Хадис
كِتَابُ الْأَضَاحِي

Құрбандықтар кітабы

Сахих Мүслим, 37-кітап · 11 хадис · № 1251–1261

Мазмұны: 11 бап
  1. 1Зұлхижжаның алғашқы он күні басталғанда, сендердің бірің құрбандық шалғысы келсе, шашы мен тырнағын алмасын
  2. 2Құрбандық шалатын уақыт туралы
  3. 3Айт намазынан бұрын шалынған мал құрбандыққа есептелмейді
  4. 4Құрбандыққа жарайтын малдың жасы туралы
  5. 5Тоқтыны құрбандыққа шалу туралы
  6. 6Ақ түсіне қара араласқан мүйізді екі қошқарды құрбандыққа шалудың, оларды өз қолымен бауыздаудың, Алланың атын атап, тәкбір айтудың құпталатыны туралы
  7. 7Пайғамбардың (с.а.с.) өзінің, отбасының және үмбетінің атынан құрбандық шалуы туралы
  8. 8Құрбандық етін үш күннен кейін жеуге тыйым салу
  9. 9Құрбандық етін үш күннен кейін жеуге, сақтауға, жол азығы ретінде алуға және садақаға беруге рұқсат етілуі туралы
  10. 10Малдың алғашқы төлін құрбандыққа шалу (фарағ) және рәжәб айында құрбандық шалу (ғатира) туралы
  11. 11Алладан өзгеге арнап мал сойған адам туралы
بَابٌ: إِذَا دَخَلَ الْعَشْرُ وَأَرَادَ أَحَدُكُمْ أَنْ يُضَحِّيَ فَلَا يَمَسَّ مِنْ شَعْرِهِ وَأَظْفَارِهِ

1-бапЗұлхижжаның алғашқы он күні басталғанда, сендердің бірің құрбандық шалғысы келсе, шашы мен тырнағын алмасын

1251
Мүслим, № 1251Риуаят етуші: Үммі Сәләма (р.а.)

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ كَانَ لَهُ ذِبْحٌ يَذْبَحُهُ، فَإِذَا أُهِلَّ هِلَالُ ذِي الْحِجَّةِ، فَلَا يَأْخُذَنَّ مِنْ شَعْرِهِ وَلَا مِنْ أَظْفَارِهِ شَيْئًا حَتَّى يُضَحِّيَ».

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләма (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Кімнің құрбандыққа шалатын малы болса, зұлхижжа айы кіргеннен бастап құрбандығын шалғанға дейін шашы мен тырнағынан ештеңе алмасын», – дегенін жеткізді (1977/42).

بَابٌ: الْوَقْتُ الَّذِي يُذْبَحُ فِيهِ الْأُضْحِيَّةُ

2-бапҚұрбандық шалатын уақыт туралы

1252
Мүслим, № 1252Риуаят етуші: Жундуб ибн Суфиян (р.а.)

عَنْ جُنْدُبِ بْنِ سُفْيَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «شَهِدْتُ الْأَضْحَى مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَلَمْ يَعْدُ أَنْ صَلَّى وَفَرَغَ مِنْ صَلَاتِهِ، سَلَّمَ، فَإِذَا هُوَ يَرَى لَحْمَ أَضَاحِيَّ قَدْ ذُبِحَتْ قَبْلَ أَنْ يَفْرُغَ مِنْ صَلَاتِهِ، فَقَالَ: “مَنْ كَانَ ذَبَحَ أُضْحِيَّتَهُ قَبْلَ أَنْ يُصَلِّيَ” (أَوْ: “نُصَلِّيَ”) “فَلْيَذْبَحْ مَكَانَهَا أُخْرَى، وَمَنْ كَانَ لَمْ يَذْبَحْ، فَلْيَذْبَحْ بِاسْمِ اللَّهِ”».

Қазақша аудармасы

Жундуб ибн Суфиян (р.а.) былай деді: «Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Құрбан айтқа қатыстым. Ол сәлем беріп, намазын аяқтаған бойда, намаздан бұрын сойылып қойған құрбандықтардың етін көрді. Сонда ол (с.а.с.): “Кім құрбандығын өзі намаз оқымай тұрып – немесе біз намаз оқымай тұрып – сойған болса, оның орнына басқа құрбандық шалсын. Ал кім әлі құрбандық шалмаған болса, Алланың атын атап сойсын”, – деді» (1960/1).

