Хадис

Сахих Мүслим, № 1387

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
40. Киім және әшекей кітабыكِتَابُ اللِّبَاسِ وَالزِّينَةِ
бап
46. Өзіне берілмеген нәрсені алғандай етіп көрсететін адам туралыبَابٌ: فِي الْمُتَشَبِّعِ بِمَا لَمْ يُعْطَ
Нөмірі
№ 1387 (Мухтасар реті)
1387
Мүслим, № 1387Риуаят етуші: Әсма (р.а.)

عَنْ أَسْمَاءَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «جَاءَتِ اِمْرَأَةٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَتْ: “إِنَّ لِي ضَرَّةً، فَهَلْ عَلَيَّ جُنَاحٌ أَنْ أَتَشَبَّعَ مِنْ مَالِ زَوْجِي بِمَا لَمْ يُعْطِنِي؟” فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “الْمُتَشَبِّعُ بِمَا لَمْ يُعْطَ، كَلَابِسِ ثَوْبَيْ زُورٍ”».

Қазақша аудармасы

Әсманың (р.а.) айтуынша, бір әйел Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Менің күндесім бар. Күйеуім маған бермеген дүниені бергендей көрсетіп, баршылық кейіп танытсам, маған күнә бола ма?» – деп сұрады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Өзіне берілмеген нәрсені берілгендей көрсетіп, баршылық кейіп танытқан адам жалғандықтың қос киімін киген адам секілді», – деді (2130/127).