Хадис
كِتَابُ الْغُسْلِ

Ғұсыл кітабы

Сахих Мүслим, 3-кітап · 20 хадис · № 151–170

Мазмұны: 19 бап
  1. 1Ғұсыл алу шәует бөлінгенде ғана қажет болады
  2. 2«Ғұсыл алу шәует бөлінгенде ғана қажет» деген үкімнің жойылуы және жыныстық қатынастан кейін ғұсыл алудың міндетті болуы
  3. 3Ұйқыда ер адам секілді жыныстық қатынас туралы түс көрген әйелдің ғұсыл алуы туралы
  4. 4Жүніптіктен тазару үшін ғұсыл алу тәртібі
  5. 5Жүніптіктен тазару үшін ғұсыл алуға қолданылатын су мөлшері
  6. 6Ғұсыл алушының матамен қалқалануы
  7. 7Ер адамның жүніптіктен тазару үшін жалғыз өзі ғұсыл алуы және тасалануы
  8. 8Ер адамның да, әйелдің де әуретіне қарауға тыйым салу
  9. 9Тасалану және адамның жалаңаш күйде өзгелерге көрінбеуі
  10. 10Ер мен әйелдің жүніптіктен тазару үшін бір ыдыстағы сумен ғұсыл алуы
  11. 11Жүніп адамның ұйықтар не тамақтанар алдында дәрет алуы
  12. 12Жүніп адамның ғұсыл алмай тұрып ұйықтауы
  13. 13Әйелімен жыныстық қатынасқа түскен соң оны қайталағысы келген адам дәрет алсын
  14. 14Тәйәммүм және ол туралы жеткен риуаяттар
  15. 15Жүніп адамның тәйәммүм жасауы
  16. 16Сәлемге жауап беру үшін тәйәммүм жасау
  17. 17Мүмін адам нәжіс болмайды
  18. 18Аса құдіретті әрі ұлық Алланы кез келген уақытта еске алу
  19. 19Дәреті бұзылған адамның дәрет алмай-ақ тамақтануы
بَابُ إِنَّمَا الْمَاءُ مِنَ الْمَاءِ

1-бапҒұсыл алу шәует бөлінгенде ғана қажет болады

151
Мүслим, № 151

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ، عَنْ أَبِيهِ، قَالَ: «خَرَجْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ الِاثْنَيْنِ إِلَى قُبَاءَ حَتَّى إِذَا كُنَّا فِي بَنِي سَالِمٍ، وَقَفَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى بَابِ عِتْبَانَ فَصَرَخَ بِهِ، فَخَرَجَ يَجُرُّ إِزَارَهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَعْجَلْنَا الرَّجُلَ”. فَقَالَ عِتْبَانُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ الرَّجُلَ يُعْجَلُ عَنِ امْرَأَتِهِ وَلَمْ يُمْنِ، مَاذَا عَلَيْهِ؟” قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنَّمَا الْمَاءُ مِنَ الْمَاءِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің ұлы Абдуррахман әкесінің былай дегенін жеткізген: «Дүйсенбі күні Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Құбаға қарай шықтым. Бәну Сәлим мекеніне жеткенімізде, Алла Елшісі (с.а.с.) Итбанның есігінің алдына тоқтап, оны дауыстап шақырды. Ол белорамалын (изарын) сүйреткен күйі асыға шықты. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Бұл адамды асықтырып жібердік”, – деді. Итбан: “Уа, Расулалла! Әйелімен жақындасып жатып, шәуеті бөлінбей тұрып асығыс ажыраған адам туралы не айтасыз? Оған не істеу керек?” – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): “Ғұсыл тек шәует бөлінгенде ғана қажет”, – деді». (343/80)

بَابُ نَسْخِ «الْمَاءُ مِنَ الْمَاءِ» وَوُجُوبِ الْغُسْلِ بِالْتِقَاءِ الْخِتَانَيْنِ

2-бап«Ғұсыл алу шәует бөлінгенде ғана қажет» деген үкімнің жойылуы және жыныстық қатынастан кейін ғұсыл алудың міндетті болуы

