Хадис
كِتَابُ اللِّبَاسِ وَالزِّينَةِ

Киім және әшекей кітабы

Сахих Мүслим, 40-кітап · 62 хадис · № 1335–1395

Мазмұны: 51 бап
  1. 1Дүниеде жібек киімді ақыретте үлесі жоқ адамның ғана киетіні және жібекті, сондай-ақ оны сатудан түскен ақшаны пайдалануға рұқсат етілуі туралы
  2. 2Дүниеде жібек киім киген адам ақыретте оны кимейді
  3. 3Тақуаларға артқы етегінде тілігі бар жібек шапан кию жараспайды
  4. 4Ені екі саусақтай бөлікті қоспағанда, жібек киім киюге тыйым салу
  5. 5Дибаждан (өрнекті жібек матадан) тігілген шапан киюге тыйым салу
  6. 6Ауруға байланысты жібек киім киюге рұқсат етілуі туралы
  7. 7Жағасы дибажбен көмкерілген киім киюге рұқсат етілуі туралы
  8. 8Жібек киімді қиып, әйелдерге арнап орамал жасау туралы
  9. 9Жібек аралас қасси матасынан тігілген киім мен мақсарымен боялған киім киюге және алтын жүзік тағуға тыйым салу
  10. 10Ер адамның денесіне зағпаран жағуына тыйым салу
  11. 11Шашты бояу және ақ шаштың түсін өзгерту туралы
  12. 12Шашты бояғанда яһудилер мен христиандардан өзгеше болу туралы
  13. 13Өрнекті хибара матасынан тігілген киім кию туралы
  14. 14Түйе ер-тоқымдары бейнеленген жамылғы кию туралы
  15. 15Қалың изар (белден төмен оралатын киім) және жамалған киім кию туралы
  16. 16Төсек жапқыштары туралы
  17. 17Қажетті төсек-жабдықты алу туралы
  18. 18Іші құрма ағашының талшығымен толтырылған былғары төсек туралы
  19. 19Қолын сыртқа шығаруға орын қалдырмай, киімге орану және бір ғана киіммен тізесін құшақтап отыру туралы
  20. 20Шалқасынан жатып, бір аяғын екіншісінің үстіне қоюға тыйым салу
  21. 21Шалқасынан жатып, бір аяғын екіншісінің үстіне қоюға рұқсат етілуі туралы
  22. 22Изардың етегін балтырдың ортасына дейін көтеру туралы
  23. 23Изарын менмендікпен сүйреткен адамға Алла назар салмайды
  24. 24Үш адамға Алла тіл қатпайды әрі назар салмайды
  25. 25Киімін тәкаппарлықпен сүйреткен адам туралы
  26. 26Өзіне сүйсініп, паңдана жүріп келе жатқан адамды жердің жұтып қоюы туралы
  27. 27Ит немесе сурет бар үйге періштелер кірмейді
  28. 28Суреті бар үйге періштелер кірмейді; матаға салынған сурет бұған жатпайды
  29. 29Бейнелер салынған перденің құпталмайтыны және оны қиып, жастық жасау туралы
  30. 30Суреттері бар жастықша және оны сүйеніш жастық ретінде пайдалану туралы
  31. 31Сурет салушылардың Қиямет күні азапталуы туралы
  32. 32Сурет салушыларға қатысты қатаң ескерту туралы
  33. 33Алтын жүзік тағуға, күміс ыдыстан сусын ішуге, жібек пен дибаждан тігілген киім киюге тыйым салу
  34. 34Алтын жүзікті тастау туралы
  35. 35Пайғамбардың (с.а.с.) «Мұхаммед – Алланың Елшісі» деген жазуы бар күміс жүзікті тағуы және одан кейін халифалардың сол жүзікті тағуы туралы
  36. 36Хабаш тасы бар күміс жүзік және оң қолға жүзік тағу туралы
  37. 37Сол қолдың шынашағына жүзік тағу туралы
  38. 38Ортаңғы және сұқ саусақтарға жүзік тағуға тыйым салу
  39. 39Аяқкиім кию және аяқкиімді молынан дайындап қою туралы
  40. 40Сендердің бірің аяқкиім кигенде оң аяғынан, ал шешкенде сол аяғынан бастасын
  41. 41Бір аяққа ғана аяқкиім киіп жүруге тыйым салу
  42. 42Шаштың бір бөлігін қырып, екінші бөлігін қалдыруға тыйым салу
  43. 43Әйелдің шашына өзге шаш жалғауға тыйым салу
  44. 44Әйелдің өз шашына қандай да бір нәрсе жалғауына қатаң тыйым салу туралы
  45. 45Денеге таңба салатын және тістерінің арасын ашатын әйелдерді лағынеттеу туралы
  46. 46Өзіне берілмеген нәрсені алғандай етіп көрсететін адам туралы
  47. 47Киінгенімен, жалаңаш әйелдер туралы
  48. 48Малдың мойнына тағылған алқаларды кесіп тастау туралы
  49. 49Қоңыраулар және періштелердің иті немесе қоңырауы бар жолаушылар тобына ермейтіні туралы
  50. 50Қой мен ешкінің құлағына таңба басу туралы
  51. 51Жүк артылатын түйелерге таңба басу туралы
بَابٌ: إِنَّمَا يَلْبَسُ الْحَرِيرَ فِي الدُّنْيَا مَنْ لَا خَلَاقَ لَهُ فِي الْآخِرَةِ وَإِبَاحَةُ الِانْتِفَاعِ بِهِ وَبِثَمَنِهِ

1-бапДүниеде жібек киімді ақыретте үлесі жоқ адамның ғана киетіні және жібекті, сондай-ақ оны сатудан түскен ақшаны пайдалануға рұқсат етілуі туралы

1335
Мүслим, № 1335Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «رَأَى عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عُطَارِدًا التَّمِيمِيَّ يُقِيمُ بِالسُّوقِ حُلَّةً سِيَرَاءَ، وَكَانَ رَجُلًا يَغْشَى الْمُلُوكَ وَيُصِيبُ مِنْهُمْ، فَقَالَ عُمَرُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي رَأَيْتُ عُطَارِدًا يُقِيمُ فِي السُّوقِ حُلَّةً سِيَرَاءَ، فَلَوِ اِشْتَرَيْتَهَا فَلَبِسْتَهَا لِوُفُودِ الْعَرَبِ إِذَا قَدِمُوا عَلَيْكَ” (وَأَظُنُّهُ قَالَ: “وَلَبِسْتَهَا يَوْمَ الْجُمُعَةِ”)، فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنَّمَا يَلْبَسُ الْحَرِيرَ فِي الدُّنْيَا مَنْ لَا خَلَاقَ لَهُ فِي الْآخِرَةِ”، فَلَمَّا كَانَ بَعْدَ ذَلِكَ أُتِيَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِحُلَلٍ سِيَرَاءَ، فَبَعَثَ إِلَى عُمَرَ بِحُلَّةٍ، وَبَعَثَ إِلَى أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ بِحُلَّةٍ، وَأَعْطَى عَلِيَّ بْنَ أَبِي طَالِبٍ حُلَّةً، وَقَالَ: “شَقِّقْهَا خُمُرًا بَيْنَ نِسَائِكَ”». قَالَ: فَجَاءَ عُمَرُ بِحُلَّتِهِ يَحْمِلُهَا، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، بَعَثْتَ إِلَيَّ بِهَذِهِ، وَقَدْ قُلْتَ بِالْأَمْسِ فِي حُلَّةِ عُطَارِدٍ مَا قُلْتَ؟» فَقَالَ: «إِنِّي لَمْ أَبْعَثْ بِهَا إِلَيْكَ لِتَلْبَسَهَا، وَلَكِنِّي بَعَثْتُ بِهَا إِلَيْكَ لِتُصِيبَ بِهَا»، وَأَمَّا أُسَامَةُ فَرَاحَ فِي حُلَّتِهِ، فَنَظَرَ إِلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ نَظَرًا عَرَفَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَدْ أَنْكَرَ مَا صَنَعَ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا تَنْظُرُ إِلَيَّ؟ فَأَنْتَ بَعَثْتَ إِلَيَّ بِهَا». فَقَالَ: «إِنِّي لَمْ أَبْعَثْ إِلَيْكَ لِتَلْبَسَهَا، وَلَكِنِّي بَعَثْتُ بِهَا إِلَيْكَ لِتُشَقِّقَهَا خُمُرًا بَيْنَ نِسَائِكَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деді: «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) базарда Утарид әт-Тәмимидің сатуға қойған жібек жолақты бір киімін көрді. Утарид патшалардың алдына барып тұратын әрі олардан сый-сияпат алатын кісі еді. Сонда Омар (р.а.): “Уа, Расулалла! Мен базарда Утаридтің сатуға қойған жібек жолақты бір киімін көрдім. Соны сатып алып, араб елшіліктері келгенде кисеңіз қайтеді?” – деді. Меніңше, ол: “Жұма күні де киер едіңіз”, – деп айтты. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: “Дүниеде жібекті ақыретте несібесі жоқ адам ғана киеді”, – деді. Біраз уақыттан кейін Алла Елшісіне (с.а.с.) жібек жолақты бірнеше киім әкелінді. Ол (с.а.с.) Омарға біреуін, Усама ибн Зәйдке біреуін жіберді. Әли ибн Әбу Талибке де біреуін беріп: “Оны қиып, әйелдеріңе жаулық етіп үлестіріп бер”, – деді. Омар өзіне жіберілген киімді көтеріп алып, Алла Елшісіне (с.а.с.) келді де: “Уа, Расулалла! Кеше Утаридтің киімі жайында әлгі сөзіңізді айтып едіңіз, ал бүгін мұны маған жібердіңіз бе?” – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Мен оны саған киюің үшін жіберген жоқпын. Одан пайда көрерсің деп жібердім”, – деді. Ал Усама өзіне жіберілген киімді киіп шықты. Алла Елшісі (с.а.с.) оған қараған кезде, Усама оның (с.а.с.) көзқарасынан бұл ісін құптамағанын аңғарды. Сонда ол: “Уа, Расулалла! Маған неге бұлай қарап тұрсыз? Мұны маған өзіңіз жібердіңіз ғой”, – деді. Ол (с.а.с.): “Мен оны саған киюің үшін жіберген жоқпын. Оны қиып, әйелдеріңе жаулық етіп бөліп беруің үшін жібердім”, – деді» (2068/7).

