي كِنَانَةَ تَحَالَفَتْ عَلَى بَنِي هَاشِمٍ وَبَنِي عَبْدِ الْمُطَّلِبِ أَنْ لَا يُنَاكِحُوهُمْ وَلَا يُبَايِعُوهُمْ، حَتَّى يُسْلِمُوا إِلَيْهِمْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَعْنِي بِذَلِكَ الْمُحَصَّبَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Біз Минада болғанымызда, Алла Елшісі (с.а.с.) бізге: “Ертең Бәну Кинананың Хайфына – олар күпірлік жолында өзара анттасқан жерге – түсеміз”, – деді». Мұның мәнісі мынау: Құрайыш пен Бәну Кинана Бәну Һашим мен Бәну Абдулмутталиб Алла Елшісін (с.а.с.) өздеріне табыстағанға дейін олармен қыз алысып, қыз беріспеуге әрі сауда-саттық жасаспауға өзара анттасқан еді. Бұл жерде Мұхассаб меңзелген (1314/344).

بَابٌ: فِي الْبَيْتُوتَةِ لَيَالِيَ مِنًى بِمَكَّةَ لِأَهْلِ السِّقَايَةِ

85-бапҚажыларға су таратушылардың Минада түнеуге белгіленген түндерді Меккеде өткізуі туралы

750
Мүслим, № 750Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ الْعَبَّاسَ بْنَ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ اِسْتَأْذَنَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَنْ يَبِيتَ بِمَكَّةَ لَيَالِي مِنًى مِنْ أَجْلِ سِقَايَتِهِ، فَأَذِنَ لَهُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, Аббас ибн Абдулмутталиб (р.а.) қажыларға су беру қызметіне байланысты Минада түнеуге тиіс түндерде Меккеде түнеуге Алла Елшісінен (с.а.с.) рұқсат сұрады. Ол (с.а.с.) оған рұқсат берді (1315/346).

751
Мүслим, № 751

عَنْ بَكْرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ الْمُزَنِيِّ، قَالَ: «كُنْتُ جَالِسًا مَعَ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عِنْدَ الْكَعْبَةِ، فَأَتَاهُ أَعْرَابِيٌّ فَقَالَ: “مَا لِي أَرَى بَنِي عَمِّكُمْ يَسْقُونَ الْعَسَلَ وَاللَّبَنَ وَأَنْتُمْ تَسْقُونَ النَّبِيذَ؟ أَمِنْ حَاجَةٍ بِكُمْ أَمْ مِنْ بُخْلٍ؟” فَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: “الْحَمْدُ لِلَّهِ، مَا بِنَا مِنْ حَاجَةٍ وَلَا بُخْلٍ، قَدِمَ النَّبِيُّ ﷺ عَلَى رَاحِلَتِهِ وَخَلْفَهُ أُسَامَةُ، فَاسْتَسْقَى فَأَتَيْنَاهُ بِإِنَاءٍ مِنْ نَبِيذٍ فَشَرِبَ، وَسَقَى فَضْلَهُ أُسَامَةَ، وَقَالَ: ‘أَحْسَنْتُمْ وَأَجْمَلْتُمْ، كَذَا فَاصْنَعُوا’. فَلَا نُرِيدُ تَغْيِيرَ مَا أَمَرَ بِهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ”».

Қазақша аудармасы

Бәкір ибн Абдулла әл-Музани былай деді: «Мен Ибн Аббаспен (р.а.) бірге Қағбаның жанында отырған едім. Сол кезде оған бір бәдәуи келіп: “Неліктен немере ағайындарың бал мен сүт беріп жатыр да, сендер нәбиз беріп жатырсыңдар? Бұл мұқтаждықтан ба, әлде сараңдықтан ба?” – деп сұрады. Ибн Аббас (р.а.): “Аллаға мадақ! Бізде мұқтаждық та, сараңдық та жоқ. Пайғамбар (с.а.с.) артына Усаманы мінгестіріп, мініс көлігімен келді де, сусын сұрады. Біз оған бір ыдыс нәбиз әкелдік. Ол одан ішіп, қалғанын Усамаға ішкізді. Содан кейін: ‘Жақсы әрі көркем істедіңдер. Осылай істей беріңдер’, – деді. Сондықтан біз Алла Елшісінің (с.а.с.) бұйрығын өзгертуді қаламаймыз”, – деді» (1316/347).

بَابٌ: إِقَامَةُ الْمُهَاجِرِ بِمَكَّةَ بَعْدَ قَضَاءِ الْحَجِّ وَالْعُمْرَةِ

86-бапХижрет жасаған адамның қажылық пен ұмраны өтегеннен кейін Меккеде қалуы

752
Мүслим, № 752

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ حُمَيْدٍ، قَالَ: «سَمِعْتُ عُمَرَ بْنَ عَبْدِ الْعَزِيزِ يَقُولُ لِجُلَسَائِهِ: “مَا سَمِعْتُمْ فِي سُكْنَى مَكَّةَ؟” فَقَالَ السَّائِبُ بْنُ يَزِيدَ: “سَمِعْتُ الْعَلَاءَ”» (أَوْ قَالَ: «الْعَلَاءَ بْنَ الْحَضْرَمِيِّ») «“قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ‘يُقِيمُ الْمُهَاجِرُ بِمَكَّةَ بَعْدَ قَضَاءِ نُسُكِهِ ثَلَاثًا’”».

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Хумайд былай деді: «Омар ибн Абдулазиздің қасындағылардан: “Меккеде тұру жайында не естідіңдер?” – деп сұрағанын естідім. Сонда Саиб ибн Язид: “Әланың (немесе: ‘Әла ибн әл-Хадрами’, – деді) былай дегенін естідім: ‘Алла Елшісі (с.а.с.): «Мұһажир қажылық амалдарын өтегеннен кейін Меккеде үш күн тұра алады», – деді’”, – деді» (1352/442).

بَابٌ: لَا يَنْفِرُ أَحَدٌ حَتَّى يَطُوفَ بِالْبَيْتِ لِلْوَدَاعِ

87-бапЕшкім Қағбаны қоштасу үшін тауап етпейінше аттанбасын

753
Мүслим, № 753Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كَانَ النَّاسُ يَنْصَرِفُونَ فِي كُلِّ وَجْهٍ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَا يَنْفِرَنَّ أَحَدٌ حَتَّى يَكُونَ آخِرُ عَهْدِهِ بِالْبَيْتِ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Адамдар әр тарапқа тарайтын. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Қағбадағы соңғы амалы тауап болмайынша, ешкім жолға шықпасын”, – деді» (1327/379).

بَابٌ: الْمَرْأَةُ تَحِيضُ قَبْلَ أَنْ تُوَدِّعَ

88-бапӘйелдің қоштасу тауабын жасамай тұрып етеккірі келуі

754
Мүслим, № 754Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «حَاضَتْ صَفِيَّةُ بِنْتُ حُيَيٍّ بَعْدَ مَا أَفَاضَتْ». قَالَتْ عَائِشَةُ: «فَذَكَرْتُ حِيضَتَهَا لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَحَابِسَتُنَا هِيَ؟”» قَالَتْ: «فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّهَا قَدْ كَانَتْ أَفَاضَتْ وَطَافَتْ بِالْبَيْتِ، ثُمَّ حَاضَتْ بَعْدَ الْإِفَاضَةِ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “فَلْتَنْفِرْ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Сафия бинт Хуәй ифада тауабын жасағаннан кейін етеккір көрді. Мен оның етеккір көргенін Алла Елшісіне (с.а.с.) айттым. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Ол бізді бөгеп қалатын болды ма?” – деп сұрады. Мен: “Уа, Алланың Елшісі! Ол Қағбаға барып, ифада тауабын жасап қойған еді. Содан кейін ғана етеккір көрді”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Онда жолға шыға берсін”, – деді» (1211/382).

755
Мүслим, № 755Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «أُمِرَ النَّاسُ أَنْ يَكُونَ آخِرُ عَهْدِهِمْ بِالْبَيْتِ، إِلَّا أَنَّهُ خُفِّفَ عَنِ الْمَرْأَةِ الْحَائِضِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Адамдарға Қағбадағы соңғы амалдарының тауап болуы бұйырылды. Алайда етеккірлі әйелге жеңілдік берілді», – деді (1328/380).