152
Мүслим, № 152Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «اِخْتَلَفَ فِي ذَلِكَ رَهْطٌ مِنَ الْمُهَاجِرِينَ وَالْأَنْصَارِ، فَقَالَ الْأَنْصَارِيُّونَ: “لَا يَجِبُ الْغُسْلُ إِلَّا مِنَ الدَّفْقِ أَوْ مِنَ الْمَاءِ”. وَقَالَ الْمُهَاجِرُونَ: “بَلْ إِذَا خَالَطَ فَقَدْ وَجَبَ الْغُسْلُ”. قَالَ: قَالَ أَبُو مُوسَى: “فَأَنَا أَشْفِيكُمْ مِنْ ذَلِكَ”. فَقُمْتُ فَاسْتَأْذَنْتُ عَلَى عَائِشَةَ فَأُذِنَ لِي، فَقُلْتُ لَهَا: “يَا أُمَّاهْ – أَوْ يَا أُمَّ الْمُؤْمِنِينَ – إِنِّي أُرِيدُ أَنْ أَسْأَلَكِ عَنْ شَيْءٍ وَإِنِّي أَسْتَحْيِيكِ”. فَقَالَتْ: “لَا تَسْتَحْيِي أَنْ تَسْأَلَنِي عَمَّا كُنْتَ سَائِلًا عَنْهُ أُمَّكَ الَّتِي وَلَدَتْكَ، فَإِنَّمَا أَنَا أُمُّكَ”. قُلْتُ: “فَمَا يُوجِبُ الْغُسْلَ؟” قَالَتْ: “عَلَى الْخَبِيرِ سَقَطْتَ. قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ‘إِذَا جَلَسَ بَيْنَ شُعَبِهَا الْأَرْبَعِ وَمَسَّ الْخِتَانُ الْخِتَانَ فَقَدْ وَجَبَ الْغُسْلُ’”».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай баяндаған: «Мұһажирлер мен ансарлардан құралған бір топ адам осы мәселе жөнінде келіспей қалды. Ансарлар: “Ғұсыл тек шәует атқылап шыққанда немесе мәни бөлінгенде ғана міндетті болады”, – деді. Ал мұһажирлер: “Жоқ, ерлі-зайыптылар жыныстық қатынасқа түссе, ғұсыл міндетті болады”, – деді. Сонда мен: “Бұл мәселенің анық жауабын сендерге мен әкелемін”, – дедім. Содан кейін орнымнан тұрып, Айшаның алдына кіруге рұқсат сұрадым. Маған рұқсат берілген соң, оған: “Уа, анашым (немесе: ‘Уа, мүміндердің анасы’)! Сізден бір нәрсе сұрағым келеді, алайда оны сұрауға ұялып тұрмын”, – дедім. Ол: “Өзіңді дүниеге әкелген анаңнан сұрайтын нәрсеңді менен сұрауға ұялма. Өйткені мен де сенің анаңмын”, – деді. Мен: “Қандай жағдайда ғұсыл алу міндетті болады?” – деп сұрадым. Ол: “Бұл мәселенің жауабын білетін адамға жолықтың. Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Ер адам әйелдің төрт мүшесінің арасына жайғасып, сүндеттелетін екі орын түйіссе, ғұсыл міндетті болады’, – деген”, – деді». (349/88)

153
Мүслим, № 153Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ عَنْ أُمِّ كُلْثُومٍ عَنْ عَائِشَةَ زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَتْ: «إِنَّ رَجُلًا سَأَلَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنِ الرَّجُلِ يُجَامِعُ أَهْلَهُ ثُمَّ يُكْسِلُ هَلْ عَلَيْهِمَا الْغُسْلُ؟ وَعَائِشَةُ جَالِسَةٌ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنِّي لَأَفْعَلُ ذَلِكَ، أَنَا وَهَذِهِ، ثُمَّ نَغْتَسِلُ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла Үммі Күлсім арқылы Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айшаның былай дегенін жеткізген: «Бір адам Алла Елшісінен (с.а.с.) әйелімен жақындасып, бірақ шәуеті шықпаған ер адам жайында: “Екеуіне де ғұсыл міндетті ме?” – деп сұрады. Сол кезде мен оның жанында отырған едім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Мен де мына кісімен солай етемін, содан кейін екеуіміз де ғұсыл аламыз”, – деді». (350/89)

بَابٌ: فِي الْمَرْأَةِ تَرَى فِي النَّوْمِ مِثْلَ مَا يَرَى الرَّجُلُ وَتَغْتَسِلُ

3-бапҰйқыда ер адам секілді жыныстық қатынас туралы түс көрген әйелдің ғұсыл алуы туралы

154
Мүслим, № 154

عَنْ إِسْحَاقَ بْنِ أَبِي طَلْحَةَ عَنْ أَنَسٍ قَالَ: جَاءَتْ أُمُّ سُلَيْمٍ – وَهِيَ جَدَّةُ إِسْحَاقَ – إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَتْ لَهُ، وَعَائِشَةُ عِنْدَهُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، الْمَرْأَةُ تَرَى مَا يَرَى الرَّجُلُ فِي الْمَنَامِ، فَتَرَى مِنْ نَفْسِهَا مَا يَرَى الرَّجُلُ مِنْ نَفْسِهِ؟» فَقَالَتْ عَائِشَةُ: «يَا أُمَّ سُلَيْمٍ، فَضَحْتِ النِّسَاءَ، تَرِبَتْ يَمِينُكِ!» فَقَالَ لِعَائِشَةَ: «بَلْ أَنْتِ، فَتَرِبَتْ يَمِينُكِ، نَعَمْ، فَلْتَغْتَسِلْ، يَا أُمَّ سُلَيْمٍ، إِذَا رَأَتْ ذَاكَ».

