Хадис
كِتَابُ الْهِجْرَةِ وَالْمَغَازِي

Һижрет және әскери жорықтар кітабы

Сахих Мүслим, 34-кітап · 39 хадис · № 1155–1193-б

Мазмұны: 29 бап
  1. 1Пайғамбардың (с.а.с.) һижреті мен мұғжизалары туралы
  2. 2Бәдір шайқасы туралы
  3. 3Періштелер арқылы жәрдем берілуі, тұтқындарды төлем алып босату және соғыс олжасының адал етілуі туралы
  4. 4Пайғамбардың (с.а.с.) Бәдірде өлтірілгендерге олардың өлімінен кейін тіл қатуы туралы
  5. 5Ухуд шайқасы туралы
  6. 6Пайғамбардың (с.а.с.) Ухуд шайқасы күні жаралануы туралы
  7. 7Ухуд шайқасы күні Жәбірейіл мен Микаилдің Пайғамбарды (с.а.с.) қорғап соғысуы туралы
  8. 8Алла Елшісі (с.а.с.) өлтірген адамға Алланың қаһарының қатты болуы туралы
  9. 9Пайғамбардың (с.а.с.) өз қауымынан көрген жәбірі туралы
  10. 10Пайғамбарлардың өз қауымдарынан көрген жәбірге сабыр етуі туралы
  11. 11Әбу Жәһлдің өлтірілуі туралы
  12. 12Кағб ибн әл-Әшрафтың өлтірілуі туралы
  13. 13Зат әр-Риқағ жорығы туралы
  14. 14Ахзаб, яғни Хандақ шайқасы туралы
  15. 15Бәну Құрайза тайпасы туралы
  16. 16Зу Қарад жорығы туралы
  17. 17Хұдайбия оқиғасы және Пайғамбардың (с.а.с.) құрайыштармен жасасқан бітімі туралы
  18. 18Хайбар жорығы туралы
  19. 19Жеңіске жеткеннен кейін мұһажирлердің уақытша пайдалануға алған құрма ағаштарын ансарларға қайтарып беруі туралы
  20. 20Меккенің алынуы, қалаға соғысып, күшпен кіру және Пайғамбардың (с.а.с.) қала тұрғындарына рақымшылық жасауы туралы
  21. 21Қағбаның айналасындағы пұттарды алып тастау туралы
  22. 22Мекке алынғаннан кейін құрайыштан шыққан адам тұтқын күйінде өлтірілмейді
  23. 23Мекке алынғаннан кейін Исламды ұстануға, жиһадқа қатысуға және жақсылық жасауға серт беру туралы
  24. 24Мекке алынғаннан кейін һижрет жоқ, алайда жиһад пен ниет бар
  25. 25Һижрет жасау қиынға соққан адамға игі істер атқаруды бұйыру туралы
  26. 26Һижреттен кейін далада көшпелі тұрмыс кешуге рұқсат берілген адам туралы
  27. 27Хунәйн шайқасы туралы
  28. 28Таиф жорығы туралы
  29. 29Алла Елшісінің (с.а.с.) әскери жорықтарының саны туралы
بَابٌ: فِي هِجْرَةِ النَّبِيِّ ﷺ وَآيَاتِهِ

1-бапПайғамбардың (с.а.с.) һижреті мен мұғжизалары туралы

1155
Мүслим, № 1155

عَنْ أَبِي إِسْحَاقَ، قَالَ: سَمِعْتُ الْبَرَاءَ بْنَ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، يَقُولُ: «جَاءَ أَبُو بَكْرٍ الصِّدِّيقُ إِلَى أَبِي فِي مَنْزِلِهِ، فَاشْتَرَى مِنْهُ رَحْلًا، فَقَالَ لِعَازِبٍ: “اِبْعَثْ مَعِيَ ابْنَكَ يَحْمِلْهُ مَعِي إِلَى مَنْزِلِي”. فَقَالَ لِي أَبِي: “اِحْمِلْهُ”، فَحَمَلْتُهُ، وَخَرَجَ أَبِي مَعَهُ يَنْتَقِدُ ثَمَنَهُ، فَقَالَ لَهُ أَبِي: “يَا أَبَا بَكْرٍ، حَدِّثْنِي كَيْفَ صَنَعْتُمَا لَيْلَةَ سَرَيْتَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ؟” قَالَ: “نَعَمْ، أَسْرَيْنَا لَيْلَتَنَا كُلَّهَا، حَتَّى قَامَ قَائِمُ الظَّهِيرَةِ، وَخَلَا الطَّرِيقُ فَلَا يَمُرُّ فِيهِ أَحَدٌ، حَتَّى رُفِعَتْ لَنَا صَخْرَةٌ طَوِيلَةٌ لَهَا ظِلٌّ، لَمْ تَأْتِ عَلَيْهِ الشَّمْسُ بَعْدُ، فَنَزَلْنَا عِنْدَهَا، فَأَتَيْتُ الصَّخْرَةَ فَسَوَّيْتُ بِيَدِي مَكَانًا يَنَامُ فِيهِ النَّبِيُّ ﷺ فِي ظِلِّهَا، ثُمَّ بَسَطْتُ عَلَيْهِ فَرْوَةً، ثُمَّ قُلْتُ: ‘نَمْ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَأَنَا أَنْفُضُ لَكَ مَا حَوْلَكَ’، فَنَامَ وَخَرَجْتُ أَنْفُضُ مَا حَوْلَهُ، فَإِذَا أَنَا بِرَاعِي غَنَمٍ مُقْبِلٍ بِغَنَمِهِ إِلَى الصَّخْرَةِ، يُرِيدُ مِنْهَا الَّذِي أَرَدْنَا، فَلَقِيتُهُ فَقُلْتُ: ‘لِمَنْ أَنْتَ، يَا غُلَامُ؟’ فَقَالَ: ‘لِرَجُلٍ مِنْ أَهْلِ الْمَدِينَةِ’. قُلْتُ: ‘أَفِي غَنَمِكَ لَبَنٌ؟’ قَالَ: ‘نَعَمْ’. قُلْتُ: ‘أَفَتَحْلُبُ لِي؟’ قَالَ: ‘نَعَمْ’، فَأَخَذَ شَاةً، فَقُلْتُ لَهُ: ‘اُنْفُضْ الضَّرْعَ مِنَ الشَّعَرِ وَالتُّرَابِ وَالْقَذَى’”» (قَالَ: «فَرَأَيْتُ الْبَرَاءَ يَضْرِبُ بِيَدِهِ عَلَى الْأُخْرَى يَنْفُضُ»). «“فَحَلَبَ لِي فِي قَعْبٍ مَعَهُ كُثْبَةً مِنْ لَبَنٍ، قَالَ: وَمَعِي إِدَاوَةٌ أَرْتَوِي فِيهَا لِلنَّبِيِّ ﷺ، لِيَشْرَبَ مِنْهَا وَيَتَوَضَّأَ، قَالَ: فَأَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ، وَكَرِهْتُ أَنْ أُوقِظَهُ مِنْ نَوْمِهِ، فَوَافَقْتُهُ اِسْتَيْقَظَ، فَصَبَبْتُ عَلَى اللَّبَنِ مِنَ الْمَاءِ حَتَّى بَرَدَ أَسْفَلُهُ، فَقُلْتُ: ‘يَا رَسُولَ اللَّهِ، اِشْرَبْ مِنْ هَذَا اللَّبَنِ’. قَالَ: فَشَرِبَ حَتَّى رَضِيتُ، ثُمَّ قَالَ: ‘أَلَمْ يَأْنِ لِلرَّحِيلِ؟’ قُلْتُ: ‘بَلَى’. قَالَ: فَارْتَحَلْنَا بَعْدَمَا زَالَتِ الشَّمْسُ، وَاتَّبَعَنَا سُرَاقَةُ بْنُ مَالِكٍ، قَالَ: وَنَحْنُ فِي جَلَدٍ مِنَ الْأَرْضِ، فَقُلْتُ: ‘يَا رَسُولَ اللَّهِ، أُتِينَا’. فَقَالَ: ‘لَا تَحْزَنْ، إِنَّ اللَّهَ مَعَنَا’، فَدَعَا عَلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَارْتَطَمَتْ فَرَسُهُ إِلَى بَطْنِهَا” (أُرَى) “فَقَالَ: ‘إِنِّي قَدْ عَلِمْتُ أَنَّكُمَا قَدْ دَعَوْتُمَا عَلَيَّ، فَادْعُوَا لِي، فَاللَّهُ لَكُمَا أَنْ أَرُدَّ عَنْكُمَا الطَّلَبَ’، فَدَعَا اللَّهَ، فَنَجَا، فَرَجَعَ لَا يَلْقَى أَحَدًا إِلَّا قَالَ: ‘قَدْ كَفَيْتُكُمْ مَا هَاهُنَا’، فَلَا يَلْقَى أَحَدًا إِلَّا رَدَّهُ، قَالَ: وَوَفَى لَنَا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Исхақ әл-Бара ибн Азибтің (р.а.) мына сөзін естіген: «Әбу Бәкір әс-Сыддық әкемнің үйіне келіп, одан түйеге арналған ер-тоқым сатып алды. Содан кейін әкем Азибке: “Ұлыңды менімен бірге жібер, ер-тоқымды үйіме апаруға көмектессін”, – деді. Әкем маған: “Мынаны көтер”, – деді. Мен оны көтеріп алдым. Әкем де еріп шығып, ер-тоқымның ақшасын алу үшін Әбу Бәкірмен бірге жүрді. Сонда әкем одан: “Уа, Әбу Бәкір! Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге түнде жолға шыққандарыңда не істегендеріңді маған айтып берші”, – деді. Әбу Бәкір: “Жарайды. Біз түні бойы жүріп, жүрісімізді тал түске дейін жалғастырдық. Бұл кезде аптап күшейіп, жолда ешкім көрінбей, айнала мүлде қаңырап қалды. Бір кезде алдымыздан көлеңкесіне күн сәулесі әлі түспеген биік жартас көрінді. Біз соның жанына аялдадық. Мен жартастың түбіне барып, Пайғамбар (с.а.с.) оның көлеңкесінде ұйықтайтын жерді қолыммен тегістедім. Содан кейін сол жерге тері төсеніш төсеп: ‘Уа, Расулалла! Ұйықтай беріңіз, мен маңайыңызды барлап шығайын’, – дедім. Ол (с.а.с.) ұйықтап қалды. Мен оның айналасын барлауға шықтым. Бір кезде қойларын сол жартасқа қарай айдап келе жатқан қойшыны көрдім. Ол да біз секілді жартастың көлеңкесіне аялдамақ екен. Мен алдынан шығып: ‘Ей, бала! Кімнің малын бағып жүрсің?’ – деп сұрадым. Ол: ‘Мәдина тұрғындарының бірінің малын’, – деді. Мен: ‘Қойларыңның арасында сауылатын қой бар ма?’ – деп сұрадым. Ол: ‘Иә’, – деді. Мен: ‘Маған сүт сауып бере аласың ба?’ – дедім. Ол: ‘Иә’, – деді де, бір қойды ұстап алды. Мен оған: ‘Желініндегі жүнді, топырақ пен қоқысты қағып тазала’, – дедім”, – деді». Осы тұста Әбу Исхақ: «Әл-Бараның бір қолымен екінші қолын қағып, шаң қаққандай ишара жасағанын көрдім», – деді. Әбу Исхақ әл-Барадан жеткен риуаятты жалғастырып, Әбу Бәкірдің былай дегенін жеткізді: «Қойшы өзімен бірге алып жүрген тостағанға маған біршама сүт сауып берді. Менде Пайғамбарға (с.а.с.) арнап су алып жүретін торсық бар еді. Ол (с.а.с.) сол судан ішіп, дәрет алатын. Мен Пайғамбардың (с.а.с.) жанына келдім, бірақ оны ұйқысынан оятқым келмеді. Дәл сол кезде ол (с.а.с.) оянып кетті. Мен сүтке су құйып салқындаттым. Тіпті ыдыстың түбі де салқындады. Содан кейін: “Уа, Расулалла! Мына сүттен ішіңіз”, – дедім. Ол (с.а.с.) менің көңілім толғанша сүт ішті. Содан кейін: “Жолға шығатын уақыт келмеді ме?” – деп сұрады. Мен: “Әрине, келді”, – дедім. Күн ауғаннан кейін қайтадан жолға шықтық. Артымыздан Сұрақа ибн Мәлик қуып жетуге таяды. Біз жердің қатқыл тұсымен келе жатқан едік. Мен: “Уа, Расулалла! Бізге жетіп қалды!” – дедім. Ол (с.а.с.): “Уайымдама! Алла бізбен бірге” («Тәубе», 40), – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) оған қарсы дұға етті. Сонда Сұрақаның аты бауырына дейін жерге батып қалды. Меніңше, ол: “Маған қарсы дұға еткендеріңді білдім. Енді мен үшін дұға етіңдер. Алланың атымен сендерге уәде беремін: соңдарыңнан іздеп келе жатқандарды кері қайтарамын”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) Аллаға дұға еткенде, Сұрақа құтылды. Сұрақа кері қайтып, жолыққан әрбір адамға: “Бұл маңды мен сендердің орныңа түгел қарап шықтым”, – деп, олардың бәрін кері қайтарды. Сөйтіп, ол бізге берген уәдесін орындады» (2009/75).

بَابٌ: فِي غَزْوَةِ بَدْرٍ

2-бапБәдір шайқасы туралы

1156
Мүслим, № 1156Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ شَاوَرَ حِينَ بَلَغَهُ إِقْبَالُ أَبِي سُفْيَانَ، قَالَ: فَتَكَلَّمَ أَبُو بَكْرٍ، فَأَعْرَضَ عَنْهُ، ثُمَّ تَكَلَّمَ عُمَرُ، فَأَعْرَضَ عَنْهُ، فَقَامَ سَعْدُ بْنُ عُبَادَةَ، فَقَالَ: «إِيَّانَا تُرِيدُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، لَوْ أَمَرْتَنَا أَنْ نُخِيضَهَا الْبَحْرَ لَأَخَضْنَاهَا، وَلَوْ أَمَرْتَنَا أَنْ نَضْرِبَ أَكْبَادَهَا إِلَى بَرْكِ الْغِمَادِ لَفَعَلْنَا». قَالَ: فَنَدَبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ النَّاسَ، فَانْطَلَقُوا حَتَّى نَزَلُوا بَدْرًا، وَوَرَدَتْ عَلَيْهِمْ رَوَايَا قُرَيْشٍ، وَفِيهِمْ غُلَامٌ أَسْوَدُ لِبَنِي الْحَجَّاجِ، فَأَخَذُوهُ، فَكَانَ أَصْحَابُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَسْأَلُونَهُ عَنْ أَبِي سُفْيَانَ وَأَصْحَابِهِ، فَيَقُولُ: «مَا لِي عِلْمٌ بِأَبِي سُفْيَانَ، وَلَكِنْ هَذَا أَبُو جَهْلٍ، وَعُتْبَةُ، وَشَيْبَةُ، وَأُمَيَّةُ بْنُ خَلَفٍ»، فَإِذَا قَالَ ذَلِكَ ضَرَبُوهُ، فَقَالَ: «نَعَمْ، أَنَا أُخْبِرُكُمْ، هَذَا أَبُو سُفْيَانَ»، فَإِذَا تَرَكُوهُ فَسَأَلُوهُ، فَقَالَ: «مَا لِي بِأَبِي سُفْيَانَ عِلْمٌ، وَلَكِنْ هَذَا أَبُو جَهْلٍ، وَعُتْبَةُ، وَشَيْبَةُ، وَأُمَيَّةُ بْنُ خَلَفٍ، فِي نَاسٍ»، فَإِذَا قَالَ هَذَا أَيْضًا ضَرَبُوهُ، وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَائِمٌ يُصَلِّي، فَلَمَّا رَأَى ذَلِكَ انْصَرَفَ، قَالَ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، لَتَضْرِبُوهُ إِذَا صَدَقَكُمْ، وَتَتْرُكُوهُ إِذَا كَذَبَكُمْ». قَالَ: فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «هَذَا مَصْرَعُ فُلَانٍ». قَالَ: وَيَضَعُ يَدَهُ عَلَى الْأَرْضِ: «هَاهُنَا، هَاهُنَا». قَالَ: فَمَا مَاطَ أَحَدُهُمْ عَنْ مَوْضِعِ يَدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Әбу Суфиянның келе жатқаны туралы хабар жеткенде, Алла Елшісі (с.а.с.) адамдармен кеңесті. Әбу Бәкір сөз сөйлегенде, Алла Елшісі (с.а.с.) одан теріс айналды. Содан кейін Омар сөйледі, алайда ол одан да теріс айналды. Сонда Сағд ибн Убада орнынан тұрып: “Уа, Расулалла! Біздің пікірімізді білгіңіз келіп тұр ма? Жаным қолында болған Алламен ант етемін, егер көліктерімізді теңізге айдап түсіруді бұйырсаңыз, міндетті түрде түсірер едік. Ал егер оларды Бәрк әл-Ғимадқа дейін айдап баруды бұйырсаңыз, оны да орындаушы едік”, – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) адамдарды аттануға шақырды. Олар жолға шығып, Бәдірге келіп тоқтады. Сол жерде оларға Құрайыштың су алуға келген адамдары жолықты. Олардың арасында Бәну әл-Хажжажға тиесілі қара нәсілді бір жас құл бар еді. Сахабалар оны ұстап алып, Әбу Суфиян мен оның серіктері туралы сұрай бастады. Ол: “Әбу Суфиян туралы ештеңе білмеймін. Бірақ Әбу Жәһл, Утба, Шәйба және Умәйя ибн Халаф осында”, – дейтін. Ол осылай айтқан сайын, олар оны ұратын. Сонда ол: “Иә, сендерге айтып беремін. Мынау – Әбу Суфиян”, – дейтін. Олар ұруды тоқтатып, одан қайта сұрағанда: “Әбу Суфиян туралы ештеңе білмеймін. Бірақ Әбу Жәһл, Утба, Шәйба және Умәйя ибн Халаф осы адамдардың арасында”, – дейтін. Ол мұны айтқан кезде, оны тағы да ұратын. Алла Елшісі (с.а.с.) сол кезде намаз оқып тұрған еді. Мұны көрген ол намазын аяқтап: “Жаным қолында болған Алламен ант етемін, ол сендерге шындық айтқанда ұрасыңдар да, өтірік айтқанда қоя бересіңдер!” – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): “Пәленше мына жерге құлайды”, – деп, қолын жерге қойып: “Мына жерде, мына жерде”, – деді. Олардың ешқайсысы Алла Елшісі (с.а.с.) қолын қойған жерден ауытқымай, дәл сол жерге құлады» (1779/83).

1157
Мүслим, № 1157Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «بَعَثَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بُسَيْسَةَ عَيْنًا يَنْظُرُ مَا صَنَعَتْ عِيرُ أَبِي سُفْيَانَ، فَجَاءَ وَمَا فِي الْبَيْتِ أَحَدٌ غَيْرِي وَغَيْرُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ» (قَالَ: «لَا أَدْرِي مَا اِسْتَثْنَى بَعْضَ نِسَائِهِ») «قَالَ: فَحَدَّثَهُ الْحَدِيثَ، قَالَ: فَخَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَتَكَلَّمَ، فَقَالَ: “إِنَّ لَنَا طَلِبَةً، فَمَنْ كَانَ ظَهْرُهُ حَاضِرًا فَلْيَرْكَبْ مَعَنَا”، فَجَعَلَ رِجَالٌ يَسْتَأْذِنُونَهُ فِي ظُهْرَانِهِمْ فِي عُلْوِ الْمَدِينَةِ، فَقَالَ: “لَا، إِلَّا مَنْ كَانَ ظَهْرُهُ حَاضِرًا”، فَانْطَلَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَصْحَابُهُ حَتَّى سَبَقُوا الْمُشْرِكِينَ إِلَى بَدْرٍ، وَجَاءَ الْمُشْرِكُونَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَا يَقْدَمَنَّ أَحَدٌ مِنْكُمْ إِلَى شَيْءٍ حَتَّى أَكُونَ أَنَا دُونَهُ”، فَدَنَا الْمُشْرِكُونَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “قُومُوا إِلَى جَنَّةٍ عَرْضُهَا السَّمَاوَاتُ وَالْأَرْضُ”. قَالَ: يَقُولُ عُمَيْرُ بْنُ الْحُمَامِ الْأَنْصَارِيُّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، جَنَّةٌ عَرْضُهَا السَّمَاوَاتُ وَالْأَرْضُ؟” قَالَ: “نَعَمْ”. قَالَ: “بَخٍ بَخٍ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَا يَحْمِلُكَ عَلَى قَوْلِكَ ‘بَخٍ بَخٍ’؟” قَالَ: “لَا وَاللَّهِ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِلَّا رَجَاءَةَ أَنْ أَكُونَ مِنْ أَهْلِهَا”. قَالَ: “فَإِنَّكَ مِنْ أَهْلِهَا”، فَأَخْرَجَ تَمَرَاتٍ مِنْ قَرَنِهِ، فَجَعَلَ يَأْكُلُ مِنْهُنَّ، ثُمَّ قَالَ: “لَئِنْ أَنَا حَيِيتُ حَتَّى آكُلَ تَمَرَاتِي هَذِهِ، إِنَّهَا لَحَيَاةٌ طَوِيلَةٌ”. قَالَ: فَرَمَى بِمَا كَانَ مَعَهُ مِنَ التَّمْرِ، ثُمَّ قَاتَلَهُمْ حَتَّى قُتِلَ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Әбу Суфиянның керуенінің жағдайын барлап келу үшін Бусәйсаны шолғыншы етіп жіберді. Ол қайтып келгенде, үйде Алла Елшісі (с.а.с.) екеумізден басқа ешкім жоқ еді». Риуаятшы: «Оның кейбір жұбайларын бұдан тыс қалдырған-қалдырмағанын білмеймін», – деді. Әнәс сөзін жалғастырып: «Бусәйса оған көрген-білгенін айтып берді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) жұрт алдына шығып, сөз сөйледі де: “Біздің іздеп отырған керуеніміз бар. Кімнің мініс көлігі осында әзір тұрса, бізбен бірге аттансын”, – деді. Сонда кейбір адамдар Мәдинаның жоғары жағында тұрған мініс көліктерін әкелуге рұқсат сұрай бастады. Ол (с.а.с.): “Жоқ! Бізбен бірге мініс көлігі осында әзір тұрған адам ғана аттансын”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) сахабаларымен бірге жолға шығып, мүшріктерден бұрын Бәдірге жетті. Кейін мүшріктер де келді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Мен бастамайынша, ешқайсың ешбір іске кіріспесін”, – деді. Мүшріктер жақындаған кезде Алла Елшісі (с.а.с.): “Ені көктер мен жердей болған Жәннатқа ұмтылыңдар!” – деді. Сонда Умәйр ибн әл-Хумам әл-Ансари (р.а.): “Уа, Расулалла! Ені көктер мен жердей болған Жәннат па?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Иә”, – деді. Умәйр: “Паһ, паһ!” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) одан: “Сені ‘Паһ, паһ!’ деуге не итермеледі?” – деп сұрады. Ол: “Алламен ант етемін, уа, Расулалла! Бұған мені Жәннат иелерінің қатарынан болсам деген үміт қана итермеледі”, – деді. Ол (с.а.с.): “Расында, сен Жәннат иелерінің бірісің”, – деді. Сонда Умәйр қорамсағынан бірнеше құрма шығарып, жей бастады. Содан кейін: “Егер мына құрмаларымды жеп біткенше өмір сүрсем, бұл тым ұзақ ғұмыр болар еді”, – деді де, қолындағы құрмаларын лақтырып жіберді. Содан соң өлтірілгенге дейін мүшріктермен шайқасты» (1901/145).