بَابٌ: فِي إِبَاحَةِ الْعُمْرَةِ فِي شُهُورِ الْحَجِّ

89-бапҚажылық айларында ұмра жасауға рұқсат етілуі туралы

756
Мүслим, № 756Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كَانُوا يَرَوْنَ أَنَّ الْعُمْرَةَ فِي أَشْهُرِ الْحَجِّ مِنْ أَفْجَرِ الْفُجُورِ فِي الْأَرْضِ، وَيَجْعَلُونَ الْمُحَرَّمَ صَفَرًا، وَيَقُولُونَ: “إِذَا بَرَأَ الدَّبَرْ، وَعَفَا الْأَثَرْ، وَانْسَلَخَ صَفَرْ، حَلَّتِ الْعُمْرَةُ لِمَنِ اِعْتَمَرْ”، فَقَدِمَ النَّبِيُّ ﷺ وَأَصْحَابُهُ صَبِيحَةَ رَابِعَةٍ مُهِلِّينَ بِالْحَجِّ فَأَمَرَهُمْ أَنْ يَجْعَلُوهَا عُمْرَةً، فَتَعَاظَمَ ذَلِكَ عِنْدَهُمْ فَقَالُوا: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُّ الْحِلِّ؟” قَالَ: “الْحِلُّ كُلُّهُ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Олар қажылық айларында ұмра жасауды жер бетіндегі ең сорақы күнәлардың бірі деп санайтын әрі Мұхаррам айын Сафар деп есептейтін. Олар: “Түйелердің арқасындағы жаралар жазылып, тұяқ іздері өшіп, Сафар айы аяқталғанда, ұмра жасағысы келген адамға ұмра халал болады”, – дейтін. Пайғамбар (с.а.с.) мен оның сахабалары Зүлхижжаның төртінші күні таңертең қажылық үшін тәлбия айтып келді. Сонда ол (с.а.с.) оларға қажылық ихрамын ұмраға айналдыруды бұйырды. Бұл оларға тым ауыр көрінді. Олар: “Уа, Алланың Елшісі! Ихрамнан қалай шығамыз?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Толығымен шығасыңдар”, – деді» (1240/198).

بَابٌ: فَضْلُ الْعُمْرَةِ فِي رَمَضَانَ

90-бапРамазан айында ұмра жасаудың артықшылығы

757
Мүслим, № 757Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ لِامْرَأَةٍ مِنَ الْأَنْصَارِ يُقَالُ لَهَا أُمُّ سِنَانٍ: «مَا مَنَعَكِ أَنْ تَكُونِي حَجَجْتِ مَعَنَا؟» قَالَتْ: «نَاضِحَانِ كَانَا لِأَبِي فُلَانٍ» (زَوْجِهَا) «حَجَّ هُوَ وَابْنُهُ عَلَى أَحَدِهِمَا، وَكَانَ الْآخَرُ يَسْقِي عَلَيْهِ غُلَامُنَا». قَالَ: «فَعُمْرَةٌ فِي رَمَضَانَ تَقْضِي حَجَّةً أَوْ حَجَّةً مَعِي».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) Үммі Синан есімді ансарлық әйелден: «Бізбен бірге қажылық жасауға саған не кедергі болды?» – деп сұрады. Әйел: «Әбу Пәленше деген күйеуімнің су таситын екі түйесі бар еді. Ол ұлымен бірге соның біріне мініп қажылыққа кетті, ал екіншісімен қызметшіміз су тасып жүрді», – деді. Сонда ол (с.а.с.): «Рамазанда жасалған ұмра бір қажылыққа немесе менімен бірге жасалған қажылыққа тең», – деді (1256/222).

بَابٌ: كَمْ حَجَّ النَّبِيُّ ﷺ؟

91-бапПайғамбар (с.а.с.) қанша рет қажылық жасады?

758
Мүслим, № 758

عَنْ أَبِي إِسْحَاقَ، قَالَ: «سَأَلْتُ زَيْدَ بْنَ أَرْقَمَ: “كَمْ غَزَوْتَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ؟” قَالَ: “سَبْعَ عَشْرَةَ”». قَالَ: «وَحَدَّثَنِي زَيْدُ بْنُ أَرْقَمَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ غَزَا تِسْعَ عَشْرَةَ، وَأَنَّهُ حَجَّ بَعْدَمَا هَاجَرَ حَجَّةً وَاحِدَةً، حَجَّةَ الْوَدَاعِ». قَالَ أَبُو إِسْحَاقَ: «وَبِمَكَّةَ أُخْرَى».

Қазақша аудармасы

Әбу Исхақ былай деді: «Мен Зәйд ибн Арқамнан: “Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге неше жорыққа қатыстың?” – деп сұрадым. Ол: “Он жеті”, – деді. Сондай-ақ Зәйд ибн Арқам маған: “Алла Елшісі (с.а.с.) он тоғыз жорыққа шығып, хижреттен кейін бір рет – Қоштасу қажылығын жасады”, – деп баяндады». Әбу Исхақ: «Меккеде жүрген кезінде тағы бір рет қажылық жасаған», – деді (1254/218).

بَابٌ: كَمِ اِعْتَمَرَ النَّبِيُّ ﷺ؟

92-бапПайғамбар (с.а.с.) қанша рет ұмра жасады?

759
Мүслим, № 759Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ اِعْتَمَرَ أَرْبَعَ عُمَرٍ كُلُّهُنَّ فِي ذِي الْقَعْدَةِ إِلَّا الَّتِي مَعَ حَجَّتِهِ: عُمْرَةً مِنَ الْحُدَيْبِيَةِ أَوْ زَمَنَ الْحُدَيْبِيَةِ فِي ذِي الْقَعْدَةِ، وَعُمْرَةً مِنَ الْعَامِ الْمُقْبِلِ فِي ذِي الْقَعْدَةِ، وَعُمْرَةً مِنْ جِعْرَانَةَ حَيْثُ قَسَمَ غَنَائِمَ حُنَيْنٍ فِي ذِي الْقَعْدَةِ، وَعُمْرَةً مَعَ حَجَّتِهِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) төрт рет ұмра жасады. Қажылығымен бірге жасаған ұмрасынан өзгесінің бәрі Зүлқағда айында болды: Зүлқағда айында жасаған Худайбия ұмрасы немесе Худайбия оқиғасы кезіндегі ұмрасы; келесі жылы Зүлқағда айында жасаған ұмрасы; Хунәйн олжаларын бөлген Жиғранадан Зүлқағда айында жасаған ұмрасы және қажылығымен бірге жасаған ұмрасы» (1253/217).

بَابٌ: فِي التَّقْصِيرِ فِي الْعُمْرَةِ

93-бапҰмра кезінде шашты қысқарту туралы

760
Мүслим, № 760Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ، أَنَّ مُعَاوِيَةَ بْنَ أَبِي سُفْيَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَخْبَرَهُ، قَالَ: «قَصَّرْتُ عَنْ [رَأْسِ] رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِمِشْقَصٍ، وَهُوَ عَلَى الْمَرْوَةِ، أَوْ رَأَيْتُهُ يُقَصَّرُ عَنْهُ بِمِشْقَصٍ، وَهُوَ عَلَى الْمَرْوَةِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың жеткізуінше, оған Мұғауия ибн Әбу Суфиян (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Маруада тұрған кезде оның шашын жебенің ұшымен қысқарттым немесе Маруада тұрғанда оның шашының жебе ұшымен қысқартылып жатқанын көрдім» (1246/210).

بَابٌ: قَضَاءُ الْحَائِضِ الْعُمْرَةَ

94-бапЕтеккірі келген әйелдің ұмраны кейін өтеуі

761
Мүслим, № 761

عَنْ أُمِّ الْمُؤْمِنِينَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، يَصْدُرُ النَّاسُ بِنُسُكَيْنِ وَأَصْدُرُ بِنُسُكٍ وَاحِدٍ؟» قَالَ: «اِنْتَظِرِي، فَإِذَا طَهَرْتِ فَاخْرُجِي إِلَى التَّنْعِيمِ، فَأَهِلِّي مِنْهُ، ثُمَّ اِلْقَيْنَا عِنْدَ كَذَا وَكَذَا» (قَالَ: أَظُنُّهُ قَالَ: «غَدًا») «وَلَكِنَّهَا عَلَى قَدْرِ نَصَبِكِ»، أَوْ قَالَ: «نَفَقَتِكِ».

