Хадис
كِتَابُ الْحَيْضِ

Хайыз (етеккір) кітабы

Сахих Мүслим, 4-кітап · 19 хадис · № 171–189

Мазмұны: 18 бап
  1. 1Алла Тағаланың «Һәм олар сенен етеккір жайлы да сұрайды» деп басталатын аяты туралы
  2. 2Әйелдің етеккірден және жүніптіктен тазару үшін ғұсыл алу тәртібі
  3. 3Етеккірі келген әйелдің жайнамаз бен киімді алып беруі
  4. 4Етеккірі келген әйелдің ер адамның шашын тарауы және басын жууы
  5. 5Етеккірі келген әйелдің тізесіне сүйеніп, Құран оқу
  6. 6Етеккірі келген әйелмен бір көрпенің астында ұйықтау
  7. 7Етеккірі келген әйелмен белорамалының үстінен аймаласу
  8. 8Етеккірі келген әйелмен бір ыдыстан сусын ішу
  9. 9Етеккірден тыс қан кететін әйел және оның намаз оқуы туралы
  10. 10Әйел етеккір кезінде оқымаған намаздарының қазасын өтемейді, ал ұстамаған оразасының қазасын өтейді
  11. 11Адамның табиғи жаратылысына тән бес амал
  12. 12Адамның табиғи жаратылысына тән он амал
  13. 13Мисуакты жасы үлкен адамға ұсыну
  14. 14Мұрттарыңды барынша қысқартыңдар, сақалдарыңды өсіріңдер
  15. 15Мешіттегі зәр тиген жерді жуып тазарту
  16. 16Ұл баланың зәрі тиген киімге су бүрку
  17. 17Киімдегі шәуетті жуып кетіру
  18. 18Киімге тиген етеккір қанын жуып кетіру
بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الْمَحِيضِ﴾ الْآيَةَ

1-бапАлла Тағаланың «Һәм олар сенен етеккір жайлы да сұрайды» деп басталатын аяты туралы

171
Мүслим, № 171Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ الْيَهُودَ كَانُوا إِذَا حَاضَتِ الْمَرْأَةُ فِيهِمْ لَمْ يُؤَاكِلُوهَا، وَلَمْ يُجَامِعُوهُنَّ فِي الْبُيُوتِ، فَسَأَلَ أَصْحَابُ النَّبِيِّ ﷺ النَّبِيَّ ﷺ فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الْمَحِيضِ قُلْ هُوَ أَذًى فَاعْتَزِلُوا النِّسَاءَ فِي الْمَحِيضِ﴾ [الْبَقَرَةِ: 222] إِلَى آخِرِ الْآيَةِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اِصْنَعُوا كُلَّ شَيْءٍ إِلَّا النِّكَاحَ». فَبَلَغَ ذَلِكَ الْيَهُودَ، فَقَالُوا: «مَا يُرِيدُ هَذَا الرَّجُلُ أَنْ يَدَعَ مِنْ أَمْرِنَا شَيْئًا إِلَّا خَالَفَنَا فِيهِ»، فَجَاءَ أُسَيْدُ بْنُ الْحُضَيْرِ، وَعَبَّادُ بْنُ بِشْرٍ، فَقَالَا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ الْيَهُودَ تَقُولُ: “كَذَا وَكَذَا”، أَفَلَا نُجَامِعُهُنَّ؟» فَتَغَيَّرَ وَجْهُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ حَتَّى ظَنَنَّا أَنْ قَدْ وَجَدَ عَلَيْهِمَا، فَخَرَجَا فَاسْتَقْبَلَتْهُمَا هَدِيَّةٌ مِنْ لَبَنٍ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَأَرْسَلَ فِي آثَارِهِمَا فَسَقَاهُمَا، فَعَرَفَا أَنْ لَمْ يَجِدْ عَلَيْهِمَا.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Яһудилердің арасында бір әйел етеккір көрсе, олар онымен бірге тамақтанбайтын әрі бір үйде де бірге болмайтын. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабалары бұл жайында одан сұрағанда, Алла Тағала “Һәм олар сенен етеккір жайлы да сұрайды. Оларға былай деп айт: «Етеккір – құрамы өзгерген жиіркенішті қан, сондықтан етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар...»” («Бақара», 222) деген аятты соңына дейін түсірді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Жыныстық қатынастан басқа барлық нәрсені істей беріңдер”, – деді. Бұл сөз яһудилерге жеткенде, олар: “Бұл адам біздің әрбір ісімізде бізге қайшы келуді көздейді”, – деді. Содан кейін Усәйд ибн әл-Худайр мен Аббад ибн Бишр келіп: “Уа, Расулалла! Яһудилер былай-былай деп жатыр. Ендеше, етеккір кезінде әйелдермен жыныстық қатынасқа да түсе берейік пе?” – деді. Сонда Алла Елшісінің (с.а.с.) өңі өзгеріп кетті. Біз оны әлгі екеуіне ренжіді деп ойладық. Екеуі шығып кеткенде, Пайғамбарға (с.а.с.) сыйға әкеле жатқан сүтке кезікті. Пайғамбар (с.а.с.) олардың соңынан кісі жіберіп, екеуіне сол сүттен ішкізді. Сонда олар оның өздеріне ренжімегенін түсінді». (302/16)

