Хадис

Сахих Мүслим, № 171

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
4. Хайыз (етеккір) кітабыكِتَابُ الْحَيْضِ
бап
1. Алла Тағаланың «Һәм олар сенен етеккір жайлы да сұрайды» деп басталатын аяты туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الْمَحِيضِ﴾ الْآيَةَ
Нөмірі
№ 171 (Мухтасар реті)
171
Мүслим, № 171Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ الْيَهُودَ كَانُوا إِذَا حَاضَتِ الْمَرْأَةُ فِيهِمْ لَمْ يُؤَاكِلُوهَا، وَلَمْ يُجَامِعُوهُنَّ فِي الْبُيُوتِ، فَسَأَلَ أَصْحَابُ النَّبِيِّ ﷺ النَّبِيَّ ﷺ فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الْمَحِيضِ قُلْ هُوَ أَذًى فَاعْتَزِلُوا النِّسَاءَ فِي الْمَحِيضِ﴾ [الْبَقَرَةِ: 222] إِلَى آخِرِ الْآيَةِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اِصْنَعُوا كُلَّ شَيْءٍ إِلَّا النِّكَاحَ». فَبَلَغَ ذَلِكَ الْيَهُودَ، فَقَالُوا: «مَا يُرِيدُ هَذَا الرَّجُلُ أَنْ يَدَعَ مِنْ أَمْرِنَا شَيْئًا إِلَّا خَالَفَنَا فِيهِ»، فَجَاءَ أُسَيْدُ بْنُ الْحُضَيْرِ، وَعَبَّادُ بْنُ بِشْرٍ، فَقَالَا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ الْيَهُودَ تَقُولُ: “كَذَا وَكَذَا”، أَفَلَا نُجَامِعُهُنَّ؟» فَتَغَيَّرَ وَجْهُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ حَتَّى ظَنَنَّا أَنْ قَدْ وَجَدَ عَلَيْهِمَا، فَخَرَجَا فَاسْتَقْبَلَتْهُمَا هَدِيَّةٌ مِنْ لَبَنٍ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَأَرْسَلَ فِي آثَارِهِمَا فَسَقَاهُمَا، فَعَرَفَا أَنْ لَمْ يَجِدْ عَلَيْهِمَا.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Яһудилердің арасында бір әйел етеккір көрсе, олар онымен бірге тамақтанбайтын әрі бір үйде де бірге болмайтын. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабалары бұл жайында одан сұрағанда, Алла Тағала “Һәм олар сенен етеккір жайлы да сұрайды. Оларға былай деп айт: «Етеккір – құрамы өзгерген жиіркенішті қан, сондықтан етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар...»” («Бақара», 222) деген аятты соңына дейін түсірді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Жыныстық қатынастан басқа барлық нәрсені істей беріңдер”, – деді. Бұл сөз яһудилерге жеткенде, олар: “Бұл адам біздің әрбір ісімізде бізге қайшы келуді көздейді”, – деді. Содан кейін Усәйд ибн әл-Худайр мен Аббад ибн Бишр келіп: “Уа, Расулалла! Яһудилер былай-былай деп жатыр. Ендеше, етеккір кезінде әйелдермен жыныстық қатынасқа да түсе берейік пе?” – деді. Сонда Алла Елшісінің (с.а.с.) өңі өзгеріп кетті. Біз оны әлгі екеуіне ренжіді деп ойладық. Екеуі шығып кеткенде, Пайғамбарға (с.а.с.) сыйға әкеле жатқан сүтке кезікті. Пайғамбар (с.а.с.) олардың соңынан кісі жіберіп, екеуіне сол сүттен ішкізді. Сонда олар оның өздеріне ренжімегенін түсінді». (302/16)