Хадис

Сахих Мүслим, № 1072

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
32. Жиһад кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ
бап
5. Адамдардың ең абзалы – Алла жолында жанымен және мал-мүлкімен күрескен адамبَابٌ: أَفْضَلُ النَّاسِ الْمُجَاهِدُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ بِنَفْسِهِ وَمَالِهِ
Нөмірі
№ 1072 (Мухтасар реті)
1072
Мүслим, № 1072Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا أَتَى النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: «أَيُّ النَّاسِ أَفْضَلُ؟» فَقَالَ: «رَجُلٌ يُجَاهِدُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ بِمَالِهِ وَنَفْسِهِ». قَالَ: «ثُمَّ مَنْ؟» قَالَ: «مُؤْمِنٌ فِي شِعْبٍ مِنَ الشِّعَابِ يَعْبُدُ اللَّهَ رَبَّهُ، وَيَدَعُ النَّاسَ مِنْ شَرِّهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, бір адам Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Адамдардың ең абзалы кім?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Мал-жанымен Алла жолында жиһад ететін адам», – деді. Әлгі адам: «Одан кейін кім?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Тау аңғарларының бірінде Раббысына құлшылық етіп, адамдарға жамандығын тигізбейтін мүмін», – деді (1888/122).