بَابٌ: مَنْ لَبِسَ الْحَرِيرَ فِي الدُّنْيَا لَمْ يَلْبَسْهُ فِي الْآخِرَةِ

2-бапДүниеде жібек киім киген адам ақыретте оны кимейді

1336
Мүслим, № 1336

عَنْ خَلِيفَةَ بْنِ كَعْبٍ أَبِي ذِبْيَانَ، قَالَ: «سَمِعْتُ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ الزُّبَيْرِ يَخْطُبُ، يَقُولُ: “أَلَا لَا تُلْبِسُوا نِسَاءَكُمُ الْحَرِيرَ، فَإِنِّي سَمِعْتُ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ يَقُولُ: ‘قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ‹لَا تَلْبَسُوا الْحَرِيرَ، فَإِنَّهُ مَنْ لَبِسَهُ فِي الدُّنْيَا لَمْ يَلْبَسْهُ فِي الْآخِرَةِ›’”».

Қазақша аудармасы

Әбу Зибян атанған Халифа ибн Кәғб былай деді: «Мен Абдулла ибн әз-Зубайрдың құтба айтып тұрып: “Біліп қойыңдар! Әйелдеріңе жібек кигізбеңдер. Өйткені мен Омар ибн әл-Хаттабтың: ‘Алла Елшісі (с.а.с.): ‹Жібек кимеңдер. Өйткені кім оны бұл дүниеде кисе, ақыретте кимейді›, – деді’, – дегенін естідім”, – дегенін естідім» (2069/11).

بَابٌ: لَا يَنْبَغِي لِلْمُتَّقِينَ لُبْسُ فَرُّوجِ الْحَرِيرِ

3-бапТақуаларға артқы етегінде тілігі бар жібек шапан кию жараспайды

1337
Мүслим, № 1337Риуаят етуші: Уқба ибн Амир (р.а.)

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ قَالَ: «أُهْدِيَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَرُّوجُ حَرِيرٍ، فَلَبِسَهُ، ثُمَّ صَلَّى فِيهِ، ثُمَّ اِنْصَرَفَ، فَنَزَعَهُ نَزْعًا شَدِيدًا كَالْكَارِهِ لَهُ، ثُمَّ قَالَ: “لَا يَنْبَغِي هَذَا لِلْمُتَّقِينَ”».

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.) былай деді: «Алла Елшісіне (с.а.с.) артқы етегінде тілігі бар жібек шапан сыйға тартылды. Ол (с.а.с.) оны киіп намаз оқыды. Намазын аяқтаған соң, оны жақтырмағандай үстінен жұлқып шешті де: “Бұл тақуаларға жараспайды”, – деді» (2075/23).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنْ لُبْسِ الْحَرِيرِ إِلَّا قَدْرَ إِصْبَعَيْنِ

4-бапЕні екі саусақтай бөлікті қоспағанда, жібек киім киюге тыйым салу

1338
Мүслим, № 1338

عَنْ أَبِي عُثْمَانَ، قَالَ: «كَتَبَ إِلَيْنَا عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَنَحْنُ بِأَذْرَبِيجَانَ: “يَا عُتْبَةُ بْنَ فَرْقَدٍ، إِنَّهُ لَيْسَ مِنْ كَدِّكَ وَلَا مِنْ كَدِّ أَبِيكَ وَلَا مِنْ كَدِّ أُمِّكَ، فَأَشْبِعِ الْمُسْلِمِينَ فِي رِحَالِهِمْ مِمَّا تَشْبَعُ مِنْهُ فِي رَحْلِكَ، وَإِيَّاكُمْ وَالتَّنَعُّمَ، وَزِيَّ أَهْلِ الشِّرْكِ وَلَبُوسَ الْحَرِيرِ، فَإِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنْ لَبُوسِ الْحَرِيرِ، قَالَ: ‘إِلَّا هَكَذَا’، وَرَفَعَ لَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِصْبَعَيْهِ الْوُسْطَى وَالسَّبَّابَةَ وَضَمَّهُمَا”». قَالَ زُهَيْرٌ: «قَالَ عَاصِمٌ: “هَذَا فِي الْكِتَابِ”». قَالَ: وَرَفَعَ زُهَيْرٌ إِصْبَعَيْهِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Осман былай деді: «Біз Әзербайжанда болғанымызда, Омар (р.а.) бізге: “Уа, Утба ибн Фарқад! Бұл – сенің де, әкеңнің де, анаңның да маңдай терімен тапқан дүниесі емес. Сондықтан өз тұрағыңда қандай асты тойып жесең, мұсылмандарды да олардың тұрақтарында сондай асқа тойдыр. Сән-салтанатқа берілуден, мүшріктерше киінуден және жібек киім киюден сақтаныңдар. Өйткені Алла Елшісі (с.а.с.) жібек киім киюге тыйым салды”, – деп жазды». Омар: «Ол (с.а.с.): “Тек мынадай мөлшерінен басқа”, – деп, бізге ортаңғы және сұқ саусақтарын көтеріп, екеуін біріктіріп көрсетті», – деді. Зуһайр: «Асым: “Бұл хатта жазылған”, – деді», – деді. Зуһайр да екі саусағын көтеріп көрсетті (2069/12).

1339
Мүслим, № 1339

عَنْ سُوَيْدِ بْنِ غَفَلَةَ، أَنَّ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ خَطَبَ بِالْجَابِيَةِ، فَقَالَ: «نَهَى نَبِيُّ اللَّهِ ﷺ عَنْ لُبْسِ الْحَرِيرِ إِلَّا مَوْضِعَ إِصْبَعَيْنِ أَوْ ثَلَاثٍ أَوْ أَرْبَعٍ».

Қазақша аудармасы

Суәйд ибн Ғафаланың айтуынша, Омар ибн әл-Хаттаб Жәбияда құтба айтып: «Алланың Пайғамбары (с.а.с.) ені екі, үш немесе төрт саусақтай бөлігін қоспағанда, жібек киім киюге тыйым салды», – деді (2069/15).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنْ لُبْسِ قَبَاءِ الدِّيبَاجِ

5-бапДибаждан (өрнекті жібек матадан) тігілген шапан киюге тыйым салу

1340
Мүслим, № 1340Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «لَبِسَ النَّبِيُّ ﷺ يَوْمًا قَبَاءً مِنْ دِيبَاجٍ أُهْدِيَ لَهُ، ثُمَّ أَوْشَكَ أَنْ نَزَعَهُ، فَأَرْسَلَ بِهِ إِلَى عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَقِيلَ لَهُ: “قَدْ أَوْشَكَ مَا نَزَعْتَهُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ”. فَقَالَ: “نَهَانِي عَنْهُ جِبْرِيلُ عَلَيْهِ السَّلَامُ”، فَجَاءَهُ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَبْكِي، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَرِهْتَ أَمْرًا وَأَعْطَيْتَنِيهِ، فَمَا لِي؟” قَالَ: “إِنِّي لَمْ أُعْطِكَهُ لِتَلْبَسَهُ، إِنَّمَا أَعْطَيْتُكَهُ تَبِيعُهُ”، فَبَاعَهُ بِأَلْفَيْ دِرْهَمٍ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Бір күні Пайғамбар (с.а.с.) өзіне сыйға тартылған қамқадан тігілген шапанды киді де, көп ұзамай шешіп, Омар ибн әл-Хаттабқа (р.а.) жіберді. Сонда оған: “Уа, Расулалла! Оны неткен тез шештіңіз!” – делінді. Ол (с.а.с.): “Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) маған оны киюге тыйым салды”, – деді. Омар (р.а.) жылап келіп: “Уа, Расулалла! Өзіңіз жақтырмаған нәрсені маған бердіңіз, енді мен не істеймін?” – деді. Ол (с.а.с.): “Мен оны саған киюің үшін берген жоқпын. Сатып жіберуің үшін ғана бердім”, – деді. Сөйтіп, Омар оны екі мың дирхамға сатты» (2070/16).

بَابٌ: الرُّخْصَةُ فِي لِبَاسِ الْحَرِيرِ لِلْعِلَّةِ

6-бапАуруға байланысты жібек киім киюге рұқсат етілуі туралы

1341
Мүслим, № 1341Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رَخَّصَ لِعَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَوْفٍ وَالزُّبَيْرِ بْنِ الْعَوَّامِ فِي الْقُمُصِ الْحَرِيرِ فِي السَّفَرِ مِنْ حِكَّةٍ كَانَتْ بِهِمَا أَوْ وَجَعٍ كَانَ بِهِمَا. وَفِي رِوَايَةٍ: «أَنَّهُمْ شَكَوْا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ الْقَمْلَ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Абдуррахман ибн Ауф пен Зубайр ибн Аууамға сапарда денелері қышығандықтан (немесе екеуінің де денесі ауырғандықтан) жібек көйлек киюге рұқсат берді», – деп жеткізген. Басқа риуаятта олардың Алла Елшісіне (с.а.с.) биттен шағымданғаны айтылған (2076/24, 26).

بَابٌ: الرُّخْصَةُ فِي لِبْنَةِ الثَّوْبِ مِنَ الدِّيبَاجِ

7-бапЖағасы дибажбен көмкерілген киім киюге рұқсат етілуі туралы

1342
Мүслим, № 1342

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ مَوْلَى أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ، وَكَانَ خَالَ وَلَدِ عَطَاءٍ، قَالَ: «أَرْسَلَتْنِي أَسْمَاءُ إِلَى عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، فَقَالَتْ: “بَلَغَنِي أَنَّكَ تُحَرِّمُ أَشْيَاءَ ثَلَاثَةً: الْعَلَمَ فِي الثَّوْبِ، وَمِيثَرَةَ الْأُرْجُوَانِ، وَصَوْمَ رَجَبٍ كُلِّهِ”. فَقَالَ لِي عَبْدُ اللَّهِ: “أَمَّا مَا ذَكَرْتَ مِنْ رَجَبٍ فَكَيْفَ بِمَنْ يَصُومُ الْأَبَدَ؟ وَأَمَّا مَا ذَكَرْتَ مِنَ الْعَلَمِ فِي الثَّوْبِ، فَإِنِّي سَمِعْتُ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، يَقُولُ: ‘سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‹إِنَّمَا يَلْبَسُ الْحَرِيرَ مَنْ لَا خَلَاقَ لَهُ›’، فَخِفْتُ أَنْ يَكُونَ الْعَلَمُ مِنْهُ، وَأَمَّا مِيثَرَةُ الْأُرْجُوَانِ فَهَذِهِ مِيثَرَةُ عَبْدِ اللَّهِ”، فَإِذَا هِيَ أُرْجُوَانٌ. فَرَجَعْتُ إِلَى أَسْمَاءَ فَخَبَّرْتُهَا، فَقَالَتْ: “هَذِهِ جُبَّةُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”، فَأَخْرَجَتْ إِلَيَّ جُبَّةَ طَيَالِسَةٍ كِسْرَوَانِيَّةٍ لَهَا لِبْنَةُ دِيبَاجٍ، وَفَرْجَيْهَا مَكْفُوفَيْنِ بِالدِّيبَاجِ، فَقَالَتْ: “هَذِهِ كَانَتْ عِنْدَ عَائِشَةَ حَتَّى قُبِضَتْ، فَلَمَّا قُبِضَتْ قَبَضْتُهَا، وَكَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَلْبَسُهَا، فَنَحْنُ نَغْسِلُهَا لِلْمَرْضَى يُسْتَشْفَى بِهَا”».

