Хадис

Сахих Мүслим, № 180

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
4. Хайыз (етеккір) кітабыكِتَابُ الْحَيْضِ
бап
10. Әйел етеккір кезінде оқымаған намаздарының қазасын өтемейді, ал ұстамаған оразасының қазасын өтейдіبَابٌ: الْحَائِضُ لَا تَقْضِي الصَّلَاةَ وَتَقْضِي الصَّوْمَ
Нөмірі
№ 180 (Мухтасар реті)
180
Мүслим, № 180

عَنْ مُعَاذَةَ، قَالَتْ: «سَأَلْتُ عَائِشَةَ فَقُلْتُ: “مَا بَالُ الْحَائِضِ تَقْضِي الصَّوْمَ، وَلَا تَقْضِي الصَّلَاةَ؟” فَقَالَتْ: “أَحَرُورِيَّةٌ أَنْتِ؟” قُلْتُ: “لَسْتُ بِحَرُورِيَّةٍ، وَلَكِنِّي أَسْأَلُ”. قَالَتْ: “كَانَ يُصِيبُنَا ذَلِكَ، فَنُؤْمَرُ بِقَضَاءِ الصَّوْمِ، وَلَا نُؤْمَرُ بِقَضَاءِ الصَّلَاةِ”».

Қазақша аудармасы

Муғаза былай деген: «Мен Айшадан (р.а.): “Неліктен етеккір көрген әйел оразаның қазасын өтейді де, намаздың қазасын өтемейді?” – деп сұрадым. Ол: “Сен харуриялықсың ба?” – деді. Мен: “Харуриялық емеспін, тек сұрап тұрмын”, – дедім. Сонда ол: “Біздің де басымыздан осындай жағдай өтетін. Бізге оразаның қазасын өтеу бұйырылатын да, намаздың қазасын өтеу бұйырылмайтын”, – деді». (335/69)