Хадис
كِتَابُ الْجِهَادِ

Жиһад кітабы

Сахих Мүслим, 32-кітап · 43 хадис · № 1068–1110

Мазмұны: 37 бап
  1. 1Алла Тағаланың «Алла жолында өлтіріліп, шейіт болғандарды өлі деп ойлама!» деген сөзі және шейіттердің рухтары туралы
  2. 2Жәннат қақпалары қылыштардың көлеңкесінде
  3. 3Жиһадқа ынталандыру және оның артықшылығы туралы
  4. 4Жиһад арқылы құлдың дәрежелерін жоғарылату туралы
  5. 5Адамдардың ең абзалы – Алла жолында жанымен және мал-мүлкімен күрескен адам
  6. 6Жорыққа қатыспаған әрі оған қатысуды ойына да алмаған күйі қайтыс болған адам туралы
  7. 7Теңіздегі жиһадтың артықшылығы туралы
  8. 8Алла жолында шекара күзетудің артықшылығы туралы
  9. 9Алла жолында таңертең не түстен кейін бір мәрте жорыққа шығу дүниеден және ондағының бәрінен қайырлы
  10. 10Алла Тағаланың «Сонда сендер тек қажылыққа келгендерді сумен қамтамасыз ету...» деген сөзі туралы
  11. 11Шейіт болуды тілеуге ынталандыру туралы
  12. 12Алла Тағаланың жолында шейіт болудың артықшылығы туралы
  13. 13Амалдардағы ниет туралы
  14. 14Алланың шейіттерге разы болуы және шейіттердің Аллаға разы болуы туралы
  15. 15Шейіттердің бес түрі бар
  16. 16Обадан қайтыс болған әрбір мұсылман шейіт саналады
  17. 17Шейіттің қарызынан басқа барлық күнәсі кешіріледі
  18. 18Мал-мүлкін қорғау кезінде өлтірілген адам – шейіт
  19. 19Алла Тағаланың «Мүміндердің арасында Аллаға берген сертінде тұрған нағыз ерлер бар» деген сөзі туралы
  20. 20Алланың сөзі үстем болуы үшін соғысқан адам туралы
  21. 21Жұртқа көрсету және атақ-абыройға жету мақсатымен соғысқан адам туралы
  22. 22Соғысқа қатысқаны үшін берілетін сауаптың молдығы туралы
  23. 23Жорыққа шығып, зардап шеккен немесе олжаға ие болған адам туралы
  24. 24Жорыққа аттанатын адамды жарақтандырған адамның сауабы туралы
  25. 25Жорыққа дайындалып, кейін ауырып қалған адам әзірлеген жабдықтарын жорыққа аттанатын адамға берсін
  26. 26Алла жолындағы күрескерлердің отбасының ар-намысын сақтау туралы
  27. 27Пайғамбардың (с.а.с.) «Үмбетімнің бір тобы Қияметке дейін ақиқат жолында үстем болып қала береді» деген сөзі туралы
  28. 28Бірі екіншісін өлтірген екі адамның екеуі де Жәннатқа кіретіні туралы
  29. 29Кәпірді өлтіріп, кейін тура жолды ұстанған адамның Тозаққа кірмейтіні туралы
  30. 30Алла жолында біреуге мініс үшін інген берген адамның артықшылығы туралы
  31. 31Алла Тағаланың «Дұшпанға қарсы қолдарыңнан келгенше күш-қуат сайлаңдар» деген сөзі туралы
  32. 32Садақ атуға ынталандыру туралы
  33. 33Жылқының кекіліне Қияметке дейін игілік байланған
  34. 34Оң алдыңғы және сол артқы аяқтарында немесе сол алдыңғы және оң артқы аяқтарында ақ белгісі бар жылқыны ұнатпау туралы
  35. 35Ат жарысын өткізу және аттарды жарысқа баптау туралы
  36. 36Үзірлі себеппен жорыққа шықпай қалғандар және Алла Тағаланың «Үзірлі болмаса да қол қусырып үйлерінде отырған мүміндер мен малын да, жанын да аямай Алла жолында күресіп жүрген мүміндер тең емес» деген аяты туралы
  37. 37Ауруына байланысты жорыққа қатыса алмай қалған адам туралы
بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَلَا تَحْسَبَنَّ الَّذِينَ قُتِلُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَمْوَاتًا﴾ وَذِكْرِ أَرْوَاحِ الشُّهَدَاءِ

1-бапАлла Тағаланың «Алла жолында өлтіріліп, шейіт болғандарды өлі деп ойлама!» деген сөзі және шейіттердің рухтары туралы

1068
Мүслим, № 1068

عَنْ مَسْرُوقٍ، قَالَ: «سَأَلْنَا عَبْدَ اللَّهِ بْنَ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنْ هَذِهِ الْآيَةِ: ﴿وَلَا تَحْسَبَنَّ الَّذِينَ قُتِلُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَمْوَاتًا بَلْ أَحْيَاءٌ عِنْدَ رَبِّهِمْ يُرْزَقُونَ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: ١٦٩] قَالَ: “أَمَا إِنَّا قَدْ سَأَلْنَا عَنْ ذَلِكَ، فَقَالَ: ‘أَرْوَاحُهُمْ فِي جَوْفِ طَيْرٍ خُضْرٍ، لَهَا قَنَادِيلُ مُعَلَّقَةٌ بِالْعَرْشِ، تَسْرَحُ مِنَ الْجَنَّةِ حَيْثُ شَاءَتْ، ثُمَّ تَأْوِي إِلَى تِلْكَ الْقَنَادِيلِ، فَاطَّلَعَ إِلَيْهِمْ رَبُّهُمُ اِطِّلَاعَةً، فَقَالَ: ‹هَلْ تَشْتَهُونَ شَيْئًا؟› قَالُوا: ‹أَيَّ شَيْءٍ نَشْتَهِي وَنَحْنُ نَسْرَحُ مِنَ الْجَنَّةِ حَيْثُ شِئْنَا؟› فَفَعَلَ ذَلِكَ بِهِمْ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، فَلَمَّا رَأَوْا أَنَّهُمْ لَنْ يُتْرَكُوا مِنْ أَنْ يُسْأَلُوا، قَالُوا: ‹يَا رَبِّ، نُرِيدُ أَنْ تَرُدَّ أَرْوَاحَنَا فِي أَجْسَادِنَا حَتَّى نُقْتَلَ فِي سَبِيلِكَ مَرَّةً أُخْرَى›، فَلَمَّا رَأَى أَنْ لَيْسَ لَهُمْ حَاجَةٌ تُرِكُوا’”».

Қазақша аудармасы

Масруқ былай деді: «Біз Абдулла ибн Масғудтан (р.а.): “Алла жолында өлтіріліп, шейіт болғандарды өлі деп ойлама! Жоқ, олар тірі, әрі Раббыларының дәргейінде ризық-несібеге бөленуде.” («Әли Имран», 169) деген аят туралы сұрадық. Ол: “Расында, біз де бұл туралы сұраған едік. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): ‘Олардың рухтары жасыл құстардың ішінде болады. Олардың Аршқа ілінген шырағдандары бар. Олар Жәннаттың қалаған жерінде еркін шарлап жүреді де, кейін сол шырағдандарға оралады. Бір кезде Раббылары оларға назар салып: ‹Бір нәрсе қалайсыңдар ма?› – деп сұрайды. Олар: ‹Біз Жәннаттың қалаған жерінде еркін шарлап жүргенде, тағы нені қалауымыз мүмкін?› – дейді. Алла бұл сұрақты оларға үш рет қояды. Сұрақтың қайта-қайта қойыла беретінін түсінгенде, олар: ‹Уа, Раббымыз! Рухтарымызды денелерімізге қайтаруыңды қалаймыз. Сонда Сенің жолыңда тағы бір рет өлтірілер едік›, – дейді. Олардың басқа ешбір мұқтаждығы жоқ екені белгілі болғанда, олар жайына қалдырылады’, – деп жауап берді”, – деді» (1887/121).

بَابٌ: إِنَّ أَبْوَابَ الْجَنَّةِ تَحْتَ ظِلَالِ السُّيُوفِ

2-бапЖәннат қақпалары қылыштардың көлеңкесінде

1069
Мүслим, № 1069

عَنْ أَبِي بَكْرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ قَيْسٍ، عَنْ أَبِيهِ، قَالَ: «سَمِعْتُ أَبِي، وَهُوَ بِحَضْرَةِ الْعَدُوِّ، يَقُولُ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنَّ أَبْوَابَ الْجَنَّةِ تَحْتَ ظِلَالِ السُّيُوفِ”، فَقَامَ رَجُلٌ رَثُّ الْهَيْئَةِ، فَقَالَ: “يَا أَبَا مُوسَى، آنْتَ سَمِعْتَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ هَذَا؟” قَالَ: “نَعَمْ”. قَالَ: فَرَجَعَ إِلَى أَصْحَابِهِ، فَقَالَ: “أَقْرَأُ عَلَيْكُمُ السَّلَامَ”. ثُمَّ كَسَرَ جَفْنَ سَيْفِهِ فَأَلْقَاهُ، ثُمَّ مَشَى بِسَيْفِهِ إِلَى الْعَدُوِّ فَضَرَبَ بِهِ حَتَّى قُتِلَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкір ибн Абдулла ибн Қайс әкесінің былай дегенін жеткізді: «Әкем жаумен бетпе-бет тұрған кезде оның: “Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Расында, Жәннаттың қақпалары қылыштардың көлеңкесі астында’, – деді”, – деп айтқанын естідім. Сонда үсті-басы жұпыны бір кісі орнынан тұрып: “Уа, Әбу Мұса! Бұл сөзді Алла Елшісінің (с.а.с.) өзінен естідіңіз бе?” – деп сұрады. Ол: “Иә”, – деді. Әлгі кісі жолдастарына оралып: “Сендерге сәлем айтамын”, – деді. Содан кейін қылышының қынын сындырып, лақтырып тастады да, қылышын ұстап жауға қарай жүрді. Сөйтіп, өзі қаза тапқанша қылыш сермеп шайқасты» (1902/146).

