Хадис
كِتَابُ الطَّلَاقِ

Талақ кітабы

Сахих Мүслим, 12-кітап · 10 хадис · № 848–857

Мазмұны: 6 бап
  1. 1Ер адамның етеккірі келіп жүрген әйеліне талақ беруі туралы
  2. 2Алла елшісінің дәуірінде үш талақ беру туралы
  3. 3Ер адам талақ берген әйел басқа ерге тұрмысқа шығып, жаңа күйеуі онымен жақындаспаса, оның алғашқы күйеуіне қайта оралуына болмайды
  4. 4Өзіне харам ету, Ұлы әрі Құдіретті Алланың «Уа, пайғамбар! Неліктен Алланың адал еткенін өзіңе харам қыласың?!» деген мағынадағы сөзі және осы мәселеге қатысты пікір қайшылықтары туралы
  5. 5Ер адамның әйеліне некеде қалу не ажырасу жөнінде таңдау құқығын беруі туралы
  6. 6Алла Тағаланың «Ал егер бір-біріңе болысып, оған қарсы келетін болсаңдар» деген сөзі туралы
بَابٌ: فِي الرَّجُلِ يُطَلِّقُ امْرَأَتَهُ وَهِيَ حَائِضٌ

1-бапЕр адамның етеккірі келіп жүрген әйеліне талақ беруі туралы

848
Мүслим, № 848

عَنْ نَافِعٍ، أَنَّ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا طَلَّقَ امْرَأَتَهُ وَهِيَ حَائِضٌ، فَسَأَلَ عُمَرُ النَّبِيَّ ﷺ فَأَمَرَهُ أَنْ يُرَاجِعَهَا، ثُمَّ يُمْهِلَهَا حَتَّى تَحِيضَ حَيْضَةً أُخْرَى، ثُمَّ يُمْهِلَهَا حَتَّى تَطْهُرَ، ثُمَّ يُطَلِّقَهَا قَبْلَ أَنْ يَمَسَّهَا، فَتِلْكَ الْعِدَّةُ الَّتِي أَمَرَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ أَنْ يُطَلَّقَ لَهَا النِّسَاءُ. فَكَانَ ابْنُ عُمَرَ إِذَا سُئِلَ عَنِ الرَّجُلِ يُطَلِّقُ امْرَأَتَهُ وَهِيَ حَائِضٌ يَقُولُ: «أَمَّا أَنْتَ طَلَّقْتَهَا وَاحِدَةً أَوِ اثْنَتَيْنِ، إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَمَرَهُ أَنْ يُرَاجِعَهَا، ثُمَّ يُمْهِلَهَا حَتَّى تَحِيضَ حَيْضَةً أُخْرَى، ثُمَّ يُمْهِلَهَا حَتَّى تَطْهُرَ، ثُمَّ يُطَلِّقَهَا قَبْلَ أَنْ يَمَسَّهَا. وَأَمَّا أَنْتَ طَلَّقْتَهَا ثَلَاثًا فَقَدْ عَصَيْتَ رَبَّكَ فِيمَا أَمَرَكَ بِهِ مِنْ طَلَاقِ امْرَأَتِكَ، وَبَانَتْ مِنْكَ».

Қазақша аудармасы

Нафиғтың жеткізуінше, Ибн Омар (р.а.) әйеліне етеккір көріп жүрген кезінде талақ берді. Омар бұл жайында Пайғамбардан (с.а.с.) сұрады. Сонда ол (с.а.с.) Ибн Омарға әйелін қайтарып алып, тағы бір етеккір көргенше күтуін, содан кейін тазарғанша тағы күтіп, онымен жақындаспай тұрып талақ беруін бұйырды. Міне, әйелдерді соған сәйкес талақ етуді Ұлы әрі Құдіретті Алла бұйырған ғидда – осы. Ибн Омардан әйеліне етеккір кезінде талақ берген адам жайында сұралғанда, ол: «Егер сен оған бір не екі талақ берген болсаң, Алла елшісі (с.а.с.) оған әйелін қайтарып алып, тағы бір етеккір көргенше күтуін, содан кейін тазарғанша тағы күтіп, онымен жақындаспай тұрып талақ беруін бұйырған. Ал егер сен оған үш талақ берген болсаң, әйеліңе талақ беру жөнінде Раббыңның бұйрығына қарсы келгенсің әрі ол сенен біржола ажыраған», – дейтін (1471/3).

849
Мүслим, № 849

عَنِ ابْنِ سِيرِينَ، قَالَ: «مَكَثْتُ عِشْرِينَ سَنَةً يُحَدِّثُنِي مَنْ لَا أَتَّهِمُ أَنَّ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا طَلَّقَ امْرَأَتَهُ ثَلَاثًا وَهِيَ حَائِضٌ، فَأُمِرَ أَنْ يُرَاجِعَهَا، فَجَعَلْتُ لَا أَتَّهِمُهُمْ وَلَا أَعْرِفُ الْحَدِيثَ، حَتَّى لَقِيتُ أَبَا غَلَّابٍ يُونُسَ بْنَ جُبَيْرٍ الْبَاهِلِيَّ، وَكَانَ ذَا ثَبَتٍ، فَحَدَّثَنِي أَنَّهُ سَأَلَ ابْنَ عُمَرَ، فَحَدَّثَهُ أَنَّهُ طَلَّقَ امْرَأَتَهُ تَطْلِيقَةً وَهِيَ حَائِضٌ، فَأُمِرَ أَنْ يُرَاجِعَهَا، قَالَ: قُلْتُ: “أَفَحُسِبَتْ عَلَيْهِ؟” قَالَ: “فَمَهْ؟ أَوَ إِنْ عَجَزَ وَاسْتَحْمَقَ؟”»

