Хадис

Сахих Мүслим, № 864

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
13. Ғидда (күту мерзімі) кітабыكِتَابُ الْعِدَّةِ
бап
6. Аза тұтқан әйелдің хош иіс қолданбауы және боялған киім кимеуі туралыبَابٌ: تَرْكُ الطِّيبِ وَالصِّبَاغِ لِلْمَرْأَةِ الْحَادِّ
Нөмірі
№ 864 (Мухтасар реті)
864
Мүслим, № 864Риуаят етуші: Үммі Атия (р.а.)

عَنْ أُمِّ عَطِيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تُحِدُّ امْرَأَةٌ عَلَى مَيِّتٍ فَوْقَ ثَلَاثٍ، إِلَّا عَلَى زَوْجٍ أَرْبَعَةَ أَشْهُرٍ وَعَشْرًا، وَلَا تَلْبَسُ ثَوْبًا مَصْبُوغًا إِلَّا ثَوْبَ عَصْبٍ، وَلَا تَكْتَحِلُ، وَلَا تَمَسُّ طِيبًا إِلَّا إِذَا طَهُرَتْ نُبْذَةً مِنْ قُسْطٍ أَوْ أَظْفَارٍ».

Қазақша аудармасы

Үммі Атияның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: «Әйел қайтыс болған адам үшін үш күннен артық аза тұтпасын. Тек күйеуі үшін төрт ай он күн аза тұтады. Асаб матасынан тігілген киімнен басқа боялған киім кимесін, сүрме жақпасын әрі хош иіс қолданбасын. Тек етеккірінен тазарған кезде құст немесе әзфардың аздаған мөлшерін қолдануына болады» (938/66).