بَابٌ: التَّرْغِيبُ فِي الْجِهَادِ وَفَضْلُهُ

3-бапЖиһадқа ынталандыру және оның артықшылығы туралы

1070
Мүслим, № 1070Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تَضَمَّنَ اللَّهُ لِمَنْ خَرَجَ فِي سَبِيلِهِ: “لَا يُخْرِجُهُ إِلَّا جِهَادًا فِي سَبِيلِي، وَإِيمَانًا بِي، وَتَصْدِيقًا بِرُسُلِي، فَهُوَ عَلَيَّ ضَامِنٌ أَنْ أُدْخِلَهُ الْجَنَّةَ، أَوْ أَرْجِعَهُ إِلَى مَسْكَنِهِ الَّذِي خَرَجَ مِنْهُ، نَائِلًا مَا نَالَ مِنْ أَجْرٍ أَوْ غَنِيمَةٍ”، وَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ، مَا مِنْ كَلْمٍ يُكْلَمُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ إِلَّا جَاءَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ كَهَيْئَتِهِ حِينَ كُلِمَ، لَوْنُهُ لَوْنُ دَمٍ، وَرِيحُهُ رِيحُ مِسْكٍ. وَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ، لَوْلَا أَنْ أَشُقَّ عَلَى الْمُسْلِمِينَ مَا قَعَدْتُ خِلَافَ سَرِيَّةٍ تَغْزُو فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَبَدًا، وَلَكِنْ لَا أَجِدُ سَعَةً فَأَحْمِلَهُمْ، وَلَا يَجِدُونَ سَعَةً، وَيَشُقُّ عَلَيْهِمْ أَنْ يَتَخَلَّفُوا عَنِّي. وَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ، لَوَدِدْتُ أَنْ أَغْزُوَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَأُقْتَلَ، ثُمَّ أَغْزُوَ فَأُقْتَلَ، ثُمَّ أَغْزُوَ فَأُقْتَلَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Алла Өз жолына шыққан кісіге: “Егер ол тек Менің жолымда жиһад ету, Маған иман келтіру және елшілерімді растау үшін ғана жолға шықса, оны не Жәннатқа кіргізуге, не қол жеткізген сауабы немесе олжасымен шыққан мекеніне қайтаруға кепілмін”, – деп кепілдік берді. Мұхаммедтің жаны қолында болған Алламен ант етемін! Алла жолында салынған әрбір жара Қиямет күні жараланған сәттегі қалпында келеді: түсі қанның түсіндей, ал иісі мисктің иісіндей болады. Мұхаммедтің жаны қолында болған Алламен ант етемін! Мұсылмандарға ауырлық түсіріп қоямын деп қауіптенбегенімде, Алла жолында жорыққа шыққан бірде-бір жасақтан қалып қоймас едім. Алайда оларды көлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндігім жоқ, ал олардың өздерінде де бұған мүмкіндік жоқ әрі менен қалып қою оларға ауыр тиеді. Мұхаммедтің жаны қолында болған Алламен ант етемін! Алла жолында жорыққа шығып, өлтірілсем, содан кейін қайта жорыққа шығып, тағы өлтірілсем, содан соң тағы да жорыққа шығып, қайтадан өлтірілсем деп қалар едім» (1876/103).

بَابٌ: رَفْعُ دَرَجَاتِ الْعَبْدِ بِالْجِهَادِ

4-бапЖиһад арқылы құлдың дәрежелерін жоғарылату туралы

1071
Мүслим, № 1071Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَا أَبَا سَعِيدٍ، مَنْ رَضِيَ بِاللَّهِ رَبًّا، وَبِالْإِسْلَامِ دِينًا، وَبِمُحَمَّدٍ ﷺ نَبِيًّا وَجَبَتْ لَهُ الْجَنَّةُ»، فَعَجِبَ لَهَا أَبُو سَعِيدٍ، فَقَالَ: «أَعِدْهَا عَلَيَّ، يَا رَسُولَ اللَّهِ»، فَفَعَلَ، ثُمَّ قَالَ: «وَأُخْرَى يُرْفَعُ بِهَا الْعَبْدُ مِائَةَ دَرَجَةٍ فِي الْجَنَّةِ، مَا بَيْنَ كُلِّ دَرَجَتَيْنِ كَمَا بَيْنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ». قَالَ: «وَمَا هِيَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «الْجِهَادُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، الْجِهَادُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деп жеткізді: Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Әбу Сағид! Кім Алланы Раббы, Исламды дін, Мұхаммедті пайғамбар тұтып, разы болса, оған Жәннат тиесілі болады», – деді. Бұл сөз Әбу Сағидті таңырқатты. Ол: «Уа, Расулалла! Мұны маған қайталап айтыңызшы», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оны қайталап айтты. Содан кейін: «Тағы бір амал бар. Сол арқылы құл Жәннатта жүз дәрежеге көтеріледі. Әрбір екі дәреженің арасы аспан мен жердің арасындай», – деді. Әбу Сағид: «Уа, Расулалла! Ол не?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Алла жолындағы жиһад! Алла жолындағы жиһад!» – деді (1884/116).

بَابٌ: أَفْضَلُ النَّاسِ الْمُجَاهِدُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ بِنَفْسِهِ وَمَالِهِ

5-бапАдамдардың ең абзалы – Алла жолында жанымен және мал-мүлкімен күрескен адам

1072
Мүслим, № 1072Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا أَتَى النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: «أَيُّ النَّاسِ أَفْضَلُ؟» فَقَالَ: «رَجُلٌ يُجَاهِدُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ بِمَالِهِ وَنَفْسِهِ». قَالَ: «ثُمَّ مَنْ؟» قَالَ: «مُؤْمِنٌ فِي شِعْبٍ مِنَ الشِّعَابِ يَعْبُدُ اللَّهَ رَبَّهُ، وَيَدَعُ النَّاسَ مِنْ شَرِّهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, бір адам Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Адамдардың ең абзалы кім?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Мал-жанымен Алла жолында жиһад ететін адам», – деді. Әлгі адам: «Одан кейін кім?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Тау аңғарларының бірінде Раббысына құлшылық етіп, адамдарға жамандығын тигізбейтін мүмін», – деді (1888/122).

بَابٌ: مَنْ مَاتَ وَلَمْ يَغْزُ وَلَمْ يُحَدِّثْ بِهِ نَفْسَهُ

6-бапЖорыққа қатыспаған әрі оған қатысуды ойына да алмаған күйі қайтыс болған адам туралы

1073
Мүслим, № 1073Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ مَاتَ وَلَمْ يَغْزُ، وَلَمْ يُحَدِّثْ بِهِ نَفْسَهُ مَاتَ عَلَى شُعْبَةٍ مِنْ نِفَاقٍ». قَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ الْمُبَارَكِ: «فَنُرَى أَنَّ ذَلِكَ كَانَ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім жиһадқа шықпай әрі оған шығуды ойына да алмай дүниеден өтсе, мұнафықтықтың бір тармағы бойында болған күйде өлген болады», – деген. Абдулла ибн әл-Мүбәрак: «Біздіңше, бұл Алла Елшісінің (с.а.с.) дәуіріне қатысты», – деген (1910/158).