بَابٌ: فِي الْإِمْدَادِ بِالْمَلَائِكَةِ وَفِدَاءِ الْأُسَارَى وَتَحْلِيلِ الْغَنِيمَةِ

3-бапПеріштелер арқылы жәрдем берілуі, тұтқындарды төлем алып босату және соғыс олжасының адал етілуі туралы

1158
Мүслим, № 1158Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ، قَالَ: حَدَّثَنِي عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «لَمَّا كَانَ يَوْمُ بَدْرٍ نَظَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى الْمُشْرِكِينَ وَهُمْ أَلْفٌ، وَأَصْحَابُهُ ثَلَاثُ مِائَةٍ وَتِسْعَةَ عَشَرَ رَجُلًا، فَاسْتَقْبَلَ نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ الْقِبْلَةَ، ثُمَّ مَدَّ يَدَيْهِ، فَجَعَلَ يَهْتِفُ بِرَبِّهِ: “اللَّهُمَّ أَنْجِزْ لِي مَا وَعَدْتَنِي، اللَّهُمَّ آتِنِي مَا وَعَدْتَنِي، اللَّهُمَّ إِنَّكَ إِنْ تُهْلِكْ هَذِهِ الْعِصَابَةَ مِنْ أَهْلِ الْإِسْلَامِ لَا تُعْبَدْ فِي الْأَرْضِ”، فَمَا زَالَ يَهْتِفُ بِرَبِّهِ مَادًّا يَدَيْهِ مُسْتَقْبِلَ الْقِبْلَةِ، حَتَّى سَقَطَ رِدَاؤُهُ عَنْ مَنْكِبَيْهِ، فَأَتَاهُ أَبُو بَكْرٍ فَأَخَذَ رِدَاءَهُ، فَأَلْقَاهُ عَلَى مَنْكِبَيْهِ، ثُمَّ الْتَزَمَهُ مِنْ وَرَائِهِ، وَقَالَ: “يَا نَبِيَّ اللَّهِ، كَفَاكَ مُنَاشَدَتُكَ رَبَّكَ، فَإِنَّهُ سَيُنْجِزُ لَكَ مَا وَعَدَكَ”، فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِذْ تَسْتَغِيثُونَ رَبَّكُمْ فَاسْتَجَابَ لَكُمْ أَنِّي مُمِدُّكُمْ بِأَلْفٍ مِنَ الْمَلَائِكَةِ مُرْدِفِينَ﴾ [الْأَنْفَالِ: ٩] فَأَمَدَّهُ اللَّهُ بِالْمَلَائِكَةِ». قَالَ أَبُو زُمَيْلٍ: فَحَدَّثَنِي ابْنُ عَبَّاسٍ، قَالَ: «بَيْنَمَا رَجُلٌ مِنَ الْمُسْلِمِينَ يَوْمَئِذٍ يَشْتَدُّ فِي أَثَرِ رَجُلٍ مِنَ الْمُشْرِكِينَ أَمَامَهُ، إِذْ سَمِعَ ضَرْبَةً بِالسَّوْطِ فَوْقَهُ وَصَوْتَ الْفَارِسِ يَقُولُ: “أَقْدِمْ حَيْزُومُ”، فَنَظَرَ إِلَى الْمُشْرِكِ أَمَامَهُ فَخَرَّ مُسْتَلْقِيًا، فَنَظَرَ إِلَيْهِ فَإِذَا هُوَ قَدْ خُطِمَ أَنْفُهُ، وَشُقَّ وَجْهُهُ، كَضَرْبَةِ السَّوْطِ فَاخْضَرَّ ذَلِكَ أَجْمَعُ، فَجَاءَ الْأَنْصَارِيُّ، فَحَدَّثَ بِذَلِكَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: “صَدَقْتَ، ذَلِكَ مِنْ مَدَدِ السَّمَاءِ الثَّالِثَةِ”، فَقَتَلُوا يَوْمَئِذٍ سَبْعِينَ، وَأَسَرُوا سَبْعِينَ». قَالَ أَبُو زُمَيْلٍ: قَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: «فَلَمَّا أَسَرُوا الْأُسَارَى، قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِأَبِي بَكْرٍ وَعُمَرَ: “مَا تَرَوْنَ فِي هَؤُلَاءِ الْأُسَارَى؟” فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: “يَا نَبِيَّ اللَّهِ، هُمْ بَنُو الْعَمِّ وَالْعَشِيرَةِ، أَرَى أَنْ تَأْخُذَ مِنْهُمْ فِدْيَةً فَتَكُونُ لَنَا قُوَّةً عَلَى الْكُفَّارِ، فَعَسَى اللَّهُ أَنْ يَهْدِيَهُمْ لِلْإِسْلَامِ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَا تَرَى، يَا ابْنَ الْخَطَّابِ؟” قُلْتُ: “لَا وَاللَّهِ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا أَرَى الَّذِي رَأَى أَبُو بَكْرٍ، وَلَكِنِّي أَرَى أَنْ تُمَكِّنَّا فَنَضْرِبَ أَعْنَاقَهُمْ، فَتُمَكِّنَ عَلِيًّا مِنْ عَقِيلٍ فَيَضْرِبَ عُنُقَهُ، وَتُمَكِّنِّي مِنْ فُلَانٍ” (نَسِيبًا لِعُمَرَ) “فَأَضْرِبَ عُنُقَهُ، فَإِنَّ هَؤُلَاءِ أَئِمَّةُ الْكُفْرِ وَصَنَادِيدُهَا”، فَهَوِيَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَا قَالَ أَبُو بَكْرٍ، وَلَمْ يَهْوَ مَا قُلْتُ، فَلَمَّا كَانَ مِنَ الْغَدِ جِئْتُ، فَإِذَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَبُو بَكْرٍ قَاعِدَيْنِ يَبْكِيَانِ، قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَخْبِرْنِي مِنْ أَيِّ شَيْءٍ تَبْكِي أَنْتَ وَصَاحِبُكَ؟ فَإِنْ وَجَدْتُ بُكَاءً بَكَيْتُ، وَإِنْ لَمْ أَجِدْ بُكَاءً تَبَاكَيْتُ لِبُكَائِكُمَا”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَبْكِي لِلَّذِي عَرَضَ عَلَيَّ أَصْحَابُكَ مِنْ أَخْذِهِمِ الْفِدَاءَ، لَقَدْ عُرِضَ عَلَيَّ عَذَابُهُمْ أَدْنَى مِنْ هَذِهِ الشَّجَرَةِ” (شَجَرَةٍ قَرِيبَةٍ مِنْ نَبِيِّ اللَّهِ ﷺ) وَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿مَا كَانَ لِنَبِيٍّ أَنْ يَكُونَ لَهُ أَسْرَى حَتَّى يُثْخِنَ فِي الْأَرْضِ﴾ [الْأَنْفَالِ: ٦٧] إِلَى قَوْلِهِ ﴿فَكُلُوا مِمَّا غَنِمْتُمْ حَلَالًا طَيِّبًا﴾ [الْأَنْفَالِ: ٦٩] فَأَحَلَّ اللَّهُ الْغَنِيمَةَ لَهُمْ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Омар ибн әл-Хаттабтың (р.а.) былай дегенін жеткізді: «Бәдір күні Алла Елшісі (с.а.с.) саны мыңға жеткен мүшріктерге және үш жүз он тоғыз адамнан тұратын сахабаларына көз салды. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) құбылаға бет бұрып, екі қолын созды да, Раббысына дауыстап: “Уа, Алла! Маған уәде еткеніңді орындай гөр! Уа, Алла! Маған уәде еткеніңді бере гөр! Уа, Алла! Егер Сен Исламды ұстанған мына шағын топты құртып жіберсең, жер бетінде Саған құлшылық етілмейді”, – деп жалбарына бастады. Ол (с.а.с.) екі қолын созып, құбылаға бет бұрған күйі Раббысына жалбарына берді. Тіпті шапаны екі иығынан түсіп кетті. Сонда Әбу Бәкір келіп, шапанын алып, оның екі иығына жапты. Содан соң оны арт жағынан құшақтап: “Уа, Алланың Пайғамбары! Раббыңа осынша жалбарынғаның жеткілікті. Расында, Ол саған берген уәдесін міндетті түрде орындайды”, – деді. Сонда Ұлы әрі Құдіретті Алла мына аятты түсірді: “Сендер сол кезде Раббыларыңа жалбарынып, медет тілеумен болған едіңдер. Сонда Ол: «Мен сендерді бірінен кейін бірі келетін мың періштемен қолдап жебеймін», – деп, дұғаларыңды қабыл етті” («Әнфал», 9). Сөйтіп, Алла оған періштелер арқылы жәрдем берді». Әбу Зумәйл Ибн Аббастың (р.а.) былай дегенін жеткізді: «Сол күні мұсылмандардың бірі алдында қашып бара жатқан бір мүшріктің соңынан бар күшімен қуып келе жатып, үстінен қамшының шарт еткен дауысын және бір салт аттының: “Алға, Хайзум!” – деген үнін естіді. Алдындағы мүшрікке қараса, ол шалқасынан құлап түсіпті. Жанына барып қарағанда, оның мұрны тілініп, беті қамшы осып өткендей жарылып, жарақаттанған жерінің бәрі көгеріп кеткенін көрді. Әлгі ансар Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп, болған жайды баяндады. Сонда ол (с.а.с.): “Рас айтасың. Бұл – үшінші аспаннан түскен жәрдем”, – деді. Сол күні мұсылмандар мүшріктерден жетпіс адамды өлтіріп, тағы жетпісін тұтқынға алды». Әбу Зумәйл Ибн Аббастың (р.а.) былай дегенін жеткізді: «Мұсылмандар тұтқындарды қолға түсіргеннен кейін Алла Елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкір мен Омардан (р.а.): “Мына тұтқындар жөнінде не ойлайсыңдар?” – деп сұрады. Әбу Бәкір: “Уа, Алланың Пайғамбары! Олар – біздің ағайын-туыстарымыз әрі руластарымыз. Менің ойымша, олардан төлем алғаның жөн. Бұл бізді кәпірлерге қарсы күшейтеді. Бәлкім, Алла оларды Исламға бастар”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, Ибн әл-Хаттаб! Сен не ойлайсың?” – деп сұрады. Мен (Омар): “Жоқ, Алламен ант етемін, уа, Расулалла! Мен Әбу Бәкір айтқан пікірді құптамаймын. Менің ойымша, оларды біздің қолымызға беріп, мойындарын шабуымыз керек. Әлиге Ақилді беріп, оның мойнын шапқыз. Ал маған өз туысым пәленшені бер, оның мойнын өзім шабайын. Өйткені бұлар – күпірліктің басшылары мен серкелері”, – дедім. Алла Елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкірдің пікірін қабылдап, менің пікірімді қабылдамады. Келесі күні келсем, Алла Елшісі (с.а.с.) мен Әбу Бәкір екеуі жылап отыр екен. Мен: “Уа, Расулалла! Өзіңіз бен серігіңіз неге жылап отырғандарыңызды айтыңызшы. Жылай алсам, мен де жылайын. Ал жылай алмасам, екеуіңіздің жылағандарыңызға қарап, жылауға тырысайын”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Серіктеріңнің тұтқындардан төлем алуды ұсынғаны үшін жылап отырмын. Оларға келетін азап маған мына ағаштан да жақын етіп көрсетілді”, – деді. Бұл Алла Елшісінің (с.а.с.) жанында тұрған бір ағаш еді. Ұлы әрі Құдіретті Алла: “Пайғамбардың жер бетінде үстем болып, дұшпандарын жер қылмайынша, тұтқын ұстағаны лайықсыз” («Әнфал», 67) деген аяттан бастап, “Бұдан былай соғыстан түскен олжаны да, тұтқындардан алған бодауды да адал һәм таза дүние ретінде пайдаларыңа жаратыңдар” («Әнфал», 69) деген аятқа дейін түсірді. Сөйтіп, Алла оларға соғыс олжасын адал етті» (1763/58).

بَابٌ: كَلَامُ النَّبِيِّ ﷺ لِقَتْلَى بَدْرٍ بَعْدَ مَوْتِهِمْ

4-бапПайғамбардың (с.а.с.) Бәдірде өлтірілгендерге олардың өлімінен кейін тіл қатуы туралы

1159
Мүслим, № 1159Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ تَرَكَ قَتْلَى بَدْرٍ ثَلَاثًا، ثُمَّ أَتَاهُمْ فَقَامَ عَلَيْهِمْ فَنَادَاهُمْ، فَقَالَ: «يَا أَبَا جَهْلِ بْنَ هِشَامٍ، يَا أُمَيَّةَ بْنَ خَلَفٍ، يَا عُتْبَةَ بْنَ رَبِيعَةَ، يَا شَيْبَةَ بْنَ رَبِيعَةَ، أَلَيْسَ قَدْ وَجَدْتُمْ مَا وَعَدَ رَبُّكُمْ حَقًّا؟ فَإِنِّي قَدْ وَجَدْتُ مَا وَعَدَنِي رَبِّي حَقًّا». فَسَمِعَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَوْلَ النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَيْفَ يَسْمَعُوا، وَأَنَّى يُجِيبُوا، وَقَدْ جَيَّفُوا؟» قَالَ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، مَا أَنْتُمْ بِأَسْمَعَ لِمَا أَقُولُ مِنْهُمْ، وَلَكِنَّهُمْ لَا يَقْدِرُونَ أَنْ يُجِيبُوا». ثُمَّ أَمَرَ بِهِمْ فَسُحِبُوا، فَأُلْقُوا فِي قَلِيبِ بَدْرٍ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деп жеткізді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Бәдірде өлтірілгендерді үш күн бойы сол күйінде қалдырды. Содан кейін олардың жанына келіп, қастарында тұрып, дауыстап: “Уа, Әбу Жәһл ибн Һишам! Уа, Умәйя ибн Халаф! Уа, Утба ибн Рабиға! Уа, Шәйба ибн Рабиға! Раббыларыңның сендерге берген уәдесінің ақиқат екенін көрмедіңдер ме? Расында, мен Раббымның маған берген уәдесінің ақиқат екенін көрдім”, – деді. Омар (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) сөзін естіп: “Уа, Расулалла! Денелері шіріп кеткен бұл адамдар қалай естіп, қалай жауап бермек?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Жаным қолында болған Алламен ант етемін! Менің сөзімді сендер олардан артық естіп тұрған жоқсыңдар. Алайда олар жауап беруге қауқарсыз”, – деді. Содан кейін оларды сүйретіп апарып, Бәдірдегі құдыққа тастауға бұйырды» (2874/77).

بَابٌ: فِي غَزْوَةِ أُحُدٍ

5-бапУхуд шайқасы туралы

1160
Мүслим, № 1160Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أُفْرِدَ يَوْمَ أُحُدٍ فِي سَبْعَةٍ مِنَ الْأَنْصَارِ وَرَجُلَيْنِ مِنْ قُرَيْشٍ، فَلَمَّا رَهِقُوهُ قَالَ: «مَنْ يَرُدُّهُمْ عَنَّا وَلَهُ الْجَنَّةُ؟» أَوْ «هُوَ رَفِيقِي فِي الْجَنَّةِ»، فَتَقَدَّمَ رَجُلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ، فَقَاتَلَ حَتَّى قُتِلَ، ثُمَّ رَهِقُوهُ أَيْضًا، فَقَالَ: «مَنْ يَرُدُّهُمْ عَنَّا وَلَهُ الْجَنَّةُ؟» أَوْ «هُوَ رَفِيقِي فِي الْجَنَّةِ»، فَتَقَدَّمَ رَجُلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ، فَقَاتَلَ حَتَّى قُتِلَ، فَلَمْ يَزَلْ كَذَلِكَ حَتَّى قُتِلَ السَّبْعَةُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِصَاحِبَيْهِ: «مَا أَنْصَفْنَا أَصْحَابَنَا».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деп жеткізді: «Ухуд күні Алла Елшісінің (с.а.с.) қасында жеті ансар мен құрайыштық екі кісі ғана қалды. Дұшпандар оған таяп келгенде, ол (с.а.с.): “Оларды бізден кім қайтарады? Оған Жәннат беріледі”, – немесе: “Ол Жәннатта менің серігім болады”, – деді. Сонда ансарлардың бірі алға шығып, өлтірілгенге дейін шайқасты. Дұшпандар тағы да таяп келгенде, ол (с.а.с.): “Оларды бізден кім қайтарады? Оған Жәннат беріледі”, – немесе: “Ол Жәннатта менің серігім болады”, – деді. Ансарлардың тағы бірі алға шығып, өлтірілгенге дейін шайқасты. Осылайша жеті ансардың бәрі қаза тапты. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) жанындағы екі серігіне: “Біз серіктерімізге әділ болмадық”, – деді» (1789/100).

بَابٌ: جَرْحُ النَّبِيِّ ﷺ يَوْمَ أُحُدٍ

6-бапПайғамбардың (с.а.с.) Ухуд шайқасы күні жаралануы туралы

1161
Мүслим, № 1161

عَنْ أَبِي حَازِمٍ، أَنَّهُ سَمِعَ سَهْلَ بْنَ سَعْدٍ السَّاعِدِيَّ يُسْأَلُ عَنْ جُرْحِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ أُحُدٍ، فَقَالَ: «جُرِحَ وَجْهُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَكُسِرَتْ رُبَاعِيَّتُهُ، وَهُشِمَتِ الْبَيْضَةُ عَلَى رَأْسِهِ، فَكَانَتْ فَاطِمَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا بِنْتُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ تَغْسِلُ الدَّمَ، وَكَانَ عَلِيُّ بْنُ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَسْكُبُ عَلَيْهَا بِالْمِجَنِّ، فَلَمَّا رَأَتْ فَاطِمَةُ أَنَّ الْمَاءَ لَا يَزِيدُ الدَّمَ إِلَّا كَثْرَةً، أَخَذَتْ قِطْعَةَ حَصِيرٍ فَأَحْرَقَتْهُ حَتَّى صَارَ رَمَادًا، ثُمَّ أَلْصَقَتْهُ بِالْجُرْحِ، فَاسْتَمْسَكَ الدَّمُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Хазим Ухуд күні Алла Елшісінің (с.а.с.) алған жарақаты туралы Сәһл ибн Сағд әс-Сағидиден (р.а.) сұралғанда, оның мына жауабын естіген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) жүзі жараланып, күрек тісі сынды әрі басындағы дулығасы быт-шыт болды. Алла Елшісінің (с.а.с.) қызы Фатима (р.а.) оның жарасынан аққан қанды жуып, Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) қалқанмен су құйып тұрды. Фатима су құйған сайын қанның одан әрі көбейіп жатқанын көргенде, ши төсеніштің бір бөлігін алып, күлге айналғанша өртеді. Содан кейін сол күлді жараға басты. Осылайша қан тоқтады» (1790/101).

1162
Мүслим, № 1162Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كُسِرَتْ رُبَاعِيَّتُهُ يَوْمَ أُحُدٍ، وَشُجَّ فِي رَأْسِهِ، فَجَعَلَ يَسْلُتُ الدَّمَ عَنْهُ، وَيَقُولُ: «كَيْفَ يُفْلِحُ قَوْمٌ شَجُّوا نَبِيَّهُمْ وَكَسَرُوا رُبَاعِيَّتَهُ، وَهُوَ يَدْعُوهُمْ إِلَى اللَّهِ؟» فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿لَيْسَ لَكَ مِنَ الْأَمْرِ شَيْءٌ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: ١٢٨].