Қазақша аудармасы

Мүміндердің анасы (р.а.) былай деді: «Мен: “Уа, Алланың Елшісі! Адамдар екі ғибадатты да орындап қайтқанда, мен бір ғана ғибадатты орындап қайтамын ба?” – дедім. Ол: “Күте тұр. Тазарған соң Танғимге шығып, сол жерден ұмраға тәлбия айт. Содан кейін бізбен пәлен жерде кездес”, – деді». Риуаятшы: «Меніңше, ол: “Ертең”, – деді», – деген. Сондай-ақ ол (с.а.с.): «Бұл ұмраның сауабы тартқан машақатыңның шамасына қарай болады», – деді немесе: «Жұмсаған қаражатыңның шамасына қарай болады», – деді (1211/126).

بَابٌ: مَا يَقُولُ إِذَا قَفَلَ مِنْ سَفَرِ الْحَجِّ وَغَيْرِهِ

95-бапҚажылықтан немесе өзге сапардан қайтқанда айтылатын сөздер

762
Мүслим, № 762Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا قَفَلَ مِنَ الْجُيُوشِ أَوِ السَّرَايَا أَوِ الْحَجِّ أَوِ الْعُمْرَةِ، إِذَا أَوْفَى عَلَى ثَنِيَّةٍ أَوْ فَدْفَدٍ، كَبَّرَ ثَلَاثًا، ثُمَّ قَالَ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، آيِبُونَ، تَائِبُونَ، عَابِدُونَ، سَاجِدُونَ، لِرَبِّنَا حَامِدُونَ. صَدَقَ اللَّهُ وَعْدَهُ، وَنَصَرَ عَبْدَهُ، وَهَزَمَ الْأَحْزَابَ وَحْدَهُ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) әскермен немесе жасақпен шыққан жорықтан, қажылықтан немесе ұмрадан қайтып келе жатып, бір асуға не биік жазыққа көтерілгенде үш рет тәкбір айтатын. Содан кейін: “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Ол – жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Оған тән әрі барлық мадақ Оған лайық. Ол барлық нәрсеге құдіретті. Біз – қайтушылармыз, тәубе етушілерміз, құлшылық етушілерміз, сәжде жасаушылармыз әрі Раббымызға мадақ айтушылармыз. Алла уәдесін орындады, құлына жәрдем берді және одақтас топтарды жалғыз Өзі жеңді”, – дейтін» (1344/428).

بَابٌ: التَّعْرِيسُ وَالصَّلَاةُ بِذِي الْحُلَيْفَةِ إِذَا صَدَرَ مِنَ الْحَجِّ وَالْعُمْرَةِ

96-бапҚажылық пен ұмрадан қайтқанда Зүл-Хуләйфада түннің соңында аялдап демалу және намаз оқу

763
Мүслим, № 763Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَنَاخَ بِالْبَطْحَاءِ الَّتِي بِذِي الْحُلَيْفَةِ، فَصَلَّى بِهَا. قَالَ: «وَكَانَ ابْنُ عُمَرَ يَفْعَلُ ذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Зүл-Хуләйфадағы Батха жазығына түйесін шөгеріп, сол жерде намаз оқыған», – деді. Ибн Омар да осылай істейтін (1257/430).

764
Мүслим, № 764

عَنْ نَافِعٍ، أَنَّ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا كَانَ إِذَا صَدَرَ مِنَ الْحَجِّ أَوِ الْعُمْرَةِ أَنَاخَ بِالْبَطْحَاءِ الَّتِي بِذِي الْحُلَيْفَةِ، الَّتِي كَانَ يُنِيخُ بِهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Нафиғ: «Абдулла ибн Омар (р.а.) қажылықтан немесе ұмрадан қайтқанда Зүл-Хуләйфадағы Батха жазығына келіп, Алла Елшісі (с.а.с.) түйесін шөгерген жерге өз түйесін шөгеріп аялдайтын», – деді (1257/432).

765
Мүслим, № 765Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أُتِيَ وَهُوَ فِي مُعَرَّسِهِ مِنْ ذِي الْحُلَيْفَةِ فِي بَطْنِ الْوَادِي، فَقِيلَ: «إِنَّكَ بِبَطْحَاءَ مُبَارَكَةٍ». قَالَ مُوسَى: «وَقَدْ أَنَاخَ بِنَا سَالِمٌ بِالْمُنَاخِ مِنَ الْمَسْجِدِ الَّذِي كَانَ عَبْدُ اللَّهِ يُنِيخُ بِهِ، يَتَحَرَّى مُعَرَّسَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَهُوَ أَسْفَلُ مِنَ الْمَسْجِدِ الَّذِي بِبَطْنِ الْوَادِي، بَيْنَهُ وَبَيْنَ الْقِبْلَةِ، وَسَطًا مِنْ ذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) Зүл-Хуләйфадағы аңғар ішінде орналасқан түнгі аялдау орнында болған кезде оған біреу келіп: «Расында, сен берекелі жазықтасың», – деген. Мұса: «Сәлим бізді мешіт жанындағы, Абдулла түйесін шөгеріп аялдайтын жерге түсірді. Абдулла Алла Елшісінің (с.а.с.) түнде аялдаған орнын дәл табуға тырысатын. Бұл орын аңғар ішіндегі мешіттен төменірек, мешіт пен құбыла бағытының арасында, сол аралықтың орта тұсында орналасқан», – деді (1346/434).

بَابٌ: فِي تَحْرِيمِ مَكَّةَ وَصَيْدِهَا وَشَجَرِهَا وَلُقَطَتِهَا

97-бапМеккенің қасиетті мекен деп белгіленуі және ондағы аңдарға, ағаштарға, табылған заттарға қатысты тыйымдар туралы

766
Мүслим, № 766Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «لَمَّا فَتَحَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مَكَّةَ، قَامَ فِي النَّاسِ، فَحَمِدَ اللَّهَ وَأَثْنَى عَلَيْهِ. ثُمَّ قَالَ: “إِنَّ اللَّهَ حَبَسَ عَنْ مَكَّةَ الْفِيلَ، وَسَلَّطَ عَلَيْهَا رَسُولَهُ وَالْمُؤْمِنِينَ، وَإِنَّهَا لَمْ تَحِلَّ لِأَحَدٍ كَانَ قَبْلِي، وَإِنَّهَا أُحِلَّتْ لِي سَاعَةً مِنْ نَهَارٍ، وَإِنَّهَا لَنْ تَحِلَّ لِأَحَدٍ بَعْدِي، فَلَا يُنَفَّرُ صَيْدُهَا، وَلَا يُخْتَلَى شَوْكُهَا، وَلَا تَحِلُّ سَاقِطَتُهَا إِلَّا لِمُنْشِدٍ، وَمَنْ قُتِلَ لَهُ قَتِيلٌ فَهُوَ بِخَيْرِ النَّظَرَيْنِ: إِمَّا أَنْ يُفْدَى، وَإِمَّا أَنْ يُقْتَلَ”. فَقَالَ الْعَبَّاسُ: “إِلَّا الْإِذْخِرَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَإِنَّا نَجْعَلُهُ فِي قُبُورِنَا وَبُيُوتِنَا”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِلَّا الْإِذْخِرَ”. فَقَامَ أَبُو شَاهٍ (رَجُلٌ مِنْ أَهْلِ الْيَمَنِ)، فَقَالَ: “اُكْتُبُوا لِي، يَا رَسُولَ اللَّهِ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “اُكْتُبُوا لِأَبِي شَاهٍ”». قَالَ الْوَلِيدُ: «قُلْتُ لِلْأَوْزَاعِيِّ: “مَا قَوْلُهُ: ‘اُكْتُبُوا لِي، يَا رَسُولَ اللَّهِ’؟” قَالَ: “هَذِهِ الْخُطْبَةُ الَّتِي سَمِعَهَا مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Ұлы әрі Құдіретті Алла Меккені Алла Елшісіне (с.а.с.) бағындырған кезде, ол адамдардың алдына тұрып, Аллаға мадақ айтып, Оны дәріптеді. Содан кейін: “Расында, Алла пілді Меккеге жібермей, оған Өз Елшісі мен мүміндерді үстем етті. Мекке менен бұрын ешкімге халал етілген емес. Маған күндізгі бір мезетте ғана халал етілді және менен кейін де ешкімге халал етілмейді. Сондықтан оның аң-құсы үркітілмесін, тікенді өсімдіктері кесілмесін. Ондағы жоғалған затты иесін іздеп, жұртқа жариялайтын адамнан басқа ешкім алмасын. Кімнің жақыны өлтірілсе, ол екі жолдың бірін таңдай алады: не құн төленеді, не кісі өлтіруші өлтіріледі”, – деді. Сонда Аббас: “Уа, Алланың Елшісі! Изхирді қоспағанда. Өйткені біз оны қабірлеріміз бен үйлерімізге пайдаланамыз”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Изхирді қоспағанда”, – деді. Содан кейін йемендік Әбу Шаһ есімді адам орнынан тұрып: “Уа, Алланың Елшісі! Мұны маған жазып беріңдер”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Әбу Шаһқа жазып беріңдер”, – деді». Уәлид: «Мен әл-Аузағиден: “Оның: ‘Уа, Алланың Елшісі! Мұны маған жазып беріңдер’, – деген сөзінің мағынасы қандай?” – деп сұрадым. Ол: “Алла Елшісінен (с.а.с.) естіген осы құтбаны айтып тұр”, – деді», – деген (1355/447).