بَابٌ: فَضْلُ الْجِهَادِ فِي الْبَحْرِ

7-бапТеңіздегі жиһадтың артықшылығы туралы

1074
Мүслим, № 1074Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَدْخُلُ عَلَى أُمِّ حَرَامٍ بِنْتِ مِلْحَانَ فَتُطْعِمُهُ، وَكَانَتْ أُمُّ حَرَامٍ تَحْتَ عُبَادَةَ بْنِ الصَّامِتِ فَدَخَلَ عَلَيْهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمًا، فَأَطْعَمَتْهُ، ثُمَّ جَلَسَتْ تَفْلِي رَأْسَهُ، فَنَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ اسْتَيْقَظَ وَهُوَ يَضْحَكُ، قَالَتْ: فَقُلْتُ: «مَا يُضْحِكُكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «نَاسٌ مِنْ أُمَّتِي عُرِضُوا عَلَيَّ، غُزَاةً فِي سَبِيلِ اللَّهِ، يَرْكَبُونَ ثَبَجَ هَذَا الْبَحْرِ، مُلُوكًا عَلَى الْأَسِرَّةِ»، أَوْ «مِثْلَ الْمُلُوكِ عَلَى الْأَسِرَّةِ» (يَشُكُّ أَيَّهُمَا) قَالَ: قَالَتْ: فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، اُدْعُ اللَّهَ أَنْ يَجْعَلَنِي مِنْهُمْ»، فَدَعَا لَهَا، ثُمَّ وَضَعَ رَأْسَهُ، فَنَامَ، ثُمَّ اسْتَيْقَظَ وَهُوَ يَضْحَكُ، قَالَتْ: فَقُلْتُ: «مَا يُضْحِكُكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «نَاسٌ مِنْ أُمَّتِي عُرِضُوا عَلَيَّ، غُزَاةً فِي سَبِيلِ اللَّهِ»، كَمَا قَالَ فِي الْأُولَى، قَالَتْ: فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، اُدْعُ اللَّهَ أَنْ يَجْعَلَنِي مِنْهُمْ». قَالَ: «أَنْتِ مِنَ الْأَوَّلِينَ». فَرَكِبَتْ أُمُّ حَرَامٍ بِنْتُ مِلْحَانَ الْبَحْرَ فِي زَمَنِ مُعَاوِيَةَ فَصُرِعَتْ عَنْ دَابَّتِهَا حِينَ خَرَجَتْ مِنَ الْبَحْرِ، فَهَلَكَتْ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Үммі Харам бинт Милханның үйіне барып тұратын, ал Үммі Харам оған ас беретін. Үммі Харам Убада ибн әс-Самиттің (р.а.) әйелі еді. Алла Елшісі (с.а.с.) оның үйіне келді. Үммі Харам оған ас берді, содан кейін басын қарап, шашындағы битін теріп отырды. Алла Елшісі (с.а.с.) ұйықтап қалып, кейін күліп оянды. Үммі Харам: “Уа, Расулалла! Сізді не күлдірді?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Маған үмбетімнен Алла жолында жорыққа шығып, осы теңіздің төсінде кемемен жүзіп бара жатқан адамдар көрсетілді. Олар тақтарда отырған патшалардай еді”, – деді немесе: “Тақтарда отырған патшалар секілді еді”, – деді. Риуаятшы осы екі нұсқаның қайсысы айтылғанына күмәнданған. Үммі Харам: “Уа, Расулалла! Алладан мені де солардың қатарынан етуін тілеңіз”, – деді. Ол (с.а.с.) оған дұға етті. Содан кейін басын қойып, ұйықтап қалды да, тағы да күліп оянды. Үммі Харам: “Уа, Расулалла! Сізді не күлдірді?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.) алғашқыда айтқанындай: “Маған үмбетімнен Алла жолында жорыққа аттанған адамдар көрсетілді”, – деді. Үммі Харам: “Уа, Расулалла! Алладан мені де солардың қатарынан етуін тілеңіз”, – деді. Ол (с.а.с.): “Сен алғашқы топтың қатарындасың”, – деді. Кейін Үммі Харам бинт Милхан Мұғауияның (р.а.) дәуірінде теңіз жорығына шықты. Теңізден жағаға шыққан кезде мінген көлігінен құлап, қайтыс болды» (1912/160).

بَابٌ: فَضْلُ الرِّبَاطِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ

8-бапАлла жолында шекара күзетудің артықшылығы туралы

1075
Мүслим, № 1075Риуаят етуші: Салман (р.а.)

عَنْ سَلْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «رِبَاطُ يَوْمٍ وَلَيْلَةٍ خَيْرٌ مِنْ صِيَامِ شَهْرٍ وَقِيَامِهِ، وَإِنْ مَاتَ جَرَى عَلَيْهِ عَمَلُهُ الَّذِي كَانَ يَعْمَلُهُ، وَأُجْرِيَ عَلَيْهِ رِزْقُهُ، وَأَمِنَ الْفُتَّانَ».

Қазақша аудармасы

Салман (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Алла жолында бір күн, бір түн шекара күзету бір ай ораза ұстап, түндерін намазбен өткізуден қайырлы. Егер сол кезде қайтыс болса, істеп жүрген амалының сауабы жалғаса береді, оған ризық-несібесі беріліп тұрады әрі ол қабір сынағынан аман болады”, – дегенін естідім» (1913/163).

بَابٌ: غَدْوَةٌ فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَوْ رَوْحَةٌ خَيْرٌ مِنَ الدُّنْيَا وَمَا فِيهَا

9-бапАлла жолында таңертең не түстен кейін бір мәрте жорыққа шығу дүниеден және ондағының бәрінен қайырлы

1076
Мүслим, № 1076Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَغَدْوَةٌ فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَوْ رَوْحَةٌ خَيْرٌ مِنَ الدُّنْيَا وَمَا فِيهَا».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Алла жолында таңертең бір мәрте аттану немесе түстен кейін бір мәрте аттану дүние мен ондағының бәрінен қайырлы”, – деді», – деп жеткізген (1880/112).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿أَجَعَلْتُمْ سِقَايَةَ الْحَاجِّ﴾

10-бапАлла Тағаланың «Сонда сендер тек қажылыққа келгендерді сумен қамтамасыз ету...» деген сөзі туралы

1077
Мүслим, № 1077Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир (р.а.)

عَنِ النُّعْمَانِ بْنِ بَشِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كُنْتُ عِنْدَ مِنْبَرِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ رَجُلٌ: “مَا أُبَالِي أَنْ لَا أَعْمَلَ عَمَلًا بَعْدَ الْإِسْلَامِ إِلَّا أَنْ أُسْقِيَ الْحَاجَّ”. وَقَالَ آخَرُ: “مَا أُبَالِي أَنْ لَا أَعْمَلَ عَمَلًا بَعْدَ الْإِسْلَامِ إِلَّا أَنْ أَعْمُرَ الْمَسْجِدَ الْحَرَامَ”. وَقَالَ آخَرُ: “الْجِهَادُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَفْضَلُ مِمَّا قُلْتُمْ”، فَزَجَرَهُمْ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَقَالَ: “لَا تَرْفَعُوا أَصْوَاتَكُمْ عِنْدَ مِنْبَرِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ” (وَهُوَ يَوْمُ الْجُمُعَةِ) “وَلَكِنْ إِذَا صَلَّيْتُ الْجُمُعَةَ دَخَلْتُ فَاسْتَفْتَيْتُهُ فِيمَا اخْتَلَفْتُمْ فِيهِ”، فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿أَجَعَلْتُمْ سِقَايَةَ الْحَاجِّ وَعِمَارَةَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ كَمَنْ آمَنَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ﴾ [التَّوْبَةِ: ١٩] الْآيَةَ إِلَى آخِرِهَا».

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәшир (р.а.) былай деді: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) мінберінің жанында тұрған едім. Бір адам: “Исламды қабылдағаннан кейін қажыларға су беруден өзге ешбір амал жасамасам да, оған алаңдамаймын”, – деді. Екінші бір адам: “Исламды қабылдағаннан кейін Харам мешітін көркейтуден өзге ешбір амал жасамасам да, оған алаңдамаймын”, – деді. Тағы бір адам: “Алла жолындағы жиһад сендер айтқан амалдардан абзал”, – деді. Бұл жұма күні еді. Сонда Омар (р.а.) оларға зекіп: “Алла Елшісінің (с.а.с.) мінберінің жанында дауыстарыңды көтермеңдер! Жұма намазын оқып болған соң, оның алдына кіріп, пікірлерің қайшылыққа түскен осы мәселе жайында пәтуа сұраймын”, – деді. Сонда Ұлы әрі Құдіретті Алла: “Сонда сендер тек қажылыққа келгендерді сумен қамтамасыз ету әрі Харам мешітін күтіп, көркейту ісін Аллаға және ақырет күніне кәміл сенетін һәм Алла жолында күресетін жандардың ісімен тең көресіңдер ме?! Бұл екеуі Алланың алдында тең емес. Алла озбыр қауымды тура жолға салмайды.” («Тәубе», 19) деген аятты соңына дейін түсірді» (1879/111).

بَابٌ: التَّرْغِيبُ فِي طَلَبِ الشَّهَادَةِ

11-бапШейіт болуды тілеуге ынталандыру туралы

1078
Мүслим, № 1078Риуаят етуші: Сәһл ибн Хунәйф (р.а.)

عَنْ سَهْلِ بْنِ حُنَيْفٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ سَأَلَ اللَّهَ الشَّهَادَةَ بِصِدْقٍ بَلَّغَهُ اللَّهُ مَنَازِلَ الشُّهَدَاءِ، وَإِنْ مَاتَ عَلَى فِرَاشِهِ».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Хунайфтың (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.): «Кім Алладан шейіттікті шын ниетімен сұраса, төсегінде жатып қайтыс болса да, Алла оны шейіттердің дәрежелеріне жеткізеді», – деген (1909/157).

بَابٌ: فَضْلُ الشَّهَادَةِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ تَعَالَى

12-бапАлла Тағаланың жолында шейіт болудың артықшылығы туралы

1079
Мүслим, № 1079Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «مَا مِنْ أَحَدٍ يَدْخُلُ الْجَنَّةَ يُحِبُّ أَنْ يَرْجِعَ إِلَى الدُّنْيَا وَأَنَّ لَهُ مَا عَلَى الْأَرْضِ مِنْ شَيْءٍ، غَيْرُ الشَّهِيدِ، فَإِنَّهُ يَتَمَنَّى أَنْ يَرْجِعَ، فَيُقْتَلَ عَشْرَ مَرَّاتٍ، لِمَا يَرَى مِنَ الْكَرَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Жәннатқа кірген ешбір адам, жер бетіндегі барлық нәрсе өзіне берілсе де, дүниеге қайта оралуды қаламайды. Тек шейіт қана өзіне көрсетілген құрметке байланысты дүниеге қайта оралып, он рет өлтірілуді тілейді», – дегенін жеткізді (1877/109).

بَابٌ: النِّيَّةُ فِي الْأَعْمَالِ

13-бапАмалдардағы ниет туралы

1080
Мүслим, № 1080Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّمَا الْأَعْمَالُ بِالنِّيَّةِ، وَإِنَّمَا لِامْرِئٍ مَا نَوَى، فَمَنْ كَانَتْ هِجْرَتُهُ إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ فَهِجْرَتُهُ إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ، وَمَنْ كَانَتْ هِجْرَتُهُ لِدُنْيَا يُصِيبُهَا أَوِ امْرَأَةٍ يَتَزَوَّجُهَا فَهِجْرَتُهُ إِلَى مَا هَاجَرَ إِلَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Амалдар тек ниетке байланысты. Әр адамға ниет еткені ғана тиесілі. Кімнің һижреті Аллаға және Оның Елшісіне арналса, оның һижреті Аллаға және Оның Елшісіне болмақ. Ал кім дүниелік бір пайдаға қол жеткізу немесе бір әйелге үйлену үшін һижрет етсе, оның һижреті де көздеген нәрсесіне болмақ» (1907/155).