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Әбу Бәкірдің азат еткен құлы әрі Атаның балаларының нағашысы Абдулла былай деді: «Әсма мені Абдулла ибн Омарға (р.а.) жіберіп, оған: “Сенің үш нәрсені: киімдегі жібек жолақты, күрең қызыл түсті ер жапқышты және рәжәб айының бәрін оразамен өткізуді харам санайтының туралы хабар маған жетті”, – деп айтуды тапсырды. Абдулла маған: “Рәжәб айы туралы айтқаныңа келсек, үнемі ораза ұстайтын адам жөнінде не дейсің? Ал киімдегі жібек жолақ туралы айтқаныңа келсек, мен Омар ибн әл-Хаттабтың (р.а.): ‘Алла Елшісінің (с.а.с.): ‹Жібекті несібесі жоқ адам ғана киеді›, – дегенін естідім’, – дегенін естідім. Сондықтан сәндік жолақтың да жібекке жатуы мүмкін деп қауіптендім. Ал күрең қызыл түсті ер жапқышқа келсек, міне, Абдулланың ер жапқышы”, – деді. Қарасам, оның ер жапқышы күрең қызыл түсті екен. Содан кейін Әсмаға оралып, болған жайды хабарладым. Ол: “Мынау – Алла Елшісінің (с.а.с.) шапаны”, – деді де, маған Кисра үлгісіндегі қалың тайласан шапанды алып шықты. Оның жаға ойындысы дибажбен көмкерілген, ал екі тілігінің жиектері де дибаж жібекпен әдіптелген еді. Әсма: “Бұл шапан Айша қайтыс болғанға дейін соның қолында болды. Ол қайтыс болғаннан кейін оны мен алдым. Пайғамбар (с.а.с.) осы шапанды киетін. Біз оны науқастар үшін жуамыз, ал олар сол арқылы шипа табуға ұмтылады”, – деді» (2069/10).

بَابٌ: قَطْعُ ثَوْبِ الْحَرِيرِ خُمُرًا لِلنِّسَاءِ

8-бапЖібек киімді қиып, әйелдерге арнап орамал жасау туралы

1343
Мүслим, № 1343Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ أُكَيْدِرَ دُومَةَ أَهْدَى إِلَى النَّبِيِّ ﷺ ثَوْبَ حَرِيرٍ، فَأَعْطَاهُ عَلِيًّا كَرَّمَ اللَّهُ وَجْهَهُ، فَقَالَ: «شَقِّقْهُ خُمُرًا بَيْنَ الْفَوَاطِمِ».

Қазақша аудармасы

Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) былай деді: «Думалық Укәйдир Пайғамбарға (с.а.с.) жібек киім сыйлады. Ол (с.а.с.) оны Әлиге (Алла оның жүзін ардақтасын) беріп: “Оны жыртып, Фатималарға жаулық етіп бөліп бер”, – деді» (2071/18).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنْ لُبْسِ الْقَسِّيِّ وَالْمُعَصْفَرِ وَتَخَتُّمِ الذَّهَبِ

9-бапЖібек аралас қасси матасынан тігілген киім мен мақсарымен боялған киім киюге және алтын жүзік тағуға тыйым салу

1344
Мүслим, № 1344Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنْ لُبْسِ الْقَسِّيِّ وَالْمُعَصْفَرِ، وَعَنْ تَخَتُّمِ الذَّهَبِ، وَعَنْ قِرَاءَةِ الْقُرْآنِ فِي الرُّكُوعِ.

Қазақша аудармасы

Әли ибн Әбу Талибтің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) қасси деп аталатын жібек аралас киім мен мақсарымен боялған киімді киюге, алтын жүзік тағуға әрі рукуғта Құран оқуға тыйым салған (2078/29).

1345
Мүслим, № 1345Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «رَأَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَيَّ ثَوْبَيْنِ مُعَصْفَرَيْنِ، فَقَالَ: “إِنَّ هَذِهِ مِنْ ثِيَابِ الْكُفَّارِ، فَلَا تَلْبَسْهَا”. قُلْتُ: “أَغْسِلُهُمَا؟” قَالَ: “لَا، بَلْ أَحْرِقْهُمَا”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) үстімдегі мақсарымен боялған екі киімді көріп: “Мына екі киім – кәпірлердің киімдерінен. Оларды киме”, – деді. Мен: “Екеуін жуып тастайын ба?” – деп сұрадым. Ол: “Жоқ, екеуін өрте”, – деді» (2077/27, 28).

بَابٌ: فِي النَّهْيِ عَنِ التَّزَعْفُرِ

10-бапЕр адамның денесіне зағпаран жағуына тыйым салу

1346
Мүслим, № 1346Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ يَتَزَعْفَرَ الرَّجُلُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) ер адамның зағпаранмен боянуына тыйым салды», – деді (2101/77).

بَابٌ: فِي صَبْغِ الشَّعْرِ وَتَغْيِيرِ الشَّيْبِ

11-бапШашты бояу және ақ шаштың түсін өзгерту туралы

1347
Мүслим, № 1347Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «أُتِيَ بِأَبِي قُحَافَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَوْمَ فَتْحِ مَكَّةَ، وَرَأْسُهُ وَلِحْيَتُهُ كَالثَّغَامَةِ بَيَاضًا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “غَيِّرُوا هَذَا بِشَيْءٍ، وَاجْتَنِبُوا السَّوَادَ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Мекке азат етілген күні Әбу Қухафа (р.а.) алып келінді. Оның шашы мен сақалы сағама өсімдігіндей аппақ еді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Мұның түсін бір нәрсемен өзгертіңдер, бірақ қара түстен аулақ болыңдар”, – деді» (2102/79).

بَابٌ: فِي مُخَالَفَةِ الْيَهُودِ وَالنَّصَارَى فِي الصَّبْغِ

12-бапШашты бояғанда яһудилер мен христиандардан өзгеше болу туралы

1348
Мүслим, № 1348Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الْيَهُودَ وَالنَّصَارَى لَا يَصْبُغُونَ، فَخَالِفُوهُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, яһудилер мен христиандар шаштарын боямайды. Сондықтан оларға ұқсамаңдар», – деген (2103/80).

بَابٌ: فِي لِبَاسِ الْحِبَرَةِ

13-бапӨрнекті хибара матасынан тігілген киім кию туралы

1349
Мүслим, № 1349

عَنْ قَتَادَةَ، قَالَ: «قُلْنَا لِأَنَسِ بْنِ مَالِكٍ: “أَيُّ اللِّبَاسِ كَانَ أَحَبَّ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَوْ أَعْجَبَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ؟” قَالَ: “الْحِبَرَةُ”».

Қазақша аудармасы

Қатада былай деді: «Біз Әнәс ибн Мәликтен: “Алла Елшісіне (с.а.с.) қай киім ең сүйікті еді немесе ол қай киімді көбірек ұнататын еді?” – деп сұрадық. Ол: “Хибара киімі”, – деп жауап берді» (2079/32).

بَابٌ: فِي لُبْسِ الْمِرْطِ الْمُرَحَّلِ

14-бапТүйе ер-тоқымдары бейнеленген жамылғы кию туралы

1350
Мүслим, № 1350Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «خَرَجَ النَّبِيُّ ﷺ ذَاتَ غَدَاةٍ وَعَلَيْهِ مِرْطٌ مُرَحَّلٌ مِنْ شَعَرٍ أَسْوَدَ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) бір күні таңертең қара жүннен тоқылған әрі түйе ер-тоқымының бейнесімен өрнектелген жамылғыны жамылып шықты», – деді (2081/36).

بَابٌ: فِي لُبْسِ الْإِزَارِ الْغَلِيظِ وَالثَّوْبِ الْمُلَبَّدِ

15-бапҚалың изар (белден төмен оралатын киім) және жамалған киім кию туралы

1351
Мүслим, № 1351Риуаят етуші: Әбу Бурда (р.а.)

عَنْ أَبِي بُرْدَةَ، قَالَ: «دَخَلْتُ عَلَى عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، فَأَخْرَجَتْ إِلَيْنَا إِزَارًا غَلِيظًا مِمَّا يُصْنَعُ بِالْيَمَنِ، وَكِسَاءً مِنَ الَّتِي يُسَمُّونَهَا الْمُلَبَّدَةَ، قَالَ: فَأَقْسَمَتْ بِاللَّهِ إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قُبِضَ فِي هَذَيْنِ الثَّوْبَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Бурда былай деді: «Мен Айшаның (р.а.) үйіне кірдім. Ол бізге Йеменде тігілетін қалың изар мен “мүләббәдә” деп аталатын жамалған жамылғыны алып шықты. Содан кейін Алланың атымен ант етіп: “Алла Елшісі (с.а.с.) дүниеден өткенде, үстінде осы екі киім болған”, – деді» (2080/34).

بَابٌ: فِي الْأَنْمَاطِ

16-бапТөсек жапқыштары туралы

1352
Мүслим, № 1352Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «لَمَّا تَزَوَّجْتُ، قَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَتَّخَذْتَ أَنْمَاطًا؟” قُلْتُ: “وَأَنَّى لَنَا أَنْمَاطٌ؟” قَالَ: “أَمَا إِنَّهَا سَتَكُونُ”». قَالَ جَابِرٌ: «وَعِنْدَ امْرَأَتِي نَمَطٌ، فَأَنَا أَقُولُ: “نَحِّيهِ عَنِّي”، وَتَقُولُ: “قَدْ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ‘إِنَّهَا سَتَكُونُ’”».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деді: «Мен үйленгенімде, Алла Елшісі (с.а.с.) менен: “Төсек жапқыштарын алдың ба?” – деп сұрады. Мен: “Ондай төсек жапқыштары бізде қайдан болсын?” – дедім. Ол (с.а.с.): “Олар сендерде әлі-ақ болады”, – деді». Жәбир сөзін жалғап: «Қазір әйелімнің сондай бір төсек жапқышы бар. Мен оған: “Оны менен аулақ ұста”, – деймін. Ал ол: “Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Олар сендерде әлі-ақ болады’, – деген”, – дейді», – деді (2083/40).

