Хадис

Сахих Мүслим, № 1343

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
40. Киім және әшекей кітабыكِتَابُ اللِّبَاسِ وَالزِّينَةِ
бап
8. Жібек киімді қиып, әйелдерге арнап орамал жасау туралыبَابٌ: قَطْعُ ثَوْبِ الْحَرِيرِ خُمُرًا لِلنِّسَاءِ
Нөмірі
№ 1343 (Мухтасар реті)
1343
Мүслим, № 1343Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ أُكَيْدِرَ دُومَةَ أَهْدَى إِلَى النَّبِيِّ ﷺ ثَوْبَ حَرِيرٍ، فَأَعْطَاهُ عَلِيًّا كَرَّمَ اللَّهُ وَجْهَهُ، فَقَالَ: «شَقِّقْهُ خُمُرًا بَيْنَ الْفَوَاطِمِ».

Қазақша аудармасы

Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) былай деді: «Думалық Укәйдир Пайғамбарға (с.а.с.) жібек киім сыйлады. Ол (с.а.с.) оны Әлиге (Алла оның жүзін ардақтасын) беріп: “Оны жыртып, Фатималарға жаулық етіп бөліп бер”, – деді» (2071/18).