767
Мүслим, № 767Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “لَا يَحِلُّ لِأَحَدِكُمْ أَنْ يَحْمِلَ بِمَكَّةَ السِّلَاحَ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Сендердің ешқайсыларыңа Меккеде қару алып жүру халал емес”, – дегенін естідім», – деді (1356/449).

بَابٌ: دُخُولُ النَّبِيِّ ﷺ مَكَّةَ غَيْرَ مُحْرِمٍ يَوْمَ الْفَتْحِ

98-бапПайғамбардың (с.а.с.) Мекке алынған күні қалаға ихрамсыз кіруі

768
Мүслим, № 768Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ دَخَلَ مَكَّةَ (وَقَالَ قُتَيْبَةُ: «دَخَلَ يَوْمَ فَتْحِ مَكَّةَ»)، وَعَلَيْهِ عِمَامَةٌ سَوْدَاءُ بِغَيْرِ إِحْرَامٍ.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла әл-Ансари (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) басына қара сәлде орап, Меккеге ихрамсыз кіргенін жеткізді. Қутайбаның риуаятында: «Мекке алынған күні кірді», – делінген (1358/451).

769
Мүслим, № 769Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ دَخَلَ مَكَّةَ عَامَ الْفَتْحِ وَعَلَى رَأْسِهِ الْمِغْفَرُ، فَلَمَّا نَزَعَهُ جَاءَهُ رَجُلٌ، فَقَالَ: «ابْنُ خَطَلٍ مُتَعَلِّقٌ بِأَسْتَارِ الْكَعْبَةِ». فَقَالَ: «اُقْتُلُوهُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик Пайғамбардың (с.а.с.) Мекке алынған жылы басына темір дулыға киіп, Меккеге кіргенін жеткізді. Ол дулығасын шешкен кезде бір адам келіп: «Ибн Хатал Қағбаның жабуына жармасып тұр», – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Оны өлтіріңдер», – деді (1357/450).

بَابٌ: فِي جَدْرِ الْكَعْبَةِ وَبَابِهَا

99-бапҚағбаның Хижр қоршауы мен есігі туралы

770
Мүслим, № 770Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «سَأَلْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنِ الْجَدْرِ: “أَمِنَ الْبَيْتِ هُوَ؟” قَالَ: “نَعَمْ”. قُلْتُ: “فَلِمَ لَمْ يُدْخِلُوهُ فِي الْبَيْتِ؟” قَالَ: “إِنَّ قَوْمَكِ قَصَّرَتْ بِهِمُ النَّفَقَةُ”. قُلْتُ: “فَمَا شَأْنُ بَابِهِ مُرْتَفِعًا؟” قَالَ: “فَعَلَ ذَلِكِ قَوْمُكِ لِيُدْخِلُوا مَنْ شَاءُوا، وَيَمْنَعُوا مَنْ شَاءُوا، وَلَوْلَا أَنَّ قَوْمَكِ حَدِيثٌ عَهْدُهُمْ فِي الْجَاهِلِيَّةِ، فَأَخَافُ أَنْ تُنْكِرَ قُلُوبُهُمْ، لَنَظَرْتُ أَنْ أُدْخِلَ الْجَدْرَ فِي الْبَيْتِ، وَأَنْ أُلْزِقَ بَابَهُ بِالْأَرْضِ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Мен Алла Елшісінен (с.а.с.): “Хижр Қағбаның бір бөлігі ме?” – деп сұрадым. Ол: “Иә”, – деді. Мен: “Олай болса, неліктен оны Қағбаның құрамына қоспаған?” – дедім. Ол: “Сенің қауымыңның қаражаты жетпей қалды”, – деді. Мен: “Есігінің жерден биік орналасуының себебі неде?” – деп сұрадым. Ол: “Сенің қауымың мұны қалаған адамын кіргізіп, қалаған адамын кіргізбеу үшін істеген. Қауымыңның жаһилияттан шыққанына көп уақыт өте қоймағандықтан, олардың жүректері мұны жатсынып қалар деп қорқамын. Әйтпесе Хижрді Қағбаның құрамына қосып, есігін жермен деңгейлес етуді ойластырар едім”, – деді» (1333/405).

بَابٌ: فِي نَقْضِ الْكَعْبَةِ وَبِنَائِهَا

100-бапҚағбаны бұзу және қайта салу туралы

771
Мүслим, № 771

عَنْ عَطَاءٍ، قَالَ: «لَمَّا اِحْتَرَقَ الْبَيْتُ زَمَنَ يَزِيدَ بْنِ مُعَاوِيَةَ حِينَ غَزَاهَا أَهْلُ الشَّامِ، فَكَانَ مِنْ أَمْرِهِ مَا كَانَ، تَرَكَهُ ابْنُ الزُّبَيْرِ حَتَّى قَدِمَ النَّاسُ الْمَوْسِمَ، يُرِيدُ أَنْ يُجَرِّئَهُمْ (أَوْ يُحَرِّبَهُمْ) عَلَى أَهْلِ الشَّامِ، فَلَمَّا صَدَرَ النَّاسُ قَالَ: “يَا أَيُّهَا النَّاسُ، أَشِيرُوا عَلَيَّ فِي الْكَعْبَةِ، أَنْقُضُهَا ثُمَّ أَبْنِي بِنَاءَهَا؟ أَوْ أُصْلِحُ مَا وَهَى مِنْهَا؟” قَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: “فَإِنِّي قَدْ فُرِقَ لِي رَأْيٌ فِيهَا، أَرَى أَنْ تُصْلِحَ مَا وَهَى مِنْهَا، وَتَدَعَ بَيْتًا أَسْلَمَ النَّاسُ عَلَيْهِ، وَأَحْجَارًا أَسْلَمَ النَّاسُ عَلَيْهَا، وَبُعِثَ عَلَيْهَا النَّبِيُّ ﷺ”. فَقَالَ ابْنُ الزُّبَيْرِ: “لَوْ كَانَ أَحَدُكُمُ اِحْتَرَقَ بَيْتُهُ مَا رَضِيَ حَتَّى يُجِدَّهُ، فَكَيْفَ بَيْتُ رَبِّكُمْ؟ إِنِّي مُسْتَخِيرٌ رَبِّي ثَلَاثًا، ثُمَّ عَازِمٌ عَلَى أَمْرِي”، فَلَمَّا مَضَى الثَّلَاثُ أَجْمَعَ رَأْيَهُ عَلَى أَنْ يَنْقُضَهَا، فَتَحَامَاهُ النَّاسُ أَنْ يَنْزِلَ بِأَوَّلِ النَّاسِ يَصْعَدُ فِيهِ أَمْرٌ مِنَ السَّمَاءِ، حَتَّى صَعِدَهُ رَجُلٌ، فَأَلْقَى مِنْهُ حِجَارَةً، فَلَمَّا لَمْ يَرَهُ النَّاسُ أَصَابَهُ شَيْءٌ تَتَابَعُوا فَنَقَضُوهُ حَتَّى بَلَغُوا بِهِ الْأَرْضَ، فَجَعَلَ ابْنُ الزُّبَيْرِ أَعْمِدَةً، فَسَتَّرَ عَلَيْهَا السُّتُورَ حَتَّى اِرْتَفَعَ بِنَاؤُهُ. وَقَالَ ابْنُ الزُّبَيْرِ: “إِنِّي سَمِعْتُ عَائِشَةَ تَقُولُ: ‘إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: ‹لَوْلَا أَنَّ النَّاسَ حَدِيثٌ عَهْدُهُمْ بِكُفْرٍ، وَلَيْسَ عِنْدِي مِنَ النَّفَقَةِ مَا يُقَوِّينِي عَلَى بِنَائِهِ، لَكُنْتُ أَدْخَلْتُ فِيهِ مِنَ الْحِجْرِ خَمْسَ أَذْرُعٍ، وَجَعَلْتُ لَهَا بَابًا يَدْخُلُ النَّاسُ مِنْهُ، وَبَابًا يَخْرُجُونَ مِنْهُ›’”. قَالَ: “فَأَنَا الْيَوْمَ أَجِدُ مَا أُنْفِقُ، وَلَسْتُ أَخَافُ النَّاسَ”». قَالَ: «فَزَادَ فِيهِ خَمْسَ أَذْرُعٍ مِنَ الْحِجْرِ حَتَّى أَبْدَى أُسًّا نَظَرَ النَّاسُ إِلَيْهِ، فَبَنَى عَلَيْهِ الْبِنَاءَ. وَكَانَ طُولُ الْكَعْبَةِ ثَمَانِيَ عَشْرَةَ ذِرَاعًا، فَلَمَّا زَادَ فِيهِ اِسْتَقْصَرَهُ، فَزَادَ فِي طُولِهِ عَشْرَ أَذْرُعٍ، وَجَعَلَ لَهُ بَابَيْنِ: أَحَدُهُمَا يُدْخَلُ مِنْهُ، وَالْآخَرُ يُخْرَجُ مِنْهُ. فَلَمَّا قُتِلَ ابْنُ الزُّبَيْرِ كَتَبَ الْحَجَّاجُ إِلَى عَبْدِ الْمَلِكِ بْنِ مَرْوَانَ يُخْبِرُهُ بِذَلِكَ، وَيُخْبِرُهُ أَنَّ ابْنَ الزُّبَيْرِ قَدْ وَضَعَ الْبِنَاءَ عَلَى أُسٍّ نَظَرَ إِلَيْهِ الْعُدُولُ مِنْ أَهْلِ مَكَّةَ، فَكَتَبَ إِلَيْهِ عَبْدُ الْمَلِكِ: “إِنَّا لَسْنَا مِنْ تَلْطِيخِ ابْنِ الزُّبَيْرِ فِي شَيْءٍ، أَمَّا مَا زَادَ فِي طُولِهِ فَأَقِرَّهُ، وَأَمَّا مَا زَادَ فِيهِ مِنَ الْحِجْرِ فَرُدَّهُ إِلَى بِنَائِهِ، وَسُدَّ الْبَابَ الَّذِي فَتَحَهُ”. فَنَقَضَهُ وَأَعَادَهُ إِلَى بِنَائِهِ».

