Хадис

Сахих Мүслим, № 986

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
20. Өсиет, садақа, сыйлық және өмір бойына мүлік сыйлау кітабыكِتَابُ الْوَصَايَا وَالصَّدَقَةِ وَالنُّحْلِ وَالْعُمْرَى
бап
3. Пайғамбардың (с.а.с.) Алланың Кітабын берік ұстануды өсиет етуі туралыبَابٌ: وَصِيَّةُ النَّبِيِّ ﷺ بِكِتَابِ اللَّهِ
Нөмірі
№ 986 (Мухтасар реті)
986
Мүслим, № 986

عَنِ الْأَسْوَدِ بْنِ يَزِيدَ، قَالَ: «ذَكَرُوا عِنْدَ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ عَلِيًّا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ كَانَ وَصِيًّا، فَقَالَتْ: “مَتَى أَوْصَى إِلَيْهِ؟ فَقَدْ كُنْتُ مُسْنِدَتَهُ إِلَى صَدْرِي” (أَوْ قَالَتْ: “حَجْرِي”) “فَدَعَا بِالطَّسْتِ، فَلَقَدِ اِنْخَنَثَ فِي حَجْرِي، وَمَا شَعَرْتُ أَنَّهُ مَاتَ، فَمَتَى أَوْصَى إِلَيْهِ؟”»

Қазақша аудармасы

Әсуад ибн Язид (р.а.) былай деді: «Айшаның (р.а.) жанында: “Әли (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) өсиетін орындаушы болған”, – деген сөз айтылды. Сонда Айша (р.а.): “Алла Елшісі (с.а.с.) Әлиді қашан өзінің өсиетін орындаушы етіп тағайындап еді? Мен оны кеудеме – немесе тіземе – сүйеп отырған едім. Ол леген әкелуді сұрады да, тіземде жантая кетті. Мен оның қайтыс болғанын аңғармай да қалдым. Сонда ол Әлиді қашан өзінің өсиетін орындаушы етіп тағайындап еді?” – деді» (1636/19).