Хадис

Сахих Мүслим, № 778

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
10. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
101. Мәдинаның қасиетті мекен деп белгіленуі, ондағы аңдар мен ағаштарға қатысты тыйымдар және қала үшін дұға етуبَابٌ: تَحْرِيمُ الْمَدِينَةِ وَصَيْدِهَا وَشَجَرِهَا وَالدُّعَاءُ لَهَا
Нөмірі
№ 778 (Мухтасар реті)
778
Мүслим, № 778Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يُؤْتَى بِأَوَّلِ الثَّمَرِ، فَيَقُولُ: «اللَّهُمَّ بَارِكْ لَنَا فِي مَدِينَتِنَا، وَفِي ثِمَارِنَا، وَفِي مُدِّنَا، وَفِي صَاعِنَا بَرَكَةً مَعَ بَرَكَةٍ». ثُمَّ يُعْطِيهِ أَصْغَرَ مَنْ يَحْضُرُهُ مِنَ الْوِلْدَانِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісіне (с.а.с.) алғашқы піскен жеміс әкелінгенде, ол: «Уа, Алла! Мәдинамызға, жемістерімізге, мүдімізге және сағымызға берекенің үстіне береке бере гөр!» – дейтін. Содан кейін әлгі жемісті сол жердегі балалардың ең кішісіне беретін (1373/474).