بَابٌ: رَضِيَ اللَّهُ عَنِ الشُّهَدَاءِ وَرِضَاهُمْ عَنْهُ

14-бапАлланың шейіттерге разы болуы және шейіттердің Аллаға разы болуы туралы

1081
Мүслим, № 1081Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «جَاءَ نَاسٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالُوا: “أَنِ اِبْعَثْ مَعَنَا رِجَالًا يُعَلِّمُونَا الْقُرْآنَ وَالسُّنَّةَ”، فَبَعَثَ إِلَيْهِمْ سَبْعِينَ رَجُلًا مِنَ الْأَنْصَارِ، يُقَالُ لَهُمْ: الْقُرَّاءُ، فِيهِمْ خَالِي حَرَامٌ، يَقْرَؤُونَ الْقُرْآنَ، وَيَتَدَارَسُونَ بِاللَّيْلِ يَتَعَلَّمُونَ، وَكَانُوا بِالنَّهَارِ يَجِيئُونَ بِالْمَاءِ فَيَضَعُونَهُ فِي الْمَسْجِدِ، وَيَحْتَطِبُونَ فَيَبِيعُونَهُ، وَيَشْتَرُونَ بِهِ الطَّعَامَ لِأَهْلِ الصُّفَّةِ وَلِلْفُقَرَاءِ، فَبَعَثَهُمُ النَّبِيُّ ﷺ إِلَيْهِمْ، فَعَرَضُوا لَهُمْ، فَقَتَلُوهُمْ قَبْلَ أَنْ يَبْلُغُوا الْمَكَانَ، فَقَالُوا: “اللَّهُمَّ، بَلِّغْ عَنَّا نَبِيَّنَا أَنَّا قَدْ لَقِينَاكَ فَرَضِينَا عَنْكَ، وَرَضِيتَ عَنَّا”. قَالَ: وَأَتَى رَجُلٌ حَرَامًا خَالَ أَنَسٍ مِنْ خَلْفِهِ، فَطَعَنَهُ بِرُمْحٍ حَتَّى أَنْفَذَهُ، فَقَالَ حَرَامٌ: “فُزْتُ وَرَبِّ الْكَعْبَةِ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِأَصْحَابِهِ: “إِنَّ إِخْوَانَكُمْ قَدْ قُتِلُوا، وَإِنَّهُمْ قَالُوا: ‘اللَّهُمَّ بَلِّغْ عَنَّا نَبِيَّنَا أَنَّا قَدْ لَقِينَاكَ فَرَضِينَا عَنْكَ، وَرَضِيتَ عَنَّا’”».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Бір топ адам Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Бізбен бірге Құран мен сүннетті үйрететін кісілер жіберіңіз”, – деді. Сонда ол (с.а.с.) оларға ансарлар арасынан “құрра” деп аталатын жетпіс кісіні жіберді. Олардың арасында менің нағашым Харам да бар еді. Олар Құран оқып, түнде оны өзара қайталап, білім алатын. Ал күндіз су әкеліп, мешітке қоятын, отын жинап сатып, түскен ақшаға Суффа тұрғындары мен кедейлерге азық-түлік сатып алатын. Пайғамбар (с.а.с.) оларды әлгі адамдарға жіберді. Алайда олар діттеген жеріне жетпей жатып, әлгі қауым жолдарын тосып, бәрін өлтірді. Сонда олар: “Уа, Алла! Пайғамбарымызға біздің Саған жолыққанымызды, Саған разы болғанымызды әрі Сенің де бізге разы болғаныңды жеткізе гөр!” – деді. Бір адам Әнәстің нағашысы Харамның арт жағынан келіп, денесін найзамен түйреп өтті. Сонда Харам: “Қағбаның Раббысына ант етемін, мұратқа жеттім!” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) сахабаларына: “Расында, бауырларың өлтірілді. Олар: ‘Уа, Алла! Пайғамбарымызға біздің Саған жолыққанымызды, Саған разы болғанымызды әрі Сенің де бізге разы болғаныңды жеткізе гөр!’ – деді”, – деп хабарлады» (677/147).

بَابٌ: الشُّهَدَاءُ خَمْسَةٌ

15-бапШейіттердің бес түрі бар

1082
Мүслим, № 1082Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بَيْنَمَا رَجُلٌ يَمْشِي بِطَرِيقٍ وَجَدَ غُصْنَ شَوْكٍ عَلَى الطَّرِيقِ فَأَخَّرَهُ، فَشَكَرَ اللَّهُ لَهُ، فَغَفَرَ لَهُ». وَقَالَ: «الشُّهَدَاءُ خَمْسَةٌ: الْمَطْعُونُ، وَالْمَبْطُونُ، وَالْغَرِقُ، وَصَاحِبُ الْهَدْمِ، وَالشَّهِيدُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Бір адам жолмен келе жатып, жол үстінде жатқан тікенді бұтақты көріп, оны алып тастады. Алла оның бұл ісін бағалап, күнәсін кешірді», – деген. Сондай-ақ ол (с.а.с.): «Шейіттер – бес түрлі: обадан қайтыс болған адам, іш ауруынан қайтыс болған адам, суға батып қайтыс болған адам, үйіндінің астында қалып қайтыс болған адам және Ұлы әрі Құдіретті Алла жолында шейіт болған адам», – деген (1914/164).

بَابٌ: الطَّاعُونُ شَهَادَةٌ لِكُلِّ مُسْلِمٍ

16-бапОбадан қайтыс болған әрбір мұсылман шейіт саналады

1083
Мүслим, № 1083

عَنْ حَفْصَةَ بِنْتِ سِيرِينَ، قَالَتْ: «قَالَ لِي أَنَسُ بْنُ مَالِكٍ: “بِمَ مَاتَ يَحْيَى بْنُ أَبِي عَمْرَةَ؟” قَالَتْ: قُلْتُ: “بِالطَّاعُونِ”. قَالَتْ: فَقَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “الطَّاعُونُ شَهَادَةٌ لِكُلِّ مُسْلِمٍ”».

Қазақша аудармасы

Хафса бинт Сирин былай деді: «Әнәс ибн Мәлик менен: “Яхия ибн Әбу Амра неден қайтыс болды?” – деп сұрады. Мен: “Обадан”, – деп жауап бердім. Сонда ол: “Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Обадан өлу – әрбір мұсылман үшін шейіттік’, – деген”, – деді» (1916/166).

بَابٌ: يُغْفَرُ لِلشَّهِيدِ كُلُّ ذَنْبٍ إِلَّا الدَّيْنَ

17-бапШейіттің қарызынан басқа барлық күнәсі кешіріледі

1084
Мүслим, № 1084Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «يُغْفَرُ لِلشَّهِيدِ كُلُّ ذَنْبٍ إِلَّا الدَّيْنَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) былай деп жеткізді: Пайғамбар (с.а.с.): «Шейіттің қарыздан өзге барлық күнәсі кешіріледі», – деді (1886/119).

1085
Мүслим, № 1085Риуаят етуші: Әбу Қатада (р.а.)

عَنْ أَبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، أَنَّهُ قَامَ فِيهِمْ فَذَكَرَ لَهُمْ أَنَّ الْجِهَادَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَالْإِيمَانَ بِاللَّهِ أَفْضَلُ الْأَعْمَالِ، فَقَامَ رَجُلٌ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ إِنْ قُتِلْتُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ تُكَفَّرُ عَنِّي خَطَايَايَ؟» فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «نَعَمْ، إِنْ قُتِلْتَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَأَنْتَ صَابِرٌ مُحْتَسِبٌ مُقْبِلٌ غَيْرُ مُدْبِرٍ». ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كَيْفَ قُلْتَ؟» قَالَ: «أَرَأَيْتَ إِنْ قُتِلْتُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَتُكَفَّرُ عَنِّي خَطَايَايَ؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «نَعَمْ، وَأَنْتَ صَابِرٌ مُحْتَسِبٌ مُقْبِلٌ غَيْرُ مُدْبِرٍ، إِلَّا الدَّيْنَ، فَإِنَّ جِبْرِيلَ عَلَيْهِ السَّلَامُ قَالَ لِي ذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Қатада (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) олардың арасында тұрып, Аллаға иман келтіру мен Алла жолындағы жиһадтың ең абзал амалдар екенін айтқанын жеткізді. Сонда бір кісі орнынан тұрып: «Уа, Расулалла! Айтыңызшы, егер мен Алла жолында өлтірілсем, күнәларым кешіріле ме?» – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Иә, егер Алла жолында сабыр сақтап, сауабын Алладан үміт етіп, шегінбей, алға ұмтылған күйіңде өлтірілсең», – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): «Қалай дедің?» – деп сұрады. Әлгі кісі: «Айтыңызшы, егер мен Алла жолында өлтірілсем, күнәларым кешіріле ме?» – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Иә, егер сабыр сақтап, сауабын Алладан үміт етіп, шегінбей, алға ұмтылған күйіңде өлтірілсең, қарыздан өзге күнәларыңның бәрі кешіріледі. Мұны маған Жәбірейіл (а.с.) айтты», – деді (1885/117).