بَابٌ: اِتِّخَاذُ مَا يُحْتَاجُ إِلَيْهِ مِنَ الْفُرُشِ

17-бапҚажетті төсек-жабдықты алу туралы

1353
Мүслим, № 1353Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ لَهُ: «فِرَاشٌ لِلرَّجُلِ، وَفِرَاشٌ لِامْرَأَتِهِ، وَالثَّالِثُ لِلضَّيْفِ، وَالرَّابِعُ لِلشَّيْطَانِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулланың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) Жәбирге: «Бір төсек – ер адамға, бір төсек – әйеліне, үшіншісі – қонаққа, ал төртіншісі – шайтанға арналған», – деген (2084/41).

بَابٌ: فِرَاشُ الْأَدَمِ حَشْوُهُ لِيفٌ

18-бапІші құрма ағашының талшығымен толтырылған былғары төсек туралы

1354
Мүслим, № 1354Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «إِنَّمَا كَانَ فِرَاشُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ الَّذِي يَنَامُ عَلَيْهِ أَدَمًا، حَشْوُهُ لِيفٌ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) ұйықтайтын төсегі – ішіне құрма ағашының талшығы толтырылған былғары төсек қана еді», – деді (2082/38).

بَابٌ: فِي اِشْتِمَالِ الصَّمَّاءِ وَالِاحْتِبَاءِ فِي ثَوْبٍ وَاحِدٍ

19-бапҚолын сыртқа шығаруға орын қалдырмай, киімге орану және бір ғана киіммен тізесін құшақтап отыру туралы

1355
Мүслим, № 1355Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى أَنْ يَأْكُلَ الرَّجُلُ بِشِمَالِهِ أَوْ يَمْشِيَ فِي نَعْلٍ وَاحِدَةٍ، وَأَنْ يَشْتَمِلَ الصَّمَّاءَ، وَأَنْ يَحْتَبِيَ فِي ثَوْبٍ وَاحِدٍ كَاشِفًا عَنْ فَرْجِهِ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) ер адамның сол қолымен ас ішуіне, бір ғана аяқкиіммен жүруіне, киімге қолын сыртқа шығара алмайтындай етіп тұмшалана орануына және ұятты жерін ашып қоятындай бір ғана киіммен тізесін бауырына тартып отыруына тыйым салды» (2099/70).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ الِاسْتِلْقَاءِ وَوَضْعِ إِحْدَى الرِّجْلَيْنِ عَلَى الْأُخْرَى

20-бапШалқасынан жатып, бір аяғын екіншісінің үстіне қоюға тыйым салу

1356
Мүслим, № 1356Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «لَا يَسْتَلْقِيَنَّ أَحَدُكُمْ ثُمَّ يَضَعُ إِحْدَى رِجْلَيْهِ عَلَى الْأُخْرَى».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулланың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Сендердің ешқайсың шалқасынан жатып, бір аяғын екінші аяғының үстіне қоймасын», – деді (2099/74).

بَابٌ: إِبَاحَةُ الِاسْتِلْقَاءِ وَوَضْعِ إِحْدَى الرِّجْلَيْنِ عَلَى الْأُخْرَى

21-бапШалқасынан жатып, бір аяғын екіншісінің үстіне қоюға рұқсат етілуі туралы

1357
Мүслим, № 1357

عَنْ عَبَّادِ بْنِ تَمِيمٍ، عَنْ عَمِّهِ، أَنَّهُ رَأَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مُسْتَلْقِيًا فِي الْمَسْجِدِ وَاضِعًا إِحْدَى رِجْلَيْهِ عَلَى الْأُخْرَى.

Қазақша аудармасы

Аббад ибн Тамим көкесінің Алла Елшісін (с.а.с.) мешітте шалқасынан жатып, бір аяғын екіншісінің үстіне қойған күйде көргенін жеткізді (2100/75).

بَابٌ: فِي رَفْعِ الْأُزُرِ إِلَى أَنْصَافِ السَّاقَيْنِ

22-бапИзардың етегін балтырдың ортасына дейін көтеру туралы

1358
Мүслим, № 1358Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «مَرَرْتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَفِي إِزَارِي اِسْتِرْخَاءٌ، فَقَالَ: “يَا عَبْدَ اللَّهِ، اِرْفَعْ إِزَارَكَ”، فَرَفَعْتُهُ، ثُمَّ قَالَ: “زِدْ”، فَزِدْتُ، فَمَا زِلْتُ أَتَحَرَّاهَا بَعْدُ، فَقَالَ بَعْضُ الْقَوْمِ: “إِلَى أَيْنَ؟” فَقَالَ: “أَنْصَافِ السَّاقَيْنِ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деді: «Мен изарым салбырап тұрған күйде Алла Елшісінің (с.а.с.) жанынан өтіп бара жаттым. Ол (с.а.с.): “Уа, Абдулла! Изарыңды жоғары көтер”, – деді. Мен оны көтердім. Содан кейін ол (с.а.с.): “Тағы да көтер”, – деді. Мен тағы да көтердім. Содан бері осы өлшемді дәл сақтауға тырысып жүрмін». Адамдардың бірі: «Қай жерге дейін?» – деп сұрағанда, ол: «Балтырдың ортасына дейін», – деп жауап берді (2086/47).

بَابٌ: لَا يَنْظُرُ اللَّهُ إِلَى مَنْ يَجُرُّ إِزَارَهُ بَطَرًا

23-бапИзарын менмендікпен сүйреткен адамға Алла назар салмайды

1359
Мүслим, № 1359

عَنْ مُحَمَّدِ بْنِ زِيَادٍ، قَالَ: «سَمِعْتُ أَبَا هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، وَرَأَى رَجُلًا يَجُرُّ إِزَارَهُ، فَجَعَلَ يَضْرِبُ الْأَرْضَ بِرِجْلِهِ وَهُوَ أَمِيرٌ عَلَى الْبَحْرَيْنِ، وَهُوَ يَقُولُ: “جَاءَ الْأَمِيرُ! جَاءَ الْأَمِيرُ! قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: ‘إِنَّ اللَّهَ لَا يَنْظُرُ إِلَى مَنْ يَجُرُّ إِزَارَهُ بَطَرًا’”».

Қазақша аудармасы

Мұхаммед ибн Зияд былай деді: «Мен Бахрейннің әмірі болып тұрған Әбу Һурайраның (р.а.) изарын сүйретіп келе жатқан бір адамды көргенде, аяғымен жерді тарсылдата басып: “Әмір келді! Әмір келді! Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Расында, Алла изарын менмендікпен сүйреткен адамға қарамайды’, – деді”, – дегенін естідім» (2087/48).

بَابٌ: ثَلَاثَةٌ لَا يُكَلِّمُهُمُ اللَّهُ وَلَا يَنْظُرُ إِلَيْهِمْ

24-бапҮш адамға Алла тіл қатпайды әрі назар салмайды

1360
Мүслим, № 1360Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «ثَلَاثَةٌ لَا يُكَلِّمُهُمُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، وَلَا يَنْظُرُ إِلَيْهِمْ وَلَا يُزَكِّيهِمْ، وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ». قَالَ: فَقَرَأَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، قَالَ أَبُو ذَرٍّ: «خَابُوا وَخَسِرُوا! مَنْ هُمْ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «الْمُسْبِلُ إِزَارَهُ، وَالْمَنَّانُ، وَالْمُنَفِّقُ سِلْعَتَهُ بِالْحَلِفِ الْكَاذِبِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәррдің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Қиямет күні Алла үш адамға тіл қатпайды, оларға қарамайды, оларды тазартпайды әрі оларға күйзелтуші азап бар». Алла Елшісі (с.а.с.) бұл сөзді үш рет қайталады. Сонда Әбу Зәрр: «Олардың үміті үзіліп, зиянға ұшырады! Уа, Алланың Елшісі, олар кімдер?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Изарының етегін тобығынан төмен түсірген адам, бергенін міндетсінген адам және жалған антпен тауарын өткізген адам», – деді (106/171).

بَابٌ: مَنْ جَرَّ ثَوْبَهُ مِنَ الْخُيَلَاءِ

25-бапКиімін тәкаппарлықпен сүйреткен адам туралы

1361
Мүслим, № 1361Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الَّذِي يَجُرُّ ثِيَابَهُ مِنَ الْخُيَلَاءِ لَا يَنْظُرُ اللَّهُ إِلَيْهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Расында, киімдерін тәкаппарлықпен жерге сүйреткен адамға Алла Қиямет күні қарамайды», – деді (2085/43).

بَابٌ: بَيْنَمَا رَجُلٌ يَتَبَخْتَرُ قَدْ أَعْجَبَتْهُ نَفْسُهُ خُسِفَ بِهِ

26-бапӨзіне сүйсініп, паңдана жүріп келе жатқан адамды жердің жұтып қоюы туралы

1362
Мүслим, № 1362Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «بَيْنَمَا رَجُلٌ يَمْشِي، قَدْ أَعْجَبَتْهُ جُمَّتُهُ وَبُرْدَاهُ، إِذْ خُسِفَتْ بِهِ الْأَرْضُ، فَهُوَ يَتَجَلْجَلُ فِي الْأَرْضِ حَتَّى تَقُومَ السَّاعَةُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Бір адам ұзын шашына әрі үстіндегі екі киіміне масаттанып келе жатқанда, кенет оны жер жұтты. Сөйтіп, ол Қиямет сағаты орнағанға дейін жер қойнауына бата береді», – дегенін жеткізді (2088/49).

بَابٌ: لَا تَدْخُلُ الْمَلَائِكَةُ بَيْتًا فِيهِ كَلْبٌ وَلَا صُورَةٌ

27-бапИт немесе сурет бар үйге періштелер кірмейді

1363
Мүслим, № 1363Риуаят етуші: Мәймуна (р.а.)

