Хадис

Сахих Мүслим, № 745

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
10. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
82. Қажылық пен ұмраны бір ихраммен біріктіріп орындаған адамға екеуі үшін бір тауап жеткіліктіبَابٌ: يَكْفِي الْقَارِنَ طَوَافٌ وَاحِدٌ لِلْحَجِّ وَالْعُمْرَةِ
Нөмірі
№ 745 (Мухтасар реті)
745
Мүслим, № 745Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّهَا حَاضَتْ بِسَرِفَ فَتَطَهَّرَتْ بِعَرَفَةَ فَقَالَ لَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يُجْزِئُ عَنْكِ طَوَافُكِ بِالْبَيْتِ وَبِالصَّفَا وَالْمَرْوَةِ عَنْ حَجِّكِ وَعُمْرَتِكِ».

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) жеткізуінше, ол Сарифте етеккір көріп, Арафатта ғұсыл алған. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Қағбаны тауап етуің мен Сафа мен Маруа арасында жүріп өткенің қажылығың мен ұмраңның екеуіне де жеткілікті», – деді (1211/133).