Хадис
كِتَابُ الْعِدَّةِ

Ғидда (күту мерзімі) кітабы

Сахих Мүслим, 13-кітап · 7 хадис · № 858–864

Мазмұны: 6 бап
  1. 1Жүкті әйелдің күйеуі қайтыс болғаннан кейін босануы туралы
  2. 2Талақ алған әйелдің құрма ағаштарының жемісін жинау үшін үйінен шығуы туралы
  3. 3Талақ алған әйелдің өзіне қауіп төнеді деп қорыққан кезде үйінен шығуы туралы
  4. 4Талақ алған әйелдің ғиддасы аяқталғаннан кейін тұрмысқа шығуы туралы
  5. 5Күйеуі қайтыс болған әйелдің ғидда мерзімінде аза тұтуы және көзіне сүрме жақпауы туралы
  6. 6Аза тұтқан әйелдің хош иіс қолданбауы және боялған киім кимеуі туралы
بَابٌ: فِي الْحَامِلِ تَضَعُ بَعْدَ وَفَاةِ زَوْجِهَا

1-бапЖүкті әйелдің күйеуі қайтыс болғаннан кейін босануы туралы

858
Мүслим, № 858

عَنْ عُبَيْدِ اللَّهِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُتْبَةَ، أَنَّ أَبَاهُ كَتَبَ إِلَى عُمَرَ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ الْأَرْقَمِ الزُّهْرِيِّ، يَأْمُرُهُ أَنْ يَدْخُلَ عَلَى سُبَيْعَةَ بِنْتِ الْحَارِثِ الْأَسْلَمِيَّةِ، فَيَسْأَلَهَا عَنْ حَدِيثِهَا، وَعَمَّا قَالَ لَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِينَ اسْتَفْتَتْهُ، فَكَتَبَ عُمَرُ بْنُ عَبْدِ اللَّهِ إِلَى عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُتْبَةَ يُخْبِرُهُ أَنَّ سُبَيْعَةَ أَخْبَرَتْهُ أَنَّهَا كَانَتْ تَحْتَ سَعْدِ بْنِ خَوْلَةَ وَهُوَ فِي بَنِي عَامِرِ بْنِ لُؤَيٍّ، وَكَانَ مِمَّنْ شَهِدَ بَدْرًا، فَتُوُفِّيَ عَنْهَا فِي حَجَّةِ الْوَدَاعِ وَهِيَ حَامِلٌ، فَلَمْ تَنْشَبْ أَنْ وَضَعَتْ حَمْلَهَا بَعْدَ وَفَاتِهِ، فَلَمَّا تَعَلَّتْ مِنْ نِفَاسِهَا تَجَمَّلَتْ لِلْخُطَّابِ، فَدَخَلَ عَلَيْهَا أَبُو السَّنَابِلِ بْنُ بَعْكَكٍ – رَجُلٌ مِنْ بَنِي عَبْدِ الدَّارِ – فَقَالَ لَهَا: «مَا لِي أَرَاكِ مُتَجَمِّلَةً؟ لَعَلَّكِ تَرْجِينَ النِّكَاحَ؟ إِنَّكِ، وَاللَّهِ، مَا أَنْتِ بِنَاكِحٍ حَتَّى تَمُرَّ عَلَيْكِ أَرْبَعَةُ أَشْهُرٍ وَعَشْرٌ». قَالَتْ سُبَيْعَةُ: «فَلَمَّا قَالَ لِي ذَلِكَ، جَمَعْتُ عَلَيَّ ثِيَابِي حِينَ أَمْسَيْتُ، فَأَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَسَأَلْتُهُ عَنْ ذَلِكَ، فَأَفْتَانِي بِأَنِّي قَدْ حَلَلْتُ حِينَ وَضَعْتُ حَمْلِي، وَأَمَرَنِي بِالتَّزَوُّجِ إِنْ بَدَا لِي». قَالَ ابْنُ شِهَابٍ: «فَمَا أَرَى بَأْسًا أَنْ تَتَزَوَّجَ حِينَ وَضَعَتْ، وَإِنْ كَانَتْ فِي دَمِهَا، غَيْرَ أَنَّهُ لَا يَقْرَبُهَا زَوْجُهَا حَتَّى تَطْهُرَ».

