Хадис

Сахих Мүслим, № 1248

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
36. Аңшылық және мал сою кітабыكِتَابُ الصَّيْدِ وَالذَّبَائِحِ
бап
8. Жануарларды байлап қойып, тірі нысана ретінде атуға тыйым салуبَابٌ: النَّهْيُ عَنْ صَيْدِ الْبَهَائِمِ
Нөмірі
№ 1248 (Мухтасар реті)
1248
Мүслим, № 1248

عَنْ سَعِيدِ بْنِ جُبَيْرٍ، قَالَ: «مَرَّ ابْنُ عُمَرَ بِفِتْيَانٍ مِنْ قُرَيْشٍ قَدْ نَصَبُوا طَيْرًا، وَهُمْ يَرْمُونَهُ، وَقَدْ جَعَلُوا لِصَاحِبِ الطَّيْرِ كُلَّ خَاطِئَةٍ مِنْ نَبْلِهِمْ، فَلَمَّا رَأَوُا ابْنَ عُمَرَ تَفَرَّقُوا، فَقَالَ ابْنُ عُمَرَ: “مَنْ فَعَلَ هَذَا؟ لَعَنَ اللَّهُ مَنْ فَعَلَ هَذَا! إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَعَنَ مَنِ اِتَّخَذَ شَيْئًا فِيهِ الرُّوحُ غَرَضًا”».

Қазақша аудармасы

Сағид ибн Жубәйр былай деді: «Ибн Омар бір құсты нысана етіп қойып, оған жебе атып жатқан құрайыштық жастардың жанынан өтті. Олар мүлт кеткен жебелерінің бәрін құстың иесіне беруге келіскен еді. Ибн Омарды көргенде, жан-жаққа тарап кетті. Сонда ол: “Мұны кім істеді? Мұны істеген адамға Алла лағынет етсін! Расында, Алла Елшісі (с.а.с.) жаны бар нәрсені нысана еткен адамға лағынет айтты”, – деді» (1958/59).