Қазақша аудармасы

Ибн Сирин былай деді: «Жиырма жыл бойы шыншылдығына күмән келтірмейтін адамдар маған Ибн Омардың әйеліне етеккір көріп жүрген кезінде үш талақ бергенін және оған әйелін қайтарып алу бұйырылғанын айтып жүрді. Мен олардың шыншылдығына күмән келтірмейтінмін, алайда хадистің анық мән-жайын білмедім. Ақырында Әбу Ғаллаб Юнус ибн Жубайр әл-Бәһилиді кездестірдім. Ол сенімді әрі жады берік адам еді. Ол маған Ибн Омардан осы мәселе жайында сұрағанын, сонда Ибн Омардың: “Мен әйеліме етеккір көріп жүрген кезінде бір талақ бердім. Содан кейін маған оны қайтарып алу бұйырылды”, – деп айтқанын жеткізді. Мен: “Сол талақ бір талақ ретінде есепке алынды ма?” – деп сұрадым. Ол: “Ендеше ше? Ол дәрменсіздік танытып, ақымақтық жасады екен деп, талақ есептелмей қала ма?” – деді» (1471/7).

بَابٌ: الطَّلَاقُ مِنَ الثَّلَاثِ فِي عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ

2-бапАлла елшісінің дәуірінде үш талақ беру туралы

850
Мүслим, № 850Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كَانَ الطَّلَاقُ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَأَبِي بَكْرٍ، وَسَنَتَيْنِ مِنْ خِلَافَةِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا طَلَاقُ الثَّلَاثِ وَاحِدَةً، فَقَالَ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ: “إِنَّ النَّاسَ قَدِ اِسْتَعْجَلُوا فِي أَمْرٍ قَدْ كَانَتْ لَهُمْ فِيهِ أَنَاةٌ، فَلَوْ أَمْضَيْنَاهُ عَلَيْهِمْ”، فَأَمْضَاهُ عَلَيْهِمْ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Алла елшісінің (с.а.с.) заманында, Әбу Бәкірдің тұсында және Омардың халифалығының алғашқы екі жылында үш талақ бір талақ болып есептелетін. Сонда Омар ибн әл-Хаттаб: “Адамдар өздеріне асықпай әрекет ету мүмкіндігі берілген істе асығыстық таныта бастады. Ендеше, оны оларға міндетті етіп бекітсек қайтеді?” – деді де, оны оларға міндетті етіп бекітті» (1472/15).

بَابٌ: فِي الرَّجُلِ يُطَلِّقُ امْرَأَتَهُ فَتَتَزَوَّجُ غَيْرَهُ وَلَا يَدْخُلُ بِهَا فَلَيْسَ لَهَا أَنْ تَرْجِعَ إِلَى الْأَوَّلِ

3-бапЕр адам талақ берген әйел басқа ерге тұрмысқа шығып, жаңа күйеуі онымен жақындаспаса, оның алғашқы күйеуіне қайта оралуына болмайды

851
Мүслим, № 851Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ رِفَاعَةَ الْقُرَظِيَّ طَلَّقَ امْرَأَتَهُ، فَبَتَّ طَلَاقَهَا، فَتَزَوَّجَتْ بَعْدَهُ عَبْدَ الرَّحْمَنِ بْنَ الزَّبِيرِ، فَجَاءَتِ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّهَا كَانَتْ تَحْتَ رِفَاعَةَ، فَطَلَّقَهَا آخِرَ ثَلَاثِ تَطْلِيقَاتٍ، فَتَزَوَّجْتُ بَعْدَهُ عَبْدَ الرَّحْمَنِ بْنَ الزَّبِيرِ، وَإِنَّهُ، وَاللَّهِ، مَا مَعَهُ إِلَّا مِثْلُ الْهُدْبَةِ»، وَأَخَذَتْ بِهُدْبَةٍ مِنْ جِلْبَابِهَا، قَالَ: «فَتَبَسَّمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ضَاحِكًا، فَقَالَ: “لَعَلَّكِ تُرِيدِينَ أَنْ تَرْجِعِي إِلَى رِفَاعَةَ؟ لَا، حَتَّى يَذُوقَ عُسَيْلَتَكِ، وَتَذُوقِي عُسَيْلَتَهُ”، وَأَبُو بَكْرٍ الصِّدِّيقُ جَالِسٌ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَخَالِدُ بْنُ سَعِيدِ بْنِ الْعَاصِ جَالِسٌ بِبَابِ الْحُجْرَةِ، لَمْ يُؤْذَنْ لَهُ». قَالَ: «فَطَفِقَ خَالِدٌ يُنَادِي أَبَا بَكْرٍ: “أَلَا تَزْجُرُ هَذِهِ عَمَّا تَجْهَرُ بِهِ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ؟”»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Рифаға әл-Құрази әйеліне қайтарымсыз талақ берді. Одан кейін әйел Абдуррахман ибн әз-Зәбирге тұрмысқа шықты. Содан соң Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Алланың елшісі! Мен Рифағаның некесінде болған едім. Ол маған үш талақтың соңғысын берді. Одан кейін Абдуррахман ибн әз-Зәбирге тұрмысқа шықтым. Алламен ант етемін, оның бары мына шашақтай ғана”, – деп, жамылғысының шашағынан ұстады. Алла елшісі (с.а.с.) жымиып күліп: “Сен Рифағаға қайта оралғың келетін шығар? Жоқ, ол сенің бал дәміңді, сен оның бал дәмін татпайынша орала алмайсың”, – деді. Бұл кезде Әбу Бәкір әс-Сыддық Алла елшісінің (с.а.с.) қасында отыр еді. Ал Халид ибн Сағид ибн әл-Ас бөлменің есігінде отыр еді, оған кіруге рұқсат берілмеген болатын. Сонда Халид Әбу Бәкірге дауыстап: “Алла елшісінің (с.а.с.) алдында осылай дауыстап сөйлеп отырған мына әйелді тыймайсың ба?” – деді» (1433/112).

