Хадис
كِتَابُ الْمُزَارَعَةِ

Мұзараға (өнімді бөлісу шартымен егін егу) кітабы

Сахих Мүслим, 19-кітап · 9 хадис · № 972–980

Мазмұны: 9 бап
  1. 1Жерді жалға беруге тыйым салу
  2. 2Жерді жалға беру туралы
  3. 3Жерді алтын мен күміске жалға беру туралы
  4. 4Жерді белгіленген ақыға жалға беру туралы
  5. 5Жерді ақысыз пайдалануға беру туралы
  6. 6Өнімнің бір үлесін алу шартымен бақты суарып, күтіп-баптау және жеміс пен егін өнімінің бір үлесін алу шартымен жерді өңдеу туралы
  7. 7Көшет отырғызған адам туралы
  8. 8Қажеттіліктен артылған суды сату туралы
  9. 9Қажеттіліктен артылған су мен жайылым шөбін өзгелердің пайдалануына жол бермеу туралы
بَابٌ: النَّهْيُ عَنْ كِرَاءِ الْأَرْضِ

1-бапЖерді жалға беруге тыйым салу

972
Мүслим, № 972Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ كَانَتْ لَهُ أَرْضٌ فَلْيَزْرَعْهَا أَوْ لِيُزْرِعْهَا أَخَاهُ، وَلَا يُكْرِهَا».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Кімнің жері болса, оған өзі егін ексін немесе оны бауырына ектірсін, бірақ жалға бермесін», – дегенін жеткізді (1536/92).

بَابٌ: كِرَاءُ الْأَرْضِ

2-бапЖерді жалға беру туралы

973
Мүслим, № 973Риуаят етуші: Рафиғ ибн Хадиж (р.а.)

عَنْ رَافِعِ بْنِ خَدِيجٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كُنَّا نُحَاقِلُ الْأَرْضَ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَنُكْرِيهَا بِالثُّلُثِ وَالرُّبُعِ، وَالطَّعَامِ الْمُسَمَّى، فَجَاءَنَا ذَاتَ يَوْمٍ رَجُلٌ مِنْ عُمُومَتِي، فَقَالَ: “نَهَانَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ أَمْرٍ كَانَ لَنَا نَافِعًا، وَطَوَاعِيَةُ اللَّهِ وَرَسُولِهِ ﷺ أَنْفَعُ لَنَا. نَهَانَا أَنْ نُحَاقِلَ بِالْأَرْضِ فَنُكْرِيَهَا عَلَى الثُّلُثِ وَالرُّبُعِ، وَالطَّعَامِ الْمُسَمَّى، وَأَمَرَ رَبَّ الْأَرْضِ أَنْ يَزْرَعَهَا، أَوْ يُزْرِعَهَا، وَكَرِهَ كِرَاءَهَا وَمَا سِوَى ذَلِكَ”».

Қазақша аудармасы

Рафиғ ибн Хадиж (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.) заманында жерді мұхақала жолымен өнімнің үштен біріне, төрттен біріне немесе белгіленген мөлшердегі астыққа жалға беретінбіз. Бір күні әкемнің бауырларының бірі келіп: “Алла Елшісі (с.а.с.) бізге пайдалы болған бір істен тыйды. Алайда Алла мен Оның Елшісіне мойынсұну біз үшін әлдеқайда пайдалы. Ол (с.а.с.) бізге жерді мұхақала жолымен өнімнің үштен біріне, төрттен біріне немесе белгіленген мөлшердегі астыққа жалға беруге тыйым салды. Жер иесіне жеріне өзі егін егуді немесе оны басқа біреуге егуге беруді бұйырды әрі жерді жалға беруді және бұдан өзге жолдарды құптамады”, – деді» (1548/113).

بَابٌ: كِرَاءُ الْأَرْضِ بِالذَّهَبِ وَالْوَرِقِ

3-бапЖерді алтын мен күміске жалға беру туралы

974
Мүслим, № 974

عَنْ حَنْظَلَةَ بْنِ قَيْسٍ الْأَنْصَارِيِّ، قَالَ: «سَأَلْتُ رَافِعَ بْنَ خَدِيجٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنْ كِرَاءِ الْأَرْضِ بِالذَّهَبِ وَالْوَرِقِ، فَقَالَ: “لَا بَأْسَ بِهِ. إِنَّمَا كَانَ النَّاسُ يُؤَاجِرُونَ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَلَى الْمَاذِيَانَاتِ، وَأَقْبَالِ الْجَدَاوِلِ، وَأَشْيَاءَ مِنَ الزَّرْعِ، فَيَهْلِكُ هَذَا، وَيَسْلَمُ هَذَا، وَيَسْلَمُ هَذَا، وَيَهْلِكُ هَذَا، فَلَمْ يَكُنْ لِلنَّاسِ كِرَاءٌ إِلَّا هَذَا، فَلِذَلِكَ زُجِرَ عَنْهُ، فَأَمَّا شَيْءٌ مَعْلُومٌ مَضْمُونٌ فَلَا بَأْسَ بِهِ”».