بَابٌ: مَنْ قُتِلَ دُونَ مَالِهِ فَهُوَ شَهِيدٌ

18-бапМал-мүлкін қорғау кезінде өлтірілген адам – шейіт

1086
Мүслим, № 1086Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «جَاءَ رَجُلٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ إِنْ جَاءَ رَجُلٌ يُرِيدُ أَخْذَ مَالِي؟” قَالَ: “فَلَا تُعْطِهِ مَالَكَ”. قَالَ: “أَرَأَيْتَ إِنْ قَاتَلَنِي؟” قَالَ: “قَاتِلْهُ”. قَالَ: “أَرَأَيْتَ إِنْ قَتَلَنِي؟” قَالَ: “فَأَنْتَ شَهِيدٌ”. قَالَ: “أَرَأَيْتَ إِنْ قَتَلْتُهُ؟” قَالَ: “هُوَ فِي النَّارِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Бір адам Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Алланың Елшісі! Егер бір кісі мал-мүлкімді тартып алғысы келсе, не істеуім керек?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Оған мал-мүлкіңді берме”, – деді. Әлгі адам: “Егер ол менімен айқасса ше?” – деді. Ол (с.а.с.): “Онымен айқас”, – деді. Әлгі адам: “Егер ол мені өлтірсе ше?” – деді. Ол (с.а.с.): “Онда сен шейітсің”, – деді. Әлгі адам: “Ал егер мен оны өлтірсем ше?” – деді. Ол (с.а.с.): “Ол – Тозақта”, – деді» (140/225).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿رِجَالٌ صَدَقُوا مَا عَاهَدُوا اللَّهَ عَلَيْهِ﴾

19-бапАлла Тағаланың «Мүміндердің арасында Аллаға берген сертінде тұрған нағыз ерлер бар» деген сөзі туралы

1087
Мүслим, № 1087Риуаят етуші: Сәбит Әнәстің

عَنْ ثَابِتٍ، قَالَ: قَالَ أَنَسٌ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «عَمِّيَ الَّذِي سُمِّيتُ بِهِ لَمْ يَشْهَدْ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بَدْرًا، قَالَ: فَشَقَّ عَلَيْهِ، قَالَ: “أَوَّلُ مَشْهَدٍ شَهِدَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ غُيِّبْتُ عَنْهُ، وَإِنْ أَرَانِيَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ مَشْهَدًا فِيمَا بَعْدُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ لَيَرَانِيَ اللَّهُ تَعَالَى مَا أَصْنَعُ”. قَالَ: فَهَابَ أَنْ يَقُولَ غَيْرَهَا، قَالَ: فَشَهِدَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ أُحُدٍ، قَالَ: فَاسْتَقْبَلَ سَعْدُ بْنُ مُعَاذٍ، فَقَالَ لَهُ أَنَسٌ: “يَا أَبَا عَمْرٍو، أَيْنَ؟” فَقَالَ: “وَاهًا لِرِيحِ الْجَنَّةِ أَجِدُهُ دُونَ أُحُدٍ”. قَالَ: فَقَاتَلَهُمْ حَتَّى قُتِلَ، قَالَ: فَوُجِدَ فِي جَسَدِهِ بِضْعٌ وَثَمَانُونَ مِنْ بَيْنِ ضَرْبَةٍ وَطَعْنَةٍ وَرَمْيَةٍ، قَالَ: فَقَالَتْ أُخْتُهُ (عَمَّتِيَ الرُّبَيِّعُ بِنْتُ النَّضْرِ): “فَمَا عَرَفْتُ أَخِي إِلَّا بِبَنَانِهِ”، وَنَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿رِجَالٌ صَدَقُوا مَا عَاهَدُوا اللَّهَ عَلَيْهِ فَمِنْهُمْ مَنْ قَضَى نَحْبَهُ وَمِنْهُمْ مَنْ يَنْتَظِرُ وَمَا بَدَّلُوا تَبْدِيلًا﴾ [الْأَحْزَابِ: ٢٣]، قَالَ: فَكَانُوا يُرَوْنَ أَنَّهَا نَزَلَتْ فِيهِ وَفِي أَصْحَابِهِ».

Қазақша аудармасы

Сәбит Әнәстің (р.а.) былай дегенін жеткізді: «Есімі маған берілген көкем Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Бәдір шайқасына қатыспады. Бұл оған қатты батты. Ол: “Алла Елшісі (с.а.с.) қатысқан алғашқы шайқасқа мен қатыса алмай қалдым. Егер Ұлы әрі аса мәртебелі Алла кейін Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге тағы бір шайқасқа қатысуды нәсіп етсе, не істейтінімді Алла Тағала міндетті түрде көреді”, – деді. Ол бұдан артық ештеңе айтуға именді. Кейін көкем Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Ухуд шайқасына қатысты. Жолда Сағд ибн Муғазды кездестіріп, оған: “Уа, Әбу Амр! Қайда барасың? Паһ, Жәннаттың жұпар иісі! Оны Ухудтың бергі жағынан сезіп тұрмын”, – деді. Содан кейін жаумен шайқасып, ақыры қаза тапты. Оның денесінен соққыдан, шаншудан және жебе оғынан қалған сексеннен астам жара табылды. Оның қыз бауыры, менің әкеммен бір туған әр-Рубәййиғ бинт ән-Надр: “Бауырымды саусақтарының ұшынан ғана таныдым”, – деді. Сол кезде мына аят түсті: “Мүміндердің арасында Аллаға берген сертінде тұрған нағыз ерлер бар. Олардың кейбірі уәдесінде тұрып, жанын пида қылды. Енді біреуі күтуде. Олар серттерінен әсте тайған да, әуелгі қалыптарынан еш айныған да емес.” («Ахзаб», 23). Олар бұл аят сол кісі мен оның жолдастары туралы түсті деп есептейтін» (1903/148).

بَابٌ: مَنْ قَاتَلَ لِتَكُونَ كَلِمَةُ اللَّهِ هِيَ الْعُلْيَا

20-бапАлланың сөзі үстем болуы үшін соғысқан адам туралы

1088
Мүслим, № 1088Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا أَعْرَابِيًّا أَتَى النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، الرَّجُلُ يُقَاتِلُ لِلْمَغْنَمِ، وَالرَّجُلُ يُقَاتِلُ لِيُذْكَرَ، وَالرَّجُلُ يُقَاتِلُ لِيُرَى مَكَانُهُ، فَمَنْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ قَاتَلَ لِتَكُونَ كَلِمَةُ اللَّهِ أَعْلَى فَهُوَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.) былай деді: «Бір бәдәуи Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Бір адам олжа үшін соғысады, бір адам даңқы жайылсын деп соғысады, енді бірі өзінің ерлігі көрінсін деп соғысады. Осылардың қайсысы Алла жолында?” – деп сұрады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім Алланың сөзі бәрінен үстем болуы үшін соғысса, сол Алла жолында”, – деді» (1904/149).

بَابٌ: مَنْ قَاتَلَ لِلرِّيَاءِ وَالسُّمْعَةِ

21-бапЖұртқа көрсету және атақ-абыройға жету мақсатымен соғысқан адам туралы

1089
Мүслим, № 1089Риуаят етуші: Сүлейман ибн Ясар

عَنْ سُلَيْمَانَ بْنِ يَسَارٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: تَفَرَّقَ النَّاسُ عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ فَقَالَ لَهُ نَاتِلُ أَهْلِ الشَّامِ: «أَيُّهَا الشَّيْخُ، حَدِّثْنَا حَدِيثًا سَمِعْتَهُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ». قَالَ: «نَعَمْ، سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “إِنَّ أَوَّلَ النَّاسِ يُقْضَى يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَيْهِ رَجُلٌ اُسْتُشْهِدَ، فَأُتِيَ بِهِ فَعَرَّفَهُ نِعَمَهُ فَعَرَفَهَا، قَالَ: ‘فَمَا عَمِلْتَ فِيهَا؟’ قَالَ: ‘قَاتَلْتُ فِيكَ حَتَّى اسْتُشْهِدْتُ’. قَالَ: ‘كَذَبْتَ، وَلَكِنَّكَ قَاتَلْتَ لِأَنْ يُقَالَ: جَرِيءٌ، فَقَدْ قِيلَ’. ثُمَّ أُمِرَ بِهِ فَسُحِبَ عَلَى وَجْهِهِ حَتَّى أُلْقِيَ فِي النَّارِ. وَرَجُلٌ تَعَلَّمَ الْعِلْمَ، وَعَلَّمَهُ وَقَرَأَ الْقُرْآنَ، فَأُتِيَ بِهِ فَعَرَّفَهُ نِعَمَهُ فَعَرَفَهَا، قَالَ: ‘فَمَا عَمِلْتَ فِيهَا؟’ قَالَ: ‘تَعَلَّمْتُ الْعِلْمَ، وَعَلَّمْتُهُ وَقَرَأْتُ فِيكَ الْقُرْآنَ’. قَالَ: ‘كَذَبْتَ، وَلَكِنَّكَ تَعَلَّمْتَ الْعِلْمَ لِيُقَالَ: عَالِمٌ، وَقَرَأْتَ الْقُرْآنَ لِيُقَالَ: هُوَ قَارِئٌ، فَقَدْ قِيلَ’. ثُمَّ أُمِرَ بِهِ فَسُحِبَ عَلَى وَجْهِهِ حَتَّى أُلْقِيَ فِي النَّارِ. وَرَجُلٌ وَسَّعَ اللَّهُ عَلَيْهِ، وَأَعْطَاهُ مِنْ أَصْنَافِ الْمَالِ كُلِّهِ، فَأُتِيَ بِهِ فَعَرَّفَهُ نِعَمَهُ فَعَرَفَهَا، قَالَ: ‘فَمَا عَمِلْتَ فِيهَا؟’ قَالَ: ‘مَا تَرَكْتُ مِنْ سَبِيلٍ تُحِبُّ أَنْ يُنْفَقَ فِيهَا إِلَّا أَنْفَقْتُ فِيهَا لَكَ’. قَالَ: ‘كَذَبْتَ، وَلَكِنَّكَ فَعَلْتَ لِيُقَالَ: هُوَ جَوَادٌ، فَقَدْ قِيلَ’. ثُمَّ أُمِرَ بِهِ فَسُحِبَ عَلَى وَجْهِهِ، ثُمَّ أُلْقِيَ فِي النَّارِ”».