Қазақша аудармасы

Убайдулла ибн Абдулла ибн Утбаның жеткізуінше, әкесі Омар ибн Абдулла ибн әл-Арқам әз-Зуһриге хат жазып, Субәйға бинт әл-Харис әл-Әсләмияға барып, басынан өткен оқиғаны және пәтуа сұраған кезінде Алла елшісінің (с.а.с.) оған не айтқанын сұрап білуді тапсырған. Омар ибн Абдулла Абдулла ибн Утбаға жауап хат жазып, Субәйғаның өзіне былай дегенін жеткізген: «Мен Бәну Амир ибн Луәй руынан шыққан Сағд ибн Хауланың некесінде едім. Ол Бәдір шайқасына қатысқандардың бірі болатын. Ол Қоштасу қажылығы кезінде мен жүкті кезімде қайтыс болды. Күйеуім қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай босандым. Босанғаннан кейін бойымды жинап, оңала бастағанда, құда түсушілер үшін сәндендім. Сол кезде Бәну Абд әд-Дар руынан шыққан Әбу әс-Санабил ибн Бағкак үйіме кіріп: “Неге сәнденіп алғансың? Тұрмысқа шығудан үміттеніп жүрген боларсың? Алламен ант етемін, төрт ай он күн өтпейінше тұрмысқа шыға алмайсың”, – деді. Ол маған осылай дегеннен кейін, кеш батқанда киімімді қымтап киіп, Алла елшісіне (с.а.с.) бардым да, осы мәселе жөнінде сұрадым. Ол (с.а.с.) босанған сәтте-ақ ғидда мерзімімнің аяқталғаны әрі тұрмысқа шығуыма болатыны жөнінде пәтуа беріп, қаласам, тұрмысқа шығуымды бұйырды».

Ибн Шиһаб: «Әйел босанғаннан кейін, тіпті нифас қаны келіп тұрса да, тұрмысқа шығуында еш айып көрмеймін. Алайда тазарғанға дейін күйеуі оған жақындамауы тиіс», – деді (1484/56).

بَابٌ: فِي الْمُطَلَّقَةِ تَخْرُجُ لِجِدَادِ نَخْلِهَا

2-бапТалақ алған әйелдің құрма ағаштарының жемісін жинау үшін үйінен шығуы туралы

859
Мүслим, № 859Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «طُلِّقَتْ خَالَتِي، فَأَرَادَتْ أَنْ تَجُدَّ نَخْلَهَا، فَزَجَرَهَا رَجُلٌ أَنْ تَخْرُجَ، فَأَتَتِ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: “بَلَى، فَجُدِّي نَخْلَكِ، فَإِنَّكِ عَسَى أَنْ تَصَدَّقِي أَوْ تَفْعَلِي مَعْرُوفًا”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Нағашы әпкем талақ етілді. Ол құрма ағаштарының өнімін жинамақ болған еді. Бір кісі оған сыртқа шығуға тыйым салды. Сонда ол Пайғамбарға (с.а.с.) барды. Пайғамбар (с.а.с.): “Әрине, шығып, құрма ағаштарыңның өнімін жинай бер. Бәлкім, садақа берерсің немесе бір игі іс істерсің”, – деді» (1483/55).

بَابٌ: فِي خُرُوجِ الْمُطَلَّقَةِ مِنْ بَيْتِهَا إِذَا خَافَتْ عَلَى نَفْسِهَا

3-бапТалақ алған әйелдің өзіне қауіп төнеді деп қорыққан кезде үйінен шығуы туралы

860
Мүслим, № 860Риуаят етуші: Фатима бинт Қайс (р.а.)

عَنْ فَاطِمَةَ بِنْتِ قَيْسٍ، قَالَتْ: «قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، زَوْجِي طَلَّقَنِي ثَلَاثًا، وَأَخَافُ أَنْ يُقْتَحَمَ عَلَيَّ”». قَالَ: «فَأَمَرَهَا فَتَحَوَّلَتْ».

Қазақша аудармасы

Фатима бинт Қайс былай деді: «Мен: “Уа, Алланың елшісі! Күйеуім мені үш талақпен талақ етті. Үйіме біреулер баса-көктеп кіріп кете ме деп қорқамын”, – дедім. Сонда ол (с.а.с.) маған көшуге бұйырды, мен көшіп кеттім» (1482/53).

