عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي قَيْسٍ، قَالَ: «سَأَلْتُ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، عَنْ وِتْرِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ» (فَذَكَرَ الْحَدِيثَ)، «قُلْتُ: “كَيْفَ كَانَ يَصْنَعُ فِي الْجَنَابَةِ؟ أَكَانَ يَغْتَسِلُ قَبْلَ أَنْ يَنَامَ أَمْ يَنَامُ قَبْلَ أَنْ يَغْتَسِلَ؟” قَالَتْ: “كُلُّ ذَلِكَ قَدْ كَانَ يَفْعَلُ، رُبَّمَا اِغْتَسَلَ فَنَامَ، وَرُبَّمَا تَوَضَّأَ فَنَامَ”. قُلْتُ: “الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي جَعَلَ فِي الْأَمْرِ سَعَةً”».
Абдулла ибн Әбу Қайс былай деген: «Мен Айшадан (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) үтір намазы туралы сұрадым». Содан кейін Абдулла хадисті баяндап, сөзін жалғастырды: «Мен: “Ол жүніп болған кезде не істейтін еді? Ұйықтар алдында ғұсыл алатын ба, әлде ғұсыл алмай тұрып ұйықтайтын ба?” – деп сұрадым. Айша: “Ол екеуін де істейтін. Кейде ғұсыл алып ұйықтайтын, кейде дәрет алып ұйықтайтын”, – деді. Сонда мен: “Бұл мәселеде кеңшілік жасаған Аллаға мадақ болсын!” – дедім». (307/26)