Қазақша аудармасы

Сүлейман ибн Ясар (р.а.) былай деді: «Адамдар Әбу Һурайраның (р.а.) жанынан тараған кезде, Шам жұртынан шыққан Натил оған: “Уа, ақсақал! Бізге Алла Елшісінен (с.а.с.) өзіңіз естіген бір хадисті айтып беріңіз”, – деді. Әбу Һурайра (р.а.): “Иә, мен Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естідім: ‘Қиямет күні адамдардың ішінде ең алдымен үкім шығарылатын адам – шайқаста қаза тапқан бір кісі. Ол Алланың құзырына әкелінеді. Алла оған Өзінің нығметтерін танытады, сонда ол оларды мойындайды. Алла: ‹Осы нығметтермен не істедің?› – деп сұрайды. Ол: ‹Сенің жолыңда шейіт болғанша шайқастым›, – дейді. Алла: ‹Өтірік айттың! Сен адамдар сені батыр десін деп шайқастың. Сен туралы солай айтылды да›, – дейді. Содан кейін оған қатысты бұйрық беріліп, етпетінен сүйрелген күйі Тозаққа тасталады. Сондай-ақ ілім үйреніп, оны өзгелерге үйреткен әрі Құран оқыған адам әкелінеді. Алла оған Өзінің нығметтерін танытады, сонда ол оларды мойындайды. Алла: ‹Осы нығметтермен не істедің?› – деп сұрайды. Ол: ‹Ілім үйрендім, оны өзгелерге үйреттім әрі Сен үшін Құран оқыдым›, – дейді. Алла: ‹Өтірік айттың! Сен адамдар сені ғалым десін деп ілім үйрендің, ал сені қари десін деп Құран оқыдың. Сен туралы солай айтылды да›, – дейді. Содан кейін оған қатысты бұйрық беріліп, етпетінен сүйрелген күйі Тозаққа тасталады. Сондай-ақ Алла мол дәулет беріп, мал-мүліктің барлық түрін нәсіп еткен бір адам әкелінеді. Алла оған Өзінің нығметтерін танытады, сонда ол оларды мойындайды. Алла: ‹Осы нығметтермен не істедің?› – деп сұрайды. Ол: ‹Сен мал жұмсалғанын қалайтын бірде-бір жолды қалдырмай, бәріне де Сен үшін мал жұмсадым›, – дейді. Алла: ‹Өтірік айттың! Сен мұны адамдар сені жомарт десін деп істедің. Сен туралы солай айтылды да›, – дейді. Содан кейін оған қатысты бұйрық беріліп, етпетінен сүйрелген күйі Тозаққа тасталады’”, – деді» (1905/152).

بَابٌ: كَثْرَةُ الْأَجْرِ عَلَى الْقِتَالِ

22-бапСоғысқа қатысқаны үшін берілетін сауаптың молдығы туралы

1090
Мүслим, № 1090Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «جَاءَ رَجُلٌ مِنْ بَنِي النَّبِيتِ قَبِيلٍ مِنَ الْأَنْصَارِ، فَقَالَ: “أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَنَّكَ عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ”. ثُمَّ تَقَدَّمَ فَقَاتَلَ حَتَّى قُتِلَ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “عَمِلَ هَذَا يَسِيرًا، وَأُجِرَ كَثِيرًا”».

Қазақша аудармасы

Бара ибн Азиб (р.а.) былай деді: «Ансардың ән-Нәбит деп аталатын руынан бір кісі келіп: “Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ екеніне әрі сенің Оның құлы және Елшісі екеніңе куәлік етемін”, – деді. Содан кейін алға шығып, өлтірілгенге дейін шайқасты. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Бұл адам аз ғана амал етті, бірақ мол сауапқа ие болды”, – деді» (1900/144).

بَابٌ: مَنْ غَزَا فَأُصِيبَ أَوْ غَنِمَ

23-бапЖорыққа шығып, зардап шеккен немесе олжаға ие болған адам туралы

1091
Мүслим, № 1091Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ غَازِيَةٍ أَوْ سَرِيَّةٍ تَغْزُو فَتَغْنَمُ وَتَسْلَمُ إِلَّا كَانُوا قَدْ تَعَجَّلُوا ثُلُثَيْ أُجُورِهِمْ، وَمَا مِنْ غَازِيَةٍ أَوْ سَرِيَّةٍ تُخْفِقُ وَتُصَابُ إِلَّا تَمَّ أُجُورُهُمْ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Жорыққа шығып, олжаға ие болып, аман оралған кез келген әскер немесе жасақ сауабының үштен екісін алдын ала алған болады. Ал олжаға қол жеткізе алмай, шығынға ұшыраған кез келген әскердің немесе жасақтың сауабы толық беріледі”, – деді», – деген (1906/154).

بَابٌ: أَجْرُ مَنْ جَهَّزَ غَازِيًا

24-бапЖорыққа аттанатын адамды жарақтандырған адамның сауабы туралы

1092
Мүслим, № 1092Риуаят етуші: Зәйд ибн Халид әл-Жуһани (р.а.)

عَنْ زَيْدِ بْنِ خَالِدٍ الْجُهَنِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «مَنْ جَهَّزَ غَازِيًا فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَقَدْ غَزَا، وَمَنْ خَلَفَهُ فِي أَهْلِهِ بِخَيْرٍ فَقَدْ غَزَا».

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Халид әл-Жуһани (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Кім Алла жолында жорыққа аттанушыны жабдықтаса, өзі де жорыққа қатысқан болады. Кім ол жоқта оның отбасына жақсы қамқорлық жасаса, өзі де жорыққа қатысқан болады», – дегенін жеткізді (1895/135).

بَابٌ: فِيمَنْ تَجَهَّزَ فَمَرِضَ فَلْيَدْفَعْهُ إِلَى مَنْ يَغْزُو

25-бапЖорыққа дайындалып, кейін ауырып қалған адам әзірлеген жабдықтарын жорыққа аттанатын адамға берсін

1093
Мүслим, № 1093Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ فَتًى مِنْ أَسْلَمَ قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي أُرِيدُ الْغَزْوَ وَلَيْسَ مَعِي مَا أَتَجَهَّزُ بِهِ». قَالَ: «اِئْتِ فُلَانًا، فَإِنَّهُ قَدْ كَانَ تَجَهَّزَ فَمَرِضَ». فَأَتَاهُ، فَقَالَ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يُقْرِئُكَ السَّلَامَ، وَيَقُولُ: “أَعْطِنِي الَّذِي تَجَهَّزْتَ بِهِ”». قَالَ: «يَا فُلَانَةُ، أَعْطِيهِ الَّذِي تَجَهَّزْتُ بِهِ، وَلَا تَحْبِسِي عَنْهُ شَيْئًا، فَوَاللَّهِ، لَا تَحْبِسِي مِنْهُ شَيْئًا فَيُبَارَكَ لَكِ فِيهِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деп жеткізді: Әсләм тайпасынан бір жас жігіт: «Уа, Расулалла! Мен жорыққа аттанғым келеді, бірақ оған қажетті жабдығым жоқ», – деді. Ол (с.а.с.): «Пәленшеге бар. Ол жорыққа әзірленіп қойған еді, бірақ ауырып қалды», – деді. Жас жігіт оның қасына барып: «Алла Елшісі (с.а.с.) саған сәлем жолдап, жорыққа әзірлеген жабдығыңды маған беруіңді айтты», – деп жеткізді. Сонда әлгі адам: «Уа, пәленше! Оған менің жорыққа әзірлеген жабдығымды бер. Одан еш нәрсені алып қалма. Алламен ант етемін, одан еш нәрсе алып қалма, сонда оның берекесін көресің», – деді (1894/134).

بَابٌ: حُرْمَةُ الْمُجَاهِدِينَ

26-бапАлла жолындағы күрескерлердің отбасының ар-намысын сақтау туралы

1094
Мүслим, № 1094

عَنْ سُلَيْمَانَ بْنِ بُرَيْدَةَ، عَنْ أَبِيهِ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «حُرْمَةُ نِسَاءِ الْمُجَاهِدِينَ عَلَى الْقَاعِدِينَ كَحُرْمَةِ أُمَّهَاتِهِمْ، وَمَا مِنْ رَجُلٍ مِنَ الْقَاعِدِينَ يَخْلُفُ رَجُلًا مِنَ الْمُجَاهِدِينَ فِي أَهْلِهِ فَيَخُونُهُ فِيهِمْ إِلَّا وُقِفَ لَهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، فَيَأْخُذُ مِنْ عَمَلِهِ مَا شَاءَ، فَمَا ظَنُّكُمْ؟»

Қазақша аудармасы

Сүлейман ибн Бурәйда әкесі Бурәйдадан (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Алла жолында жорыққа аттанғандардың әйелдеріне қол сұғу артта қалғандар үшін өз аналарына қол сұғу секілді харам. Артта қалғандардың арасынан кімде-кім жорыққа аттанған бір адамның отбасына оның орнына қарайласып жүріп, сол отбасына қатысты оған қиянат жасаса, Қиямет күні жорыққа аттанған адамның алдына тұрғызылады. Сонда жорыққа аттанған адам оның ізгі амалдарының сауабынан қалағанынша алады. Ендеше, қалай ойлайсыңдар?» (1897/139).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ ﷺ: «لَا تَزَالُ طَائِفَةٌ مِنْ أُمَّتِي ظَاهِرِينَ عَلَى الْحَقِّ حَتَّى تَقُومَ السَّاعَةُ»

27-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Үмбетімнің бір тобы Қияметке дейін ақиқат жолында үстем болып қала береді» деген сөзі туралы

1095
Мүслим, № 1095Риуаят етуші: Сәубан (р.а.)