Қазақша аудармасы

Ата былай деді: «Язид ибн Муғауияның тұсында Шам тұрғындары Меккеге шабуыл жасаған кезде Қағба өртеніп, белгілі оқиға орын алды. Ибн әз-Зубәйр Қағбаны адамдар қажылық маусымына келгенге дейін сол күйінде қалдырды. Ол жұртты Шам тұрғындарына қарсы батылдандырмақ немесе оларға деген ашу-ызасын күшейтпек болды. Адамдар қажылықтан қайтқан кезде, ол: “Уа, адамдар! Қағба жайында маған ақыл-кеңестеріңді айтыңдар. Оны бұзып, қайта тұрғызайын ба, әлде бүлінген тұстарын ғана жөндейін бе?” – деді. Ибн Аббас: “Бұл жайында менің ойым мынаған тоқтады: оның бүлінген тұстарын жөнде де, адамдар Исламды қабылдаған кезде тұрған Қағбаны және олар Исламды қабылдағанда да, Пайғамбар (с.а.с.) жіберілгенде де болған тастарды сол қалпында қалдыр”, – деді. Сонда Ибн әз-Зубәйр: “Егер біріңнің үйі өртенсе, оны жаңартып алмайынша көңілі толмас еді. Ендеше, Раббыларыңның үйі ше? Мен үш күн бойы Раббымнан қайырлы шешім тілеймін, содан кейін бұл іске біржола бекінемін”, – деді. Үш күн өткен соң, ол Қағбаны бұзу жөніндегі шешімге нық тоқтады. Адамдар оның үстіне бірінші болып шыққан кісіге аспаннан бір пәле түсіп кетер деп қорқып, Қағбаны бұзуға батпады. Ақыры бір адам оның үстіне көтеріліп, тастарын төмен тастады. Жұрт оған ештеңе болмағанын көрген соң, бірінен кейін бірі іске кірісіп, Қағбаны жер деңгейіне дейін бұзып түсірді. Содан кейін Ибн әз-Зубәйр бағаналар орнатып, құрылыс қайта көтерілгенше олардың үстіне перделер жапты. Ибн әз-Зубәйр: “Мен Айшаның: ‘Пайғамбар (с.а.с.): «Адамдар күпірліктен жақында ғана арылмағанда әрі оны қайта тұрғызуға жеткілікті қаражатым болғанда, Хижр жағынан бес шынтақ жерді Қағбаға қосып, оған адамдар кіретін бір есік пен шығатын бір есік жасар едім», – деді’, – дегенін естідім”, – деді. Содан кейін: “Ал бүгінде менде жұмсайтын қаражат бар әрі адамдардан қауіптенбеймін”, – деді. Сөйтіп, ол Хижр жағынан бес шынтақ жерді Қағбаға қосып, жұрт өз көзімен көрген іргетасты ашты да, құрылысты соның үстіне тұрғызды. Қағбаның биіктігі он сегіз шынтақ еді. Оны кеңейткеннен кейін аласа көріп, биіктігін тағы он шынтаққа арттырды. Сондай-ақ оған екі есік жасады: бірінен адамдар кіріп, екіншісінен шығатын болды. Ибн әз-Зубәйр өлтірілгеннен кейін, Хажжаж Абдулмәлик ибн Мәруанға хат жазып, болған жағдайды және Ибн әз-Зубәйрдің құрылысты Мекке тұрғындарының арасындағы әділ адамдар өз көздерімен көрген іргетастың үстіне тұрғызғанын хабарлады. Сонда Абдулмәлик оған: “Біздің Ибн әз-Зубәйрдің бұл былығына қатысымыз жоқ. Оның Қағбаның биіктігіне қосқанын сол күйінде қалдыр. Ал Хижр жағынан қосқан бөлігін бұрынғы құрылыс қалпына қайтар да, өзі ашқан есікті бекітіп таста”, – деп жазды. Содан кейін Хажжаж оны бұзып, бұрынғы қалпына қайтарды» (1333/402).

772
Мүслим, № 772

عَنْ أَبِي قَزَعَةَ، أَنَّ عَبْدَ الْمَلِكِ بْنَ مَرْوَانَ بَيْنَمَا هُوَ يَطُوفُ بِالْبَيْتِ إِذْ قَالَ: «قَاتَلَ اللَّهُ ابْنَ الزُّبَيْرِ حَيْثُ يَكْذِبُ عَلَى أُمِّ الْمُؤْمِنِينَ، يَقُولُ: “سَمِعْتُهَا تَقُولُ: ‘قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ‹يَا عَائِشَةُ، لَوْلَا حِدْثَانُ قَوْمِكِ بِالْكُفْرِ لَنَقَضْتُ الْبَيْتَ حَتَّى أَزِيدَ فِيهِ مِنَ الْحِجْرِ، فَإِنَّ قَوْمَكِ قَصَّرُوا فِي الْبِنَاءِ›’”». فَقَالَ الْحَارِثُ بْنُ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي رَبِيعَةَ: «لَا تَقُلْ هَذَا، يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ، فَأَنَا سَمِعْتُ أُمَّ الْمُؤْمِنِينَ تُحَدِّثُ هَذَا». قَالَ: «لَوْ كُنْتُ سَمِعْتُهُ قَبْلَ أَنْ أَهْدِمَهُ، لَتَرَكْتُهُ عَلَى مَا بَنَى ابْنُ الزُّبَيْرِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Қазаға Абдулмәлик ибн Мәруанның Қағбаны тауап етіп жүргенде былай дегенін жеткізді: «Алла Ибн әз-Зубәйрдің жазасын берсін! Ол мүміндердің анасына өтірік жауып: “Оның Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Уа, Айша! Егер қауымың күпірліктен жақында ғана арылмағанда, Қағбаны бұзып, оған Хижрдің бір бөлігін қосар едім. Өйткені қауымың құрылысты толық көлемінде тұрғызбаған’, – дегенін жеткізгенін естідім”, – дейді». Сонда Харис ибн Абдулла ибн Әбу Рабиға: «Уа, мүміндердің әміршісі! Олай демеңіз. Өйткені мен мүміндердің анасының осыны баяндағанын өзім естідім», – деді. Сонда Абдулмәлик: «Егер мұны Қағбаны бұзбай тұрып естігенімде, оны Ибн әз-Зубәйр тұрғызған қалпында қалдырар едім», – деді (1333/404).