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, Ухуд күні Алла Елшісінің (с.а.с.) күрек тісі сынып, басы жарылды. Ол (с.а.с.) басынан аққан қанды сүртіп тұрып: «Өз пайғамбарының басын жарып, күрек тісін сындырған қауым қалайша құтылмақ? Ол оларды Аллаға шақырып жүрген еді ғой!» – деді. Сонда Алла Тағала мына аятты түсірді: «Әсілі, сенің бұл іске еш қатысың да, ықпалың да жоқ» («Әли Имран», 128) (1791/104).

بَابٌ: قِتَالُ جِبْرِيلَ وَمِيكَائِيلَ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ يَوْمَ أُحُدٍ

7-бапУхуд шайқасы күні Жәбірейіл мен Микаилдің Пайғамбарды (с.а.с.) қорғап соғысуы туралы

1163
Мүслим, № 1163

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «رَأَيْتُ عَنْ يَمِينِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَعَنْ شِمَالِهِ يَوْمَ أُحُدٍ رَجُلَيْنِ عَلَيْهِمَا ثِيَابُ بَيَاضٍ، مَا رَأَيْتُهُمَا قَبْلُ وَلَا بَعْدُ»، يَعْنِي جِبْرِيلَ وَمِيكَائِيلَ عَلَيْهِمَا السَّلَامُ. وَفِي رِوَايَةٍ: «يُقَاتِلَانِ عَنْهُ كَأَشَدِّ الْقِتَالِ».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай деді: «Ухуд күні Алла Елшісінің (с.а.с.) оң және сол жағынан ақ киімді екі адамды көрдім. Оларды бұған дейін де, кейін де көрген емеспін». Яғни, ол екеуі Жәбірейіл мен Микаил (екеуіне сәлем болсын) еді. Басқа риуаятта: «Екеуі оны қорғап, жан аямай шайқасып жүрді», – делінген (2306/46, 47).

بَابٌ: اِشْتَدَّ غَضَبُ اللَّهِ عَلَى مَنْ قَتَلَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ

8-бапАлла Елшісі (с.а.с.) өлтірген адамға Алланың қаһарының қатты болуы туралы

1164
Мүслим, № 1164Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اِشْتَدَّ غَضَبُ اللَّهِ عَلَى قَوْمٍ فَعَلُوا هَذَا بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ»، وَهُوَ حِينَئِذٍ يُشِيرُ إِلَى رُبَاعِيَّتِهِ، وَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اِشْتَدَّ غَضَبُ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ عَلَى رَجُلٍ يَقْتُلُهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي سَبِيلِ اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізді: «Алланың Елшісіне (с.а.с.) осылай істеген қауымға Алланың қаһары қатты болды». Осыны айтқанда, ол (с.а.с.) күрек тісін нұсқап тұрған еді. Сондай-ақ Алла Елшісі (с.а.с.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Алланың жолында өлтірген адамға Ұлы әрі Құдіретті Алланың қаһары қатты болды», – деді (1793/106).

بَابٌ: مَا لَقِيَ النَّبِيُّ ﷺ مِنْ أَذَى قَوْمِهِ

9-бапПайғамбардың (с.а.с.) өз қауымынан көрген жәбірі туралы

1165
Мүслим, № 1165Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، أَنَّهَا قَالَتْ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَلْ أَتَى عَلَيْكَ يَوْمٌ كَانَ أَشَدَّ مِنْ يَوْمِ أُحُدٍ؟» فَقَالَ: «لَقَدْ لَقِيتُ مِنْ قَوْمِكِ، وَكَانَ أَشَدَّ مَا لَقِيتُ مِنْهُمْ يَوْمَ الْعَقَبَةِ، إِذْ عَرَضْتُ نَفْسِي عَلَى ابْنِ عَبْدِ يَالِيلَ بْنِ عَبْدِ كُلَالٍ فَلَمْ يُجِبْنِي إِلَى مَا أَرَدْتُ، فَانْطَلَقْتُ وَأَنَا مَهْمُومٌ عَلَى وَجْهِي، فَلَمْ أَسْتَفِقْ إِلَّا بِقَرْنِ الثَّعَالِبِ، فَرَفَعْتُ رَأْسِي فَإِذَا أَنَا بِسَحَابَةٍ قَدْ أَظَلَّتْنِي فَنَظَرْتُ فَإِذَا فِيهَا جِبْرِيلُ، فَنَادَانِي، فَقَالَ: “إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ قَدْ سَمِعَ قَوْلَ قَوْمِكَ لَكَ وَمَا رَدُّوا عَلَيْكَ، وَقَدْ بَعَثَ إِلَيْكَ مَلَكَ الْجِبَالِ لِتَأْمُرَهُ بِمَا شِئْتَ فِيهِمْ”. قَالَ: فَنَادَانِي مَلَكُ الْجِبَالِ وَسَلَّمَ عَلَيَّ، ثُمَّ قَالَ: “يَا مُحَمَّدُ، إِنَّ اللَّهَ قَدْ سَمِعَ قَوْلَ قَوْمِكَ لَكَ، وَأَنَا مَلَكُ الْجِبَالِ، قَدْ بَعَثَنِي رَبُّكَ إِلَيْكَ لِتَأْمُرَنِي بِأَمْرِكَ، فَمَا شِئْتَ، إِنْ شِئْتَ أَنْ أُطْبِقَ عَلَيْهِمُ الْأَخْشَبَيْنِ؟”» فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «بَلْ أَرْجُو أَنْ يُخْرِجَ اللَّهُ مِنْ أَصْلَابِهِمْ مَنْ يَعْبُدُ اللَّهَ وَحْدَهُ لَا يُشْرِكُ بِهِ شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айша (р.а.) Алла Елшісінен (с.а.с.): «Уа, Расулалла! Басыңызға Ухуд күнінен де ауыр күн туды ма?» – деп сұрады. Ол: «Қауымыңнан көп жапа шектім. Солардан көрген ең ауыр күнім Ақаба күні болды. Сол кезде Ибн Абд Ялил ибн Абд Күләлге барып, шақыруымды жеткізген едім, алайда ол тілегімді қабылдамады. Қатты қайғырып, бет алған жағыммен жүре бердім. Қарн әс-Сәғалибке жеткенде ғана есімді жидым. Басымды көтеріп қарасам, үстіме көлеңке түсіріп тұрған бір бұлтты көрдім. Қарасам, оның ішінде Жәбірейіл бар екен. Ол мені шақырып: “Расында, Ұлы әрі Құдіретті Алла қауымыңның саған айтқан сөздерін де, қайтарған жауабын да естіді. Оларға қатысты не қаласаң, соны бұйыруың үшін саған таулар періштесін жіберді”, – деді. Содан кейін таулар періштесі мені шақырып, сәлем берді де: “Уа, Мұхаммед! Расында, Алла қауымыңның саған айтқан сөздерін естіді. Мен – таулар періштесімін. Раббың мені сенің қалаған әміріңді орындауым үшін жіберді. Не қаласаң да бұйыр. Қаласаң, екі тауды олардың үстіне қабыстырып жіберейін”, – деді. Сонда мен оған: “Жоқ, керісінше, Алла олардың ұрпағынан жалғыз Аллаға ғана құлшылық етіп, Оған еш нәрсені серік қоспайтын адамдарды шығарады деп үміттенемін”, – дедім», – деп жауап берді (1795/111).

1166
Мүслим, № 1166Риуаят етуші: Жундуб ибн Суфиян (р.а.)

عَنْ جُنْدُبِ بْنِ سُفْيَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: دَمِيَتْ إِصْبَعُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي بَعْضِ تِلْكَ الْمَشَاهِدِ، فَقَالَ: «هَلْ أَنْتِ إِلَّا إِصْبَعٌ دَمِيتِ، وَفِي سَبِيلِ اللَّهِ مَا لَقِيتِ».

Қазақша аудармасы

Жундуб ибн Суфиян (р.а.) былай деді: «Сол жорықтардың бірінде Алла Елшісінің (с.а.с.) саусағы қанап қалды. Сонда ол: “Сен бар болғаны қанап қалған саусақсың. Басыңа түскеннің бәрі – Алла жолында”, – деді» (1796/112).

1167
Мүслим, № 1167Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «بَيْنَمَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُصَلِّي عِنْدَ الْبَيْتِ، وَأَبُو جَهْلٍ وَأَصْحَابٌ لَهُ جُلُوسٌ، وَقَدْ نُحِرَتْ جَزُورٌ بِالْأَمْسِ، فَقَالَ أَبُو جَهْلٍ: “أَيُّكُمْ يَقُومُ إِلَى سَلَا جَزُورِ بَنِي فُلَانٍ، فَيَأْخُذُهُ فَيَضَعُهُ فِي كَتِفَيْ مُحَمَّدٍ إِذَا سَجَدَ؟” فَانْبَعَثَ أَشْقَى الْقَوْمِ فَأَخَذَهُ، فَلَمَّا سَجَدَ النَّبِيُّ ﷺ وَضَعَهُ بَيْنَ كَتِفَيْهِ، قَالَ: فَاسْتَضْحَكُوا وَجَعَلَ بَعْضُهُمْ يَمِيلُ عَلَى بَعْضٍ وَأَنَا قَائِمٌ أَنْظُرُ، لَوْ كَانَتْ لِي مَنَعَةٌ طَرَحْتُهُ عَنْ ظَهْرِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَالنَّبِيُّ ﷺ سَاجِدٌ مَا يَرْفَعُ رَأْسَهُ حَتَّى انْطَلَقَ إِنْسَانٌ فَأَخْبَرَ فَاطِمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، فَجَاءَتْ وَهِيَ جُوَيْرِيَةٌ، فَطَرَحَتْهُ عَنْهُ، ثُمَّ أَقْبَلَتْ عَلَيْهِمْ تَشْتِمُهُمْ، فَلَمَّا قَضَى النَّبِيُّ ﷺ صَلَاتَهُ، رَفَعَ صَوْتَهُ، ثُمَّ دَعَا عَلَيْهِمْ، وَكَانَ إِذَا دَعَا دَعَا ثَلَاثًا، وَإِذَا سَأَلَ سَأَلَ ثَلَاثًا، ثُمَّ قَالَ: “اللَّهُمَّ، عَلَيْكَ بِقُرَيْشٍ” ثَلَاثَ مَرَّاتٍ. فَلَمَّا سَمِعُوا صَوْتَهُ ذَهَبَ عَنْهُمُ الضِّحْكُ، وَخَافُوا دَعْوَتَهُ، ثُمَّ قَالَ: “اللَّهُمَّ، عَلَيْكَ بِأَبِي جَهْلِ بْنِ هِشَامٍ، وَعُتْبَةَ بْنِ رَبِيعَةَ، وَشَيْبَةَ بْنِ رَبِيعَةَ، وَالْوَلِيدِ بْنِ عُتْبَةَ، وَأُمَيَّةَ بْنِ خَلَفٍ، وَعُقْبَةَ بْنِ أَبِي مُعَيْطٍ” (وَذَكَرَ السَّابِعَ وَلَمْ أَحْفَظْهُ)، فَوَالَّذِي بَعَثَ مُحَمَّدًا ﷺ بِالْحَقِّ، لَقَدْ رَأَيْتُ الَّذِينَ سَمَّى صَرْعَى يَوْمَ بَدْرٍ، ثُمَّ سُحِبُوا إِلَى الْقَلِيبِ، قَلِيبِ بَدْرٍ». قَالَ أَبُو إِسْحَاقَ: «الْوَلِيدُ بْنُ عُقْبَةَ غَلَطٌ فِي هَذَا الْحَدِيثِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Қағбаның жанында намаз оқып тұрды. Әбу Жәһл мен оның жолдастары сол жерде отырған еді. Ал алдыңғы күні бір түйе сойылған болатын. Сонда Әбу Жәһл: “Қайсың пәлен әулеттің сойылған түйесінің қағанағын әкеліп, Мұхаммед сәждеге жығылған кезде екі жауырынының арасына қоясың?” – деді. Олардың ішіндегі ең оңбағаны орнынан тұрып, оны әкелді де, Пайғамбар (с.а.с.) сәждеге жығылған кезде екі жауырынының арасына қойды. Олар қарқылдап күліп, күлкіден бір-біріне сүйене бастады. Мен түрегеп, бәрін көріп тұрдым. Егер оларға қарсы тұрар күшім болғанда, әлгі қағанақты Алла Елшісінің (с.а.с.) арқасынан алып тастар едім. Пайғамбар (с.а.с.) басын көтерместен сәждеде қала берді. Ақырында бір адам барып, Фатимаға (р.а.) хабар берді. Фатима келді. Ол кезде әлі кішкентай қыз болатын. Ол әлгі қағанақты Пайғамбардың (с.а.с.) арқасынан алып тастады да, оларға бұрылып, сөге бастады. Пайғамбар (с.а.с.) намазын аяқтағаннан кейін дауысын көтеріп, оларға қарсы дұға етті. Ол дұға еткенде үш рет дұға ететін, бір нәрсе тілегенде де үш рет тілейтін. Содан кейін: “Уа, Алла! Құрайыштың жазасын бере гөр!” – деп үш рет айтты. Олар оның дауысын естігенде, күлкілері сап тыйылып, дұғасынан қорықты. Содан кейін ол: “Уа, Алла! Әбу Жәһл ибн Һишамның, Утба ибн Рабиғаның, Шәйба ибн Рабиғаның, әл-Уәлид ибн Уқбаның, Умәйя ибн Халафтың және Уқба ибн Әбу Муғайттың жазасын бере гөр!” – деді. Ол жетінші адамның да атын атады, бірақ оны есімде сақтай алмадым. Мұхаммедті (с.а.с.) ақиқатпен жіберген Алламен ант етемін, ол атаған адамдардың Бәдір күні өліп, сұлап жатқанын өз көзіммен көрдім. Кейін оларды сүйреп апарып, Бәдірдегі құдыққа тастады». Әбу Исхақ: «Бұл хадистегі “әл-Уәлид ибн Уқба” деген сөз – қате», – деді (1794/107).

بَابٌ: صَبْرُ الْأَنْبِيَاءِ عَلَى أَذَى قَوْمِهِمْ

10-бапПайғамбарлардың өз қауымдарынан көрген жәбірге сабыр етуі туралы

1168
Мүслим, № 1168Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَأَنِّي أَنْظُرُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَحْكِي نَبِيًّا مِنَ الْأَنْبِيَاءِ ضَرَبَهُ قَوْمُهُ، وَهُوَ يَمْسَحُ الدَّمَ عَنْ وَجْهِهِ، وَيَقُولُ: “رَبِّ اِغْفِرْ لِقَوْمِي، فَإِنَّهُمْ لَا يَعْلَمُونَ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.) өз қауымы ұрып-соққан пайғамбарлардың бірі туралы баяндап тұрғаны әлі де көз алдымда. Әлгі пайғамбар бетіндегі қанды сүртіп тұрып: “Раббым! Қауымымды кешіре гөр! Өйткені олар білмейді”, – деген еді» (1792/105).

بَابٌ: قَتْلُ أَبِي جَهْلٍ

11-бапӘбу Жәһлдің өлтірілуі туралы

1169
Мүслим, № 1169Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ يَنْظُرُ لَنَا مَا صَنَعَ أَبُو جَهْلٍ؟» فَانْطَلَقَ ابْنُ مَسْعُودٍ، فَوَجَدَهُ قَدْ ضَرَبَهُ ابْنَا عَفْرَاءَ حَتَّى بَرَكَ، قَالَ: فَأَخَذَ بِلِحْيَتِهِ، فَقَالَ: «آنْتَ أَبُو جَهْلٍ؟» فَقَالَ: «وَهَلْ فَوْقَ رَجُلٍ قَتَلْتُمُوهُ؟» أَوْ قَالَ: «قَتَلَهُ قَوْمُهُ». قَالَ: وَقَالَ أَبُو مِجْلَزٍ: قَالَ أَبُو جَهْلٍ: «فَلَوْ غَيْرُ أَكَّارٍ قَتَلَنِي».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Әбу Жәһлдің не болғанын кім біліп келеді?” – деді. Сонда Ибн Масғуд барып, оны Афраның екі ұлы соққыға жығып, сұлатып кеткен күйінде тапты. Ол Әбу Жәһлдің сақалынан ұстап: “Сен Әбу Жәһлсің бе?” – деді. Әбу Жәһл: “Сендердің қолдарыңнан өлгенімнің несі мін?” – деді немесе: “Өз қауымының қолынан өлген адамның несі мін?” – деді». Әбу Мижлаз: «Әбу Жәһл: “Мені диқаннан басқа біреу өлтіргенде ғой!” – деді», – деген (1800/118).

بَابٌ: قَتْلُ كَعْبِ بْنِ الْأَشْرَفِ

12-бапКағб ибн әл-Әшрафтың өлтірілуі туралы

1170
Мүслим, № 1170Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ لِكَعْبِ بْنِ الْأَشْرَفِ؟ فَإِنَّهُ قَدْ آذَى اللَّهَ وَرَسُولَهُ». فَقَالَ مُحَمَّدُ بْنُ مَسْلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَتُحِبُّ أَنْ أَقْتُلَهُ؟» قَالَ: «نَعَمْ». قَالَ: «اِئْذَنْ لِي، فَلْأَقُلْ». قَالَ: «قُلْ». فَأَتَاهُ، فَقَالَ لَهُ (وَذَكَرَ مَا بَيْنَهُمَا)، وَقَالَ: «إِنَّ هَذَا الرَّجُلَ قَدْ أَرَادَ صَدَقَةً، وَقَدْ عَنَّانَا»، فَلَمَّا سَمِعَهُ قَالَ: «وَأَيْضًا، وَاللَّهِ، لَتَمَلُّنَّهُ». قَالَ: «إِنَّا قَدِ اتَّبَعْنَاهُ الْآنَ، وَنَكْرَهُ أَنْ نَدَعَهُ حَتَّى نَنْظُرَ إِلَى أَيِّ شَيْءٍ يَصِيرُ أَمْرُهُ». قَالَ: «وَقَدْ أَرَدْتُ أَنْ تُسْلِفَنِي سَلَفًا». قَالَ: «فَمَا تَرْهَنُنِي؟» قَالَ: «مَا تُرِيدُ؟» قَالَ: «تَرْهَنُنِي نِسَاءَكُمْ». قَالَ: «أَنْتَ أَجْمَلُ الْعَرَبِ، أَنَرْهَنُكَ نِسَاءَنَا؟» قَالَ لَهُ: «تَرْهَنُونِي أَوْلَادَكُمْ». قَالَ: «يُسَبُّ ابْنُ أَحَدِنَا، فَيُقَالُ: “رُهِنَ فِي وَسْقَيْنِ مِنْ تَمْرٍ”، وَلَكِنْ نَرْهَنُكَ اللَّأْمَةَ» (يَعْنِي السِّلَاحَ)، قَالَ: «نَعَمْ»، وَوَاعَدَهُ أَنْ يَأْتِيَهُ بِالْحَارِثِ، وَأَبِي عَبْسِ بْنِ جَبْرٍ، وَعَبَّادِ بْنِ بِشْرٍ، قَالَ: فَجَاءُوا فَدَعَوْهُ لَيْلًا فَنَزَلَ إِلَيْهِمْ، (قَالَ سُفْيَانُ: قَالَ غَيْرُ عَمْرٍو: قَالَتْ لَهُ امْرَأَتُهُ: «إِنِّي لَأَسْمَعُ صَوْتًا كَأَنَّهُ صَوْتُ دَمٍ». قَالَ: «إِنَّمَا هَذَا مُحَمَّدُ بْنُ مَسْلَمَةَ، وَرَضِيعُهُ أَبُو نَائِلَةَ، إِنَّ الْكَرِيمَ لَوْ دُعِيَ إِلَى طَعْنَةٍ لَيْلًا لَأَجَابَ»)، قَالَ مُحَمَّدٌ: «إِنِّي إِذَا جَاءَ فَسَوْفَ أَمُدُّ يَدِي إِلَى رَأْسِهِ، فَإِذَا اسْتَمْكَنْتُ مِنْهُ فَدُونَكُمْ». قَالَ: فَلَمَّا نَزَلَ نَزَلَ وَهُوَ مُتَوَشِّحٌ، فَقَالُوا: «نَجِدُ مِنْكَ رِيحَ الطِّيبِ». قَالَ: «نَعَمْ، تَحْتِي فُلَانَةُ، هِيَ أَعْطَرُ نِسَاءِ الْعَرَبِ». قَالَ: «فَتَأْذَنُ لِي أَنْ أَشُمَّ مِنْهُ؟» قَالَ: «نَعَمْ، فَشُمَّ»، فَتَنَاوَلَ فَشَمَّ، ثُمَّ قَالَ: «أَتَأْذَنُ لِي أَنْ أَعُودَ؟» قَالَ: فَاسْتَمْكَنَ مِنْ رَأْسِهِ، ثُمَّ قَالَ: «دُونَكُمْ». قَالَ: فَقَتَلُوهُ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кағб ибн әл-Әшрафтың ісін кім бітіреді? Өйткені ол Аллаға және Оның Елшісіне жәбір көрсетті”, – деді. Сонда Мұхаммед ибн Мәсләмә (р.а.): “Уа, Расулалла! Оны өлтіргенімді қалайсыз ба?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Иә”, – деді. Мұхаммед: “Онда маған сөйлеуге рұқсат етіңіз”, – деді. Ол (с.а.с.): “Айта бер”, – деді. Сөйтіп, Мұхаммед Кағбқа барып, онымен сөйлесті. Риуаятшы екеуінің арасында болған әңгімені баяндады. Мұхаммед ибн Мәсләмә оған: “Мына адам бізден садақа талап етіп, бізді машақатқа салды”, – деді. Кағб мұны естігенде: “Бұл әлі аз! Алламен ант етемін, сендер одан әлі-ақ жалығасыңдар”, – деді. Мұхаммед: “Біз қазір оған еріп қойдық. Ісінің немен аяқталатынын көрмейінше, оны тастап кетуді қаламаймыз. Мен сенен қарыз алғым келіп еді”, – деді. Кағб: “Маған нені кепілге қоясыңдар?” – деп сұрады. Мұхаммед: “Нені қалайсың?” – деді. Ол: “Әйелдеріңді кепілге қойыңдар”, – деді. Мұхаммед: “Сен арабтардың ең көріктісісің. Саған әйелдерімізді қалай кепілге қоямыз?” – деді. Кағб: “Онда балаларыңды кепілге қойыңдар”, – деді. Мұхаммед: “Кейін біріміздің ұлымызды: ‘Ол екі уәсқ құрма үшін кепілге қойылған’, – деп сөгіп жүрер. Бірақ саған сауыт-сайманымызды, яғни қару-жарағымызды кепілге қоямыз”, – деді. Кағб: “Жарайды”, – деді. Мұхаммед оған Харис, Әбу Абс ибн Жәбр және Аббад ибн Бишрмен бірге келуге уағдаласты. Олар түнде келіп, Кағбты шақырды. Ол олардың алдына төмен түсті». Суфиян Амрдан басқа бір кісінің былай дегенін жеткізді: «Кағбтың әйелі оған: “Мен қан төгуге келген адамның дауысындай бір дауыс естіп тұрмын”, – деді. Ол: “Бұл – Мұхаммед ибн Мәсләмә мен оның емшектес бауыры Әбу Нәйлә ғана ғой. Ардақты адам түн ішінде өзін найзамен түйреуге шақырса да, шақыруға жауап береді”, – деді». Мұхаммед серіктеріне: «Ол келген кезде қолымды оның басына созамын. Басынан мығым ұстап алған сәтте сендер іске кірісіңдер», – деді. Кағб киімін иығына айқастыра жамылып, төмен түсті. Олар: «Сенен хош иіс аңқып тұр», – деді. Ол: «Иә, менің әйелім – пәленше, араб әйелдерінің ішіндегі ең хош иістісі», – деді. Мұхаммед: «Оның иісін сенен иіскеуіме рұқсат етесің бе?» – деп сұрады. Кағб: «Иә, иіскей ғой», – деді. Мұхаммед қолын созып, иіскеді. Артынша: «Қайта иіскеуіме рұқсат етесің бе?» – деді. Осылайша оның басынан мығым ұстап алып: «Енді сендер іске кірісіңдер!» – деді. Сөйтіп, олар оны өлтірді (1801/119).