عَنْ ثَوْبَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَزَالُ طَائِفَةٌ مِنْ أُمَّتِي ظَاهِرِينَ عَلَى الْحَقِّ، لَا يَضُرُّهُمْ مَنْ خَذَلَهُمْ، حَتَّى يَأْتِيَ أَمْرُ اللَّهِ وَهُمْ كَذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Сәубан (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Үмбетімнен бір топ ақиқат жолында үстем болып қала береді. Оларды қолдаусыз қалдырғандар оларға зиян тигізе алмайды. Алланың әмірі келгенде де олар сол күйінде болады”, – деді», – деген (1920/170).

1096
Мүслим, № 1096

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ شِمَاسَةَ الْمَهْرِيِّ، قَالَ: «كُنْتُ عِنْدَ مَسْلَمَةَ بْنِ مُخَلَّدٍ، وَعِنْدَهُ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ، فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ: “لَا تَقُومُ السَّاعَةُ إِلَّا عَلَى شِرَارِ الْخَلْقِ، هُمْ شَرٌّ مِنْ أَهْلِ الْجَاهِلِيَّةِ، لَا يَدْعُونَ اللَّهَ بِشَيْءٍ إِلَّا رَدَّهُ عَلَيْهِمْ”، فَبَيْنَمَا هُمْ عَلَى ذَلِكَ أَقْبَلَ عُقْبَةُ بْنُ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَقَالَ لَهُ مَسْلَمَةُ: “يَا عُقْبَةُ، اِسْمَعْ مَا يَقُولُ عَبْدُ اللَّهِ”. فَقَالَ عُقْبَةُ: “هُوَ أَعْلَمُ، وَأَمَّا أَنَا فَسَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘لَا تَزَالُ عِصَابَةٌ مِنْ أُمَّتِي يُقَاتِلُونَ عَلَى أَمْرِ اللَّهِ، قَاهِرِينَ لِعَدُوِّهِمْ، لَا يَضُرُّهُمْ مَنْ خَالَفَهُمْ، حَتَّى تَأْتِيَهُمُ السَّاعَةُ وَهُمْ عَلَى ذَلِكَ’”. فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ: “أَجَلْ، ثُمَّ يَبْعَثُ اللَّهُ رِيحًا كَرِيحِ الْمِسْكِ مَسُّهَا مَسُّ الْحَرِيرِ، فَلَا تَتْرُكُ نَفْسًا فِي قَلْبِهِ مِثْقَالُ حَبَّةٍ مِنَ الْإِيمَانِ إِلَّا قَبَضَتْهُ، ثُمَّ يَبْقَى شِرَارُ النَّاسِ عَلَيْهِمْ تَقُومُ السَّاعَةُ”».

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Шимаса әл-Мәһри былай деді: «Мен Мәсләмә ибн Мұхалладтың жанында едім. Оның қасында Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас та бар болатын. Сонда Абдулла: “Қиямет жаратылыстың ең жамандарының тұсында ғана орнайды. Олар жәһилиет дәуіріндегі адамдардан да жаман болады. Олар Алладан не тілесе де, Алла олардың тілегін қабылдамай, өздеріне қайтарады”, – деді. Олар осылай отырғанда Уқба ибн Амир (р.а.) келді. Мәсләмә оған: “Уа, Уқба! Абдулланың не айтып отырғанын тыңда”, – деді. Уқба: “Ол жақсырақ біледі. Ал өзім Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Үмбетімнен бір топ Алланың әмірін орындау жолында шайқасып, дұшпандарынан үстем болып қала береді. Оларға қарсы шыққандар оларға зиян тигізе алмайды. Қиямет келгенше олар осы қалпында болады’, – дегенін естідім”, – деді. Сонда Абдулла: “Иә. Содан кейін Алла иісі мисктің иісіндей, ал жанасуы жібектің жанасуындай бір жел жібереді. Сол жел жүрегінде бір түйір дәннің салмағындай иманы бар бірде-бір жанды тірі қалдырмай, бәрінің жанын алады. Содан кейін адамдардың ең жамандары ғана қалып, Қиямет солардың тұсында орнайды”, – деді» (1924/176).

1097
Мүслим, № 1097

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَزَالُ أَهْلُ الْغَرْبِ ظَاهِرِينَ عَلَى الْحَقِّ، حَتَّى تَقُومَ السَّاعَةُ».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Батыс жұрты Қиямет орнағанға дейін ақиқат жолында үстем болып қала береді» (1925/177).

بَابٌ: فِي رَجُلَيْنِ يَقْتُلُ أَحَدُهُمَا الْآخَرَ يَدْخُلَانِ الْجَنَّةَ

28-бапБірі екіншісін өлтірген екі адамның екеуі де Жәннатқа кіретіні туралы

1098
Мүслим, № 1098Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَضْحَكُ اللَّهُ لِرَجُلَيْنِ يَقْتُلُ أَحَدُهُمَا الْآخَرَ كِلَاهُمَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ». قَالُوا: «كَيْفَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «يُقْتَلُ هَذَا فَيَلِجُ الْجَنَّةَ، ثُمَّ يَتُوبُ اللَّهُ عَلَى الْآخَرِ، فَيَهْدِيهِ إِلَى الْإِسْلَامِ، ثُمَّ يُجَاهِدُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، فَيُسْتَشْهَدُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Алла бірі екіншісін өлтіргенімен, екеуі де Жәннатқа кіретін екі адамға күледі», – дегенін жеткізді. Адамдар: «Бұл қалай, уа, Расулалла?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Біріншісі өлтіріліп, Жәннатқа кіреді. Содан кейін Алла екіншісінің тәубесін қабыл етіп, оны Исламға бағыттайды. Кейін ол Алла жолында жиһад етіп, шейіт болады», – деді (1890/129).

بَابٌ: مَنْ قَتَلَ كَافِرًا ثُمَّ سَدَّدَ لَمْ يَدْخُلِ النَّارَ

29-бапКәпірді өлтіріп, кейін тура жолды ұстанған адамның Тозаққа кірмейтіні туралы

1099
Мүслим, № 1099Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَجْتَمِعَانِ فِي النَّارِ اجْتِمَاعًا يَضُرُّ أَحَدُهُمَا الْآخَرَ»، قِيلَ: «مَنْ هُمْ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «مُؤْمِنٌ قَتَلَ كَافِرًا، ثُمَّ سَدَّدَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Ол екеуі Тозақта бір-біріне зиян келтіретіндей болып ешқашан бірге болмайды», – деген. Сонда: «Олар кімдер, уа, Расулалла?» – деп сұралды. Ол (с.а.с.): «Кәпірді өлтірген әрі содан кейін тура жолды берік ұстанған мүмін», – деді (1891/131).

بَابٌ: فَضْلُ مَنْ حَمَلَ عَلَى نَاقَةٍ فِي سَبِيلِ اللَّهِ

30-бапАлла жолында біреуге мініс үшін інген берген адамның артықшылығы туралы

1100
Мүслим, № 1100Риуаят етуші: Әбу Масғуд әл-Ансари (р.а.)

عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ الْأَنْصَارِيِّ، قَالَ: «جَاءَ رَجُلٌ بِنَاقَةٍ مَخْطُومَةٍ، فَقَالَ: “هَذِهِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَكَ بِهَا يَوْمَ الْقِيَامَةِ سَبْعُ مِائَةِ نَاقَةٍ كُلُّهَا مَخْطُومَةٌ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд әл-Ансари (р.а.) былай деді: «Бір адам ноқталанған бір інгенді алып келіп: “Мынау – Алла жолына”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Қиямет күні осының қайтарымы ретінде саған жеті жүз інген беріледі. Олардың бәрі де ноқталанған болады”, – деді» (1892/132).

1101
Мүслим, № 1101Риуаят етуші: Әбу Масғуд әл-Ансари (р.а.)

عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: “إِنِّي أُبْدِعَ بِي فَاحْمِلْنِي”. فَقَالَ: “مَا عِنْدِي”. فَقَالَ رَجُلٌ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَنَا أَدُلُّهُ عَلَى مَنْ يَحْمِلُهُ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ دَلَّ عَلَى خَيْرٍ فَلَهُ مِثْلُ أَجْرِ فَاعِلِهِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд әл-Ансари (р.а.) былай деді: «Бір адам Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Мініп жүрген көлігім жолға жарамай қалды, маған мініс көлік беріңіз”, – деді. Ол (с.а.с.): “Менде жоқ”, – деді. Сонда бір адам: “Уа, Расулалла! Мен оған көлік беретін адамға жол көрсетейін”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім бір игілікке жол көрсетсе, сол игілікті жасаушының сауабындай сауап алады”, – деді» (1893/133).

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَأَعِدُّوا لَهُمْ مَا اسْتَطَعْتُمْ مِنْ قُوَّةٍ﴾

31-бапАлла Тағаланың «Дұшпанға қарсы қолдарыңнан келгенше күш-қуат сайлаңдар» деген сөзі туралы

1102
Мүслим, № 1102Риуаят етуші: Уқба ибн Амир (р.а.)

