Хадис

Сахих Мүслим, № 1256

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
37. Құрбандықтар кітабыكِتَابُ الْأَضَاحِي
бап
6. Ақ түсіне қара араласқан мүйізді екі қошқарды құрбандыққа шалудың, оларды өз қолымен бауыздаудың, Алланың атын атап, тәкбір айтудың құпталатыны туралыبَابٌ: اِسْتِحْبَابُ الضَّحِيَّةِ بِكَبْشَيْنِ أَمْلَحَيْنِ أَقْرَنَيْنِ، وَالذَّبْحِ بِالْيَدِ وَالتَّسْمِيَةِ وَالتَّكْبِيرِ
Нөмірі
№ 1256 (Мухтасар реті)
1256
Мүслим, № 1256Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «ضَحَّى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِكَبْشَيْنِ أَمْلَحَيْنِ أَقْرَنَيْنِ». قَالَ: «فَرَأَيْتُهُ يَذْبَحُهُمَا بِيَدِهِ، وَرَأَيْتُهُ وَاضِعًا قَدَمَهُ عَلَى صِفَاحِهِمَا». قَالَ: «وَسَمَّى وَكَبَّرَ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) ақ түсіне қара араласқан мүйізді екі қошқарды құрбандыққа шалды», – деді. Сондай-ақ: «Оларды өз қолымен сойғанын көрдім және аяғын екеуінің де мойын тұсына қойғанын көрдім», – деді. Әрі: «Алланың атын атап, тәкбір айтты», – деді (1966/18).