Хадис

Сахих Мүслим, № 1000

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
22. Уақып кітабыكِتَابُ الْوَقْفِ
бап
1. Мүліктің өзін уақып етіп, одан түсетін табысты садақаға беру туралыبَابٌ: الْوَقْفُ لِلْأَصْلِ وَالصَّدَقَةُ بِالْغَلَّةِ
Нөмірі
№ 1000 (Мухтасар реті)
1000
Мүслим, № 1000Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «أَصَابَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَرْضًا بِخَيْبَرَ، فَأَتَى النَّبِيَّ ﷺ يَسْتَأْمِرُهُ فِيهَا، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي أَصَبْتُ أَرْضًا بِخَيْبَرَ، لَمْ أُصِبْ مَالًا قَطُّ هُوَ أَنْفَسُ عِنْدِي مِنْهُ، فَمَا تَأْمُرُنِي بِهِ؟” قَالَ: “إِنْ شِئْتَ حَبَسْتَ أَصْلَهَا، وَتَصَدَّقْتَ بِهَا”. قَالَ: فَتَصَدَّقَ بِهَا عُمَرُ، أَنَّهُ لَا يُبَاعُ أَصْلُهَا، وَلَا يُبْتَاعُ، وَلَا يُورَثُ، وَلَا يُوهَبُ، قَالَ: فَتَصَدَّقَ عُمَرُ فِي الْفُقَرَاءِ، وَفِي الْقُرْبَى، وَفِي الرِّقَابِ، وَفِي سَبِيلِ اللَّهِ، وَابْنِ السَّبِيلِ، وَالضَّيْفِ، لَا جُنَاحَ عَلَى مَنْ وَلِيَهَا أَنْ يَأْكُلَ مِنْهَا بِالْمَعْرُوفِ، أَوْ يُطْعِمَ صَدِيقًا غَيْرَ مُتَمَوِّلٍ فِيهِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Омар (р.а.) Хайбардан бір жерге ие болды. Содан соң Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп, сол жөнінде кеңес сұрады. Ол: “Уа, Расулалла! Мен Хайбардан бір жерге ие болдым. Бұрын-соңды өзім үшін бұдан құнды дүние-мүлікке ие болған емеспін. Оны не істеуге бұйырасыз?” – деді. Ол (с.а.с.): “Қаласаң, жердің өзін сақтап, одан түсетін пайданы садақа ет”, – деді. Сөйтіп, Омар оны садақа етті де, жердің өзі сатылмасын, сатып алынбасын, мұраға берілмесін әрі сыйға тартылмасын деп шарт қойды. Омар оның түсімін кедейлерге, туыстарға, құлдарды азат етуге, Алла жолына, жолда қалған жолаушыға және қонаққа садақа етті. Оны басқарушының одан дүние-мүлік жинауды көздемей, жөн-жосықпен жеуіне немесе досына жегізуіне күнә жоқ», – деді (1632/15).