Хадис

Сахих Мүслим, № 730

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
10. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
70. Алдымен тас лақтыру, содан кейін құрбандық шалу, одан соң шашты қыру және шаш қыруды бастың оң жағынан бастауبَابٌ: الرَّمْيُ ثُمَّ النَّحْرُ ثُمَّ الْحَلْقُ، وَالْبِدَايَةُ بِالْحَلْقِ بِالْجَانِبِ الْأَيْمَنِ
Нөмірі
№ 730 (Мухтасар реті)
730
Мүслим, № 730Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رَمَى جَمْرَةَ الْعَقَبَةِ، ثُمَّ انْصَرَفَ إِلَى الْبُدْنِ فَنَحَرَهَا وَالْحَجَّامُ جَالِسٌ، وَقَالَ بِيَدِهِ عَنْ رَأْسِهِ، فَحَلَقَ شِقَّهُ الْأَيْمَنَ، فَقَسَمَهُ فِيمَنْ يَلِيهِ، ثُمَّ قَالَ: «اِحْلِقِ الشِّقَّ الْآخَرَ». فَقَالَ: «أَيْنَ أَبُو طَلْحَةَ؟» فَأَعْطَاهُ إِيَّاهُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) Ақаба жәмрасына тас атты. Содан кейін құрбандық түйелеріне барып, оларды бауыздады. Шаштараз отырған еді. Ол (с.а.с.) қолымен басын нұсқады. Шаштараз оның басының оң жағын қырды, ал Алла Елшісі (с.а.с.) шашын маңындағыларға бөліп берді. Содан кейін: «Екінші жағын да қыр», – деді. Артынша: «Әбу Талха қайда?» – деп сұрап, сол шашты оған берді. (1305/325)