Хадис
كِتَابُ الضِّيَافَةِ

Қонақжайлық кітабы

Сахих Мүслим, 31-кітап · 4 хадис · № 1064–1067

Мазмұны: 4 бап
  1. 1Қонақ етілмеген адамға қатысты үкім туралы
  2. 2Қонақ күтуге бұйыру туралы
  3. 3Өз қажеттілігінен артылған мал-мүлкімен өзгелерге жәрдемдесу туралы
  4. 4Жол азығы азайған кезде оны бір жерге жинап, өзара бөлісуге бұйыру туралы
بَابٌ: الْحُكْمُ فِيمَنْ مُنِعَ الضِّيَافَةَ

1-бапҚонақ етілмеген адамға қатысты үкім туралы

1064
Мүслим, № 1064Риуаят етуші: Уқба ибн Амир (р.а.)

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ قَالَ: «قُلْنَا: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّكَ تَبْعَثُنَا فَنَنْزِلُ بِقَوْمٍ فَلَا يَقْرُونَنَا، فَمَا تَرَى؟” فَقَالَ لَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنْ نَزَلْتُمْ بِقَوْمٍ فَأَمَرُوا لَكُمْ بِمَا يَنْبَغِي لِلضَّيْفِ فَاقْبَلُوا، فَإِنْ لَمْ يَفْعَلُوا فَخُذُوا مِنْهُمْ حَقَّ الضَّيْفِ الَّذِي يَنْبَغِي لَهُمْ”».

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.) былай деді: «Біз: “Уа, Расулалла! Сіз бізді бір жаққа жібересіз. Біз бір қауымға барып түссек, олар бізді қонақ етпейді. Бұған не дейсіз?” – деп сұрадық. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) бізге: “Егер бір қауымға барып түссеңдер, олар сендерге қонаққа лайықты күтім көрсетсе, оны қабыл алыңдар. Ал олай етпесе, олардан қонақ ретіндегі ақыларыңды алыңдар”, – деді» (1727/17).

بَابٌ: الْأَمْرُ بِالضِّيَافَةِ

2-бапҚонақ күтуге бұйыру туралы

1065
Мүслим, № 1065

عَنْ أَبِي شُرَيْحٍ الْخُزَاعِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الضِّيَافَةُ ثَلَاثَةُ أَيَّامٍ، وَجَائِزَتُهُ يَوْمٌ وَلَيْلَةٌ، وَلَا يَحِلُّ لِرَجُلٍ مُسْلِمٍ أَنْ يُقِيمَ عِنْدَ أَخِيهِ حَتَّى يُؤْثِمَهُ». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَكَيْفَ يُؤْثِمُهُ؟» قَالَ: «يُقِيمُ عِنْدَهُ وَلَا شَيْءَ لَهُ يَقْرِيهِ بِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Шурайх әл-Хузағи (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Қонақ күту мерзімі – үш күн, ал оған тиесілі ерекше сый-сияпат – бір күн және бір түн. Мұсылман кісінің бауырының үйінде оны күнәға батыратындай ұзақ аялдауына болмайды», – дегенін жеткізді. Адамдар: «Уа, Расулалла! Қонақ үй иесін қалай күнәға батырады?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Үй иесінің оны қонақ ететін ештеңесі қалмаса да, оның үйінде қала береді», – деді (48/15).