بَابٌ: صِفَةُ غُسْلِ الْمَرْأَةِ مِنَ الْحَيْضَةِ وَالْجَنَابَةِ

2-бапӘйелдің етеккірден және жүніптіктен тазару үшін ғұсыл алу тәртібі

172
Мүслим, № 172Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ أَسْمَاءَ سَأَلَتِ النَّبِيَّ ﷺ عَنْ غُسْلِ الْمَحِيضِ. فَقَالَ: «تَأْخُذُ إِحْدَاكُنَّ مَاءَهَا وَسِدْرَتَهَا، فَتَطَهَّرُ فَتُحْسِنُ الطُّهُورَ، ثُمَّ تَصُبُّ عَلَى رَأْسِهَا فَتَدْلُكُهُ دَلْكًا شَدِيدًا حَتَّى تَبْلُغَ شُؤُونَ رَأْسِهَا، ثُمَّ تَصُبُّ عَلَيْهَا الْمَاءَ، ثُمَّ تَأْخُذُ فِرْصَةً مُمَسَّكَةً فَتَطَهَّرُ بِهَا». فَقَالَتْ أَسْمَاءُ: «كَيْفَ أَتَطَهَّرُ بِهَا؟» فَقَالَ: «سُبْحَانَ اللَّهِ، تَطَهَّرِينَ بِهَا». فَقَالَتْ عَائِشَةُ (كَأَنَّهَا تُخْفِي ذَلِكَ): «تَتَبَّعِينَ أَثَرَ الدَّمِ»، وَسَأَلَتْهُ عَنْ غُسْلِ الْجَنَابَةِ. فَقَالَ: «تَأْخُذُ مَاءً فَتَطَهَّرُ فَتُحْسِنُ الطُّهُورَ – أَوْ تُبْلِغُ الطُّهُورَ –، ثُمَّ تَصُبُّ عَلَى رَأْسِهَا فَتَدْلُكُهُ حَتَّى تَبْلُغَ شُؤُونَ رَأْسِهَا، ثُمَّ تُفِيضُ عَلَيْهَا الْمَاءَ». فَقَالَتْ عَائِشَةُ: «نِعْمَ النِّسَاءُ نِسَاءُ الْأَنْصَارِ؛ لَمْ يَكُنْ يَمْنَعُهُنَّ الْحَيَاءُ أَنْ يَتَفَقَّهْنَ فِي الدِّينِ».

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) айтуынша, Әсма Пайғамбардан (с.а.с.) етеккірден кейінгі ғұсыл жайында сұраған. Сонда ол (с.а.с.): «Сендердің бірің су мен сидр жапырағын алып, жақсылап тазалансын. Содан кейін басына су құйып, шашының түбіне су жеткенше қатты ысқыласын. Одан соң бүкіл денесіне су құйсын. Кейін мүск сіңірілген бір бөлік мақта алып, онымен тазалансын», – деді. Әсма: «Онымен қалай тазаланамын?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Субханаллаһ! Онымен тазалан», – деді. Сонда Айша бұл сөзді өзгелерге естірткісі келмегендей болып: «Қанның ізін сонымен сүртіп тазала», – деді. Әсма одан жүніптіктен ғұсыл алу жайында да сұрады. Ол (с.а.с.): «Су алып, мұқият тазалансын (немесе: “Тазалығын кемеліне жеткізсін”). Содан кейін басына су құйып, шашының түбіне су жеткенше ысқыласын. Одан соң бүкіл денесіне су ағызсын», – деді. Айша (р.а.): «Ансар әйелдері неткен жақсы еді! Ұят олардың дінді терең түсініп, үйренуіне кедергі болмады», – деді. (332/61)