بَابٌ: فِي الْحَرَامِ، وَقَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ لِمَ تُحَرِّمُ مَا أَحَلَّ اللَّهُ لَكَ﴾ وَالِاخْتِلَافِ فِيهِ

4-бапӨзіне харам ету, Ұлы әрі Құдіретті Алланың «Уа, пайғамбар! Неліктен Алланың адал еткенін өзіңе харам қыласың?!» деген мағынадағы сөзі және осы мәселеге қатысты пікір қайшылықтары туралы

852
Мүслим, № 852Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «إِذَا حَرَّمَ الرَّجُلُ عَلَيْهِ امْرَأَتَهُ، فَهُوَ يَمِينٌ يُكَفِّرُهَا، وَ﴿لَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ﴾ [الْأَحْزَابِ: ٢١]».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Ер адам әйелін өзіне харам етсе, бұл – кәффарат өтеуді қажет ететін ант». Сондай-ақ ол: «Шүбәсіз, Алла елшісінде сендер үшін ... теңдессіз үлгі-өнеге бар» («Ахзаб», 21), – деді (1473/19).

853
Мүслим, № 853Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَمْكُثُ عِنْدَ زَيْنَبَ بِنْتِ جَحْشٍ فَيَشْرَبُ عِنْدَهَا عَسَلًا، قَالَتْ: «فَتَوَاطَأْتُ أَنَا وَحَفْصَةُ أَنَّ أَيَّتَنَا مَا دَخَلَ عَلَيْهَا النَّبِيُّ ﷺ فَلْتَقُلْ: “إِنِّي أَجِدُ مِنْكَ رِيحَ مَغَافِيرَ. أَكَلْتَ مَغَافِيرَ؟” فَدَخَلَ عَلَى إِحْدَاهُمَا، فَقَالَتْ ذَلِكَ لَهُ، فَقَالَ: “شَرِبْتُ عَسَلًا عِنْدَ زَيْنَبَ بِنْتِ جَحْشٍ، وَلَنْ أَعُودَ لَهُ”». فَنَزَلَ: ﴿لِمَ تُحَرِّمُ مَا أَحَلَّ اللَّهُ لَكَ﴾ [التَّحْرِيمِ: ١] إِلَى قَوْلِهِ: ﴿إِنْ تَتُوبَا﴾ [التَّحْرِيمِ: ٤] لِعَائِشَةَ وَحَفْصَةَ، ﴿وَإِذْ أَسَرَّ النَّبِيُّ إِلَى بَعْضِ أَزْوَاجِهِ حَدِيثًا﴾ [التَّحْرِيمِ: ٣]، لِقَوْلِهِ: «بَلْ شَرِبْتُ عَسَلًا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Зәйнаб бинт Жахштың үйінде біраз аялдап, бал ішетін еді. Хафса екеуіміз: “Пайғамбар (с.а.с.) екеуіміздің қайсымыздың үйімізге кірсе, сол оған: ‘Сізден мағафирдің иісін сезіп тұрмын. Мағафир жедіңіз бе?’ – десін”, – деп келістік. Содан кейін ол (с.а.с.) екеуіміздің біріміздің үйімізге кіргенде, оған осы сөз айтылды. Сонда ол (с.а.с.): “Мен Зәйнаб бинт Жахштың үйінде бал ішкен едім. Енді оны ішпеймін”, – деді. Осыдан кейін “Неліктен Алланың адал еткенін өзіңе харам қыласың?!” («Тахрим», 1) дегеннен “Егер екеуің де Аллаға тәубе етсеңдер...” («Тахрим», 4) дегенге дейінгі аяттар Айша мен Хафсаға қатысты түсті. Ал “Кезінде Пайғамбар жұбайларының біріне бір сыр айтқан еді...” («Тахрим», 3) деген аят оның (с.а.с.): “Жоқ, мен бал ішкен едім”, – деген сөзіне қатысты түсті» (1474/20).

