Хадис

Сахих Мүслим, № 1187

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
34. Һижрет және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْهِجْرَةِ وَالْمَغَازِي
бап
25. Һижрет жасау қиынға соққан адамға игі істер атқаруды бұйыру туралыبَابٌ: الْأَمْرُ بِعَمَلِ الْخَيْرِ مَنِ اِشْتَدَّتْ عَلَيْهِ الْهِجْرَةُ
Нөмірі
№ 1187 (Мухтасар реті)
1187
Мүслим, № 1187Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ أَعْرَابِيًّا سَأَلَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنِ الْهِجْرَةِ، فَقَالَ: «وَيْحَكَ، إِنَّ شَأْنَ الْهِجْرَةِ لَشَدِيدٌ، فَهَلْ لَكَ مِنْ إِبِلٍ؟» قَالَ: «نَعَمْ». قَالَ: «فَهَلْ تُؤْتِي صَدَقَتَهَا؟» قَالَ: «نَعَمْ». قَالَ: «فَاعْمَلْ مِنْ وَرَاءِ الْبِحَارِ، فَإِنَّ اللَّهَ لَنْ يَتِرَكَ مِنْ عَمَلِكَ شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, бір бәдәуи Алла Елшісінен (с.а.с.) һижрет туралы сұрады. Сонда ол (с.а.с.): «Апыр-ай! Һижрет – өте ауыр іс. Түйелерің бар ма?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Олардың зекетін бересің бе?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – деді. Сонда ол (с.а.с.): «Елді мекендерден жырақта жүрсең де игі амал жасай бер. Өйткені Алла сенің амалдарыңның сауабынан еш нәрсені кемітпейді», – деді (1865/87).