Қазақша аудармасы

Исхақ ибн Әбу Талха Әнәстің былай дегенін жеткізген: «Исхақтың әжесі Үммі Сүләйм Алла Елшісіне (с.а.с.) келді. Оның жанында Айша отырған еді. Үммі Сүләйм: “Уа, Расулалла! Әйел адам түсінде ер адам көретін нәрсені көріп, бойынан ер адам байқайтын нәрсені байқаса ше?” – деп сұрады. Сонда Айша: “Уа, Үммі Сүләйм! Әйелдерді ұятқа қалдырдың ғой! Қолың топыраққа былғансын!” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) Айшаға: “Керісінше, өзіңнің қолың топыраққа былғансын! Иә, уа, Үммі Сүләйм! Егер әйел соны көрсе, ғұсыл алсын”, – деді». (310/29)

بَابُ صِفَةِ غُسْلِ الْجَنَابَةِ

4-бапЖүніптіктен тазару үшін ғұсыл алу тәртібі

155
Мүслим, № 155Риуаят етуші: Мәймуна (р.а.)

عَنْ مَيْمُونَةَ زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَتْ: «أَدْنَيْتُ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ غُسْلَهُ مِنَ الْجَنَابَةِ، فَغَسَلَ كَفَّيْهِ مَرَّتَيْنِ أَوْ ثَلَاثًا، ثُمَّ أَدْخَلَ يَدَهُ فِي الْإِنَاءِ، ثُمَّ أَفْرَغَ بِهِ عَلَى فَرْجِهِ، وَغَسَلَهُ بِشِمَالِهِ، ثُمَّ ضَرَبَ بِشِمَالِهِ الْأَرْضَ، فَدَلَكَهَا دَلْكًا شَدِيدًا، ثُمَّ تَوَضَّأَ وُضُوءَهُ لِلصَّلَاةِ، ثُمَّ أَفْرَغَ عَلَى رَأْسِهِ ثَلَاثَ حَفَنَاتٍ، كُلَّ حَفْنَةٍ مِلْءَ كَفِّهِ، ثُمَّ غَسَلَ سَائِرَ جَسَدِهِ، ثُمَّ تَنَحَّى عَنْ مَقَامِهِ ذَلِكَ، فَغَسَلَ رِجْلَيْهِ، ثُمَّ أَتَيْتُهُ بِالْمِنْدِيلِ فَرَدَّهُ».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Мәймуна былай деген: «Мен Алла Елшісіне (с.а.с.) жүніптіктен ғұсыл алуы үшін су дайындап қойдым. Ол екі алақанын екі немесе үш рет жуды. Содан кейін қолын ыдысқа салып, әурет жеріне су құйды да, оны сол қолымен жуды. Кейін сол қолын жерге ұрып, қатты ысқылады. Содан соң намазға алатын дәретіндей дәрет алды. Одан кейін әр жолы алақанын толтырып су алып, басына үш рет құйды да, бүкіл денесін жуды. Содан соң тұрған жерінен шетке қарай жылжып, екі аяғын жуды. Кейін мен оған сүлгі әкеліп едім, ол оны алмады». (317/37)

بَابٌ: قَدْرُ الْمَاءِ الَّذِي يَغْتَسِلُ بِهِ مِنَ الْجَنَابَةِ

5-бапЖүніптіктен тазару үшін ғұсыл алуға қолданылатын су мөлшері

156
Мүслим, № 156

عَنْ أَبِي سَلَمَةَ بْنِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ، قَالَ: «دَخَلْتُ عَلَى عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَا وَأَخُوهَا مِنَ الرَّضَاعَةِ، فَسَأَلَهَا عَنْ غُسْلِ النَّبِيِّ ﷺ مِنَ الْجَنَابَةِ، فَدَعَتْ بِإِنَاءٍ قَدْرِ الصَّاعِ فَاغْتَسَلَتْ وَبَيْنَنَا وَبَيْنَهَا سِتْرٌ، وَأَفْرَغَتْ عَلَى رَأْسِهَا ثَلَاثًا». قَالَ: «وَكَانَ أَزْوَاجُ النَّبِيِّ ﷺ يَأْخُذْنَ مِنْ رُؤُوسِهِنَّ حَتَّى تَكُونَ كَالْوَفْرَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сәләмә ибн Абдуррахман былай деген: «Мен Айшаның (р.а.) алдына оның сүт бауырымен бірге кірдім. Оның сүт бауыры одан Пайғамбардың (с.а.с.) жүніптіктен қалай ғұсыл алатынын сұрады. Сонда Айша бір сағ шамасында су сыятын ыдыс алдырып, екеуіміз бен өзінің арасына перде тұтып, оның ар жағында ғұсыл алды әрі басына үш рет су құйды». Әбу Сәләмә: «Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайлары шаштарын құлақ сырғалығына дейін қысқартатын», – деді. (320/42)

بَابٌ: تَسَتُّرُ الْمُغْتَسِلِ بِالثَّوْبِ

6-бапҒұсыл алушының матамен қалқалануы

157
Мүслим, № 157Риуаят етуші: Әбу Талибтің қызы Үммі Һани (р.а.)