861
Мүслим, № 861

عَنْ أَبِي سَلَمَةَ بْنِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَوْفٍ، أَنَّ فَاطِمَةَ بِنْتَ قَيْسٍ أَخْبَرَتْهُ أَنَّهَا كَانَتْ تَحْتَ أَبِي عَمْرِو بْنِ حَفْصِ بْنِ الْمُغِيرَةِ، فَطَلَّقَهَا آخِرَ ثَلَاثِ تَطْلِيقَاتٍ، فَزَعَمَتْ أَنَّهَا جَاءَتْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ تَسْتَفْتِيهِ فِي خُرُوجِهَا مِنْ بَيْتِهَا، فَأَمَرَهَا أَنْ تَنْتَقِلَ إِلَى ابْنِ أُمِّ مَكْتُومٍ الْأَعْمَى، فَأَبَى مَرْوَانُ أَنْ يُصَدِّقَهُ فِي خُرُوجِ الْمُطَلَّقَةِ مِنْ بَيْتِهَا، وَقَالَ عُرْوَةُ: «إِنَّ عَائِشَةَ أَنْكَرَتْ ذَلِكَ عَلَى فَاطِمَةَ بِنْتِ قَيْسٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сәләмә ибн Абдуррахман ибн Ауфтың жеткізуінше, Фатима бинт Қайс оған өзінің Әбу Амр ибн Хафс ибн әл-Муғираның некесінде болғанын, күйеуінің үш талақтың соңғысын бергенін хабарлаған. Фатиманың айтуынша, ол өз үйінен көшіп шығу жайында пәтуа сұрау үшін Алла елшісіне (с.а.с.) келген. Сонда ол (с.а.с.) оған зағип Ибн Үммі Мактумның үйіне көшуді бұйырған. Алайда Мәруан талақ алған әйелдің үйінен шығуы жайындағы Әбу Сәләмәнің сөзіне сенуден бас тартты. Уруа: «Айша Фатима бинт Қайстың бұл сөзіне қарсы болған», – деді (1480/40).

بَابٌ: فِي تَزْوِيجِ الْمُطَلَّقَةِ بَعْدَ عِدَّتِهَا

4-бапТалақ алған әйелдің ғиддасы аяқталғаннан кейін тұрмысқа шығуы туралы

862
Мүслим, № 862Риуаят етуші: Фатима бинт Қайс (р.а.)

عَنْ فَاطِمَةَ بِنْتِ قَيْسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، إِنَّ زَوْجَهَا طَلَّقَهَا ثَلَاثًا، فَلَمْ يَجْعَلْ لَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ سُكْنَى وَلَا نَفَقَةً، قَالَتْ: «قَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِذَا حَلَلْتِ فَآذِنِينِي”، فَآذَنْتُهُ، فَخَطَبَهَا مُعَاوِيَةُ وَأَبُو جَهْمٍ وَأُسَامَةُ بْنُ زَيْدٍ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَمَّا مُعَاوِيَةُ فَرَجُلٌ تَرِبٌ، لَا مَالَ لَهُ، وَأَمَّا أَبُو جَهْمٍ فَرَجُلٌ ضَرَّابٌ لِلنِّسَاءِ، وَلَكِنْ أُسَامَةُ بْنُ زَيْدٍ”. فَقَالَتْ بِيَدِهَا هَكَذَا: “أُسَامَةُ؟ أُسَامَةُ؟!” فَقَالَ لَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “طَاعَةُ اللَّهِ وَطَاعَةُ رَسُولِهِ خَيْرٌ لَكِ”». قَالَتْ: «فَتَزَوَّجْتُهُ، فَاغْتَبَطْتُ».

Қазақша аудармасы

Фатима бинт Қайс (р.а.) былай деді: «Күйеуім маған үш талақ берді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.) маған баспана да, нәпақа да белгілемеді. Алла елшісі (с.а.с.) маған: “Ғидда мерзімің аяқталған кезде, маған хабар бер”, – деді. Мен оған хабар бердім. Содан кейін маған Мұғауия, Әбу Жәһм және Усама ибн Зәйд сөз салды. Алла елшісі (с.а.с.): “Мұғауияға келсек, ол – мал-мүлкі жоқ кедей адам. Әбу Жәһмге келсек, ол – әйелдерді көп ұратын адам. Ал Усама ибн Зәйд...” – деді. Сонда мен қолыммен осылай ишара жасап: “Усама ма?! Усама ма?!” – дедім. Алла елшісі (с.а.с.) маған: “Аллаға және Оның елшісіне бойсұнуың өзің үшін қайырлы”, – деді. Сөйтіп, Усамаға тұрмысқа шығып, оған дән риза болдым» (1480/47).