بَابٌ: مُنَاوَلَةُ الْحَائِضِ الْخُمْرَةَ وَالثَّوْبَ

3-бапЕтеккірі келген әйелдің жайнамаз бен киімді алып беруі

173
Мүслим, № 173Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «بَيْنَمَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي الْمَسْجِدِ، فَقَالَ: “يَا عَائِشَةُ، نَاوِلِينِي الثَّوْبَ”. فَقَالَتْ: “إِنِّي حَائِضٌ”. فَقَالَ: “إِنَّ حَيْضَتَكِ لَيْسَتْ فِي يَدِكِ”. فَنَاوَلَتْهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) мешітте болған кезінде: “Уа, Айша! Маған киімді алып берші”, – деді. Айша (р.а.): “Менің етеккірім келіп жүр”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Етеккірің қолыңда емес қой”, – деді. Содан кейін Айша киімді оған алып берді». (299/13)

بَابٌ: تَرْجِيلُ الْحَائِضِ وَغَسْلُهَا رَأْسَ الرَّجُلِ

4-бапЕтеккірі келген әйелдің ер адамның шашын тарауы және басын жууы

174
Мүслим, № 174Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «إِنْ كُنْتُ لَأَدْخُلُ الْبَيْتَ لِلْحَاجَةِ، وَالْمَرِيضُ فِيهِ، فَمَا أَسْأَلُ عَنْهُ إِلَّا وَأَنَا مَارَّةٌ، وَإِنْ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَيُدْخِلُ عَلَيَّ رَأْسَهُ وَهُوَ فِي الْمَسْجِدِ فَأُرَجِّلُهُ، وَكَانَ لَا يَدْخُلُ الْبَيْتَ إِلَّا لِحَاجَةٍ إِذَا كَانَ مُعْتَكِفًا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Мен табиғи қажетімді өтеу үшін үйге кіретінмін. Үйде науқас адам жатса да, өтіп бара жатып қана оның жағдайын сұрайтынмын. Алла Елшісі (с.а.с.) мешіттен басын үйдегі маған қарай созатын, мен оның шашын тарайтынмын. Ол иғтикафта болған кезде үйге табиғи қажетін өтеу үшін ғана кіретін». (297/7)

بَابٌ: الِاتِّكَاءُ فِي حِجْرِ الْحَائِضِ وَالْقِرَاءَةُ

5-бапЕтеккірі келген әйелдің тізесіне сүйеніп, Құран оқу

175
Мүслим, № 175Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّهَا قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَتَّكِئُ فِي حِجْرِي وَأَنَا حَائِضٌ، فَيَقْرَأُ الْقُرْآنَ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Менің етеккірім келіп жүрген кезде Алла Елшісі (с.а.с.) басын тіземе қойып жатып, Құран оқитын». (301/15)

بَابٌ: النَّوْمُ مَعَ الْحَائِضِ فِي لِحَافٍ

6-бапЕтеккірі келген әйелмен бір көрпенің астында ұйықтау

176
Мүслим, № 176Риуаят етуші: Үммі Сәләма (р.а.)

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «بَيْنَمَا كُنْتُ أَنَا مُضْطَجِعَةً مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي الْخَمِيلَةِ، إِذْ حِضْتُ، فَانْسَلَلْتُ، فَأَخَذْتُ ثِيَابَ حِيضَتِي، فَقَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَنَفِسْتِ؟” قُلْتُ: “نَعَمْ”. فَدَعَانِي فَاضْطَجَعْتُ مَعَهُ فِي الْخَمِيلَةِ». قَالَتْ: «وَكَانَتْ هِيَ وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَغْتَسِلَانِ فِي الْإِنَاءِ الْوَاحِدِ مِنَ الْجَنَابَةِ».