854
Мүслим, № 854Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُحِبُّ الْحَلْوَاءَ وَالْعَسَلَ، فَكَانَ إِذَا صَلَّى الْعَصْرَ دَارَ عَلَى نِسَائِهِ، فَيَدْنُو مِنْهُنَّ، فَدَخَلَ عَلَى حَفْصَةَ، فَاحْتَبَسَ عِنْدَهَا أَكْثَرَ مِمَّا كَانَ يَحْتَبِسُ، فَسَأَلْتُ عَنْ ذَلِكَ، فَقِيلَ لِي: “أَهْدَتْ لَهَا امْرَأَةٌ مِنْ قَوْمِهَا عُكَّةً مِنْ عَسَلٍ، فَسَقَتْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مِنْهُ شَرْبَةً”. فَقُلْتُ: “أَمَا وَاللَّهِ لَنَحْتَالَنَّ لَهُ”، فَذَكَرْتُ ذَلِكَ لِسَوْدَةَ، وَقُلْتُ: “إِذَا دَخَلَ عَلَيْكِ فَإِنَّهُ سَيَدْنُو مِنْكِ، فَقُولِي لَهُ: ‘يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَكَلْتَ مَغَافِيرَ؟’ فَإِنَّهُ سَيَقُولُ لَكِ: ‘لَا’، فَقُولِي لَهُ: ‘مَا هَذِهِ الرِّيحُ؟’” (وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَشْتَدُّ عَلَيْهِ أَنْ يُوجَدَ مِنْهُ الرِّيحُ)، “فَإِنَّهُ سَيَقُولُ لَكِ: ‘سَقَتْنِي حَفْصَةُ شَرْبَةَ عَسَلٍ’، فَقُولِي لَهُ: ‘جَرَسَتْ نَحْلُهُ الْعُرْفُطَ’، وَسَأَقُولُ ذَلِكِ لَهُ، وَقُولِيهِ أَنْتِ، يَا صَفِيَّةُ”، فَلَمَّا دَخَلَ عَلَى سَوْدَةَ قَالَتْ: تَقُولُ سَوْدَةُ: “وَالَّذِي لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ لَقَدْ كِدْتُ أَنْ أُبَادِئَهُ بِالَّذِي قُلْتِ لِي، وَإِنَّهُ لَعَلَى الْبَابِ فَرَقًا مِنْكِ”، فَلَمَّا دَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَالَتْ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَكَلْتَ مَغَافِيرَ؟” قَالَ: “لَا”. قَالَتْ: “فَمَا هَذِهِ الرِّيحُ؟” قَالَ: “سَقَتْنِي حَفْصَةُ شَرْبَةَ عَسَلٍ”. قَالَتْ: “جَرَسَتْ نَحْلُهُ الْعُرْفُطَ”، فَلَمَّا دَخَلَ عَلَيَّ، قُلْتُ لَهُ مِثْلَ ذَلِكَ، ثُمَّ دَخَلَ عَلَى صَفِيَّةَ، فَقَالَتْ بِمِثْلِ ذَلِكَ، ثُمَّ دَخَلَ عَلَى حَفْصَةَ، قَالَتْ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَلَا أَسْقِيكَ مِنْهُ؟” قَالَ: “لَا حَاجَةَ لِي بِهِ”». قَالَتْ: «تَقُولُ سَوْدَةُ: “سُبْحَانَ اللَّهِ! وَاللَّهِ لَقَدْ حَرَمْنَاهُ”. قَالَتْ: قُلْتُ لَهَا: “اُسْكُتِي”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла елшісі (с.а.с.) тәтті тағамдар мен балды жақсы көретін. Екінті намазын оқып болғаннан кейін жұбайларын кезек-кезек аралап, әрқайсысының жанына жақындайтын. Бірде ол Хафсаның үйіне кіріп, оның қасында әдеттегіден ұзағырақ бөгелді. Мен мұның себебін сұрастырдым. Сонда маған: “Хафсаның руынан бір әйел оған бір торсық бал сыйлапты. Хафса Алла елшісіне (с.а.с.) содан бір ұрттам ішкізіпті”, – деп хабарлады. Сонда мен: “Алламен ант етемін, біз оған бір амал ойластырамыз”, – дедім. Кейін бұл жайында Сәудаға айтып: “Ол сенің үйіңе кіргенде жаныңа жақындайды. Сонда одан: ‘Уа, Алланың елшісі! Мағафир шайырын жедіңіз бе?’ – деп сұра. Ол саған: ‘Жоқ’, – дейді. Сонда: ‘Мына иіс не?’ – де. Өйткені өзінен жағымсыз иістің сезілгені Алла елшісіне (с.а.с.) өте ауыр тиетін. Ол саған: ‘Хафса маған бір ұрттам бал ішкізді’, – дейді. Сонда: ‘Оның аралары ұрфұт ағашынан нәр жинаған екен’, – де. Мен де оған осыны айтамын. Сен де осылай айт, уа, Сафия”, – дедім. Алла елшісі (с.а.с.) Сәуданың үйіне кіргенде, Сәуда кейін маған: “Өзінен басқа құдай жоқ Алламен ант етемін! Сенен қорыққанымнан, ол әлі есік алдында тұрғанда-ақ маған айтқан сөзіңді оған айтып қоя жаздадым”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.) оған жақындағанда, Сәуда: “Уа, Алланың елшісі! Мағафир шайырын жедіңіз бе?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ”, – деді. Сәуда: “Онда мына иіс не?” – деді. Ол: “Хафса маған бір ұрттам бал ішкізді”, – деді. Сәуда: “Оның аралары ұрфұт ағашынан нәр жинаған екен”, – деді. Кейін ол менің үйіме кіргенде, мен де оған дәл солай айттым. Содан соң Сафияның үйіне кіргенде, ол да дәл солай айтты. Ал Хафсаның үйіне кіргенде, Хафса: “Уа, Алланың елшісі! Сізге содан тағы ішкізейін бе?” – деп сұрады. Ол: “Маған оның қажеті жоқ”, – деді».