بَابٌ: فِي الْإِحْدَادِ فِي الْعِدَّةِ عَلَى الْمَيِّتِ وَتَرْكِ الْكُحْلِ

5-бапКүйеуі қайтыс болған әйелдің ғидда мерзімінде аза тұтуы және көзіне сүрме жақпауы туралы

863
Мүслим, № 863

عَنْ حُمَيْدِ بْنِ نَافِعٍ، عَنْ زَيْنَبَ بِنْتِ أَبِي سَلَمَةَ، أَنَّهَا أَخْبَرَتْهُ هَذِهِ الْأَحَادِيثَ الثَّلَاثَةَ، قَالَ: قَالَتْ زَيْنَبُ: «دَخَلْتُ عَلَى أُمِّ حَبِيبَةَ زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ حِينَ تُوُفِّيَ أَبُوهَا أَبُو سُفْيَانَ، فَدَعَتْ أُمُّ حَبِيبَةَ بِطِيبٍ فِيهِ صُفْرَةٌ خَلُوقٌ» (أَوْ غَيْرُهُ) «فَدَهَنَتْ مِنْهُ جَارِيَةً، ثُمَّ مَسَّتْ بِعَارِضَيْهَا، ثُمَّ قَالَتْ: “وَاللَّهِ مَا لِي بِالطِّيبِ مِنْ حَاجَةٍ، غَيْرَ أَنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ عَلَى الْمِنْبَرِ: ‘لَا يَحِلُّ لِامْرَأَةٍ تُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ تُحِدُّ عَلَى مَيِّتٍ فَوْقَ ثَلَاثٍ، إِلَّا عَلَى زَوْجٍ أَرْبَعَةَ أَشْهُرٍ وَعَشْرًا’”». قَالَتْ زَيْنَبُ: «ثُمَّ دَخَلْتُ عَلَى زَيْنَبَ بِنْتِ جَحْشٍ حِينَ تُوُفِّيَ أَخُوهَا، فَدَعَتْ بِطِيبٍ، فَمَسَّتْ مِنْهُ، ثُمَّ قَالَتْ: “وَاللَّهِ مَا لِي بِالطِّيبِ مِنْ حَاجَةٍ، غَيْرَ أَنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ عَلَى الْمِنْبَرِ: ‘لَا يَحِلُّ لِامْرَأَةٍ تُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ تُحِدُّ عَلَى مَيِّتٍ فَوْقَ ثَلَاثٍ، إِلَّا عَلَى زَوْجٍ أَرْبَعَةَ أَشْهُرٍ وَعَشْرًا’”». قَالَتْ زَيْنَبُ: «سَمِعْتُ أُمِّي أُمَّ سَلَمَةَ تَقُولُ: “جَاءَتِ امْرَأَةٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَتْ: ‘يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ ابْنَتِي تُوُفِّيَ عَنْهَا زَوْجُهَا، وَقَدِ اِشْتَكَتْ عَيْنُهَا، أَفَنَكْحُلُهَا؟’ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ‘لَا’ (مَرَّتَيْنِ أَوْ ثَلَاثًا، كُلَّ ذَلِكَ يَقُولُ: ‘لَا’)، ثُمَّ قَالَ: ‘إِنَّمَا هِيَ أَرْبَعَةُ أَشْهُرٍ وَعَشْرٌ، وَقَدْ كَانَتْ إِحْدَاكُنَّ فِي الْجَاهِلِيَّةِ تَرْمِي بِالْبَعْرَةِ عَلَى رَأْسِ الْحَوْلِ’”». قَالَ حُمَيْدٌ: «فَقُلْتُ لِزَيْنَبَ: “وَمَا تَرْمِي بِالْبَعْرَةِ عَلَى رَأْسِ الْحَوْلِ؟”» فَقَالَتْ زَيْنَبُ: «كَانَتِ الْمَرْأَةُ إِذَا تُوُفِّيَ عَنْهَا زَوْجُهَا دَخَلَتْ حِفْشًا، وَلَبِسَتْ شَرَّ ثِيَابِهَا، وَلَمْ تَمَسَّ طِيبًا، وَلَا شَيْئًا حَتَّى تَمُرَّ بِهَا سَنَةٌ، ثُمَّ تُؤْتَى بِدَابَّةٍ (حِمَارٍ أَوْ شَاةٍ أَوْ طَيْرٍ) فَتَفْتَضُّ بِهِ، فَقَلَّمَا تَفْتَضُّ بِشَيْءٍ إِلَّا مَاتَ، ثُمَّ تَخْرُجُ، فَتُعْطَى بَعْرَةً، فَتَرْمِي بِهَا، ثُمَّ تُرَاجِعُ بَعْدُ مَا شَاءَتْ مِنْ طِيبٍ أَوْ غَيْرِهِ».