بَابٌ: غَزْوَةُ الرِّقَاعِ

13-бапЗат әр-Риқағ жорығы туралы

1171
Мүслим, № 1171Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «خَرَجْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي غَزَاةٍ وَنَحْنُ سِتَّةُ نَفَرٍ بَيْنَنَا بَعِيرٌ نَعْتَقِبُهُ». قَالَ: «فَنَقِبَتْ أَقْدَامُنَا، فَنَقِبَتْ قَدَمَايَ، وَسَقَطَتْ أَظْفَارِي، فَكُنَّا نَلُفُّ عَلَى أَرْجُلِنَا الْخِرَقَ، فَسُمِّيَتْ غَزْوَةُ ذَاتِ الرِّقَاعِ لِمَا كُنَّا نُعَصِّبُ عَلَى أَرْجُلِنَا مِنَ الْخِرَقِ». قَالَ أَبُو بُرْدَةَ: فَحَدَّثَ أَبُو مُوسَى بِهَذَا الْحَدِيثِ، ثُمَّ كَرِهَ ذَلِكَ. قَالَ: «كَأَنَّهُ كَرِهَ أَنْ يَكُونَ شَيْئًا مِنْ عَمَلِهِ أَفْشَاهُ». وَفِي رِوَايَةٍ: «وَاللَّهُ يَجْزِي بِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге бір жорыққа шықтық. Біз алты адам едік, ал арамызда кезектесіп мінетін бір ғана түйе болды. Содан аяқтарымыз күлдіреп, ойылып кетті. Менің де екі аяғым жараланып, тырнақтарым түсіп қалды. Біз аяқтарымызға шүберек орап жүрдік. Аяқтарымызға шүберек байлап алғанымыз үшін бұл жорық “Зат әр-Риқағ” деп аталды». Әбу Бурда: «Әбу Мұса осы хадисті айтып бергеннен кейін, оны баяндағанын жақтырмай қалды», – деді. Ол өзінің бір амалын жұртқа жариялап қойғанын ұнатпағандай болды. Басқа риуаятта: «Алла сол үшін сый береді», – делінген (1816/149).

بَابٌ: فِي غَزْوَةِ الْأَحْزَابِ وَهِيَ الْخَنْدَقُ

14-бапАхзаб, яғни Хандақ шайқасы туралы

1172
Мүслим, № 1172

عَنْ إِبْرَاهِيمَ التَّيْمِيِّ، عَنْ أَبِيهِ، قَالَ: «كُنَّا عِنْدَ حُذَيْفَةَ، فَقَالَ رَجُلٌ: “لَوْ أَدْرَكْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَاتَلْتُ مَعَهُ وَأَبْلَيْتُ”. فَقَالَ حُذَيْفَةُ: “أَنْتَ كُنْتَ تَفْعَلُ ذَلِكَ؟ لَقَدْ رَأَيْتُنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ لَيْلَةَ الْأَحْزَابِ، وَأَخَذَتْنَا رِيحٌ شَدِيدَةٌ وَقُرٌّ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ‘أَلَا رَجُلٌ يَأْتِينِي بِخَبَرِ الْقَوْمِ جَعَلَهُ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ مَعِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟’ فَسَكَتْنَا فَلَمْ يُجِبْهُ مِنَّا أَحَدٌ، ثُمَّ قَالَ: ‘أَلَا رَجُلٌ يَأْتِينِي بِخَبَرِ الْقَوْمِ جَعَلَهُ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ مَعِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟’ فَسَكَتْنَا فَلَمْ يُجِبْهُ مِنَّا أَحَدٌ، فَقَالَ: ‘قُمْ، يَا حُذَيْفَةُ، فَأْتِنَا بِخَبَرِ الْقَوْمِ’، فَلَمْ أَجِدْ بُدًّا إِذْ دَعَانِي بِاسْمِي أَنْ أَقُومَ، قَالَ: ‘اِذْهَبْ فَأْتِنِي بِخَبَرِ الْقَوْمِ، وَلَا تَذْعَرْهُمْ عَلَيَّ’، فَلَمَّا وَلَّيْتُ مِنْ عِنْدِهِ جَعَلْتُ كَأَنَّمَا أَمْشِي فِي حَمَّامٍ حَتَّى أَتَيْتُهُمْ، فَرَأَيْتُ أَبَا سُفْيَانَ يَصْلِي ظَهْرَهُ بِالنَّارِ، فَوَضَعْتُ سَهْمًا فِي كَبِدِ الْقَوْسِ فَأَرَدْتُ أَنْ أَرْمِيَهُ، فَذَكَرْتُ قَوْلَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: ‘وَلَا تَذْعَرْهُمْ عَلَيَّ’، وَلَوْ رَمَيْتُهُ لَأَصَبْتُهُ. فَرَجَعْتُ وَأَنَا أَمْشِي فِي مِثْلِ الْحَمَّامِ، فَلَمَّا أَتَيْتُهُ فَأَخْبَرْتُهُ بِخَبَرِ الْقَوْمِ، وَفَرَغْتُ قُرِرْتُ، فَأَلْبَسَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ فَضْلِ عَبَاءَةٍ كَانَتْ عَلَيْهِ يُصَلِّي فِيهَا، فَلَمْ أَزَلْ نَائِمًا حَتَّى أَصْبَحْتُ، فَلَمَّا أَصْبَحْتُ قَالَ: ‘قُمْ، يَا نَوْمَانُ’”».

Қазақша аудармасы

Ибраһим әт-Тәйми әкесінің былай дегенін жеткізді: «Біз Хузайфаның жанында отырғанымызда, бір кісі: “Егер Алла Елшісінің (с.а.с.) заманына жеткенімде, онымен бірге шайқасып, ерлік көрсетер едім”, – деді. Сонда Хузайфа: “Сен шынымен солай істер ме едің? Ахзаб түні Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге болған кезіміз әлі көз алдымда. Біз қатты жел мен қақаған суыққа тап болдық. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Маған жау жайлы хабар әкелетін бір адам бар ма? Ұлы әрі Құдіретті Алла оны Қиямет күні менімен бірге етсін’, – деді. Біз үнсіз қалдық, ешқайсымыз жауап бермедік. Содан кейін ол: ‘Маған жау жайлы хабар әкелетін бір адам бар ма? Ұлы әрі Құдіретті Алла оны Қиямет күні менімен бірге етсін’, – деді. Біз тағы да үнсіз қалдық, ешқайсымыз жауап бермедік. Сонда ол: ‘Тұр, уа, Хузайфа! Бізге жау жайлы хабар әкел’, – деді. Ол мені атыммен атап шақырғаннан кейін орнымнан тұрудан басқа амалым қалмады. Ол: ‘Бар да, маған жау жайлы хабар әкел. Бірақ оларды маған қарсы дүрліктірме’, – деді. Оның жанынан шығып, жолға түскенімде, моншаның ішінде жүргендей жылына бастадым. Осы күйде жаудың арасына жеттім. Қарасам, Әбу Суфиян арқасын отқа жылытып отыр екен. Мен садағыма жебе салып, оны атпақ болдым. Сол сәтте Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Оларды маған қарсы дүрліктірме’, – деген сөзі есіме түсті. Егер атқанымда, оғым оған сөзсіз тиер еді. Кейін кері қайттым. Қайтар жолда да моншаның ішіндегідей жылынып жүрдім. Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп, жау жайлы көрген-білгенімді айтып болғанымда, денем тоңа бастады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) үстіне жамылып намаз оқып жүрген шапанының бір шетімен мені бүркеді. Мен таң атқанша ұйықтап жаттым. Таң атқанда ол: ‘Уа, ұйқышыл, тұр!’ – деді”, – деп баяндады» (1788/99).

1173
Мүслим, № 1173Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ الْأَحْزَابِ يَنْقُلُ مَعَنَا التُّرَابَ، وَلَقَدْ وَارَى التُّرَابُ بَيَاضَ بَطْنِهِ، وَهُوَ يَقُولُ: “وَاللَّهِ لَوْلَا أَنْتَ مَا اِهْتَدَيْنَا، وَلَا تَصَدَّقْنَا وَلَا صَلَّيْنَا، فَأَنْزِلَنْ سَكِينَةً عَلَيْنَا، إِنَّ الْأُلَى قَدْ أَبَوْا عَلَيْنَا”. قَالَ: وَرُبَّمَا قَالَ: “إِنَّ الْمَلَأَ قَدْ أَبَوْا عَلَيْنَا إِذَا أَرَادُوا فِتْنَةً أَبَيْنَا”، وَيَرْفَعُ بِهَا صَوْتَهُ».

Қазақша аудармасы

Әл-Бара (р.а.) былай деген: «Ахзаб күні Алла Елшісі (с.а.с.) бізбен бірге топырақ тасып жүрді. Тіпті үстіне жұққан топырақ оның аппақ қарнын жауып қалды. Сол кезде ол (с.а.с.) былай деп айтып жүрді: “Алламен ант етемін, Сен болмасаң, тура жолды біз таба алмас едік. Садақа да бермес, намаз да оқымас едік. Ендеше, бізге тыныштық түсіре гөр! Расында, олар бізге қарсы шықты”. Кейде ол (с.а.с.) былай дейтін: “Расында, қауым бізге қарсы шықты, олар бүлік қаласа, біз оған көнбейміз”. Ол (с.а.с.) осы сөздерді даусын көтеріп айтатын» (1803/125).

1174
Мүслим, № 1174Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ أَصْحَابَ مُحَمَّدٍ ﷺ كَانُوا يَقُولُونَ يَوْمَ الْخَنْدَقِ: «نَحْنُ الَّذِينَ بَايَعُوا مُحَمَّدًا … عَلَى الْإِسْلَامِ مَا بَقِينَا أَبَدًا»، أَوْ قَالَ: «عَلَى الْجِهَادِ مَا بَقِينَا أَبَدًا» (شَكَّ حَمَّادٌ)، وَالنَّبِيُّ ﷺ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ إِنَّ الْخَيْرَ خَيْرُ الْآخِرَهْ … فَاغْفِرْ لِلْأَنْصَارِ وَالْمُهَاجِرَهْ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) айтуынша, Хандақ шайқасы күні Мұхаммедтің (с.а.с.) сахабалары: «Біз – Мұхаммедке бәйғат бергендерміз, тірі тұрғанымызша Ислам жолынан айнымаймыз», – дейтін. Немесе олар «тірі тұрғанымызша жиһад жолынан айнымаймыз» деген. Хаммад осы екі нұсқаның қайсысы айтылғанына күмәнданған. Ал Пайғамбар (с.а.с.): «Уа, Алла! Шынайы игілік – Ақырет игілігі. Ансарлар мен мұһажирлерді кешіре гөр!» – дейтін (1805/130).

بَابٌ: ذِكْرُ بَنِي قُرَيْظَةَ

15-бапБәну Құрайза тайпасы туралы

1175
Мүслим, № 1175Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «نَادَى فِينَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ انْصَرَفَ عَنِ الْأَحْزَابِ: “أَنْ لَا يُصَلِّيَنَّ أَحَدٌ الظُّهْرَ إِلَّا فِي بَنِي قُرَيْظَةَ”، فَتَخَوَّفَ نَاسٌ فَوْتَ الْوَقْتِ، فَصَلَّوْا دُونَ بَنِي قُرَيْظَةَ، وَقَالَ آخَرُونَ: “لَا نُصَلِّي إِلَّا حَيْثُ أَمَرَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَإِنْ فَاتَنَا الْوَقْتُ”. قَالَ: فَمَا عَنَّفَ وَاحِدًا مِنَ الْفَرِيقَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Ахзаб жорығынан қайтқан күні арамызда: “Ешкім бесін намазын Бәну Құрайзаға жетпей тұрып оқымасын!” – деп жар салды. Кейбір адамдар намаз уақыты өтіп кетеді деп қауіптеніп, Бәну Құрайзаға жетпей тұрып намаздарын оқыды. Ал басқалары: “Уақыт өтіп кетсе де, Алла Елшісі (с.а.с.) бұйырған жерге жетпейінше намаз оқымаймыз”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) екі топтың ешқайсысын да жазғырмады» (1770/69).

