Хадис

Сахих Мүслим, № 878

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
15. Сүт туыстығы кітабыكِتَابُ الرَّضَاعِ
бап
5. Емшекті бір рет және екі рет ему туралы.بَابٌ: فِي الْمَصَّةِ وَالْمَصَّتَيْنِ
Нөмірі
№ 878 (Мухтасар реті)
878
Мүслим, № 878Риуаят етуші: Үммі Фадл (р.а.)

عَنْ أُمِّ الْفَضْلِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «دَخَلَ أَعْرَابِيٌّ عَلَى نَبِيِّ اللَّهِ ﷺ، وَهُوَ فِي بَيْتِي، فَقَالَ: “يَا نَبِيَّ اللَّهِ، إِنِّي كَانَتْ لِي امْرَأَةٌ، فَتَزَوَّجْتُ عَلَيْهَا أُخْرَى، فَزَعَمَتِ امْرَأَتِي الْأُولَى أَنَّهَا أَرْضَعَتِ امْرَأَتِي الْحُدْثَى رَضْعَةً أَوْ رَضْعَتَيْنِ”. فَقَالَ نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ: “لَا تُحَرِّمُ الْإِمْلَاجَةُ وَالْإِمْلَاجَتَانِ”».

Қазақша аудармасы

Үммі әл-Фадл (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) менің үйімде отырған кезде бір бәдәуи кіріп келіп: “Уа, Алланың Пайғамбары! Менің бір әйелім бар еді. Кейін оның үстіне тағы бір әйел алдым. Алғашқы әйелім кейінгі әйелімді бір немесе екі рет емізгенін айтып отыр”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Бір немесе екі рет ему некені харам етпейді”, – деді». (1451/18)