بَابٌ: الْمُوَاسَاةُ بِفُضُولِ الْمَالِ

3-бапӨз қажеттілігінен артылған мал-мүлкімен өзгелерге жәрдемдесу туралы

1066
Мүслим, № 1066Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «بَيْنَمَا نَحْنُ فِي سَفَرٍ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِذْ جَاءَ رَجُلٌ عَلَى رَاحِلَةٍ لَهُ، قَالَ: فَجَعَلَ يَصْرِفُ بَصَرَهُ يَمِينًا وَشِمَالًا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ كَانَ مَعَهُ فَضْلُ ظَهْرٍ فَلْيَعُدْ بِهِ عَلَى مَنْ لَا ظَهْرَ لَهُ، وَمَنْ كَانَ لَهُ فَضْلٌ مِنْ زَادٍ فَلْيَعُدْ بِهِ عَلَى مَنْ لَا زَادَ لَهُ”. قَالَ: فَذَكَرَ مِنْ أَصْنَافِ الْمَالِ مَا ذَكَرَ حَتَّى رَأَيْنَا أَنَّهُ لَا حَقَّ لِأَحَدٍ مِنَّا فِي فَضْلٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге сапарда келе жатқанда, көлігіне мінген бір адам келді. Ол оң жағына да, сол жағына да қайта-қайта қарай берді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Кімде артық мініс көлігі болса, оны мініс көлігі жоқ адамға берсін. Кімде артық азық болса, оны азығы жоқ адамға берсін”, – деді. Содан кейін мал-мүліктің өзге де түрлерін бірінен соң бірін атай берді. Ақырында біз ешқайсымыздың артық мал-мүлікті өзімізде қалдыруға хақымыз жоқ деп ойладық» (1728/18).

بَابٌ: الْأَمْرُ بِجَمْعِ الْأَزْوَادِ إِذَا قَلَّتْ وَالْمُوَاسَاةِ فِيهَا

4-бапЖол азығы азайған кезде оны бір жерге жинап, өзара бөлісуге бұйыру туралы

1067
Мүслим, № 1067

عَنْ إِيَاسِ بْنِ سَلَمَةَ، عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي غَزْوَةٍ، فَأَصَابَنَا جَهْدٌ حَتَّى هَمَمْنَا أَنْ نَنْحَرَ بَعْضَ ظَهْرِنَا، فَأَمَرَ نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ فَجَمَعْنَا مَزَاوِدَنَا، فَبَسَطْنَا لَهُ نِطَعًا، فَاجْتَمَعَ زَادُ الْقَوْمِ عَلَى النِّطَعِ، قَالَ: فَتَطَاوَلْتُ لِأَحْزِرَهُ كَمْ هُوَ؟ فَحَزَرْتُهُ كَرَبْضَةِ الْعَنْزِ، وَنَحْنُ أَرْبَعَ عَشْرَةَ مِائَةً، قَالَ: فَأَكَلْنَا حَتَّى شَبِعْنَا جَمِيعًا، ثُمَّ حَشَوْنَا جُرُبَنَا، فَقَالَ نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ: “فَهَلْ مِنْ وَضُوءٍ؟” قَالَ: فَجَاءَ رَجُلٌ بِإِدَاوَةٍ لَهُ فِيهَا نُطْفَةٌ، فَأَفْرَغَهَا فِي قَدَحٍ، فَتَوَضَّأْنَا كُلُّنَا نُدَغْفِقُهُ دَغْفَقَةً أَرْبَعَ عَشْرَةَ مِائَةً، قَالَ: ثُمَّ جَاءَ بَعْدَ ذَلِكَ ثَمَانِيَةٌ، فَقَالُوا: “هَلْ مِنْ طَهُورٍ؟” فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “فَرَغَ الْوَضُوءُ”».

Қазақша аудармасы

Ияс ибн Сәләмә әкесінен жеткізді. Сәләмә ибн әл-Акуағ (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге бір жорыққа шықтық. Қатты ашығып, тіпті мініс малдарымыздың кейбірін бауыздамақ болдық. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) азық дорбаларымызды ортаға жинауды бұйырды. Біз оның алдына бір былғары төсеніш жайып, жұрттың азығын соның үстіне жинадық. Мен жиналған азықтың көлемін шамалау үшін бойымды созып қарадым. Ол бір ешкі жатқандай ғана жерді алып жатты. Ал біз мың төрт жүз адам едік. Бәріміз тойғанша жеп, содан кейін азық дорбаларымызды да толтырып алдық. Алла Елшісі (с.а.с.): “Дәрет алуға су бар ма?” – деп сұрады. Бір адам ішінде аз ғана суы бар шағын торсығын әкеліп, суды бір ыдысқа құйды. Біз, мың төрт жүз адам, бәріміз сол судан молынан құйып, дәрет алдық. Осыдан кейін сегіз адам келіп: “Дәрет алатын су бар ма?” – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): “Дәрет суы таусылып қалды”, – деді» (1729/19).