Хадис

Сахих Мүслим, № 738

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
10. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
75. Құрбандыққа шалынатын жеріне жетпей өліп қалу қаупі төнген мал туралыبَابٌ: مَا عَطِبَ مِنَ الْهَدْيِ قَبْلَ مَحِلِّهِ
Нөмірі
№ 738 (Мухтасар реті)
738
Мүслим, № 738Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ ذُؤَيْبًا أَبَا قَبِيصَةَ حَدَّثَهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَبْعَثُ مَعَهُ بِالْبُدْنِ ثُمَّ يَقُولُ: «إِنْ عَطِبَ مِنْهَا شَيْءٌ فَخَشِيتَ عَلَيْهِ مَوْتًا فَانْحَرْهَا، ثُمَّ اِغْمِسْ نَعْلَهَا فِي دَمِهَا، ثُمَّ اِضْرِبْ بِهِ صَفْحَتَهَا، وَلَا تَطْعَمْهَا أَنْتَ وَلَا أَحَدٌ مِنْ أَهْلِ رُفْقَتِكَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) жеткізуінше, Зуәйб Әбу Қабиса Ибн Аббасқа Алла Елшісінің (с.а.с.) құрбандық түйелерін өзімен бірге жіберіп, оған былай дейтінін хабарлаған: «Егер олардың бірі әлсіреп, өліп қалады деп қорықсаң, оны бауызда. Содан кейін мойнына тағылған сандалды қанына малып, бүйіріне бас. Оның етін өзің де жеме, сапарластарыңның ешқайсысы да жемесін» (1326/378).