Хадис
كِتَابُ الِاعْتِكَافِ

Иғтикаф кітабы

Сахих Мүслим, 9-кітап · 8 хадис · № 631–638

Мазмұны: 9 бап
  1. 1Иғтикафқа ниет еткен адам иғтикаф жасайтын орнына қашан кіреді?
  2. 2Рамазан айының алғашқы он күнінде және ортаңғы он күнінде иғтикаф жасау
  3. 3Рамазан айының соңғы он күнінде иғтикаф жасау
  4. 4Рамазан айының соңғы он күнінде құлшылыққа барынша күш салу
  5. 5Қадір түні және оны Рамазан айының соңғы он күнінде іздеу туралы
  6. 6Қадір түні – Рамазан айының жиырма бірінші түні
  7. 7Қадір түні – Рамазан айының жиырма үшінші түні
  8. 8Қадір түнін Рамазан айының соңынан кері санағандағы тоғызыншы, жетінші және бесінші түндерден іздеңдер
  9. 9Қадір түні – Рамазан айының жиырма жетінші түні
بَابٌ: مَتَى يَدْخُلُ مَنْ أَرَادَ الِاعْتِكَافَ مُعْتَكَفَهُ؟

1-бапИғтикафқа ниет еткен адам иғтикаф жасайтын орнына қашан кіреді?

631
Мүслим, № 631Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَرَادَ أَنْ يَعْتَكِفَ صَلَّى الْفَجْرَ، ثُمَّ دَخَلَ مُعْتَكَفَهُ، وَإِنَّهُ أَمَرَ بِخِبَائِهِ فَضُرِبَ؛ أَرَادَ الِاعْتِكَافَ فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ، فَأَمَرَتْ زَيْنَبُ بِخِبَائِهَا فَضُرِبَ، وَأَمَرَ غَيْرُهَا مِنْ أَزْوَاجِ النَّبِيِّ ﷺ بِخِبَائِهَا فَضُرِبَ، فَلَمَّا صَلَّى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْفَجْرَ نَظَرَ، فَإِذَا الْأَخْبِيَةُ، فَقَالَ: “آلْبِرَّ يُرِدْنَ؟” فَأَمَرَ بِخِبَائِهِ فَقُوِّضَ، وَتَرَكَ الِاعْتِكَافَ فِي شَهْرِ رَمَضَانَ، حَتَّى اِعْتَكَفَ فِي الْعَشْرِ الْأَوَّلِ مِنْ شَوَّالٍ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) иғтикафқа кіргісі келгенде, таң намазын оқып, содан кейін иғтикаф жасайтын орнына кіретін. Бір жолы ол шатырын тігуді бұйырып, шатыры тігілді. Ол Рамазан айының соңғы он күнінде иғтикаф жасауды қалаған еді. Зәйнаб те өз шатырын тігуді бұйырып, шатыры тігілді. Пайғамбардың (с.а.с.) өзге жұбайлары да шатырларын тіктірді. Алла Елшісі (с.а.с.) таң намазын оқып болған соң қараса, бірнеше шатыр тігулі тұр екен. Сонда ол: “Олар ізгілікті көздеп жүр ме?” – деді. Содан кейін өз шатырын жинауды бұйырды да, шатыр жиналды. Сөйтіп, ол сол Рамазан айында иғтикаф жасамай, кейін Шәууәл айының алғашқы он күнінде иғтикаф жасады», – деді. (1173/6)

