Хадис

Сахих Мүслим, № 1457

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
42. Дем салу кітабыكِتَابُ الرُّقَى
бап
12. Сұқ көздің әсеріне қарсы дем салу туралыبَابٌ: فِي الرُّقْيَةِ مِنَ النَّظْرَةِ
Нөмірі
№ 1457 (Мухтасар реті)
1457
Мүслим, № 1457Риуаят етуші: Үммі Сәләма (р.а.)

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ لِجَارِيَةٍ فِي بَيْتِ أُمِّ سَلَمَةَ، زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، رَأَى بِوَجْهِهَا سَفْعَةً، فَقَالَ: «بِهَا نَظْرَةٌ، فَاسْتَرْقُوا لَهَا». يَعْنِي بِوَجْهِهَا صُفْرَةً.

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Үммі Сәләмәнің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) өзінің жұбайы Үммі Сәләмәнің үйіндегі бір қыздың бетінен дақ көріп: «Оған сұқ көз тиген. Оған дем салдырыңдар», – деді. Яғни оның бетінде сарғыш рең бар еді (2197/59).