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләмә (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге түкті көрпенің астында жатқанымда, кенет етеккірім келді. Сонда ақырын ғана шығып, етеккір кезінде киетін киімдерімді киіп алдым. Алла Елшісі (с.а.с.) менен: “Етеккірің келді ме?” – деп сұрады. Мен: “Иә”, – дедім. Сонда ол мені шақырып алды да, мен онымен бірге сол түкті көрпенің астына қайта жаттым». Риуаятта Үммі Сәләмә мен Алла Елшісінің (с.а.с.) жүніптіктен бір ыдыстағы сумен бірге ғұсыл алғаны да айтылған. (296/5)

بَابٌ: مُبَاشَرَةُ الْحَائِضِ فَوْقَ الْإِزَارِ

7-бапЕтеккірі келген әйелмен белорамалының үстінен аймаласу

177
Мүслим, № 177Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كَانَ إِحْدَانَا إِذَا كَانَتْ حَائِضًا أَمَرَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ تَأْتَزِرَ فِي فَوْرِ حَيْضَتِهَا، ثُمَّ يُبَاشِرُهَا، وَأَيُّكُمْ يَمْلِكُ إِرْبَهُ كَمَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَمْلِكُ إِرْبَهُ؟»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Біріміздің етеккіріміз келгенде, Алла Елшісі (с.а.с.) қан мол келіп тұрған шақта изар оранып алуымызды бұйырып, содан кейін бізді аймалайтын. Алла Елшісі (с.а.с.) өз құмарлығын тежей білгендей, сендердің қайсысың өз құмарлығыңды тежей аласың?» (293/2)

بَابٌ: الشُّرْبُ مَعَ الْحَائِضِ مِنَ الْإِنَاءِ الْوَاحِدِ

8-бапЕтеккірі келген әйелмен бір ыдыстан сусын ішу

178
Мүслим, № 178Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كُنْتُ أَشْرَبُ وَأَنَا حَائِضٌ، ثُمَّ أُنَاوِلُهُ النَّبِيَّ ﷺ فَيَضَعُ فَاهُ عَلَى مَوْضِعِ فِيَّ، فَيَشْرَبُ، وَأَتَعَرَّقُ الْعَرْقَ وَأَنَا حَائِضٌ، ثُمَّ أُنَاوِلُهُ النَّبِيَّ ﷺ فَيَضَعُ فَاهُ عَلَى مَوْضِعِ فِيَّ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Мен етеккірім келіп жүрген кезде ыдыстан су ішіп, кейін оны Пайғамбарға (с.а.с.) ұсынатынмын. Ол (с.а.с.) аузын менің аузым тиген жерге қойып ішетін. Сондай-ақ етеккірім келіп жүрген кезде сүйектегі еттен тістеп жеп, кейін оны Пайғамбарға (с.а.с.) ұсынатынмын. Ол (с.а.с.) аузын менің аузым тиген жерге қоятын». (300/14)

بَابٌ: فِي الْمُسْتَحَاضَةِ وَصَلَاتِهَا

9-бапЕтеккірден тыс қан кететін әйел және оның намаз оқуы туралы

179
Мүслим, № 179Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «اِسْتَفْتَتْ أُمُّ حَبِيبَةَ بِنْتُ جَحْشٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقَالَتْ: “إِنِّي أُسْتَحَاضُ”. فَقَالَ: “إِنَّمَا ذَلِكِ عِرْقٌ فَاغْتَسِلِي ثُمَّ صَلِّي”. فَكَانَتْ تَغْتَسِلُ عِنْدَ كُلِّ صَلَاةٍ». قَالَ اللَّيْثُ بْنُ سَعْدٍ: «لَمْ يَذْكُرِ ابْنُ شِهَابٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَمَرَ أُمَّ حَبِيبَةَ بِنْتَ جَحْشٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنْ تَغْتَسِلَ عِنْدَ كُلِّ صَلَاةٍ، وَلَكِنَّهُ شَيْءٌ فَعَلَتْهُ هِيَ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Үммі Хабиба бинт Жахш (р.а.) Алла Елшісінен (с.а.с.) пәтуа сұрап: “Менен етеккірден тыс қан кетеді”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Бұл – тамырдан аққан қан ғана. Ғұсыл ал да, намаз оқы”, – деді. Содан кейін ол әр намаздың алдында ғұсыл алатын болды». Ләйс ибн Сағд: «Ибн Шиһаб Алла Елшісінің (с.а.с.) Үммі Хабиба бинт Жахшқа әр намаздың алдында ғұсыл алуды бұйырғанын айтпаған. Бұл – оның өзі істеген амал», – деді. (334/63)

