Хадис

Сахих Мүслим, № 977

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
19. Мұзараға (өнімді бөлісу шартымен егін егу) кітабыكِتَابُ الْمُزَارَعَةِ
бап
6. Өнімнің бір үлесін алу шартымен бақты суарып, күтіп-баптау және жеміс пен егін өнімінің бір үлесін алу шартымен жерді өңдеу туралыبَابٌ: الْمُسَاقَاةُ وَمُعَامَلَةُ الْأَرْضِ بِجُزْءٍ مِنَ الثَّمَرِ وَالزَّرْعِ
Нөмірі
№ 977 (Мухтасар реті)
977
Мүслим, № 977Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «أَعْطَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ خَيْبَرَ بِشَطْرِ مَا يَخْرُجُ مِنْ ثَمَرٍ أَوْ زَرْعٍ، فَكَانَ يُعْطِي أَزْوَاجَهُ كُلَّ سَنَةٍ مِائَةَ وَسْقٍ، ثَمَانِينَ وَسْقًا مِنْ تَمْرٍ، وَعِشْرِينَ وَسْقًا مِنْ شَعِيرٍ. قَالَ: فَلَمَّا وَلِيَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَسَمَ خَيْبَرَ، خَيَّرَ أَزْوَاجَ النَّبِيِّ ﷺ أَنْ يُقْطِعَ لَهُنَّ الْأَرْضَ وَالْمَاءَ، أَوْ يَضْمَنَ لَهُنَّ الْأَوْسَاقَ كُلَّ عَامٍ، فَاخْتَلَفْنَ، فَمِنْهُنَّ مَنِ اِخْتَارَ الْأَرْضَ وَالْمَاءَ، وَمِنْهُنَّ مَنِ اِخْتَارَ الْأَوْسَاقَ كُلَّ عَامٍ، فَكَانَتْ عَائِشَةُ وَحَفْصَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا مِمَّنِ اِخْتَارَتَا الْأَرْضَ وَالْمَاءَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Хайбар жерін одан түсетін жеміс пен егін өнімінің жартысын беру шартымен өңдеуге тапсырды. Ол (с.а.с.) жұбайларына жыл сайын жүз уәсқ: сексен уәсқ кепкен құрма мен жиырма уәсқ арпа беретін. Омар (р.а.) халифа болған кезде Хайбар жерін бөліске салып, Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайларына жер мен судан үлес алуды немесе жыл сайын белгіленген уәсқ мөлшеріндегі өнімді алып тұруды таңдауды ұсынды. Олардың таңдауы әртүрлі болды: кейбірі жер мен суды, ал кейбірі жыл сайын берілетін уәсқ мөлшеріндегі өнімді таңдады. Айша мен Хафса (р.а.) жер мен суды таңдағандардың қатарында болды», – деді (1551/2).