بَابٌ: تَحْرِيمُ الْمَدِينَةِ وَصَيْدِهَا وَشَجَرِهَا وَالدُّعَاءُ لَهَا

101-бапМәдинаның қасиетті мекен деп белгіленуі, ондағы аңдар мен ағаштарға қатысты тыйымдар және қала үшін дұға ету

773
Мүслим, № 773

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَيْدِ بْنِ عَاصِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ إِبْرَاهِيمَ حَرَّمَ مَكَّةَ وَدَعَا لِأَهْلِهَا، وَإِنِّي حَرَّمْتُ الْمَدِينَةَ كَمَا حَرَّمَ إِبْرَاهِيمُ مَكَّةَ، وَإِنِّي دَعَوْتُ فِي صَاعِهَا وَمُدِّهَا بِمِثْلَيْ مَا دَعَا بِهِ إِبْرَاهِيمُ لِأَهْلِ مَكَّةَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Зәйд ибн Асымның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Расында, Ибраһим Меккені харам аймақ етіп, оның халқы үшін дұға етті. Мен де Ибраһим Меккені харам аймақ еткендей, Мәдинаны харам аймақ еттім. Сондай-ақ Мәдинаның сағы мен мүдіне Ибраһимнің Мекке халқына тілегенінен екі есе мол береке тіледім», – деген (1360/454).

774
Мүслим, № 774

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنِّي أُحَرِّمُ مَا بَيْنَ لَابَتَيِ الْمَدِينَةِ أَنْ يُقْطَعَ عِضَاهُهَا أَوْ يُقْتَلَ صَيْدُهَا». وَقَالَ: «الْمَدِينَةُ خَيْرٌ لَهُمْ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ. لَا يَدَعُهَا أَحَدٌ رَغْبَةً عَنْهَا إِلَّا أَبْدَلَ اللَّهُ فِيهَا مَنْ هُوَ خَيْرٌ مِنْهُ. وَلَا يَثْبُتُ أَحَدٌ عَلَى لَأْوَائِهَا وَجَهْدِهَا إِلَّا كُنْتُ لَهُ شَفِيعًا أَوْ شَهِيدًا يَوْمَ الْقِيَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Мен Мәдинаның екі қара тасты алқабының арасын қасиетті аумақ етемін: оның тікенекті ағаштары кесілмесін әрі аңдары өлтірілмесін”, – деді. Сондай-ақ: “Мәдина – олар үшін қайырлы. Олар мұны білсе ғой! Кімде-кім Мәдинаны ұнатпай, тастап кетсе, Алла оның орнына одан да жақсы біреуді қоныстандырады. Ал кімде-кім оның қиындығы мен ауыртпалығына төзсе, Қиямет күні мен оған шапағатшы немесе куә боламын”, – деді», – деп баяндады (1363/459).

775
Мүслим, № 775

عَنْ عَامِرِ بْنِ سَعْدٍ، أَنَّ سَعْدًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ رَكِبَ إِلَى قَصْرِهِ بِالْعَقِيقِ، فَوَجَدَ عَبْدًا يَقْطَعُ شَجَرًا أَوْ يَخْبِطُهُ، فَسَلَبَهُ، فَلَمَّا رَجَعَ سَعْدٌ جَاءَهُ أَهْلُ الْعَبْدِ فَكَلَّمُوهُ أَنْ يَرُدَّ عَلَى غُلَامِهِمْ (أَوْ عَلَيْهِمْ) مَا أَخَذَ مِنْ غُلَامِهِمْ، فَقَالَ: «مَعَاذَ اللَّهِ أَنْ أَرُدَّ شَيْئًا نَفَّلَنِيهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ»، وَأَبَى أَنْ يَرُدَّ عَلَيْهِمْ.

Қазақша аудармасы

Амир ибн Сағд былай деді: «Сағд (р.а.) көлікке мініп, Ақиқтағы сарайына аттанды. Ол бір құлдың ағаш кесіп немесе оның бұтақтарын қағып жатқанын көріп, үстіндегі киімдерін алып қойды. Сағд қайтып келгенде, әлгі құлдың қожайындары келіп, құлынан алған киімдерін сол құлға немесе өздеріне қайтаруын сұрады. Сонда Сағд: “Алла сақтасын! Алла Елшісі (с.а.с.) маған олжа етіп берген нәрсені қайтармаймын”, – деді де, оларды қайтарып беруден бас тартты» (1364/461).

776
Мүслим, № 776Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اللَّهُمَّ اِجْعَلْ بِالْمَدِينَةِ ضِعْفَيْ مَا بِمَكَّةَ مِنَ الْبَرَكَةِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Алла! Мәдинаға Меккедегіден екі есе мол береке бере гөр», – деген (1369/466).

777
Мүслим, № 777

عَنْ إِبْرَاهِيمَ التَّيْمِيِّ، عَنْ أَبِيهِ، قَالَ: «خَطَبَنَا عَلِيُّ بْنُ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: “مَنْ زَعَمَ أَنَّ عِنْدَنَا شَيْئًا نَقْرَؤُهُ إِلَّا كِتَابَ اللَّهِ وَهَذِهِ الصَّحِيفَةَ” (قَالَ: “وَصَحِيفَةٌ مُعَلَّقَةٌ فِي قِرَابِ سَيْفِهِ”) “فَقَدْ كَذَبَ. فِيهَا أَسْنَانُ الْإِبِلِ، وَأَشْيَاءُ مِنَ الْجِرَاحَاتِ، وَفِيهَا قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: ‘الْمَدِينَةُ حَرَمٌ مَا بَيْنَ عَيْرٍ إِلَى ثَوْرٍ، فَمَنْ أَحْدَثَ فِيهَا حَدَثًا، أَوْ آوَى مُحْدِثًا، فَعَلَيْهِ لَعْنَةُ اللَّهِ وَالْمَلَائِكَةِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ، لَا يَقْبَلُ اللَّهُ مِنْهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ صَرْفًا، وَلَا عَدْلًا، وَذِمَّةُ الْمُسْلِمِينَ وَاحِدَةٌ، يَسْعَى بِهَا أَدْنَاهُمْ، وَمَنِ ادَّعَى إِلَى غَيْرِ أَبِيهِ، أَوِ انْتَمَى إِلَى غَيْرِ مَوَالِيهِ، فَعَلَيْهِ لَعْنَةُ اللَّهِ وَالْمَلَائِكَةِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ، لَا يَقْبَلُ اللَّهُ مِنْهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ صَرْفًا، وَلَا عَدْلًا’”».

Қазақша аудармасы

Ибраһим әт-Тәйми әкесінің былай дегенін жеткізді: «Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) бізге құтба айтып: “Кім бізде Алланың Кітабы мен мына парақтан басқа оқитын әлдебір жазба бар десе, өтірік айтқан болады”, – деді. Әлгі парақ оның қылышының қынына ілулі тұрған еді. Онда түйелердің жас мөлшері мен жарақаттарға қатысты кейбір үкімдер жазылған болатын. Сондай-ақ онда Пайғамбардың (с.а.с.) мына сөзі жазылған еді: “Мәдина – Айр мен Сәур аралығындағы харам аймақ. Кім онда тыйым салынған бір іс жасаса немесе сондай іс жасаған адамға пана берсе, оған Алланың, періштелердің және барша адамдардың лағынеті болсын! Қиямет күні Алла одан нәпіл амалын да, парыз амалын да қабыл етпейді. Мұсылмандардың қорғау кепілдігі біртұтас, оны олардың ең қарапайым адамы да бере алады. Кім өзін әкесінен басқа біреуге телісе немесе өзін азат еткендерден өзгелерге телісе, оған Алланың, періштелердің және барша адамдардың лағынеті болсын! Қиямет күні Алла одан нәпіл амалын да, парыз амалын да қабыл етпейді”» (1370/467).

778
Мүслим, № 778Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يُؤْتَى بِأَوَّلِ الثَّمَرِ، فَيَقُولُ: «اللَّهُمَّ بَارِكْ لَنَا فِي مَدِينَتِنَا، وَفِي ثِمَارِنَا، وَفِي مُدِّنَا، وَفِي صَاعِنَا بَرَكَةً مَعَ بَرَكَةٍ». ثُمَّ يُعْطِيهِ أَصْغَرَ مَنْ يَحْضُرُهُ مِنَ الْوِلْدَانِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісіне (с.а.с.) алғашқы піскен жеміс әкелінгенде, ол: «Уа, Алла! Мәдинамызға, жемістерімізге, мүдімізге және сағымызға берекенің үстіне береке бере гөр!» – дейтін. Содан кейін әлгі жемісті сол жердегі балалардың ең кішісіне беретін (1373/474).

