Хадис

Сахих Мүслим, № 1162

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
34. Һижрет және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْهِجْرَةِ وَالْمَغَازِي
бап
6. Пайғамбардың (с.а.с.) Ухуд шайқасы күні жаралануы туралыبَابٌ: جَرْحُ النَّبِيِّ ﷺ يَوْمَ أُحُدٍ
Нөмірі
№ 1162 (Мухтасар реті)
1162
Мүслим, № 1162Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كُسِرَتْ رُبَاعِيَّتُهُ يَوْمَ أُحُدٍ، وَشُجَّ فِي رَأْسِهِ، فَجَعَلَ يَسْلُتُ الدَّمَ عَنْهُ، وَيَقُولُ: «كَيْفَ يُفْلِحُ قَوْمٌ شَجُّوا نَبِيَّهُمْ وَكَسَرُوا رُبَاعِيَّتَهُ، وَهُوَ يَدْعُوهُمْ إِلَى اللَّهِ؟» فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿لَيْسَ لَكَ مِنَ الْأَمْرِ شَيْءٌ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: ١٢٨].

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, Ухуд күні Алла Елшісінің (с.а.с.) күрек тісі сынып, басы жарылды. Ол (с.а.с.) басынан аққан қанды сүртіп тұрып: «Өз пайғамбарының басын жарып, күрек тісін сындырған қауым қалайша құтылмақ? Ол оларды Аллаға шақырып жүрген еді ғой!» – деді. Сонда Алла Тағала мына аятты түсірді: «Әсілі, сенің бұл іске еш қатысың да, ықпалың да жоқ» («Әли Имран», 128) (1791/104).