Хадис

Сахих Мүслим, № 1345

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
40. Киім және әшекей кітабыكِتَابُ اللِّبَاسِ وَالزِّينَةِ
бап
9. Жібек аралас қасси матасынан тігілген киім мен мақсарымен боялған киім киюге және алтын жүзік тағуға тыйым салуبَابٌ: النَّهْيُ عَنْ لُبْسِ الْقَسِّيِّ وَالْمُعَصْفَرِ وَتَخَتُّمِ الذَّهَبِ
Нөмірі
№ 1345 (Мухтасар реті)
1345
Мүслим, № 1345Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «رَأَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَيَّ ثَوْبَيْنِ مُعَصْفَرَيْنِ، فَقَالَ: “إِنَّ هَذِهِ مِنْ ثِيَابِ الْكُفَّارِ، فَلَا تَلْبَسْهَا”. قُلْتُ: “أَغْسِلُهُمَا؟” قَالَ: “لَا، بَلْ أَحْرِقْهُمَا”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) үстімдегі мақсарымен боялған екі киімді көріп: “Мына екі киім – кәпірлердің киімдерінен. Оларды киме”, – деді. Мен: “Екеуін жуып тастайын ба?” – деп сұрадым. Ол: “Жоқ, екеуін өрте”, – деді» (2077/27, 28).