Хадис

Сахих Мүслим, № 1458

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
42. Дем салу кітабыكِتَابُ الرُّقَى
бап
13. Жер топырағын пайдаланып дем салу туралыبَابٌ: الرُّقْيَةُ بِتُرْبَةِ الْأَرْضِ
Нөмірі
№ 1458 (Мухтасар реті)
1458
Мүслим, № 1458Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا اِشْتَكَى الْإِنْسَانُ الشَّيْءَ مِنْهُ، أَوْ كَانَتْ بِهِ قَرْحَةٌ أَوْ جُرْحٌ، قَالَ النَّبِيُّ ﷺ بِإِصْبَعِهِ هَكَذَا (وَوَضَعَ سُفْيَانُ سَبَّابَتَهُ بِالْأَرْضِ، ثُمَّ رَفَعَهَا): «بِاسْمِ اللَّهِ، تُرْبَةُ أَرْضِنَا، بِرِيقَةِ بَعْضِنَا، لِيُشْفَى بِهِ سَقِيمُنَا، بِإِذْنِ رَبِّنَا». قَالَ ابْنُ أَبِي شَيْبَةَ: «يُشْفَى سَقِيمُنَا». وَقَالَ زُهَيْرٌ: «لِيُشْفَى سَقِيمُنَا».

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Адамның бір жері ауырса немесе денесінде жара не жарақат болса, Пайғамбар (с.а.с.) саусағымен былай жасайтын», – делінген. Суфиян сұқ саусағын жерге тигізіп, кейін көтерді де, Пайғамбардың (с.а.с.): «Алланың атымен! Арамыздағы біріміздің сілекейі араласқан жеріміздің топырағы арқылы Раббымыздың рұқсатымен науқасымыз шипа тапсын», – дегенін жеткізді. Ибн Әбу Шәйбаның риуаятында: «Науқасымыз шипа табады», – делінсе, Зуһайрдың риуаятында: «Науқасымыз шипа тапсын», – делінген (2194/54).