بَابٌ: الْحَائِضُ لَا تَقْضِي الصَّلَاةَ وَتَقْضِي الصَّوْمَ

10-бапӘйел етеккір кезінде оқымаған намаздарының қазасын өтемейді, ал ұстамаған оразасының қазасын өтейді

180
Мүслим, № 180

عَنْ مُعَاذَةَ، قَالَتْ: «سَأَلْتُ عَائِشَةَ فَقُلْتُ: “مَا بَالُ الْحَائِضِ تَقْضِي الصَّوْمَ، وَلَا تَقْضِي الصَّلَاةَ؟” فَقَالَتْ: “أَحَرُورِيَّةٌ أَنْتِ؟” قُلْتُ: “لَسْتُ بِحَرُورِيَّةٍ، وَلَكِنِّي أَسْأَلُ”. قَالَتْ: “كَانَ يُصِيبُنَا ذَلِكَ، فَنُؤْمَرُ بِقَضَاءِ الصَّوْمِ، وَلَا نُؤْمَرُ بِقَضَاءِ الصَّلَاةِ”».

Қазақша аудармасы

Муғаза былай деген: «Мен Айшадан (р.а.): “Неліктен етеккір көрген әйел оразаның қазасын өтейді де, намаздың қазасын өтемейді?” – деп сұрадым. Ол: “Сен харуриялықсың ба?” – деді. Мен: “Харуриялық емеспін, тек сұрап тұрмын”, – дедім. Сонда ол: “Біздің де басымыздан осындай жағдай өтетін. Бізге оразаның қазасын өтеу бұйырылатын да, намаздың қазасын өтеу бұйырылмайтын”, – деді». (335/69)

بَابٌ: خَمْسٌ مِنَ الْفِطْرَةِ

11-бапАдамның табиғи жаратылысына тән бес амал

181
Мүслим, № 181Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «الْفِطْرَةُ خَمْسٌ – أَوْ خَمْسٌ مِنَ الْفِطْرَةِ – الْخِتَانُ، وَالِاسْتِحْدَادُ، وَتَقْلِيمُ الْأَظْفَارِ، وَنَتْفُ الْإِبْطِ، وَقَصُّ الشَّارِبِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.): «Фитратқа бес нәрсе жатады (немесе: “Бес нәрсе фитраттан саналады”): сүндетке отыру, шат түгін қыру, тырнақ алу, қолтық түгін жұлу және мұртты қысқарту», – деген. (257/49)

بَابٌ: عَشْرٌ مِنَ الْفِطْرَةِ

12-бапАдамның табиғи жаратылысына тән он амал

182
Мүслим, № 182Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “عَشْرٌ مِنَ الْفِطْرَةِ: قَصُّ الشَّارِبِ، وَإِعْفَاءُ اللِّحْيَةِ، وَالسِّوَاكُ، وَاسْتِنْشَاقُ الْمَاءِ، وَقَصُّ الْأَظْفَارِ، وَغَسْلُ الْبَرَاجِمِ، وَنَتْفُ الْإِبْطِ، وَحَلْقُ الْعَانَةِ، وَانْتِقَاصُ الْمَاءِ”». قَالَ زَكَرِيَّا: «قَالَ مُصْعَبٌ: “وَنَسِيتُ الْعَاشِرَةَ إِلَّا أَنْ تَكُونَ الْمَضْمَضَةَ”». زَادَ قُتَيْبَةُ: «قَالَ وَكِيعٌ: “انْتِقَاصُ الْمَاءِ: يَعْنِي الِاسْتِنْجَاءَ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Фитратқа жататын он іс бар: мұртты қысқарту, сақалды өсіру, тісті мисуакпен тазалау, мұрынға су тарту, тырнақ алу, саусақ буындарын жуу, қолтық түгін жұлу, шат түгін қыру және сумен тазалану”, – деді», – деген. Зәкәрия: «Мусғаб: “Оныншысын ұмытып қалдым. Ол ауыз шаю болуы мүмкін”, – деді», – деген. Қутайба Уәкиғтің: «Мұндағы сумен тазалану дегені – дәрет сындырғаннан кейін сумен тазалану», – деген түсіндірмесін қосқан. (261/56)