Қазақша аудармасы

Ханзала ибн Қайс әл-Ансари былай деген: «Мен Рафиғ ибн Хадижден (р.а.) жерді алтын мен күміске жалға беру туралы сұрадым. Ол: “Мұның еш айыбы жоқ. Пайғамбардың (с.а.с.) заманында адамдар жерді су арналарының бойындағы, арықтардың бас жағындағы және егістіктің белгілі бір бөліктеріндегі өнімді алу шартымен жалға беретін. Сонда кейде мына бөліктің егіні құрып, ана бөліктікі аман қалатын, ал кейде мына бөліктікі аман қалып, ана бөліктікі құритын. Ол кезде адамдар жерді тек осылай ғана жалға беретін еді. Сондықтан бұған тыйым салынды. Ал мөлшері белгілі әрі кепілді ақыға жалға берудің еш айыбы жоқ”, – деді» (1547/116).

بَابٌ: الْمُؤَاجَرَةُ

4-бапЖерді белгіленген ақыға жалға беру туралы

975
Мүслим, № 975

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ السَّائِبِ، قَالَ: «دَخَلْنَا عَلَى عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَعْقِلٍ، فَسَأَلْنَاهُ عَنِ الْمُزَارَعَةِ، فَقَالَ: “زَعَمَ ثَابِتٌ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنِ الْمُزَارَعَةِ، وَأَمَرَ بِالْمُؤَاجَرَةِ، وَقَالَ: ‘لَا بَأْسَ بِهَا’”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн әс-Саиб былай деді: «Біз Абдулла ибн Мағқилдің қасына кіріп, одан жерді өнім үлесіне өңдету туралы сұрадық. Ол: “Сәбиттің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) жерді өнім үлесіне өңдетуге тыйым салып, оны белгілі бір ақыға жалға беруді бұйырған және: ‘Мұның еш айыбы жоқ’, – деген”, – деді» (1549/119).

بَابٌ: فِي مَنْحِ الْأَرْضِ

5-бапЖерді ақысыз пайдалануға беру туралы

976
Мүслим, № 976

عَنْ طَاوُسٍ، أَنَّهُ كَانَ يُخَابِرُ، قَالَ عَمْرٌو: «فَقُلْتُ لَهُ: “يَا أَبَا عَبْدِ الرَّحْمَنِ، لَوْ تَرَكْتَ هَذِهِ الْمُخَابَرَةَ، فَإِنَّهُمْ يَزْعُمُونَ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ نَهَى عَنِ الْمُخَابَرَةِ”. فَقَالَ: “أَيْ عَمْرُو، أَخْبَرَنِي أَعْلَمُهُمْ بِذَلِكَ” (يَعْنِي ابْنَ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا) “أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ لَمْ يَنْهَ عَنْهَا، إِنَّمَا قَالَ: ‘يَمْنَحُ أَحَدُكُمْ أَخَاهُ خَيْرٌ لَهُ مِنْ أَنْ يَأْخُذَ عَلَيْهَا خَرْجًا مَعْلُومًا’”».

Қазақша аудармасы

Тауыс мұхабара мәмілесін жасайтын. Амр: «Мен оған: “Уа, Әбу Абдуррахман! Мұхабара жасауды қойсаңызшы. Өйткені адамдар Пайғамбардың (с.а.с.) мұхабараға тыйым салғанын айтады”, – дедім. Ол: “Уа, Амр! Маған бұл мәселені бәрінен жақсы білетін Ибн Аббас (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) оған тыйым салмағанын хабарлады. Ол (с.а.с.) тек: ‘Сендердің біріңнің өз жерін бауырына тегін пайдалануға бергені ол үшін белгіленген ақы алғанынан жақсырақ’, – деген”, – деді», – деп жеткізді (1550/121).