بَابٌ: التَّرْغِيبُ فِي سُكْنَى الْمَدِينَةِ وَالصَّبْرِ عَلَى لَأْوَائِهَا

102-бапМәдинада тұруға және ондағы тұрмыстың ауыртпалығына сабырмен төзуге ынталандыру

779
Мүслим, № 779Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ مَوْلَى الْمَهْرِيِّ، أَنَّهُ جَاءَ أَبَا سَعِيدٍ الْخُدْرِيَّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ لَيَالِيَ الْحَرَّةِ، فَاسْتَشَارَهُ فِي الْجَلَاءِ مِنَ الْمَدِينَةِ، وَشَكَا إِلَيْهِ أَسْعَارَهَا وَكَثْرَةَ عِيَالِهِ، وَأَخْبَرَهُ أَنْ لَا صَبْرَ لَهُ عَلَى جَهْدِ الْمَدِينَةِ وَلَأْوَائِهَا، فَقَالَ لَهُ: «وَيْحَكَ! لَا آمُرُكَ بِذَلِكَ، إِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “لَا يَصْبِرُ أَحَدٌ عَلَى لَأْوَائِهَا فَيَمُوتُ إِلَّا كُنْتُ لَهُ شَفِيعًا أَوْ شَهِيدًا يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِذَا كَانَ مُسْلِمًا”».

Қазақша аудармасы

Әл-Мәһридің азат еткен құлы Әбу Сағид Харра оқиғасы тұсындағы түндерде Әбу Сағид әл-Худриге (р.а.) келіп, Мәдинадан көшіп кету жайында кеңес сұрағанын жеткізді. Оған қаладағы қымбатшылық пен бала-шағасының көптігін айтып шағымданды әрі Мәдинаның қиыншылығы мен ауыртпалығына төзе алмайтынын айтты. Сонда Әбу Сағид әл-Худри оған: «Қап, сені-ай! Мен саған мұны істеуге кеңес бермеймін. Өйткені мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Кімде-кім Мәдинаның ауыртпалығына сабыр етіп, мұсылман күйінде қайтыс болса, Қиямет күні мен оған міндетті түрде шапағатшы немесе куә боламын”, – дегенін естідім», – деді (1374/477).

780
Мүслим, № 780Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «قَدِمْنَا الْمَدِينَةَ وَهِيَ وَبِيئَةٌ، فَاشْتَكَى [أَبُو بَكْرٍ]، وَاشْتَكَى بِلَالٌ، فَلَمَّا رَأَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ شَكْوَى أَصْحَابِهِ، قَالَ: “اللَّهُمَّ حَبِّبْ إِلَيْنَا الْمَدِينَةَ كَمَا حَبَّبْتَ مَكَّةَ أَوْ أَشَدَّ، وَصَحِّحْهَا، وَبَارِكْ لَنَا فِي صَاعِهَا وَمُدِّهَا، وَحَوِّلْ حُمَّاهَا إِلَى الْجُحْفَةِ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Біз Мәдинаға келгенімізде, онда індет жайлап тұрған еді. Әбу Бәкір ауырып қалды, Біләл де сырқаттанды. Алла Елшісі (с.а.с.) сахабаларының сырқаттанғанын көргенде: “Уа, Алла! Меккені бізге сүйікті еткеніңдей немесе одан да артық Мәдинаны да бізге сүйікті ете гөр. Оны індеттен арылта гөр, оның сағы мен мүдіне береке бере гөр әрі ондағы безгекті Жухфаға көшіре гөр”, – деді» (1376/480).

بَابٌ: لَا يَدْخُلُ الْمَدِينَةَ الطَّاعُونُ وَلَا الدَّجَّالُ

103-бапМәдинаға оба да, Дәжжал да кірмейді

781
Мүслим, № 781Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «عَلَى أَنْقَابِ الْمَدِينَةِ مَلَائِكَةٌ، لَا يَدْخُلُهَا الطَّاعُونُ وَلَا الدَّجَّالُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Мәдинаның кіреберіс жолдарында періштелер бар. Оған оба да, Дәжжал да кірмейді» (1379/485).

بَابٌ: الْمَدِينَةُ تَنْفِي خَبَثَهَا

104-бапМәдина өзіндегі жамандарды аластайды

782
Мүслим, № 782Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَأْتِي عَلَى النَّاسِ زَمَانٌ يَدْعُو الرَّجُلُ ابْنَ عَمِّهِ وَقَرِيبَهُ: “هَلُمَّ إِلَى الرَّخَاءِ، هَلُمَّ إِلَى الرَّخَاءِ”، وَالْمَدِينَةُ خَيْرٌ لَهُمْ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ. وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، لَا يَخْرُجُ مِنْهُمْ أَحَدٌ رَغْبَةً عَنْهَا إِلَّا أَخْلَفَ اللَّهُ فِيهَا خَيْرًا مِنْهُ. أَلَا إِنَّ الْمَدِينَةَ كَالْكِيرِ تُخْرِجُ الْخَبِيثَ. لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تَنْفِيَ الْمَدِينَةُ شِرَارَهَا كَمَا يَنْفِي الْكِيرُ خَبَثَ الْحَدِيدِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Адамдардың басына бір заман келеді. Сонда бір адам немере ағайыны мен жақын туысын: “Молшылыққа кел! Молшылыққа кел!” – деп шақырады. Мәдина – олар үшін қайырлы. Олар мұны білсе ғой! Жаным қолында болған Алламен ант етемін! Олардың арасынан кімде-кім Мәдинадан теріс айналып шығып кетсе, Алла оның орнына Мәдинаға одан да қайырлы біреуді әкеледі. Біліңдер! Мәдина көрік тәрізді: ол жаманын сыртқа шығарады. Мәдина көрік темірдің қожын аластағандай, өзінің жаман адамдарын аластамайынша Қиямет орнамайды» (1381/487).

783
Мүслим, № 783Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ سَمُرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “إِنَّ اللَّهَ سَمَّى الْمَدِينَةَ طَابَةَ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Самура (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Расында, Алла Мәдинаны ‘Таба’ деп атады”, – дегенін естідім», – деді (1385/491).

بَابٌ: مَنْ أَرَادَ أَهْلَ الْمَدِينَةِ بِسُوءٍ أَذَابَهُ اللَّهُ

105-бапМәдина тұрғындарына жамандық ойлаған адамды Алла ерітіп жібереді

784
Мүслим, № 784Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ أَرَادَ أَهْلَهَا بِسُوءٍ» (يُرِيدُ الْمَدِينَةَ) «أَذَابَهُ اللَّهُ كَمَا يَذُوبُ الْمِلْحُ فِي الْمَاءِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім осы қаланың халқына, яғни Мәдина халқына жамандық ойласа, Алла оны суға түскен тұздай ерітіп жібереді», – деген (1386/493).

بَابٌ: التَّرْغِيبُ فِي الْمَقَامِ بِالْمَدِينَةِ عِنْدَ فَتْحِ الْأَمْصَارِ

106-бапӨзге қалалар алынғанда Мәдинада қалуға ынталандыру

785
Мүслим, № 785Риуаят етуші: Суфиян ибн Әбу Зуһайр (р.а.)

عَنْ سُفْيَانَ بْنِ أَبِي زُهَيْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “يُفْتَحُ الْيَمَنُ، فَيَأْتِي قَوْمٌ يَبُسُّونَ، فَيَتَحَمَّلُونَ بِأَهْلِيهِمْ وَمَنْ أَطَاعَهُمْ، وَالْمَدِينَةُ خَيْرٌ لَهُمْ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ. ثُمَّ يُفْتَحُ الشَّامُ، فَيَأْتِي قَوْمٌ يَبُسُّونَ، فَيَتَحَمَّلُونَ بِأَهْلِيهِمْ وَمَنْ أَطَاعَهُمْ، وَالْمَدِينَةُ خَيْرٌ لَهُمْ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ. ثُمَّ يُفْتَحُ الْعِرَاقُ، فَيَأْتِي قَوْمٌ يَبُسُّونَ، فَيَتَحَمَّلُونَ بِأَهْلِيهِمْ وَمَنْ أَطَاعَهُمْ، وَالْمَدِينَةُ خَيْرٌ لَهُمْ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ”».