بَابٌ: مُنَاوَلَةُ الْأَكْبَرِ السِّوَاكَ

13-бапМисуакты жасы үлкен адамға ұсыну

183
Мүслим, № 183Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أَرَانِي فِي الْمَنَامِ أَتَسَوَّكُ بِسِوَاكٍ، فَجَذَبَنِي رَجُلَانِ، أَحَدُهُمَا أَكْبَرُ مِنَ الْآخَرِ، فَنَاوَلْتُ السِّوَاكَ الْأَصْغَرَ مِنْهُمَا، فَقِيلَ لِي: “كَبِّرْ”، فَدَفَعْتُهُ إِلَى الْأَكْبَرِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Түсімде тісімді мисуакпен тазалап тұрғанымды көрдім. Сонда біреуі екіншісінен үлкен екі кісі мені тартып қалды. Мен мисуакты олардың кішісіне ұсындым. Сонда маған: “Үлкенінен баста”, – делінді. Сөйтіп, оны үлкеніне бердім». (2271/19)

بَابٌ: أَحْفُوا الشَّوَارِبَ وَأَعْفُوا اللِّحَى

14-бапМұрттарыңды барынша қысқартыңдар, сақалдарыңды өсіріңдер

184
Мүслим, № 184Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “خَالِفُوا الْمُشْرِكِينَ؛ أَحْفُوا الشَّوَارِبَ، وَأَعْفُوا اللِّحَى”».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Мүшріктерге ұқсамаңдар: мұрттарыңды барынша қысқартып, сақалдарыңды өсіріңдер”, – деді», – деген. (259/54)

185
Мүслим, № 185Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «وُقِّتَ لَنَا فِي قَصِّ الشَّارِبِ، وَتَقْلِيمِ الْأَظْفَارِ، وَنَتْفِ الْإِبْطِ، وَحَلْقِ الْعَانَةِ، أَنْ لَا نَتْرُكَ أَكْثَرَ مِنْ أَرْبَعِينَ لَيْلَةً».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Мұртты қысқарту, тырнақ алу, қолтық түгін жұлу және шат түгін қыру үшін бізге қырық түннен аспайтын мерзім белгіленді». (258/51)

بَابٌ: غَسْلُ الْبَوْلِ فِي الْمَسْجِدِ

15-бапМешіттегі зәр тиген жерді жуып тазарту

186
Мүслим, № 186Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «بَيْنَمَا نَحْنُ فِي الْمَسْجِدِ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، إِذْ جَاءَ أَعْرَابِيٌّ فَقَامَ يَبُولُ فِي الْمَسْجِدِ، فَقَالَ أَصْحَابُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: “مَهْ، مَهْ”. قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَا تُزْرِمُوهُ، دَعُوهُ”. فَتَرَكُوهُ حَتَّى بَالَ، ثُمَّ إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ دَعَاهُ فَقَالَ لَهُ: “إِنَّ هَذِهِ الْمَسَاجِدَ لَا تَصْلُحُ لِشَيْءٍ مِنْ هَذَا الْبَوْلِ، وَلَا الْقَذَرِ، إِنَّمَا هِيَ لِذِكْرِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ، وَالصَّلَاةِ، وَقِرَاءَةِ الْقُرْآنِ” أَوْ كَمَا قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ. قَالَ: فَأَمَرَ رَجُلًا مِنَ الْقَوْمِ فَجَاءَ بِدَلْوٍ مِنْ مَاءٍ فَشَنَّهُ عَلَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге мешітте болғанымызда, бір бәдәуи келіп, мешітте тұрып кіші дәретін сындыра бастады. Сонда Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабалары: “Тоқта! Тоқта!” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Дәрет сындыруын тоқтатпаңдар, қоя беріңдер”, – деді. Олар оған кіші дәретін өтеп болғанша тиіспеді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) оны шақырып алып: “Бұл мешіттер зәр төгуге де, өзге лас нәрселерге де арналмаған. Олар тек Ұлы әрі Құдіретті Алланы еске алуға, намаз оқуға және Құран оқуға арналған”, – деді немесе Алла Елшісі (с.а.с.) осыған ұқсас сөз айтты. Содан кейін ол жұрттың арасынан бір адамға бұйырды. Әлгі адам бір шелек су әкеліп, зәр тиген жерге төкті». (285/100)

بَابٌ: نَضْحُ بَوْلِ الصَّبِيِّ مِنَ الثَّوْبِ

16-бапҰл баланың зәрі тиген киімге су бүрку

187
Мүслим, № 187Риуаят етуші: Үммі Қайс бинт Михсан (р.а.)