بَابٌ: فِي غَزْوَةِ ذِي قَرَدٍ

16-бапЗу Қарад жорығы туралы

1176
Мүслим, № 1176

عَنْ إِيَاسِ بْنِ سَلَمَةَ، قَالَ: حَدَّثَنِي أَبِي، قَالَ: «قَدِمْنَا الْحُدَيْبِيَةَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَنَحْنُ أَرْبَعَ عَشْرَةَ مِائَةً، وَعَلَيْهَا خَمْسُونَ شَاةً لَا تُرْوِيهَا، قَالَ: فَقَعَدَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى جَبَا الرَّكِيَّةِ، فَإِمَّا دَعَا، وَإِمَّا بَسَقَ فِيهَا، قَالَ: فَجَاشَتْ، فَسَقَيْنَا وَاسْتَقَيْنَا، قَالَ: ثُمَّ إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ دَعَانَا لِلْبَيْعَةِ فِي أَصْلِ الشَّجَرَةِ، قَالَ: فَبَايَعْتُهُ أَوَّلَ النَّاسِ، ثُمَّ بَايَعَ، وَبَايَعَ، حَتَّى إِذَا كَانَ فِي وَسَطٍ مِنَ النَّاسِ، قَالَ: “بَايِعْ، يَا سَلَمَةُ”. قَالَ: قُلْتُ: “قَدْ بَايَعْتُكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، فِي أَوَّلِ النَّاسِ”. قَالَ: “وَأَيْضًا”. قَالَ: وَرَآنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَزِلًا» (يَعْنِي لَيْسَ مَعَهُ سِلَاحٌ) «قَالَ: فَأَعْطَانِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَجَفَةً (أَوْ دَرَقَةً)، ثُمَّ بَايَعَ، حَتَّى إِذَا كَانَ فِي آخِرِ النَّاسِ، قَالَ: “أَلَا تُبَايِعُنِي يَا سَلَمَةُ؟” قَالَ: قُلْتُ: “قَدْ بَايَعْتُكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، فِي أَوَّلِ النَّاسِ، وَفِي أَوْسَطِ النَّاسِ”. قَالَ: “وَأَيْضًا”. قَالَ: فَبَايَعْتُهُ الثَّالِثَةَ، ثُمَّ قَالَ لِي: “يَا سَلَمَةُ، أَيْنَ حَجَفَتُكَ” (أَوْ: “دَرَقَتُكَ”) “الَّتِي أَعْطَيْتُكَ؟” قَالَ: قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَقِيَنِي عَمِّي عَامِرٌ عَزِلًا، فَأَعْطَيْتُهُ إِيَّاهَا”. قَالَ: فَضَحِكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَقَالَ: “إِنَّكَ كَالَّذِي قَالَ الْأَوَّلُ: ‘اللَّهُمَّ أَبْغِنِي حَبِيبًا هُوَ أَحَبُّ إِلَيَّ مِنْ نَفْسِي’”. ثُمَّ إِنَّ الْمُشْرِكِينَ رَاسَلُونَا الصُّلْحَ حَتَّى مَشَى بَعْضُنَا فِي بَعْضٍ، وَاصْطَلَحْنَا، قَالَ: وَكُنْتُ تَبِيعًا لِطَلْحَةَ بْنِ عُبَيْدِ اللَّهِ أَسْقِي فَرَسَهُ، وَأَحُسُّهُ، وَأَخْدِمُهُ، وَآكُلُ مِنْ طَعَامِهِ، وَتَرَكْتُ أَهْلِي وَمَالِي مُهَاجِرًا إِلَى اللَّهِ تَعَالَى وَرَسُولِهِ ﷺ، قَالَ: فَلَمَّا اِصْطَلَحْنَا نَحْنُ وَأَهْلُ مَكَّةَ، وَاخْتَلَطَ بَعْضُنَا بِبَعْضٍ، أَتَيْتُ شَجَرَةً فَكَسَحْتُ شَوْكَهَا فَاضْطَجَعْتُ فِي أَصْلِهَا، قَالَ: فَأَتَانِي أَرْبَعَةٌ مِنَ الْمُشْرِكِينَ مِنْ أَهْلِ مَكَّةَ، فَجَعَلُوا يَقَعُونَ فِي رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَبْغَضْتُهُمْ، فَتَحَوَّلْتُ إِلَى شَجَرَةٍ أُخْرَى، وَعَلَّقُوا سِلَاحَهُمْ وَاضْطَجَعُوا، فَبَيْنَمَا هُمْ كَذَلِكَ إِذْ نَادَى مُنَادٍ مِنْ أَسْفَلِ الْوَادِي: “يَا لَلْمُهَاجِرِينَ، قُتِلَ ابْنُ زُنَيْمٍ!” قَالَ: فَاخْتَرَطْتُ سَيْفِي، ثُمَّ شَدَدْتُ عَلَى أُولَئِكَ الْأَرْبَعَةِ وَهُمْ رُقُودٌ، فَأَخَذْتُ سِلَاحَهُمْ، فَجَعَلْتُهُ ضِغْثًا فِي يَدِي، قَالَ: ثُمَّ قُلْتُ: “وَالَّذِي كَرَّمَ وَجْهَ مُحَمَّدٍ ﷺ، لَا يَرْفَعُ أَحَدٌ مِنْكُمْ رَأْسَهُ إِلَّا ضَرَبْتُ الَّذِي فِيهِ عَيْنَاهُ”. قَالَ: ثُمَّ جِئْتُ بِهِمْ أَسُوقُهُمْ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: وَجَاءَ عَمِّي عَامِرٌ بِرَجُلٍ مِنَ الْعَبَلَاتِ، يُقَالُ لَهُ: مِكْرِزٌ يَقُودُهُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَلَى فَرَسٍ مُجَفَّفٍ فِي سَبْعِينَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ، فَنَظَرَ إِلَيْهِمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: “دَعُوهُمْ، يَكُنْ لَهُمْ بَدْءُ الْفُجُورِ، وَثِنَاهُ”، فَعَفَا عَنْهُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَهُوَ الَّذِي كَفَّ أَيْدِيَهُمْ عَنْكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ عَنْهُمْ بِبَطْنِ مَكَّةَ مِنْ بَعْدِ أَنْ أَظْفَرَكُمْ عَلَيْهِمْ﴾ [الْفَتْحِ: ٢٤] الْآيَةَ كُلَّهَا. قَالَ: ثُمَّ خَرَجْنَا رَاجِعِينَ إِلَى الْمَدِينَةِ، فَنَزَلْنَا مَنْزِلًا بَيْنَنَا وَبَيْنَ بَنِي لَحْيَانَ جَبَلٌ، وَهُمُ الْمُشْرِكُونَ، فَاسْتَغْفَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِمَنْ رَقِيَ هَذَا الْجَبَلَ اللَّيْلَةَ كَأَنَّهُ طَلِيعَةٌ لِلنَّبِيِّ ﷺ وَأَصْحَابِهِ». قَالَ سَلَمَةُ: «فَرَقِيتُ تِلْكَ اللَّيْلَةَ مَرَّتَيْنِ أَوْ ثَلَاثًا، ثُمَّ قَدِمْنَا الْمَدِينَةَ، فَبَعَثَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِظَهْرِهِ مَعَ رَبَاحٍ غُلَامِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَأَنَا مَعَهُ، وَخَرَجْتُ مَعَهُ بِفَرَسِ طَلْحَةَ أُنَدِّيهِ مَعَ الظَّهْرِ، فَلَمَّا أَصْبَحْنَا إِذَا عَبْدُ الرَّحْمَنِ الْفَزَارِيُّ قَدْ أَغَارَ عَلَى ظَهْرِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَاسْتَاقَهُ أَجْمَعَ، وَقَتَلَ رَاعِيَهُ، قَالَ: فَقُلْتُ: “يَا رَبَاحُ، خُذْ هَذَا الْفَرَسَ فَأَبْلِغْهُ طَلْحَةَ بْنَ عُبَيْدِ اللَّهِ، وَأَخْبِرْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَنَّ الْمُشْرِكِينَ قَدْ أَغَارُوا عَلَى سَرْحِهِ”. قَالَ: ثُمَّ قُمْتُ عَلَى أَكَمَةٍ، فَاسْتَقْبَلْتُ الْمَدِينَةَ، فَنَادَيْتُ ثَلَاثًا: “يَا صَبَاحَاهْ”. ثُمَّ خَرَجْتُ فِي آثَارِ الْقَوْمِ أَرْمِيهِمْ بِالنَّبْلِ وَأَرْتَجِزُ، أَقُولُ: “أَنَا ابْنُ الْأَكْوَعِ وَالْيَوْمُ يَوْمُ الرُّضَّعِ”. فَأَلْحَقُ رَجُلًا مِنْهُمْ فَأَصُكُّ سَهْمًا فِي رَحْلِهِ، حَتَّى خَلَصَ نَصْلُ السَّهْمِ إِلَى كَتِفِهِ، قَالَ: قُلْتُ: “خُذْهَا، وَأَنَا ابْنُ الْأَكْوَعِ وَالْيَوْمُ يَوْمُ الرُّضَّعِ”. قَالَ: فَوَاللَّهِ، مَا زِلْتُ أَرْمِيهِمْ وَأَعْقِرُ بِهِمْ، فَإِذَا رَجَعَ إِلَيَّ فَارِسٌ أَتَيْتُ شَجَرَةً، فَجَلَسْتُ فِي أَصْلِهَا، ثُمَّ رَمَيْتُهُ فَعَقَرْتُ بِهِ، حَتَّى إِذَا تَضَايَقَ الْجَبَلُ، فَدَخَلُوا فِي تَضَايُقِهِ، عَلَوْتُ الْجَبَلَ فَجَعَلْتُ أُرَدِّيهِمْ بِالْحِجَارَةِ، قَالَ: فَمَا زِلْتُ كَذَلِكَ أَتْبَعُهُمْ حَتَّى مَا خَلَقَ اللَّهُ مِنْ بَعِيرٍ مِنْ ظَهْرِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِلَّا خَلَّفْتُهُ وَرَاءَ ظَهْرِي، وَخَلَّوْا بَيْنِي وَبَيْنَهُ، ثُمَّ أَتْبَعْتُهُمْ أَرْمِيهِمْ حَتَّى أَلْقَوْا أَكْثَرَ مِنْ ثَلَاثِينَ بُرْدَةً، وَثَلَاثِينَ رُمْحًا، يَسْتَخِفُّونَ وَلَا يَطْرَحُونَ شَيْئًا إِلَّا جَعَلْتُ عَلَيْهِ آرَامًا مِنَ الْحِجَارَةِ يَعْرِفُهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَصْحَابُهُ، حَتَّى أَتَوْا مُتَضَايِقًا مِنْ ثَنِيَّةٍ، فَإِذَا هُمْ قَدْ أَتَاهُمْ فُلَانُ بْنُ بَدْرٍ الْفَزَارِيُّ، فَجَلَسُوا يَتَضَحَّوْنَ» (يَعْنِي يَتَغَدَّوْنَ) «وَجَلَسْتُ عَلَى رَأْسِ قَرْنٍ، قَالَ الْفَزَارِيُّ: “مَا هَذَا الَّذِي أَرَى؟” قَالُوا: “لَقِينَا مِنْ هَذَا الْبَرْحَ، وَاللَّهِ، مَا فَارَقَنَا مُنْذُ غَلَسٍ يَرْمِينَا حَتَّى اِنْتَزَعَ كُلَّ شَيْءٍ فِي أَيْدِينَا”. قَالَ: “فَلْيَقُمْ إِلَيْهِ نَفَرٌ مِنْكُمْ أَرْبَعَةٌ”. قَالَ: فَصَعِدَ إِلَيَّ مِنْهُمْ أَرْبَعَةٌ فِي الْجَبَلِ، قَالَ: فَلَمَّا أَمْكَنُونِي مِنَ الْكَلَامِ، قَالَ: قُلْتُ: “هَلْ تَعْرِفُونِي؟” قَالُوا: “لَا، وَمَنْ أَنْتَ؟” قَالَ: قُلْتُ: “أَنَا سَلَمَةُ بْنُ الْأَكْوَعِ، وَالَّذِي كَرَّمَ وَجْهَ مُحَمَّدٍ ﷺ، لَا أَطْلُبُ رَجُلًا مِنْكُمْ إِلَّا أَدْرَكْتُهُ، وَلَا يَطْلُبُنِي رَجُلٌ مِنْكُمْ فَيُدْرِكَنِي”. قَالَ أَحَدُهُمْ: “أَنَا أَظُنُّ”. قَالَ: فَرَجَعُوا، فَمَا بَرِحْتُ مَكَانِي حَتَّى رَأَيْتُ فَوَارِسَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَتَخَلَّلُونَ الشَّجَرَ، قَالَ: فَإِذَا أَوَّلُهُمُ الْأَخْرَمُ الْأَسَدِيُّ، عَلَى إِثْرِهِ أَبُو قَتَادَةَ الْأَنْصَارِيُّ، وَعَلَى إِثْرِهِ الْمِقْدَادُ بْنُ الْأَسْوَدِ الْكِنْدِيُّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: فَأَخَذْتُ بِعِنَانِ الْأَخْرَمِ، قَالَ: فَوَلَّوْا مُدْبِرِينَ، قُلْتُ: “يَا أَخْرَمُ، اِحْذَرْهُمْ لَا يَقْتَطِعُوكَ حَتَّى يَلْحَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَصْحَابُهُ”. قَالَ: “يَا سَلَمَةُ، إِنْ كُنْتَ تُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ، وَتَعْلَمُ أَنَّ الْجَنَّةَ حَقٌّ، وَالنَّارَ حَقٌّ، فَلَا تَحُلْ بَيْنِي وَبَيْنَ الشَّهَادَةِ”. قَالَ: فَخَلَّيْتُهُ، فَالْتَقَى هُوَ وَعَبْدُ الرَّحْمَنِ، قَالَ: فَعَقَرَ بِعَبْدِ الرَّحْمَنِ فَرَسَهُ، وَطَعَنَهُ عَبْدُ الرَّحْمَنِ فَقَتَلَهُ، وَتَحَوَّلَ عَلَى فَرَسِهِ، وَلَحِقَ أَبُو قَتَادَةَ فَارِسُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِعَبْدِ الرَّحْمَنِ، فَطَعَنَهُ فَقَتَلَهُ، فَوَالَّذِي كَرَّمَ وَجْهَ مُحَمَّدٍ ﷺ، لَتَبِعْتُهُمْ أَعْدُو عَلَى رِجْلَيَّ حَتَّى مَا أَرَى وَرَائِي مِنْ أَصْحَابِ مُحَمَّدٍ ﷺ، وَلَا غُبَارِهِمْ شَيْئًا حَتَّى يَعْدِلُوا قَبْلَ غُرُوبِ الشَّمْسِ إِلَى شِعْبٍ فِيهِ مَاءٌ يُقَالُ لَهُ: ذَو قَرَدٍ لِيَشْرَبُوا مِنْهُ وَهُمْ عِطَاشٌ، قَالَ: فَنَظَرُوا إِلَيَّ أَعْدُو وَرَاءَهُمْ، فَحَلَّأْتُهُمْ عَنْهُ» (يَعْنِي أَجْلَيْتُهُمْ عَنْهُ) «فَمَا ذَاقُوا مِنْهُ قَطْرَةً، قَالَ: وَيَخْرُجُونَ فَيَشْتَدُّونَ فِي ثَنِيَّةٍ، قَالَ: فَأَعْدُو فَأَلْحَقُ رَجُلًا مِنْهُمْ فَأَصُكُّهُ بِسَهْمٍ فِي نُغْضِ كَتِفِهِ، قَالَ: قُلْتُ: “خُذْهَا، وَأَنَا ابْنُ الْأَكْوَعِ وَالْيَوْمُ يَوْمُ الرُّضَّعِ”. قَالَ: “يَا ثَكِلَتْهُ أُمُّهُ، أَكْوَعُهُ بُكْرَةَ؟” قَالَ: قُلْتُ: “نَعَمْ، يَا عَدُوَّ نَفْسِهِ، أَكْوَعُكَ بُكْرَةَ”. قَالَ: وَأَرْدَوْا فَرَسَيْنِ عَلَى ثَنِيَّةٍ، قَالَ: فَجِئْتُ بِهِمَا أَسُوقُهُمَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: وَلَحِقَنِي عَامِرٌ بِسَطِيحَةٍ فِيهَا مَذْقَةٌ مِنْ لَبَنٍ، وَسَطِيحَةٍ فِيهَا مَاءٌ، فَتَوَضَّأْتُ وَشَرِبْتُ، ثُمَّ أَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ عَلَى الْمَاءِ الَّذِي حَلَّأْتُهُمْ عَنْهُ، فَإِذَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَدْ أَخَذَ تِلْكَ الْإِبِلَ وَكُلَّ شَيْءٍ اِسْتَنْقَذْتُهُ مِنَ الْمُشْرِكِينَ، وَكُلَّ رُمْحٍ وَبُرْدَةٍ، وَإِذَا بِلَالٌ نَحَرَ نَاقَةً مِنَ الْإِبِلِ الَّتِي اِسْتَنْقَذْتُ مِنَ الْقَوْمِ، وَإِذَا هُوَ يَشْوِي لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنْ كَبِدِهَا وَسَنَامِهَا، قَالَ: قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، خَلِّنِي فَأَنْتَخِبُ مِنَ الْقَوْمِ مِائَةَ رَجُلٍ فَأَتَّبِعُ الْقَوْمَ، فَلَا يَبْقَى مِنْهُمْ مُخْبِرٌ إِلَّا قَتَلْتُهُ”. قَالَ: فَضَحِكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَتَّى بَدَتْ نَوَاجِذُهُ فِي ضَوْءِ النَّهَارِ، فَقَالَ: “يَا سَلَمَةُ، أَتُرَاكَ كُنْتَ فَاعِلًا؟” قُلْتُ: “نَعَمْ، وَالَّذِي أَكْرَمَكَ”. فَقَالَ: “إِنَّهُمُ الْآنَ لَيُقْرَوْنَ فِي أَرْضِ غَطَفَانَ”. قَالَ: فَجَاءَ رَجُلٌ مِنْ غَطَفَانَ، فَقَالَ: “نَحَرَ لَهُمْ فُلَانٌ جَزُورًا فَلَمَّا كَشَفُوا جِلْدَهَا رَأَوْا غُبَارًا، فَقَالُوا: ‘أَتَاكُمُ الْقَوْمُ’، فَخَرَجُوا هَارِبِينَ”، فَلَمَّا أَصْبَحْنَا قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “كَانَ خَيْرَ فُرْسَانِنَا الْيَوْمَ أَبُو قَتَادَةَ، وَخَيْرَ رَجَّالَتِنَا سَلَمَةُ”. قَالَ: ثُمَّ أَعْطَانِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ سَهْمَيْنِ: سَهْمَ الْفَارِسِ، وَسَهْمَ الرَّاجِلِ، فَجَمَعَهُمَا لِي جَمِيعًا، ثُمَّ أَرْدَفَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَرَاءَهُ عَلَى الْعَضْبَاءِ رَاجِعِينَ إِلَى الْمَدِينَةِ، قَالَ: فَبَيْنَمَا نَحْنُ نَسِيرُ، قَالَ: وَكَانَ رَجُلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ لَا يُسْبَقُ شَدًّا، قَالَ: فَجَعَلَ يَقُولُ: “أَلَا مُسَابِقٌ إِلَى الْمَدِينَةِ؟ هَلْ مِنْ مُسَابِقٍ؟” فَجَعَلَ يُعِيدُ ذَلِكَ، قَالَ: فَلَمَّا سَمِعْتُ كَلَامَهُ، قُلْتُ: “أَمَا تُكْرِمُ كَرِيمًا، وَلَا تَهَابُ شَرِيفًا؟” قَالَ: “لَا، إِلَّا أَنْ يَكُونَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ”. قَالَ: قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، بِأَبِي أَنْتَ وَأُمِّي، ذَرْنِي فَلِأُسَابِقَ الرَّجُلَ”. قَالَ: “إِنْ شِئْتَ”. قَالَ: قُلْتُ: “اِذْهَبْ إِلَيْكَ”، وَثَنَيْتُ رِجْلَيَّ، فَطَفَرْتُ فَعَدَوْتُ، قَالَ: فَرَبَطْتُ عَلَيْهِ شَرَفًا (أَوْ شَرَفَيْنِ) أَسْتَبْقِي نَفَسِي، ثُمَّ عَدَوْتُ فِي إِثْرِهِ، فَرَبَطْتُ عَلَيْهِ شَرَفًا (أَوْ شَرَفَيْنِ)، ثُمَّ إِنِّي رَفَعْتُ حَتَّى أَلْحَقَهُ، قَالَ: فَأَصُكُّهُ بَيْنَ كَتِفَيْهِ، قَالَ: قُلْتُ: “قَدْ سُبِقْتَ وَاللَّهِ”. قَالَ: “أَنَا أَظُنُّ”. قَالَ: فَسَبَقْتُهُ إِلَى الْمَدِينَةِ، قَالَ: فَوَاللَّهِ، مَا لَبِثْنَا إِلَّا ثَلَاثَ لَيَالٍ حَتَّى خَرَجْنَا إِلَى خَيْبَرَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: فَجَعَلَ عَمِّي عَامِرٌ يَرْتَجِزُ بِالْقَوْمِ: “تَاللَّهِ لَوْلَا اللَّهُ مَا اِهْتَدَيْنَا، وَلَا تَصَدَّقْنَا وَلَا صَلَّيْنَا، وَنَحْنُ عَنْ فَضْلِكَ مَا اِسْتَغْنَيْنَا، فَثَبِّتِ الْأَقْدَامَ إِنْ لَاقَيْنَا، وَأَنْزِلَنْ سَكِينَةً عَلَيْنَا”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ هَذَا؟” قَالَ: “أَنَا عَامِرٌ”. قَالَ: “غَفَرَ لَكَ رَبُّكَ”. قَالَ: وَمَا اِسْتَغْفَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِإِنْسَانٍ يَخُصُّهُ إِلَّا اُسْتُشْهِدَ، قَالَ: فَنَادَى عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ وَهُوَ عَلَى جَمَلٍ لَهُ: “يَا نَبِيَّ اللَّهِ، لَوْلَا مَا مَتَّعْتَنَا بِعَامِرٍ”. قَالَ: فَلَمَّا قَدِمْنَا خَيْبَرَ، قَالَ: خَرَجَ مَلِكُهُمْ مَرْحَبٌ يَخْطِرُ بِسَيْفِهِ، وَيَقُولُ: “قَدْ عَلِمَتْ خَيْبَرُ أَنِّي مَرْحَبُ شَاكِ السِّلَاحِ بَطَلٌ مُجَرَّبُ إِذَا الْحُرُوبُ أَقْبَلَتْ تَلَهَّبُ”. قَالَ: وَبَرَزَ لَهُ عَمِّي عَامِرٌ، فَقَالَ: “قَدْ عَلِمَتْ خَيْبَرُ أَنِّي عَامِرُ شَاكِ السِّلَاحِ بَطَلٌ مُغَامِرُ”. قَالَ: فَاخْتَلَفَا ضَرْبَتَيْنِ، فَوَقَعَ سَيْفُ مَرْحَبٍ فِي تُرْسِ (عَمِّي) عَامِرٍ، وَذَهَبَ عَامِرٌ يَسْفُلُ لَهُ، فَرَجَعَ سَيْفُهُ عَلَى نَفْسِهِ، فَقَطَعَ أَكْحَلَهُ، فَكَانَتْ فِيهَا نَفْسُهُ». قَالَ سَلَمَةُ: «فَخَرَجْتُ، فَإِذَا نَفَرٌ مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ يَقُولُونَ: “بَطَلَ عَمَلُ عَامِرٍ، قَتَلَ نَفْسَهُ”. قَالَ: فَأَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ وَأَنَا أَبْكِي، فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، بَطَلَ عَمَلُ عَامِرٍ؟” قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ قَالَ ذَلِكَ؟” قَالَ: قُلْتُ: “نَاسٌ مِنْ أَصْحَابِكَ”. قَالَ: “كَذَبَ مَنْ قَالَ ذَلِكَ، بَلْ لَهُ أَجْرُهُ مَرَّتَيْنِ”. ثُمَّ أَرْسَلَنِي إِلَى عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَهُوَ أَرْمَدُ، فَقَالَ: “لَأُعْطِيَنَّ الرَّايَةَ رَجُلًا يُحِبُّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ” أَوْ “يُحِبُّهُ اللَّهُ وَرَسُولُهُ”. قَالَ: فَأَتَيْتُ عَلِيًّا، فَجِئْتُ بِهِ أَقُودُهُ وَهُوَ أَرْمَدُ، حَتَّى أَتَيْتُ بِهِ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَبَسَقَ فِي عَيْنَيْهِ فَبَرَأَ وَأَعْطَاهُ الرَّايَةَ، وَخَرَجَ مَرْحَبٌ، فَقَالَ: “قَدْ عَلِمَتْ خَيْبَرُ أَنِّي مَرْحَبُ، شَاكِ السِّلَاحِ بَطَلٌ مُجَرَّبُ إِذَا الْحُرُوبُ أَقْبَلَتْ تَلَهَّبُ”. فَقَالَ عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: “أَنَا الَّذِي سَمَّتْنِي أُمِّي حَيْدَرَهْ، كَلَيْثِ غَابَاتٍ كَرِيهِ الْمَنْظَرَهْ أُوفِيهِمُ بِالصَّاعِ كَيْلَ السَّنْدَرَهْ”. قَالَ: فَضَرَبَ رَأْسَ مَرْحَبٍ فَقَتَلَهُ، ثُمَّ كَانَ الْفَتْحُ عَلَى يَدَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Ияс ибн Сәләмә әкесі Сәләмә ибн әл-Акуағтың (р.а.) былай дегенін жеткізді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Хұдайбияға келдік. Біз мың төрт жүз адам едік. Құдықтың басында елу қой бар еді, бірақ оның суы солардың өзін де қандыра алмайтын. Алла Елшісі (с.а.с.) құдықтың ернеуіне отырды да, не дұға жасады, не құдыққа түкірді. Сонда құдықтың суы бұрқылдап көтерілді. Біз малдарымызды суарып, өзімізге де су алдық. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) бізді ағаштың түбінде серт беруге шақырды. Мен оған жұрттың алды болып серт бердім. Содан соң адамдар бірінен кейін бірі серт бере бастады. Серт беру кезегі жұрттың орта тұсына жеткенде, ол: “Уа, Сәләмә, серт бер!” – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Мен сізге жұрттың ең басында-ақ серт бергенмін”, – дедім. Ол: “Тағы да серт бер”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) менің қарусыз екенімді көріп, маған былғары қалқан – немесе дөңгелек қалқан – берді. Жұрт түгелге жуық серт беріп, кезек соңғы адамдарға жеткенде, ол: “Уа, Сәләмә, маған серт бермейсің бе?” – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Мен сізге жұрттың басында да, ортасында да серт бердім”, – дедім. Ол: “Тағы да серт бер”, – деді. Сөйтіп, оған үшінші рет серт бердім. Содан кейін ол маған: “Уа, Сәләмә, саған берген қалқаным қайда?” – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Көкем Амир маған қарусыз күйде жолықты. Сондықтан қалқанды соған бердім”, – дедім. Алла Елшісі (с.а.с.) күліп: “Сен бұрынғылардың бірінің: ‘Уа, Алла! Маған өзімнен де сүйіктірек бір жанды нәсіп ет!’ – дегені секілді екенсің”, – деді. Содан кейін мүшріктер бізге бітім жасауды ұсынып, хабарласа бастады. Ақыры бір-біріміздің арамызда еркін жүріп, өзара бітімге келдік. Ол кезде мен Талха ибн Убайдулланың қарамағында қызмет ететінмін: атын суарып, тарап күтетінмін, өзіне қызмет көрсетіп, тамағынан жейтінмін. Алла Тағалаға және Оның Елшісіне (с.а.с.) һижрет ету үшін отбасым мен мал-мүлкімді тастап шыққан едім. Біз Мекке халқымен бітімге келіп, бір-бірімізбен араласа бастаған кезде, мен бір ағаштың жанына барып, түбіндегі тікендерді тазарттым да, жатып демалдым. Сол кезде Мекке мүшріктерінен төрт адам келіп, Алла Елшісі (с.а.с.) жайында жаман сөздер айта бастады. Оларды жек көргендіктен, басқа ағаштың түбіне ауыстым. Олар қаруларын іліп қойып, жата кетті. Олар осылай жатқанда, аңғардың төменгі жағынан бір жаршы: “Уа, мұһажирлер! Ибн Зунайм өлтірілді!” – деп айқайлады. Мен қылышымды суырып алып, ұйықтап жатқан әлгі төртеуіне тұтқиылдан бас салдым. Қаруларын жинап, бір бума етіп қолыма алдым. Содан кейін: “Мұхаммедтің (с.а.с.) жүзін ардақтаған Алланың атымен ант етемін! Біреуің басын көтерсе, сол басын шауып түсіремін!” – дедім. Сөйтіп, оларды алдыма салып, Алла Елшісіне (с.а.с.) айдап әкелдім. Көкем Амир де сауыт жабылған атқа мініп, әл-Абалат руынан шыққан Микриз есімді кісіні жетпіс мүшрікпен бірге Алла Елшісіне (с.а.с.) айдап әкелді. Алла Елшісі (с.а.с.) оларға қарап: “Оларды қоя беріңдер. Қиянатты алғаш бастаған да, оны қайталаған да солар болсын”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оларды кешірді. Сонда Ұлы әрі Құдіретті Алла мына аятты түсірді: “Мекке алқабында сендерді мүшріктерден үстем етіп жеңіске жеткізген соң, олардың қолын сендерден, сендердің қолдарыңды олардан тыйған да бір Өзі! Алла сендердің не істеп жүргендеріңнің бәрін көріп тұрушы” («Фатх», 24). Содан кейін Мәдинаға қайту үшін жолға шықтық. Бір жерге келіп аялдадық. Біз бен мүшрік Бәну Лихян тайпасының арасында бір тау бар еді. Алла Елшісі (с.а.с.) сол түні өзіне және сахабаларына қарауыл болу үшін осы тауға көтерілген адамға Алладан жарылқау тіледі». Сәләмә: «Сол түні мен әлгі тауға екі не үш рет көтерілдім», – деді.