Айша (р.а.): «Сәуда: “Субханалла! Алламен ант етемін, біз оны бұл балдан айырып қойдық қой!” – деді. Мен оған: “Үндеме”, – дедім», – деген (1474/21).

بَابٌ: تَخْيِيرُ الرَّجُلِ امْرَأَتَهُ

5-бапЕр адамның әйеліне некеде қалу не ажырасу жөнінде таңдау құқығын беруі туралы

855
Мүслим, № 855Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «دَخَلَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَسْتَأْذِنُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَوَجَدَ النَّاسَ جُلُوسًا بِبَابِهِ، لَمْ يُؤْذَنْ لِأَحَدٍ مِنْهُمْ». قَالَ: «فَأُذِنَ لِأَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَدَخَلَ، ثُمَّ أَقْبَلَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَاسْتَأْذَنَ فَأُذِنَ لَهُ، فَوَجَدَ النَّبِيَّ ﷺ جَالِسًا، حَوْلَهُ نِسَاؤُهُ، وَاجِمًا سَاكِتًا». قَالَ: «فَقَالَ: “لَأَقُولَنَّ شَيْئًا أُضْحِكُ النَّبِيَّ ﷺ”. فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَوْ رَأَيْتَ بِنْتَ خَارِجَةَ سَأَلَتْنِي النَّفَقَةَ، فَقُمْتُ إِلَيْهَا، فَوَجَأْتُ عُنُقَهَا!” فَضَحِكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَقَالَ: “هُنَّ حَوْلِي كَمَا تَرَى، يَسْأَلْنَنِي النَّفَقَةَ”، فَقَامَ أَبُو بَكْرٍ إِلَى عَائِشَةَ يَجَأُ عُنُقَهَا، وَقَامَ عُمَرُ إِلَى حَفْصَةَ يَجَأُ عُنُقَهَا، كِلَاهُمَا يَقُولُ: “تَسْأَلْنَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مَا لَيْسَ عِنْدَهُ؟!” فَقُلْنَ: “وَاللَّهِ لَا نَسْأَلُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ شَيْئًا أَبَدًا لَيْسَ عِنْدَهُ”. ثُمَّ اِعْتَزَلَهُنَّ شَهْرًا (أَوْ تِسْعًا وَعِشْرِينَ) ثُمَّ نَزَلَتْ عَلَيْهِ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ قُلْ لِأَزْوَاجِكَ﴾ [الْأَحْزَابِ: ٢٨] حَتَّى بَلَغَ ﴿لِلْمُحْسِنَاتِ مِنْكُنَّ أَجْرًا عَظِيمًا﴾ [الْأَحْزَابِ: ٢٩]». قَالَ: «فَبَدَأَ بِعَائِشَةَ، فَقَالَ: “يَا عَائِشَةُ، إِنِّي أُرِيدُ أَنْ أَعْرِضَ عَلَيْكِ أَمْرًا أُحِبُّ أَنْ لَا تَعْجَلِي فِيهِ حَتَّى تَسْتَشِيرِي أَبَوَيْكِ”. قَالَتْ: “وَمَا هُوَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟” فَتَلَا عَلَيْهَا الْآيَةَ، قَالَتْ: “أَفِيكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَسْتَشِيرُ أَبَوَيَّ؟ بَلْ أَخْتَارُ اللَّهَ وَرَسُولَهُ، وَالدَّارَ الْآخِرَةَ، وَأَسْأَلُكَ أَنْ لَا تُخْبِرَ امْرَأَةً مِنْ نِسَائِكَ بِالَّذِي قُلْتُ”. قَالَ: “لَا تَسْأَلُنِي امْرَأَةٌ مِنْهُنَّ إِلَّا أَخْبَرْتُهَا، إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى لَمْ يَبْعَثْنِي مُعَنِّتًا، وَلَا مُتَعَنِّتًا، وَلَكِنْ بَعَثَنِي مُعَلِّمًا مُيَسِّرًا”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Әбу Бәкір Алла елшісінің (с.а.с.) құзырына кіруге рұқсат сұрап келді. Ол есік алдында отырған жұртты көрді, бірақ олардың ешқайсысына кіруге рұқсат берілмеген еді. Содан кейін Әбу Бәкірге рұқсат беріліп, ол ішке кірді. Артынша Омар келіп, рұқсат сұрады. Оған да рұқсат берілді. Ол Пайғамбардың (с.а.с.) үнсіз әрі тұнжырап отырғанын, ал жұбайларының оны айнала отырғанын көрді. Сонда Омар: “Пайғамбарды (с.а.с.) күлдіретін бір сөз айтайын”, – деді де: “Уа, Алланың елшісі! Харижаның қызы менен нәпақа сұраған кезде, орнымнан тұрып, оның желкесінен ұрып жібергенімді көрсеңіз ғой!” – деді. Алла елшісі (с.а.с.) күліп: “Көріп тұрғаныңдай, мыналар да мені айнала қоршап, менен нәпақа сұрап отыр”, – деді. Сонда Әбу Бәкір Айшаның қасына барып, желкесінен ұра бастады. Омар да Хафсаның қасына барып, желкесінен ұра бастады. Екеуі де: “Алла елшісінен (с.а.с.) қолында жоқ нәрсені сұрайсыңдар ма?!” – деді. Олар: “Алламен ант етеміз! Бұдан былай Алла елшісінен (с.а.с.) қолында жоқ ешбір нәрсені сұрамаймыз”, – деді. Содан кейін ол (с.а.с.) жұбайларынан бір ай немесе жиырма тоғыз күн бойы бөлек жүрді. Артынша оған: “Уа, ардақты Пайғамбар! Жұбайларыңа...” («Ахзаб», 28) деген сөздерден бастап, “...араларыңдағы игілікке құштар ізгі жандарға зор сауап, үлкен сый-сияпат...” («Ахзаб», 29) деген сөздерге дейінгі аяттар түсті. Ол (с.а.с.) алдымен Айшадан бастап: “Уа, Айша! Мен саған бір мәселені ұсынбақпын. Ата-анаңмен ақылдаспай тұрып шешім қабылдауға асықпағаныңды қалаймын”, – деді. Айша (р.а.): “Уа, Алланың елшісі! Ол қандай мәселе?” – деп сұрады. Сонда ол (с.а.с.) оған аятты оқып берді. Айша (р.а.): “Уа, Алланың елшісі! Сізге қатысты мәселе жөнінде ата-анаммен ақылдасамын ба?! Жоқ, мен Алланы, Оның елшісін және Ақырет мекенін таңдаймын. Сізден өтінерім: бұл айтқанымды жұбайларыңыздың ешқайсысына хабарламаңыз”, – деді. Ол (с.а.с.): “Жұбайларымның қайсысы менен сұраса да, оған міндетті түрде айтамын. Өйткені Алла мені қиындық туғызушы да, машақат жүктеуші де етіп жіберген жоқ. Алайда үйретуші әрі жеңілдетуші етіп жіберді”, – деді» (1478/29).