عَنْ مَيْمُونَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَصْبَحَ يَوْمًا وَاجِمًا، فَقَالَتْ مَيْمُونَةُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَقَدِ اِسْتَنْكَرْتُ هَيْئَتَكَ مُنْذُ الْيَوْمِ». قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ جِبْرِيلَ عَلَيْهِ السَّلَامُ كَانَ وَعَدَنِي أَنْ يَلْقَانِي اللَّيْلَةَ فَلَمْ يَلْقَنِي، أَمَ وَاللَّهِ، مَا أَخْلَفَنِي». قَالَ: فَظَلَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمَهُ ذَلِكَ عَلَى ذَلِكَ، ثُمَّ وَقَعَ فِي نَفْسِهِ جِرْوُ كَلْبٍ تَحْتَ فُسْطَاطٍ لَنَا، فَأَمَرَ بِهِ فَأُخْرِجَ، ثُمَّ أَخَذَ بِيَدِهِ مَاءً فَنَضَحَ مَكَانَهُ، فَلَمَّا أَمْسَى لَقِيَهُ جِبْرِيلُ عَلَيْهِ السَّلَامُ، فَقَالَ لَهُ: «قَدْ كُنْتَ وَعَدْتَنِي أَنْ تَلْقَانِي الْبَارِحَةَ». قَالَ: «أَجَلْ، وَلَكِنَّا لَا نَدْخُلُ بَيْتًا فِيهِ كَلْبٌ وَلَا صُورَةٌ»، فَأَصْبَحَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمَئِذٍ فَأَمَرَ بِقَتْلِ الْكِلَابِ، حَتَّى إِنَّهُ يَأْمُرُ بِقَتْلِ كَلْبِ الْحَائِطِ الصَّغِيرِ، وَيَتْرُكُ كَلْبَ الْحَائِطِ الْكَبِيرِ.

Қазақша аудармасы

Мәймуна (р.а.) былай деді: «Бір күні таңертең Алла Елшісі (с.а.с.) көңілсіз күйде оянды. Мен: “Уа, Расулалла! Бүгінгі кейпіңіз маған өзгеше көрініп тұр”, – дедім. Алла Елшісі (с.а.с.): “Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) осы түні менімен кездесуге уәде берген еді, бірақ келмеді. Алламен ант етемін, ол маған берген уәдесінен ешқашан айныған емес”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) сол күнді осындай күйде өткізді. Кейін біздің шатырымыздың астында иттің күшігі бар екені есіне түсті. Ол күшікті сыртқа шығаруды бұйырды. Содан кейін қолына су алып, күшік жатқан жерге септі. Кеш батқанда Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) онымен кездесті. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: “Сен менімен өткен түні кездесуге уәде берген едің”, – деді. Жәбірейіл (аләйһис-сәләм): “Иә. Алайда біз ит немесе сурет бар үйге кірмейміз”, – деді. Келесі күні таңертең Алла Елшісі (с.а.с.) иттерді өлтіруді бұйырды. Тіпті шағын бақтың итін де өлтіруге бұйырып, үлкен бақтың итін қалдырды» (2105/82).

1364
Мүслим, № 1364Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَدْخُلُ الْمَلَائِكَةُ بَيْتًا فِيهِ تَمَاثِيلُ أَوْ تَصَاوِيرُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Періштелер мүсіндер немесе суреттер бар үйге кірмейді», – деген (2112/102).

بَابٌ: لَا تَدْخُلُ الْمَلَائِكَةُ بَيْتًا فِيهِ صُورَةٌ إِلَّا رَقْمًا فِي ثَوْبٍ

28-бапСуреті бар үйге періштелер кірмейді; матаға салынған сурет бұған жатпайды

1365
Мүслим, № 1365

عَنْ بُسْرِ بْنِ سَعِيدٍ، عَنْ زَيْدِ بْنِ خَالِدٍ، عَنْ أَبِي طَلْحَةَ صَاحِبِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، أَنَّهُ قَالَ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: “إِنَّ الْمَلَائِكَةَ لَا تَدْخُلُ بَيْتًا فِيهِ صُورَةٌ”». قَالَ بُسْرٌ: «ثُمَّ اِشْتَكَى زَيْدٌ بَعْدُ، فَعُدْنَاهُ، فَإِذَا عَلَى بَابِهِ سِتْرٌ فِيهِ صُورَةٌ، قَالَ: فَقُلْتُ لِعُبَيْدِ اللَّهِ الْخَوْلَانِيِّ، رَبِيبِ مَيْمُونَةَ، زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ: “أَلَمْ يُخْبِرْنَا زَيْدٌ عَنِ الصُّوَرِ يَوْمَ الْأَوَّلِ؟” فَقَالَ عُبَيْدُ اللَّهِ: “أَلَمْ تَسْمَعْهُ حِينَ قَالَ: ‘إِلَّا رَقْمًا فِي ثَوْبٍ’؟”»

Қазақша аудармасы

Буср ибн Сағид Зәйд ибн Халидтен, ал ол Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабасы Әбу Талхадан хадис жеткізді. Әбу Талха: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, періштелер сурет бар үйге кірмейді”, – деді», – деген. Буср былай деді: «Кейін Зәйд сырқаттанып қалғанда, оның көңілін сұрай бардық. Қарасақ, есігінде суреті бар перде ілулі тұр екен. Сонда мен Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Мәймунаның тәрбиесінде өскен Убайдулла әл-Хауланиге: “Зәйд бізге алғашқы күні суреттер туралы хабар бермеп пе еді?” – дедім. Убайдулла: “Оның: ‘Тек матаға салынған сурет бұған жатпайды’, – дегенін естімедің бе?” – деді» (2106/85).

بَابٌ: كَرَاهِيَةُ السِّتْرِ فِيهِ التَّمَاثِيلُ وَقَطْعُهُ وَسَائِدَ

29-бапБейнелер салынған перденің құпталмайтыны және оны қиып, жастық жасау туралы

1366
Мүслим, № 1366Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «دَخَلَ عَلَيَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَقَدْ سَتَرْتُ سَهْوَةً لِي بِقِرَامٍ فِيهِ تَمَاثِيلُ، فَلَمَّا رَآهُ هَتَكَهُ، وَتَلَوَّنَ وَجْهُهُ وَقَالَ: “يَا عَائِشَةُ، أَشَدُّ النَّاسِ عَذَابًا عِنْدَ اللَّهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ الَّذِينَ يُضَاهُونَ خَلْقَ اللَّهِ تَعَالَى”». قَالَتْ عَائِشَةُ: «فَقَطَعْنَاهُ فَجَعَلْنَا مِنْهُ وِسَادَةً أَوْ وِسَادَتَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) менің қасыма кірді. Мен үйімдегі қуыстың аузын бейнелері бар жұқа пердемен жауып қойған едім. Оны көргенде, пердені жыртып тастады. Жүзінің реңі өзгеріп: “Уа, Айша! Қиямет күні Алланың алдында ең ауыр азапқа ұшырайтын адамдар – Алла Тағаланың жаратқандарына ұқсас бейнелер жасайтындар”, – деді». Айша (р.а.): «Содан кейін біз оны қиып, бір немесе екі жастық жасадық», – деді (2107/92).

1367
Мүслим, № 1367Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «قَدِمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ سَفَرٍ، وَقَدْ سَتَّرْتُ عَلَى بَابِي دُرْنُوكًا فِيهِ الْخَيْلُ ذَوَاتُ الْأَجْنِحَةِ، فَأَمَرَنِي فَنَزَعْتُهُ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) сапардан оралғанда, мен есігіме қанатты аттар бейнеленген түкті перде іліп қойған едім. Ол маған оны алып тастауды бұйырды, мен де оны алып тастадым» (2107/90).

بَابٌ: فِي النُّمْرُقَةِ فِيهَا تَصَاوِيرُ وَاتِّخَاذِهَا مَرَافِقَ

30-бапСуреттері бар жастықша және оны сүйеніш жастық ретінде пайдалану туралы

1368
Мүслим, № 1368Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّهَا اِشْتَرَتْ نُمْرُقَةً فِيهَا تَصَاوِيرُ، فَلَمَّا رَآهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَامَ عَلَى الْبَابِ فَلَمْ يَدْخُلْ، فَعَرَفْتُ، أَوْ: فَعُرِفَتْ فِي وَجْهِهِ الْكَرَاهِيَةُ، فَقَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَتُوبُ إِلَى اللَّهِ وَإِلَى رَسُولِهِ، فَمَاذَا أَذْنَبْتُ؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا بَالُ هَذِهِ النُّمْرُقَةِ؟» فَقَالَتْ: «اِشْتَرَيْتُهَا لَكَ، تَقْعُدُ عَلَيْهَا وَتَوَسَّدُهَا». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ أَصْحَابَ هَذِهِ الصُّورَةِ يُعَذَّبُونَ، وَيُقَالُ لَهُمْ: “أَحْيُوا مَا خَلَقْتُمْ”». ثُمَّ قَالَ: «إِنَّ الْبَيْتَ الَّذِي فِيهِ الصُّوَرُ لَا تَدْخُلُهُ الْمَلَائِكَةُ». وَفِي رِوَايَةٍ: «فَأَخَذْتُهُ فَجَعَلْتُهُ مِرْفَقَيْنِ، فَكَانَ يَرْتَفِقُ بِهِمَا فِي الْبَيْتِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Суреттері бар бір жастық сатып алдым. Алла Елшісі (с.а.с.) оны көргенде, есік алдында тұрып, үйге кірмеді. Мен оның жүзінен мұны жақтырмағанын аңғардым – немесе оның жүзінен жақтырмағаны байқалды. Сонда мен: “Уа, Расулалла! Аллаға және Оның Елшісіне тәубе етемін. Мен қандай күнә жасадым?” – дедім. Алла Елшісі (с.а.с.): “Мына жастықтың жайы не?” – деп сұрады. Мен: “Оны үстіне отыруыңыз әрі жастануыңыз үшін сатып алдым”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Осы суретті жасағандар азапталады әрі оларға: ‘Жасағандарыңа жан бітіріңдер’, – делінеді”, – деді. Содан кейін ол (с.а.с.): “Суреттер бар үйге періштелер кірмейді”, – деді». Басқа риуаятта: «Оны алып, екі сүйеніш жастық жасадым. Ол үйде соларға сүйенетін», – делінген (2107/96).

بَابٌ: عَذَابُ الْمُصَوِّرِينَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ

31-бапСурет салушылардың Қиямет күні азапталуы туралы

1369
Мүслим, № 1369

عَنْ سَعِيدِ بْنِ أَبِي الْحَسَنِ، قَالَ: «جَاءَ رَجُلٌ إِلَى ابْنِ عَبَّاسٍ، فَقَالَ: “إِنِّي رَجُلٌ أُصَوِّرُ هَذِهِ الصُّوَرَ، فَأَفْتِنِي فِيهَا”. فَقَالَ لَهُ: “اُدْنُ مِنِّي”، فَدَنَا مِنْهُ، ثُمَّ قَالَ: “اُدْنُ مِنِّي”، فَدَنَا حَتَّى وَضَعَ يَدَهُ عَلَى رَأْسِهِ، قَالَ: “أُنَبِّئُكَ بِمَا سَمِعْتُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘كُلُّ مُصَوِّرٍ فِي النَّارِ، يَجْعَلُ لَهُ بِكُلِّ صُورَةٍ صَوَّرَهَا نَفْسًا، فَتُعَذِّبُهُ فِي جَهَنَّمَ’”. وَقَالَ: “إِنْ كُنْتَ لَا بُدَّ فَاعِلًا، فَاصْنَعِ الشَّجَرَ وَمَا لَا نَفْسَ لَهُ”».

