Хадис

Сахих Мүслим, № 1260

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
37. Құрбандықтар кітабыكِتَابُ الْأَضَاحِي
бап
10. Малдың алғашқы төлін құрбандыққа шалу (фарағ) және рәжәб айында құрбандық шалу (ғатира) туралыبَابٌ: فِي الْفَرَعِ وَالْعَتِيرَةِ
Нөмірі
№ 1260 (Мухтасар реті)
1260
Мүслим, № 1260Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا فَرَعَ وَلَا عَتِيرَةَ». زَادَ ابْنُ رَافِعٍ فِي رِوَايَتِهِ: «وَالْفَرَعُ: أَوَّلُ النِّتَاجِ كَانَ يُنْتَجُ لَهُمْ فَيَذْبَحُونَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Фарағ та, ғатира да жоқ», – дегенін жеткізді. Ибн Рафиғ өз риуаятында мына сөздерді қосқан: «Фарағ – малдың алғашқы төлі. Малдың алғашқы төлі туғанда, олар оны бауыздайтын» (1976/38).