عَنْ أُمِّ هَانِئٍ بِنْتِ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّهَا لَمَّا كَانَ عَامُ الْفَتْحِ أَتَتْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ بِأَعْلَى مَكَّةَ. قَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى غُسْلِهِ، فَسَتَرَتْ عَلَيْهِ فَاطِمَةُ ثُمَّ أَخَذَ ثَوْبَهُ فَالْتَحَفَ بِهِ، ثُمَّ صَلَّى ثَمَانَ رَكَعَاتٍ سُبْحَةَ الضُّحَى.

Қазақша аудармасы

Үммі Һәни бинт Әбу Талиб (р.а.) Мекке азат етілген жылы Алла Елшісіне (с.а.с.) барды. Ол сол кезде Меккенің жоғарғы бөлігінде еді. Алла Елшісі (с.а.с.) ғұсыл алуға кіріскенде, Фатима оны тасалады. Содан кейін ол (с.а.с.) киімін алып, соған оранды да, сегіз рәкәғат сәске намазын оқыды. (336/71)

بَابٌ: غُسْلُ الرَّجُلِ وَحْدَهُ مِنَ الْجَنَابَةِ وَالتَّسَتُّرُ

7-бапЕр адамның жүніптіктен тазару үшін жалғыз өзі ғұсыл алуы және тасалануы

158
Мүслим, № 158Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنْ مُحَمَّدٍ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ (فَذَكَرَ أَحَادِيثَ مِنْهَا)، وَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كَانَتْ بَنُو إِسْرَائِيلَ يَغْتَسِلُونَ عُرَاةً، يَنْظُرُ بَعْضُهُمْ إِلَى سَوْأَةِ بَعْضٍ. وَكَانَ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ يَغْتَسِلُ وَحْدَهُ، فَقَالُوا: “وَاللَّهِ مَا يَمْنَعُ مُوسَى أَنْ يَغْتَسِلَ مَعَنَا إِلَّا أَنَّهُ آدَرُ”. قَالَ: فَذَهَبَ مَرَّةً يَغْتَسِلُ فَوَضَعَ ثَوْبَهُ عَلَى حَجَرٍ، فَفَرَّ الْحَجَرُ بِثَوْبِهِ. قَالَ: فَجَمَحَ مُوسَى عَلَيْهِ السَّلَامُ بِأَثَرِهِ يَقُولُ: “ثَوْبِي حَجَرُ، ثَوْبِي حَجَرُ”، حَتَّى نَظَرَتْ بَنُو إِسْرَائِيلَ إِلَى سَوْأَةِ مُوسَى، قَالُوا: “وَاللَّهِ، مَا بِمُوسَى مِنْ بَأْسٍ”، فَقَامَ الْحَجَرُ حَتَّى نُظِرَ إِلَيْهِ، قَالَ: فَأَخَذَ ثَوْبَهُ فَطَفِقَ بِالْحَجَرِ ضَرْبًا». قَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: «وَاللَّهِ إِنَّهُ بِالْحَجَرِ نَدَبٌ سِتَّةٌ، أَوْ سَبْعَةٌ، ضَرْبُ مُوسَى بِالْحَجَرِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Мұхаммед пайғамбардан (с.а.с.) бірнеше хадис жеткізген. Солардың бірінде Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Исраил ұрпақтары бір-бірінің әуретіне қарап, жалаңаш күйде шомылатын. Ал Мұса (а.с.) жалғыз шомылатын еді. Сонда олар: “Алламен ант етеміз, Мұса бізбен бірге ұмасы ісінгендіктен ғана шомылмайды”, – десті. Бірде Мұса шомылуға барып, киімін бір тастың үстіне қойды. Сонда тас оның киімін алып қаша жөнелді. Мұса да: “Уа, тас, киімімді бер! Уа, тас, киімімді бер!” – деп, оның соңынан жүгіре жөнелді. Осылайша Исраил ұрпақтары Мұсаның әуретін көріп: “Алламен ант етеміз, Мұсада ешбір мін жоқ екен”, – десті. Тас олар көріп болғанша тоқтап тұрды. Мұса киімін алды да, тасты ұра бастады». Әбу Һурайра (р.а.): «Алламен ант етемін, сол таста Мұсаның ұрғанынан қалған алты не жеті із бар», – деді. (339/75)

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ النَّظَرِ إِلَى عَوْرَةِ الرَّجُلِ وَالْمَرْأَةِ