بَابٌ: الْمُسَاقَاةُ وَمُعَامَلَةُ الْأَرْضِ بِجُزْءٍ مِنَ الثَّمَرِ وَالزَّرْعِ

6-бапӨнімнің бір үлесін алу шартымен бақты суарып, күтіп-баптау және жеміс пен егін өнімінің бір үлесін алу шартымен жерді өңдеу туралы

977
Мүслим, № 977Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «أَعْطَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ خَيْبَرَ بِشَطْرِ مَا يَخْرُجُ مِنْ ثَمَرٍ أَوْ زَرْعٍ، فَكَانَ يُعْطِي أَزْوَاجَهُ كُلَّ سَنَةٍ مِائَةَ وَسْقٍ، ثَمَانِينَ وَسْقًا مِنْ تَمْرٍ، وَعِشْرِينَ وَسْقًا مِنْ شَعِيرٍ. قَالَ: فَلَمَّا وَلِيَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَسَمَ خَيْبَرَ، خَيَّرَ أَزْوَاجَ النَّبِيِّ ﷺ أَنْ يُقْطِعَ لَهُنَّ الْأَرْضَ وَالْمَاءَ، أَوْ يَضْمَنَ لَهُنَّ الْأَوْسَاقَ كُلَّ عَامٍ، فَاخْتَلَفْنَ، فَمِنْهُنَّ مَنِ اِخْتَارَ الْأَرْضَ وَالْمَاءَ، وَمِنْهُنَّ مَنِ اِخْتَارَ الْأَوْسَاقَ كُلَّ عَامٍ، فَكَانَتْ عَائِشَةُ وَحَفْصَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا مِمَّنِ اِخْتَارَتَا الْأَرْضَ وَالْمَاءَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Хайбар жерін одан түсетін жеміс пен егін өнімінің жартысын беру шартымен өңдеуге тапсырды. Ол (с.а.с.) жұбайларына жыл сайын жүз уәсқ: сексен уәсқ кепкен құрма мен жиырма уәсқ арпа беретін. Омар (р.а.) халифа болған кезде Хайбар жерін бөліске салып, Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайларына жер мен судан үлес алуды немесе жыл сайын белгіленген уәсқ мөлшеріндегі өнімді алып тұруды таңдауды ұсынды. Олардың таңдауы әртүрлі болды: кейбірі жер мен суды, ал кейбірі жыл сайын берілетін уәсқ мөлшеріндегі өнімді таңдады. Айша мен Хафса (р.а.) жер мен суды таңдағандардың қатарында болды», – деді (1551/2).

بَابٌ: فِيمَنْ غَرَسَ غَرْسًا

7-бапКөшет отырғызған адам туралы

978
Мүслим, № 978Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ مُسْلِمٍ يَغْرِسُ غَرْسًا إِلَّا كَانَ مَا أُكِلَ مِنْهُ لَهُ صَدَقَةً، وَمَا سُرِقَ مِنْهُ لَهُ صَدَقَةٌ، وَمَا أَكَلَ السَّبُعُ مِنْهُ فَهُوَ لَهُ صَدَقَةٌ، وَمَا أَكَلَتِ الطَّيْرُ فَهُوَ لَهُ صَدَقَةٌ، وَلَا يَرْزَؤُهُ أَحَدٌ إِلَّا كَانَ لَهُ صَدَقَةٌ».

Қазақша аудармасы

Жәбирдің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Қай мұсылман ағаш отырғызса да, одан желінген нәрсе оған садақа болады. Одан ұрланған нәрсе де оған садақа болады. Одан жыртқыш аң жеген нәрсе де оған садақа болады. Одан құс жеген нәрсе де оған садақа болады. Кім одан бір нәрсе алып кемітсе де, ол оған садақа болады» (1552/7).

بَابٌ: بَيْعُ فَضْلِ الْمَاءِ

8-бапҚажеттіліктен артылған суды сату туралы

979
Мүслим, № 979Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ بَيْعِ فَضْلِ الْمَاءِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) артық суды сатуға тыйым салды», – деді (1565/34).

بَابٌ: مَنْعُ فَضْلِ الْمَاءِ وَالْكَلَأِ

9-бапҚажеттіліктен артылған су мен жайылым шөбін өзгелердің пайдалануына жол бермеу туралы

980
Мүслим, № 980Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَمْنَعُوا فَضْلَ الْمَاءِ لِتَمْنَعُوا بِهِ الْكَلَأَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Артық суды бермей қою арқылы жайылымдағы шөпті пайдалануға кедергі жасамаңдар», – дегенін жеткізді (1566/37).