Хадис

Сахих Мүслим, № 879

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
15. Сүт туыстығы кітабыكِتَابُ الرَّضَاعِ
бап
6. Бес рет емізу туралы.بَابٌ: فِي خَمْسِ رَضَعَاتٍ
Нөмірі
№ 879 (Мухтасар реті)
879
Мүслим, № 879Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّهَا قَالَتْ: «كَانَ فِيمَا أُنْزِلَ مِنَ الْقُرْآنِ: “عَشْرُ رَضَعَاتٍ مَعْلُومَاتٍ يُحَرِّمْنَ”. ثُمَّ نُسِخْنَ بِخَمْسٍ مَعْلُومَاتٍ، فَتُوُفِّيَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَهِيَ فِيمَا يُقْرَأُ مِنَ الْقُرْآنِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Түсірілген Құран аяттарының арасында: “Белгілі он рет емізу некелесуді харам етеді”, – деген үкім бар еді. Кейін бұл үкім белгілі бес рет емізу үкімімен жойылды. Алла Елшісі (с.а.с.) қайтыс болған кезде бұл үкім Құран аяттарының қатарында оқылып жүрген еді». (1452/24)