Хадис

Сахих Мүслим, № 999

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
21. Мұрагерлік кітабыكِتَابُ الْفَرَائِضِ
бап
5. Адамның артында қалдырған мал-мүлкі оның мұрагерлеріне тиесіліبَابٌ: مَنْ تَرَكَ مَالًا فَلِوَرَثَتِهِ
Нөмірі
№ 999 (Мухтасар реті)
999
Мүслим, № 999Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يُؤْتَى بِالرَّجُلِ الْمَيِّتِ عَلَيْهِ الدَّيْنُ، فَيَسْأَلُ: «هَلْ تَرَكَ لِدَيْنِهِ مِنْ قَضَاءٍ؟» فَإِنْ حُدِّثَ أَنَّهُ تَرَكَ وَفَاءً، صَلَّى عَلَيْهِ، وَإِلَّا قَالَ: «صَلُّوا عَلَى صَاحِبِكُمْ»، فَلَمَّا فَتَحَ اللَّهُ عَلَيْهِ الْفُتُوحَ، قَالَ: «أَنَا أَوْلَى بِالْمُؤْمِنِينَ مِنْ أَنْفُسِهِمْ؛ فَمَنْ تُوُفِّيَ وَعَلَيْهِ دَيْنٌ فَعَلَيَّ قَضَاؤُهُ، وَمَنْ تَرَكَ مَالًا فَهُوَ لِوَرَثَتِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына қарызы бар марқұмның мәйіті әкелінгенде, ол: “Қарызын өтеуге жеткілікті мал-мүлік қалдырды ма?” – деп сұрайтын. Егер қарызын өтеуге жеткілікті мал-мүлік қалдырғаны айтылса, жаназа намазын өзі оқитын. Ал қарызын өтеуге жеткілікті мүлік қалдырмаған болса: “Жолдастарыңның жаназа намазын өздерің оқыңдар”, – дейтін. Алла оған жеңістер нәсіп еткеннен кейін: “Мен мүміндерге өздерінен де жақынмын. Кім қайтыс болып, артында қарыз қалдырса, оны өтеу менің мойнымда. Ал кім мал-мүлік қалдырса, оның мал-мүлкі мұрагерлеріне тиесілі”, – деді» (1619/14).