Хадис

Сахих Мүслим, № 853

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
12. Талақ кітабыكِتَابُ الطَّلَاقِ
бап
4. Өзіне харам ету, Ұлы әрі Құдіретті Алланың «Уа, пайғамбар! Неліктен Алланың адал еткенін өзіңе харам қыласың?!» деген мағынадағы сөзі және осы мәселеге қатысты пікір қайшылықтары туралыبَابٌ: فِي الْحَرَامِ، وَقَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ لِمَ تُحَرِّمُ مَا أَحَلَّ اللَّهُ لَكَ﴾ وَالِاخْتِلَافِ فِيهِ
Нөмірі
№ 853 (Мухтасар реті)
853
Мүслим, № 853Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَمْكُثُ عِنْدَ زَيْنَبَ بِنْتِ جَحْشٍ فَيَشْرَبُ عِنْدَهَا عَسَلًا، قَالَتْ: «فَتَوَاطَأْتُ أَنَا وَحَفْصَةُ أَنَّ أَيَّتَنَا مَا دَخَلَ عَلَيْهَا النَّبِيُّ ﷺ فَلْتَقُلْ: “إِنِّي أَجِدُ مِنْكَ رِيحَ مَغَافِيرَ. أَكَلْتَ مَغَافِيرَ؟” فَدَخَلَ عَلَى إِحْدَاهُمَا، فَقَالَتْ ذَلِكَ لَهُ، فَقَالَ: “شَرِبْتُ عَسَلًا عِنْدَ زَيْنَبَ بِنْتِ جَحْشٍ، وَلَنْ أَعُودَ لَهُ”». فَنَزَلَ: ﴿لِمَ تُحَرِّمُ مَا أَحَلَّ اللَّهُ لَكَ﴾ [التَّحْرِيمِ: ١] إِلَى قَوْلِهِ: ﴿إِنْ تَتُوبَا﴾ [التَّحْرِيمِ: ٤] لِعَائِشَةَ وَحَفْصَةَ، ﴿وَإِذْ أَسَرَّ النَّبِيُّ إِلَى بَعْضِ أَزْوَاجِهِ حَدِيثًا﴾ [التَّحْرِيمِ: ٣]، لِقَوْلِهِ: «بَلْ شَرِبْتُ عَسَلًا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Зәйнаб бинт Жахштың үйінде біраз аялдап, бал ішетін еді. Хафса екеуіміз: “Пайғамбар (с.а.с.) екеуіміздің қайсымыздың үйімізге кірсе, сол оған: ‘Сізден мағафирдің иісін сезіп тұрмын. Мағафир жедіңіз бе?’ – десін”, – деп келістік. Содан кейін ол (с.а.с.) екеуіміздің біріміздің үйімізге кіргенде, оған осы сөз айтылды. Сонда ол (с.а.с.): “Мен Зәйнаб бинт Жахштың үйінде бал ішкен едім. Енді оны ішпеймін”, – деді. Осыдан кейін “Неліктен Алланың адал еткенін өзіңе харам қыласың?!” («Тахрим», 1) дегеннен “Егер екеуің де Аллаға тәубе етсеңдер...” («Тахрим», 4) дегенге дейінгі аяттар Айша мен Хафсаға қатысты түсті. Ал “Кезінде Пайғамбар жұбайларының біріне бір сыр айтқан еді...” («Тахрим», 3) деген аят оның (с.а.с.): “Жоқ, мен бал ішкен едім”, – деген сөзіне қатысты түсті» (1474/20).