بَابٌ: مَنْ ذَبَحَ الضَّحِيَّةَ قَبْلَ الصَّلَاةِ لَمْ تُجْزِهِ

3-бапАйт намазынан бұрын шалынған мал құрбандыққа есептелмейді

1253
Мүслим, № 1253Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنَّ أَوَّلَ مَا نَبْدَأُ بِهِ فِي يَوْمِنَا هَذَا نُصَلِّي، ثُمَّ نَرْجِعُ فَنَنْحَرُ، فَمَنْ فَعَلَ ذَلِكَ، فَقَدْ أَصَابَ سُنَّتَنَا، وَمَنْ ذَبَحَ، فَإِنَّمَا هُوَ لَحْمٌ قَدَّمَهُ لِأَهْلِهِ، لَيْسَ مِنَ النُّسُكِ فِي شَيْءٍ”، وَكَانَ أَبُو بُرْدَةَ بْنُ نِيَارٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَدْ ذَبَحَ، فَقَالَ: “عِنْدِي جَذَعَةٌ خَيْرٌ مِنْ مُسِنَّةٍ”. فَقَالَ: “اِذْبَحْهَا وَلَنْ تَجْزِيَ عَنْ أَحَدٍ بَعْدَكَ”».

Қазақша аудармасы

Бара ибн Азиб (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Осы күнімізде ең алдымен намаз оқимыз, содан кейін қайтып, құрбан шаламыз. Кім осылай істесе, біздің сүннетімізге сай амал еткен болады. Ал кім намаздан бұрын мал сойса, ол – отбасына ертерек ұсынған ет қана. Оның құрбандыққа еш қатысы жоқ”, – деді. Әбу Бурда ибн Нияр (р.а.) құрбанын алдын ала сойып қойған еді. Ол: “Менде тісеген ешкіден де жақсы бір жас ешкі бар”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Соны сой. Бірақ сенен кейін мұндай жас ешкі ешкімнің құрбандығына жарамайды”, – деді» (1961/7).

بَابٌ: مَا يَجُوزُ مِنَ الْأَضَاحِي مِنَ السِّنِّ

4-бапҚұрбандыққа жарайтын малдың жасы туралы

1254
Мүслим, № 1254Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَذْبَحُوا إِلَّا مُسِنَّةً إِلَّا أَنْ يَعْسُرَ عَلَيْكُمْ، فَتَذْبَحُوا جَذَعَةً مِنَ الضَّأْنِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Тек тісеген малды ғана сойыңдар. Егер мұндай мал табу сендерге қиын болса, тоқты сойыңдар» (1963/13).

بَابٌ: الضَّحِيَّةُ بِالْجَذَعِ

5-бапТоқтыны құрбандыққа шалу туралы

1255
Мүслим, № 1255Риуаят етуші: Уқба ибн Амир (р.а.)

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قَسَمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِينَا الضَّحَايَا، فَأَصَابَنِي جَذَعٌ، فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَصَابَنِي جَذَعٌ”. فَقَالَ: “ضَحِّ بِهِ”».

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) құрбандыққа шалынатын малдарды арамызда бөліп берді. Маған бір жас тоқты тиді. Сонда мен: “Уа, Расулалла! Маған бір жас тоқты тиді”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Оны құрбандыққа шал”, – деді» (1965/16).

بَابٌ: اِسْتِحْبَابُ الضَّحِيَّةِ بِكَبْشَيْنِ أَمْلَحَيْنِ أَقْرَنَيْنِ، وَالذَّبْحِ بِالْيَدِ وَالتَّسْمِيَةِ وَالتَّكْبِيرِ

6-бапАқ түсіне қара араласқан мүйізді екі қошқарды құрбандыққа шалудың, оларды өз қолымен бауыздаудың, Алланың атын атап, тәкбір айтудың құпталатыны туралы

1256
Мүслим, № 1256Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «ضَحَّى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِكَبْشَيْنِ أَمْلَحَيْنِ أَقْرَنَيْنِ». قَالَ: «فَرَأَيْتُهُ يَذْبَحُهُمَا بِيَدِهِ، وَرَأَيْتُهُ وَاضِعًا قَدَمَهُ عَلَى صِفَاحِهِمَا». قَالَ: «وَسَمَّى وَكَبَّرَ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) ақ түсіне қара араласқан мүйізді екі қошқарды құрбандыққа шалды», – деді. Сондай-ақ: «Оларды өз қолымен сойғанын көрдім және аяғын екеуінің де мойын тұсына қойғанын көрдім», – деді. Әрі: «Алланың атын атап, тәкбір айтты», – деді (1966/18).