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ عَلَى الْمِنْبَرِ، يَقُولُ: “﴿وَأَعِدُّوا لَهُمْ مَا اسْتَطَعْتُمْ مِنْ قُوَّةٍ﴾ [الْأَنْفَالِ: ٦٠]، أَلَا إِنَّ الْقُوَّةَ الرَّمْيُ، أَلَا إِنَّ الْقُوَّةَ الرَّمْيُ، أَلَا إِنَّ الْقُوَّةَ الرَّمْيُ” (قَالَهَا ثَلَاثًا)».

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) мінберде тұрып: “Дұшпанға қарсы қолдарыңнан келгенше күш-қуат сайлаңдар” («Әнфал», 60), – деп, содан кейін: “Біліп қойыңдар! Күш дегеніміз – садақ ату! Біліп қойыңдар! Күш дегеніміз – садақ ату! Біліп қойыңдар! Күш дегеніміз – садақ ату!” – дегенін естідім» (1917/167).

بَابٌ: الْحَثُّ عَلَى الرَّمْيِ

32-бапСадақ атуға ынталандыру туралы

1103
Мүслим, № 1103Риуаят етуші: Уқба ибн Амир (р.а.)

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «سَتُفْتَحُ عَلَيْكُمْ أَرَضُونَ، وَيَكْفِيكُمُ اللَّهُ، فَلَا يَعْجِزُ أَحَدُكُمْ أَنْ يَلْهُوَ بِأَسْهُمِهِ».

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Сендерге талай жерлер ашылады әрі Алла сендерге жеткілікті болады. Ендеше, ешқайсың жебелеріңмен машықтануға ерінбеңдер”, – дегенін естідім», – деді (1918/168).

1104
Мүслим, № 1104

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ شِمَاسَةَ، أَنَّ فُقَيْمًا اللَّخْمِيَّ قَالَ لِعُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «تَخْتَلِفُ بَيْنَ هَذَيْنِ الْغَرَضَيْنِ وَأَنْتَ كَبِيرٌ يَشُقُّ عَلَيْكَ». قَالَ عُقْبَةُ: «لَوْلَا كَلَامٌ سَمِعْتُهُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ لَمْ أُعَانِيهِ». قَالَ الْحَارِثُ: «فَقُلْتُ لِابْنِ شِمَاسَةَ: “وَمَا ذَاكَ؟”» قَالَ: «إِنَّهُ قَالَ: “مَنْ عَلِمَ الرَّمْيَ، ثُمَّ تَرَكَهُ، فَلَيْسَ مِنَّا” أَوْ “قَدْ عَصَى”».

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Шимаса былай деп жеткізді: Фуқайм әл-Лахми Уқба ибн Амирге (р.а.): «Сіз мына екі нысананың арасында қайта-қайта қатынап жүрсіз. Жасыңыз да ұлғайған, мұның сізге ауыр тиетіні анық қой», – деді. Уқба: «Егер Алла Елшісінен (с.а.с.) естіген бір сөзім болмағанда, мұнымен айналыспас едім», – деді. Әл-Харис: «Мен Ибн Шимасадан: “Ол қандай сөз?” – деп сұрадым», – деді. Ибн Шимаса: «Ол (с.а.с.): “Кім садақ атуды үйреніп, кейін оны тастап кетсе, бізден емес”, – немесе: “Ол бойсұнбаған болады”, – деді», – деп жауап берді (1919/169).

بَابٌ: الْخَيْلُ فِي نَوَاصِيهَا الْخَيْرُ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ

33-бапЖылқының кекіліне Қияметке дейін игілік байланған

1105
Мүслим, № 1105Риуаят етуші: Жәрир ибн Абдулла (р.а.)

عَنْ جَرِيرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَلْوِي نَاصِيَةَ فَرَسٍ بِإِصْبَعِهِ، وَهُوَ يَقُولُ: “الْخَيْلُ مَعْقُودٌ بِنَوَاصِيهَا الْخَيْرُ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ: الْأَجْرُ وَالْغَنِيمَةُ”».

Қазақша аудармасы

Жәрир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) саусағымен бір аттың кекілін бұрап тұрып: “Қиямет күніне дейін жылқылардың кекіліне игілік – сауап пен олжа – байланған”, – дегенін көрдім» (1872/97).

1106
Мүслим, № 1106Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْبَرَكَةُ فِي نَوَاصِي الْخَيْلِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Береке жылқылардың кекілінде», – дегенін жеткізді (1874/100).

بَابٌ: كَرَاهِيَةُ الشِّكَالِ فِي الْخَيْلِ

34-бапОң алдыңғы және сол артқы аяқтарында немесе сол алдыңғы және оң артқы аяқтарында ақ белгісі бар жылқыны ұнатпау туралы

1107
Мүслим, № 1107Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَكْرَهُ الشِّكَالَ مِنَ الْخَيْلِ». وَفِي رِوَايَةٍ: «وَالشِّكَالُ: أَنْ يَكُونَ الْفَرَسُ فِي رِجْلِهِ الْيُمْنَى بَيَاضٌ، وَفِي يَدِهِ الْيُسْرَى، أَوْ فِي يَدِهِ الْيُمْنَى وَرِجْلِهِ الْيُسْرَى».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) жылқыдағы шикәл белгісін жақтырмайтын», – деген. Басқа риуаятта: «Шикәл – жылқының оң жақ артқы аяғы мен сол жақ алдыңғы аяғында немесе оң жақ алдыңғы аяғы мен сол жақ артқы аяғында ақ белгі болуы», – деп түсіндірілген (1875/101).

بَابٌ: الْمُسَابَقَةُ بَيْنَ الْخَيْلِ وَتَضْمِيرُهَا

35-бапАт жарысын өткізу және аттарды жарысқа баптау туралы

1108
Мүслим, № 1108Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ سَابَقَ بِالْخَيْلِ الَّتِي قَدْ أُضْمِرَتْ مِنَ الْحَفْيَاءِ، وَكَانَ أَمَدُهَا ثَنِيَّةَ الْوَدَاعِ، وَسَابَقَ بَيْنَ الْخَيْلِ الَّتِي لَمْ تُضْمَرْ، مِنَ الثَّنِيَّةِ إِلَى مَسْجِدِ بَنِي زُرَيْقٍ، وَكَانَ ابْنُ عُمَرَ فِيمَنْ سَابَقَ بِهَا.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деп жеткізді: «Алла Елшісі (с.а.с.) арнайы бапталған аттарды әл-Хафиядан жарыстырып, жарыс мәресін Сәниятул-Уадағ етіп белгіледі. Ал бапталмаған аттарды Сәниятул-Уадағтан Бәну Зурайқ мешітіне дейін жарыстырды». Ибн Омар да сол аттармен жарысқандардың қатарында еді (1870/95).

بَابٌ: فِي أَهْلِ التَّخَلُّفِ بِالْعُذْرِ وَقَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿لَا يَسْتَوِي الْقَاعِدُونَ﴾ الْآيَةَ

36-бапҮзірлі себеппен жорыққа шықпай қалғандар және Алла Тағаланың «Үзірлі болмаса да қол қусырып үйлерінде отырған мүміндер мен малын да, жанын да аямай Алла жолында күресіп жүрген мүміндер тең емес» деген аяты туралы

1109
Мүслим, № 1109

عَنْ أَبِي إِسْحَاقَ، أَنَّهُ سَمِعَ الْبَرَاءَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، يَقُولُ: «فِي هَذِهِ الْآيَةِ ﴿لَا يَسْتَوِي الْقَاعِدُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُجَاهِدُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ﴾، فَأَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ زَيْدًا، فَجَاءَ بِكَتِفٍ فَكَتَبَهَا، فَشَكَا إِلَيْهِ ابْنُ أُمِّ مَكْتُومٍ ضَرَارَتَهُ، فَنَزَلَتْ: ﴿لَا يَسْتَوِي الْقَاعِدُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ غَيْرُ أُولِي الضَّرَرِ﴾ [النِّسَاءِ: ٩٥]».

Қазақша аудармасы

Әбу Исхақ Бара ибн Азибтің (р.а.) былай дегенін естіген: «“қол қусырып үйлерінде отырған мүміндер мен малын да, жанын да аямай Алла жолында күресіп жүрген мүміндер тең емес” («Ниса», 95) деген аят түскен кезде, Алла Елшісі (с.а.с.) Зәйдке бұйрық берді. Ол жауырын сүйегін алып келіп, аятты жазды. Сонда Ибн Үммі Мәктум өзінің зағип екенін айтып, шағымданды. Осыдан кейін: “Үзірлі болмаса да қол қусырып үйлерінде отырған мүміндер...” («Ниса», 95) деген сөздер түсті» (1898/141).

بَابٌ: مَنْ حَبَسَهُ الْمَرَضُ عَنِ الْغَزْوِ

37-бапАуруына байланысты жорыққа қатыса алмай қалған адам туралы

1110
Мүслим, № 1110Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي غَزَاةٍ، فَقَالَ: “إِنَّ بِالْمَدِينَةِ لَرِجَالًا مَا سِرْتُمْ مَسِيرًا، وَلَا قَطَعْتُمْ وَادِيًا إِلَّا كَانُوا مَعَكُمْ، حَبَسَهُمُ الْمَرَضُ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деді: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге бір жорықта жүрген едік. Сонда ол (с.а.с.): “Расында, Мәдинада сондай ерлер бар: сендер жүріп өткен әрбір жолда, басып өткен әрбір аңғарда олар да сендермен бірге болды. Оларды науқастық бөгеп қалды”, – деді» (1911/159).