Қазақша аудармасы

Сағид ибн Әбу әл-Хасанның айтуынша, бір кісі Ибн Аббасқа келіп: «Мен сурет жасайтын адаммын. Осы мәселе жөнінде маған пәтуа беріңіз», – деді. Ибн Аббас оған: «Маған жақында», – деді. Ол жақындады. Ибн Аббас тағы да: «Маған жақында», – деді. Әлгі кісі одан әрі жақындай түскенде, Ибн Аббас қолын оның басына қойып: «Саған Алла Елшісінен (с.а.с.) естігенімді хабарлайын. Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Әрбір сурет жасаушы Тозақта болады. Оның жасаған әрбір суретіне жан беріліп, сол жан оны Жәһаннамда азаптайды”, – дегенін естідім», – деді. Содан кейін: «Егер мұны істеуің қажет болса, ағаштар мен жаны жоқ нәрселерді бейнеле», – деді (2110/99).

بَابٌ: التَّشْدِيدُ عَلَى الْمُصَوِّرِينَ

32-бапСурет салушыларға қатысты қатаң ескерту туралы

1370
Мүслим, № 1370

عَنْ أَبِي زُرْعَةَ، قَالَ: «دَخَلْتُ مَعَ أَبِي هُرَيْرَةَ فِي دَارِ مَرْوَانَ، فَرَأَى فِيهَا تَصَاوِيرَ، فَقَالَ: “سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘قَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ‹وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنْ ذَهَبَ يَخْلُقُ خَلْقًا كَخَلْقِي؟ فَلْيَخْلُقُوا ذَرَّةً أَوْ لِيَخْلُقُوا حَبَّةً أَوْ لِيَخْلُقُوا شَعِيرَةً›’”».

Қазақша аудармасы

Әбу Зурғаның айтуынша, ол Әбу Һурайрамен бірге Мәруанның үйіне кірді. Әбу Һурайра үйдегі суреттерді көріп: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Ұлы әрі Құдіретті Алла: ‘Менің жаратқаныма ұқсатып бір нәрсе жаратпақ болған адамнан асқан залым кім бар? Ендеше, олар кішкентай бір құмырсқа жаратсын, не бір дән жаратсын немесе бір арпа дәнін жаратсын’, – деді”, – дегенін естідім», – деді (2111/101).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنْ تَخَتُّمِ الذَّهَبِ وَالشُّرْبِ بِالْفِضَّةِ وَلُبْسِ الْحَرِيرِ وَالدِّيبَاجِ

33-бапАлтын жүзік тағуға, күміс ыдыстан сусын ішуге, жібек пен дибаждан тігілген киім киюге тыйым салу

1371
Мүслим, № 1371Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «أَمَرَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِسَبْعٍ وَنَهَانَا عَنْ سَبْعٍ: أَمَرَنَا بِعِيَادَةِ الْمَرِيضِ، وَاتِّبَاعِ الْجَنَائِزِ، وَتَشْمِيتِ الْعَاطِسِ، وَإِبْرَارِ الْقَسَمِ» (أَوِ: «الْمُقْسِمِ») «وَنَصْرِ الْمَظْلُومِ، وَإِجَابَةِ الدَّاعِي، وَإِفْشَاءِ السَّلَامِ، وَنَهَانَا عَنْ خَوَاتِيمَ» (أَوْ: «تَخَتُّمٍ») «بِالذَّهَبِ، وَعَنْ شُرْبٍ بِالْفِضَّةِ، وَعَنِ الْمَيَاثِرِ، وَعَنِ الْقَسِّيِّ، وَعَنْ لُبْسِ الْحَرِيرِ وَالْإِسْتَبْرَقِ وَالدِّيبَاجِ».

Қазақша аудармасы

Бара ибн Азиб (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) бізге жеті нәрсені бұйырып, жеті нәрседен тыйды. Ол бізге науқастың көңілін сұрауды, жаназаларға ілесуді, түшкірген кісіге дұға айтуды, антты орындауды немесе ант еткен кісінің антын жүзеге асыруды, жәбір көргенге жәрдем беруді, шақырушының шақыруын қабыл алуды және сәлемді жаюды бұйырды. Ал бізді алтын жүзіктерден (немесе алтын жүзік тағудан), күміс ыдыстан ішуден, ер-тоқымның үстіне төселетін жібек жабулардан, қасси деп аталатын жібек аралас киімдерден, сондай-ақ жібектен, қалың жібек – истабрақтан және зерлі жібек – дибаждан тігілген киімдерді киюден тыйды» (2066/3).

بَابٌ: فِي طَرْحِ خَاتَمِ الذَّهَبِ

34-бапАлтын жүзікті тастау туралы

1372
Мүслим, № 1372Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رَأَى خَاتَمًا مِنْ ذَهَبٍ فِي يَدِ رَجُلٍ، فَنَزَعَهُ فَطَرَحَهُ، وَقَالَ: «يَعْمِدُ أَحَدُكُمْ إِلَى جَمْرَةٍ مِنْ نَارٍ فَيَجْعَلُهَا فِي يَدِهِ؟» فَقِيلَ لِلرَّجُلِ بَعْدَ مَا ذَهَبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «خُذْ خَاتِمَكَ، اِنْتَفِعْ بِهِ». قَالَ: «لَا، وَاللَّهِ، لَا آخُذُهُ أَبَدًا وَقَدْ طَرَحَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) бір адамның қолынан алтын жүзік көріп, оны шешіп алды да, лақтырып жіберді. Содан кейін: «Сендердің бірің оттың шоғын әдейі алып, қолына тағып алады!» – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) кеткеннен кейін әлгі адамға: «Жүзігіңді ал да, пайдаңа жарат», – делінді. Сонда ол: «Жоқ, Алламен ант етемін! Алла Елшісі (с.а.с.) лақтырып тастаған жүзікті ешқашан алмаймын», – деді (2090/52).

1373
Мүслим, № 1373Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ اِصْطَنَعَ خَاتَمًا مِنْ ذَهَبٍ، فَكَانَ يَجْعَلُ فَصَّهُ فِي بَاطِنِ كَفِّهِ إِذَا لَبِسَهُ، فَصَنَعَ النَّاسُ، ثُمَّ إِنَّهُ جَلَسَ عَلَى الْمِنْبَرِ، فَنَزَعَهُ، فَقَالَ: «إِنِّي كُنْتُ أَلْبَسُ هَذَا الْخَاتَمَ، وَأَجْعَلُ فَصَّهُ مِنْ دَاخِلٍ»، فَرَمَى بِهِ، ثُمَّ قَالَ: «وَاللَّهِ، لَا أَلْبَسُهُ أَبَدًا»، فَنَبَذَ النَّاسُ خَوَاتِيمَهُمْ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) өзіне алтын жүзік жасатты. Оны таққанда, жүзіктің көзін алақанының ішкі жағына қаратып қоятын. Мұны көрген адамдар да сондай жүзіктер жасатты. Кейін ол (с.а.с.) мінберге отырып, жүзігін шешті де: «Мен бұл жүзікті тағып, көзін ішке қаратып қоятын едім», – деді. Содан кейін оны лақтырып жіберіп: «Алламен ант етемін! Енді мұны ешқашан тақпаймын», – деді. Сонда адамдар да жүзіктерін тастады (2091/53).

بَابٌ: لُبْسُ النَّبِيِّ ﷺ خَاتَمًا مِنْ وَرِقٍ نَقْشُهُ مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ وَلُبْسُ الْخُلَفَاءِ مِنْ بَعْدِهِ

35-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Мұхаммед – Алланың Елшісі» деген жазуы бар күміс жүзікті тағуы және одан кейін халифалардың сол жүзікті тағуы туралы

1374
Мүслим, № 1374Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «اِتَّخَذَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ خَاتَمًا مِنْ وَرِقٍ، فَكَانَ فِي يَدِهِ، ثُمَّ كَانَ فِي يَدِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، ثُمَّ كَانَ فِي يَدِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، ثُمَّ كَانَ فِي يَدِ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، حَتَّى وَقَعَ مِنْهُ فِي بِئْرِ أَرِيسٍ. نَقْشُهُ: “مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) күмістен жүзік жасатып алды. Ол әуелі өзінің қолында, одан кейін Әбу Бәкірдің (р.а.) қолында, одан соң Омардың (р.а.) қолында, кейін Османның (р.а.) қолында болды. Ақырында Османның қолынан Арис құдығына түсіп кетті. Оның бетіне: “Мұхаммед – Алланың Елшісі”, – деп жазылған еді» (2091/54).

1375
Мүслим, № 1375Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ اِتَّخَذَ خَاتَمًا مِنْ فِضَّةٍ، وَنَقَشَ فِيهِ: «مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ». وَقَالَ لِلنَّاسِ: «إِنِّي اتَّخَذْتُ خَاتَمًا مِنْ فِضَّةٍ، وَنَقَشْتُ فِيهِ: “مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ”، فَلَا يَنْقُشْ أَحَدٌ عَلَى نَقْشِهِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) күмістен жүзік жасатып, оның бетіне: «Мұхаммед – Алланың Елшісі», – деп жаздырғанын жеткізді. Сондай-ақ оның (с.а.с.) адамдарға: «Мен күмістен жүзік жасатып, оның бетіне: “Мұхаммед – Алланың Елшісі”, – деп жаздырдым. Ендеше ешкім дәл осындай жазу жаздырмасын», – дегенін баяндады (2092/55).

1376
Мүслим, № 1376Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أَرَادَ أَنْ يَكْتُبَ إِلَى كِسْرَى وَقَيْصَرَ وَالنَّجَاشِيِّ، فَقِيلَ: «إِنَّهُمْ لَا يَقْبَلُونَ كِتَابًا إِلَّا بِخَاتَمٍ»، فَصَاغَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ خَاتَمًا حَلْقَتُهُ فِضَّةٌ، وَنَقَشَ فِيهِ: «مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) Кисраға, Қайсарға және Нәжашиге хат жазбақ болды. Сонда оған: “Олар мөрі бар хатты ғана қабылдайды”, – делінді. Осыдан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) шеңбері күмістен жасалған мөрлі жүзік соқтырып, оған: “Мұхаммед – Алланың Елшісі”, – деп нақыштатты» (2092/58).