8-бапЕр адамның да, әйелдің де әуретіне қарауға тыйым салу

159
Мүслим, № 159Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَنْظُرُ الرَّجُلُ إِلَى عَوْرَةِ الرَّجُلِ، وَلَا الْمَرْأَةُ إِلَى عَوْرَةِ الْمَرْأَةِ، وَلَا يُفْضِي الرَّجُلُ إِلَى الرَّجُلِ فِي الثَّوْبِ الْوَاحِدِ، وَلَا تُفْضِي الْمَرْأَةُ إِلَى الْمَرْأَةِ فِي الثَّوْبِ الْوَاحِدِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Ер адам өзге ер адамның әуретіне қарамасын, әйел де өзге әйелдің әуретіне қарамасын. Екі ер адам бір жамылғының астында денелерін бір-біріне жанастырып жатпасын, екі әйел де бір жамылғының астында денелерін бір-біріне жанастырып жатпасын», – деген. (338/74)

بَابٌ: التَّسَتُّرُ وَلَا يُرَى الْإِنْسَانُ عُرْيَانًا

9-бапТасалану және адамның жалаңаш күйде өзгелерге көрінбеуі

160
Мүслим, № 160Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَنْقُلُ مَعَهُمُ الْحِجَارَةَ لِلْكَعْبَةِ وَعَلَيْهِ إِزَارُهُ. فَقَالَ لَهُ الْعَبَّاسُ عَمُّهُ: «يَا ابْنَ أَخِي، لَوْ حَلَلْتَ إِزَارَكَ فَجَعَلْتَهُ عَلَى مَنْكِبَيْكَ دُونَ الْحِجَارَةِ». قَالَ: «فَحَلَّهُ، فَجَعَلَهُ عَلَى مَنْكِبَيْهِ، فَسَقَطَ مَغْشِيًّا عَلَيْهِ». قَالَ: «فَمَا رُئِيَ بَعْدَ ذَلِكَ الْيَوْمِ عُرْيَانًا».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) олармен бірге Қағбаның құрылысына тас тасып жүрді. Оның белінде изары бар еді. Сонда көкесі Аббас оған: “Уа, бауырымның баласы! Изарыңды шешіп, тастар иығыңа батпау үшін иықтарыңа төсеп алсаңшы”, – деді. Ол (с.а.с.) изарын шешіп, иығына төсеген кезде есінен танып құлады. Сол күннен кейін оны ешкім жалаңаш күйінде көрген емес». (340/77)

بَابٌ: غُسْلُ الرَّجُلِ وَالْمَرْأَةِ مِنَ الْإِنَاءِ الْوَاحِدِ مِنَ الْجَنَابَةِ

10-бапЕр мен әйелдің жүніптіктен тазару үшін бір ыдыстағы сумен ғұсыл алуы

161
Мүслим, № 161

عَنْ مُعَاذَةَ، عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كُنْتُ أَغْتَسِلُ أَنَا وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ إِنَاءٍ وَاحِدٍ بَيْنِي وَبَيْنَهُ، فَيُبَادِرُنِي حَتَّى أَقُولَ: “دَعْ لِي، دَعْ لِي”». قَالَتْ: «وَهُمَا جُنُبَانِ».

Қазақша аудармасы

Муғаза Айшаның (р.а.) былай дегенін жеткізген: «Алла Елшісі (с.а.с.) екеуіміз арамызда тұрған бір ыдыстағы сумен ғұсыл алатынбыз. Ол менен бұрын су алуға ұмтылатын. Сонда мен: “Маған да қалдыр, маған да қалдыр!” – дейтінмін». Муғаза: «Ол кезде екеуі де жүніп күйінде еді», – деді. (321/46)

بَابٌ: وُضُوءُ الْجُنُبِ إِذَا أَرَادَ النَّوْمَ وَالْأَكْلَ

11-бапЖүніп адамның ұйықтар не тамақтанар алдында дәрет алуы

162
Мүслим, № 162Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا كَانَ جُنُبًا، فَأَرَادَ أَنْ يَأْكُلَ أَوْ يَنَامَ، تَوَضَّأَ وُضُوءَهُ لِلصَّلَاةِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) жүніп күйінде тамақтанғысы немесе ұйықтағысы келсе, намазға алатын дәретіндей дәрет алатын». (305/22)

بَابٌ: نَوْمُ الْجُنُبِ قَبْلَ أَنْ يَغْتَسِلَ

12-бапЖүніп адамның ғұсыл алмай тұрып ұйықтауы

163
Мүслим, № 163

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي قَيْسٍ، قَالَ: «سَأَلْتُ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، عَنْ وِتْرِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ» (فَذَكَرَ الْحَدِيثَ)، «قُلْتُ: “كَيْفَ كَانَ يَصْنَعُ فِي الْجَنَابَةِ؟ أَكَانَ يَغْتَسِلُ قَبْلَ أَنْ يَنَامَ أَمْ يَنَامُ قَبْلَ أَنْ يَغْتَسِلَ؟” قَالَتْ: “كُلُّ ذَلِكَ قَدْ كَانَ يَفْعَلُ، رُبَّمَا اِغْتَسَلَ فَنَامَ، وَرُبَّمَا تَوَضَّأَ فَنَامَ”. قُلْتُ: “الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي جَعَلَ فِي الْأَمْرِ سَعَةً”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Әбу Қайс былай деген: «Мен Айшадан (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) үтір намазы туралы сұрадым». Содан кейін Абдулла хадисті баяндап, сөзін жалғастырды: «Мен: “Ол жүніп болған кезде не істейтін еді? Ұйықтар алдында ғұсыл алатын ба, әлде ғұсыл алмай тұрып ұйықтайтын ба?” – деп сұрадым. Айша: “Ол екеуін де істейтін. Кейде ғұсыл алып ұйықтайтын, кейде дәрет алып ұйықтайтын”, – деді. Сонда мен: “Бұл мәселеде кеңшілік жасаған Аллаға мадақ болсын!” – дедім». (307/26)