بَابٌ: ذَبْحُ النَّبِيِّ ﷺ الضَّحِيَّةَ عَنْهُ وَعَنْ آلِهِ وَأُمَّتِهِ

7-бапПайғамбардың (с.а.с.) өзінің, отбасының және үмбетінің атынан құрбандық шалуы туралы

1257
Мүслим, № 1257Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَمَرَ بِكَبْشٍ أَقْرَنَ يَطَأُ فِي سَوَادٍ، وَيَبْرُكُ فِي سَوَادٍ، وَيَنْظُرُ فِي سَوَادٍ، فَأُتِيَ بِهِ لِيُضَحِّيَ بِهِ، فَقَالَ لَهَا: «يَا عَائِشَةُ، هَلُمِّي الْمُدْيَةَ». ثُمَّ قَالَ: «اِشْحَذِيهَا بِحَجَرٍ»، فَفَعَلَتْ، ثُمَّ أَخَذَهَا، وَأَخَذَ الْكَبْشَ فَأَضْجَعَهُ، ثُمَّ ذَبَحَهُ، ثُمَّ قَالَ: «بِاسْمِ اللَّهِ، اللَّهُمَّ تَقَبَّلْ مِنْ مُحَمَّدٍ وَآلِ مُحَمَّدٍ، وَمِنْ أُمَّةِ مُحَمَّدٍ». ثُمَّ ضَحَّى بِهِ.

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) аяқтары, бауыры және көзінің айналасы қара, мүйізді бір қошқарды әкелуді бұйырды. Қошқарды құрбандыққа шалу үшін әкелгенде, ол (с.а.с.) Айшаға: «Уа, Айша! Пышақты әкел», – деді. Содан кейін: «Оны таспен қайрап ал», – деді. Айша солай істеді. Содан соң ол (с.а.с.) пышақты алып, қошқарды жатқызды да сойды. Кейін: «Алланың атымен! Уа, Алла! Мұхаммедтен, Мұхаммедтің әулетінен және Мұхаммедтің үмбетінен қабыл ал!» – деді. Сөйтіп, оны құрбандыққа шалды (1967/19).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنْ أَكْلِ لُحُومِ الْأَضَاحِي بَعْدَ ثَلَاثٍ

8-бапҚұрбандық етін үш күннен кейін жеуге тыйым салу

1258
Мүслим, № 1258

عَنْ أَبِي عُبَيْدٍ، مَوْلَى ابْنِ أَزْهَرَ، أَنَّهُ شَهِدَ الْعِيدَ مَعَ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «ثُمَّ صَلَّيْتُ مَعَ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: فَصَلَّى لَنَا قَبْلَ الْخُطْبَةِ، ثُمَّ خَطَبَ النَّاسَ، فَقَالَ: “إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَدْ نَهَاكُمْ أَنْ تَأْكُلُوا لُحُومَ نُسُكِكُمْ فَوْقَ ثَلَاثِ لَيَالٍ، فَلَا تَأْكُلُوهَا”».

Қазақша аудармасы

Ибн Азһардың азат еткен құлы Әбу Убайд Омар ибн әл-Хаттабпен (р.а.) бірге айт намазына қатысқанын айтып, былай деді: «Содан кейін Әли ибн Әбу Талибпен (р.а.) бірге намаз оқыдым. Ол бізге құтпадан бұрын намаз оқытып, кейін адамдарға құтба айтып: “Расында, Алла Елшісі (с.а.с.) сендерге құрбандықтарыңның етін үш түннен артық жеуге тыйым салды. Сондықтан үш түннен асқан соң одан жемеңдер”, – деді» (1969/25).

بَابٌ: فِي الْإِذْنِ فِي لُحُومِ الْأَضَاحِي بَعْدَ ثَلَاثٍ، وَجَوَازِ الِادِّخَارِ وَالتَّزَوُّدِ وَالصَّدَقَةِ

9-бапҚұрбандық етін үш күннен кейін жеуге, сақтауға, жол азығы ретінде алуға және садақаға беруге рұқсат етілуі туралы