Сәләмә әңгімесін жалғастырып, былай деді: «Содан кейін Мәдинаға келдік. Алла Елшісі (с.а.с.) мініс малдарын өзінің қызметшісі Рабахпен бірге жайылымға жіберді. Мен де Рабахпен бірге барып, Талханың атын да сол малмен бірге алып шығып, кезек суарып, жайып жүрдім. Таң атқанда Абдуррахман әл-Фәзаридің Алла Елшісінің (с.а.с.) жайылымдағы малдарына шабуыл жасап, бәрін айдап әкетіп, бақташысын өлтіргенін көрдік. Мен: “Уа, Рабах! Мына атты ал да, Талха ибн Убайдуллаға жеткіз. Алла Елшісіне (с.а.с.) мүшріктердің оның жайылымдағы малдарына шабуыл жасағанын хабарла!” – дедім. Содан кейін бір төбешіктің басына шығып, Мәдинаға бет бұрып: “Аттан! Жау шапты!” – деп үш рет айқайладым. Артынша олардың ізіне түсіп, садақпен ата бастадым әрі: “Мен – әл-Акуағтың ұлымын, бүгін – оңбағандардың сазайын тартар күні!” – деп рәжәз жырын айттым. Олардың бірін қуып жетіп, ер-тоқымына жебе қададым. Жебенің ұшы оның иығына дейін жетті. Сонда мен: “Мынаны ал! Мен – әл-Акуағтың ұлымын, бүгін – оңбағандардың сазайын тартар күні!” – дедім».

Сәләмә сөзін жалғастырды: «Алламен ант етемін, мен оларға оқ жаудырып, аттарын жаралай бердім. Салт аттыларының бірі маған қарай бұрыла қалса, бір ағашқа жетіп барып, түбіне отыра кететінмін де, оған оқ атып, атын жаралайтынмын. Тау жолы тарылып, олар тар шатқалға кірген кезде, мен тауға көтеріліп, үстеріне тас домалата бастадым. Осылайша олардың соңынан қалмай қуып отырдым. Ақыры Алла Елшісінің (с.а.с.) табынынан айдап әкетілген түйелердің бірде-бірін қалдырмай, бәрін артымда қалдырдым. Олар менің түйелерге жетуіме бөгет жасауды қойды. Соған қарамастан, соңдарынан қуып, оқ жаудыруымды жалғастыра бердім. Жеңілдеу үшін олар отыздан астам шапан мен отыз найзаны тастап кетті. Олар тастаған әрбір заттың үстіне Алла Елшісі (с.а.с.) мен сахабалары танып алсын деп, тастан белгі үйіп отырдым. Ақыры олар тау асуының тар жеріне жетті. Сол кезде оларға пәленше ибн Бәдр әл-Фәзари келді. Олар сәске асын ішуге отырды. Мен тау сілемінің ұшар басына жайғастым. Әл-Фәзари: “Анау көрініп тұрған не?” – деп сұрады. Олар: “Мына адамнан көрмеген қорлығымыз қалмады. Алламен ант етеміз, ол таңғы қараңғылықтан бері бізден бір елі ажырамай, оқ жаудырып, қолымыздағының бәрін тартып алды”, – деді. Ол: “Араларыңнан төрт адам оған қарсы барсын”, – деді. Сонда олардың төртеуі тауға көтеріліп, мен тұрған жерге қарай бет алды. Олармен сөйлесуге болатындай жақындаған кезде: “Мені танисыңдар ма?” – деп сұрадым. Олар: “Жоқ, сен кімсің?” – деді. Мен: “Мен – Сәләмә ибн әл-Акуағпын. Мұхаммедтің (с.а.с.) жүзін ардақтаған Алламен ант етемін, араларыңнан кімді қусам да, қуып жетемін, ал араларыңнан ешкім мені қуып жете алмайды”, – дедім. Олардың бірі: “Мен де солай деп ойлаймын”, – деді. Содан кейін олар кері қайтты. Алла Елшісінің (с.а.с.) салт аттылары ағаштардың арасынан көрінгенге дейін орнымнан қозғалған жоқпын. Олардың ең алдында әл-Ахрам әл-Асади, оның соңынан Әбу Қатада әл-Ансари, ал одан кейін Миқдад ибн әл-Асуад әл-Кинди (р.а.) келе жатты. Мен әл-Ахрам мінген аттың тізгінінен ұстап қалдым. Жаулар теріс айналып, қаша жөнелді. Мен: “Уа, Ахрам! Алла Елшісі (с.а.с.) мен сахабалары жеткенше, олардан сақтан. Сені қоршап алып, серіктеріңнен бөліп тастамасын”, – дедім. Ол: “Уа, Сәләмә! Егер Аллаға және Ақырет күніне иман келтірсең, Жәннаттың да, Тозақтың да хақ екенін білсең, мені шейіттіктен бөгеме”, – деді. Мен оны қоя бердім. Ол Абдуррахманмен бетпе-бет келіп, оның атын жаралады. Ал Абдуррахман оны найзамен түйреп өлтірді де, оның атына мініп алды. Сол кезде Алла Елшісінің (с.а.с.) атты жауынгері Әбу Қатада Абдуррахманды қуып жетіп, найзамен түйреп өлтірді. Мұхаммедтің (с.а.с.) жүзін ардақтаған Алламен ант етемін, мен олардың соңынан жаяу жүгіре бердім. Ақыры артымда Мұхаммедтің (с.а.с.) сахабалары да, олар көтерген шаң да көрінбей қалды. Күн батуға таяғанда, олар суы бар Зу Қарад деп аталатын бір сайға қарай бұрылды. Олар қатты шөлдегендіктен, сол жерден су ішпек болды. Олар менің арттарынан жүгіріп келе жатқанымды көрді. Мен оларды судан қуып, оған жолатпадым. Сөйтіп, олар судың бір тамшысын да тата алмады. Олар одан әрі қашып, бір асуға қарай өрлей жөнелді. Мен де соңдарынан жүгіріп, олардың бірін қуып жеттім де, жауырынының жоғарғы тұсына оқты дәл тигізіп: “Мынаны ал! Мен – әл-Акуағтың ұлымын! Бүгін – оңбағандардың сазайын тартар күні!” – дедім. Ол: “Анасы одан айырылғыр! Бұл таңертеңгі әл-Акуағтың өзі ме?” – деді. Мен: “Иә, ей, өзіне-өзі жау болған неме! Бұл – таңертеңгі әл-Акуағың!” – дедім. Олар асуда қалжыраған екі атты тастап кетті. Мен сол екі атты айдап, Алла Елшісіне (с.а.с.) алып келдім. Жолда Амир мені қуып жетті. Оның бір жалпақ торсығында су қосылған сүт, екіншісінде су бар еді. Мен дәрет алып, сусыннан іштім. Содан кейін өзім жауларды жолатпаған су басында тұрған Алла Елшісіне (с.а.с.) келдім. Қарасам, Алла Елшісі (с.а.с.) әлгі түйелерді, мүшріктерден қайтарып алған заттарымның бәрін, барлық найза мен шапанды қолға түсіріпті. Біләл жаудан қайтарылған түйелердің бірін сойып, Алла Елшісіне (с.а.с.) оның бауыры мен өркешін отқа қақтап жатыр екен. Мен: “Уа, Расулалла! Маған рұқсат беріңіз, адамдардың арасынан жүз кісіні таңдап алып, әлгі қауымның соңынан қуайын. Олардың арасынан хабар жеткізер бірде-бір жан қалдырмаймын”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) күн жарығында азу тістері көрінгенше күлді де: “Уа, Сәләмә! Шынымен солай істей аламын деп ойлайсың ба?” – деп сұрады. Мен: “Иә, сізді ардақтаған Алламен ант етемін”, – дедім. Ол: “Олар дәл қазір Ғатафан жерінде қонақасы ішіп отыр”, – деді. Осы кезде Ғатафаннан бір адам келіп: “Пәленше олар үшін бір түйе сойды. Олар оның терісін сыпырып жатқанда, алыстан көтерілген шаңды көрді. Сонда: ‘Қуғыншылар келіп қалды!’ – десті де, қаша жөнелді”, – деді. Таң атқанда Алла Елшісі (с.а.с.): “Бүгін біздің ең үздік салт атты жауынгеріміз – Әбу Қатада, ал ең үздік жаяу жауынгеріміз – Сәләмә болды”, – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) маған екі үлес: атты жауынгердің үлесі мен жаяу жауынгердің үлесін беріп, екеуін де менің еншіме қосты. Кейін Мәдинаға қайтып келе жатқанымызда, Алла Елшісі (с.а.с.) мені әл-Адба атты түйесіне артына мінгестіріп алды. Жолда келе жатқанымызда, жүгіруден ешкімге дес бермейтін ансарлық бір адам: “Мәдинаға дейін менімен жарысатын біреу бар ма? Жарысатын кім бар?” – деп қайта-қайта айта бастады. Оның сөзін естігенде мен: “Ардақтыны құрметтемейсің бе, абыройлыдан именбейсің бе?” – дедім. Ол: “Жоқ, Алла Елшісі (с.а.с.) болса ғана именемін”, – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Әке-шешем сізге пида болсын, рұқсат етіңіз, мына адаммен жарысайын”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Қаласаң, жарыс”, – деді. Мен әлгі адамға: “Қане, жүр!” – дедім де, аяқтарымды бүгіп, түйеден қарғып түсіп, жүгіре жөнелдім. Демімді сақтау үшін бір не екі төбеден асқанша қарқынымды тежедім. Содан кейін оның соңынан жүгірдім. Тағы да бір не екі төбе бойы қарқынымды бәсеңдеттім. Содан соң бар күшіммен жүгіріп, оны қуып жеттім де, екі жауырынының ортасынан қағып: “Алланың атымен ант етемін, сен жеңілдің!” – дедім. Ол: “Мен де солай ойлаймын”, – деді. Сөйтіп, мен одан бұрын Мәдинаға жеттім. Алламен ант етемін, арада үш түн ғана өткенде Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Хайбарға аттандық. Сонда көкем Амир адамдарға рәжәз жырын айтып келе жатты: “Алламен ант етемін, Алла болмағанда тура жол таппас едік, садақа да бермес, намаз да оқымас едік. Біз Сенің кеңшілігіңе әрдайым мұқтажбыз. Жаумен кездескенде табанымызды бекем ете гөр, бізге тыныштық түсіре гөр!”».

Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл кім?» – деп сұрады. Ол: «Мен Амирмін», – деді. Ол (с.а.с.): «Раббың сені кешірсін!» – деді. Сәләмә: «Алла Елшісі (с.а.с.) бір адамды арнайы атап, оған кешірім тілесе, ол міндетті түрде шейіт болатын», – деді. Сол кезде түйесінің үстінде отырған Омар ибн әл-Хаттаб: «Уа, Алланың Пайғамбары! Амирмен бірге болуды бізге ұзағырақ нәсіп етсеңіз ғой!» – деп дауыстады.

Сәләмә сөзін жалғап, былай деді: «Хайбарға жеткенімізде, олардың патшасы Мәрхаб семсерін ойнатып шығып: “Хайбар біледі: мен – Мәрхабпын! Соғыс өрті лапылдағанда, қаруым сай, майданда сыналған қаһарманмын”, – деді. Оған көкем Амир қарсы шығып: “Хайбар біледі: мен – Амирмін, қаруым сай, қауіпке бас тіккен батырмын”, – деді. Екеуі бір-біріне семсер сілтеді. Мәрхабтың семсері көкем Амирдің қалқанына тиді. Амир оны төменнен шаппақ болғанда, өзінің семсері кері серпіліп, қолының ірі көктамырын қиып кетті. Ол содан қаза тапты. Мен сыртқа шықсам, Пайғамбардың (с.а.с.) бірнеше сахабасы: “Амирдің амалы зая кетті, ол өзін-өзі өлтірді”, – деп тұр екен. Мен жылаған күйі Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Амирдің амалы зая кетті ме?” – деп сұрадым. Алла Елшісі (с.а.с.): “Мұны кім айтты?” – деді. Мен: “Сахабаларыңыздың кейбірі”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Мұны айтқан адам жалған айтты. Керісінше, оған екі есе сауап бар”, – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) мені көзі қабынған Әлиге (р.а.) жіберді де: “Мен туды Алла мен Оның Елшісін жақсы көретін бір адамға міндетті түрде беремін”, – деді немесе: “Оны Алла мен Оның Елшісі жақсы көреді”, – деді. Мен Әлиге барып, көзі қабынғандықтан оны жетектеп, Алла Елшісіне (с.а.с.) алып келдім. Ол (с.а.с.) Әлидің екі көзіне түкіргенде, көзі жазылып кетті. Содан соң туды оған берді. Мәрхаб шығып: “Хайбар біледі: мен – Мәрхабпын! Соғыс өрті лапылдағанда, қаруым сай, майданда сыналған қаһарманмын”, – деді. Сонда Әли (р.а.): “Мен – анам Хайдара деп ат қойған ермін, түрім айбарлы, тоғай арыстанындаймын, оларға есесін мол өлшеммен қайтарамын”, – деді. Сөйтіп, ол Мәрхабтың басынан ұрып, өлтірді. Содан кейін жеңіс оның қолымен келді» (1807/132).

بَابٌ: قِصَّةُ الْحُدَيْبِيَةِ وَصُلْحُ النَّبِيِّ ﷺ مَعَ قُرَيْشٍ

17-бапХұдайбия оқиғасы және Пайғамбардың (с.а.с.) құрайыштармен жасасқан бітімі туралы

1177
Мүслим, № 1177Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «لَمَّا أُحْصِرَ النَّبِيُّ ﷺ عِنْدَ الْبَيْتِ، صَالَحَهُ أَهْلُ مَكَّةَ عَلَى أَنْ يَدْخُلَهَا فَيُقِيمَ بِهَا ثَلَاثًا، وَلَا يَدْخُلَهَا إِلَّا بِجُلُبَّانِ السِّلَاحِ، السَّيْفِ وَقِرَابِهِ، وَلَا يَخْرُجَ بِأَحَدٍ مَعَهُ مِنْ أَهْلِهَا، وَلَا يَمْنَعَ أَحَدًا يَمْكُثُ بِهَا مِمَّنْ كَانَ مَعَهُ، قَالَ لِعَلِيٍّ: “اُكْتُبِ الشَّرْطَ بَيْنَنَا، بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ، هَذَا مَا قَاضَى عَلَيْهِ مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ”. فَقَالَ لَهُ الْمُشْرِكُونَ: “لَوْ نَعْلَمُ أَنَّكَ رَسُولُ اللَّهِ تَابَعْنَاكَ، وَلَكِنِ اُكْتُبْ ‘مُحَمَّدُ بْنُ عَبْدِ اللَّهِ’”، فَأَمَرَ عَلِيًّا أَنْ يَمْحَاهَا، فَقَالَ عَلِيٌّ: “لَا، وَاللَّهِ، لَا أَمْحَاهَا”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَرِنِي مَكَانَهَا”، فَأَرَاهُ مَكَانَهَا فَمَحَاهَا، وَكَتَبَ ابْنَ عَبْدِ اللَّهِ، فَأَقَامَ بِهَا ثَلَاثَةَ أَيَّامٍ، فَلَمَّا أَنْ كَانَ يَوْمُ الثَّالِثِ قَالُوا لِعَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: “هَذَا آخِرُ يَوْمٍ مِنْ شَرْطِ صَاحِبِكَ، فَأْمُرْهُ فَلْيَخْرُجْ”، فَأَخْبَرَهُ بِذَلِكَ، فَقَالَ: “نَعَمْ”، فَخَرَجَ».

Қазақша аудармасы

Әл-Бара ибн Азиб (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) Қағбаға кіруден бөгелгенде, Мекке тұрғындары онымен мынадай шарттармен бітім жасасты: ол Меккеге кіріп, онда үш күн болады; қалаға қынындағы қылышпен ғана кіреді; Мекке тұрғындарының ешқайсысын өзімен бірге алып шықпайды және қасындағылардың арасынан Меккеде қалғысы келген ешкімге кедергі жасамайды. Пайғамбар (с.а.с.) Әлиге: “Арамыздағы шарттарды жаз: ‘Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен. Бұл – Алла Елшісі Мұхаммедтің жасасқан келісімі’”, – деді. Мүшріктер оған: “Егер сенің Алла Елшісі екеніңді білгенімізде, саған ерер едік. Сондықтан ‘Мұхаммед ибн Абдулла’ деп жаз”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) Әлиге “Алла Елшісі” деген сөзді өшіруді бұйырды. Әли: “Жоқ, Алламен ант етемін, оны өшірмеймін”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Маған оның орнын көрсет”, – деді. Әли оның орнын көрсеткенде, Пайғамбар (с.а.с.) оны өшіріп, “Ибн Абдулла” деп жазды. Ол Меккеде үш күн болды. Үшінші күні Мекке тұрғындары Әлиге (р.а.): “Бүгін – жолдасың үшін шартта белгіленген мерзімнің соңғы күні. Оған айт, қаладан шықсын”, – деді. Әли бұл хабарды Пайғамбарға (с.а.с.) жеткізді. Ол (с.а.с.): “Иә”, – деді де, қаладан шықты» (1783/92).

1178
Мүслим, № 1178Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «لَمَّا نَزَلَتْ: ﴿إِنَّا فَتَحْنَا لَكَ فَتْحًا مُبِينًا لِيَغْفِرَ لَكَ اللَّهُ﴾ [الْفَتْحِ: ١، ٢] إِلَى قَوْلِهِ: ﴿فَوْزًا عَظِيمًا﴾ [الْفَتْحِ: ٥] مَرْجِعَهُ مِنَ الْحُدَيْبِيَةِ، وَهُمْ يُخَالِطُهُمُ الْحُزْنُ وَالْكَآبَةُ، وَقَدْ نَحَرَ الْهَدْيَ بِالْحُدَيْبِيَةِ، فَقَالَ: “لَقَدْ أُنْزِلَتْ عَلَيَّ آيَةٌ هِيَ أَحَبُّ إِلَيَّ مِنَ الدُّنْيَا جَمِيعًا”».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Хұдайбиядан қайтып келе жатқанда: “Біз саған ап-айқын жеңіс нәсіп еттік! Міне, бұл – Алланың сенің өткен һәм келешек күнәларыңды кешіруі” дегеннен “орасан зор жетістік еді!” дегенге дейінгі аяттар түсті («Фатх», 1–5-аяттар). Сол кезде оларды мұң мен күйзеліс билеп келе жатқан еді. Алла Елшісі (с.а.с.) Хұдайбияда құрбандық малдарын шалып қойған болатын. Сонда ол (с.а.с.): “Маған бүкіл дүниеден де сүйіктірек бір аят түсті”, – деді» (1786/97).

بَابٌ: غَزَاةُ خَيْبَرَ

18-бапХайбар жорығы туралы

1180
Мүслим, № 1180Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «خَرَجْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ إِلَى خَيْبَرَ، فَفَتَحَ اللَّهُ عَلَيْنَا، فَلَمْ نَغْنَمْ ذَهَبًا وَلَا وَرِقًا، غَنِمْنَا الْمَتَاعَ وَالطَّعَامَ وَالثِّيَابَ، ثُمَّ اِنْطَلَقْنَا إِلَى الْوَادِي، وَمَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَبْدٌ لَهُ، وَهَبَهُ لَهُ رَجُلٌ مِنْ جُذَامٍ يُدْعَى رِفَاعَةَ بْنَ زَيْدٍ مِنْ بَنِي الضُّبَيْبِ، فَلَمَّا نَزَلْنَا الْوَادِيَ، قَامَ عَبْدُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَحُلُّ رَحْلَهُ، فَرُمِيَ بِسَهْمٍ، فَكَانَ فِيهِ حَتْفُهُ، فَقُلْنَا: “هَنِيئًا لَهُ الشَّهَادَةُ يَا رَسُولَ اللَّهِ”. قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “كَلَّا، وَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ، إِنَّ الشَّمْلَةَ لَتَلْتَهِبُ عَلَيْهِ نَارًا أَخَذَهَا مِنَ الْغَنَائِمِ يَوْمَ خَيْبَرَ لَمْ تُصِبْهَا الْمَقَاسِمُ”. قَالَ: فَفَزِعَ النَّاسُ، فَجَاءَ رَجُلٌ بِشِرَاكٍ أَوْ شِرَاكَيْنِ فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَصَبْتُ يَوْمَ خَيْبَرَ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “شِرَاكٌ مِنْ نَارٍ أَوْ شِرَاكَانِ مِنْ نَارٍ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге Хайбарға аттандық. Алла бізге жеңіс нәсіп етті. Біз алтын да, күміс те олжалаған жоқпыз, тек дүние-мүлік, азық-түлік және киім-кешек олжаладық. Содан кейін бір аңғарға қарай бет алдық. Алла Елшісінің (с.а.с.) жанында Жузам тайпасының Бәну әд-Дубәйб руынан шыққан Рифаға ибн Зәйд есімді бір адам сыйға берген құлы бар еді. Біз аңғарға түскен кезде, Алла Елшісінің (с.а.с.) құлы оның жүгін шешуге кірісті. Сол сәтте оған бір жебе тиіп, содан қаза тапты. Біз: “Уа, Алланың Елшісі! Шейіттігі құтты болсын!” – дедік. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Жоқ! Мұхаммедтің жаны қолында болған Алламен ант етемін! Хайбар күні олжадан бөліске түспей тұрып алған жамылғысы оның үстінде от болып лаулап жатыр”, – деді. Мұны естіген адамдар қатты үрейленді. Содан кейін бір адам аяқкиімнің бір немесе екі бауын алып келіп: “Уа, Алланың Елшісі! Мұны Хайбар күні алған едім”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Бұл – Тозақ отының бір бауы немесе Тозақ отының екі бауы”, – деді» (115/183).

