Хадис

Сахих Мүслим, № 1094

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
32. Жиһад кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ
бап
26. Алла жолындағы күрескерлердің отбасының ар-намысын сақтау туралыبَابٌ: حُرْمَةُ الْمُجَاهِدِينَ
Нөмірі
№ 1094 (Мухтасар реті)
1094
Мүслим, № 1094

عَنْ سُلَيْمَانَ بْنِ بُرَيْدَةَ، عَنْ أَبِيهِ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «حُرْمَةُ نِسَاءِ الْمُجَاهِدِينَ عَلَى الْقَاعِدِينَ كَحُرْمَةِ أُمَّهَاتِهِمْ، وَمَا مِنْ رَجُلٍ مِنَ الْقَاعِدِينَ يَخْلُفُ رَجُلًا مِنَ الْمُجَاهِدِينَ فِي أَهْلِهِ فَيَخُونُهُ فِيهِمْ إِلَّا وُقِفَ لَهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، فَيَأْخُذُ مِنْ عَمَلِهِ مَا شَاءَ، فَمَا ظَنُّكُمْ؟»

Қазақша аудармасы

Сүлейман ибн Бурәйда әкесі Бурәйдадан (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Алла жолында жорыққа аттанғандардың әйелдеріне қол сұғу артта қалғандар үшін өз аналарына қол сұғу секілді харам. Артта қалғандардың арасынан кімде-кім жорыққа аттанған бір адамның отбасына оның орнына қарайласып жүріп, сол отбасына қатысты оған қиянат жасаса, Қиямет күні жорыққа аттанған адамның алдына тұрғызылады. Сонда жорыққа аттанған адам оның ізгі амалдарының сауабынан қалағанынша алады. Ендеше, қалай ойлайсыңдар?» (1897/139).