بَابٌ: مَنْ أَتَى أَهْلَهُ ثُمَّ أَرَادَ أَنْ يَعُودَ فَلْيَتَوَضَّأْ

13-бапӘйелімен жыныстық қатынасқа түскен соң оны қайталағысы келген адам дәрет алсын

164
Мүслим, № 164Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِذَا أَتَى أَحَدُكُمْ أَهْلَهُ، ثُمَّ أَرَادَ أَنْ يَعُودَ، فَلْيَتَوَضَّأْ وُضُوءًا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Сендердің бірің жұбайымен жақындасып, кейін онымен қайта жақындасқысы келсе, дәрет алсын”, – деді», – деген. (308/27)

بَابٌ: التَّيَمُّمُ وَمَا جَاءَ فِيهِ

14-бапТәйәммүм және ол туралы жеткен риуаяттар

165
Мүслим, № 165Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّهَا قَالَتْ: «خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي بَعْضِ أَسْفَارِهِ، حَتَّى إِذَا كُنَّا بِالْبَيْدَاءِ أَوْ بِذَاتِ الْجَيْشِ انْقَطَعَ عِقْدٌ لِي، فَأَقَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى الْتِمَاسِهِ، وَأَقَامَ النَّاسُ مَعَهُ، وَلَيْسُوا عَلَى مَاءٍ، وَلَيْسَ مَعَهُمْ مَاءٌ. فَأَتَى النَّاسُ إِلَى أَبِي بَكْرٍ فَقَالُوا: “أَلَا تَرَى مَا صَنَعَتْ عَائِشَةُ؟ أَقَامَتْ بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَبِالنَّاسِ مَعَهُ، وَلَيْسُوا عَلَى مَاءٍ، وَلَيْسَ مَعَهُمْ مَاءٌ”. فَجَاءَ أَبُو بَكْرٍ وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَاضِعٌ رَأْسَهُ عَلَى فَخِذِي قَدْ نَامَ، فَقَالَ: “حَبَسْتِ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَالنَّاسَ، وَلَيْسُوا عَلَى مَاءٍ، وَلَيْسَ مَعَهُمْ مَاءٌ”. قَالَتْ عَائِشَةُ: فَعَاتَبَنِي أَبُو بَكْرٍ، وَقَالَ مَا شَاءَ اللَّهُ أَنْ يَقُولَ، وَجَعَلَ يَطْعُنُ بِيَدِهِ فِي خَاصِرَتِي، فَلَا يَمْنَعُنِي مِنَ التَّحَرُّكِ إِلَّا مَكَانُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَلَى فَخِذِي. فَنَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَتَّى أَصْبَحَ عَلَى غَيْرِ مَاءٍ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ آيَةَ التَّيَمُّمِ فَتَيَمَّمُوا، فَقَالَ أُسَيْدُ بْنُ الْحُضَيْرِ، وَهُوَ أَحَدُ النُّقَبَاءِ: “مَا هِيَ بِأَوَّلِ بَرَكَتِكُمْ، يَا آلَ أَبِي بَكْرٍ”. فَقَالَتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: فَبَعَثْنَا الْبَعِيرَ الَّذِي كُنْتُ عَلَيْهِ، فَوَجَدْنَا الْعِقْدَ تَحْتَهُ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) сапарларының бірінде онымен бірге жолға шықтық. Әл-Бәйдаға немесе Затул-Жәйшке жеткенімізде, менің алқам үзіліп, жоғалып қалды. Алла Елшісі (с.а.с.) оны іздеу үшін аялдады, жұрт та онымен бірге аялдады. Олар су көзінің басында емес еді әрі өздерімен бірге алып шыққан сулары да жоқ болатын. Сонда жұрт Әбу Бәкірге келіп: “Айшаның не істегенін көрмейсің бе? Ол Алла Елшісін (с.а.с.) және қасындағы жұртты аялдатып қойды. Олар су көзінің басында емес әрі өздерімен бірге сулары да жоқ”, – деді. Әбу Бәкір келгенде, Алла Елшісі (с.а.с.) басын менің саныма қойып, ұйықтап жатқан еді. Ол маған: “Сен Алла Елшісін (с.а.с.) де, жұртты да бөгеп қойдың. Олар су көзінің басында емес әрі өздерімен бірге сулары да жоқ”, – деді. Әбу Бәкір мені кінәлап, Алла қалаған сөздерді айтты да, қолымен бүйірімнен түрткілей бастады. Мен Алла Елшісі (с.а.с.) басын саныма қойып ұйықтап жатқандықтан ғана қозғала алмай жаттым. Алла Елшісі (с.а.с.) таң атқанша ұйықтады, ал оларда су жоқ еді. Сонда Алла тәйәммүм туралы аятты түсірді де, жұрт тәйәммүм жасады. Сол кезде өкілдердің бірі Усәйд ибн әл-Худайр: “Уа, Әбу Бәкір әулеті! Бұл – сендерден келген алғашқы береке емес”, – деді». Айша (р.а.): «Содан кейін мен мінген түйені тұрғызған едік, алқаны оның астынан таптық», – деді. (367/108)