856
Мүслим, № 856

عَنْ مَسْرُوقٍ، قَالَ: «مَا أُبَالِي خَيَّرْتُ امْرَأَتِي وَاحِدَةً، أَوْ مِائَةً، أَوْ أَلْفًا بَعْدَ أَنْ تَخْتَارَنِي، وَلَقَدْ سَأَلْتُ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، فَقَالَتْ: “قَدْ خَيَّرَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ. أَفَكَانَ طَلَاقًا؟”»

Қазақша аудармасы

Масруқ былай деді: «Әйелім мені таңдаса болғаны, оған бір рет, жүз рет немесе мың рет таңдау еркіндігін бергенімнің мен үшін айырмасы жоқ. Бұл жөнінде Айшадан (р.а.) сұрағанымда, ол: “Алла елшісі (с.а.с.) бізге таңдау еркіндігін берді. Сонда бұл талақ болған ба еді?” – деді» (1477/25).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَإِنْ تَظَاهَرَا عَلَيْهِ﴾

6-бапАлла Тағаланың «Ал егер бір-біріңе болысып, оған қарсы келетін болсаңдар» деген сөзі туралы

857
Мүслим, № 857Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «مَكَثْتُ سَنَةً وَأَنَا أُرِيدُ أَنْ أَسْأَلَ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ عَنْ آيَةٍ، فَمَا أَسْتَطِيعُ أَنْ أَسْأَلَهُ هَيْبَةً لَهُ، حَتَّى خَرَجَ حَاجًّا، فَخَرَجْتُ مَعَهُ، فَلَمَّا رَجَعَ فَكُنَّا بِبَعْضِ الطَّرِيقِ عَدَلَ إِلَى الْأَرَاكِ لِحَاجَةٍ لَهُ، فَوَقَفْتُ لَهُ حَتَّى فَرَغَ، ثُمَّ سِرْتُ مَعَهُ، فَقُلْتُ: “يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ، مَنِ اللَّتَانِ تَظَاهَرَتَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنْ أَزْوَاجِهِ؟” فَقَالَ: “تِلْكَ حَفْصَةُ وَعَائِشَةُ”. قَالَ: فَقُلْتُ لَهُ: “وَاللَّهِ، إِنْ كُنْتُ لَأُرِيدُ أَنْ أَسْأَلَكَ عَنْ هَذَا مُنْذُ سَنَةٍ فَمَا أَسْتَطِيعُ هَيْبَةً لَكَ”. قَالَ: “فَلَا تَفْعَلْ. مَا ظَنَنْتَ أَنَّ عِنْدِي مِنْ عِلْمٍ فَسَلْنِي عَنْهُ، فَإِنْ كُنْتُ أَعْلَمُهُ أَخْبَرْتُكَ”». قَالَ: وَقَالَ عُمَرُ: «وَاللَّهِ، إِنْ كُنَّا فِي الْجَاهِلِيَّةِ مَا نَعُدُّ لِلنِّسَاءِ أَمْرًا، حَتَّى أَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى فِيهِنَّ مَا أَنْزَلَ، وَقَسَمَ لَهُنَّ مَا قَسَمَ». قَالَ: «فَبَيْنَمَا أَنَا فِي أَمْرٍ أَأْتَمِرُهُ إِذْ قَالَتْ لِي امْرَأَتِي: “لَوْ صَنَعْتَ كَذَا وَكَذَا”. فَقُلْتُ لَهَا: “وَمَا لَكِ أَنْتِ وَلِمَا هَاهُنَا؟ وَمَا تَكَلُّفُكِ فِي أَمْرٍ أُرِيدُهُ؟” فَقَالَتْ لِي: “عَجَبًا لَكَ، يَا ابْنَ الْخَطَّابِ، مَا تُرِيدُ أَنْ تُرَاجَعَ أَنْتَ؟ وَإِنَّ ابْنَتَكَ لَتُرَاجِعُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ حَتَّى يَظَلَّ يَوْمَهُ غَضْبَانَ”». قَالَ عُمَرُ: «فَآخُذُ رِدَائِي، ثُمَّ أَخْرُجُ مَكَانِي حَتَّى أَدْخُلَ عَلَى حَفْصَةَ، فَقُلْتُ لَهَا: “يَا بُنَيَّةُ، إِنَّكِ لَتُرَاجِعِينَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ حَتَّى يَظَلَّ يَوْمَهُ غَضْبَانَ؟” فَقَالَتْ حَفْصَةُ: “وَاللَّهِ إِنَّا لَنُرَاجِعُهُ”. فَقُلْتُ: “تَعْلَمِينَ أَنِّي أُحَذِّرُكِ عُقُوبَةَ اللَّهِ، وَغَضَبَ رَسُولِهِ. يَا بُنَيَّةُ، لَا تَغُرَّنَّكِ هَذِهِ الَّتِي قَدْ أَعْجَبَهَا حُسْنُهَا، وَحُبُّ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِيَّاهَا”. ثُمَّ خَرَجْتُ حَتَّى أَدْخُلَ عَلَى أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا لِقَرَابَتِي مِنْهَا، فَكَلَّمْتُهَا، فَقَالَتْ لِي أُمُّ سَلَمَةَ: “عَجَبًا لَكَ، يَا ابْنَ الْخَطَّابِ، قَدْ دَخَلْتَ فِي كُلِّ شَيْءٍ، حَتَّى تَبْتَغِيَ أَنْ تَدْخُلَ بَيْنَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَأَزْوَاجِهِ؟!”» قَالَ: «فَأَخَذَتْنِي أَخْذًا كَسَرَتْنِي عَنْ بَعْضِ مَا كُنْتُ أَجِدُ، فَخَرَجْتُ مِنْ عِنْدِهَا، وَكَانَ لِي صَاحِبٌ مِنَ الْأَنْصَارِ إِذَا غِبْتُ أَتَانِي بِالْخَبَرِ، وَإِذَا غَابَ كُنْتُ أَنَا آتِيهِ بِالْخَبَرِ، وَنَحْنُ حِينَئِذٍ نَتَخَوَّفُ مَلِكًا مِنْ مُلُوكِ غَسَّانَ، ذُكِرَ لَنَا أَنَّهُ يُرِيدُ أَنْ يَسِيرَ إِلَيْنَا، فَقَدِ اِمْتَلَأَتْ صُدُورُنَا مِنْهُ، فَأَتَى صَاحِبِي الْأَنْصَارِيُّ يَدُقُّ الْبَابَ، وَقَالَ: “اِفْتَحِ، اِفْتَحْ”. فَقُلْتُ: “جَاءَ الْغَسَّانِيُّ؟” فَقَالَ: “أَشَدُّ مِنْ ذَلِكَ؛ اِعْتَزَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَزْوَاجَهُ”. فَقُلْتُ: “رَغِمَ أَنْفُ حَفْصَةَ وَعَائِشَةَ”. ثُمَّ آخُذُ ثَوْبِي، فَأَخْرُجُ حَتَّى جِئْتُ، فَإِذَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي مَشْرُبَةٍ لَهُ يُرْتَقَى إِلَيْهَا بِعَجَلَةٍ، وَغُلَامٌ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَسْوَدُ عَلَى رَأْسِ الدَّرَجَةِ، فَقُلْتُ: “هَذَا عُمَرُ”، فَأُذِنَ لِي». قَالَ عُمَرُ: «فَقَصَصْتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ هَذَا الْحَدِيثَ، فَلَمَّا بَلَغْتُ حَدِيثَ أُمِّ سَلَمَةَ تَبَسَّمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَإِنَّهُ لَعَلَى حَصِيرٍ مَا بَيْنَهُ وَبَيْنَهُ شَيْءٌ، وَتَحْتَ رَأْسِهِ وِسَادَةٌ مِنْ أَدَمٍ، حَشْوُهَا لِيفٌ، وَإِنَّ عِنْدَ رِجْلَيْهِ قَرَظًا مَصْبُورًا، وَعِنْدَ رَأْسِهِ أُهُبًا مُعَلَّقَةً، فَرَأَيْتُ أَثَرَ الْحَصِيرِ فِي جَنْبِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَبَكَيْتُ، فَقَالَ: “مَا يُبْكِيكَ؟” فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، كِسْرَى وَقَيْصَرُ فِيمَا هُمَا فِيهِ، وَأَنْتَ رَسُولُ اللَّهِ!” فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَمَا تَرْضَى أَنْ تَكُونَ لَهُمَا الدُّنْيَا، وَلَكَ الْآخِرَةُ؟”»