بَابٌ: فِي خَاتَمِ الْوَرِقِ فَصُّهُ حَبَشِيٌّ وَالتَّخَتُّمِ بِالْيَمِينِ

36-бапХабаш тасы бар күміс жүзік және оң қолға жүзік тағу туралы

1377
Мүслим, № 1377Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَبِسَ خَاتَمَ فِضَّةٍ فِي يَمِينِهِ، فِيهِ فَصٌّ حَبَشِيٌّ، كَانَ يَجْعَلُ فَصَّهُ مِمَّا يَلِي كَفَّهُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) оң қолына көзі хабаш тасы болған күміс жүзік тағатын әрі оның көзін алақанына қаратып қоятын (2094/62).

بَابٌ: فِي لُبْسِ الْخَاتَمِ فِي الْخِنْصَرِ مِنَ الْيَدِ الْيُسْرَى

37-бапСол қолдың шынашағына жүзік тағу туралы

1378
Мүслим, № 1378Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ خَاتَمُ النَّبِيِّ ﷺ فِي هَذِهِ»، وَأَشَارَ إِلَى الْخِنْصَرِ مِنْ يَدِهِ الْيُسْرَى.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.) жүзігі мына саусағында болатын», – деп, сол қолының шынашағын көрсетті (2095/63).

بَابٌ: فِي النَّهْيِ عَنِ التَّخَتُّمِ فِي الْوُسْطَى وَالَّتِي تَلِيهَا

38-бапОртаңғы және сұқ саусақтарға жүзік тағуға тыйым салу

1379
Мүслим, № 1379Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «نَهَانِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ أَتَخَتَّمَ فِي إِصْبَعِي هَذِهِ أَوْ هَذِهِ». قَالَ: فَأَوْمَأَ إِلَى الْوُسْطَى وَالَّتِي تَلِيهَا.

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) мені мына саусағыма немесе мына саусағыма жүзік тағудан тыйды». Әли ортаңғы саусағы мен сұқ саусағын нұсқады (2078/65).

بَابٌ: مَا جَاءَ فِي الِانْتِعَالِ وَالِاسْتِكْثَارِ مِنَ النِّعَالِ

39-бапАяқкиім кию және аяқкиімді молынан дайындап қою туралы

1380
Мүслим, № 1380Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ فِي غَزْوَةٍ غَزَوْنَاهَا: “اِسْتَكْثِرُوا مِنَ النِّعَالِ، فَإِنَّ الرَّجُلَ لَا يَزَالُ رَاكِبًا مَا اِنْتَعَلَ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Біз қатысқан бір жорықта Пайғамбардың (с.а.с.): “Аяқкиімді көбірек алып жүріңдер. Өйткені адам аяқкиім киіп жүргенде, көлік мінген адам секілді болады”, – дегенін естідім», – деді (2096/66).

بَابٌ: إِذَا اِنْتَعَلَ أَحَدُكُمْ فَلْيَبْدَأْ بِالْيَمِينِ وَإِذَا خَلَعَ فَلْيَبْدَأْ بِالشِّمَالِ

40-бапСендердің бірің аяқкиім кигенде оң аяғынан, ал шешкенде сол аяғынан бастасын

1381
Мүслим, № 1381Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «إِذَا اِنْتَعَلَ أَحَدُكُمْ فَلْيَبْدَأْ بِالْيُمْنَى، وَإِذَا خَلَعَ فَلْيَبْدَأْ بِالشِّمَالِ، وَلْيُنْعِلْهُمَا جَمِيعًا أَوْ لِيَخْلَعْهُمَا جَمِيعًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Сендердің бірің аяқкиім кигенде оң аяғынан, ал шешкенде сол аяғынан бастасын. Екеуін де кисін немесе екеуін де шешсін», – деді (2097/67).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ الْمَشْيِ فِي نَعْلٍ وَاحِدَةٍ

41-бапБір аяққа ғана аяқкиім киіп жүруге тыйым салу

1381
Мүслим, № 1381-бРиуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَمْشِ أَحَدُكُمْ فِي نَعْلٍ وَاحِدَةٍ، لِيُنْعِلْهُمَا جَمِيعًا أَوْ لِيَخْلَعْهُمَا جَمِيعًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Сендердің ешқайсың бір ғана аяқкиім киіп жүрмесін. Екеуін де кисін немесе екеуін де шешсін», – деді (2097/68).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ الْقَزَعِ

42-бапШаштың бір бөлігін қырып, екінші бөлігін қалдыруға тыйым салу

1382
Мүслим, № 1382Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنِ الْقَزَعِ. قَالَ: «قُلْتُ لِنَافِعٍ: “وَمَا الْقَزَعُ؟” قَالَ: “يُحْلَقُ بَعْضُ رَأْسِ الصَّبِيِّ وَيُتْرَكُ بَعْضٌ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) қазағқа тыйым салған. Риуаятшы: «Мен Нафиғтан: “Қазағ деген не?” – деп сұрадым. Ол: “Баланың басының бір бөлігін қырып, бір бөлігін қалдыру”, – деді» (2120/113).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنْ وَصْلِ الشَّعْرِ لِلْمَرْأَةِ

43-бапӘйелдің шашына өзге шаш жалғауға тыйым салу

1383
Мүслим, № 1383Риуаят етуші: Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.)

عَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَتْ: «جَاءَتِ اِمْرَأَةٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَتْ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ لِي اِبْنَةً عُرَيِّسًا أَصَابَتْهَا حَصْبَةٌ فَتَمَرَّقَ شَعْرُهَا، أَفَأَصِلُهُ؟” فَقَالَ: “لَعَنَ اللَّهُ الْوَاصِلَةَ وَالْمُسْتَوْصِلَةَ”».

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.) былай деді: «Бір әйел Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Жаңа тұрмысқа шыққан қызым қызылшаға шалдығып, шашы түсіп қалды. Оның шашына шаш жалғасам бола ма?” – деп сұрады. Сонда ол (с.а.с.): “Алла шаш жалғаушыға да, шаш жалғатушыға да лағынет етті”, – деді» (2122/115).

بَابٌ: فِي الزَّجْرِ أَنْ تَصِلَ الْمَرْأَةُ بِرَأْسِهَا شَيْئًا

44-бапӘйелдің өз шашына қандай да бір нәрсе жалғауына қатаң тыйым салу туралы

1384
Мүслим, № 1384Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «زَجَرَ النَّبِيُّ ﷺ أَنْ تَصِلَ الْمَرْأَةُ بِرَأْسِهَا شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) әйелдің шашына әлдене жалғауына қатаң түрде тыйым салды», – деген (2126/121).

1385
Мүслим, № 1385

عَنْ حُمَيْدِ بْنِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَوْفٍ، أَنَّهُ سَمِعَ مُعَاوِيَةَ بْنَ أَبِي سُفْيَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَامَ حَجَّ، وَهُوَ عَلَى الْمِنْبَرِ وَتَنَاوَلَ قُصَّةً مِنْ شَعَرٍ كَانَتْ فِي يَدِ حَرَسِيٍّ، يَقُولُ: «يَا أَهْلَ الْمَدِينَةِ، أَيْنَ عُلَمَاؤُكُمْ؟ سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَنْهَى عَنْ مِثْلِ هَذِهِ، وَيَقُولُ: “إِنَّمَا هَلَكَتْ بَنُو إِسْرَائِيلَ حِينَ اِتَّخَذَ هَذِهِ نِسَاؤُهُمْ”».

Қазақша аудармасы

Хумәйд ибн Абдуррахман ибн Ауф Мұғауия ибн Әбу Суфиянның (р.а.) қажылық жасаған жылы мінберде тұрып, бір күзетшінің қолынан бір тұтам шашты алып: «Уа, Мәдина халқы! Ғалымдарың қайда? Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) осындай нәрсеге тыйым салып: “Исраил ұрпақтары әйелдері осыны қолдана бастаған кезде ғана құрдымға ұшырады”, – дегенін естідім», – дегенін естіген (2127/122).

بَابٌ: فِي لَعْنِ الْوَاشِمَاتِ وَالْمُتَفَلِّجَاتِ

45-бапДенеге таңба салатын және тістерінің арасын ашатын әйелдерді лағынеттеу туралы

1386
Мүслим, № 1386Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «لَعَنَ اللَّهُ الْوَاشِمَاتِ وَالْمُسْتَوْشِمَاتِ، وَالنَّامِصَاتِ وَالْمُتَنَمِّصَاتِ، وَالْمُتَفَلِّجَاتِ لِلْحُسْنِ الْمُغَيِّرَاتِ خَلْقَ اللَّهِ». قَالَ: «فَبَلَغَ ذَلِكَ اِمْرَأَةً مِنْ بَنِي أَسَدٍ يُقَالُ لَهَا: أُمُّ يَعْقُوبَ، وَكَانَتْ تَقْرَأُ الْقُرْآنَ، فَأَتَتْهُ فَقَالَتْ: “مَا حَدِيثٌ بَلَغَنِي عَنْكَ أَنَّكَ لَعَنْتَ الْوَاشِمَاتِ وَالْمُسْتَوْشِمَاتِ، وَالْمُتَنَمِّصَاتِ وَالْمُتَفَلِّجَاتِ لِلْحُسْنِ الْمُغَيِّرَاتِ خَلْقَ اللَّهِ؟” فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ: “وَمَا لِي لَا أَلْعَنُ مَنْ لَعَنَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ؟ وَهُوَ فِي كِتَابِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ”. فَقَالَتِ الْمَرْأَةُ: “لَقَدْ قَرَأْتُ مَا بَيْنَ لَوْحَيِ الْمُصْحَفِ، فَمَا وَجَدْتُهُ”. فَقَالَ: “لَئِنْ كُنْتِ قَرَأْتِيهِ لَقَدْ وَجَدْتِيهِ. قَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَمَا آتَاكُمُ الرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانْتَهُوا﴾ [الْحَشْرِ: ٧]”. فَقَالَتِ الْمَرْأَةُ: “فَإِنِّي أَرَى شَيْئًا مِنْ هَذَا عَلَى امْرَأَتِكَ الْآنَ”. قَالَ: “اِذْهَبِي فَانْظُرِي”. قَالَ: فَدَخَلَتْ عَلَى امْرَأَةِ عَبْدِ اللَّهِ فَلَمْ تَرَ شَيْئًا، فَجَاءَتْ إِلَيْهِ فَقَالَتْ: “مَا رَأَيْتُ شَيْئًا”. فَقَالَ: “أَمَا لَوْ كَانَ ذَلِكَ لَمْ نُجَامِعْهَا”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.): «Алла денесіне таңба салатын және салдыратын, бет-жүзіндегі түгін жұлатын және жұлдыратын, көрікті болу үшін тістерінің арасын аштырып, Алланың жаратқанын өзгертетін әйелдерге лағынет етті», – деді. Бұл сөз Құран оқитын, Бәну Әсад руынан шыққан Үммі Яғқуб есімді әйелге жетті. Ол Абдуллаға келіп: «Сіздің денесіне таңба салатын және салдыратын, бет-жүзіндегі түгін жұлдыратын, көрікті болу үшін тістерінің арасын аштырып, Алланың жаратқанын өзгертетін әйелдерге лағынет айтқаныңыз туралы хабар маған жетті. Бұл не сөз?» – деді. Абдулла: «Алла Елшісі (с.а.с.) лағынет айтқан адамдарға мен неге лағынет айтпайын? Бұл Ұлы әрі Құдіретті Алланың Кітабында да бар», – деді. Әйел: «Мен Мұсхафтың екі мұқабасының арасындағының бәрін оқып шықтым, бірақ оны таппадым», – деді. Абдулла: «Егер шынымен оқыған болсаң, оны табар едің. Ұлы әрі Құдіретті Алла: ﴿وَمَا آتَاكُمُ الرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانْتَهُوا﴾ – “Пайғамбар сендерге не жеткізсе, соны шын көңілден қабыл алыңдар және сендерді не нәрседен тыйса, содан тыйылыңдар.” («Хашр», 7) – деген», – деді. Әйел: «Мен қазір әйеліңізден осылардың бірін көріп тұрғандаймын», – деді. Абдулла: «Барып, қарап кел», – деді. Әйел Абдулланың жұбайына кіріп, одан ештеңе көрмеді. Кейін қайтып келіп: «Ештеңе көрмедім», – деді. Сонда Абдулла: «Егер оның бойында сондай нәрсе болғанда, біз онымен бірге тұрмас едік», – деді (2125/120).

