Хадис

Сахих Мүслим, № 181

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
4. Хайыз (етеккір) кітабыكِتَابُ الْحَيْضِ
бап
11. Адамның табиғи жаратылысына тән бес амалبَابٌ: خَمْسٌ مِنَ الْفِطْرَةِ
Нөмірі
№ 181 (Мухтасар реті)
181
Мүслим, № 181Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «الْفِطْرَةُ خَمْسٌ – أَوْ خَمْسٌ مِنَ الْفِطْرَةِ – الْخِتَانُ، وَالِاسْتِحْدَادُ، وَتَقْلِيمُ الْأَظْفَارِ، وَنَتْفُ الْإِبْطِ، وَقَصُّ الشَّارِبِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.): «Фитратқа бес нәрсе жатады (немесе: “Бес нәрсе фитраттан саналады”): сүндетке отыру, шат түгін қыру, тырнақ алу, қолтық түгін жұлу және мұртты қысқарту», – деген. (257/49)