Хадис

Сахих Мүслим, № 1178

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
34. Һижрет және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْهِجْرَةِ وَالْمَغَازِي
бап
17. Хұдайбия оқиғасы және Пайғамбардың (с.а.с.) құрайыштармен жасасқан бітімі туралыبَابٌ: قِصَّةُ الْحُدَيْبِيَةِ وَصُلْحُ النَّبِيِّ ﷺ مَعَ قُرَيْشٍ
Нөмірі
№ 1178 (Мухтасар реті)
1178
Мүслим, № 1178Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «لَمَّا نَزَلَتْ: ﴿إِنَّا فَتَحْنَا لَكَ فَتْحًا مُبِينًا لِيَغْفِرَ لَكَ اللَّهُ﴾ [الْفَتْحِ: ١، ٢] إِلَى قَوْلِهِ: ﴿فَوْزًا عَظِيمًا﴾ [الْفَتْحِ: ٥] مَرْجِعَهُ مِنَ الْحُدَيْبِيَةِ، وَهُمْ يُخَالِطُهُمُ الْحُزْنُ وَالْكَآبَةُ، وَقَدْ نَحَرَ الْهَدْيَ بِالْحُدَيْبِيَةِ، فَقَالَ: “لَقَدْ أُنْزِلَتْ عَلَيَّ آيَةٌ هِيَ أَحَبُّ إِلَيَّ مِنَ الدُّنْيَا جَمِيعًا”».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Хұдайбиядан қайтып келе жатқанда: “Біз саған ап-айқын жеңіс нәсіп еттік! Міне, бұл – Алланың сенің өткен һәм келешек күнәларыңды кешіруі” дегеннен “орасан зор жетістік еді!” дегенге дейінгі аяттар түсті («Фатх», 1–5-аяттар). Сол кезде оларды мұң мен күйзеліс билеп келе жатқан еді. Алла Елшісі (с.а.с.) Хұдайбияда құрбандық малдарын шалып қойған болатын. Сонда ол (с.а.с.): “Маған бүкіл дүниеден де сүйіктірек бір аят түсті”, – деді» (1786/97).