بَابٌ: فِي الْمُتَشَبِّعِ بِمَا لَمْ يُعْطَ

46-бапӨзіне берілмеген нәрсені алғандай етіп көрсететін адам туралы

1387
Мүслим, № 1387Риуаят етуші: Әсма (р.а.)

عَنْ أَسْمَاءَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «جَاءَتِ اِمْرَأَةٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَتْ: “إِنَّ لِي ضَرَّةً، فَهَلْ عَلَيَّ جُنَاحٌ أَنْ أَتَشَبَّعَ مِنْ مَالِ زَوْجِي بِمَا لَمْ يُعْطِنِي؟” فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “الْمُتَشَبِّعُ بِمَا لَمْ يُعْطَ، كَلَابِسِ ثَوْبَيْ زُورٍ”».

Қазақша аудармасы

Әсманың (р.а.) айтуынша, бір әйел Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Менің күндесім бар. Күйеуім маған бермеген дүниені бергендей көрсетіп, баршылық кейіп танытсам, маған күнә бола ма?» – деп сұрады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Өзіне берілмеген нәрсені берілгендей көрсетіп, баршылық кейіп танытқан адам жалғандықтың қос киімін киген адам секілді», – деді (2130/127).

بَابٌ: فِي النِّسَاءِ الْكَاسِيَاتِ الْعَارِيَاتِ

47-бапКиінгенімен, жалаңаш әйелдер туралы

1388
Мүслим, № 1388Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «صِنْفَانِ مِنْ أَهْلِ النَّارِ لَمْ أَرَهُمَا: قَوْمٌ مَعَهُمْ سِيَاطٌ كَأَذْنَابِ الْبَقَرِ يَضْرِبُونَ بِهَا النَّاسَ؛ وَنِسَاءٌ كَاسِيَاتٌ عَارِيَاتٌ مُمِيلَاتٌ مَائِلَاتٌ، رُؤُوسُهُنَّ كَأَسْنِمَةِ الْبُخْتِ الْمَائِلَةِ، لَا يَدْخُلْنَ الْجَنَّةَ وَلَا يَجِدْنَ رِيحَهَا، وَإِنَّ رِيحَهَا لَيُوجَدُ مِنْ مَسِيرَةِ كَذَا وَكَذَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Тозақ иелерінің мен әлі көрмеген екі тобы бар: бірі – қолдарында сиырдың құйрығындай қамшылары бар, солармен адамдарды ұратын қауым; екіншісі – киінгенімен жалаңаш, өзгелерді де ауытқытатын әрі өздері де ауытқыған әйелдер. Олардың бастары екі өркешті түйелердің қисайған өркештеріндей болады. Олар Жәннатқа кірмейді әрі оның хош иісін де сезбейді. Расында, Жәннаттың хош иісі пәлен-пәлен қашықтықтан сезіледі» (2128/125).

بَابٌ: قَطْعُ الْقَلَائِدِ مِنْ أَعْنَاقِ الدَّوَابِّ

48-бапМалдың мойнына тағылған алқаларды кесіп тастау туралы

1389
Мүслим, № 1389

عَنْ أَبِي بَشِيرٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ كَانَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي بَعْضِ أَسْفَارِهِ، قَالَ: فَأَرْسَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَسُولًا (قَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أَبِي بَكْرٍ: حَسِبْتُ أَنَّهُ قَالَ: «وَالنَّاسُ فِي مَبِيتِهِمْ»): «لَا يَبْقَيَنَّ فِي رَقَبَةِ بَعِيرٍ قِلَادَةٌ مِنْ وَتَرٍ» (أَوْ: «قِلَادَةٌ») «إِلَّا قُطِعَتْ». قَالَ مَالِكٌ: «أُرَى ذَلِكَ مِنَ الْعَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәшир әл-Ансари (р.а.) өзінің Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге оның кейбір сапарларында болғанын хабарлап, былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Түйенің мойнында садақ адырнасынан жасалған алқа – немесе қандай да бір алқа – кесілмей қалмасын!” – деп хабарлау үшін бір жаршы жіберді». Абдулла ибн Әбу Бәкір: «Меніңше, ол: “Адамдар түнейтін орындарына жайғасқан кезде”, – деген», – деді. Мәлик: «Меніңше, бұл көз тиюден сақтану үшін тағылған алқаларға қатысты», – деді (2115/105).

بَابٌ: فِي الْأَجْرَاسِ، وَأَنَّ الْمَلَائِكَةَ لَا تَصْحَبُ رُفْقَةً فِيهَا كَلْبٌ أَوْ جَرَسٌ

49-бапҚоңыраулар және періштелердің иті немесе қоңырауы бар жолаушылар тобына ермейтіні туралы

1390
Мүслим, № 1390Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَصْحَبُ الْمَلَائِكَةُ رُفْقَةً فِيهَا كَلْبٌ وَلَا جَرَسٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Құрамында ит немесе қоңырау бар жолаушылар тобына періштелер серік болмайды», – деді (2113/103).

1391
Мүслим, № 1391Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «الْجَرَسُ مَزَامِيرُ الشَّيْطَانِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Қоңырау – шайтанның сырнайы», – деді (2114/104).

1392
Мүслим, № 1392Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ الضَّرْبِ فِي الْوَجْهِ، وَعَنِ الْوَسْمِ فِي الْوَجْهِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) беттен ұруға және бетке таңба басуға тыйым салды», – деді (2116/106).

1393
Мүслим, № 1393

عَنْ نَاعِمٍ أَبِي عَبْدِ اللَّهِ، مَوْلَى أُمِّ سَلَمَةَ، أَنَّهُ سَمِعَ ابْنَ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، يَقُولُ: «وَرَأَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِمَارًا مَوْسُومَ الْوَجْهِ فَأَنْكَرَ ذَلِكَ. قَالَ: “فَوَاللَّهِ لَا أَسِمُهُ إِلَّا فِي أَقْصَى شَيْءٍ مِنَ الْوَجْهِ”، فَأَمَرَ بِحِمَارٍ لَهُ فَكُوِيَ فِي جَاعِرَتَيْهِ، فَهُوَ أَوَّلُ مَنْ كَوَى الْجَاعِرَتَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләмәнің азат еткен құлы Нағым Әбу Абдулла Ибн Аббастың (р.а.) былай дегенін естіген: «Алла Елшісі (с.а.с.) бетіне таңба басылған бір есекті көріп, мұны құптамады». Сонда Ибн Аббас (р.а.): «Алламен ант етемін, мен оған таңбаны бетінен ең алыс жерге ғана бастыртамын», – деді. Сөйтіп, өзінің есегін әкелуге бұйырып, оның сауырының екі жағына күйдіріп таңба бастырды. Осылайша ол сауырының екі жағына алғаш таңба бастырған адам болды (2118/108).

بَابٌ: وَسْمُ الْغَنَمِ فِي آذَانِهَا

50-бапҚой мен ешкінің құлағына таңба басу туралы

1394
Мүслим, № 1394Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «دَخَلْنَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِرْبَدًا وَهُوَ يَسِمُ غَنَمًا». قَالَ: أَحْسِبُهُ قَالَ: «فِي آذَانِهَا».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Біз Алла Елшісі (с.а.с.) отырған мал қорасына кірдік. Ол қойларға таңба басып отыр екен». Риуаятшы: «Меніңше, ол: “Құлақтарына”, – деген», – деді (2119/111).

بَابٌ: فِي وَسْمِ الظَّهْرِ

51-бапЖүк артылатын түйелерге таңба басу туралы

1395
Мүслим, № 1395Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «لَمَّا وَلَدَتْ أُمُّ سُلَيْمٍ، قَالَتْ لِي: “يَا أَنَسُ، اُنْظُرْ هَذَا الْغُلَامَ، فَلَا يُصِيبَنَّ شَيْئًا حَتَّى تَغْدُوَ بِهِ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ يُحَنِّكُهُ”. قَالَ: فَغَدَوْتُ فَإِذَا هُوَ فِي الْحَائِطِ، وَعَلَيْهِ خَمِيصَةٌ جَوْنِيَّةٌ، وَهُوَ يَسِمُ الظَّهْرَ الَّذِي قَدِمَ عَلَيْهِ فِي الْفَتْحِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Үммі Сүләйм босанған кезде маған: “Уа, Әнәс! Мына сәбиге қара. Ертең таңертең оны Пайғамбарға (с.а.с.) апарып, тәхник жасатқанға дейін оған ештеңе татқызба”, – деді. Таңертең оны алып бардым. Пайғамбар (с.а.с.) бақ ішінде “жәуния” деп аталатын өрнекті жүн жамылғы жамылып, Мекке азат етілген кезде өзіне келген мініс түйелеріне таңба басып отыр екен» (2119/109).