بَابٌ: تَيَمُّمُ الْجُنُبِ

15-бапЖүніп адамның тәйәммүм жасауы

166
Мүслим, № 166

عَنْ شَقِيقٍ، قَالَ: «كُنْتُ جَالِسًا مَعَ عَبْدِ اللَّهِ، وَأَبِي مُوسَى، فَقَالَ أَبُو مُوسَى: “يَا أَبَا عَبْدِ الرَّحْمَنِ، أَرَأَيْتَ لَوْ أَنَّ رَجُلًا أَجْنَبَ فَلَمْ يَجِدِ الْمَاءَ شَهْرًا، كَيْفَ يَصْنَعُ بِالصَّلَاةِ؟” فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ: “لَا يَتَيَمَّمُ وَإِنْ لَمْ يَجِدِ الْمَاءَ شَهْرًا”. فَقَالَ أَبُو مُوسَى: “فَكَيْفَ بِهَذِهِ الْآيَةِ فِي سُورَةِ الْمَائِدَةِ: ﴿فَلَمْ تَجِدُوا مَاءً فَتَيَمَّمُوا صَعِيدًا طَيِّبًا﴾ [الْمَائِدَةِ: 6]؟” فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ: “لَوْ رُخِّصَ لَهُمْ فِي هَذِهِ الْآيَةِ لَأَوْشَكَ إِذَا بَرَدَ عَلَيْهِمُ الْمَاءُ أَنْ يَتَيَمَّمُوا بِالصَّعِيدِ”. فَقَالَ أَبُو مُوسَى لِعَبْدِ اللَّهِ: “أَلَمْ تَسْمَعْ قَوْلَ عَمَّارٍ: ‘بَعَثَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي حَاجَةٍ فَأَجْنَبْتُ فَلَمْ أَجِدِ الْمَاءَ، فَتَمَرَّغْتُ فِي الصَّعِيدِ كَمَا تَمَرَّغُ الدَّابَّةُ، ثُمَّ أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ، فَذَكَرْتُ ذَلِكَ لَهُ فَقَالَ: ‹إِنَّمَا كَانَ يَكْفِيكَ أَنْ تَقُولَ بِيَدِكَ هَكَذَا›. ثُمَّ ضَرَبَ بِيَدَيْهِ الْأَرْضَ ضَرْبَةً وَاحِدَةً، ثُمَّ مَسَحَ الشِّمَالَ عَلَى الْيَمِينِ، وَظَاهِرَ كَفَّيْهِ، وَوَجْهَهُ’”. فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ: “أَوَلَمْ تَرَ عُمَرَ لَمْ يَقْنَعْ بِقَوْلِ عَمَّارٍ؟” رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا».

Қазақша аудармасы

Шақиқ былай деген: «Мен Абдулла мен Әбу Мұсаның қасында отырған едім. Әбу Мұса: “Уа, Әбу Абдуррахман! Бір адам жүніп болып, бір ай бойы су таба алмаса, намазын қалай оқиды?” – деп сұрады. Абдулла: “Бір ай бойы су таппаса да, тәйәммүм жасамайды”, – деді. Әбу Мұса: “Ал «Мәида» сүресіндегі мына аятқа не дейсің: فَلَمْ تَجِدُوا مَاءً فَتَيَمَّمُوا صَعِيدًا طَيِّبًا – «...су таба алмасаңдар, таза топыраққа тәяммум соғып...» («Мәида», 6)?” – деді. Абдулла: “Егер оларға осы аят негізінде рұқсат берілсе, су салқындаса-ақ топырақпен тәйәммүм жасауға асығар еді”, – деді. Сонда Әбу Мұса Абдуллаға: “Аммардың мына сөзін естімеп пе едің? Ол: ‘Алла Елшісі (с.а.с.) мені бір шаруамен жіберген еді. Жолда жүніп болып, су таба алмадым. Содан кейін жануар аунағандай топыраққа аунадым. Пайғамбарға (с.а.с.) келген соң, болған жағдайды айттым. Сонда ол: «Саған екі қолыңмен осылай істеу жеткілікті еді», – деді де, екі алақанын жерге бір рет ұрып, сол қолын оң қолының үстінен жүргізіп, екі қолының сырты мен бетін сипады’, – деген”, – деді. Абдулла: “Омардың Аммар айтқан сөзге қанағаттанбағанын көрмедің бе?” – деді». (368/110)