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Мен Омар ибн әл-Хаттабтан бір аят жайында сұрауды ойлап, бір жыл жүрдім. Алайда одан именгендіктен, сұрауға батылым жетпеді. Ақыры ол қажылыққа аттанғанда, мен де онымен бірге шықтым. Қажылықтан қайтып келе жатқанымызда, жолдың бір тұсында ол қажетін өтеу үшін арак ағаштары жаққа бұрылды. Мен оны күтіп тұрдым. Ол қажетін өтеп болғаннан кейін, онымен бірге жолға түстім де: “Уа, мүміндердің әміршісі! Алла елшісіне (с.а.с.) қарсы бір-біріне қолдау көрсеткен екі жұбайы кім еді?” – деп сұрадым. Ол: “Олар – Хафса мен Айша”, – деді. Мен оған: “Алламен ант етемін, осыны сізден бір жылдан бері сұрағым келіп жүр еді. Бірақ сізден именгендіктен, сұрауға батылым жетпеді”, – дедім. Ол: “Олай істеме. Менде қандай да бір білім бар деп ойласаң, оны менен сұра. Егер білсем, саған айтып беремін”, – деді. Омар сөзін жалғастырып: “Алламен ант етемін, біз жаһилиет дәуірінде әйелдерді еш нәрсеге санамайтынбыз. Ақыры Алла Тағала олар жайында түсіретінін түсіріп, оларға тиесілі үлесті белгіледі. Бірде мен бір істі ойластырып отырғанымда, әйелім маған: ‘Былай-былай істесең қайтеді?’ – деді. Мен оған: ‘Мұнда болып жатқан іске сенің не қатысың бар? Мен қолға алмақ болған іске неге араласасың?’ – дедім. Сонда ол: ‘Саған таңғаламын, уа, Ибн әл-Хаттаб! Өзіңе сөз қайтарылғанын қаламайсың. Ал қызың Алла елшісіне (с.а.с.) сөз қайтарып, соның салдарынан ол күні бойы ашулы жүреді’, – деді. Мен шапанымды алып, сол бойда Хафсаға бардым да: ‘Қызым! Сен Алла елшісіне (с.а.с.) сөз қайтарып, оны күні бойы ашулы жүретіндей етесің бе?’ – деп сұрадым. Хафса: ‘Алламен ант етемін, біз оған сөз қайтарамыз’, – деді. Мен: ‘Біліп қой, мен сені Алланың жазасы мен Оның елшісінің қаһарынан сақтандырамын. Қызым! Өз сұлулығына әрі Алла елшісінің (с.а.с.) өзін жақсы көретініне масаттанған мына әйел сені алдап кетпесін’, – дедім. Содан кейін Үммі Сәләмәмен туыстығым болғандықтан, оның үйіне барып, онымен сөйлестім. Сонда Үммі Сәләмә маған: ‘Саған таңғаламын, уа, Ибн әл-Хаттаб! Сен барлық іске араластың. Енді тіпті Алла елшісі (с.а.с.) мен оның жұбайларының арасына да түскің келе ме?’ – деді. Ол айтқандарыма қатты тойтарыс беріп, бойымдағы ашудың біразын басты. Сөйтіп, оның үйінен шығып кеттім. Менің ансарлардан бір жолдасым бар еді. Мен болмаған кезде ол маған хабар әкелетін, ал ол болмаған кезде мен оған хабар жеткізетінмін. Сол уақытта біз Ғассан патшаларының бірінен қауіптеніп жүрдік. Оның бізге қарай әскер бастап шықпақ болғаны жайында хабар жеткен еді. Содан жүрегіміз үрейге толған болатын. Бір кезде ансарлық жолдасым келіп, есікті қаға бастады да: ‘Аш! Аш!’ – деді. Мен: ‘Ғассандық патша келіп қалды ма?’ – деп сұрадым. Ол: ‘Одан да ауыр жағдай болды. Алла елшісі (с.а.с.) жұбайларынан бөлек кетті’, – деді. Сонда мен: ‘Хафса мен Айшаның мұрны жерге тисін!’ – дедім. Содан кейін киімімді алып, дереу жолға шықтым. Келсем, Алла елшісі (с.а.с.) баспалдақпен көтерілетін жоғарғы бөлмесінде екен. Баспалдақтың басында Алла елшісінің (с.а.с.) қара нәсілді бір қызметшісі тұрды. Мен оған: ‘Бұл – Омар’, – дедім. Содан кейін маған кіруге рұқсат берілді. Мен болған оқиғаның бәрін Алла елшісіне (с.а.с.) баяндап бердім. Үммі Сәләмәнің сөздеріне жеткенімде, Алла елшісі (с.а.с.) жымиып күлді. Ол құрма жапырағынан тоқылған төсеніштің үстінде жатты. Денесі мен төсеніштің арасында ештеңе жоқ еді. Басының астында құрма талшығы толтырылған былғары жастық жатты. Аяқ жағында жиналған қараз жапырақтары, ал бас жағында ілулі тұрған терілер бар еді. Алла елшісінің (с.а.с.) бүйірінен төсеніштің ізін көргенде, жылап жібердім. Ол (с.а.с.): ‘Сені не жылатты?’ – деп сұрады. Мен: ‘Уа, Алланың елшісі! Кисра мен Қайсар шалқып өмір сүріп жатыр, ал сіз – Алланың елшісісіз’, – дедім. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): ‘Оларға дүние, ал саған ақырет болғанына разы емессің бе?’ – деді”» (1479/31).