بَابٌ: اِعْتِكَافُ الْعَشْرِ الْأَوَّلِ، وَالْعَشْرِ الْأَوْسَطِ

2-бапРамазан айының алғашқы он күнінде және ортаңғы он күнінде иғтикаф жасау

632
Мүслим, № 632Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ اِعْتَكَفَ الْعَشْرَ الْأَوَّلَ مِنْ رَمَضَانَ، ثُمَّ اِعْتَكَفَ الْعَشْرَ الْأَوْسَطَ فِي قُبَّةٍ تُرْكِيَّةٍ عَلَى سُدَّتِهَا حَصِيرٌ». قَالَ: «فَأَخَذَ الْحَصِيرَ بِيَدِهِ فَنَحَّاهَا فِي نَاحِيَةِ الْقُبَّةِ، ثُمَّ أَطْلَعَ رَأْسَهُ فَكَلَّمَ النَّاسَ، فَدَنَوْا مِنْهُ، فَقَالَ: “إِنِّي اِعْتَكَفْتُ الْعَشْرَ الْأَوَّلَ، أَلْتَمِسُ هَذِهِ اللَّيْلَةَ، ثُمَّ اِعْتَكَفْتُ الْعَشْرَ الْأَوْسَطَ، ثُمَّ أُتِيتُ، فَقِيلَ لِي: ‘إِنَّهَا فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ’، فَمَنْ أَحَبَّ مِنْكُمْ أَنْ يَعْتَكِفَ فَلْيَعْتَكِفْ”. فَاعْتَكَفَ النَّاسُ مَعَهُ، قَالَ: “وَإِنِّي أُرِيتُهَا لَيْلَةَ وِتْرٍ، وَإِنِّي أَسْجُدُ صَبِيحَتَهَا فِي طِينٍ وَمَاءٍ”. فَأَصْبَحَ مِنْ لَيْلَةِ إِحْدَى وَعِشْرِينَ، وَقَدْ قَامَ إِلَى الصُّبْحِ، فَمَطَرَتِ السَّمَاءُ، فَوَكَفَ الْمَسْجِدُ، فَأَبْصَرْتُ الطِّينَ وَالْمَاءَ؛ فَخَرَجَ حِينَ فَرَغَ مِنْ صَلَاةِ الصُّبْحِ، وَجَبِينُهُ وَرَوْثَةُ أَنْفِهِ فِيهِمَا الطِّينُ وَالْمَاءُ، وَإِذَا هِيَ لَيْلَةُ إِحْدَى وَعِشْرِينَ مِنَ الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Рамазанның алғашқы он күнінде иғтикафқа кірді. Одан кейін ортаңғы он күнінде кіреберісіне бойра ілінген түрік шатырында иғтикафқа кірді. Ол бойраны қолымен алып, шатырдың бір шетіне ығыстырды. Содан соң басын шатырдан шығарып, адамдарға тіл қатты. Адамдар оған жақындай түсті. Сонда ол (с.а.с.): “Мен осы түнді іздеп, алғашқы он күнде иғтикафқа кірдім. Кейін ортаңғы он күнде иғтикафқа кірдім. Содан кейін маған біреу келіп: ‘Ол соңғы он түннің ішінде’, – деді. Сондықтан араларыңнан кім иғтикафқа кіргісі келсе, кірсін”, – деді. Адамдар да онымен бірге иғтикафқа кірді. Ол (с.а.с.): “Маған оның тақ түндердің бірінде болатыны әрі сол түннің таңында су мен балшықтың үстіне сәжде жасайтыным көрсетілді”, – деді. Жиырма бірінші түннің таңы атқанда, ол таң намазына тұрған кезде аспаннан жаңбыр жауды. Мешіттің төбесінен су тамды. Мен су мен балшықты көрдім. Ол таң намазын аяқтап шыққанда, маңдайы мен мұрнының ұшында су мен балшық бар еді. Сөйтсе, бұл соңғы он түннің ішіндегі жиырма бірінші түн екен». (1167/215)

بَابٌ: اِعْتِكَافُ الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ

3-бапРамазан айының соңғы он күнінде иғтикаф жасау

633
Мүслим, № 633Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَعْتَكِفُ الْعَشْرَ الْأَوَاخِرَ مِنْ رَمَضَانَ، حَتَّى تَوَفَّاهُ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ، ثُمَّ اِعْتَكَفَ أَزْوَاجُهُ مِنْ بَعْدِهِ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деп баяндады: «Пайғамбар (с.а.с.) Алла Тағала оның жанын алғанға дейін Рамазанның соңғы он күнінде иғтикафқа кіріп жүрді. Одан кейін оның жұбайлары да иғтикафқа кіретін болды». (1172/5)

بَابٌ: الِاجْتِهَادُ فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ

4-бапРамазан айының соңғы он күнінде құлшылыққа барынша күш салу

634
Мүслим, № 634Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا دَخَلَ الْعَشْرُ، أَحْيَا اللَّيْلَ، وَأَيْقَظَ أَهْلَهُ، وَجَدَّ وَشَدَّ الْمِئْزَرَ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Соңғы он күн басталғанда, Алла Елшісі (с.а.с.) түнін құлшылықпен өткізетін, отбасын оятатын, құлшылыққа барынша күш салып, жұбайларымен жақындаспайтын», – деді. (1174/7)

بَابٌ: فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ وَتَحَرِّيهَا فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ

5-бапҚадір түні және оны Рамазан айының соңғы он күнінде іздеу туралы

635
Мүслим, № 635Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اِلْتَمِسُوهَا فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ» – يَعْنِي لَيْلَةَ الْقَدْرِ – «فَإِنْ ضَعُفَ أَحَدُكُمْ أَوْ عَجَزَ، فَلَا يُغْلَبَنَّ عَلَى السَّبْعِ الْبَوَاقِي».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Оны, яғни Қадір түнін, соңғы он түннен іздеңдер. Егер бірің әлсіреп немесе шамасы жетпей қалса, ең болмаса, қалған жеті түнді бос өткізіп алмасын”, – деді». (1165/209)

بَابٌ: لَيْلَةُ الْقَدْرِ لَيْلَةُ إِحْدَى وَعِشْرِينَ

6-бапҚадір түні – Рамазан айының жиырма бірінші түні

قَدْ تَقَدَّمَ حَدِيثُ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي ذَلِكَ [رَقْمُ (٦٣٢)].