بَابٌ: رَدُّ الْمُهَاجِرِينَ عَلَى الْأَنْصَارِ الْمَنَائِحَ بَعْدَ الْفَتْحِ عَلَيْهِمْ

19-бапЖеңіске жеткеннен кейін мұһажирлердің уақытша пайдалануға алған құрма ағаштарын ансарларға қайтарып беруі туралы

1181
Мүслим, № 1181Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «لَمَّا قَدِمَ الْمُهَاجِرُونَ مِنْ مَكَّةَ الْمَدِينَةَ قَدِمُوا وَلَيْسَ بِأَيْدِيهِمْ شَيْءٌ، وَكَانَ الْأَنْصَارُ أَهْلَ الْأَرْضِ وَالْعَقَارِ، فَقَاسَمَهُمُ الْأَنْصَارُ عَلَى أَنْ أَعْطَوْهُمْ أَنْصَافَ ثِمَارِ أَمْوَالِهِمْ، كُلَّ عَامٍ، وَيَكْفُونَهُمُ الْعَمَلَ وَالْمَؤُونَةَ، وَكَانَتْ أُمُّ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ وَهِيَ تُدْعَى أُمَّ سُلَيْمٍ، وَكَانَتْ أُمُّ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي طَلْحَةَ، وَكَانَ أَخًا لِأَنَسٍ لِأُمِّهِ، وَكَانَتْ أَعْطَتْ أُمُّ أَنَسٍ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عِذَاقًا لَهَا، فَأَعْطَاهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أُمَّ أَيْمَنَ، مَوْلَاتَهُ، أُمَّ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ». قَالَ ابْنُ شِهَابٍ: فَأَخْبَرَنِي أَنَسُ بْنُ مَالِكٍ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَمَّا فَرَغَ مِنْ قِتَالِ أَهْلِ خَيْبَرَ، وَانْصَرَفَ إِلَى الْمَدِينَةِ، رَدَّ الْمُهَاجِرُونَ إِلَى الْأَنْصَارِ مَنَائِحَهُمُ الَّتِي كَانُوا مَنَحُوهُمْ مِنْ ثِمَارِهِمْ، قَالَ: «فَرَدَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى أُمِّي عِذَاقَهَا، وَأَعْطَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أُمَّ أَيْمَنَ مَكَانَهُنَّ مِنْ حَائِطِهِ». قَالَ ابْنُ شِهَابٍ: «وَكَانَ مِنْ شَأْنِ أُمِّ أَيْمَنَ أُمِّ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ أَنَّهَا كَانَتْ وَصِيفَةً لِعَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ، وَكَانَتْ مِنَ الْحَبَشَةِ، فَلَمَّا وَلَدَتْ آمِنَةُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَعْدَ مَا تُوُفِّيَ أَبُوهُ، فَكَانَتْ أُمُّ أَيْمَنَ تَحْضُنُهُ حَتَّى كَبِرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَأَعْتَقَهَا، ثُمَّ أَنْكَحَهَا زَيْدَ بْنَ حَارِثَةَ، ثُمَّ تُوُفِّيَتْ بَعْدَ مَا تُوُفِّيَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِخَمْسَةِ أَشْهُرٍ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Мұһажирлер Меккеден Мәдинаға келгенде, қолдарында ештеңе жоқ еді. Ал ансарлар жер мен жылжымайтын мүліктің иелері болатын. Ансарлар мұһажирлерге жыл сайын бақтары өнімінің жартысын беретін, ал мұһажирлер бақтың жұмысы мен шығынын мойнына алатын». Әнәс ибн Мәликтің анасы Үммі Сүләйм деп аталатын. Ол Абдулла ибн Әбу Талханың да анасы еді. Абдулла Әнәстің бір анадан туған бауыры болатын. Әнәстің анасы Алла Елшісіне (с.а.с.) бірнеше құрма ағашын берген еді. Алла Елшісі (с.а.с.) оларды өзі азат еткен күңі әрі Усама ибн Зәйдтің анасы Үммі Айманға берді. Ибн Шиһаб Әнәс ибн Мәликтің былай дегенін жеткізді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Хайбар тұрғындарымен соғысты аяқтап, Мәдинаға қайтқан кезде, мұһажирлер ансарлардан уақытша пайдалану үшін алған жеміс ағаштарын иелеріне қайтарды. Алла Елшісі (с.а.с.) де менің анама құрма ағаштарын қайтарып берді, ал Үммі Айманға олардың орнына өз бағынан құрма ағаштарын берді». Ибн Шиһаб былай деді: «Усама ибн Зәйдтің анасы Үммі Айманның (р.а.) жайы былай еді: ол Абдулла ибн Абдулмутталибтің күңі болған, өзі Хабашстаннан шыққан еді. Алла Елшісінің (с.а.с.) әкесі қайтыс болғаннан кейін Әмина оны дүниеге әкелгенде, Үммі Айман оны бағып-қағып, ержеткенше қамқор болды. Алла Елшісі (с.а.с.) есейген соң оны азат етіп, кейін Зәйд ибн Харисаға некелестірді. Үммі Айман Алла Елшісі (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін бес айдан соң дүние салды» (1771/70).

بَابٌ: فِي فَتْحِ مَكَّةَ وَدُخُولِهَا بِالْقِتَالِ عَنْوَةً وَمَنِّهِ عَلَيْهِمْ

20-бапМеккенің алынуы, қалаға соғысып, күшпен кіру және Пайғамбардың (с.а.с.) қала тұрғындарына рақымшылық жасауы туралы

1182
Мүслим, № 1182

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ رَبَاحٍ، عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «وَفَدَتْ وُفُودٌ إِلَى مُعَاوِيَةَ وَذَلِكَ فِي رَمَضَانَ، فَكَانَ يَصْنَعُ بَعْضُنَا لِبَعْضٍ الطَّعَامَ، فَكَانَ أَبُو هُرَيْرَةَ مِمَّنْ يُكْثِرُ أَنْ يَدْعُوَنَا إِلَى رَحْلِهِ، فَقُلْتُ: “أَلَا أَصْنَعُ طَعَامًا فَأَدْعُوَهُمْ إِلَى رَحْلِي؟” فَأَمَرْتُ بِطَعَامٍ يُصْنَعُ، ثُمَّ لَقِيتُ أَبَا هُرَيْرَةَ مِنَ الْعَشِيِّ، فَقُلْتُ: “الدَّعْوَةُ عِنْدِي اللَّيْلَةَ”. فَقَالَ: “سَبَقْتَنِي”. قُلْتُ: “نَعَمْ”، فَدَعَوْتُهُمْ، فَقَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: “أَلَا أُعْلِمُكُمْ بِحَدِيثٍ مِنْ حَدِيثِكُمْ يَا مَعْشَرَ الْأَنْصَارِ؟” ثُمَّ ذَكَرَ فَتْحَ مَكَّةَ، فَقَالَ: “أَقْبَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَتَّى قَدِمَ مَكَّةَ، فَبَعَثَ الزُّبَيْرَ عَلَى إِحْدَى الْمُجَنِّبَتَيْنِ، وَبَعَثَ خَالِدًا عَلَى الْمُجَنِّبَةِ الْأُخْرَى، وَبَعَثَ أَبَا عُبَيْدَةَ عَلَى الْحُسَّرِ، فَأَخَذُوا بَطْنَ الْوَادِي، وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي كَتِيبَةٍ، قَالَ: فَنَظَرَ فَرَآنِي، فَقَالَ: ‘أَبَا هُرَيْرَةَ!’ قُلْتُ: ‘لَبَّيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ’. فَقَالَ: ‘لَا يَأْتِينِي إِلَّا أَنْصَارِيٌّ’”». زَادَ غَيْرُ شَيْبَانَ، فَقَالَ: «اِهْتِفْ لِي بِالْأَنْصَارِ». قَالَ: «“فَأَطَافُوا بِهِ، وَوَبَّشَتْ قُرَيْشٌ أَوْبَاشًا لَهَا وَأَتْبَاعًا، فَقَالُوا: ‘نُقَدِّمُ هَؤُلَاءِ، فَإِنْ كَانَ لَهُمْ شَيْءٌ كُنَّا مَعَهُمْ، وَإِنْ أُصِيبُوا أَعْطَيْنَا الَّذِي سُئِلْنَا’. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ‘تَرَوْنَ إِلَى أَوْبَاشِ قُرَيْشٍ وَأَتْبَاعِهِمْ؟’ ثُمَّ قَالَ بِيَدَيْهِ إِحْدَاهُمَا عَلَى الْأُخْرَى، ثُمَّ قَالَ: ‘حَتَّى تُوَافُونِي بِالصَّفَا’. قَالَ: فَانْطَلَقْنَا فَمَا شَاءَ أَحَدٌ مِنَّا أَنْ يَقْتُلَ أَحَدًا إِلَّا قَتَلَهُ، وَمَا أَحَدٌ مِنْهُمْ يُوَجِّهُ إِلَيْنَا شَيْئًا، قَالَ: فَجَاءَ أَبُو سُفْيَانَ، فَقَالَ: ‘يَا رَسُولَ اللَّهِ، أُبِيحَتْ خَضْرَاءُ قُرَيْشٍ، لَا قُرَيْشَ بَعْدَ الْيَوْمِ’. ثُمَّ قَالَ: ‘مَنْ دَخَلَ دَارَ أَبِي سُفْيَانَ فَهُوَ آمِنٌ’. فَقَالَتِ الْأَنْصَارُ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ: ‘أَمَّا الرَّجُلُ فَأَدْرَكَتْهُ رَغْبَةٌ فِي قَرْيَتِهِ، وَرَأْفَةٌ بِعَشِيرَتِهِ’”. قَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: “وَجَاءَ الْوَحْيُ وَكَانَ إِذَا جَاءَ الْوَحْيُ لَا يَخْفَى عَلَيْنَا، فَإِذَا جَاءَ فَلَيْسَ أَحَدٌ يَرْفَعُ طَرْفَهُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ حَتَّى يَنْقَضِيَ الْوَحْيُ، فَلَمَّا اِنْقَضَى الْوَحْيُ، قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ‘يَا مَعْشَرَ الْأَنْصَارِ’. قَالُوا: ‘لَبَّيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ’. قَالَ: ‘قُلْتُمْ: ‹أَمَّا الرَّجُلُ فَأَدْرَكَتْهُ رَغْبَةٌ فِي قَرْيَتِهِ›؟’ قَالُوا: ‘قَدْ كَانَ ذَاكَ’. قَالَ: ‘كَلَّا، إِنِّي عَبْدُ اللَّهِ وَرَسُولُهُ، هَاجَرْتُ إِلَى اللَّهِ وَإِلَيْكُمْ، وَالْمَحْيَا مَحْيَاكُمْ وَالْمَمَاتُ مَمَاتُكُمْ’، فَأَقْبَلُوا إِلَيْهِ يَبْكُونَ وَيَقُولُونَ: ‘وَاللَّهِ، مَا قُلْنَا الَّذِي قُلْنَا إِلَّا الضِّنَّ بِاللَّهِ وَبِرَسُولِهِ’. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ‘إِنَّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ يُصَدِّقَانِكُمْ، وَيَعْذِرَانِكُمْ’. قَالَ: فَأَقْبَلَ النَّاسُ إِلَى دَارِ أَبِي سُفْيَانَ، وَأَغْلَقَ النَّاسُ أَبْوَابَهُمْ، قَالَ: وَأَقْبَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَتَّى أَقْبَلَ إِلَى الْحَجَرِ، فَاسْتَلَمَهُ ثُمَّ طَافَ بِالْبَيْتِ، قَالَ: فَأَتَى عَلَى صَنَمٍ إِلَى جَنْبِ الْبَيْتِ كَانُوا يَعْبُدُونَهُ، قَالَ: وَفِي يَدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَوْسٌ وَهُوَ آخِذٌ بِسِيَةِ الْقَوْسِ، فَلَمَّا أَتَى عَلَى الصَّنَمِ جَعَلَ يَطْعُنُهُ فِي عَيْنِهِ، وَيَقُولُ: ﴿جَاءَ الْحَقُّ وَزَهَقَ الْبَاطِلُ﴾ [الْإِسْرَاءِ: ٨١]، فَلَمَّا فَرَغَ مِنْ طَوَافِهِ أَتَى الصَّفَا، فَعَلَا عَلَيْهِ حَتَّى نَظَرَ إِلَى الْبَيْتِ، وَرَفَعَ يَدَيْهِ فَجَعَلَ يَحْمَدُ اللَّهَ وَيَدْعُو بِمَا شَاءَ أَنْ يَدْعُوَ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Рабах Әбу Һурайрадан (р.а.) мына хадисті жеткізді. Абдулла былай деді: «Рамазан айында Мұғауияға әртүрлі делегациялар келді. Біз бір-бірімізге кезекпен ас әзірлейтінбіз. Әбу Һурайра бізді өз қонысына жиі шақыратын. Сонда мен: “Мен де ас әзірлеп, оларды өз қонысыма неге шақырмасқа?” – деп ойладым. Сөйтіп, ас әзірлеуді тапсырдым. Кешке Әбу Һурайраны кездестіріп: “Бүгін кешкі қонақасы менің қонысымда”, – дедім. Ол: “Менен бұрын қамданыпсың”, – деді. Мен: “Иә”, – дедім де, оларды шақырдым. Сонда Әбу Һурайра (р.а.): “Уа, ансарлар қауымы! Сендерге өздеріңе қатысты бір хадисті айтып берейін бе?” – деді. Содан кейін Меккенің алынуын еске алып, былай деді: “Алла Елшісі (с.а.с.) Меккеге қарай аттанып, қалаға жетті. Ол Зубайрды әскердің бір қанатына, Халидті екінші қанатына, ал сауытсыз жаяу әскерге Әбу Убайданы басшы етіп жіберді. Олар аңғардың ішімен жүрді. Алла Елшісі (с.а.с.) бір жасақтың ішінде еді. Ол жан-жағына көз салып, мені көрді де: ‘Уа, Әбу Һурайра!’ – деді. Мен: ‘Құп алдым, уа, Расулалла!’ – дедім. Ол: ‘Маған ансарлардан басқа ешкім келмесін’, – деді”». Шәйбаннан басқа риуаятшы: «Ол: “Ансарларды дауыстап маған шақыр”, – деді», – деп қосқан. Әбу Һурайра әңгімесін былай жалғастырды: «Ансарлар келіп, оны айнала қоршап алды. Құрайыш та әр жерден жиналған тобырлары мен нөкерлерін топтастырды. Олар: “Мыналарды алға шығарамыз. Егер олар бір жетістікке жетсе, біз де солармен бірге боламыз. Ал жеңіліске ұшыраса, бізден талап етілгенді береміз”, – десті. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Құрайыштың тобырлары мен нөкерлерін көріп тұрсыңдар ма?” – деді де, екі қолының бірін екіншісінің үстіне қойып ишара жасады. Содан кейін: “Сафаға барып, менімен сонда жолығыңдар”, – деді. Біз жолға шықтық. Арамыздан кім олардың біреуін өлтіргісі келсе, оны өлтірді. Ал олардан ешкім бізге қарсы тұра алмады. Сонда Әбу Суфиян келіп: “Уа, Расулалла! Құрайыштың қалың жұрты қырылып барады. Бүгіннен кейін Құрайыш қалмайды”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім Әбу Суфиянның үйіне кірсе, аман қалады”, – деді. Ансарлар бір-біріне: “Бұл кісіні туған жеріне деген сағынышы билеп, туыстарына деген мейірімі оянды”, – десті». Әбу Һурайра (р.а.) сөзін жалғады: «Сол кезде уахи түсті. Оған уахи түскені бізге бірден білінетін. Уахи түсе бастағанда, аяқталғанға дейін ешкім Алла Елшісіне (с.а.с.) көзін көтеріп қарай алмайтын. Уахи аяқталғаннан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, ансарлар қауымы!” – деді. Олар: “Құп алдық, уа, Расулалла!” – деді. Ол: “Сендер: ‘Бұл кісіні туған жеріне деген сағынышы биледі’, – дедіңдер ме?” – деп сұрады. Олар: “Иә, солай деген едік”, – деді. Ол: “Жоқ! Мен – Алланың құлы әрі Елшісімін. Мен Аллаға және сендерге һижрет еттім. Өмірім де сендермен бірге, өлімім де сендермен бірге”, – деді. Олар жылап, оған қарай ұмтылып: “Алламен ант етеміз, біз мұны Алла мен Оның Елшісін қимағандықтан ғана айттық”, – десті. Алла Елшісі (с.а.с.): “Алла да, Оның Елшісі де сөздеріңе сеніп, уәждеріңді қабыл етеді”, – деді. Адамдар Әбу Суфиянның үйіне қарай беттеді, ал қалғандары үйлерінің есіктерін жауып алды. Алла Елшісі (с.а.с.) Қара тасқа келіп, оны сипады. Содан кейін Қағбаны тауап етті. Қағбаның жанында олар құлшылық ететін бір пұт тұр еді. Алла Елшісінің (с.а.с.) қолында садақ болатын, ол оны бір ұшынан ұстап келе жатты. Пұттың жанына келгенде, садағының ұшымен оның көзін түрткілеп: “Ақиқат келді, жалған ізім-қайым жоғалды” («Исра», 81), – деп айтып жатты. Тауабын аяқтағаннан кейін Сафаға келіп, оның үстіне көтерілді. Қағбаға қарап, екі қолын көтерді де, Алланы мадақтап, қалағанынша дұға етті» (1780/84).

بَابٌ: إِخْرَاجُ الْأَصْنَامِ مِنْ حَوْلِ الْكَعْبَةِ

21-бапҚағбаның айналасындағы пұттарды алып тастау туралы

1183
Мүслим, № 1183Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «دَخَلَ النَّبِيُّ ﷺ مَكَّةَ، وَحَوْلَ الْكَعْبَةِ ثَلَاثُ مِائَةٍ وَسِتُّونَ نُصُبًا، فَجَعَلَ يَطْعُنُهَا بِعُودٍ كَانَ بِيَدِهِ، وَيَقُولُ: ﴿جَاءَ الْحَقُّ وَزَهَقَ الْبَاطِلُ إِنَّ الْبَاطِلَ كَانَ زَهُوقًا﴾ [الْإِسْرَاءِ: ٨١] ﴿جَاءَ الْحَقُّ وَمَا يُبْدِئُ الْبَاطِلُ وَمَا يُعِيدُ﴾ [سَبَأٍ: ٤٩]». زَادَ ابْنُ أَبِي عُمَرَ: «يَوْمَ الْفَتْحِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) Меккеге кіргенде, Қағбаның айналасында үш жүз алпыс пұт бар еді. Ол қолындағы таяғымен оларды түртіп: “Ақиқат келді, жалған ізім-қайым жоғалды. Расында, жалған – баянсыз” («Исра», 81), “Ақиқат келді! Ал жалғанның дәурені тайды, енді жаңғыра да, қайта орала да алмайды!” («Сәбә», 49), – деп айтып жүрді». Ибн Әбу Омар: «Мекке алынған күні», – деген сөздерді қосты (1781/87).

بَابٌ: لَا يُقْتَلُ قُرَشِيٌّ صَبْرًا بَعْدَ الْفَتْحِ

22-бапМекке алынғаннан кейін құрайыштан шыққан адам тұтқын күйінде өлтірілмейді

1184
Мүслим, № 1184

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مُطِيعٍ، عَنْ أَبِيهِ، قَالَ: «سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ يَوْمَ فَتْحِ مَكَّةَ: “لَا يُقْتَلُ قُرَشِيٌّ صَبْرًا بَعْدَ هَذَا الْيَوْمِ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мұтиғ әкесінің былай дегенін жеткізді: «Мекке алынған күні Пайғамбардың (с.а.с.): “Осы күннен кейін Қиямет күніне дейін ешбір құрайыштық тұтқын күйінде өлтірілмейді”, – дегенін естідім» (1782/88).