Қазақша аудармасы

Хумайд ибн Нафиғтың жеткізуінше, Зәйнаб бинт Әбу Сәләмә оған осы үш хадисті хабарлап, былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Үммі Хабибаның әкесі Әбу Суфиян қайтыс болған кезде, мен оның үйіне бардым. Үммі Хабиба сары түсті халуқ немесе басқа бір иіссу алдырды. Оны бір қызметші қызға жақты, содан кейін өз бетінің екі жағына тигізді де: “Алламен ант етемін, менің иіссуға еш қажеттілігім жоқ. Алайда Алла елшісінің (с.а.с.) мінбер үстінде тұрып: ‘Аллаға және Ақырет күніне иман келтірген әйелге қайтыс болған адам үшін үш күннен артық аза тұтуға болмайды. Тек күйеуі үшін төрт ай он күн аза тұтады’, – дегенін естідім”, – деді».

Зәйнаб былай деді: «Содан кейін бауыры қайтыс болған кезде Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Зәйнаб бинт Жахштың үйіне бардым. Ол иіссу алдыртып, соны өзіне жақты да: “Алламен ант етемін, менің иіссуға еш қажеттілігім жоқ. Алайда Алла елшісінің (с.а.с.) мінбер үстінде тұрып: ‘Аллаға және Ақырет күніне иман келтірген әйелге қайтыс болған адам үшін үш күннен артық аза тұтуға болмайды. Тек күйеуі үшін төрт ай он күн аза тұтады’, – дегенін естідім”, – деді».

Зәйнаб былай деді: «Анам Үммі Сәләмәнің былай дегенін естідім: “Бір әйел Алла елшісіне (с.а.с.) келіп: ‘Уа, Алланың елшісі! Қызымның күйеуі қайтыс болды, ал оның көзі ауырып жүр. Көзіне сүрме жағайық па?’ – деп сұрады. Алла елшісі (с.а.с.) екі немесе үш рет: ‘Жоқ’, – деп жауап берді. Содан кейін: ‘Бұл мерзім небәрі төрт ай он күн ғана ғой. Ал жаһилия дәуірінде сендердің бірің бір жыл толғанда бір кесек тезек лақтыратын еді’, – деді”».

Хумайд былай деді: «Мен Зәйнабтан: “Жыл толғанда бір кесек тезекті не үшін лақтыратын еді?” – деп сұрадым. Зәйнаб: “Күйеуі қайтыс болған әйел шағын лашыққа кіріп, ең нашар киімдерін киетін. Бір жыл өткенше иіссуға да, өзге ешбір нәрсеге де жоламайтын. Содан кейін оған есек, қой немесе құс әкелінетін. Ол өзін сол жануарға ысқылайтын. Қай жануарға ысқыласа да, оның тірі қалуы өте сирек еді. Содан соң әйел сыртқа шығып, оған бір кесек тезек берілетін де, ол соны лақтыратын. Бұдан кейін қалаған иіссуын немесе өзге нәрсені қолдана беретін”, – деді» (1486/58,1487,1488,1489).

بَابٌ: تَرْكُ الطِّيبِ وَالصِّبَاغِ لِلْمَرْأَةِ الْحَادِّ

6-бапАза тұтқан әйелдің хош иіс қолданбауы және боялған киім кимеуі туралы

864
Мүслим, № 864Риуаят етуші: Үммі Атия (р.а.)

عَنْ أُمِّ عَطِيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تُحِدُّ امْرَأَةٌ عَلَى مَيِّتٍ فَوْقَ ثَلَاثٍ، إِلَّا عَلَى زَوْجٍ أَرْبَعَةَ أَشْهُرٍ وَعَشْرًا، وَلَا تَلْبَسُ ثَوْبًا مَصْبُوغًا إِلَّا ثَوْبَ عَصْبٍ، وَلَا تَكْتَحِلُ، وَلَا تَمَسُّ طِيبًا إِلَّا إِذَا طَهُرَتْ نُبْذَةً مِنْ قُسْطٍ أَوْ أَظْفَارٍ».

Қазақша аудармасы

Үммі Атияның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: «Әйел қайтыс болған адам үшін үш күннен артық аза тұтпасын. Тек күйеуі үшін төрт ай он күн аза тұтады. Асаб матасынан тігілген киімнен басқа боялған киім кимесін, сүрме жақпасын әрі хош иіс қолданбасын. Тек етеккірінен тазарған кезде құст немесе әзфардың аздаған мөлшерін қолдануына болады» (938/66).