Хадис

Сахих Мүслим, № 1065

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
31. Қонақжайлық кітабыكِتَابُ الضِّيَافَةِ
бап
2. Қонақ күтуге бұйыру туралыبَابٌ: الْأَمْرُ بِالضِّيَافَةِ
Нөмірі
№ 1065 (Мухтасар реті)
1065
Мүслим, № 1065

عَنْ أَبِي شُرَيْحٍ الْخُزَاعِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الضِّيَافَةُ ثَلَاثَةُ أَيَّامٍ، وَجَائِزَتُهُ يَوْمٌ وَلَيْلَةٌ، وَلَا يَحِلُّ لِرَجُلٍ مُسْلِمٍ أَنْ يُقِيمَ عِنْدَ أَخِيهِ حَتَّى يُؤْثِمَهُ». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَكَيْفَ يُؤْثِمُهُ؟» قَالَ: «يُقِيمُ عِنْدَهُ وَلَا شَيْءَ لَهُ يَقْرِيهِ بِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Шурайх әл-Хузағи (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Қонақ күту мерзімі – үш күн, ал оған тиесілі ерекше сый-сияпат – бір күн және бір түн. Мұсылман кісінің бауырының үйінде оны күнәға батыратындай ұзақ аялдауына болмайды», – дегенін жеткізді. Адамдар: «Уа, Расулалла! Қонақ үй иесін қалай күнәға батырады?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Үй иесінің оны қонақ ететін ештеңесі қалмаса да, оның үйінде қала береді», – деді (48/15).