Бұл туралы Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) хадисі бұған дейін берілді (632-хадис).

بَابٌ: لَيْلَةُ الْقَدْرِ لَيْلَةُ ثَلَاثٍ وَعِشْرِينَ

7-бапҚадір түні – Рамазан айының жиырма үшінші түні

636
Мүслим, № 636

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أُنَيْسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أُرِيتُ لَيْلَةَ الْقَدْرِ، ثُمَّ أُنْسِيتُهَا، وَأَرَانِي صُبْحَهَا أَسْجُدُ فِي مَاءٍ وَطِينٍ». قَالَ: «فَمُطِرْنَا لَيْلَةَ ثَلَاثٍ وَعِشْرِينَ، فَصَلَّى بِنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَانْصَرَفَ وَإِنَّ أَثَرَ الْمَاءِ وَالطِّينِ عَلَى جَبْهَتِهِ وَأَنْفِهِ». قَالَ: «وَكَانَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أُنَيْسٍ يَقُولُ: “ثَلَاثٍ وَعِشْرِينَ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Унәйс (р.а.) былай деп баяндады: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Маған Қадір түні көрсетілді, кейін ол маған ұмыттырылды. Әрі сол түннің таңында су мен балшыққа сәжде жасап жатқаным көрсетілді”, – деді. Жиырма үшінші түні жаңбыр жауды. Алла Елшісі (с.а.с.) бізге намаз оқытты. Намазды аяқтап бұрылғанда, оның маңдайы мен мұрнында су мен балшықтың ізі бар еді». Абдулла ибн Унәйс: «Жиырма үшінші түн», – деп айтатын. (1168/218)

بَابٌ: اِلْتَمِسُوهَا فِي التَّاسِعَةِ وَالسَّابِعَةِ وَالْخَامِسَةِ

8-бапҚадір түнін Рамазан айының соңынан кері санағандағы тоғызыншы, жетінші және бесінші түндерден іздеңдер

637
Мүслим, № 637Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «اِعْتَكَفَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْعَشْرَ الْأَوْسَطَ مِنْ رَمَضَانَ، يَلْتَمِسُ لَيْلَةَ الْقَدْرِ قَبْلَ أَنْ تُبَانَ لَهُ، فَلَمَّا اِنْقَضَيْنَ أَمَرَ بِالْبِنَاءِ فَقُوِّضَ، ثُمَّ أُبِينَتْ لَهُ أَنَّهَا فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ، فَأَمَرَ بِالْبِنَاءِ فَأُعِيدَ، ثُمَّ خَرَجَ عَلَى النَّاسِ، فَقَالَ: “يَا أَيُّهَا النَّاسُ، إِنَّهَا كَانَتْ أُبِينَتْ لِي لَيْلَةُ الْقَدْرِ، وَإِنِّي خَرَجْتُ لِأُخْبِرَكُمْ بِهَا، فَجَاءَ رَجُلَانِ يَحْتَقَّانِ مَعَهُمَا الشَّيْطَانُ، فَنُسِّيتُهَا، فَالْتَمِسُوهَا فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ، اِلْتَمِسُوهَا فِي التَّاسِعَةِ وَالسَّابِعَةِ وَالْخَامِسَةِ”». قَالَ: «قُلْتُ: “يَا أَبَا سَعِيدٍ، إِنَّكُمْ أَعْلَمُ بِالْعَدَدِ مِنَّا”. قَالَ: “أَجَلْ، نَحْنُ أَحَقُّ بِذَلِكَ مِنْكُمْ”». قَالَ: «قُلْتُ: “مَا التَّاسِعَةُ وَالسَّابِعَةُ وَالْخَامِسَةُ؟” قَالَ: “إِذَا مَضَتْ وَاحِدَةٌ وَعِشْرُونَ، فَالَّتِي تَلِيهَا ثِنْتَانِ وَعِشْرُونَ فَهِيَ التَّاسِعَةُ، فَإِذَا مَضَتْ ثَلَاثٌ وَعِشْرُونَ، فَالَّتِي تَلِيهَا السَّابِعَةُ، فَإِذَا مَضَى خَمْسٌ وَعِشْرُونَ فَالَّتِي تَلِيهَا الْخَامِسَةُ”». وَقَالَ ابْنُ خَلَّادٍ مَكَانَ «يَحْتَقَّانِ»: «يَخْتَصِمَانِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деп баяндады: «Қадір түні оған анық көрсетілмей тұрып, Алла Елшісі (с.а.с.) оны іздеп, Рамазанның ортаңғы он күнінде иғтикаф жасады. Сол он күн өтіп біткен соң, шатырын жинауды бұйырды да, шатыр жиналды. Содан кейін Қадір түнінің соңғы он күнде екені оған анық көрсетілді. Ол шатырын қайта тігуді бұйырып, шатыр қайта тігілді. Кейін адамдардың алдына шығып: “Уа, адамдар! Маған Қадір түні анық көрсетілген еді. Оны сендерге хабарлауға шыққанымда, қастарында шайтан бар екі адам өзара дауласып келді. Сөйтіп, ол маған ұмыттырылды. Ендеше, оны Рамазанның соңғы он күнінен іздеңдер. Оны тоғызыншы, жетінші және бесінші түндерден іздеңдер”, – деді». Риуаятшы: «Мен: “Уа, Әбу Сағид! Сіздер санақты бізден жақсырақ білесіздер”, – дедім. Ол: “Иә, бұл санақты сендерден гөрі біз жақсырақ білеміз”, – деді. Мен: “Тоғызыншы, жетінші және бесінші түндер деген қай түндер?” – деп сұрадым. Ол: “Жиырма бір түн өткеннен кейінгі түн – жиырма екінші түн, сол – тоғызыншы түн. Жиырма үш түн өткеннен кейінгі түн – жетінші түн. Ал жиырма бес түн өткеннен кейінгі түн – бесінші түн”, – деді», – деп жеткізген. Ибн Халлад «дауласып» деген сөздің орнына «тартысып» деп жеткізген. (1167/217)

