Хадис

Сахих Мүслим, № 742

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
10. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
79. Құрбандық малының етін, жабуларын және терілерін садақаға беруبَابٌ: الصَّدَقَةُ بِلُحُومِ الْهَدْيِ وَجِلَالِهَا وَجُلُودِهَا
Нөмірі
№ 742 (Мухтасар реті)
742
Мүслим, № 742Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَمَرَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ أَقُومَ عَلَى بُدْنِهِ، وَأَنْ أَتَصَدَّقَ بِلُحُومِهَا وَجُلُودِهَا وَأَجِلَّتِهَا، وَأَنْ لَا أُعْطِيَ الْجَزَّارَ مِنْهَا». وَقَالَ: «نَحْنُ نُعْطِيهِ مِنْ عِنْدِنَا».

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) маған оның құрбандық түйелеріне бас-көз болуды, еттерін, терілерін және үстіндегі жабуларын садақа етуді әрі олардың ешбірін қасапшының ақысына бермеуді бұйырды», – деді. Ол тағы: «Біз қасапшының ақысын өз қаражатымыздан береміз», – деді (1317/348).