Хадис

Сахих Мүслим, № 855

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
12. Талақ кітабыكِتَابُ الطَّلَاقِ
бап
5. Ер адамның әйеліне некеде қалу не ажырасу жөнінде таңдау құқығын беруі туралыبَابٌ: تَخْيِيرُ الرَّجُلِ امْرَأَتَهُ
Нөмірі
№ 855 (Мухтасар реті)
855
Мүслим, № 855Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «دَخَلَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَسْتَأْذِنُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَوَجَدَ النَّاسَ جُلُوسًا بِبَابِهِ، لَمْ يُؤْذَنْ لِأَحَدٍ مِنْهُمْ». قَالَ: «فَأُذِنَ لِأَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَدَخَلَ، ثُمَّ أَقْبَلَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَاسْتَأْذَنَ فَأُذِنَ لَهُ، فَوَجَدَ النَّبِيَّ ﷺ جَالِسًا، حَوْلَهُ نِسَاؤُهُ، وَاجِمًا سَاكِتًا». قَالَ: «فَقَالَ: “لَأَقُولَنَّ شَيْئًا أُضْحِكُ النَّبِيَّ ﷺ”. فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَوْ رَأَيْتَ بِنْتَ خَارِجَةَ سَأَلَتْنِي النَّفَقَةَ، فَقُمْتُ إِلَيْهَا، فَوَجَأْتُ عُنُقَهَا!” فَضَحِكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَقَالَ: “هُنَّ حَوْلِي كَمَا تَرَى، يَسْأَلْنَنِي النَّفَقَةَ”، فَقَامَ أَبُو بَكْرٍ إِلَى عَائِشَةَ يَجَأُ عُنُقَهَا، وَقَامَ عُمَرُ إِلَى حَفْصَةَ يَجَأُ عُنُقَهَا، كِلَاهُمَا يَقُولُ: “تَسْأَلْنَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مَا لَيْسَ عِنْدَهُ؟!” فَقُلْنَ: “وَاللَّهِ لَا نَسْأَلُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ شَيْئًا أَبَدًا لَيْسَ عِنْدَهُ”. ثُمَّ اِعْتَزَلَهُنَّ شَهْرًا (أَوْ تِسْعًا وَعِشْرِينَ) ثُمَّ نَزَلَتْ عَلَيْهِ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ قُلْ لِأَزْوَاجِكَ﴾ [الْأَحْزَابِ: ٢٨] حَتَّى بَلَغَ ﴿لِلْمُحْسِنَاتِ مِنْكُنَّ أَجْرًا عَظِيمًا﴾ [الْأَحْزَابِ: ٢٩]». قَالَ: «فَبَدَأَ بِعَائِشَةَ، فَقَالَ: “يَا عَائِشَةُ، إِنِّي أُرِيدُ أَنْ أَعْرِضَ عَلَيْكِ أَمْرًا أُحِبُّ أَنْ لَا تَعْجَلِي فِيهِ حَتَّى تَسْتَشِيرِي أَبَوَيْكِ”. قَالَتْ: “وَمَا هُوَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟” فَتَلَا عَلَيْهَا الْآيَةَ، قَالَتْ: “أَفِيكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَسْتَشِيرُ أَبَوَيَّ؟ بَلْ أَخْتَارُ اللَّهَ وَرَسُولَهُ، وَالدَّارَ الْآخِرَةَ، وَأَسْأَلُكَ أَنْ لَا تُخْبِرَ امْرَأَةً مِنْ نِسَائِكَ بِالَّذِي قُلْتُ”. قَالَ: “لَا تَسْأَلُنِي امْرَأَةٌ مِنْهُنَّ إِلَّا أَخْبَرْتُهَا، إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى لَمْ يَبْعَثْنِي مُعَنِّتًا، وَلَا مُتَعَنِّتًا، وَلَكِنْ بَعَثَنِي مُعَلِّمًا مُيَسِّرًا”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Әбу Бәкір Алла елшісінің (с.а.с.) құзырына кіруге рұқсат сұрап келді. Ол есік алдында отырған жұртты көрді, бірақ олардың ешқайсысына кіруге рұқсат берілмеген еді. Содан кейін Әбу Бәкірге рұқсат беріліп, ол ішке кірді. Артынша Омар келіп, рұқсат сұрады. Оған да рұқсат берілді. Ол Пайғамбардың (с.а.с.) үнсіз әрі тұнжырап отырғанын, ал жұбайларының оны айнала отырғанын көрді. Сонда Омар: “Пайғамбарды (с.а.с.) күлдіретін бір сөз айтайын”, – деді де: “Уа, Алланың елшісі! Харижаның қызы менен нәпақа сұраған кезде, орнымнан тұрып, оның желкесінен ұрып жібергенімді көрсеңіз ғой!” – деді. Алла елшісі (с.а.с.) күліп: “Көріп тұрғаныңдай, мыналар да мені айнала қоршап, менен нәпақа сұрап отыр”, – деді. Сонда Әбу Бәкір Айшаның қасына барып, желкесінен ұра бастады. Омар да Хафсаның қасына барып, желкесінен ұра бастады. Екеуі де: “Алла елшісінен (с.а.с.) қолында жоқ нәрсені сұрайсыңдар ма?!” – деді. Олар: “Алламен ант етеміз! Бұдан былай Алла елшісінен (с.а.с.) қолында жоқ ешбір нәрсені сұрамаймыз”, – деді. Содан кейін ол (с.а.с.) жұбайларынан бір ай немесе жиырма тоғыз күн бойы бөлек жүрді. Артынша оған: “Уа, ардақты Пайғамбар! Жұбайларыңа...” («Ахзаб», 28) деген сөздерден бастап, “...араларыңдағы игілікке құштар ізгі жандарға зор сауап, үлкен сый-сияпат...” («Ахзаб», 29) деген сөздерге дейінгі аяттар түсті. Ол (с.а.с.) алдымен Айшадан бастап: “Уа, Айша! Мен саған бір мәселені ұсынбақпын. Ата-анаңмен ақылдаспай тұрып шешім қабылдауға асықпағаныңды қалаймын”, – деді. Айша (р.а.): “Уа, Алланың елшісі! Ол қандай мәселе?” – деп сұрады. Сонда ол (с.а.с.) оған аятты оқып берді. Айша (р.а.): “Уа, Алланың елшісі! Сізге қатысты мәселе жөнінде ата-анаммен ақылдасамын ба?! Жоқ, мен Алланы, Оның елшісін және Ақырет мекенін таңдаймын. Сізден өтінерім: бұл айтқанымды жұбайларыңыздың ешқайсысына хабарламаңыз”, – деді. Ол (с.а.с.): “Жұбайларымның қайсысы менен сұраса да, оған міндетті түрде айтамын. Өйткені Алла мені қиындық туғызушы да, машақат жүктеуші де етіп жіберген жоқ. Алайда үйретуші әрі жеңілдетуші етіп жіберді”, – деді» (1478/29).