عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ يَوْمَ خَيْبَرَ: «لَأُعْطِيَنَّ هَذِهِ الرَّايَةَ رَجُلًا يَفْتَحُ اللَّهُ عَلَى يَدَيْهِ، يُحِبُّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَيُحِبُّهُ اللَّهُ وَرَسُولُهُ». قَالَ: فَبَاتَ النَّاسُ يَدُوكُونَ لَيْلَتَهُمْ أَيُّهُمْ يُعْطَاهَا. قَالَ: فَلَمَّا أَصْبَحَ النَّاسُ غَدَوْا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، كُلُّهُمْ يَرْجُونَ أَنْ يُعْطَاهَا، فَقَالَ: «أَيْنَ عَلِيُّ بْنُ أَبِي طَالِبٍ؟» فَقَالُوا: «هُوَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، يَشْتَكِي عَيْنَيْهِ». قَالَ: «فَأَرْسِلُوا إِلَيْهِ». فَأُتِيَ بِهِ، فَبَصَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي عَيْنَيْهِ وَدَعَا لَهُ، فَبَرَأَ حَتَّى كَأَنْ لَمْ يَكُنْ بِهِ وَجَعٌ، فَأَعْطَاهُ الرَّايَةَ. فَقَالَ عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أُقَاتِلُهُمْ حَتَّى يَكُونُوا مِثْلَنَا؟» فَقَالَ: «اُنْفُذْ عَلَى رِسْلِكَ حَتَّى تَنْزِلَ بِسَاحَتِهِمْ، ثُمَّ اُدْعُهُمْ إِلَى الْإِسْلَامِ، وَأَخْبِرْهُمْ بِمَا يَجِبُ عَلَيْهِمْ مِنْ حَقِّ اللَّهِ فِيهِ، فَوَاللَّهِ، لَأَنْ يَهْدِيَ اللَّهُ بِكَ رَجُلًا وَاحِدًا خَيْرٌ لَكَ مِنْ أَنْ يَكُونَ لَكَ حُمْرُ النَّعَمِ».
Сәһл ибн Сағд (р.а.) былай деді: «Хайбар күні Алла Елшісі (с.а.с.): “Мен бұл туды Алла жеңісті соның қолымен нәсіп ететін, Алланы және Оның Елшісін сүйетін әрі Алла мен Оның Елшісі де оны сүйетін бір адамға беремін”, – деді. Жұрт сол түні тудың кімге берілетінін өзара талқылап шықты. Таң атқанда бәрі де ту өзіне беріледі деп үміттеніп, Алла Елшісіне (с.а.с.) ертемен келді. Сонда ол (с.а.с.): “Әли ибн Әбу Талиб қайда?” – деп сұрады. Олар: “Уа, Расулалла! Оның көзі ауырып жатыр”, – деді. Ол (с.а.с.): “Оған адам жіберіңдер”, – деді. Әлиді алып келгенде, Алла Елшісі (с.а.с.) оның екі көзіне түкіріп, оған дұға етті. Ол бейнебір ешқашан ауырмағандай жазылып кетті. Содан кейін туды оған берді. Әли (р.а.): “Уа, Расулалла! Олар біз секілді болғанға дейін олармен соғысайын ба?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Асықпай алға жылжып, олардың мекеніне жет. Содан кейін оларды Исламға шақыр және Исламда Алланың оларға жүктеген міндеттерін түсіндір. Алланың атымен ант етейін, Алланың сен арқылы бір ғана адамды тура жолға салуы сен үшін қызыл түйелерге ие болғаныңнан да қайырлы”, – деді» (2406/34).