بَابٌ: لَيْلَةُ الْقَدْرِ لَيْلَةُ سَبْعٍ وَعِشْرِينَ

9-бапҚадір түні – Рамазан айының жиырма жетінші түні

638
Мүслим, № 638

عَنْ زِرِّ بْنِ حُبَيْشٍ، قَالَ: «سَأَلْتُ أُبَيَّ بْنَ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَقُلْتُ: “إِنَّ أَخَاكَ ابْنَ مَسْعُودٍ يَقُولُ: ‘مَنْ يَقُمِ الْحَوْلَ يُصِبْ لَيْلَةَ الْقَدْرِ’”. فَقَالَ: “رَحِمَهُ اللَّهُ، أَرَادَ أَنْ لَا يَتَّكِلَ النَّاسُ، أَمَا إِنَّهُ قَدْ عَلِمَ أَنَّهَا فِي رَمَضَانَ، وَأَنَّهَا فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ، وَأَنَّهَا لَيْلَةُ سَبْعٍ وَعِشْرِينَ”. ثُمَّ حَلَفَ لَا يَسْتَثْنِي أَنَّهَا لَيْلَةُ سَبْعٍ وَعِشْرِينَ، فَقُلْتُ: “بِأَيِّ شَيْءٍ تَقُولُ ذَلِكَ، يَا أَبَا الْمُنْذِرِ؟” قَالَ: “بِالْعَلَامَةِ، أَوْ بِالْآيَةِ الَّتِي أَخْبَرَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنَّهَا تَطْلُعُ يَوْمَئِذٍ لَا شُعَاعَ لَهَا”».

Қазақша аудармасы

Зирр ибн Хубәйш былай деді: «Мен Үбәй ибн Қағбтан (р.а.): “Сенің бауырың Ибн Масғуд: ‘Кім жыл бойы түнгі намаз оқыса, Қадір түніне дөп келеді’, – дейді ғой?” – деп сұрадым. Ол: “Алла оны рақымына бөлесін! Ол адамдардың бір түнге ғана сүйеніп қалмауын қалады. Әйтсе де, Қадір түнінің Рамазанда, Рамазанның соңғы он күнінде әрі жиырма жетінші түн екенін өзі де білген”, – деді. Содан кейін “Алла қаласа” деп қоспастан, оның жиырма жетінші түн екеніне ант етті. Мен: “Уа, Әбу әл-Мунзир! Мұны неге сүйеніп айтып отырсыз?” – деп сұрадым. Ол: “Алла Елшісі (с.а.с.) бізге хабарлаған белгіге немесе нышанға сүйеніп айтып отырмын: сол күні күн сәулесіз болып шығады”, – деді», – деген. (762/220)