Хадис

Сахих Мүслим, № 636

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
9. Иғтикаф кітабыكِتَابُ الِاعْتِكَافِ
бап
7. Қадір түні – Рамазан айының жиырма үшінші түніبَابٌ: لَيْلَةُ الْقَدْرِ لَيْلَةُ ثَلَاثٍ وَعِشْرِينَ
Нөмірі
№ 636 (Мухтасар реті)
636
Мүслим, № 636

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أُنَيْسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أُرِيتُ لَيْلَةَ الْقَدْرِ، ثُمَّ أُنْسِيتُهَا، وَأَرَانِي صُبْحَهَا أَسْجُدُ فِي مَاءٍ وَطِينٍ». قَالَ: «فَمُطِرْنَا لَيْلَةَ ثَلَاثٍ وَعِشْرِينَ، فَصَلَّى بِنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَانْصَرَفَ وَإِنَّ أَثَرَ الْمَاءِ وَالطِّينِ عَلَى جَبْهَتِهِ وَأَنْفِهِ». قَالَ: «وَكَانَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أُنَيْسٍ يَقُولُ: “ثَلَاثٍ وَعِشْرِينَ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Унәйс (р.а.) былай деп баяндады: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Маған Қадір түні көрсетілді, кейін ол маған ұмыттырылды. Әрі сол түннің таңында су мен балшыққа сәжде жасап жатқаным көрсетілді”, – деді. Жиырма үшінші түні жаңбыр жауды. Алла Елшісі (с.а.с.) бізге намаз оқытты. Намазды аяқтап бұрылғанда, оның маңдайы мен мұрнында су мен балшықтың ізі бар еді». Абдулла ибн Унәйс: «Жиырма үшінші түн», – деп айтатын. (1168/218)