Хадис

Сахих Мүслим, № 1385

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
40. Киім және әшекей кітабыكِتَابُ اللِّبَاسِ وَالزِّينَةِ
бап
44. Әйелдің өз шашына қандай да бір нәрсе жалғауына қатаң тыйым салу туралыبَابٌ: فِي الزَّجْرِ أَنْ تَصِلَ الْمَرْأَةُ بِرَأْسِهَا شَيْئًا
Нөмірі
№ 1385 (Мухтасар реті)
1385
Мүслим, № 1385

عَنْ حُمَيْدِ بْنِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَوْفٍ، أَنَّهُ سَمِعَ مُعَاوِيَةَ بْنَ أَبِي سُفْيَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَامَ حَجَّ، وَهُوَ عَلَى الْمِنْبَرِ وَتَنَاوَلَ قُصَّةً مِنْ شَعَرٍ كَانَتْ فِي يَدِ حَرَسِيٍّ، يَقُولُ: «يَا أَهْلَ الْمَدِينَةِ، أَيْنَ عُلَمَاؤُكُمْ؟ سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَنْهَى عَنْ مِثْلِ هَذِهِ، وَيَقُولُ: “إِنَّمَا هَلَكَتْ بَنُو إِسْرَائِيلَ حِينَ اِتَّخَذَ هَذِهِ نِسَاؤُهُمْ”».

Қазақша аудармасы

Хумәйд ибн Абдуррахман ибн Ауф Мұғауия ибн Әбу Суфиянның (р.а.) қажылық жасаған жылы мінберде тұрып, бір күзетшінің қолынан бір тұтам шашты алып: «Уа, Мәдина халқы! Ғалымдарың қайда? Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) осындай нәрсеге тыйым салып: “Исраил ұрпақтары әйелдері осыны қолдана бастаған кезде ғана құрдымға ұшырады”, – дегенін естідім», – дегенін естіген (2127/122).