عَنْ أُمِّ قَيْسٍ بِنْتِ مِحْصَنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّهَا أَتَتْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بِابْنٍ لَهَا لَمْ يَبْلُغْ أَنْ يَأْكُلَ الطَّعَامَ. قَالَ عُبَيْدُ اللَّهِ: «أَخْبَرَتْنِي أَنَّ ابْنَهَا ذَاكَ بَالَ فِي حِجْرِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَدَعَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِمَاءٍ فَنَضَحَهُ عَلَى ثَوْبِهِ، وَلَمْ يَغْسِلْهُ غَسْلًا».

Қазақша аудармасы

Үммі Қайс бинт Михсан (р.а.) әлі тамақ жей бастамаған ұлын Алла Елшісіне (с.а.с.) алып келді. Убайдулла: «Ол маған әлгі ұлының Алла Елшісінің (с.а.с.) құшағына кіші дәретін сындырып қойғанын хабарлады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) су алдырып, киіміне бүркіді де, оны жуған жоқ», – деген. (287/104)

بَابٌ: غَسْلُ الْمَنِيِّ مِنَ الثَّوْبِ

17-бапКиімдегі шәуетті жуып кетіру

188
Мүслим, № 188

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ شِهَابٍ الْخَوْلَانِيِّ، قَالَ: «كُنْتُ نَازِلًا عَلَى عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، فَاحْتَلَمْتُ فِي ثَوْبَيَّ فَغَمَسْتُهُمَا فِي الْمَاءِ، فَرَأَتْنِي جَارِيَةٌ لِعَائِشَةَ فَأَخْبَرَتْهَا، فَبَعَثَتْ إِلَيَّ عَائِشَةُ فَقَالَتْ: “مَا حَمَلَكَ عَلَى مَا صَنَعْتَ بِثَوْبَيْكَ؟” قَالَ: قُلْتُ: “رَأَيْتُ مَا يَرَى النَّائِمُ فِي مَنَامِهِ”. قَالَتْ: “هَلْ رَأَيْتَ فِيهِمَا شَيْئًا؟” قُلْتُ: “لَا”. قَالَتْ: “فَلَوْ رَأَيْتَ شَيْئًا غَسَلْتَهُ. لَقَدْ رَأَيْتُنِي وَإِنِّي لَأَحُكُّهُ مِنْ ثَوْبِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَابِسًا بِظُفُرِي”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Шиһаб әл-Хаулани былай деген: «Мен Айшаның (р.а.) үйінде қонақ болып жаттым. Үстімдегі екі киімімді шешпей ұйықтап жатып, түсімде жыныстық қатынасқа түскендей болдым да, екі киімді де суға малып алдым. Мұны Айшаның бір күңі көріп, оған хабарлады. Сонда Айша маған кісі жіберіп: “Екі киіміңді суға малуыңа не себеп болды?” – деп сұрады. Мен: “Ұйықтаған адамның түсінде көретін нәрсесін көрдім”, – дедім. Ол: “Киімдеріңнен бір нәрсе көрдің бе?” – деп сұрады. Мен: “Жоқ”, – дедім. Сонда ол: “Егер бір нәрсе көргеніңде, соны ғана жуатын едің. Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) киіміне жұғып, кеуіп қалған шәуетті тырнағыммен қырып тазалайтын едім”, – деді». (290/109)

بَابٌ: غَسْلُ دَمِ الْحَيْضَةِ مِنَ الثَّوْبِ

18-бапКиімге тиген етеккір қанын жуып кетіру

189
Мүслим, № 189Риуаят етуші: Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.)

عَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَتْ: «جَاءَتِ امْرَأَةٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَتْ: “إِحْدَانَا يُصِيبُ ثَوْبَهَا مِنْ دَمِ الْحَيْضَةِ، كَيْفَ تَصْنَعُ بِهِ؟” قَالَ: “تَحُتُّهُ، ثُمَّ تَقْرُصُهُ بِالْمَاءِ، ثُمَّ تَنْضَحُهُ، ثُمَّ تُصَلِّي فِيهِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкірдің қызы Әсма (р.а.) былай деген: «Бір әйел Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Біріміздің киімімізге етеккір қаны тисе, не істеуі керек?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Оны қырып тастасын, содан кейін сумен ысқылап жусын, артынша үстіне су сепсін де, сол киіммен намаз оқысын”, – деді». (291/110)