Қазақша аудармасы

Суфиян ибн Әбу Зуһайр (р.а.): «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Йемен бағындырылады. Сонда бір қауым көліктерін айдап келіп, отбасылары мен соңынан ерген адамдарды көшіріп әкетеді. Мәдина – олар үшін қайырлы. Олар мұны білсе ғой! Содан кейін Шам бағындырылады. Сонда бір қауым көліктерін айдап келіп, отбасылары мен соңынан ерген адамдарды көшіріп әкетеді. Мәдина – олар үшін қайырлы. Олар мұны білсе ғой! Содан кейін Ирак бағындырылады. Сонда бір қауым көліктерін айдап келіп, отбасылары мен соңынан ерген адамдарды көшіріп әкетеді. Мәдина – олар үшін қайырлы. Олар мұны білсе ғой!” – дегенін естідім», – деді (1388/497).

بَابٌ: فِي الْمَدِينَةِ حِينَ يَتْرُكُهَا أَهْلُهَا

107-бапТұрғындары тастап кеткен кездегі Мәдинаның жағдайы туралы

786
Мүслим, № 786Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “يَتْرُكُونَ الْمَدِينَةَ عَلَى خَيْرِ مَا كَانَتْ، لَا يَغْشَاهَا إِلَّا الْعَوَافِي” (يُرِيدُ عَوَافِيَ السِّبَاعِ وَالطَّيْرِ) “ثُمَّ يَخْرُجُ رَاعِيَانِ مِنْ مُزَيْنَةَ يُرِيدَانِ الْمَدِينَةَ، يَنْعِقَانِ بِغَنَمِهِمَا، فَيَجِدَانِهَا وَحْشًا، حَتَّى إِذَا بَلَغَا ثَنِيَّةَ الْوَدَاعِ خَرَّا عَلَى وُجُوهِهِمَا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Адамдар Мәдинаны оның ең көркейген шағында тастап кетеді. Оған жабайы аңдар мен құстардан басқа ешкім келмейді. Содан кейін Музайна тайпасынан шыққан екі қойшы қойларын дауыстап айдап, Мәдинаны бетке алады. Олар Мәдинаның иен жатқанын көреді. Ақырында, Сәния әл-Уадағқа жеткен кезде екеуі де етпетінен құлап түседі”, – дегенін естідім», – деді (1389/499).

بَابٌ: مَا بَيْنَ الْقَبْرِ وَالْمِنْبَرِ رَوْضَةٌ مِنْ رِيَاضِ الْجَنَّةِ

108-бапҚабір мен мінбердің арасы – Жәннат бақтарының бір бағы

787
Мүслим, № 787Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَا بَيْنَ بَيْتِي وَمِنْبَرِي رَوْضَةٌ مِنْ رِيَاضِ الْجَنَّةِ، وَمِنْبَرِي عَلَى حَوْضِي».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Үйім мен мінберімнің арасы – Жәннат бақтарының бір бағы. Ал мінберім хауызымның үстінде», – деді (1391/502).

بَابٌ: أُحُدٌ جَبَلٌ يُحِبُّنَا وَنُحِبُّهُ

109-бапҰхұд – бізді жақсы көретін тау, біз де оны жақсы көреміз

788
Мүслим, № 788Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «نَظَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى أُحُدٍ، فَقَالَ: “إِنَّ أُحُدًا جَبَلٌ يُحِبُّنَا وَنُحِبُّهُ”».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Ұхұдқа қарап: “Расында, Ұхұд – бізді жақсы көретін әрі біз де оны жақсы көретін тау”, – деді» (1393/504).

بَابٌ: لَا تُشَدُّ الرِّحَالُ إِلَّا إِلَى ثَلَاثَةِ مَسَاجِدَ

110-бапАрнайы сапар тек үш мешітке ғана жасалады

789
Мүслим, № 789Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَبْلُغُ بِهِ النَّبِيَّ ﷺ: «لَا تُشَدُّ الرِّحَالُ إِلَّا إِلَى ثَلَاثَةِ مَسَاجِدَ: مَسْجِدِي هَذَا، وَمَسْجِدِ الْحَرَامِ، وَمَسْجِدِ الْأَقْصَى».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Арнайы сапар тек үш мешітке: осы мешітіме, Харам мешітіне және Ақса мешітіне ғана жасалады» (1397/511).

بَابٌ: فَضْلُ الصَّلَاةِ بِمَسْجِدَيِ الْحَرَمَيْنِ الشَّرِيفَيْنِ

111-бапМекке мен Мәдинадағы екі қасиетті мешітте намаз оқудың артықшылығы

790
Мүслим, № 790Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «صَلَاةٌ فِي مَسْجِدِي هَذَا خَيْرٌ مِنْ أَلْفِ صَلَاةٍ فِي غَيْرِهِ مِنَ الْمَسَاجِدِ، إِلَّا الْمَسْجِدَ الْحَرَامَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Менің осы мешітімде оқылған бір намаз Харам мешітінен басқа мешіттерде оқылған мың намаздан қайырлы» (1394/506).

بَابٌ: بَيَانُ الْمَسْجِدِ الَّذِي أُسِّسَ عَلَى التَّقْوَى

112-бапТақуалық негізінде салынған мешіттің қайсы екенін баяндау

791
Мүслим, № 791

عَنْ أَبِي سَلَمَةَ بْنِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ، قَالَ: «مَرَّ بِي عَبْدُ الرَّحْمَنِ بْنُ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ». قَالَ: «قُلْتُ لَهُ: “كَيْفَ سَمِعْتَ أَبَاكَ يَذْكُرُ فِي الْمَسْجِدِ الَّذِي أُسِّسَ عَلَى التَّقْوَى؟” قَالَ: “قَالَ لِي أَبِي: ‘دَخَلْتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي بَيْتِ بَعْضِ نِسَائِهِ، فَقُلْتُ: ‹يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُّ الْمَسْجِدَيْنِ الَّذِي أُسِّسَ عَلَى التَّقْوَى؟› قَالَ: فَأَخَذَ كَفًّا مِنْ حَصْبَاءَ، فَضَرَبَ بِهِ الْأَرْضَ، ثُمَّ قَالَ: ‹هُوَ مَسْجِدُكُمْ هَذَا› (لِمَسْجِدِ الْمَدِينَةِ)’”». قَالَ: «فَقُلْتُ: “أَشْهَدُ أَنِّي سَمِعْتُ أَبَاكَ هَكَذَا يَذْكُرُهُ”».

Қазақша аудармасы

Бірде Әбу Сәләмә ибн Абдуррахманның жанынан Абдуррахман ибн Әбу Сағид әл-Худри өтіп бара жатты. Әбу Сәләмә одан: «Әкеңнің “тақуалыққа негізделіп салынған мешіт” (“Тәубе”, 108) жайында не айтқанын естідің?» – деп сұрады. Абдуррахман: «Әкем былай деді: “Мен Алла Елшісі (с.а.с.) жұбайларының бірінің үйінде болған кезде, оның қасына кіріп: ‘Уа, Алланың Елшісі! Екі мешіттің қайсысы тақуалық негізінде салынған?’ – деп сұрадым. Сонда ол (с.а.с.) бір уыс ұсақ тас алып, оларды жерге тастады да: ‘Ол – сендердің мына мешіттерің’, – деді”. Ол (с.а.с.) Мәдина мешітін меңзеген еді», – деді. Сонда Әбу Сәләмә: «Әкеңнің мұны дәл осылай айтқанын естігеніме куәлік етемін», – деді (1398/514).

بَابٌ: فِي مَسْجِدِ قُبَاءٍ وَفَضْلِهِ

113-бапҚұба мешіті және оның артықшылығы туралы

792
Мүслим, № 792Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَأْتِي مَسْجِدَ قُبَاءٍ رَاكِبًا وَمَاشِيًا، فَيُصَلِّي فِيهِ رَكْعَتَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Құба мешітіне кейде көлікпен, кейде жаяу келіп, онда екі рәкәғат намаз оқитын» (1399/516).

793
Мүслим, № 793Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، كَانَ يَأْتِي قُبَاءً كُلَّ سَبْتٍ، وَكَانَ يَقُولُ: «رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَأْتِيهِ كُلَّ سَبْتٍ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) Құбаға әр сенбі сайын баратын әрі: «Алла Елшісінің (с.а.с.) Құбаға әр сенбі сайын барғанын көрдім», – дейтін (1399/520).