1259
Мүслим, № 1259

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي بَكْرٍ، عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ وَاقِدٍ، قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ أَكْلِ لُحُومِ الضَّحَايَا بَعْدَ ثَلَاثٍ». قَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أَبِي بَكْرٍ: «فَذَكَرْتُ ذَلِكَ لِعَمْرَةَ، فَقَالَتْ: “صَدَقَ. سَمِعْتُ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا تَقُولُ: ‘دَفَّتْ أَهْلُ أَبْيَاتٍ مِنْ أَهْلِ الْبَادِيَةِ حَضْرَةَ الْأَضْحَى زَمَنَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ‹اِدَّخِرُوا ثَلَاثًا، ثُمَّ تَصَدَّقُوا بِمَا بَقِيَ›، فَلَمَّا كَانَ بَعْدَ ذَلِكَ، قَالُوا: ‹يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ النَّاسَ يَتَّخِذُونَ الْأَسْقِيَةَ مِنْ ضَحَايَاهُمْ، وَيَعْمَلُونَ فِيهَا الْوَدَكَ›. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ‹وَمَا ذَاكَ؟› قَالُوا: ‹نَهَيْتَ أَنْ تُؤْكَلَ لُحُومُ الضَّحَايَا بَعْدَ ثَلَاثٍ›. فَقَالَ: ‹إِنَّمَا نَهَيْتُكُمْ مِنْ أَجْلِ الدَّافَّةِ الَّتِي دَفَّتْ، فَكُلُوا وَاِدَّخِرُوا وَتَصَدَّقُوا›’”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Әбу Бәкір Абдулла ибн Уақидтің: «Алла Елшісі (с.а.с.) құрбандық етін үш күннен кейін жеуге тыйым салды», – дегенін жеткізді. Абдулла ибн Әбу Бәкір: «Мұны Амраға айтқанымда, ол: “Ол рас айтты. Мен Айшаның (р.а.) былай дегенін естідім”, – деді», – деп баяндады. Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.) тұсында Құрбан айт кезінде дала тұрғындарының бірнеше отбасы ағылып келді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Үш күнге жететінін сақтап, одан артылғанын садақа етіңдер”, – деді. Кейінірек адамдар: “Уа, Расулалла! Жұрт құрбандық малдарының терілерінен мес жасап, соған май жинайды”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Ол не?” – деп сұрады. Олар: “Сіз құрбандық етін үш күннен кейін жеуге тыйым салдыңыз”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Мен сендерге тек ағылып келген әлгі жұрттың жағдайына байланысты тыйым салған едім. Енді өздерің де жеңдер, сақтаңдар және садақа етіңдер”, – деді» (1971/28).

بَابٌ: فِي الْفَرَعِ وَالْعَتِيرَةِ

10-бапМалдың алғашқы төлін құрбандыққа шалу (фарағ) және рәжәб айында құрбандық шалу (ғатира) туралы

1260
Мүслим, № 1260Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا فَرَعَ وَلَا عَتِيرَةَ». زَادَ ابْنُ رَافِعٍ فِي رِوَايَتِهِ: «وَالْفَرَعُ: أَوَّلُ النِّتَاجِ كَانَ يُنْتَجُ لَهُمْ فَيَذْبَحُونَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Фарағ та, ғатира да жоқ», – дегенін жеткізді. Ибн Рафиғ өз риуаятында мына сөздерді қосқан: «Фарағ – малдың алғашқы төлі. Малдың алғашқы төлі туғанда, олар оны бауыздайтын» (1976/38).

بَابٌ: فِيمَنْ ذَبَحَ لِغَيْرِ اللَّهِ

11-бапАлладан өзгеге арнап мал сойған адам туралы

1261
Мүслим, № 1261

عَنْ أَبِي الطُّفَيْلِ عَامِرِ بْنِ وَاثِلَةَ، قَالَ: «كُنْتُ عِنْدَ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ، فَأَتَاهُ رَجُلٌ، فَقَالَ: “مَا كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُسِرُّ إِلَيْكَ؟” قَالَ: فَغَضِبَ، وَقَالَ: “مَا كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُسِرُّ إِلَيَّ شَيْئًا يَكْتُمُهُ النَّاسَ، غَيْرَ أَنَّهُ قَدْ حَدَّثَنِي بِكَلِمَاتٍ أَرْبَعٍ”. قَالَ: فَقَالَ: “مَا هُنَّ يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ؟” قَالَ: قَالَ: “لَعَنَ اللَّهُ مَنْ لَعَنَ وَالِدَهُ، وَلَعَنَ اللَّهُ مَنْ ذَبَحَ لِغَيْرِ اللَّهِ، وَلَعَنَ اللَّهُ مَنْ آوَى مُحْدِثًا، وَلَعَنَ اللَّهُ مَنْ غَيَّرَ مَنَارَ الْأَرْضِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу әт-Туфайл Амир ибн Уәсилә былай деді: «Мен Әли ибн Әбу Талибтің жанында отырған едім. Бір адам келіп: “Пайғамбар (с.а.с.) саған қандай сырын айтқан еді?” – деп сұрады. Сонда Әли ашуланып: “Пайғамбар (с.а.с.) өзгелерден жасырып, маған ғана еш нәрсе айтқан жоқ. Алайда ол маған төрт сөзді жеткізді”, – деді. Әлгі адам: “Уа, мүміндердің әміршісі! Олар қандай сөздер?” – деп сұрады. Әли: “Ол (с.а.с.): ‘Әкесіне лағынет айтқан адамға Алла лағынет етсін. Алладан басқаға арнап мал сойған адамға Алла лағынет етсін. Қылмыскерді паналатқан адамға Алла лағынет етсін. Жердің шекара белгілерін өзгерткен адамға Алла лағынет етсін’, – деді”, – деп жауап берді» (1978/43).