Хадис

Сахих Мүслим, № 1641

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
52. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ
бап
10. Әли ибн Әбу Талибтің (р.а.) артықшылықтары туралыبَابٌ: فِي فَضَائِلِ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ
Нөмірі
№ 1641 (Мухтасар реті)
1641
Мүслим, № 1641Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: اُسْتُعْمِلَ عَلَى الْمَدِينَةِ رَجُلٌ مِنْ آلِ مَرْوَانَ. قَالَ: فَدَعَا سَهْلَ بْنَ سَعْدٍ، فَأَمَرَهُ أَنْ يَشْتِمَ عَلِيًّا. قَالَ: فَأَبَى سَهْلٌ، فَقَالَ لَهُ: «أَمَّا إِذْ أَبَيْتَ فَقُلْ: “لَعَنَ اللَّهُ أَبَا التُّرَابِ”». فَقَالَ سَهْلٌ: «مَا كَانَ لِعَلِيٍّ اِسْمٌ أَحَبَّ إِلَيْهِ مِنْ أَبِي التُّرَابِ، وَإِنْ كَانَ لَيَفْرَحُ إِذَا دُعِيَ بِهَا». فَقَالَ لَهُ: «أَخْبِرْنَا عَنْ قِصَّتِهِ، لِمَ سُمِّيَ أَبَا تُرَابٍ؟» قَالَ: جَاءَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَيْتَ فَاطِمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، فَلَمْ يَجِدْ عَلِيًّا فِي الْبَيْتِ، فَقَالَ: «أَيْنَ ابْنُ عَمِّكِ؟» فَقَالَتْ: «كَانَ بَيْنِي وَبَيْنَهُ شَيْءٌ، فَغَاضَبَنِي فَخَرَجَ فَلَمْ يَقِلْ عِنْدِي». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِإِنْسَانٍ: «اُنْظُرْ أَيْنَ هُوَ؟» فَجَاءَ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هُوَ فِي الْمَسْجِدِ رَاقِدٌ». فَجَاءَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ مُضْطَجِعٌ قَدْ سَقَطَ رِدَاؤُهُ عَنْ شِقِّهِ فَأَصَابَهُ تُرَابٌ، فَجَعَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَمْسَحُهُ عَنْهُ وَيَقُولُ: «قُمْ أَبَا التُّرَابِ، قُمْ أَبَا التُّرَابِ».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.) былай деді: «Мәдинаға Мәруан әулетінен бір адам әкім болып тағайындалды. Ол Сәһл ибн Сағдты шақырып, Әлиге тіл тигізуді бұйырды. Алайда Сәһл бұдан бас тартты. Сонда әлгі адам: “Егер бас тартсаң, тым болмаса: ‘Алла Әбу Турабты лағынет етсін!’ – де”, – деді. Сәһл (р.а.): “Әли үшін Әбу Турабтан сүйікті ат жоқ еді. Оны осы атпен атағанда, қатты қуанатын”, – деді. Әлгі адам одан: “Оның оқиғасын айтып берші. Неліктен ол Әбу Тураб деп аталған?” – деп сұрады. Сәһл (р.а.) былай деді: “Алла Елшісі (с.а.с.) Фатиманың (р.а.) үйіне келіп, Әлиді үйден таппады. Сонда: ‘Немере бауырың қайда?’ – деп сұрады. Фатима: ‘Арамызда бір жағдай болды. Ол маған өкпелеп, шығып кетті де, менің қасымда түскі тынығуға жатпады’, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) бір адамға: ‘Барып қарашы, ол қайда екен?’ – деді. Ол қайтып келіп: ‘Уа, Расулалла! Ол мешітте ұйықтап жатыр’, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) мешітке келгенде, Әли жатқан еді. Шапаны бір жанынан сырғып түсіп, үстіне топырақ жұққан болатын. Алла Елшісі (с.а.с.) оның үстіндегі топырақты қағып тұрып: ‘Тұр, уа, Әбу Тураб! Тұр, уа, Әбу Тураб!’ – деді”» (2409/38).