بَابٌ: الْمُبَايَعَةُ بَعْدَ الْفَتْحِ عَلَى الْإِسْلَامِ وَالْجِهَادِ وَالْخَيْرِ

23-бапМекке алынғаннан кейін Исламды ұстануға, жиһадқа қатысуға және жақсылық жасауға серт беру туралы

1185
Мүслим, № 1185

عَنْ مُجَاشِعِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «جِئْتُ بِأَخِي أَبِي مَعْبَدٍ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بَعْدَ الْفَتْحِ، فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، بَايِعْهُ عَلَى الْهِجْرَةِ”. قَالَ: “قَدْ مَضَتِ الْهِجْرَةُ بِأَهْلِهَا”. قُلْتُ: “فَبِأَيِّ شَيْءٍ تُبَايِعُهُ؟” قَالَ: “عَلَى الْإِسْلَامِ وَالْجِهَادِ وَالْخَيْرِ”». قَالَ أَبُو عُثْمَانَ (يَعْنِي النَّهْدِيَّ): «فَلَقِيتُ أَبَا مَعْبَدٍ، فَأَخْبَرْتُهُ بِقَوْلِ مُجَاشِعٍ، فَقَالَ: “صَدَقَ”».

Қазақша аудармасы

Мүжашиғ ибн Масғуд (р.а.) былай деді: «Мекке алынғаннан кейін бауырым Әбу Мағбадты Алла Елшісіне (с.а.с.) ертіп келіп: “Уа, Расулалла! Одан һижретке бәйғат алыңыз”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Һижреттің мерзімі оны жасағандармен бірге өтіп кетті”, – деді. Мен: “Онда одан қандай іске серт аласыз?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Исламды ұстануға, жиһадқа қатысуға және игілік жасауға”, – деді». Әбу Осман ән-Нәһди: «Кейін Әбу Мағбадқа жолығып, оған Мүжашиғтың айтқанын жеткіздім. Сонда ол: “Рас айтты”, – деді», – деген (1863/84).

بَابٌ: لَا هِجْرَةَ بَعْدَ الْفَتْحِ وَلَكِنْ جِهَادٌ وَنِيَّةٌ

24-бапМекке алынғаннан кейін һижрет жоқ, алайда жиһад пен ниет бар

1186
Мүслим, № 1186Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ الْهِجْرَةِ، فَقَالَ: “لَا هِجْرَةَ بَعْدَ الْفَتْحِ، وَلَكِنْ جِهَادٌ وَنِيَّةٌ، وَإِذَا اُسْتُنْفِرْتُمْ فَانْفِرُوا”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінен (с.а.с.) һижрет туралы сұралды. Сонда ол (с.а.с.): “Мекке алынғаннан кейін һижрет жоқ. Алайда жиһад пен ниет бар. Жорыққа шақырылсаңдар, аттаныңдар”, – деді» (1864/86).

بَابٌ: الْأَمْرُ بِعَمَلِ الْخَيْرِ مَنِ اِشْتَدَّتْ عَلَيْهِ الْهِجْرَةُ

25-бапҺижрет жасау қиынға соққан адамға игі істер атқаруды бұйыру туралы

1187
Мүслим, № 1187Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ أَعْرَابِيًّا سَأَلَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنِ الْهِجْرَةِ، فَقَالَ: «وَيْحَكَ، إِنَّ شَأْنَ الْهِجْرَةِ لَشَدِيدٌ، فَهَلْ لَكَ مِنْ إِبِلٍ؟» قَالَ: «نَعَمْ». قَالَ: «فَهَلْ تُؤْتِي صَدَقَتَهَا؟» قَالَ: «نَعَمْ». قَالَ: «فَاعْمَلْ مِنْ وَرَاءِ الْبِحَارِ، فَإِنَّ اللَّهَ لَنْ يَتِرَكَ مِنْ عَمَلِكَ شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, бір бәдәуи Алла Елшісінен (с.а.с.) һижрет туралы сұрады. Сонда ол (с.а.с.): «Апыр-ай! Һижрет – өте ауыр іс. Түйелерің бар ма?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Олардың зекетін бересің бе?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – деді. Сонда ол (с.а.с.): «Елді мекендерден жырақта жүрсең де игі амал жасай бер. Өйткені Алла сенің амалдарыңның сауабынан еш нәрсені кемітпейді», – деді (1865/87).

بَابٌ: مَنْ أُذِنَ لَهُ فِي الْبَدْوِ بَعْدَ الْهِجْرَةِ

26-бапҺижреттен кейін далада көшпелі тұрмыс кешуге рұқсат берілген адам туралы

1188
Мүслим, № 1188

عَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ دَخَلَ عَلَى الْحَجَّاجِ، فَقَالَ: «يَا ابْنَ الْأَكْوَعِ، اِرْتَدَدْتَ عَلَى عَقِبَيْكَ؟ تَعَرَّبْتَ؟» قَالَ: «لَا، وَلَكِنْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَذِنَ لِي فِي الْبَدْوِ».

Қазақша аудармасы

Сәләмә ибн әл-Акуағ (р.а.) әл-Хажжаждың алдына кіргенде, ол: «Уа, Ибн әл-Акуағ! Бұрынғы күйіңе қайта оралдың ба? Қайтадан көшпелі тұрмысқа ауыстың ба?» – деп сұрады. Сәләмә: «Жоқ, Алла Елшісі (с.а.с.) маған далада тұруға рұқсат берген», – деді (1862/82).

بَابٌ: غَزْوَةُ حُنَيْنٍ

27-бапХунәйн шайқасы туралы

1189
Мүслим, № 1189

عَنْ كَثِيرِ بْنِ عَبَّاسِ بْنِ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ، قَالَ: قَالَ عَبَّاسٌ: «شَهِدْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ حُنَيْنٍ، فَلَزِمْتُ أَنَا وَأَبُو سُفْيَانَ بْنُ الْحَارِثِ بْنِ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَلَمْ نُفَارِقْهُ، وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى بَغْلَةٍ لَهُ بَيْضَاءَ أَهْدَاهَا لَهُ فَرْوَةُ بْنُ نُفَاثَةَ الْجُذَامِيُّ، فَلَمَّا الْتَقَى الْمُسْلِمُونَ وَالْكُفَّارُ وَلَّى الْمُسْلِمُونَ مُدْبِرِينَ، فَطَفِقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَرْكُضُ بَغْلَتَهُ قِبَلَ الْكُفَّارِ». قَالَ عَبَّاسٌ: «وَأَنَا آخِذٌ بِلِجَامِ بَغْلَةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَكُفُّهَا إِرَادَةَ أَنْ لَا تُسْرِعَ، وَأَبُو سُفْيَانَ آخِذٌ بِرِكَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَيْ عَبَّاسُ، نَادِ أَصْحَابَ السَّمُرَةِ”». فَقَالَ عَبَّاسٌ (وَكَانَ رَجُلًا صَيِّتًا): «فَقُلْتُ بِأَعْلَى صَوْتِي: “أَيْنَ أَصْحَابُ السَّمُرَةِ؟” قَالَ: فَوَاللَّهِ، لَكَأَنَّ عَطْفَتَهُمْ حِينَ سَمِعُوا صَوْتِي عَطْفَةُ الْبَقَرِ عَلَى أَوْلَادِهَا، فَقَالُوا: “يَا لَبَّيْكَ، يَا لَبَّيْكَ”. قَالَ: فَاقْتَتَلُوا وَالْكُفَّارَ، وَالدَّعْوَةُ فِي الْأَنْصَارِ يَقُولُونَ: “يَا مَعْشَرَ الْأَنْصَارِ، يَا مَعْشَرَ الْأَنْصَارِ”. قَالَ: ثُمَّ قُصِرَتِ الدَّعْوَةُ عَلَى بَنِي الْحَارِثِ بْنِ الْخَزْرَجِ، فَقَالُوا: “يَا بَنِي الْحَارِثِ بْنِ الْخَزْرَجِ، يَا بَنِي الْحَارِثِ بْنِ الْخَزْرَجِ”، فَنَظَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ عَلَى بَغْلَتِهِ كَالْمُتَطَاوِلِ عَلَيْهَا إِلَى قِتَالِهِمْ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “هَذَا حِينَ حَمِيَ الْوَطِيسُ”. قَالَ: ثُمَّ أَخَذَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَصَيَاتٍ فَرَمَى بِهِنَّ وُجُوهَ الْكُفَّارِ، ثُمَّ قَالَ: “اِنْهَزَمُوا وَرَبِّ مُحَمَّدٍ”. قَالَ: فَذَهَبْتُ أَنْظُرُ فَإِذَا الْقِتَالُ عَلَى هَيْئَتِهِ فِيمَا أَرَى، قَالَ: فَوَاللَّهِ، مَا هُوَ إِلَّا أَنْ رَمَاهُمْ بِحَصَيَاتِهِ فَمَا زِلْتُ أَرَى حَدَّهُمْ كَلِيلًا، وَأَمْرَهُمْ مُدْبِرًا».

Қазақша аудармасы

Кәсир ибн Аббас ибн Абдулмутталиб әкесі Аббастың былай дегенін жеткізді: «Хунәйн күні Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге болдым. Әбу Суфиян ибн Харис ибн Абдулмутталиб екеуіміз Алла Елшісінің (с.а.с.) жанында болып, одан ажырамадық. Алла Елшісі (с.а.с.) Фәруа ибн Нұфаса әл-Жузами сыйға тартқан ақ қашырын мініп келе жатқан еді. Мұсылмандар мен кәпірлер бетпе-бет келгенде, мұсылмандар кері бұрылып, қаша жөнелді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) қашырын кәпірлерге қарай тебініп, алға ұмтыла берді. Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) қашыры тым жылдам кетпесін деп, жүгенінен тартып ұстап тұрдым, ал Әбу Суфиян Алла Елшісінің (с.а.с.) үзеңгісінен ұстап келе жатты. Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, Аббас! Сәмура ағашының түбінде серт берген сахабаларды шақыр!” – деді». Аббастың даусы зор еді. Ол сөзін жалғастырды: «Мен бар даусыммен: “Сәмура ағашының түбінде серт бергендер қайдасыңдар?” – деп айғайладым. Алланың атымен ант етемін, даусымды естігенде олардың кері бұрылуы сиырлардың бұзауларына қарай бұрылғанындай болды. Олар: “Ләббай! Ләббай!” – деп үн қатты. Сөйтіп, кәпірлермен шайқаса бастады. Одан кейін ансарларға: “Уа, ансарлар қауымы! Уа, ансарлар қауымы!” – деп жар салынды. Содан соң шақыру тек Бәну Харис ибн Хазражға бағытталып: “Уа, Бәну Харис ибн Хазраж! Уа, Бәну Харис ибн Хазраж!” – делінді. Алла Елшісі (с.а.с.) қашырының үстінде бойын созып, олардың шайқасына көз салды да: “Міне, енді шайқастың оты қызды!” – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) бірнеше ұсақ тас алып, оларды кәпірлердің беттеріне қарай шашты да: “Мұхаммедтің Раббысына ант етемін, олар жеңілді!” – деді. Мен шайқасқа көз салдым. Қарасам, шайқас әлі де бұрынғы қалпында жүріп жатқандай көрінді. Бірақ Алламен ант етемін, ол ұсақ тастарды оларға шашқан сәттен бастап, олардың екпінінің бәсеңдеп, істерінің кері кеткенін көре бердім» (1775/76).

1190
Мүслим, № 1190

عَنْ أَبِي إِسْحَاقَ، قَالَ: «جَاءَ رَجُلٌ إِلَى الْبَرَاءِ فَقَالَ: “أَكُنْتُمْ وَلَّيْتُمْ يَوْمَ حُنَيْنٍ يَا أَبَا عُمَارَةَ؟” فَقَالَ: “أَشْهَدُ عَلَى نَبِيِّ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ مَا وَلَّى، وَلَكِنَّهُ اِنْطَلَقَ أَخِفَّاءُ مِنَ النَّاسِ وَحُسَّرٌ إِلَى هَذَا الْحَيِّ مِنْ هَوَازِنَ، وَهُمْ قَوْمٌ رُمَاةٌ، فَرَمَوْهُمْ بِرَشْقٍ مِنْ نَبْلٍ كَأَنَّهَا رِجْلٌ مِنْ جَرَادٍ، فَانْكَشَفُوا، فَأَقْبَلَ الْقَوْمُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَأَبُو سُفْيَانَ بْنُ الْحَارِثِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُودُ بِهِ بَغْلَتَهُ، فَنَزَلَ وَدَعَا وَاسْتَنْصَرَ وَهُوَ يَقُولُ: ‘أَنَا النَّبِيُّ لَا كَذِبْ، أَنَا ابْنُ عَبْدِ الْمُطَّلِبْ، اللَّهُمَّ أَنْزِلْ نَصْرَكَ’”». قَالَ الْبَرَاءُ: «كُنَّا وَاللَّهِ إِذَا اِحْمَرَّ الْبَأْسُ نَتَّقِي بِهِ، وَإِنَّ الشُّجَاعَ مِنَّا الَّذِي يُحَاذِي بِهِ» (يَعْنِي النَّبِيَّ ﷺ).

Қазақша аудармасы

Әбу Исхақ былай деді: «Бір адам әл-Бараға келіп: “Уа, Әбу Ұмара! Хунәйн күні сендер кері шегіндіңдер ме?” – деп сұрады. Ол: “Алланың Пайғамбарының (с.а.с.) кері шегінбегеніне куәлік етемін. Алайда кейбір ширақ адамдар мен сауытсыз жауынгерлер Һауазин тайпасына қарай алға шыққан еді. Һауазиндіктер мерген халық болатын. Олар бұларға шегіртке үйіріндей қаптаған жебелерін жаудырды. Содан әлгі топтың қатары бұзылып, Алла Елшісіне (с.а.с.) қарай қайтты. Сол кезде Әбу Суфиян ибн Харис (р.а.) оның қашырын жетектеп келе жатқан еді. Ол (с.а.с.) қашырынан түсіп, дұға етіп, Алладан жеңіс тіледі де: ‘Мен – пайғамбармын, бұл – жалған емес. Мен – Абдулмутталибтің ұлымын. Уа, Алла! Жеңісіңді түсіре гөр!’ – деді”, – деп жауап берді». Әл-Бара: «Алламен ант етемін, шайқас әбден қызған кезде, біз оны қалқан тұтатынбыз. Арамызда батыл деп соның қасында тұрып шайқасқанды айтатынбыз», – деді. Ол Пайғамбарды (с.а.с.) меңзеді (1776/79).

1191
Мүслим, № 1191

عَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «غَزَوْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ حُنَيْنًا، فَلَمَّا وَاجَهْنَا الْعَدُوَّ تَقَدَّمْتُ فَأَعْلُو ثَنِيَّةً، فَاسْتَقْبَلَنِي رَجُلٌ مِنَ الْعَدُوِّ، فَأَرْمِيهِ بِسَهْمٍ فَتَوَارَى عَنِّي، فَمَا دَرَيْتُ مَا صَنَعَ، وَنَظَرْتُ إِلَى الْقَوْمِ فَإِذَا هُمْ قَدْ طَلَعُوا مِنْ ثَنِيَّةٍ أُخْرَى، فَالْتَقَوْا هُمْ وَصَحَابَةُ النَّبِيِّ ﷺ، فَوَلَّى صَحَابَةُ النَّبِيِّ ﷺ وَأَرْجِعُ مُنْهَزِمًا، وَعَلَيَّ بُرْدَتَانِ مُتَّزِرًا بِإِحْدَاهُمَا مُرْتَدِيًا بِالْأُخْرَى، فَاسْتَطْلَقَ إِزَارِي فَجَمَعْتُهُمَا جَمِيعًا، وَمَرَرْتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مُنْهَزِمًا وَهُوَ عَلَى بَغْلَتِهِ الشَّهْبَاءِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَقَدْ رَأَى ابْنُ الْأَكْوَعِ فَزَعًا”، فَلَمَّا غَشُوا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَزَلَ عَنِ الْبَغْلَةِ، ثُمَّ قَبَضَ قَبْضَةً مِنْ تُرَابٍ مِنَ الْأَرْضِ، ثُمَّ اِسْتَقْبَلَ بِهِ وُجُوهَهُمْ، فَقَالَ: “شَاهَتِ الْوُجُوهُ”، فَمَا خَلَقَ اللَّهُ مِنْهُمْ إِنْسَانًا إِلَّا مَلَأَ عَيْنَيْهِ تُرَابًا بِتِلْكَ الْقَبْضَةِ، فَوَلَّوْا مُدْبِرِينَ، فَهَزَمَهُمُ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ، وَقَسَمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ غَنَائِمَهُمْ بَيْنَ الْمُسْلِمِينَ».

Қазақша аудармасы

Сәләмә ибн әл-Акуағ (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Хунәйн жорығына қатыстық. Жаумен бетпе-бет келгенде, мен алға озып, бір асуға көтерілдім. Сол кезде алдымнан жаудың бір адамы шықты. Мен оны жебемен аттым, ол көзден таса болды. Оған не болғанын білмедім. Қарасам, жау жасағы басқа бір асудан шығып келе жатыр екен. Олар Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларымен бетпе-бет келді. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабалары кері шегінді. Мен де жеңіліп, кері қаштым. Үстімде екі шапан бар еді: бірін беліме орап, екіншісін иығыма жамылған болатынмын. Беліме ораған шапаным шешіліп кеткен соң, екеуін бірге жинап ұстадым. Қашып бара жатып, боз қашырының үстінде отырған Алла Елшісінің (с.а.с.) жанынан өттім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Ибн әл-Акуағ қатты үрейге тап болыпты ғой!” – деді. Жау Алла Елшісін (с.а.с.) қоршай ұмтылғанда, ол қашырынан түсті. Содан кейін жерден бір уыс топырақ алып, оны олардың жүздеріне қарай шашты да: “Жүздерің оңбасын!” – деді. Алла жаратқан олардың әрқайсысының екі көзі сол бір уыс топыраққа толды. Олар теріс айналып, қаша жөнелді. Ұлы әрі Құдіретті Алла оларды жеңіліске ұшыратты. Алла Елшісі (с.а.с.) олардан түскен олжаны мұсылмандар арасында бөліп берді» (1777/81).

بَابٌ: فِي غَزْوَةِ الطَّائِفِ

28-бапТаиф жорығы туралы

1192
Мүслим, № 1192Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «حَاصَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَهْلَ الطَّائِفِ، فَلَمْ يَنَلْ مِنْهُمْ شَيْئًا، فَقَالَ: “إِنَّا قَافِلُونَ إِنْ شَاءَ اللَّهُ تَعَالَى”. قَالَ أَصْحَابُهُ: “نَرْجِعُ وَلَمْ نَفْتَتِحْهُ؟” فَقَالَ لَهُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “اُغْدُوا عَلَى الْقِتَالِ”، فَغَدَوْا عَلَيْهِ، فَأَصَابَهُمْ جِرَاحٌ، فَقَالَ لَهُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنَّا قَافِلُونَ غَدًا”. قَالَ: فَأَعْجَبَهُمْ ذَلِكَ، فَضَحِكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Таиф тұрғындарын қоршауға алды, алайда оларды бағындыра алмады. Сонда ол (с.а.с.): “Алла қаласа, біз кері қайтамыз”, – деді. Сахабалары: “Таифті бағындырмай қайтамыз ба?” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оларға: “Ертең таңертең шайқасқа шығыңдар”, – деді. Олар ертеңінде шайқасқа шығып, жарақат алды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Біз ертең кері қайтамыз”, – деді. Бұл жолы оның сөзі оларға ұнады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) күлді» (1778/82).

بَابٌ: عَدَدُ غَزَوَاتِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ

29-бапАлла Елшісінің (с.а.с.) әскери жорықтарының саны туралы

1193
Мүслим, № 1193

عَنْ أَبِي إِسْحَاقَ، أَنَّ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ يَزِيدَ خَرَجَ يَسْتَسْقِي بِالنَّاسِ، فَصَلَّى رَكْعَتَيْنِ، ثُمَّ اِسْتَسْقَى، قَالَ: فَلَقِيتُ يَوْمَئِذٍ زَيْدَ بْنَ أَرْقَمَ، وَقَالَ: «لَيْسَ بَيْنِي وَبَيْنَهُ غَيْرُ رَجُلٍ (أَوْ بَيْنِي وَبَيْنَهُ رَجُلٌ)». قَالَ: فَقُلْتُ لَهُ: «كَمْ غَزَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ؟» قَالَ: «تِسْعَ عَشْرَةَ غَزْوَةً». فَقُلْتُ: «كَمْ غَزَوْتَ أَنْتَ مَعَهُ؟» قَالَ: «سَبْعَ عَشْرَةَ غَزْوَةً». قَالَ: فَقُلْتُ: «فَمَا أَوَّلُ غَزْوَةٍ غَزَاهَا؟» قَالَ: «ذَاتُ الْعُسَيْرِ أَوِ الْعُشَيْرِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Исхақ былай деді: «Абдулла ибн Язид жұртпен бірге жаңбыр тілеуге шықты. Ол екі рәкәғат намаз оқып, содан кейін жаңбыр тіледі. Сол күні Зәйд ибн Арқамды кездестірдім. Екеуіміздің арамызда бір ғана адам бар еді». Риуаятта: «Екеуіміздің арамызда бір адам тұрды», – деп те айтылған. Әбу Исхақ сөзін жалғастырды: «Мен одан: “Алла Елшісі (с.а.с.) қанша жорыққа қатысты?” – деп сұрадым. Ол: “Он тоғыз жорыққа”, – деді. Мен: “Ал сен онымен бірге қанша жорыққа қатыстың?” – деп сұрадым. Ол: “Он жеті жорыққа”, – деді. Мен: “Оның ең алғашқы жорығы қайсы еді?” – деп сұрадым. Ол: “Затул-Усәйр немесе әл-Ушәйр жорығы”, – деді» (1254/143).

1193
Мүслим, № 1193-бРиуаят етуші: Бурайда (р.а.)

عَنْ بُرَيْدَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «غَزَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ تِسْعَ عَشْرَةَ غَزْوَةً، قَاتَلَ فِي ثَمَانٍ مِنْهُنَّ».

Қазақша аудармасы

Бурәйда (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) он тоғыз жорыққа аттанып, соның сегізінде шайқасты» (1814/146).