بَابٌ: التَّيَمُّمُ لِرَدِّ السَّلَامِ

16-бапСәлемге жауап беру үшін тәйәммүм жасау

167
Мүслим, № 167

عَنْ عُمَيْرٍ، مَوْلَى ابْنِ عَبَّاسٍ، أَنَّهُ سَمِعَهُ يَقُولُ: «أَقْبَلْتُ أَنَا وَعَبْدُ الرَّحْمَنِ بْنُ يَسَارٍ، مَوْلَى مَيْمُونَةَ زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، حَتَّى دَخَلْنَا عَلَى أَبِي الْجَهْمِ بْنِ الْحَارِثِ بْنِ الصِّمَّةِ الْأَنْصَارِيِّ، فَقَالَ أَبُو الْجَهْمِ: “أَقْبَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ نَحْوِ بِئْرِ جَمَلٍ، فَلَقِيَهُ رَجُلٌ فَسَلَّمَ عَلَيْهِ، فَلَمْ يَرُدَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَيْهِ، حَتَّى أَقْبَلَ عَلَى الْجِدَارِ فَمَسَحَ وَجْهَهُ وَيَدَيْهِ، ثُمَّ رَدَّ عَلَيْهِ السَّلَامَ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың азат еткен құлы Ұмайрдың айтуынша: «Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Мәймунаның азат еткен құлы Абдуррахман ибн Ясар екеуіміз Әбу әл-Жәһм ибн әл-Харис ибн әс-Симма әл-Ансаридің үйіне кірдік. Сонда Әбу әл-Жәһм: “Алла Елшісі (с.а.с.) Биғр Жәмәл жақтан келе жатқанда, алдынан бір адам шығып, оған сәлем берді. Алла Елшісі (с.а.с.) қабырғаға барып, беті мен қолдарын сипағанша сәлемге жауап бермеді. Содан кейін ғана оның сәлемін қайтарды”, – деді». (369/114)

بَابٌ: الْمُؤْمِنُ لَا يَنْجُسُ

17-бапМүмін адам нәжіс болмайды

168
Мүслим, № 168Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ لَقِيَ النَّبِيَّ ﷺ فِي طَرِيقٍ مِنْ طُرُقِ الْمَدِينَةِ، وَهُوَ جُنُبٌ فَانْسَلَّ فَذَهَبَ فَاغْتَسَلَ، فَتَفَقَّدَهُ النَّبِيُّ ﷺ فَلَمَّا جَاءَهُ قَالَ: «أَيْنَ كُنْتَ، يَا أَبَا هُرَيْرَةَ؟» قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَقِيتَنِي وَأَنَا جُنُبٌ فَكَرِهْتُ أَنْ أُجَالِسَكَ حَتَّى أَغْتَسِلَ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «سُبْحَانَ اللَّهِ! إِنَّ الْمُؤْمِنَ لَا يَنْجُسُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) Мәдинаның бір көшесінде жүніп күйіндегі Әбу Һурайраны кездестірді. Әбу Һурайра білдірмей сытылып кетіп, ғұсыл алды. Пайғамбар (с.а.с.) оны іздестірді. Ол қайтып келгенде: «Уа, Әбу Һурайра! Қайда болдың?» – деп сұрады. Әбу Һурайра (р.а.): «Уа, Расулалла! Сіз мені жүніп күйімде кездестірдіңіз. Ғұсыл алмай тұрып, жаныңызда отыруды жөн көрмедім», – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Субханаллаһ! Расында, мүмін нәжіс болмайды», – деді. (371)

بَابٌ: ذِكْرُ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ عَلَى كُلِّ الْأَحْيَانِ

18-бапАса құдіретті әрі ұлық Алланы кез келген уақытта еске алу

169
Мүслим, № 169Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَذْكُرُ اللَّهَ عَلَى كُلِّ أَحْيَانِهِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) қандай күйде болса да, Алланы еске алатын», – деді. (373/117)

بَابٌ: أَكْلُ الْمُحْدِثِ وَإِنْ لَمْ يَتَوَضَّأْ

19-бапДәреті бұзылған адамның дәрет алмай-ақ тамақтануы

170
Мүслим, № 170Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ خَرَجَ مِنَ الْخَلَاءِ، فَأُتِيَ بِطَعَامٍ، فَذَكَرُوا لَهُ الْوُضُوءَ فَقَالَ: «أُرِيدُ أَنْ أُصَلِّيَ فَأَتَوَضَّأَ؟»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) әжетханадан шыққан кезде, алдына тамақ әкелінді. Сонда оған дәрет алу жайы айтылды. Ол (с.а.с.): «Дәрет алатындай, мен намаз оқығалы тұрмын ба?» – деді. (374/118)